Сауат ашу - практикалық (семинар) сабақтар



№1 Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа ғылымдармен байланысы. Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу.тәрбие жұмысының жалпы жүйсіндегі маңызы
№2 Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі және психофизиологиялық негізі.
№3 Сауат ашу кезеңдерінде оқушылар іс.әрекетін ұйымдастыру.
№4 практикалық сабақ. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі жаңалықтар. Дыбыстық талдау.жинақтау әдісі. Балалардың сауат ашуға психологиялық және тілдік дайындығы..
№5 Сауат ашуды оқыту процесі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең.
№6 Сауат ашу кезеңіндегі оқу.тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі түрлері. Бастапқы окуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты дыбысқа бағыттай оқу
№7 Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Оқу сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. Сауат ашуға арналған оқу . әдістемелік топтама.
№8 Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі «Жазу үлгілеріне» сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу сапасына қойылатын талаптар.
№9 Жазудың дұрыстығын тексеру. Жазу гигиенасы: дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дұрыс пайдалану ережелері, саусақтарын жазуға даярлау жаттығуларын жүргізу.
№10 Дәптермен таныстыру, дәптер бетіндегі кеңістікті бағдарлай алу дағдыларын қалыптастыру. Дәптердегі үлкен және кіші жолдарды ажыратуды меңгерту.Сызықтар, ою.өрнектер, таңбалар сызу, үзік сызықтарды бастырып жүргізу, әртүрлі сызықтарды бір.бірімен қосу, үздіксіз жүргізіп сызу, әріп элементтерін жазу.
№11Сауат ашу, әдебиеттік оқудың қазіргі сабақтарына қойылатын талаптар. Сауат ашу, әдебиеттік оқу, қазақ тілі сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастырудың қазіргі педагогикалық технологиялары.
№12 Мәтінді мазмұндап айту; мәтін мазмұны бойынша шығармашылық тапсырмалар орындату жұмыстарын жүргізу әдістемесі.
4. ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа / кітаптан білуге / қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.
Сауат ашу жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
2.Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті–сөйлеудің маңызын білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
3. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз. Сондықтан оқудың алғашқы күнен бастап – ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қана қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз! Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады.
Балалар оқып үйренетін «Әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі – түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын, кез-келген көрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

БІЛІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

Факультет оқу-әдістемелік Кеңесі,

Хаттама № " ________2014 ж.

п.ғ.к., доцент Ф.Искакова__________

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚ

Сауат ашу

Түркістан 2014

Практикалық (семинарлық) сабақтың әдістемелік нұсқауы Білім технологиясы
кафедрасының 01.09.2014 ж. мәжілісінде талқыланды. №1 хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., доцент
Ортаев Б
Құрастырған пән оқытушысы:
Бакирова З

Практикалық сабақ 1
Тақырыбы Пәннің объектісі, пәні және курстың міндеттері, оның басқа
ғылымдармен байланысы. Сауат ашу технологиясының мектептегі оқу-тәрбие
жұмысының жалпы жүйсіндегі маңызы
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.

1.Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын
оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала
түседі, олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін
толық түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең
жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы
түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті
ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат
ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға,
оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік
қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді,
мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға,
кітапқа кітаптан білуге қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және
монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.
Сауат ашу жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
2.Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті–сөйлеудің маңызын
білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын
жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз
байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты
жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені
тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету,
әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл
сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі
бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі
және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала
түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда
байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы
түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып
беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп
оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып
оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы
қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы,
тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және
біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.
3. Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке
ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін,
сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін
жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз. Сондықтан
оқудың алғашқы күнен бастап – ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды
орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу,
олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде,
әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда
пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет
формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.1-сынып
оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі
көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық
түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де
көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да
толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас
қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге
бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б.
ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін
шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын
ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да
үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана
салыстырып қана қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады.
Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? Сұрағы арқылы, егер болса,
қандай белгілеріне қарай құс дейміз! Егер болмаса, неліктен құстар
қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады.
Балалар оқып үйренетін Әліппе кітабында жекелеген суреттер, сюжетті
суреттер, түрлі – түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және
жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз,
дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі.
Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол.
Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың
нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-
бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын, кез-
келген көрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп
көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше,
алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас
жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын,
жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп,
әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай
алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Практикалық сабақ №2
Сауат ашу әдістемесінің лингвистикалық негізі және психофизиологиялық
негізі.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Тiлдi үйрету әдiстемесi психологиямен, педагогикамен және
лингвистикамен тығыз байланысты. Осыған орай қазақ тiлiн оқыту әдiстемесi
дидактикалық заңдылықтар мен ережелерге сүйене отырып, қазақ тiлiн оқытудың
мазмұнын, құрылымын, әдістерін, ұстанымтерiн және ұйымдастыру формасын
белгiлейдi.
Жалпы бiлiм беретiн мектептерде бiлiм мазмұнын жетiлдiру, арттыру
процесiнде жаңаша әдiс-тәсiлдердi қолдану – бүгiнгi күннiң өзектi
мәселелерiнiң бiрi. Себебi, дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесi - бiлiм
мазмұнын сапалы меңгертетiн бiрден бiр жол. Мұғалiм сабақ барысында
әдiстердi, техникалық құралдарды орынды қолдана бiлсе, оқушының бiлiмдi
игеруi қарқынды жүредi. Оқу материалдарын бекiтуде оны пәннiң негiзгi,
жетекшi идеясына қарай қарастырған маңызды. Бекiтудi ұйымдастырғанда әр
түрлi әдiстер мен құралдарды (түрлi жаттығулар, пәндiк дидактикалық
ойындар, экскурсиялар, көрнекi және техникалық құралдарды) пайдаланған жөн.
Сабақты бекiту барысында оқушыларда түрлi икемдiлiк пен дағды қалыптасады.
Дағдыны қалыптастыруда педагогикалық дұрыс басшылық ету үшiн баланың
психологиялық ерекшелiктерiн бiлу керек.
Педагог ғалымдар оқыту теориясында дидактикалық ұстанымдарды айқындау
барысында әрқайсысы әр түрлi пiкiр айтады.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға
дағдыландырумен қатар, әріп әлементерімен жекелеген әріптерді түзу жазып
дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде
мағұлматтар беріп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар түсінігі кеңейе
түседі.
Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы бір –біріне ажыратуға
келмейтін, тұтас бір процес болғандықтан оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі
ақыл-ой тәрбиесіне жатады.
Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең,
оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.
Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету,
ұқыптылық т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене
бастайды.
Баланың оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау
мақсатында кез-келген тапсырманы берер кезде:
Біріншіден, оның бала ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру керек.

Екіншіден, берілетін тапсырмалардың тәрбиелік мәніне көбірек көңіл
бөлген жөн.
Үшіншіден, қандай да болсын берілген тапсырма баланың қызығушылығын
айтатындай деңгейде болуға тиіс. Егер бала бір нәрсеге қызықса, онда оның
табиғатына тән білімін белгілейді айтсам деген сөйлемге деген талпынысы
күшейе түсіп, сөйлеуге деген қажеттілік туады. Содан соң логикалық
мағынасын бұзбай мәтін құрастырады үйретуге көшкен дұрыс
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және
оларды оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалары мен
белгіленетіндігін айтады.
Оқуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде оның естілетін, созып айтуға
келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардын құралған сөздер
іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не көңіл
аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде
айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылытынын әрі аңғарады, әрі
өздері айтып үйренеді.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге
олардың қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу,
әріптерді үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.

№3 Практикалық сабақ. Сауат ашу кезеңдерінде оқушылар іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең.
Бастауыш мектепте сауат ашу кезеңінде қазақ тілінің заңдылықтарын оқып-
үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да ұштала түседі,
олар өз ойларын ауызекі және жазба тілде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық
түсінуді үйренеді және тіл туралы материалдар осы тілді қолданудың ең
жарқын үлгісі болып табылатын әдеби туындылар, жеке-жеке бөліктер арқылы
түсіндіріліетін тіл теориясы –осының бәрі қазақ тілі пәнінде интегративті
ұштастырыла меңгертіледі.Осыған орай бағдарламада көрсетілгендей сауат
ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау: тыңдауға, айтуға,
оқуға, жазуға үйрету, балаларда сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік
қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді,
мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазу негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға,
кітапқа кітаптан білуге қызығушылығын ояту, ауызша диалогтік және
монологтік сөйлеуін дамыту баса назарға алынады.
Сауат ашу жұмысы дәстүрлі үш кезең бойынша жүргізіледі:
1.Әліппеге дейінгі кезең
2.Әліппе кезеңі
3.Әліппеден кейінгі кезең.
Әліппеге дейінгі кезеңнің негізгі міндеті–сөйлеудің маңызын
білдіру. Сөйлем, сөз және дыбыс туралы ұғым қалыптастыру, сөйлеу дағдыларын
жетілдіру, жазуға дайындау. Осы кезеңде көрсетілген оқушылардың сөз
байлығын молайту және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға байланысты
жұмыстар кезеңдерде де үздіксіз жүргізіледі.
Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені
тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету,
әріптердің жазба түрін баспа түрімен салыстыра меңгерту, сөздерді, жеңіл
сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі
бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі. Бұл кезеңде балалардың ауызекі
және жазба тілде сөйлеу, сөйлеу мәдениеті туралы түсініктері айқындала
түседі, бейнелілік және сөз көрнекіліктері негізінде әр түрлі жанрда
байланыстырып сөйлеу дағдылары, қалыптаса бастайды.
Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеті- оқу дағдысын жетілдіру, саналы
түрде түсініп, мәнерлеп оқуға төсеелдіру, оқығандарының мазмұнын айтып
беруге баулу, оқылған мазмұнға қарапайым баға бере білу. Әсіресе, мәнерлеп
оқуға айрықша көңіл бөлінеді, оқу кезінде дауыс күші мен сазын құбылтып
оқуға үйретіледі.
Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы
қысқа мерзім ішінде сауаттандыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы,
тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және
біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.

№4 практикалық сабақ. Сауат ашу жүйесіндегі дәстүрлі әдіс және қазіргі
жаңалықтар. Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі. Балалардың сауат ашуға
психологиялық және тілдік дайындығы..
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
5. Бастауыш сынып оқулықтары
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен
жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял
ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты
жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні
тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ол бөліну қасиеті мүлде жоқ десе
де болғандай, көлемі өте кіші болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнен бастап
– ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету
керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы
тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда
зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын
элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі
өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. 1-сынып
оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі
көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық
түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де
көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да
толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас
қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге
бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б.
ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін
атастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын
ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да
үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана
салыстырып қана қоймай , заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады.
Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға болама? Сұрағы арқылы , егер болса,
қандай белгілеріне қарай құс дегеніміз ! Егер болмаса, неліктен құстар
қатарына жатпайды? Т.б. салыстыруды іске асыруға болады.
Балалар оқып үйренетін Әліппе кітабында жекелеген суреттер, сюжетті
суреттер, түрлі – түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және
жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз,
дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі.
Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндүру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол.
Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың
нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-
бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын, кез-
келгенкөрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп
көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше,
алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас
жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын,
жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп,
әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай
алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Оқушыларға 1 сыныптан бастап талап қоя бiлу, оның нәтижесiн қадағалау
– мiнезiн тәрбиелеудегi басты әдiстердiң бiрi. Өйткенi оқушыға тиiстi талап
қойылмаса, тапсырылған iс қадағаланбаса, берекесiздiк туады. Балаға
кiшкентай кезiнен бастап түрлi талаптар қойып, мiндеттер жүктеп отыру оны
жауапкершiлiкке, өз ісіне саналы қарауға дағдыландырады, өзiнiң борышын
түсiне бiлуге тәрбиелейдi.
1-сынып оқушылары мектепке дейінгі балалар кітапшаларымен таныс
болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған суретті кітапшалар
әсіресе соңғы жылдарда көптеп тарауда. Балалардың ата-аналары, аға-тәтелері
сол суретті кітапшалардың суретін көрсетіп, оқып береді, әңгімелеп айтып
береді, қысқа-қысқа тақырыптарды жаттатады, сурет бойынша баланы сөйлетіп
те үйретеді. Мұндай жұмыстар балабақшада тәрбиеленетін балалармен жүйелі
түрде жүргізіледі. Осыған орай баланың кітапқа деген құмарлығы артып, осы
кітапты өзім оқи алатын болсам деп армандап, мектепке баруды асыға күтеді.
Мектеп реформасы баланы 6 жастан бастап 1-сыныпта оқытудың мүмкіндігін
шешіп береді, ол тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондықтан да сыныптан тыс
окуды 1-сыныпта әліппе кезеңінен бастаған жөн. Әліппе кезеңінде басымырақ
жүргізілетін жұмыстын түрі суретті кітапшаларды көрсетіп, сол сурет бойынша
сөйлем құрату, суреттің астындағы сөздерді, сөйлемдерді оқып беріп, сол
бойынша оқушылармен әңгімелесу.

№5 Сауат ашуды оқыту процесі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және
әліппеден кейінгі кезең.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас жасау
барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын, жүріп-
тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп,
әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай
алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға
дағдыландырумен қатар, әріп әлементерімен жекелеген әріптерді түзу жазып
дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде
мағлұматтар беріп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі
кеңейе түседі.
Сауат ашудың әліппе кезеңінде қазақ тілінің дыбыстары мен әріптерінің
өзіндік ерекшеліктерін сапалы меңгертудің маңызы зор. Оқушылардың
дыбыстарды және әріптерді дұрыс айтуы мен тануы олардың сауатты, білімді
болып жетілуінің негізгі шарты.
Оқушылар сауат ашудың әліппе кезеңінде дыбыстарды айқын, анық айтуға,
олардың әріптерін дұрыс таңбалауға, буындарды, сөздерді дыбыстарды талдап,
қосып оқуға, баспа және жазба әріатерді тануға, дыбыстарды өзара орынды
тіркестіріп, сөздер құрастыруға, сөйлемдерді оқуда дауыс үзілісін жасауға
т.б. үйренеді. Мұның барлығы оқушыларда белгілі дағдылардың орынды
қалыптасуымен тығыз байланысты.
Біріншіден, оқушылар дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай
дұрыс айтуға үйренеді.
Балалар мектепке келмей тұрып дыбыстарды дыбыстай алады. Бірінші
сыныпқа келген балаларда ш және с, ң және р дыбыстарын дұрыс айта
алмау жағдайлары көптеп кездеседі. Сондықтан сауат ашу кезеңінде
оқушылардың дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән
беріледі.
Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға
үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс буыннан таныс, үйренген дауысты
дыбыс арқылы беріледі. Мұнда оқу құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар
буын оның естіліп, ол дыбыстың өзі ерекшелеңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс.
Мысалы, р дыбысы үйретілуі қажет болғанда ора ара буындары а-рра
делініп, р дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады. Дыбыстың
артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретуге тиісті
дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылумен
қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық
дыбыстың артикуляциясын жасау, білу керек деген ұғым тумасқа тиіс. Жоғарыда
айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын
дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал, ш, ж, к, ғ, г, й, и, щ, ц дыбыстардың
артикуляциясын аңғару, әрине қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты
оқытуға кірісер алдында оны үйретудің тәсілдік жан-жақты ойластыруға тиіс.
Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқыз.
Мысалы, мұғалім Әліппедегі тонның суретін көрсетіп, өн дейді де, мен
сөзді дұрыс айттым ба?- деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. Т дыбысын
оқушыларға айтқызады. Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай
әріпттерді салыстыру. Мысалы, қал-қал, тар-тар сияқты сөздер арқылы о
дыбысы мен ө дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен
бірге жазылғандағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді.
Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді
талдап жинақтау арқылы үйретіледі.
Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетін де
сөздерді талдау және жинақтау барысында ұғындырылады.
Екіншіден, дыбыстардың айтылуына қатысты ерекшеліктерін меңгереді.
Қазақ тілі дыбыстарының айтылу ерекшеліктері фонациялық ауаның күштілігіне,
дыбыстарды созып айту икемділігне, әуезіне тығыз байланысты.
Сауат ашудың әліппе кезеңінің алғашқы сабақтарынан бастап,
оқушыларды дыбыстарыды дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстарына ерекше назар
аударылып, дұрыс жолға қойылуында үлкен мән жатыр. Себебі оқушылар
дыбыстарды артикуляциялық, акустикалық, орфоэпиялық ерекшеліктеріне сай
дыбыстамаса, ол кейінірек оқушының түсінікті сөйлеуіне кері әсерін тигізіп,
әдетке айналуы мүмкін.Сондықтан әрбір сабақ барысында оқушыларға дыбыстарды
дұрыс айтқызуға, орарды өзара орынды тіркестіріп, сөздерді құратудыбірнеше
қайталатып, жаттықтыру жұмыстьары жүріп отырады. Ғұлама ғалым
А.Байтұрсынұлы оқушыларға ережені, қағиданы бірнеше мәрте қайталатып,
жаттықтыру жөнінде: ...әр қағида я ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден
түсіну үшін сөйлем, сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида
я ережеге келетін жерлерін балаларға таптырып, басқаларын айырып үйрету.
Солай бірнеше рет айтқызып көрсеткеннен кейін балалар керек сөздерді өздері
тауып, өздері айыруға дағдыланады, - деп топшылайды.
№6 Сауат ашу кезеңіндегі оқу-тәрбие міндеттері. Оқу сабақтарының негізгі
түрлері. Бастапқы окуды қалыптастыру: буындап оқу, тұтас сөзді дауысты
дыбысқа бағыттай оқу
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың
қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді
үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.
Мұғалім балаларға айтылатын дыбыстарды қағаз бетіне түсіру үшін және оларды
оқу үшін бұл дыбыстардың белгілі бір графикалық таңбалары мен
белгіленетіндігін айтады.
Оқуға үйретудің алғашқы кезеңдерінде оның естілетін, созып айтуға
келетін және дыбысталуы мен таңбалануы бірдей дыбыстардын құралған сөздер
іріктеліп алынады. Балалар сауат ашу кезінде өздері көріп тұрған не көңіл
аударатын жұмыс. Мұнда дауыстылар мен дауыссыздар салыстырмалы түрде
айтылады, балалар бұл дыбыстардың қалай айтылытынын әрі аңғарады, әрі
өздері айтып үйренеді.
Мұғалім тілдің артқы таңдайға қарай жайылуы мен бүктеліңкіреп
айтылуынан жуан дауыстылар (а,о,ы.ұ), тілдің таңдайдың алдыңғы жолына
жинақтауынан жіңішке дауыстылар (ә,ө,і,ү,е) шығатынымен таныстырады.
Әсіресе айтылуы қиындық келтіретін дыбыстар-дауыссыздар. Тіпті кейбір
балалар дыбыстарды мектепке келгенде айтада алмайды (мысалы р, с).
Осыған орай, кейбір дауысызды айтқанда тілдің ұшы тіспен жымдасып, бірден
кілт ажырап кететін (д, т), кейбіреулері астыңғы ерінің үстінгі ерінге
немесе тіске тиюінен (п,б,м,ф,в), енді біреулері тіл ұшының астыңғы тіске
жуысуынан (с,з), ал тілдің артық шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан
(қ,к,ғ,х), жұтқыншақтың тарылуынан (һ) дыбысының пайда болатынын байқатып
айтқызып балаларды дағдыландырады.
Сауат ашу кезеңінде балалар дыбыстарды айтуға дағдыланумен бірге олардың
қалай таңбаланатынымен де танысады. Дыбыстардың таңбасын білу, әріптерді
үйрену-сауатты болудың алғашқы баспалдағы.
Дағды дегеніміз - әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш
кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл қозғалыстар жасайды.
Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей, бала оқуға үйрене бастаған кезде қаншама
қимыл қозғалыстар жасайды.
Атақты физик М. Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: Білім-бүкіл
оқығандардың ұмтылып қалғанда, бойында сақталатыны, - дейді. Бұл сақталып
қалатын не? Ол-әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет – міне, нағыз білім-
осылар! Дағды,-деп көрсетеді психолог С.Л. Рубинштейін,- саналы түрде
автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің
автоматталған тәсіл ретінде қызмет атқарады.
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым – қатынас жасау
барысында-үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін істеген
әрекетерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал
оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді,
балалар оның орындалуын бақылайды.
Сауат ашудың әліппе кезеңін оқытуда жаттығудың мынандай түрлерінің тиімді
екені анықталды. Оқыту, танымдық, ізденімдік және шығармашылық жаттығулары.
Жаттығудың осы түрлерін орындауға оқушылар бірден төселе қоймайды.
Жаттығулыр оқушыларға әрбір сабақ барысында ұсынылып, олардың логикалық
ойлауы, шығармашылық қабілеттері біртіндеп қалыптастырылады. Сауат ашудың
әліппе кезеңін оқытуға арналған жаттығуларды орындауға дағдылану сатылары
да төртке бөлінеді. Олар:
1. оқыту жаттығуларын оқушылар мұғалімнің бақылауымен орындайды, мұғалімнің
дыбыстарды айту сазына, ерекшелігіне қарай қайталайды, қойылған сұрақтарға
жауап береді. Бұл сатыда оқушылар жаттығуларды өздігінен орындамай, мұғалім
көрсетумен, айтуымен орындап, дыбыстарды ажыратуға, дұрыс айтуға және
жазуға дағдыланады. Қалыптастыру сатысындағы сауат ашу сабақтарында оқыту
жаттығулары қолданылады. Оқыту жаттығулары оқушылардың дыбыстардың айтылуы
мен жазылуының негізгі заңдылықтарын меңгертуде, жаңа сабақты игертуде,
өтілген материалды қайталауда, оқушыларға қазақ дыбыстары жөнінде алғашқы
ұғымдар мен түсініктерді үйретуде пайдалан. Осы кезеңде пайдаланылатын
жаттығуларды оқыту жаттығулары деп топтастырдық. Оқыту жаттығулары жаңа
сабақты түсіндіруде, мұғалімнің дыбыстардың айтылуы мен жазылуын көрсеткен
әрекеттерінде оқушыларға дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру жұмыстарында
айтылған дыбыстың таңбалары тиімді болды. Қазақ тілінің әліпбилік жүйесін
танытуда оқыту жаттығуларын орындау арқылы оқушылар дыбыстардың өзіндік
ерекшеліктерін меңгеріп, дыбыстардың өзара ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ажыратты. Сонымен қатар оқыту жаттығулары арқылы
шәкірттерде дыбыс, сөз, сөйлеу ұғымдары туралы қарапайым түсініктері
қалыптасты. Оқыту жаттығуында берілген тапсырмалар ауызша айтылды. Себебі
бұл кезде оқушылар енді ғана әріптермен таныса бастайды.
Сонымен сауат ашудың әліппе сабақтарында оқыту жаттығулары мынадай
мақсаттарда:
а) Қазақ дыбыстары мен әріптерін өзара салыстыруда, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын анықтауда;
ә) Өтілген материалды бекітуде;
б) Жаңа сабақтардың мақсатына қарай біліктер мен дағдыларды қалыптастыруда;

в) Қазақ тілі білімінің қарапайым ұғымдарын меңгеруде қолданылды.
Танымдық жаттығулар оқыту жаттығуларына қарағанда күрделі беріліп,
оқушылардың оқыту жаттығуларында меңгерген біліктері мен дағдыларын
дамытуда пайдаланылды. Танымдық жаттығулар шәкірттердің дыбыстарды дұрыс
қосып оқу, бас әріптерді меңгеру, дыбыстарды құрастыру арқылы сөздерді
орынды құрастыру дағдыларын дамытуда тиімді. Сонымен қатар танымдық
жаттығуларды орындау барысында оқушылардың қарапайым болса да теориялық
білімдері бекітіліп, дыбыстарды орынды қолдану біліктері мен дағдылары
қалыптасады. Оқушылар мұғалімнің мысалға келтірген сөздерден басқа, өтілген
дыбыстарды қатыстырып, мағыналы сөз құрауға, өздігінен дыбыстарды
тіркестіруге дағдыланады. Бұл сатыда оқушылардың өтілген дыбыстар
төңірегінде ғана бір немесе екі буынды сөз құрауға, әріптердің жазба және
баспа түрлерін ажыратуға, буындарды тіркестіріп дұрыс оқуға үйрету
жұмыстарына басты назар аударылады. Танымдық жаттығулар жаңа сабақта
берілген материалдарды бекітуде, оқушылардың дыбыстар және буында жөнінде
білімдерін пысықтауда қолданылды. Дағдылану жаттығулары оқушының жаңа
материалдарды тез және сапалы түсінуіне септігін тигізіп, өтілген жаңа
дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін берік есте сақтауына көмектеседі.
Танымдық жаттығулар бірнеше әріп өткеннен кейін, оқушылар дыбыстарды
буындап оқу барысында қолданылды. Танымдық жаттығулардың тапсырмаларын
оқыту жаттығуларының тапсырмалары секілді мұғалім ауызша оқып, оқушыларға
түсіндіреді.
Сонымен сауат ашудың әліппе сабақтарында танымдық жаттығулар мынадай
мақсаттарда қолданылады:
а) Заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын
анықтауда;
ә) Жаңа сабақта өтілген материалдарды пысықтауда;
б) Сөздерді дұрыс оқу дағдыларынжетілдіруде;
в) Оқушылардың танымдық әрекеттерін дамытуда.
Ізденімдік жаттығулар оқушылардың өздігінен проблеманы шешу,
белгісізді табу, тапсырманы орындаубарысында зерттеушілік әдістерді қолдану
дағдыларын қалыптастыруда пайдаланылды. Ізденімдік жаттығуларда берілген
тапсырмалар оқыту және танымдық жаттығулардан күрделірек болып келді.
Танымдық жаттығулар сауат ашу кезеңінің соңғы кезеңдерінде, балалардың
сөйлемдер құрастыру дағдыларын дамытудаарнайы қолданылды. Бұл сатыда
оқушылар жаттығуларда берілген тапсырмаларды орындау барысында
зерттеушілік, ізденімдік әрекеттер жасайды. Меңгеру сатысында оқушылар
дыбыстарды тіркестіру жолдарын, әрбір дыбыстың ерекшелігін жеке дара
игермей, тіл білімінің фонетикалық заңдылықтарын тұтастай қолдануға
дағдыланады. Оқушылар ізденімдік жаттығуларды орындау кезінде дыбыстарды
дауысты және дауыссыз түрлерінің негізгі ерекшеліктеріне қарай
топтастыруды, логикалық ойлаудың амал – тәсілдерін меңгерді. Ізденімдік
жаттығулардың тапсырмаларын оқушылар өздігінен оқып, орындады.
Сонымен сауат ашу сабақтарында ізденімдік жаттығулар мынадай
мақсаттарда қолданылды:
а) Оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда;
ә) Проблеманы дұрыс шешу, амал-тәсілдерді дұрыс табуға қалыптастыруда;
б) Өздігінен сөйлемдерді құрастыру біліктерін жетілдіруде;
в) Оқушылардың зерттеушілік, ізденімдік қабілеттерін дамытуда.
№7 Тіл дамыту: сөзге, сөйлемге, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Оқу
сабақтарында оқушыларға өздіктерінен жұмыс жасату. Сауат ашуға арналған оқу
- әдістемелік топтама.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып,
оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп
отырады.
Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан
тұрады:
1. Сауат ашу, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту:
2. Оқу (сыныпта, сыныптан тыс) және тіл дамыту:
3. Фнетика, грамматика, емле және тіл дамыту.
Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардыңбәрінің басын
біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі оқушыларды
түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда
қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл
бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл
материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу
керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді.
Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз?
Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.
Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық,
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және
оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында
ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану
процесі — сөйлеуді зерттейді.
Тіл дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып,
жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік
әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика
(сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт.
Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған
негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы
өзгерілгіш деп атады.
Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. Психика үнемі өз-
геріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді,
оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар.
Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психи-
калық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі.
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры
игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.
Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: ...тіл
дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлы-
ғын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша
жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әд-
епті сейлеуге дағдыландыру,—десе, М. Балакаев: ...сөз бай-
лығын молайту, сез тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп,
дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақ-
тап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бә-
ріне бірдей қойылатын ортақ талаптар, - деп анықтайды.
Ал Аханов тіл дамытуды: Айтайын дегенді дәлме-
дәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін
тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан
сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен
эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру, деп біледі.
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер алдымен
әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык
нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді,
қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе, —
дейді.
Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл
білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай
ма? Тіл дамыту, дейді X.К.Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты
әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен
саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты
сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз
байланысты құбылыс.
Бұл пікірді Б.В.Беляев та қолдайды. Белгілі бір тілді меңгертуде тіл
біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет, — дейді.
Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір
ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық
ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға
қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас
қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.
Бақылау тапсырмалары:
Тіл мәдеиеті дегеніміз не?
2. Дұрыс сөйлеу мәдениетін қалай дамытуға болады?
3. Олармен жүргізілетін жұмыстар.
4. Сауаты жазу үшін атқарылатын жұмыстар. Мысалмен дәлелдеу

№8 Бастапқы жазуға үйрету, оның мазмұны мен міндеттері, қазіргі Жазу
үлгілеріне сипаттама. Жазуға дағдыландыру этаптары. Соңғы кезеңдегі жазу
сапасына қойылатын талаптар.
Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі.
-А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі.
-А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
5. №1,2,3 жазу үлгілері
Жазу – адамдардың қарым-қатынасының бір түрі. Сондықтан, біз жазбаша
қарым-қатынастың ерекшелігіне тоқталайық.
Жазбаша сөйлеу жазу (жазудың түрлері, әріптің жеке өзі т.б.) деген
мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз
бетінде сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді.
Сондықтан, жазбаша сөйлеу – тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық
жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық,
әдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын
қамтитын, адамдарың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын
күрделі тарихи әрекет.
Жазбаша сөйлеу біріншіден, әріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы
іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір фонемалық,
мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім
әрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші
адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға
мәжбүр болады; бесіншіден жазылым қағаз бетіне түскен материалдың
түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асады.
Жазу графикалық таңбалардың мағыналық жүйесі мен тізбегі арқлы
адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Жазу арқылы адам
айтайын деген ойын қағазға түсіріп, екінші бір адамға, жалпы адамзатқа
жеткізуді мақсат тұтады, яғни адам ойын басқаға жеткізу үішін жазуды
үйренеді.
Әдіскерлердің қалыптасқан пікірі бойынша, жазбаша сөйлеу үш бөліктен
құралуы тиіс. Олар:
-Себеп-салдарлық;
-Аналитико-синтетикалық;
-Орындалымдық;
Яғни, жазу әрекеті, бірншіден, белгілі бір әсерді екінші адамға
жеткізудің нәтижесінде ойға келеді, алдымен оның себебі пайда болады.
Екіншіден, аналитико-синтетикалық кезінде сөйлем құрылымы жасалады,
сөздер бір-бірімен тіркеске түседі, сөздің қызметі мен орны белгіленеді.
Үшіншіден, графикалық таңбалар арқылы жазбаша мәтін(текст) пайда
болып, жазу орындалады.
Тілдік қатысымға байланысты жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады
да, көп салалы болады:
1.Қажеттіліктен пайда болатын себеп.
2.Себептің ойда, санада бейнеленуі.
3.Ойдың сөз арқылы тізбектелуі.
4.Сөздің графикалық әріптермен таңбалануы.
5.Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі.
Себептік кезкеңде адам жазумен шұғылдану үшін белгілі себеп-салдарлар
пайда болып, соның әсерінен ойын қағазға түсіруді ойлап, оны іске асырғысы
келеді. Адам өмірде кездесетін әр түрлі деректі, ақпаратты басқа біреуге
жеткізу қажеттілігінен жазғысы келеді; бірдеңені айтуды, жазуды қалайды,
сол арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың алғы шарттары байқала
бастайды.
Екінші кезеңде жаңағы өмірден туған қажеттілік, яғни белгілі бір хабар
миға ауысады, адамның санасында бейнеленеді, ой туғызады.
Үшінші кезеңде адам санасындағы қалыптасқан ой сөзге, сөйлемге
айналады. Сол ойды дұрыс жеткізу үшін тіл үйренуші тиімді сөздерді іздейді,
айтқысы келетін хабардың ең басты мәнін дәл, нақты жеткізуді қалап,
сөздердің мағынасын ойластырады.
Төртінші кезеңде ойда жинақталған сөздер графикалық таңбалар арқылы
тізбектеліп, белгілі бір ережелер заңдылығымен қағазға түсіп, жазуға
айналады. Ол жазудың үлгісімен ғана емес, білдіретін мазмұндық сипатымен де
ерекшеленеді.
Бесінші кезеңде қағазға түскен сөйлемдер тұтас жүйесімен, белгілі бір
хабардың толық мазмұнын оқушыға жеткізеді.
Жазуды оқыған екінші адам ондағы берілген деректі қабылдайды, соған
қарап, жауап қайтарады.
Жазудың лингвистикалық ерекшелігі әріптік таңбадан бастап алфавитке
дейінгі жазуды, тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша
сөйлеу үлгілерін қамтиды.
Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мәселелер мыналар:
1. Графика
2. Орфография
3. Жазып алу
4. Жазбаша сөйлеу
Бұл салада үйретілетін ең басты мәселе – жазылымның графикасы.
Графика, яғни жазу таңбалары – жазу үшін қолданылатын барлық әріптердің
таңбалық жиынтығы. Әріптік таңбалар екі түрде жазылады: баспа түрінде және
қол жазба түрінде. Әрбір әріп бас әріп және кіші әріп болып таңбаланады.
Барлық әріптердің жүйелік жиынтығы тілдің алфавитін құрайды. Қазақ тілі
графикасының ерекшелігі әріптер қалай жазылса, солай оқылады және басқа
тілден енген дифтонг (қосарланған) дыбыстардан басқалары құрамына қарай бір
әріп бір таңбаны білдіреді де, бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту технологиясы
Сауат ашу әдістемесі дамуының қазіргі проблемалары
Cауат ашу әдістемесі пәнінен дәрістер
Кәсіби оқыту
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Студенттің өзіндік жұмысы
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Пәндер