Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы



КІРІСПЕ
I. ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ
1.1 Тұлға туралы жалпы түсінік
1.2 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері
1.3 Қызығу, дүниетаным, сенім, мұрат
II . ТАРАУ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ . ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
2.1 Тұлға және қарым . қатынас
2.2 Топ туралы ұғым
2.3 Қарым . қатынас мәдениеті
Қортынды
Адам қоғамнан тыс өқмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасағанда ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірі болуы мүмкін емес.
Кез – келген адам өмірге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым – қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім – кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екеніне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым – қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған құндылықтарды меңгереді. Әрине қарым – қатынас ақпарат алмен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос – жарандармен сөйлессек те - осының бәрі – қарым – қатынастың сан алуан түрлері. Өмірдегі сан алуан тыныс - тіршілікте адамдар бір – бірімен тікелей, бетпе – бет не жанама ( хат жүзінде, радио, теледидар арқылы ), не біреу арқылы қарым – қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе – бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңші!
Осындай қарым – қатынастың мән – мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдар мен топтық ұйымдардан жақсы байқалып отырады.
1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының, пединституттарының педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002
2. Жалпы психология. (Педагогика институттары студенттеріне арналған оқу құралы ). В.В.Богословскийдің және басқалардың редакциясымен, қайта қаралып, толықтырылған 2- басылымнан аударылды. Алматы, «Мектеп», 1979.
3. Қабанова - Миллер Е.Н. Оқушыларда білім және дағдыларды қалыптастыру психологиясы. М. РСФСР АПН баспасы, 1962.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
II – тарау. Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы.

2.1. Тұлға және қарым – қатынас.

Адам қоғамнан тыс өқмір сүре алмайды. Өйткені оның
психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасағанда ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан
тыс адам өмірі болуы мүмкін емес.
Кез – келген адам өмірге келісімен екінші бір адаммен
қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен нәрестенің анасымен
тілдесу қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді,
мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімнің
азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым –
қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім – кешек,
баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен
араласып, дұрыс қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет.
Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең
ауыр түрі екеніне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым –
қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген
сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет
алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап
шығарған құндылықтарды меңгереді. Әрине қарым – қатынас ақпарат алмен
ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та,
дос – жарандармен сөйлессек те - осының бәрі – қарым – қатынастың
сан алуан түрлері. Өмірдегі сан алуан тыныс - тіршілікте адамдар бір
– бірімен тікелей, бетпе – бет не жанама ( хат жүзінде, радио,
теледидар арқылы ), не біреу арқылы қарым – қатынасқа түседі. Мәселен,
мұның тікелей бетпе – бет, телефон арқылы сияқты түрлерінде
қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңші!
Осындай қарым – қатынастың мән – мағынасы, олардың түрлі
көріністері жеке адамдар мен топтық ұйымдардан жақсы байқалып
отырады.

2. Топ туралы ұғым.

Қарым – қатынас топ, ұжым деген ұғымдармен тікелей
байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсатына
жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік
етуі тиіс дедік. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні
белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен мұның бірі – нақты
топтар. Бұл – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт
ішінде, бір – бірімен қоян – қолтық араласып, іс - әрекетке
түсетіндер. Топтар үлкен ( макро), шағын ( микро), ресми, бейресми,
формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи,
референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір –
бірімен тікелей қарым – қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа
ұмтылатын адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Осындай
топтың барлық мүшесінің күш – жігері бір мақсатқа ( оқу, еңбек
т.б. ) бағытталады. Мұндағылар бірін – бірі жақсы біледі, топ алдында
тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян – қолтық қатынаста
болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі – үш адамнан құралып, әрісі
30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы , өндірістік бригада, поляр станциясын қыстаушылар,
мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Шағын
топтардың өзі ресми және бейресми болып екіге бөлінеді.
Ресми топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына
сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай
қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми
орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді.
Бейресми топ - бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану
сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ
ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен бірлесіп
балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу т.б. Бұл топтарда
бірін – бірі ұнату, біріне – бірі бауыр басу ерекше байқалады.
Әртүрлі деңгейлі топтардың ішінде референттік топтың мәні
ерекше. Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10 – нан
астам топқа қатарынан енуі мүмкін ) ішінен біреуіне ғана ерекше
тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен
таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап –
тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай
қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым
(коллектив ) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылығының арқасында
олардың мүдделерінің бір – бірімен ұштасып, бір жеңнен қол, бір
жағадан бас шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық
ахуалының орнауы, дамудың биік деңгейге көтерілуі – ұжымның басты
белгісі.

