Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясы



1. Ұлы жібек жолы
2. Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау
3. Ұлы Жібек жолының ашылу және өркендеу құрметі
4. Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы деректер
Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек жолын тек тек аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт қойып тұрған артерия ретінде қарастыру шекті болады, себебі бұл отырықшы мемлекеттер өзара түйіспей, мұхиттағы аралдар сиякты оқшау тұрған, ал оларды түркілердің көшпелі ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни бұл ареалды өркениеттердің тоғысқан жері деп қарастыруға болады. Ұлы жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер біртіңдеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын, керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Ол тек өркениеттің индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.
К. Байпақов атап өткендей, «Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір сүрген. Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І мыңжылдықта ғана болды. Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды» [1,203].

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ұлы Жібек жолы

Ұлы жібек жолы Шығыста Қытай империясынан басталып, Батыста Рим
империясында аяқталды. Бұл жол Кушан, Соғды және Парфия империяларын басып
өткен жүктерді тасымалдап жеткізуді Еуразияның таулы және далалық
аймақтарын мекендеген малшылар іске асырған. Ұлы Жібек жолын тек тек
аграрлық империяларды XV ғасырдан артық уақыт қойып тұрған артерия ретінде
қарастыру шекті болады, себебі бұл отырықшы мемлекеттер өзара түйіспей,
мұхиттағы аралдар сиякты оқшау тұрған, ал оларды түркілердің көшпелі
ұлыстары байланыстырып келді. Негізгі мәдени ауысулар қазіргі Оңтүстік
Қазақстан мен Жетісу бойымен өтті, яғни бұл ареалды өркениеттердің тоғысқан
жері деп қарастыруға болады. Ұлы жібек жолы бойында еуразиялық көшпелілер
біртіңдеп өркениеттенуді бастарынан өткізді, олар өз ордаларын, қалаларын,
керуен сарайларын салып, саудаға бақылау жүргізді. Бұл кезеңде отырықшы
өркениет көшпелілердің қару-жарақ, ат әбзелдерімен, әр түрлі бұйымдарымен
танысып, өздеріне қабылдады. Қазіргі жаһанданудың алыс үлгісі ретінде Ұлы
Жібек жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген. Ол тек өркениеттің
индустриялық толқынына түрлі себептермен ілесе алмады.
К. Байпақов атап өткендей, Ұлы Жібек жолы 2 мың жыл бойы өмір
сүрген. Ол әлем тарихында дара ерекше құбылыс болды, Тынық мұхит пен Атлант
мұхитының арасындағы көптеген халықтарды біріктірді. Жібек жолы деген ат
толық мағына бермейді. Жібекпен сауда жасау б.з.д. ІІ және б.з.д. І
мыңжылдықта ғана болды. Ұлы Жібек жолы әр түрлі сауда, мәдени жаңалық және
жаңа ойлардың таралу жолы, Еуразиядағы көшпелілер мен отырықшы халықтардың
даму жолы болды. Жібек жолы өркениет жолы болды [1,203].
Ұлы Жібек жолы қашанда тек бір машрутпен өтпеген және оның көптеген
баламалары мен алғы нұсқалары болған. Бастапқы кезде асыл тастарды сатумен
қатысты Лазурит жолы, Нефрит жолы деп аталатындар табысты әрекет еткен.
Олар Солтүстік Ауғанстандағы Бадахшан тауынан лазурит кені және
Қашқариядағы Хотан аймағындағы Жаркент өзенінің маңайынан нефрит кені
ашылуына орай жолға қойылды. Ұлы Жібек жолының алғашқы нұсқалары мен
параллельдері б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдақтарда басталған.
Осындай Ұлы Жібек жолының бір сыңарына Қазақстан аумағына қатысты б.д.д. І
мыңжылдықтың орта кезінен әрекет еткен Дала жолы деген жатады. Көне заман
білгірі Геродот бұл жолдың мынадай бағытта болғанын атап өтеді: Қара теңіз
жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы
етегінен Ертіске, Алтайға, сонан Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген
агриппийлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран
кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты [2,53].
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің
дәірімізге дейінгі І мыңжылдық саналып келеді. Алайда Чжецзян
провинциясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай
археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек
жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750 ж., оларды
талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ, яғни бұдан бес мың жыл бұрын
дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастан кешіп
үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырларда қытай
жібегі басқа елдерге, оның ішінде Батысқа да шығарыла бастады. Алтайдағы
Пазырықтың патша қорғандарының бірінен біздің дәуірге дейінгі Ү ғасырды
көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы (ат жабуы)
табылды. Сондай-ақ, Оңтүстік және Батыс Европа аудандарынан біздің
дәуіріңізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған
бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылған [1,6].
Егер марксистік құлиеленуші және феодалдық мемлекеттер дегенді аграрлық
өркениеттер формалары деген мағында қолдансақ, онда олардың партикулярлық
сипатта болғанын атап өткен жөн. Қытайдан шыққан қымбат бағалы жібек өзімен
өзі басқа аграрлық империяларға жете алмас еді. Оларды дала пилигримдері,
көшпелі әулеттер Орталық Азия арқылы Парсы, Таяу Шығыс пен Жерорта теңізіне
дейін таратты. Бұл жөнінде Батыс пен Қытай зерттеушілері, солардың ішінде
Ма Юн мен А.П. Франкфор тәрізділері Ұлы Жібек жолы жөнінде, осы бір асыл
тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ
өзенінің үлкен иілісінен басталып, Қазақстан даласы мен Қара теңіз
жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткізілді деп жобалауға
болады дейді [3,22].
Ұлы Жібек жолы тек Батыс пен Шығысты ғана емес, сонымен бірге үш Шығысты;
Үндіні, Қытайды, Араб халифатын да байланыстырған. Мысалы оған үндінің
синапатто - қытай жібегі деген сөзі куә, осы жөнінде деректер б.д.д. ІҮ
ғасырда жазалған Артхашастра (Саясат ғылымы) трактатында кездеседі.
Ұлы Жібек жолы қалай танымал бола бастады деген сұрақ қойсақ, онда ол тек
б.д.д. ІІ ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты мәдени ауысулардың
артериясына айналғанын көреміз. Бұл атақты Чжан Цзян есімімен байланысты.
Осы жөнінде К. Байпақов пен А. Нұржанов мынадай деректер келтіреді: Қытай
императоры У Ди өзі көрмеген Батыс елдеріне жұмсаған князі Чжан Цзян
бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққан кезінен, яғни 138 жылдан,
Ұлы Жібек жолының танымалдығы басталды. Чжан Цзян 13 жылдан кейін қайтып
оралды. Ол осы күнгі Ауғанстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың
ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті.
Содан соң жібек тиелген керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға
Жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып
қайтты [1,8].
Бірақ Ұлы Жібек жолының ашылу және өркендеу құрметін тек қытайлықтармен
шектеу дұрыс емес, көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні соғдылықтар,
парсылар, тохарлар, сириялықтар, таңғұттар ж.т.б. і қолына көшті. Шығыс
Түркістанның, Тохардың қалаларында және Қытайдың Ланчжоу, Дуньхуан, Чаньан
тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен,
Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған
жерден Жапонияға басып кіріп, Жапонның ежелгі астанасы Нараны биледі.
Сондағы храмдардың бірінде соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр
[1,8].
Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы деректер б.д.д. І ғасыр мен б.д. VIII
ғасырларының арасында қытай хроникаларында осы атаумен кездесе бастайда, ал
еуропалық әдебиетте оны 1877 жылы К. Рихтгофен Жібек жолы деген атаумен
енгізеді.
Картадан көрініп отырғандай, Ұлы Жібек жолы, егер Қытайдан бастасақ,
Чаньаннан басталып, Дуньхуанда үш тармаққа бөлініп кетеді. Солтүстік
тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына
жетеді; ортаңғы жол тармағы Лоуляннан Қарашарға, Ақсуға және Ыстықкөлдің
оңтүстік жағалауына жетеді, оңтүстіктегі тармағы Дуньхуан, Хотан, Жаркент
арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп, Оңтүстік жолы аталады.
Солтүстік жолы Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқанд, Бұхара, Мерв
арқылы Хамадан, Сирияға жетеді.
Ұлы Жібек жолы Жаңа дәуірге дейін Шығыс пен Батысты түйістіріп түрған жол
бас жолға айналды, мәдени ауысулар осы артерия бойынша өтті, онымен елшілер
мен сауда керуендері, өнерпаздар мен діни ағымдар толшастамакй ағып жатты.
Алайда Ұлы Жібек жолының маңыздылығы Батыс өркениеті дәуірлеп өсіп шыққанда
толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар бойында ол біртіңдеп тарылып
кетті, отарлау саясаты басталды, теңіз жолы ашылды.
Бірақ бұл үрдістер кейін жүзеге асты, орта ғасырларда негізгі Ұлы Жібек
жолы торабы Сирия – Иран – Орта Азия – Оңтүстік Қазақстан – Талас алқабы –
Шу алқабы – Ыстықкөл қазан-шұңқыры – Шығыс Түркістан арқылы тартылады. К.
Байпақовтың дәлелдеуінше, бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек
айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын –
Маңғыстауды – Арал жағалауын – Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда
аталған негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда-
дипломатиялық одақ келісімін жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы
Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен ІХ-ХІІ ғасырлада Орта Азия, Орта
және Таяу Шығыс, Кіші Азия арқылы Сирияға, Египет пен Византияға баратын
жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды. Алайда, ол жол ХІІІ-ХІҮ
ғасырларда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар
(елшілер) мен ірі саудагерлердің (көпестердің) және басқа саяхатшылардың
талап-талғамдары реттеп отырды [1,10].
Ұлы Жібек жолы туралы айтқанда оның Қазақстан жері үшін аса маңызды
болғанын есте ұстау керек. Өйткені қалыптасқан таптауырын бойынша еуразялық
Дала аймағы варвар көшпелілерден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Жібек жолы. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы
Ұлы Жiбек жолының даму тарихы
Ұлы жібек жолы халықтарының мәдениетаралық коммуникациясындағы Қазақстан түркілері
Хань патшалығының көрші елдермен қатынасы
Қытай тарихы туралы
Түркі – Соғды қатынастары
ҚХР (тарихы және қазіргі заман)
Сауда мен тауарлары
Ерте орта ғасырлардағы Түрік Қағанаттарына қатысты Қытай деректеріндегі мәліметтер
Ұлы Жібек жолының пайда болуы
Пәндер