Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері



Кіріспе
1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мәні .
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі және оның қызметтері
2 Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
2.1 Инвестициялық жобалардың түрлері
2.2 Инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды экономикалық талдау
3 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері
3.1 Инвестициялық тиімділігін бағалау әдістері және инфляция бағасына әсері
Қорытынды
Қолданылдған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да міне, он бес жылдай болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік – экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұған туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамытуғ осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңістік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикаттар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілерді ұйымдастырылды. Осындай шаруашылықты жүргізу үшін шет мемлекеттердің инвестициялық қаржылары қажет болды. Елімізжің инвестиция тартудың арқасында көптеген тоқтап қалған кәсіпорындардың жүруіне өз әсерін тигізді.
Елімізде жүргізіліп жатқан саясат экономиканың тұрақты дамуына және инвестициялық жобалардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Инвестициялық жобаларды шетелден келген және отандық компаниялар өз қызметтерін атқаруда
Қазақстан 50-дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін инвестициялық жобаларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта мемлекетіміз Орта Азия елдеріне, өзіміздің инвестициялық жобаларымызда ұсынуда.
1. Арсланова Р., Лившиц В. Принципы оценки инвестиционных проектов в разных системах хозяйствования//Инвестиции в России, 1995, №1-2.
2. Беренс В., Хавранек П.М. Руководство по оценке эффективности инвестиций/Пер, с англ. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Интерэксперт, ИНФРА-М, 1995.
3. Бочаров В.В. Методы финансирования инвестиционной деятельности предприятий. - М: Финансы и статистика, 1998.
4. Идрисов А.Б. Планирование и анализ эффективности инвестиций. -М, 1994.
5. Кочович Е. Финансовая математика: Теория и практика финансово-банковских расчетов. - М: Финансы и статистика, 1994.
6. Кузнецова О.А., Лившиц В.Н. Структура капитала. Анализ методов ее учета при оценке инвестиционных проектов //Экономико-математические методы, 1995. Т. 31, вып. 4.
7. Ливсиц И.В., Косов В.В. Инвестиционный проект: методы подготовки и анализа: Учебн.-справ. пособие. - М.: Бек, 1996.
8. Смирнов А.Л. Организация финансирования инвестиционных проектов. — М.: АО "Консалтбанкир", 1993.
9. Управление проектами/ В.Д.Шапиро, Л.М.Немчин, С.Е.Никешин.-Спб: Два-Три, 1996.
10. Холт Р.Н., Баренс СБ. Планирование инвестиций. - М.: Дело ЛТД, 1994.
11. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. М., 1995.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мәні .
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі және оның қызметтері
2 Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
2.1 Инвестициялық жобалардың түрлері
2.2 Инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды экономикалық талдау
3 Инвестициялық жобаны бағалау критерийлері
3.1 Инвестициялық тиімділігін бағалау әдістері және инфляция бағасына
әсері
Қорытынды
Қолданылдған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да
міне, он бес жылдай болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік – экономикалық
мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде
тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев
өзінің халыққа Жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып
қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз
керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұған туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың
басым бағыты экономиканы дамытуғ осының негізінде еліміздің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңістік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар
мен фабрикаттар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген
шаруашылық субъектілерді ұйымдастырылды. Осындай шаруашылықты жүргізу үшін
шет мемлекеттердің инвестициялық қаржылары қажет болды. Елімізжің
инвестиция тартудың арқасында көптеген тоқтап қалған кәсіпорындардың
жүруіне өз әсерін тигізді.
Елімізде жүргізіліп жатқан саясат экономиканың тұрақты дамуына және
инвестициялық жобалардың қалыптасуына өз ықпалын тигізді. Инвестициялық
жобаларды шетелден келген және отандық компаниялар өз қызметтерін атқаруда
Қазақстан 50-дамыған мемлекеттің қатарына қосылу үшін инвестициялық
жобаларды тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта мемлекетіміз Орта Азия
елдеріне, өзіміздің инвестициялық жобаларымызда ұсынуда.

1 Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы
Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде
пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде
жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы түсінік
бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына
(өндірістік капиталдық салым-дар), түрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық қүралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік қүқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге
жету мақсатында. Осы түрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның
мәнін түсінудегі айырмашылықты керсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік
жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асатындықтан,
инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар екендігін отандық
экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика жағдайында
инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уакыттық сипатымен ғана
айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады.
Инвестиция термині латынның іnvestire - жұмылдыру сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе
капитал қалыптасуы деп атаймыз. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген
құнды қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу
инвестицияландыру болып табылады, Экономистер үшін бұл тек таза
трансферттік операциялар. Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі
дезинвестицияландырады. Таза инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал
қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У.Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді. Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі
бөлігі нақтыға жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың
үлкен бөлігі қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық
инвестицияландыру институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне
едәуір дәрежеде ықпал етеді. Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-
бірін толықтырушы болып табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға
жұмсала алмайтын бөлігі деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық
іскерліктің капиталдық құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі
алынатын нақты объектілеріне трансформацияланады.
Экономикалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру
экономикалық ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы
бастапқы салынған капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу
деп анықталады. Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы:
инвестицияландыру дегеніміз бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны
келешекте инвестициялық игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне
айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол сшқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық
міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық іабиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау
төмендегілерге байланысты:
• кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары;
• жалпы даму стратегиялары;
• инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтарының жағдайы;
• құралдардың салу объектісі ретіндегі кәсіпорынның иивестициялық
тартымдылығы.
Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңцау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы
тиіс. Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген. Бұл
стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шеңберінде
қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі бойынша үйлеседі.
1.3.1 -кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара байланыстылық пен
үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді мақсаттары
ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда көлеміне
жету нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын ұлғайту арқылы
масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру. Өндіріс шығындарын төмендету үшін тозған
қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік
ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл
бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық,
құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
1.3.1-кесте
Сатылары
СтратегиясПайда болуы Өсуі Жетілуі Ескіруі Пайда
ы болуы
Жалпы Нарыққа Нарық Іс-әрекеттің Пайда нормасын
еніп, сегментінің салалық сақтау және
бекітілу кеңеюі, диверсификацияіс-әрекеттің бағыты
процесінде іс-әрекет сы, пайданың мен нысандарының
өмір сұру диверсификациясықол жеткен бір уақыттық
мен пайданың нормасына жаңалануының
жоғары қарқынменқолдау жасау қаржылық
өсуін қамтамасыз тұрақтылығы,
ету дәстүрлі
іскерліктің
масштабтарын сақтау
ИнвестицияБастапқы Өндірістің және Өндірістін Жаңа құрылыс пен
лық нақты нақты қаржылық техникалық өндірістін қайта
инвестицияныинвестиция қайта құрылуына нақтылы
ң жеткіліктімасштабтарының қамтамасыздан-масштабты
көлемін кеңеюі дырылуы және инвестицияландыру
қамтамасыз кең масштабты
ету қаржылық
инвестицияланд
ыру

Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт өте келе өндірістік
аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін қолданылатын пассивті
инвестицияландыру орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және
неғұрлым ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен
іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен
айрыкдіаланатын инновациялармен байланысты.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да,
потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде
жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің
түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні
стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық
тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

1.2. Инвестициялық жобалардың жіктелуі және оның қызметтері
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
• ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
• жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
• авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да
интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
• жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік
құқықтар;
• қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау емес) ұйымдастыруға
қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген
техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
• нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы,
яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын
қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым.
Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық
бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
• материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар
белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
• қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға
ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі
түрлерге бөлінеді:
• тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу
объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен
қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның
ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру
объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
• жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар
арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай
делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын
табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды
қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі:
• қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік
салымдар, жинақ сертификаттар);
• ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы бір жылдан кеп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
• азаматгардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
• мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен
мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
• қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық
жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік
қоғамына үлестік қатынас);
• инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп
жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
• жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар
арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
• табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану қүқығына, басқа
да мүліктік қүқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
• тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл
қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі
салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
• тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе
белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға
тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу
нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы
мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің
дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа
өнім түрін құру, өндіріс шығындарын темендету, сату көлемін кеңейту,
мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері
мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты
жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы
немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін:
• жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске
асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың
салынуы;
• шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе
қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
• шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру -моральды тұрып
қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа
өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе
жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
• техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің,
учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін
арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау
концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты
бағалау үшін қажет.

2 Инвестициялық жобалаудың негізгі ережелері
2.1 Инвестициялық жобалаудың түрлері
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде
көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған
сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса,
онда ол ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген
жобасы, калай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы
түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның
іскерлігін өзгергу жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с.
құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық
автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды
жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгеруімен, өнім сапасын жоғарылатумен және қондырғыларды жаңартуымен
байланысты болады.
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытга
оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағытгарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау
тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы
реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге
ие.
1. Жобаның тұжырымдалуы. (кей уақытта идентификациялау термині
қолданылады). Бұл кезенде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай
дамуының пайдалы бағытгарьш анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы
түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге
бағытталады. Бұл кезенде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді
аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше
идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және
іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен
неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық
жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен
өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға
дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде
жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық,
қаржылық, экономикалық, институционалдық және т.б. - оны бірте-бірте
нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген
міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса
маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесіңце
пайда болатын мәлімеггерді дұрыс өңцей алуға және бастапқы ақпараттардың
шынайылығына тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті
сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу
керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен
қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі
сараптама жүргізеді, мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде
ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді
бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы
мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша
құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі
жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның
іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің
орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен
шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең
жобаның іске асуының негізгі белігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы
инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін
тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын
қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау
процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға
салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы
нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың
нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл
тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға және
типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде
кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.
1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде
ескірген қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және
күрделі дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас
қондырғылардың бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің
басымдылығын дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
2. Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды
ауыстыру. Осындай жобалардың мақсаты -жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына
неғұрлым жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға
қарағанда салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады. Жобалардың
осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені техникалық
мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан неғұрлым тиімді
бола бермейді.
3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту.
Жобалардың бұл түрі әдетге кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі
қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын
нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін
арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның
қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
4. Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл
түрі жаңа стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және
бизнестің мәнінің өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың
барлық кезеңдері теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы
түрлерін әзірлеген кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз
жағдайларға алып келетінін атап өткен жөн.
5. Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында
экологиялық талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық
жүгі бар жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны
ластауымен әрқашан байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі
барынша қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен
дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай
түріне назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып,
қондырғының аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы
шығындарды көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
6. Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі.
Мұндай жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с.
қамтиды.

2.2 Инвестициялық жобалаудың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Нақтылы инвестициялық мысалдарды бағалау
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігі
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Инвестиция ұғымы
Инвестициялық жобаның өмірлік циклі
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Пәндер