2.3Қарым – қатынас мәдениеті.

Мәселен, сенің көңіл – күйің бүгін нашарлап тұр делік,
оның да белгілі себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де басқалар
сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сұрап білгісі келеді екен. Сен
ондайда өзіңді қалай ұстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезінетінің
анық. Сені әңгімеге тартып, үсті – үстіне сауал қойып отырғандар
көбіне көңіл – күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатикалық
қасиет жөнді қалыптаспаған. Сондықтан да эмпатикалық қасиетті
өздеріңде үнемі дамытып отыруларың қажет.
Біздің қай – қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың
үйірсек келетінін байқаймыз. Бұл басқалармен тез тіл табысып
кететін жандар. Ал өзара пікірлесіп, өзіне адамды тартпақ түгіл
оның қитығына тиетіндер де кездеседі. Мәселен табиғатынан тұйық
адамдар әңгімені өзіне аударғысы келмейді, артық сөзқге бармайды,
тек әңгімелесушінің сөзін жай, ықылассыз тыңдап отырады.
Сендер ара – тұра Мен басқалармен қарым – қатынаста
қандаймын? - деген тақырыпта шығарма жазып және осы мәселе
төңірегінде әңгіме – дүкен құруды, бір – біріңе мінездеме беріп, оны
ұжым талқысына салып, өздеріңдегі үйірсектік қасиетті дамыту үшін
арнайы жаттығулар ( сыныптағылармен үнемі амандасып жүру, өзіңе
жұрттың назарын аудара білу, тосыннан қойылған сұраққа тез жауап
беру, екеу ара не жеке – дара сөз саптаудың әдіс – тәсілдерін
меңгеру, т.б. ) жасауды әдетке айналдырсаңдар, осыіспеттес әрекетті
ұйымдастыруға көңіл бөлсеңдер құба-құп.
Сөйтіп, басқалармен қарым – қатынаста өздеріңді қолайсыз
сезініп, тумыстан ұялшақ, тұйық болсаңдар жолдастарыңмен көбірек
кеңес құрып, құрбы құрдастарыңмен жиі араласып, мұндай әрекетке
бөгет болатын кедергілерді жеңіуге тырысуларыңыз қажет.
Осы арада, тағы да айтарымыз, ұжымдағы пікір талас
кедерінде оқыған кітаптарың мен көрген кинофильмдерің, спектакльдерің
туралы жиі – жиі пікір алысып, басқа балалармен қарым – қатынас
жасаудың кез – келген мүмкіндігін пайдаланғандарың жөн.
Егер құрбы – құрдастарың саған момын, тұйық, енжатсың десе,
онда шамаң келгенше өз мінез - құлқыңды ширата түсуді ойлағаның
абзал. Бір сөзбен айтқанда жеке басыңдағы үйірсектікті, жұртқа жұғысу
жолын ойластырып, осы юағытта үздіксіз жұмыс жүргізгенің дұрыс.
Сонда ғана адамдық қарым – қатынас мәдениетіңді дамытуға мүмкіндік
аласың, өзіңнен басқаларға ықпал етуді үйренесің, жұрпен өзара
үйлесімді байланысқа жол табасың.

I-тарау. Іс - әрекет.
1.1Іс - әрекет туралы жалпы ұғым.

Адам, еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең
алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Іс -
әрекетарқылы адамның рухани өмір байлығы, ақыл – ой тереңдігі,
күйіну – сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік – жігері, икемділігі
мен мінез – құлық сипаты ашылады.
Іс - әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс - әрекет
үстінде қалыптаса отырып, сол іс - әрекеттен көрінеді де. Адам
өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады.
Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы
білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан
алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді
өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.
Әрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Әл – Фараби, - біздің соған
баратын жолымыз қандай болу керек екенін ...анықтап алуға тиіспіз.
Адам іс - әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар
мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс - әрекет ұғымынан
әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені мұның біріншісінің ауқымы аса
кең, ал әрекеттің сипты шағын. Әрекет іс - әрекеттің шағын бөлігі.
Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері
операция деп аталады. Адам іс - әрекетінің белгілі түрімен айналысу
арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны
шамасынша өзгертіп отырады. Адам үшін іс - әрекеттің қашан да
қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс - әрекеттің саналылығы мен
мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері
болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже
шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның
сана - сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып
отырады. Адам психикасының дамуында іс әрекеттің шешуші орнымен
қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске
алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс - әрекеттің бірлігі, психиканың
іс - әрекет үстінде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты
принциптері болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Жарықбаев Қ.
Жантану негіздері жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының,
пединституттарының педагогика және бастауыш мектеп әдістемесі
факультеті студенттеріне арналған оқулық. Алматы, 2002

2. Жалпы психология. (Педагогика институттары студенттеріне арналған
оқу құралы ). В.В.Богословскийдің және басқалардың
редакциясымен, қайта қаралып, толықтырылған 2- басылымнан
аударылды. Алматы, Мектеп, 1979.
3. Қабанова - Миллер Е.Н. Оқушыларда білім және дағдыларды
қалыптастыру психологиясы. М. РСФСР АПН баспасы, 1962.

1.2Іс - әрекеттің психологиялық сипаттамасы.

Іс - әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс -
әрекет арасында күрделі арақатынас бар. Бір жағынан психика іс -
әрекетте қалыптасады және көрініс табады, екінші жағынан – психика
іс - әрекетті реттеп отырады.
Іс - әрекеттің психиканы қалыптастырушылық ролін әр түрлі
салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшелік терін салыстыру
арқылы көруге болады. Психологияның іс - әрекет, реркшеліктерін
зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс - әрекеттің түрі адам
бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез –
құлықтың бірер көрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішініне қарап
та адамның қай маман иесі екенін айта аламыз.
Психика әрекет пен қозғалысты реттеуші қызметін атқарады.
Бұл реттеу, психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге
асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің бұлшық еттік қимылы
мен қозғалыс сипаты көрінеді.
Іс -әрекеттің күрделі процесін ретке келтіру әр түрлі
дәрежеде бір мезгілде жүзеге асады. Оқушы есеп шығарған кезде
ақыл – ой әрекетін ойлау процесімен бағыттайды, бірақ арифметикалық
есеп шығарған кезде, ол нәтижелерін бірінің астына бірін жазып, іс
- әрекетті орындау процесін қабылдау дәрежесінде ретке келтіреді.
Әрбір адам іс - әрекет кезінде белгілі бір жағдайларға
байланысты және қандай да бір мақсат көздеп, қимыл жасаушы ретінде
әрекет етеді. Белгілі бір жағдайлар дегеніміз қажетсіну, ойға
алу, сезім шарпуы және басқа да психикалық жайлар болуы мүмкін.
Іс - әрекетке кірісу үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс
- әрекет объектісін білу қажет, сондай – ақ талаптануды нақ осы
біліммен және адам іс- әрекет нәтижесінде жеткісі келетін мақсатпен
ұштастыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
Жеке адамдар арасындағы қарым қатынас рөлі
Әлеуметтік психологияның орны мен қүрылымы
Құқықтық тәрбие туралы
Ұжым психологиясы мәселесі
Басқару психологиясының пәні мен объектісі
Жалпы психологиялық дайындық
ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Басқару іс- әрекеті негізі
Пәндер