Кришнаизм санасы қоғамы


Кришнаизм санасы
«Кришна санасы» қоғамы 1966 жылы Бһактиведанта свами Прабхубаданың басшылығымен Нью-Йорк қаласында құрылды. Қоғамның негізін салушы Абхай Чаран Де (1896-1977) монах. Кейіннен ол Шри Шримат Свами Бхактиведанта Прабхупада атты рухани есімді иеленді. Прабхупаданың айтуы бойынша, ол өзінің рухани ұстазының тапсыруымен Кришна ілімін Батысқа тарату міндетін орындап жүр. Осылайша АҚШ-та 16 ғасырда өмір сүрген Шри Кришна Чаитанйа ілімінің жаңашаланған түрі пайда болды. Свами Прабхубада « Ғаламат адамгершілік күшін, керемет бойынсұнғыштықты және қасиеттілікті бойына жинаған адам бола отырып, сонымен бірге ол- барлық пендешілік өмірдің рақатынан бастартқан адам. Басқа көптеген гурулардан, өзінің замандастарынан айырмашылығы, ол ең қарапайым өмір сүру жағдайын қанағат тұтып, баспанасын да шәкірттерімен бөлісіп күн көрді . . . » Сатсварупа дас Госвамидің « Прабхупада. Адам. Әулие. Оның өмірі. Оның мұрасы» Деген кітабы дін тарихы саласының маманы, доктор Дж. Стиллсон Джудахтың осы сөздерімен баяндалады. Бұл кітапта гурудың- кришнаизмнің негізгі қағидалық бұлақ көздерін аударған және түсіндірген, барлығы сексендей кітап жазған (ал ол кітаптары бұл ілімді түзу теологиялық жүйеге келтіруге мүмкіндік берген) рухани ұстаздың өмірбаяны егжей-тегжейлі баяндалады. Бұл діни конфессияның негізгі кітабы «Бһагаватгита» болып табылады.
Діни ілімі бойынша жоғарғы шынайылықтың иесі және бәрін жаратушы құдай Шри Кришна, оның үш аспектісі бар: Брахман ( өзіндік белгісі жоқ рух) ; Параматма ( Жоғарғы рух, әрбір тірі жанның жүрегінде және атомдық жаратылыста болатын) және Бһагаван ( Жоғарғы құдай ұлылығы) .
Кришнаизм идеяларын кеңінен насихаттау мақсатында, Шрила Прабхупада (шәкірттерінің атауы бойынша) 1972 жылы бүгінгі күні әлем халықтарының жүзден астам тілде кітап басып шығаратын « Бхактиведанта Бук Траст» (ББТ) деген баспа құрған. Қазір қоғамның дүние жүзінде 60-тан астам мемлекетте 400-ге жуық храмдары мен орталықтары бар.
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал харам боп,
Қазағым, енді жату жарамас-ты,
- деп Міржақып Дулатов айтқандай, қазақ халқы мына ғасырда көптеген кесепаттарға тап болуда. Елімізде көптеген діни ұйымдар өз миссионерлік қызметін атқару үстінде және сол ұйымдардың құрамындағылардың 70-80 пайызы өзіміздің қазақ бауыр, қарындастарымыз және әжелеріміз, аталарымызда кездеседі. Кішкентай балалар да бар. Қазақ қауымына кесепат әкеле жатқан Кришнаит сектасы жайлы тоқталсам: Негізін қалаушы - Свами Прабхупада (Абхай Чаран Де) .
Кришнаиттар жайлы мәлімет:
Кришнаиттердің өздерінің дерегі бойынша әлемде КСХҚ-ның 350 храмдары орналасқан, соның ішінде 108-н Прабхупада өзі құрған. Бұрынғы КСРО аумағында орналасқан ең ірі қалаларда 100 храмдары және 150 уағыздау орталықтары бар. Оның ішінде гурукулдер (КСХҚ-ның рухани мектептері), вегетариандық ресторандар және т. б. Кришна ағымы алғаш біздің елімізге Ресей арқылы кірген.
1989 жылы Алматының суретшілер дайындайтын училищесінің студенттері арасында Ташкенттен келген екі суретші кришна санасы туралы хабар таратады. Олар лекциялар ұйымдастырып, вайшнавизмнің негізгі идеяларын тарата бастайды. Бұл идеяларды қазақ жастары тез қабылдап 1990 жылы Алматыда «кришна санасы» қоғамының орталығы ашылады. Сегіз жыл ішінде өте көп храмдар ашылды. Қазақстанның шеткері облыстарының өзінде орталықтар ашылып жатты. Қазіргі кезде олардың құрамына кіргендер көбею үстінде.
Апта сайын храмдарында дәріс өткізіп, вегетериандық дастархан ұйымдастырады. Келем деушілердің бәріне есік ашық, сонымен қоса әрбір келуші өзімен бірге конақ әкеліп, өзінің рухани үйімен басқалардың танысуына мүмкіндік жасайды. Кез-келген адамның осы қоғамға келуі осылай басталады десе болады. Бұл сектанын қазіргі ең ірі шоғырланған жері Алматы қаласында. Ал, Қарасай ауданында орталық храмдары орналасқан. Ол жерден заңсыз 47 га аумақты иеленіп отыр. Ең ірі орталық болған соң көп рәсімдері сол жерде өтуде.
Кришнаға кірген адамның істеуге міндетті құлшылықтары бар. Адам белгілі бір санға жеткізіп «Харе Кришна» мантрасын (дұғасын) қайталап отыруы керек. Таспиқтың 108 моншағы әрбір мантраның басы деп есептелінеді: «Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна, Кришна, Харе, Харе, Харе Рама, Харе Рама, Рама, Рама, Харе, Харе».
Бұл 108 моншақтан тұратын таспиқпен кем дегенде 16 рет тарту керек, сонда жалпы күніне 1728 рет қайталанады. Бұл Харе Кришна сөздерін 2-3 жыл айтқан адамның сол дінге толық байланды, яғни психологиялық ауруға шалдығады, - дейді ғалымдар. Ол адамды қайта дұрыс жолға түсіру өте қиын болып келеді екен. Ол тек ұстазы не айтса соны орындауға мәжбүр болады. Қысқасын айтсақ тірі робот болып қалады.
Қазіргі бұлардың нұсқаушысы яғни бас ұстазы Ресей азаматы болған Кимори Мохан деген жігіт. Онымен сұхбат барысында ол өзінің бұған дейін христиан дінінде болғанын және Інжілді оқығанын, өзін мазалаған сұрақтарды сол діннен таппағанын айтты. Содан кришна дінін оқи бастаған екен, бұл діннен өзіне қажеттінің бәрін тауып, осы дінде тұрақтап қалумен қоймай басқаларды да өз қатарына тартуда. Олардын бас кітабы - «Бһагавад-гита» деп аталады. Онда кришнаның өмірі және қалай құлшышық жасау жайында т. б. тараулар қамтылған.
Ұйымның қауіптілігі:
- Тұрып жатқан мемлекет алдында азаматтық борышты орындамауға шақырады;
- Кришнаға қызмет жасап жүрген адам отбасы, ұлт, жалпы адамзат алдындағы міндеттерді қоса алғанда өз ісін материалдық әлеммен келісіп жасауды қажет деп есептемейді;
- Кришна санасы үшін жасалып жатқан істерден басқасын еңбек деп танымайды;
- Кришна санасын толық игерген және сол ісіне толық қанағаттанған адам, басқадай бір парызды орындауды міндет деп санамайды; т. б
Кришна сектасындағылар әрбір ісін Кришнаға арнап істейді. Тамақ ішердің өзінде алдымен мүсін құдай кришналарына береді де сосын өздері ішеді. Ол ұйымның адамдары ет, жұмыртқа т. б. тағамдарды жемейді және сиыр малын құдай дәрежесінде құрметтейді. Оған деген күтімге ерекше мән береді. Сиырдың арнайы бақташысы болады, ол сиырмен бірге қорада жатады. Кришна сектасын қабылдаған отбасылар көбінесе ажырасуда және оқушы студенттер оқудан шығуда. Жұмысшылар жұмыстан шығуда. Оларды қайыршы қылып бір мүсін мен малға табындырғандарға не айтамыз? Бұл оңбаған секталар қаракөз қыздарымызды өз ұстаздарына басқа нәсілділерге үйлендіру үстінде, оларда отбасы махаббат деген жоқ. Тек ұрпақ жалғастыру үшін яғни кришнаиттерді көбейту мақсатында үйленеді.
Олар ұстаздарын пір тұтады. Керек десеңіз аяғын жуған суын таласып тұрып ішеді. Мен бұл сөздердің бәрін өз ойымнан жазып отырғаным жоқ. Мұның бәрі шындық, мен солардың арасында болып арнайы зерттеу жүргіздім. Істеген істерін көргендіктен жазып отырмын. Мен барғанымда 13 жасар қыз маған кришна жайлы айтып берді. Ол туғаннан бұл сектаға кіріп кеткен көрінеді. Ол өзінің ата діні ислам жайынан бейхабар. Кришна дінін түсіндіргенде жүрегім қатты қан жылады.
Сектаның өзіне тән магиясы, өзгеше бір иіс бар. Оны арнайы өсімдіктерден жасайды. Ол иісті бір-екі рет иіскеген адам қайта-қайта қалап тұрады да, біртіндеп бұл сектаға үйір бола бастайды. Ақырында қалай кіргенін өзі білмей қалады және өзінің бұрын кім болғанын ұмытады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz