Диалог әрекетінің біліктілігін қалыптастыру


ДИАЛОГ ӘРЕКЕТІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бөлекбаева Л. Ә. - магистрант (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ )
Қазіргі кезде халықаралық қатынастардың күшейіп, соған сәйкес халықтар арасындағы өзара түсіністік мәселесінің алдыңғы қатарға шығуы және шетел тілін меңгеруде тіл мен мәдениет мәселелерінің ара қатынасына, олардың өзара байланысына, әртүрлі ұлт өкілдері арасында диалог өзара түсіністік, ынтымақтастық жағдайында өрбіп, қалыптасуына ерекше көңіл бөлініп келеді. Және осы талап тіл меңгерту үрдісінде ұлтаралық қатысымды негізге ала отырып, әрбір халықтың тілі мен мәдениетіндегі ұлттық ерекшіліктерді сыйлап, құрметтеуге бағытталады. Ұлтаралық және мәдениетаралық қарым -қатынаста әр халықтың тілі мен мәдениетіндегі ұлттық ерекшілікті есепке алу - тілді өзге тіл ретінде меңгертудің нәтижелі болуындағы басты шарттардың бірі ретіндегі әлеуметтік лингвистика мен лингводидактиканың басты салаларының қатарына жатады. Сонымен қатар, әрбір адам басқа мәдениет өкілімен тілдесу үстінде өзінің туған елінің мәдениеті атынан сөйлейді. Тілдесу үстінде адам өз халқының мәдениеті, ұлттық ерекшілігін тілдік бірліктер арқылы, әртүрлі тілдік құралдар мен ұлттық таным арқылы білдіреді. Диалогқа қатысушылар осылайша өздерінің тілден алған білімдерін де, өздерін де жеке тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік алады. Демек, студенттердің диалог мәдениетін қалыптастыру - аса маңызды міндет. Тіл меңгерту үрдісінде қазіргі ғылымда кең қолдау таба бастаған лингвоелтану, лингвомәдениеттану құзіреттіліктерін қалыптастыру, сол арқылы сұхбаттық тілдесімге шақыру. Бұл міндетті жүзеге асыру диалогтарды пайдалану қажеттігін алға тартады. Диалогтарды тіл меңгертуде пайдалану - өзіндік күрделілігі бар мәселе.
Адам тілдесу барысында әр түрлі көмекші құалдарды да пайдаланатыны белгілі. Сондықтан диалог үстінде көмекшілік қызмет атқаратын ым, қимыл, ишара мәселелері туралы, олардың диалог мазмұнынан алатын орнын, қазақ тіліндегі ерекшіліктеріне де мән беруді талап етеді.
Қазіргі кезде өзге тілге үйретуде көбінесе, ауызша тілдестіруге мән беріліп жүр, осы күнге дейін өзінің мән-маңызын жоймаған әдіс - коммуникативтік әдіс. Бұл әдістің негізін Е. И. Пассов салды. Бұл әдістің негізіне коммуникативтік лингвистика, психологиялық әрекеттесу теориясы, мәдениеттер сұхбатында жеке тұлғаның белсенділігін дамыту мәселелері де енді.
«Тіл білімі сөздігінде»: «Диалог (грек, dialogos - әңгіме, сұхбат) . Диалогтық сөйлеу өзара тілдесу негізінде ауызша, ауызекі тілде сөйлеу формасы. Диалогтық сөйлеу ауызша, ауызекі сөйлеу сипаты сөйлеуші мен тыңдаушының тікелей байланысынан туады. Осыған байланысты диалог сөйлеуге құрылымдық жағынан толықсыздық репликалар байланысы тән (сұрақ, /жауап, қарсыласу/, келісу, тіл мәдениеті, толықтыру, қайталау т. б. ) », - деп жазады /1, 107/.
«Тілдесім» (общение) - айтылым мен жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. «Тілдесім» терминіне ғалым Ф. Оразбаева былай деп сипаттама береді, «Тілдесім - адамдардың қоғамдық- әлеуметтік өмірде бір бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауп қайтаруы» /2, 120/.
Тілдесім - адамдардың өзара әрекетіндегі өте күрделі құбылыс. Бұл туралы А. А. Леонтьев былай дейді: «В современной науке об общении существует огромное количество несовпадающих определений данного понятия» /3, 26 /.
Бұл тілдесім құбылысының сан қырлы, алуан жүйелі, сан тарау құбылыс екенінен болса керек. Диалог тілдесім ұғымына екі адам сөйлесетін диалог, үш адам сөйлесетін трилог та, үштен көп адам тілдесетін полилог та кіреді.
Диалогты зерттеу бүгінгі таңдағы коммуникативті лингвистиканың негізгі нысанына айналып отыр. Күннен күнге тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатындығы нақтыланып келеді. Диалогты зерттеудің артықшылығы мынадай екі белгісінен көрінеді:
• диалогта әрбір сөйлесімнің авторы және нақты тыңдаушысы бар;
• диалог психологиялық деңгейде стимул мен реакция болып бір-біріне бағытталған сөйлеу қадамдарына байланысты орнайды.
Сонымен диалог сөйлеушілерді бірінен кейін бірін сөйлете беру емес, ол автор мен тыңдаушының арасына қарым- қатынас әрекетінің орнауына себеп болатын коммуникативтік жағдаят, прагматика үшін маңызды - тыңдаушының сөйлеу актісі мен оның коммуникативтік интенциясына негізделген тыңдаушы реакциясы деуге болады. Тыңдаушының реакциясы диалогты құрайтын әртүрлі мақсатты анықтайды. Әртүрлі мақсаттың үйлесуі арқылы диалог қалыптасады. Диалогты бір ғана мақсат құрай алмайды, сондықтан әртүрлі тілдесім түрлері, мысалы, диалогты бастаушы тілдесім түрі өтініш білдіруден немесе қажетті хабарды алудан басталғанмен, бұл тыңдаушының әртүрлі реакциясын тудырып, қарым-қатынастың орнауына себеп болуы мүмкін, себебі, сөйлеушінің тыңдаушыға бағытталған сөзі оның өзіне қайта оралатын қоздырғыш түрткі.
Тілдесе отырып адам өзінің қайғысымен, мұңымен, қуанышымен, өміріндегі сәтті, сәтсіз жайттарымен, басқаша айтқанда, сезімдерімен бөлісе алады. Білім беру, оқыту, білімді насихаттау, білімді алу сияқты өзекті мәселелер - тілдесіп сөйлеспей шешілмейтін мәселелер.
Адам диалогқа түсу үшін ең әуелі ойлай және сөйлей білу керек. Басқаша айтқанда, өзінің ойына келгенін екінші тыңдаушы жаққа айтып бере білуі тиіс.
Ал тілдесімдегі тактика дегеніміз - тілдің қатынасқа түсу тәсілдерінің жиынтығы, белгілі бір диалог кезінде сөйлеу актісін дұрыс таңдау мен оның бірізділігін сақтау. Мысалы, серіктесінің назарын аударумен байланысты оның ықыласын ұстап тұру, сендіру және мойындату, қысым жасау немесе қысымның әлсіреуі, қулық жасау, жағымсыз істерге ұрындыру, арандату, итермелеу т. б . осы сияқты белгілі бір көңіл-күй жағдайларына түсу. Әңгіме барысында тактикалар өзгереді, олар-бейімделгіш, жылжымалы, икемделгіш. Айтушы неғұрлым тілдік қатынастық және прагматикалық жетістікті жақсы меңгерген болса, оның тактикасы да солғұрлым жан-жақты және жылжымалы болып келеді.
Мысалы, талап ете отырып, өзіне бағынатын адамға жеңіл өтініш жасау стратегиясы:
«- Zhandos, bring me the report you made.
- I haven’t finished it yet.
- I need it now. I ’m having a meeting . Be quick, please ».
Жауаптан қашу тактикасына қарсы, шынайы емес сұрақ қоюды айтуға болады. Мысaлы, қарсы, қашқақтау сұрағы: - Why haven’t you informed them about the meeting?
- Who?
- You know who. I mean the staff .
Диалогтағы сөз бастаушы адам әңгімені өз қолына алады: сөз туғызу ниетін таңдау, сөзді қосымша ақпараттармен, дәлелдермен байытып отыру, әңгіменің жүрісіне, сөз, сөйлем құрылысына әсер ету-бәрі соның қолында болады.
Адамдар кез келген жағдайда өз ойын біреуге түсіндіріп, білдіруде, пікірлермен алмасу үшін тілдік қарым-қатынасқа түседі, демек тілдеседі. Зерттеушілердің пікірлерінше, адамның бір- бірімен қарым қатынас жасауының үштен екі бөлігі сөзден, сөйлесе қатынас жасаудан және олар үнемі тілдік қарым қатынас жасаудан және олар үнемі тілдік қарым қатынасқа түсуден тұрады. Яғни адамдар арасында үнемі диалог жүріп жатады. Диалогтың табысты жүруі сөйлесетін серіктестерінің біліміне, тәрбиесіне, сөйлесе білу әдебіне т. б. шарттарға байланысты. Тілдесе отырып адам өзінің қуанышымен, қайғысымен, басқаша айтқанда, сезімдерімен бөлісе алады.
Сөйлеу тілінің жалпы сипаттағы диалогтік белгісін ашқан М. М. Бахтиннің пікірінше, диалогтық қатынастың туындауының басты шарты - бұл хабарға, «сөзге» бағытталған коммуникативтік мақсаттың болуы. Ол заттық мазмұнның (идея, пікір) өзара қарым-қатынасын, олардың мәнін өзгертеді. Коммуникативті жағдаят пайда болады. Бұл жағдаятта өзара қарым-қатынастағы объектілер жаңа жүйелік сипатқа ие болады. Мысалы, объект туралы пікір («өмір тамаша» - логикалық пікір) өзіндік заңдылықтарына бағынатын сөйлесімге («өмір тамаша» - растау, нақтылау ретінде) айналады. Бұл заңдылықтар логикалық пікірлерде кездеспейтін сөйлесімдер арасындағы диалогтық қатынас құрайды. «Коммуникативная ситуация - это системообразующий фактор, условие, делающее возможным возникновение диалогических отношений».
Сөйлеу әрекетінің күрделілігі диалогтың қандай жағдайда жүргеніне, қалай жүргеніне және оның жүзеге асуы үшін қажет алғышарттарға тәуелді. Адам диалогқа түсу үшін ең әуелі ойлай және сөйлей білуі керек. Сонымен қатар өз ойын жүзеге асыруға деген ынта мен ықылас болуға тиіс. Басқаша айтқанда, өзінің ойына келгенін тыңдаушыға жеткізе білуі тиіс.
Диалог түрлері - мақсаттардың өзара үйлесуі арқылы анықталады. Диалог жауапты алмай тынбау, қайтседе де қажетті хабарды біліп барып аяқталатын диалогтың хабар алу, жалыну/өтіну түріне жатады. Әртүрлі мақсат әртүрлі сөйлеу жағдаятын жасайды. Бұл диалогтың түрленуіне де әсер етеді. Мысалы, И. П. Святогор диалогтың құрылымына байланысты оның төмендегідей түрлерін ұсынады:
- жұпты диалог, екі коммуникант арасындағы сұхбаттық тілдесім;
- параллель диалогқа үш-төрт коммуникант қатысуы мүмкін;
- полилог - бірнеше адамдардың арасындағы әңгіме.
Қарым-қатынас үстіндегі тілдік және тілдік емес факторлардың өзара байланысы диалогтің шекараларын, ең төменгі түрін, құрылымын, сонымен қатар лексика- грамматикалық бірліктердің қызметін анықтауда үнемі басшылыққа алынады. Отандық тіл білімінде осы салада диалог типологиясын жасаған Г. С. Иманғалиева диалогтің тақырыптық сипатына қарай хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үшке бөледі. Бұлар өз тарапынан әңгімелесу, хабарласу, сұрасу, сұхбаттасу, хабарлама жасау, түсінісу, пікрталас, ұрыс, талқылау, өтініш, түрткі жасау, қорытындылау, мақұлдау, сәлемдесу, қоштасу сияқты түрлеріне жіктеледі /4/.
Хабарламалық диалогта көбіне коммуникацияның басталғанына дейін әңгімелесушілердің біріне белгісіз жаңа мәлімет болады. Сондықтан олар жайбарақат күйде, орта темпте өтеді. Бұл диалог түрінің мақсаты коммуникативті акт процесінде жаңа мәлімет алу болмаса мәлімет беру болып табылады. Зерттеуші хабарламалық диалогтың сипатына қарай мұнда әңгімелесу, хабарласу, сұрасу және түсінісу сияқты диалогтың түрлерін жатқызады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz