Клавициалды саңырауқұлақтардың биологиялық ерекшеліктері



Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Гифаралдың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді. Гифалар төбе клеткалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің клеткасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспей, клетка ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға айналады, сөйтіп иесінің клеткасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың клеткаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді[1].
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп клеткалы. Олардың перделерінде клеткаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.
Саңырауқұлақтардың клетка қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың клеткасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.
Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас клеткалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек клеткаларда протоплазма клетканың қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан клетканың жан-жағында жіңішке протоплазма жіпшелері тарайды. Вакуоля клетка шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады.
Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – клетка қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.
Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз тканьдер болмайды. Алайда жалған тканьдер жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ткань гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады[1,2].
1. Евлахова А.А. Энтомопотогенные грибы, Л.: Наука. 1974. –С.258.
2. Коваль Э.З. Клавициальные грибы СССР, наукова думка,К., 1984, 1-268
3. Елинов Н.П. Противоспалительные, антисептические и химиотерапевтические средства. В кн.: Блинов Н.П., Громова Э.Г. Современные лекарственные препараты, СПб:Дитер, 2000.-С.591-595.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
УДК (582.28.591.2:595.7) (083.71)

КЛАВИЦИАЛДЫ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Биол.ғыл.канд. А.Е.Данебеков
А.Жанилова

Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп
тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі. Басқа өсімдіктер типтерінен
басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын
органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке
жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп
аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды. Гифаралдың жуандығы 1-ден 10
кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың
ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы
органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты,
қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді. Гифалар төбе
клеткалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік
мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың
көбісі иесінің клеткасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі
қарай өспей, клетка ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияға
айналады, сөйтіп иесінің клеткасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік
етеді.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды,
вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай
саңырауқұлақтардың клеткаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа
жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны
болып есептелінеді[1].
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге
бөлінбеген, көп клеткалы. Олардың перделерінде клеткаларды бір-бірімен
байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.
Саңырауқұлақтардың клетка қабығы құрамында насекомдар қабықтарының
хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың клеткасы
протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары
сатыдағылардікі бірнеше ядродан тұрады.
Клекта ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3
микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана
болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда
ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас клеткалардың –
гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек
көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек клеткаларда протоплазма
клетканың қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі
вакуоля алып жатады. Одан клетканың жан-жағында жіңішке протоплазма
жіпшелері тарайды. Вакуоля клетка шырынына толы болады. Клетка шырыны
түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына
байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ клеткаларында қор заты
ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз
саңырауқұлақтарда волютин жиналады.
Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі
кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – клетка қабығында, протоплазмада,
вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық
процесстер нәтижесінде түзіледі.
Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз тканьдер
болмайды. Алайда жалған тканьдер жиі кездеседі, олар өз ара матасып
жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған
ткань гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді,
демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші,
жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір
саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан
құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін
баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері
болады[1,2].
Мицелийлердің сыртқы – экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге
бөлінеді. Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде, эндогенді мицелийлер
субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер
денесінің ішінде жатады. Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі тараған, олар
сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады және қоректік
заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі
эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не
сапрофиттік тіршілік етеді.
Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен
көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей
отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке
бөліктерге және клеткаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді.
Ашытқы саңырауқұлақтары клетканың бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар
артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді.
Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар клеткаларға
ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар
клеткаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында
хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы
бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.
Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар
жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу тегі жағынан
эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық
төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар
гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш
келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде
түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың
қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп
аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде
өседі[1,2].
Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді
тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын
мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың
пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-
бірінен ажыратады.
Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым
саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе
құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы
сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы
саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында
редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клавициалды саңырауқұлақтарды зерттеу әдістері
Саңырауқұлақтардың жасанды дамуы
Саңырауқұлақтардың топтануы
Саңырауқұлақтардың морфологиясы
Саңырауқұлақтар бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер пәні бойынша электрондық оқытуды қолдану жолдары
Саңырауқұлақ денесі плазмодий
Сұр шірік
Ашытқы саңырауқұлағы
Микроорганизмдер
Пәндер