Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі



Кіріспе

І тарау. Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
1.1 Оқушыларының қарым.қатынасын қалыптастыру тәрбиенің басты шарты

1.2 Қолайсыз отбасынан шыққан қиын балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі.

ІІ тарау. Оқушыларының ұжымдағы қарым.қатынасын қалыптастырудың әдістемесі және мазмұны

2.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымы және қарым.қатынасын тәрбиелеу құралы


Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Бүгiнгi күнiң жаңару бағыты бала тәрбиесiнiң арқауына ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдi-халықтың рухани игiлiгiн пайдалану басты назарға болуы көзделiнiп отыр. Әр қазақ халқының азаматы ұлттық өмiрге немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетiн толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып салт-сана, дәстүр, тәлiм-тәрбие, адамгершiлiк қасиеттерiн бойына сiңiрiп, елiн, жұртын сүйетiн азамат болып өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Қазiргi жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан республикасында басты мiндеттердiң бiрi-ұлттық ерекшелiктердi еске алып, жастарға терең бiлiм мен тәрбие беру iсiн одан әрi дамыту әсіресе балалардың отбасындағы тәрбиесін және жетiлдiру болып табылады. Бұл жөнiнде Республикамызда көптеген мемлекеттiк құжаттар жарияланды. Жұмысымыздың мақсаты:
«Бүгiнгi таңда деңгейiне сәйкес әр оқушыға бiлiм мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн арттыру, біздің жұмысымыздың басты арқауы болмақ.Төмендегідей атап айтқандай қолайсыз отбасынан шығатын балалардың психологиялық ерекшеліктері, олардың ойлай бiлу мүмкiндiгiн жетiлдiру, сонымен қатар әр адамның кәсiби бiлiктiлiгiн, iскерлiгiн арттыру осының бәрі тәрбиеден таралатыны сөзсіз.мiндетi болып табылады».
Егер әр отбасында толық ата-ана мүшесі болып мемлекетіміздің саясаты болашаққа деген үстем болса, яғни тұрақты болса, онда психологиялық климатта дұрыс жағдайда болар еді.
1. Айтаамбетова Б., Бозжанова К., т. б. Балаларды семьяда адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мөселелері. -Алматы, 1985.

2. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы жөне оны төрбиелеу
жолдары. -А, Өнер. 1972.

3.Әбдіразақов Е. Адамгершішк, имандылық тәрбиесі. –Шымкент. 1994.

4. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. -Алматы, 1988.

5.Әгемова Қ. Ата-аналар жиналысының мәні. Қаз. мем. 1-1996.
Дүйсенбинова Адамгершілік төрбиесіне айқын бағыт
//Қазақстан мектебі. 7-199ІЖ/

6.Жас ұрпаққа адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру
концепциясы. //Қазақ мұғалімі, 1-тамыз 1989.

7.Жақыпов А. Өнеге өрісі -А, Мектеп, 1975.

8. Жұмабаев Ә. Ата-аналар жауапкершілігі. -А, 1977.

9.Иванова Н., Қозғамбаева М. Оқыту процесінің мәні. -Алматы,
1991.


10.Керімов Л. Қиын бала және оны қайта тәрбиелеу. -А., 1990.

11.Көпжасарова М. Оқушыларды класстан тыс жұмыстарда
коллективизмге тәрбиелеу. -А., Мекгеп, 1978.

12.Көшекбаев Н. Оқыту теориясы. - Алматы, Мектеп, 1976.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

І тарау. Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
1.1 Оқушыларының қарым-қатынасын қалыптастыру тәрбиенің басты шарты

1.2 Қолайсыз отбасынан шыққан қиын балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі.

ІІ тарау. Оқушыларының ұжымдағы қарым-қатынасын қалыптастырудың әдістемесі
және мазмұны

2.1 Кіші мектеп жасындағы балалардың ұжымы және қарым-қатынасын тәрбиелеу
құралы

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

кiрiспе

Бүгiнгi күнiң жаңару бағыты бала тәрбиесiнiң арқауына ұлттық әдет-
ғұрып, салт-дәстүрдi-халықтың рухани игiлiгiн пайдалану басты назарға
болуы көзделiнiп отыр. Әр қазақ халқының азаматы ұлттық өмiрге
немқұрайлы қарайтын жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мәдениетiн
толық меңгерген, тарихын, әдет-ғұрып салт-сана, дәстүр, тәлiм-тәрбие,
адамгершiлiк қасиеттерiн бойына сiңiрiп, елiн, жұртын сүйетiн азамат болып
өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.
Қазiргi жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан
республикасында басты мiндеттердiң бiрi-ұлттық ерекшелiктердi еске алып,
жастарға терең бiлiм мен тәрбие беру iсiн одан әрi дамыту әсіресе
балалардың отбасындағы тәрбиесін және жетiлдiру болып табылады. Бұл
жөнiнде Республикамызда көптеген мемлекеттiк құжаттар жарияланды.
Жұмысымыздың мақсаты:
Бүгiнгi таңда деңгейiне сәйкес әр оқушыға бiлiм мен тәрбие беру, оның
рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн арттыру, біздің жұмысымыздың басты
арқауы болмақ.Төмендегідей атап айтқандай қолайсыз отбасынан шығатын
балалардың психологиялық ерекшеліктері, олардың ойлай бiлу мүмкiндiгiн
жетiлдiру, сонымен қатар әр адамның кәсiби бiлiктiлiгiн, iскерлiгiн арттыру
осының бәрі тәрбиеден таралатыны сөзсіз.мiндетi болып табылады.
Егер әр отбасында толық ата-ана мүшесі болып мемлекетіміздің саясаты
болашаққа деген үстем болса, яғни тұрақты болса, онда психологиялық
климатта дұрыс жағдайда болар еді.

І тарау. Қалыпты емес отбасындағы бала тәрбиесі
1.1 Оқушыларының қарым-қатынасын қалыптастыру тәрбиенің басты шарты

Адамзат дамуылық қай кезеңiнде болмасынғ тәрбиенiң тиiмдiлiгiн
жетiлдiру iсi жүзеге асыру процесi әрбiр қоғамдағы мемлекет қажеттiгiне
бағынырады. Өйткенi мемлекети қажеттiгiнiң орындалуы оның экономикалық
күшқуаты мен саясатына тәуелдi екендiгi белгiлi. Олай болса тәрбие
тиiмдiлiшiнiң ең басты шарты-мемлкет мүмкiндiгiнен туынжайтын қажеттiкке
сай тәрбиенiң мақсатын нақты анықтау болып табылады. Еегер тәрбиенiң қалай
өзгерiп отырғанына көз жiберсек, тәрбие мақсатын белгiлеудiң қаншадықты
маңызды екенiн байқауға болады. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз ешбiр
қоғамның өмiрi iлгерi дамуы мүмкiн емес.
Тәрбие бұл психологиялық тұрғыда қарастыратын болсақ үлкен шексіз ұғым
ол адамның жан-тәнін түсініп, оны дұрыс бағалай білетн құбылыс. Тәрбие
процесi адамның қоғамдық мәнiнiң әлеуметтiк маңызды сапарларын
қалыптастыруға, оның қоғамға, адамдарға, өздi-өзiнiң қатынастарын жасауға
олардың шеңберiн кеңейтуге бағытталады.
Тәрбие теориясының қарқынды дамуына қарамастан ХII ғасырдың басына
дейiн педагогика философияның бiр бөлiгi ретiнде қарастырылып келдi.
Шынында, осы күннiң өзiнде де атақты философтардың қай-қайсысы да тәрбие
мәселесiн айналып өтпейдi, осының өзi педагогикалық проблемалардың қоғам
мен ғылым үшiн аса маңызды екенiнiң кепiлi.
Педагогика ерекше ғылым ретiнде философиялық бiлiмдер жүйесiнен ХII
ғасырдың басында бөлектенiп шықты. Ағылшын жаратылыстанушысы және
философы Фрэнсиси Бэкон 1561-1626 1623 жылы өзiнiң Ғылымның қадiр-
қасиетi және жетiлуi атты трактатын жария еттi. Бұл еңбегiнде ол
ғылымдарды сарапқа сала отырып, олардың арасында педагогиканы ғылыми
бiлiмдердiң дербес саласы деп бөлектедi.
Джон Локк өзiнiң Тәрбие жөнiндегi ойлар деген еңбегiнде тәрбиенiң
психологиялық негiздерiне және адамгершiлiк қалыптастыру мәселесiне үлкен
мән бердi. Баладағы тума қасеттердi жоққа шығара отырып, ол нәрестенi не
сыза сол болатын таза тақтаға теңеумен, тәрбиенiң үлкен күш екенiн баса
айтты.
Педагогикалық идеялары кейбiр мәселелерде дағдырыс, сипатқа ие
болғанымен, педагогикалық теорияны өрiстетуде елеулi рөл танытқандардың
бiрi Иоганн Гербарт. Ол балаларды өрескел бұзық қол жазасымен тойтарып
отыру қажет, олардың тәртәiбiн үздiксiз қадағалап, арнаулы жорналға жазып
отыру керек деп есептедi. Сонымен қатар, оның шығармаларында бiршама
пайдалы идеялар да баршылық. Ол алғашқылардың қатарында оқыту мен тәрбиенiң
психологиялық негiздерiн жобалап бердi, баладағы адамгершiлiк қасиеттi
қалыптастыру, үшiн оның саналылығын көтерiп, онымен сыйластық қатынас жасау
қажеттiгiн жариялады.
Өзiнiң психологиялық-педагогикалық теориясын прогрестiк-демократиялық
бағытта дамытқандардың бiрi Адольф Дистверг. Ол өрiстеткен аса құнды
идеялар: балалрдың оқу жұмысының белсендiлiгiн арттыру, шәкiрттердiң
өзiндiк оқуына мән беру, сондай-ақ халық мұғалiмдерiн дайындау.
ХҮIII ғ. Германияда алғашқы рет мұғалiмдердi дайындайтын арнайы оқу
орны ашылып, онда ерекше ғылыми пән ретiнде психология оқытыла бастады.
Осының бәрi адамның жан тәнін түсіну мақсатында теорияның жедел дамуына
себепшi болып, iрi-iрi оқымысты педагог-психологтардың қалыптасуына
мүмкiндiк бердi.
Сонымен, ХII ғ. мен ХIХ ғасырдың аралығы психологиялық теорияның үлкен
қарқын ала дамыған, аса құнды тәрбиелiк идеялардың өрбiген заманы болды.
Педагогикалық психологияның дамуына тәрбие саласының дамуына қазақтың
белгiлi философтары, ағартушы-педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес
қосты. Олардың ой-пiкiрлерiн қысқаша тайымдау, еске түсiру, ғылыми және
әдеби еңбектерiн жоспарға бiлiм беру саласында, әсiресе, өскелеу өмiр
жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендiгi сөзсiз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердiң бiрi – Ш.Уалиханов едi.
Оның өзiндiк педагогикалық-психологиялық көзқарастары болды. Ағартушы-ғалым
қазақ даласындағы оқу мектеп iсiн ғылыми негiзiнде құрып, оқу бiлiмнiң
табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы
мәдениеттi елдердi қуып жетуiн аңсады. Ш. Уалихановтың ағартушы-ғалым,
демократ ретiнде көздеген ой-пiкiрi, негiзгi мақсаты –халқына қайткенде де
бiлiм беру, тәрбиелеу оқыту оны дүние тануға жетелеу, сондай-ақ бұл
мәселердi реформа арқылы iске асыру болған. Қазақ халқының ағартушы-педагог
Ы.Алтынсарин, оның педагогикалдық көзқарастарынан айқын көрiнедi. Ол бүкiл
өмiр жолын мектеп ашуға, қазақ баласының тәрбиесiне көп мән берiп, қоғамдық
өмiрдегi саяси-әлеуметтiк мәселелердi жан-жақты қамтып жазуға тырысты.
Ал қазақ халқының ғана емес, барлық әлем жұртшылықғының ұлы ойшыл-
философы Абай Құнанбаевтың шығармалары тәрбие мәселесi-педагогикалық ой-
пiкiрлерге толы. Абайдын осы бала тәрбиесi мәселесiнiң басты нысанасы
Атаның баласы болма, адамның баласы бол гуманистiк ой пiкiр үлкен
философиялық ой тудырады.
Қазiргi күнi Абай қалдырған iз өнер-бiлiм, тәрбие, адамгершiлiк,
әдет, мораль, мәселелерi егемендi елiмiздiң рухани қазынасына ойнатып отыр.
Ұлттық тәлiм-тәрбиенiң көрнектi өкiлдерiнiң бiрi – Шәкәрiм
Құдайбергенов, сол Шоқан, Абай, Ыбырай Алтынсариндердiң салған iздерiн,
ағартушылық дәстүрдi әрi қарай жалғастырды. Шәкәрiмнiң жоспарға ұсынған
тәлiм-тәрбиесi адамгершiлiк жолы-адалдық және ғылымды меңгеру. Ол үшiн
жастарды адал еңбек теуге, бiлiм мен дұрыс тәрбие алуға шақыру болды.
Ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсыновта үлкен педагогикалық жастарға iз
қалдырады. Ол өзiнiң абрлық саналы өмiрiн қазақ қоғамында бiлiм-ғылымның
дамуына, мектеп iсiнiң тәрбие жұмысына көңiл бөлiп, кемелденуiне бағыштады.
Ол ауыл мектебiнде бала оқытты, оқу-тәрбие жұмыстарын жетiлдiру саласында
көп iздендi.
Мағжан Жұмабаев зиялы қайраткерлердiң бiрi. Ол көптеген оқу-тәрбие
жайлы оқу-құралдарын шығарған. Айталық Бастауыш мектептегi ана тiлi
(1928), Сауатты бол (1926), Педагогика (1922) оқу құралының бiрiншi
бөлiмi жалпы педагогикалық мәселелерiне арналған. Ол тәрбиенi төртке бөлiп
қарайды: дене, жан, ақыл тәрбиесi, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесi.
Егер осы төрт тәрбие адам баласына берiлсе, оның тәрбиесi түгел
болғаны - дейдi.
Қазақ халқының кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов: Көпшiлiктi адамшылыққа
тәрбиелеу үшiн жас буынды тәрбиелеу қажет... – деген екен.
М.Әуезовтың ойшыл, ғалым педагог ретiнде танытқан iргелi жұмысының бiрi
– бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылған Жеткiншек атты оқу
құралы. Ол 1930 жылы Қызылорда қаласында жарық көрдi. Ұлағатты жазушы әрi
ұстаз М.Әуезов өзiнiң үлгiлi шығармаларымен дүние жүзi мәдениетiнiң дамуына
өшпестей iз қалдырды, ол –үлкен суреткер, асқан ойшыл да кемеңгер жазушы.
Ол педагогика мен психология проблемаларын сабақтастыра зерттеп,
мұғалiмдер мен тәрбиешiлер үшiн ғылыми, ұсыныстар жасады. Мысалы: Ес және
есте мәселерi, Ой мәселелерi, Дағдылану мәселерi (1936),т.с.с.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк экономикалық өзгерiстер және
жүрiп жатқан күрделi жаңғыру процесi жастардың оқу мен тәрбиенiң
мазмүнын жетiлдiру мәселелерiн, жаңа тұрғыдан қарауды талап етедi. Осы
тұрғыдан алғанда тарихышылдық ақтаңдақ парактарының қатарына ХIХ ғасырдың
басындағы зиялыларымыздың бiрi Мiржақып Дулатовтың өмiр жолын, жалпы
шығармашылығын жаңаша қарап бағалау болып табылады. Ұлы ағартушымызды
жастарға таныстыру өте қажеттi нәрсе. Мiржақып туралы қалай оқыту, сол
оқытқанда жас ұрпаққа қалай меңгеру, сол оқытқанды жас ұрпаққа қалай
меңгеру, сол меңгерткендi қалай жүзеге асыру керек екендiгiнде көңiл
бөлуiмiз керек.
Жалпы мектеп оқушыларына Мiржақып шығармаларын оқытқанда түсiнiктерiн
молайту үшiн ақынның поэзиялық шығармаларысен таныстыру мақсатында Оян
қазақ өлеңдегi:
Көзiңдi аш, оян қазақ көтер басты,
Өткiзбей қараңғыда бекер жасты,
Жер кеттi, дiн нашарлап, қол қараш бол.
Қазағым, ендi жату жарамасты, -
- деген төрт жолды сабақтың эпиграф ретiнде ала отырып, патшаның
отарлау саясаты халықтың өнер – бiлiмнен мақурым қалуы, тұрмыс күйiнiң
нашарлығы, ел iшiндегi алауыздың тағы-тағы әр түрлi қасiреттерден құтқармақ
болған Мiржақып өлендерiнде халықтық жақсылыққа жетiп, қамын ойлайтын
саналы азаматтар қажет екендiгiн айтып, әсiресе, жас жеткiншектерге көп
үмiт артады.
Осындай шығармашылықпен еңбек етiп, оқыту мен тәрбие, проблемаларына
елеулi үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалiмдердiң iс-тәжiрибесi мектеп үшiн,
келер ұрпақ үшiн зор сүйенiш.

1.2 Қолайсыз отбасынан шыққан қиын балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі
Бүгiнгi күнде жас ұрпақ өзiнiң құрайлы тiлi мен шешендiк өнерiнен,
дәстүрiнен, ата тәрбиесiне айырылып қала жаздады. Ендi ғана тәрбие
жөнделiп ұлттық мектептерiмiз ұлттық қазынамызға, отбасын көңiл бөлуде.
Бірақ отбасымен шектелiп қалсақ, мектептерiмiздiң даму аясы да тарылып
қалады. Ұлтымыздың парасаты болуы ең әдемi-онадан, қыз тәрбиесiнен.
Болашақ мектеп қандай болу керек, әсiресе жас ұрпаққа iзгiлiктi тәрбие
қалай берiледi? Бұл үлкен –ауқымды мәселе.
Тәрбие жұмысын оңға бастыруды iс тетiгiтен мектеп ие мұғалiм, жетекшi
қолында емес, ата-ана ортақтығынан көрiнедi. Өзiн сыйлай бiлген адам
өзгешi де сыйлай алады. Адамдың асыл қасиетi. Олай болса ол өзге ұлт
адамдармен бiрге әдеттi қатынаста бола алады. Балалар мен жастар –әрбiр
кезеңнiң дәуiрдiң жемiсi, оларпдың iс-әрекетiндегi көрiнiстер-өз заманының
дәстүрi. Отбасы тәрбиесiнiң басты нышаны халық педагогикасы.
Халық педагогикасының мақсаты – өнегелi тәрбие. Дастандары да, аңыздарыда,
мақал-мәтелдерде де осыны көремiз мысалы:
Кiшiпейiл болғанмен, Балаға байқап сөйлесең
Кiшiрейiп кетпейсiң. Ақылыңа көнер
Өр көкiрек болғанмен, Байқамай шайқап сөйлесең
Ұлылыққа жетпейсiң. Көрсетер бiр өнер.

Бiрiншi мақал балаға қалай керек болса, ата*анаға да қажет. Себебi, бұл
мақал-мәтел кiшпейiл болуға, өр көкiрек болмауға шақырады. Ал бұл
дегенiмiз адамзаттың рухани байлығының, адамгершiлiк қасиетiнiң бастау
алар булағы емесiпе?! Екiншi мақал отбасында бала тәрбиелеп отырған
үлкендерге арналған. Қазiргi күнде нарықтық экономикалық адымдап аяқ
басқан кезеңiнде көптеген отбасы табу мәселелерi көп алаңдатуда. Дәл мәнiне
келгенде бұл дұрыста, өйткенi нарықтық экономика әрбiр адамды жұмыс
iстеуге мүдделеп тұрғат. Алайда, ата-ананың мандай терiн төгiп ақшасына
сықиып киiнiп алған балалар мен жасөспiрiмдер түсiне ме екен. Үстiнде
жылтырған киiмi болып, жан-дүниесi аадамгершiлiк қасиеттен жұрдай болса кiм
кiнәлi? Тағы да ата-ана. Олай дейтiнiм, атам заманына халық басына қандай
қиын-қыстау кезең туса да, бала тәрбиесiн көзден таса қылжаған. Еңбек
етiп, отбасын асырай отырып, бiр мезгiл балаларын қасынан жиып алып не
ертегi, не аңыз, не қиса айтып бермеген күндерi болмаған. Сондықтан да осы
екiншi мақал ата-ананың балаға ерекше саьырлықпен, шыдамдылықпен қарап,
дұрыс тәрбие беруiне мiндеттей отырған.
Бүгiнгi таңда ұлттық санамен тәлiм-тәрбие алу мәселесi ең алдымен,
әлеуметтiк- экономикалық орталықтарымен де тығыз байланысты. Мысалы,
баспасөз, кино, радио телеақпаратты ағымдардың көрiнiстерi бiздiң жастарға
ұлттық тәрбие мен ұлттық сананы қалыптастыруға қаншама ықпалы болатыны
белгiлi. Тәрбие бесiктен басталады. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиенiң
негiзгi мақсаты-жас өспiрiмге дұрыс тәрбие беру. Өйткенi баланың алғашқы
өмiр тану қадамы үйден басталады. Болашақ жақсы iсiн мадақтап, қатесiн
түсiндiрсе, ол ересектердi сыйлап, тапсырманы орындауға қарсылық
бiлдiрмейдi, оған орынсыз ұрысып, зенiрiп, сұраталап қоя алмау ата-ананың
беделiн жояды. Мұндай жағдай баланың жасқаншақ, ашуланшақ, түйық болып
өсуiне соқтырады. Ал отбасында қалыптасқан еңбек сүйгiштiк баланың
болашағына жол ашады. Отбасының арасындағы бiрлiк, ынтымақ, үлкенге құрмет,
кiшiге көмек, сыйластық, шымшылдық баланың адамгершiлiк қасиеттерiн
қалыптастырады. Бiрiгiп iстеген жұмыс балалрды қуантып, оларды ата-
анасына жақындастырады. "Сөзiңмен мазалама, iсiңмен көрсет", "Ережеден
өнеге артық, Сөз шақырады, ал үлгi қызықтырады деген халықтың даналық
сөздерi үлкен педагогикалық шындықты бiлдiредi.
Ал баланың бойында кездесетiн терiс мiнез-құлықтар – нашар тәрбие мен
терiс ықпалдық салдары. Бұлар да туа бiткен мiнез емес, оны түзетуге
болады. Түзелмейтiн мiнез-құлық жоқ. Уақыт, еңбек, төзiмдiлiк қана
қиындарды жөнге келтiредi.
Адам тәрбиесi осы өмiрге келуiнен басталады, сөйлемес бұрын
естiмесбұрын, ол тәлiм ала бастайды деп жазған болатын француз ғалым
Ж.Ж.Руссо. олай болса, ата-ана мен ұстаздардың бiрлестiкте қойған талабы-
баланың келешегiне жасалған ең үлкен қамқорлық, бұл тәрбиенiң тұтқасы.
Сондықтан да, Оңды от басынан, азды ұрпақ тарайды деуi бекер емес. Салт-
дәстүр дегенiмiз – халықтардың кәсiбiне, ешкiм-қанымына, тiршiлiгiне
байланысты қамтамасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс.
Ол отбасымыз тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара
алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкiл халық, ел-
жұрт уақыт өзған сайын салт-дәстурге жаңалық енгiзiп, оны қоғамдық болмыс
көрiнiстерiне бейiмдеп өзгертiп отырады. Халық: дәстүрдiң озығы бар,
дәугенi өткен тоғызы бар, әде-әдетт емес, жөн әдет, деп заман талабына
сай дәстүрдi дәрiптеп, тәлiм тәрбиенiң пәрмендi құралы ретiнде пайдалалық
келген. Осыған орай оқушыларға тәрбие сабақтарында:
Аталған мәселелердi көп қозғауға тырысу керек. Ол әрине тәрбие
мәселесi. Оқыту мен тәрбие процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланысты,
тәрбие болмаған жерде оқу жоқ. Екiншi жағынан, оқыту-тәрбиелеудiң негiзгi
құралы екендiгi белгiлi.
Соныдқтан да педагогтардың алдында тұрған мiндет –оқушылардың оқу-
тәрбие процесiн ұйымдастыруда олардың мiнез – құлқының ерекшелiктерiн,
психологиялық –педагогикалық-физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып,
педагогикалық процесте тәрбиелiк әдiс-тәсiлдердiң ұнымды қолдану жағын
қарастырған жөн. Оқушының, баланы тәрбиелеу-қоғамды тәрбиелеудiң
мемлекеттiк мәселелерiнiң құрамдас бiр бөлiгi болып табылады.
Бұл маңызды мәселе бiздiң Президентiмiздiң бiлiм және ғылым
қызметкерлерiнiң II съезiнде сөйлеген сөзiнде қысқаша тұжырымдалған: Бұл
жүйеде оқыту мен тәрбие берудiң бiрлiгi үзiлiп қалды. Сiздер мен бiздер
тек болашақ буындағы ған емес, жалпы адамзаттық қадiр-қасиеттердiң мән-
маңызын түсiнiп, жаны да, тәнi де таза бiлiмдi патриот – азаматтар буынын
тәрбиелеуге мiндеттiмiз.
Қазақстанның отаншылықсезiмiн тәрбиелеу бiлiм берудiң мектеп жүйесi,
отбасы аралықтарында барлық ұйымдарды көкейкестi болып табылады. Балалрды
Отанды, туған жердi, өзiнiң халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалiм мен ата-ананың
аса маңызды, аса жауапты да қадiрмендi парызы-делiнген.
Осыдан қорыта келе бала тәрбиесiн, бiлiм деңгейiн тереңдету моделiн
көрсететiн төмендегi кестенi ұсынамыз:

Кесте 1


Iзгiлiкке, имандылыққа, Халықтық педагогика, этнопсихология
қайырымдылыққа, мейiрiмдiлiкке негiздерiне сүйене отырып, ұлттық
тәрбиелеу тәлiм-тәрбиенi меңгеру:

Салауатты өмiрдi қамтамасыз ететiн Қолайсыз отбасы тәрбиесiндегi
iшкi тәртіп ережелерiн сақтауға ата-ана ықпалының
педагогикалық-психологиялық ықпал тиiмдiлiк жолдары
жасау

Осыған байланысты әрбiр саналы азаматтық педагогтық бойында бiздiң
ортақ болашағымыздың алдаында борыш пен жауапкершiлiк сезiмiн оятуы тиiс.
Қазақтар Отан деген ұғымды бала бойына ерте бастан сiңiруге тырысқан.
Мұны ең алдымен, туған жер, атмекен, ел-жұрт деген ұғымдармен барынша
кеңiнен байланыстырған. Қазақ баласы үшiн Отан –отбасынан, ата-жұрттан,
туып-өскен топырақтан басталады.
Мұның барлығы жастардың бойына туған жер, атамекен туралы түсiнiк
ұғымдары өте қасиеттi деген пiкiрдi қалыптастыруға қк\уатты ықпал етедi.
Сондықтан да бiздiң ауыз әдебиетiмiзде, поэзияда, ақындар мен жыраулардың
толғаулары мен термелерiнде жер, су тақырыбы жетекшi тұрақты тақырып
болған. Бесiк жырынан басталатын бұл тақырып өмiр бойы қоғам мүшесiнiң
серiгi болып, қай жерде жүремесiн сағыныш сезiмiн тұтатып, елге, жерге
деген сүйспеншiлiгiн өрiстетiп отырған.
Соншама кең далада өмiр сүрсе де, ата-абаларымыз үшiн атамекен ұғымы-
әрдайым қастерлi де қасиеттi ұғым. Өйткенi Отан бiреу-ақ, ол- туған жер
топырағын, ата-баба сүйегi жатқан жер. Атамекен, жер, су аттары адамның
қанын тасытып, мақтаныш сезiмiн тудыратын құрал екендiгiн Баянауыл,
Қарқаралы, Аякөз, Арал, Ұлытау, тарбағатай секiлдi атаулардың өзi-ақ
дәлеледемей ме? Сондықтан ұрпақты Отаншылдыққа, Отанды, елдi сүюге
тәрбиелегенде атамекен тарихымен таныстыру маңызды орын алады. Бұл ең
алдымен, тiл байлығы, сосын-тарих, сосын –экология, т.б.
Қазақта қайтыс болған адамды тұған жерiне, ата-бабасы жатқан қорымына
апарып жерлеу дәстүрi бар. Бұл дәстүр өте ертеде қалыптасып, күнi бүгiнге
дейiн жалғасын тауып келедi. Кейбiр жағдайда атақты кiсiлер жатқан қорымға
әкеп жерлейдi. Қазақ даласында аты шыққан осындай орындарды бiрi –Әзiрет
Сұлтанның, Қожа Ахмет Иассаудидың Түркiстандағы мавзолей. Мұнда атақты
Абылайдан бастап Тәуекел хан, Есiм хан, Қаз дауысты Қазыбек, Бөгенбай батыр
секiлдi Қазақстанның әр кездегi мемлекет қайраткерлерi жерленген.
Қазақтың бұл дәстүрiн Шыңғыс Айтматов өзiнiң Боранды бекет романында
Қазанғаптың сүйгiн оның өтiнiш Найман ана бейiтiне апарып жерленетiнiн
әспеттеп суреттеген.
Педагогика мен тәрбиенiң, халықтың ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
педагогi К.Д.Ушинский Өмiрде де, ғылымда да барлық халықтарға бiрдей тура
келетiн тәрбие жүйесi жоқ. Әр халықтың ұлтттық тәрбие жүйесi де әр түрлi.
Өз елiне басқа елдiң тәрбие жүйесiн енгiзу мүмкiн емес, себебi, халықтардың
өмiр сүру моделi де, тәлiм-тәрбие моделi де әр басқа деп жазғаны белгiлi.
Ендеше жас ұрпақтың бойында ұлттық сананы қалыптастыруда олардың туған жерi
мен елiне сүйспеншiлiгiн оятудың маңызы аса зор. Ұрпағын өз халқының
патриоты етiп тәрбиелеу – қай халықтың болса да тәрбиелеу жүйесiнiң негiзгi
талаптарының бiрi. Ал бiздiң халқымызда бұл талап әрдайым жоғары болған.
Қазақи тәрбие бойынша елiн, туған жерiн сүюге қалыптастырады. Туған
елiм болмаса тумай-ақ қойсын ай мен күн, Кiсi елiнде сұлтан болғанша, өз
елiңде ұлтан бол – деп жас кезiнен елiне деген iңкәрлiк сезiмiн бойына
сiңiруге тырысқан. Ана отбасын қалай ұйытып отыруды, әке ұлына сол
отбасының берекесiн келтiрiп, қызуын арттырып, оны қас қақпай қорғауды
үйреткен. Мұны халқымыздың ауыз әдебиетiнiң үлкен бiр тарауы болып
табылатын Батырлар жырынан көруге болады. Бұл бекер емес, өйткенi
қазақта атадан ұл туса едi, ата жолын қуса едi деген сөз бар.
Жастар сонымен бiрге туған тарихын жақсы, жүйелi түрде бiлуге тиiс,
өйткенi тарих –ең алдымен, өткеннiң шежiресi, адамзаттың, ата-бабаның өткен
ұзақ жолы.
Мұны дұрыс түсiнген ата-бабаларымыз жазбаша тарихымыздың жоқ кезiнде
шежiренiң негiзiнде даланың ауызша тарихын жасап, оны халықтың зердесiнде
ұқыптылықпен сақтап, атадан балаға мұра ретiнде берiп, соғын сүйене
отырып, оларды батылдық пен батырлыққа тәрбиелеген.
Ұлттық мақтаныш, өз елiнiң патриоты болу тек соғыс кезiнде, не Отан
қорғаумен ғана байланысты көрiнбейдi. Халқын, жерiн, елiн сую қажырлы еңбек
етуден көрiнуге де тиiс. Өйткенi қайбiр елдiң болсың, экономикалық, ғылыми,
мәдени прогресi, ең алдымен, қоғам мүшелерiнiң адал, тәртiптi, сапалы,
өнiмдi еңбегiне байлаысты екендiгi мәлiм.
Ата-бабамызз қашанда өздерiнiң бiлгенiнше ұрпақ құлағына ерлiк,
адамгершiлiк, еңбекқорлық, достық, жолдастық туралы дастандарды, ертегi-
аңыздарды, өлең-жырларды құйып отырды. Сыпайлықты, кiшiпейiлдiктi
дәрiптедi. Ұлық болсаң, кiшiк бол, Тура биде туған жок деген мақал-
мәтелдерде қарапайым қазақ даналығы жатыр. Байқап қарасақ, бұрынғы ата-баба
тәрбиесi ұрпақтың бойында елдi, жердi, халқын сүюдi үйретiп, оларды өз
халқының патриоты етiп қалыптастыруға барлық ерiк-жiгерiн жұмсаған. Егемен
елiмiздiң педагогика ғылымы да соған негiзделгенi жөн.
Отбасы тәрбиесі — көзделген нәтижеге жету мақсатын-да ата-аналар мен
жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.
Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын
істері ауқымын қүрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан
тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің
әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене
және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне
тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса,
екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы
ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңцерінде болатын ықпал-дардан
басымдау келеді. Зерттеу дерекгеріне сүйенсек, отбасы - бүл мектеп те,
ақпарат көзі де, қоғамдық үйым-дар да, еңбек үжымы да, дос-жаравдары да,
отбасы — бүл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл
тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға
тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның төрбиелік ықпалы үнамды келсе,
тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де
жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт түлғаның кемелденуі келесі
заңдылыққа тәублді: жанұя қандай болса, оида өсіп, ер жеткен адамда сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нөти-жесіне болар отбасы
тәрбиесінің күші мен қуатын мойын-дайтын болсақ, ендешё мемлекет пен қоғам
да тәрбиелік шараларын дүрыс жолмен үйымдастыруда ең алдымен оібасыға үлкен
назар аударғаны жөн. Бүл өркениетгіелдер үстанған бүлжымас ереже. Неке мен
отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және үлттық үрдістерді естен
шығару, инабаттылық прин-циптерінен тайку, шектен тыс арсыздық пен
маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғыртгық, ерлі-
зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар — бәрі де отбасыдағы бала
тәрбиесіне бсшатын теріс ықпалдар
көзі.
Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын
десең, бесігінді түзе"- деп үлы ғүлама М. Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда
адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және
әлеуметгік бағыт-багдар түзіледі. Огбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл
шешіліп жатқан кептеген проб-лемалар, есейген, ересек шақта бітіскен
шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған түжырымдарды жинақтаумен келесідей
қорытындылар жасауға болады:
І- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас
ұлғаюмен ол әсер бәсендеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін
болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның
тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған
мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі
отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметгік қызметтері — азамат
тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанүя исгерін кемелдендiру және
мемлекет заңдарын мойындап, құқытарын сауатты пайдалана бiлетiн қоғам
мүшесiн жетiлдiру;
- отбасының кәсiп тандауға да тигiзер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысты отбасындағы тәрбие
жетімсіздігінің кейбір себептері ретіңде келесі жағдайларды алға тартуға
болады:
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай —жүмыс орнывда,
жанүяда — ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-түрмыстық және моралдық себептердің салдарынан
болып жатқан ерлі-зайыптылар- дың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің
белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бөсеке, дау-
дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасындағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру жөне оның тәрбие-лік ықпалын көтеру
бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді үсыныстар беруі мүмкін?
Бүл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес:
тәрбиенің қоғамдық, эконо-микалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына
теуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңцылық-тардың
қүрсауындамыз. Барша үмітімізді мүғалімге артамыз, тәрбиелік
жақсылықтарымызды оның жанпида-лығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-
пікірлерден арыла білген шынайы үстаздың өз іс-өрекеіін келесідей жоспарға
орайластырғанын жөн деп білер едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-
әкімшіл ықнал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың
заманы етті - адцыратын лыпасы жоқ певде неден қорықсын. Тек кеңпейіл
мүғалім жан дүниесімен сөулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек,
үстаздық жана- шырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу
беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шаддығудан
азат етері көміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мекгеп
пен мүсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын бірікгіру әрі осы
ықпал-дарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты
проблемасына бағытгау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен
үжымдар жүмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие батдарламасын
жасау.
Ең бастысы, жалгіы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен
мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау- әрбір тәрбиенгінің негізгі ұстамы
болғаны жөн.
Атам қазақ басынан талай "ақтабан шүбырынды, Алқа көл сүламаның"
кешкен, солай болса да ортасында жүрген дана тәрбиешілерінің, ғүлама
ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние
ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса,
дамьш бару. Әр дәуір үрпақ-тары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ
олардың нақты кезеңцердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дүрыс. Ал ондай
шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса
бүлтарыс-тар,ын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол.
Алайда олардың көптүрлілігіне қарамас-тан, жанүядағы ересектер мен балалар
арасывда кезігетін қатьшастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіңдігі
баршылық. Огбасындағы қатьгаастар түрі сол қатынастар-дың қай бағытта, қай
дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың
саддарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына қүрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырқом, мейірлі отбасы.
3. Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмүны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық емес отбасындағы бала тәрбиесінің кейбір проблемалары
Қазіргі кездегі отбасының ерекшеліктері. Толық емес отбасынан шыққан балалардың психикасының даму ерекшеліктері
Отбасы жүйесі
Отбасы және отбасындағы конфликтілі жағдайдың психологиялық-теориялық негізі
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Қазақ отбасындағы тәрбие үрдісі
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі
Отбасының мәдениетін ұйымдастырушы
Пәндер