Жүсіп Хас Хажып Баласағұн



I. Кіріспе:
Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн . халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны.

II. Негізгі бөлім:
а)Жүсіп Баласағұнның әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бәрден.бір әдеби туындысы . «Құтты білік» дастаны.
ә) «Құтты білік» дастанының құрылымы мен сюжеті.
б) «Құтты білік» дастснындағы ел басқарған әкімдер бейнесі.

III. Қорытынды:
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны . түркі тектес халықтардың тарихи мұрасы.
Жүсіп Хас Хажып Баласағұн – түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшҺүр болған данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Жүсіп Баласағұн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, файласуфи(философия), риезиет(математика), тибби(медицина), фэлэкият(астрономия), нужум(острология), тарих,оперганз, тіл білімі, әдебиеттану, т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ретінде жақсы мәлім болған.
Әйтсе де Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы – «Құтты білік» дастаны.
Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір деректерді «Құтты білік» дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы сөзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мәліметтің бір кездегі астанасы Баласағұн шаҺарында туған. Академик В.В.Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.
Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның «Құтты білік» дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде ақын: «Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туған..., осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, Шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім» дейді.
Ақын Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл жөнінде автордың өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттерде) екі рет ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітірген автор шығарманың мәтіндерінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажыб бұл еңбегін жасы егде тартып қалғанда жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: «Елуге де кеп қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық» дейді.
Сөйтіп, осы шығарманы көп, ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы ол «Құтты білікті» жазып болып, сол жылы оны «хандардың ханына» тарту еткенін жоғары да айттық. Бұл тартуға риза болған Богра хан ақынға: ұлы хас хажиб «бас кеңесшіміз» немесе «ұлы уәзір» деген жоғары атақ береді.
Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғанын айта келіп, былай дейді:
Арабша, тәжікше кітаптар көп, Ал бұл - біздің тліміздегі тұңғыш даналық жинағы.
1.Жолдасбеков А. Асыл арналар.-Алматы,1990
2.Қыраубаева А. Ежелгі әдебиет.- Алматы,1996
3.Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы.- Алматы,1984
4.Негимов С. Шешендік өнер.-Алматы,1997
5.Адамбаев Б. Алтын сандық. -Алматы,1989

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жүсіп Хас Хажып Баласағұн
(ХХІ ғасыр)

Құтадғу білігі
(Құтты білік)

Жүсіп Хас Хажып Баласағұн – түркі халықтары тарихындағы қайта өрлеу
дәуірінің аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшҺүр болған
данышпан-ойшыл, атақты ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері.
Жүсіп Баласағұн есімі кезінде Шығыс пен Батыс елдеріне орта ғасырдың
атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, файласуфи(философия), риезиет(математика),
тибби(медицина), фэлэкият(астрономия), нужум(острология), тарих,оперганз,
тіл білімі, әдебиеттану, т.б. ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама
ретінде жақсы мәлім болған.
Әйтсе де Жүсіп Баласағұнның есімін әлемге танытып, әдебиет тарихына
мәңгілік өшпестей жазып қалдырған бірден-бір әдеби туындысы – Құтты білік
дастаны.
Жүсіп Баласағұн өз өмірі мен ақындық қызметі жайындағы кейбір
деректерді Құтты білік дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде,
үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы сөзі жазған мәліметтерге
қарағанда, Жүсіп Баласағұн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген
мәліметтің бір кездегі астанасы Баласағұн шаҺарында туған. Академик
В.В.Бартольдтың пайымдауынша, Баласағұн қаласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің
бойындағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.
Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да
зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның Құтты білік дастанын Баласағұнда бастап,
Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бұл дастанға қара сөзбен жазылған
кіріспеде ақын: Бұл кітапты жазған кісі Баласағұнда туған..., осы кітапты
Қашқарда жазып бітіріп, Шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту
еттім дейді.
Ақын Жүсіп Баласағұн Құтты білік дастанын хижра есебі бойынша 462
жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бұл
жөнінде автордың өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттерде) екі рет
ескертеді. Бұл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітірген автор
шығарманың мәтіндерінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажыб бұл еңбегін жасы егде
тартып қалғанда жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: Елуге де кеп
қалдық... Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айналдық дейді.
Сөйтіп, осы шығарманы көп, ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың
есебі бойынша, Жүсіп Баласағұн өз дастанын шамамен елу төрт жасында жазып
бітірген. Демек, ақын 1015-1016 жылдары туған деп шамалаймыз. Ал 1070 жылы
ол Құтты білікті жазып болып, сол жылы оны хандардың ханына тарту
еткенін жоғары да айттық. Бұл тартуға риза болған Богра хан ақынға: ұлы хас
хажиб бас кеңесшіміз немесе ұлы уәзір деген жоғары атақ береді.
Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғанын
айта келіп, былай дейді:

Арабша, тәжікше кітаптар көп,
Ал бұл - біздің тліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

Біздің тіліміз деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ
бұл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде
айтылған мынадай пікір бар: Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында
түркі сөздерімен бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ. Табғаш
Қара Богра хан әулиеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен
тараған жазба-әдеби тіл кезінде бограхан тілі деп те айтылған.
Сонымен Құтты білік дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінің қайсы
тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі түркология
ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С.Е. Малов Құтты білік
көне ұйғыр тілінде жазылған десе, А.М. Щербак – қарлұқ тілінде, Г.Ф.
Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ –
қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасаайды.
Ал біздің ойымызшы, қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол
кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен
уәлиаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі
тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз.
Оның үстіне есімі күллі әлемге мәшҺүр шығыстанушы ғалым В.В.Бартольдтың:
Қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн
үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес деген әділ пікірін ұмытпау
керек.
Жүсіп Хаж Хажып Баласағұнның Құтты білік дастанының бүгінгі күнге
дейін сақталып жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі – Вена нұсқасы, оны Герат
нұсқасы деп те айтады. Бұл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында
сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат
нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шаҺарынды көшірілген
екен. Осы ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі – Хасан Қара Сейіл.
Екіншісі – Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Осы
Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы
неміс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петерберг Ғылым
академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіртіп алады.
Қазір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының Санкт-
Петербург бөлімшесінде сақтаулы тұр.
Үшіншісі – Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.Валитова Өзбекстанның
Наманган шаһарынан тапқан еді. Құтты білік дастанының араб әрпімен
көшірілген, ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасы Ғылым
акдемиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып
келеді.
Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы
зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды өзбек әрпі
негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипттамасымен бірге жеке кітап
етіп басып шығарды. Құтты білік дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз
ретінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы Азия
журналында бастырып шығарған француз ғалымы Жауберт Амадес болды. Бұл істі
кейінірек венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше
тарауын тарнскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей
сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы Құтты білік жеке кітап етіп
шығарды.

Құтты білік дастанының басты идеясы төрт принципке негізделіп
жазылған.Біріншісі-мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай
әділ заңның болуы.Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны
көрсетеді.Екіншісі - бақ-дәулет,яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-
дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға
қосылған. Үшіншісі – ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық рөлі уәзірдің
баласы Өгдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі – қанағат-ынсап мәселесі.
Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одғұрмыш бейнесі арқылы әңгіме
болады:

Кітабында талай жайды айтады ол,
Бұл төрт ұлық сөздерінен
байқалар.

Бірі оның – шындық жолы - әділет,
Екіншісі – құт пен ырыс, дәулет.

Үшіншісі – ақыл менен парасат,
Төртіншісі – ұстамдылық, қанағат.

Композициялық құрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен тұрады. Бұл –
13000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың
негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған. Құтты білік
дастанының сюжеті де автор алға қойған этикалық – моральдық, дидактикалық
міндеттерге, яғни шығарманың әділдікті, бақ-дәулетті, парасатты, қанағатты
бейнелейтін төрт қаҺарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп құрылған.

Құтты білік дастанының мән-мағынасы бұл қарапайым сюжетінде емес.
Мұндай сюжет дидактикалық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша
айтқанда, бұл дастанда көтерілген басты мәселе – шығармы қаҺармандарының
басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаҺармандар арқылы айтылатын
автордың өсиет – уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сұрақ-жауптарында жатыр.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанында елді басқарған әкімнің
басты міндеті – халыққа құт, бақыт, дәулет әкелу, кедей халықты бай ету
екендігі ерекше атап көрсетіледі. Дастанда айтылатын осы ой-пікірлер мен
идеялардың түп-төркіні, қайнар-бастаулары Күлтегін жырларында жатқанын
аңғару қиын емес.
Құтты білік дастанын түркі тіліндегі жазба әдебиет әлі бай
тәжірибие жинай қоймаған дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Жүсіп
Баласағұнға өз шығармасын араб яки парсы тілінде жазу әлдеқайда жеңіл болар
еді. Өйткені осы кезде араб-парсы тіліндегі Шығыстың классикалық әдебиеті
мейлінше дамып, көркем образадар жасаудың ғажайып үлгілерін көрсетіп жатты.
Оның үстіне Құтты біліктің авторы араб және парсы тілдерінде ғана емес,
бұл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақта таныс
болды. Алайда Жүсіп Баласағұн араб-парсы поэзиясының дәстүрінен бас тартты.
Ол өзінің ана тілінде күрделі, көркем шығарма жазып, өзінше жаңа соқпақ жол
салып, жаңа дәстүр тудырды:

Кітаптар көп арабша да, тәшікше,
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ әзірше,

Тек білікті білер мұның түйінін,
Ақылды ұзақ ақыл-ойдың қиынын.

Біл, түрікше жырмен жазып арнадым,
Дұға қылсаң мені ұмытып қалмаған.

Құтты біліктің авторы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің
кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар
мол мүмкіндіктерін жазба әдебиетінің тәжірибесін ұштастыра білді.
Дастанның басты қаһармандарының есімі Күнтуды, Айтолды деп аталуы да
халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні
тарағанға дейін түркі тілдес елдердің күнге, айға табынғаны мәлім.
Сондықтан мұндай атаулар көне дәірде өмірге келген ауыз әдебиеті
туындыларында жиі ұшырайды.Жүсіп Баласағұн ғұлама-ақын ретінде ауыз
әдебиетінің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланған.
Құтты білік дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола,
меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріптеу құралдарын зор шеберлікпен,
білгірлікпен пайдаланып отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам бейнелері,
табиғат көріністері, қаҺармандардың көңіл-күйі мейлінше айқын, әсерлі
шыққан.
Жүсіп Баласағұн ойшыл ақын ретінде түркі тектес халықтардың тағдырын
табиғаттың осындай көктемгі жандану, ояту, қатй түлеу кезіндегі
көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді.
Сол арқылы автор ен даланы дүрліктірген, жандандырған, безендірген
бұл көктемгі өзгерістер – түркі елінің қайта оянуы деген пікір айтпақ
болады.
Құтты білік дастаны аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын
өлшем түрімен жазылған. Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз
зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажып
Баласағұнның Құтты білік дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше
зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этностық құрамына енген
ру – тайпалардың ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын,
мәдениетін, әдебиетін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды
мұра болып табылады.

Ел басқарған әкімдер бейнесі
Түркі қағанаты құлап, арада екі жүз елу жылдай уақыт өткенен кейін
қайта өмірге келген көк түріктердің исламды қабылдағаннан кейінгі алғашқы
мемлекеті-Қарахан мемлекеті болғанын жоғарыда айттық. Міне, осы Қарахан
әулеті билік жүргізген дәуірде де көк түріктер заманындағы сияқты аз
халықты көп еткен, кедей халықты бай еткен қағандарды (хандарды)
мадақтап жырға қосты. Бұл тарихи заңдылық еді. Өз дәуірінің этикалық-
моральдық, адамгершілік нормаларының заңдық кодексі болып табылатын Құтты
білік дастанында елдің қамын ойлаған игілікті істерін мадақтап көрсету
дәстүрі жалғаса түсті:

Халық байып, елдің дәулеті арта түсті,
Жұрттың бәрі Елікті(әміршіні) мадақтады.

Халық еркіндік алғанда – қайғы-қасірет қашады,
Ол жерде қой мен қасқыр бірге өмір сүре береді.

Қалалар көбейді, ұлыстар байыды,
Қазына күміс пен алтынға толды.

Тегінде түркілер Қарахан мемлекеттік бірлестігін ұйымдастыру
барысында Түркі қағанаты тұсындағы жетістіктер мен кемшіліктерді мықты
ескерген сияқты. Тіпті Түрік қағанатының құлауына себепші болған ішкі
құбылыстарды, атап айтқанда, е

лдегі тәртіп бұзушылық
көріністерін, қанағат заңдарының бұзылған кездерін жақсы білетін секілді.
Бұған Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны дәлел. Мұнда елдің іргесін
берік сақтап тұру үшін заңды бұзбау қажеттігі ерекше атап айтылады. Сондай-
ақ халық зорлық-зомбылыққа көнбейтіндігі ескеріледі. Белгілі тарихшы
С.Г.Кляшторный атап көрсеткендей-ақ, Жүсіп Баласағұн шығармасы Қарахан
мемлекетінің Ата заң қызметін атқарды, патшадан бастап қойшыға дейінгі
елдегі барлық адамдардың міндетін, мінез-құлық нормасын айқындап береді.
Қоғамның барлық мүшелері заң алдында бәрі бірдей дәрежеде жауапты
болуы тиіс деген ойды ақан нақтылай түседі:

Әділдіктің кеспей жаза, тоқтамын,
Құл ма, бек пе, еш айырма жоқ
маған.

Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ, болмайды ешбір келісім.

Біл, әділ заң-басшылықтың тұғыры,
Заң бар жерде-берік елдің жұлыны.

Бектік берік - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баласағұнның Құтадғу білік атты кітабы
Қазақ даласындағы ислам әдебиеті
Жүсіп Хас Хабыж Баласағун
Әл-Фараби- ғалым-энциклопедист
Құтадғу біліг (Құтты білік)
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Ұйғыр жазуы
Құтты білік дастаныны
Құтты біліктің зерттелуі
Жүсіп Баласағұн. «Құтадғу білік»
Пәндер