Баланың қабылдауын дамыту



Жоспар

1. Қабылдау туралы жалпы ұғым.
2. Қабылдаудың кейбір ерекшеліктері.
3. Бақылау және бақылампаздық.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.
5. Баланың қабылдауын дамыту.
Қабылдау туралы жалпы ұғым
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылдау дейді.
Қабылдау
Мысалы: Ертемен тоғайға барып серуендеп жүрсең, тамылжыған табиғаттың ортасынан есіңде қалатын ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер (түрлі түстер, жапырақтың сыбдыры, қүстың сайрауы, гүлдің иісі, самалдың соғуы сияқты тамаша көріністер) — қабылдаудың нәтижесі.
Бұл процеске көру, есту, иіскеу, температуралық анализаторлар түгел қатысады.
Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттерін жекелей бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осыдан шығатын қорытынды - қабылдау түйсіктердің жиынтығы. Бірақ бұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағында да болады.Мысалы: алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын санау арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мысалы: А әрпін 9 түрлі жазуға болады. А әрпінің танылатын ерекшелігі ортасынан көлденең сызықпен қосылатын бір-біріне басы түйісіп тұрған екі сызық. Қабылдаудың физиологиялық негіздері — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, мұнда сыртқы тітіркенгіштерден келетін қозулардың жинақтауы (бірігуі ) жүзеге асады.

Қабылдаудың кейбір ерекшеліктері









1-сурет
Қабылдау — адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты активті процесс. Әдетте біздің саналы қабылдауымыз пассивті сырттай қабылдау емес, нақты танымдың сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Кез-келген объектіні қабылдау оны қоршаған ортада жүзеге асады. Мысалы: Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романын алып жатып, сөреде жиюлы тұрған басқа да көп кітаптарды қабылдаймыз. Бірақ осы тұста объекті болатын - М.Әуезовтың кітабы, басқалары фон ретінде ғана қабылданады. Кейде объекті мен фон орын алмастырады. Бұл 1 (а, б, в, г) суреттен ерекше байқалады. Егер қабылдау объектісі 1 а суретінің ортасына салынған болса, біз қара фондағы ақ құмыраны көреміз. Егер суреттен қара түспен сызылған бейнені табуға тырыссақ, онда ақ фонда екі адамның кескіні көрінеді. 1 б суретінен қоянды, не үйрек балапанын, 1 в суретінен кемпірді немесе жас
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әдеп және жантану. Хрестоматия. — Алматы, 1996.
2. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. Петровского А.В.
2 изд. - М., 1979.
3. Возрастная и педагогическая дсихология. Под ред. Гамезо М.В.-М.,
1989.
4. Бапаева М.К., Нығметова К.Н., Шериязданова К.Т. Балалар
психологиясынан танымдық жаттығулар мен тапсырмалар. –
Алматы: Рауан, 1994.
5. Тәжібаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993.
6. Мұқанов М. Жас және педагогикалың психология (лекциялар). –
Алматы, 1982.
7. Рувинский Л.И., Хохлов С.И. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек.
-Алматы, 1989.
8. Курс общей, возрастной и педагогической психологии. Вып. 1-3.
Под ред. М.В. Гамезо. - Москва, 1982.
9. МухинаВ.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. —
Алматы, 1986.
10. Аймауытұлы Ж. Психология. - Алматы: Рауан, 1995.
11. ЖарықбаевҚ. Психология. - Алматы: Білім, 1993.
12. Крутецкий В.К. Психология. 2 изд. - Москва: Просвещение, 1986.
13. Кузин В.К. Психология. - Москва: Высшая школа, 1982.
14. Психология. — Алматы: Мектеп, 1966.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Қабылдау туралы жалпы ұғым.
2. Қабылдаудың кейбір ерекшеліктері.
3. Бақылау және бақылампаздық.
4. Кеңістікті және уақытты қабылдау.
5. Баланың қабылдауын дамыту.
Қабылдау туралы жалпы ұғым
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың адам
анализаторларында тұтастай бейнелену процесін қабылдау дейді.
Қабылдау
Мысалы: Ертемен тоғайға барып серуендеп жүрсең, тамылжыған табиғаттың
ортасынан есіңде қалатын ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер (түрлі түстер,
жапырақтың сыбдыры, қүстың сайрауы, гүлдің иісі, самалдың соғуы сияқты
тамаша көріністер) — қабылдаудың нәтижесі.
Бұл процеске көру, есту, иіскеу, температуралық анализаторлар түгел
қатысады.
Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың сипаттары мен қасиеттерін
жекелей бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын
біріктіре отырып тұтас қабылдайды. Осыдан шығатын қорытынды - қабылдау
түйсіктердің жиынтығы. Бірақ бұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік
қасиет, айырмашылығын жоя алмайды.
Қабылдаудың айырмашылығы сан жағында емес, сапалық жағында да
болады.Мысалы: алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті сипаттарын санау
арқылы емес, оны белгілі заттың бейнесі деп танып қабылдаймыз. Мысалы: А
әрпін 9 түрлі жазуға болады. А әрпінің танылатын ерекшелігі ортасынан
көлденең сызықпен қосылатын бір-біріне басы түйісіп тұрған екі сызық.
Қабылдаудың физиологиялық негіздері — үлкен ми сыңарлары қыртысындағы
күрделі шартты рефлекторлық байланыстар, мұнда сыртқы тітіркенгіштерден
келетін қозулардың жинақтауы (бірігуі ) жүзеге асады.

Қабылдаудың кейбір ерекшеліктері

1-сурет
Қабылдау — адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты активті процесс.
Әдетте біздің саналы қабылдауымыз пассивті сырттай қабылдау емес, нақты
танымдың сипаты бар міндетті шешу болып табылады. Кез-келген объектіні
қабылдау оны қоршаған ортада жүзеге асады. Мысалы: Мұхтар Әуезовтың "Абай
жолы" романын алып жатып, сөреде жиюлы тұрған басқа да көп кітаптарды
қабылдаймыз. Бірақ осы тұста объекті болатын - М.Әуезовтың кітабы,
басқалары фон ретінде ғана қабылданады. Кейде объекті мен фон орын
алмастырады. Бұл 1 (а, б, в, г) суреттен ерекше байқалады. Егер қабылдау
объектісі 1 а суретінің ортасына салынған болса, біз қара фондағы ақ
құмыраны көреміз. Егер суреттен қара түспен сызылған бейнені табуға
тырыссақ, онда ақ фонда екі адамның кескіні көрінеді. 1 б суретінен
қоянды, не үйрек балапанын, 1 в суретінен кемпірді немесе жас әйелді көруге
болады. 1 г суретінен жоғарғы жағы көрерменге қаратылған екі жарылып
алынган пирамиданы көруге болады. Мұндай суреттерді кейде екі жақты сурет
деп те атайды.
Қабылдауды қай жағынан алсақ та, ол - адамның тәжірбиесімен және
қабылдайтын объектісімен бұрын таныс не таныс еместігіне байланысты
болатынын аңғарамыз. Ол — адамның білім дәрежесімен, көзңарасымен,
психикалық ңалпымен тығыз байланысты. Қабылдауды адамның өткен тәжірибесіне
жалпы психикалық өмір мазмұнына байланысты болуын апперцепция деп атайды.
"Апперцепция" - латын сөзі қазақша "қосымша", "қабылдау" деген мағынаны
білідіреді. Әр түрлі мамандықтағы адамдар бір заттың өзін әр түрлі
қабылдайды. Мәселен, даладан жұлынып алынған гүлге қарап суретші ондағы
бояулардың түріне көңіл аударады; ботаник гүлді өсімдіктердің бір класының
өкілі ретінде қарайды.

2-сурет. Мына суретте қанша шаршы бар екенін табыңыз?
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке ңасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бүрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке
бөліктері, шет жағасы, үзінділер ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат
формасында қабылдаймыз. Мәселен, алманы қабылдағанда дөңгелек, қызыл, тәтті
сипаттарын санау арқылы емес оның белгілі заттың бейнесі деп танып
қабылдаймыз.
Иллюзия жайлы 3 (а, б, в, г, д) суретке қараңыз. Тік бұрышты жоғарыдан
төмен қарай және көлбеу сызылған ұзын сызықтар параллель (3 а суретті
қараңыз) емес сияқты болып көрінеді. Шын мәнінде олардың арасы барлығында
да бірдей.
3 б суретте екінші бағана біріншіден, биік, ал үшінші бағана екіншіден
биік сияқты. Шын мәнінде олардың биіктігі бірдей.
3 в суретте үлкен шеңберлердің ортасындағы шеңбер кішкене шеңберлердің
ортасындағы шеңберден кішкене сияқты, біраң ортадағы шеңберлердің екеуі
мөлшері жағынан бірдей. Бұлардың бәрі - теріс қабылданудың мысалдары.
Теріс, қате қабылдаулар иллюзия деп аталады. Бұл сияқты суреттерді
қарағанда адамдар да сөз жоқ қателеседі, өйткені, бұл иллюзиялар біздің
түйсіктерімізбен қабылдауларымыздың ерекшеліктеріне байланысты. Олардың
кейбіреулерін атап шығайық.
А) Жарық пен бояудың иллюзиясы. Жарық ашық түсті заттар күңгірт
заттарға қарағанда бізге көп сияқты болып көрінеді. Сондықтан арық адам аң
киім кисе толығырақ сияқты болып көрінеді, ал толығырақ адам қара костюм
кисе, сындарлы болып көрінеді. Көк түсқағазбен қапталған бөлме, көлемі
сондай қызыл түсқағазбен қапталған бөлмеден кеңірек сияқты болып көрінеді.
Б) Контраст иллюзиясы (3 г суретті қараңыз).
В) Біртұтас нәрсенің қасиеттерін бөлшектеуге көшіру (3 д суретіндегі
параллелограмдарды қараңыз, мұнда диагоналы үлкен сияқты болып көрінеді).
Г) Заттың жоғарғы белігінің мөлшерінің үлкеюі. 3 және 8 цифрларында
жоғарғы жартысы төменгі жартысымен бірдей сияқты, ал шындығында ол кішкене.
Д) Сызық бағытының өзгеру иллюзиясы (3 а суретті қараңыз).

13-сурет
Е) Перспективалар иллюзиясы (3 б суретті қараңыз)
Белгілі бір жағдайда жұрттың бәрінде болатын иллюзиялардан басқа,
адамда кейде өзінің ерекше хал-жағдайынан туатын теріс қабылдаулар болады.
Мәселен, қалың орманның ішінде қорыққанда, томарды қасқыр деп қабылдау
мүмкін.
Мектеп оқушысының оңу жүмысында да қате қабылдаулар байқалады. Бірінші
кластың оқушылары кейде өріпті жазғанда сызықтың қарама-қарсы жағынан араб
6 мен 9 сандарын, З мен Е әріптерін шатастырады. Кейде балалар буынды
солдан оңға қарай оңымай, керісінше оқып мысалы "су" дегеннің орнына "ус"
деп оңуы мүмкін. Мұндай теріс қабылдаулармен күресуге болады, бұл үшін
балалардың зейінін орындалмаңшы жұмысқа аударып, оларды өз жұмысын
тексеруге үйрету керек.

4-сурет. Бақылау және байқағыштық
Қабылдау процесі адамның сезім мүшесіне байланысты. Олар көру, есту,
иіскеу, дәм, тері, кинестезиялық қабылдаулар деп жіктеледі. Жалпы қабылдау
процесінде бұлар күрделі, жоғары сатыда бір-бірімен өзара байланысып
жатады. Опера, лекция, баяндама тыңдағанда адам көру, есту арқылы
қабылдайды. Ол екеуініңбайланысып, өзара бір-біріне әсер етуі — табиғи
заңдылық. Сөйлеушінің өзін, оның қалпы мен сырт келбетін көру тыңдауды
жеңілдетеді, сөйлеушінің қимыл мәнерін жеңіл ұғынуға мүмкіншілік туғызады.
Қабылдаудың маңсатты жөне мақсатсыз түрі болады. Мақсатты қабылдауда
адам алдын-ала объектіні қабылдау мақсатын қояды, оны жоспарлап алады.
Бұлай қабылдағанда адам жай ғана көргеніне мәз болмай, қабылданып отырған
объектіні тереңірек аңғаруға тырысады: тесірейе қарап, мұқият тыңдап,
ынтамен ұғынуды мақсат етеді. Мақсатсыз қабылдау сыртқы итермеші себептерге
байланысты. Ондай факторларға қабылданатын заттың кеңістікте өзіне жақын
орналасуы, тітіркендіргіштердің күші, олардың кенеттен әсер етуі, қарама-
қарсы жағдайлары сияңтыларды жатқызуға болады. Қабылдаудың бұл түрі адамның
зейінін кездейсоқ объектіні қабылдап алуға бағыттайды.
Әр түрлі құбылыстардың барысын байқау үшін, болып жатқан өзгерістерді
анықтау үшін мақсатты, жоспарлы түрде ұйымдастырылған қабылдауды бақылау
деп атайды. Адамның дүниені қабылдауы селқос, жай үңілу, айнадағы суреттей
жансыз, мелшию емес, өмір құбылысын белсенді баңылап, дүние тұрқын анықтай
ұғынуы. Бақылау — белсенді процесс. Бұл белсенділік адамның ойлау әрекетін
бақылау процесіне қатыстыруына байланысты. Ойлау әрекеті нәрселерді
салыстыру арқылы пайда болады, салыстыру арқылы заттардың ұқсастығын,
айырмашылығын, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін байқаймыз. Әр зат езінің
ұқсастық фонында басқалардан бөлектеніп, айқыныраң көрінеді. Бір объектіні
екінші объектімен салыстыра отырып, заттардың тегін категориялық заңдылығын
түсіне білуге жеңілдік жасаймыз.
Бақылау процесінде екінші сигналдың жүйе адамның қабылдауына сөз
арңылы бағыт беріп отырады. Егер адам қабылдау нәтижесі туралы есеп
беретінін білсе, толықтай дәл бақылауға ынталанады, жоспарлы және мақсатты
қабылдауды іске асырады.
Бақылау нәтижелі болу үшін алдын-ала даярлық жасалуы керек:
қабылданатын объект туралы алдымен мағлұмат жинау, оның ерекшеліктерімен
күні бұрын танысу, нәрсенің орналасқан жерін білу, ондай бақылаудың не үшін
керек екендігін анықтау т.б. Қабылдау процесінде бақылауға жәрдемші ретінде
қимыл-қозғалыс әрекетінің ролі күшті. Бақылауға алынып отырған объектінің
моделін жасау, сызбасын сызу, суретін салу, нәрсені қолмен ұстау, онымен
жұмыс істеу қабылдауды тұрақтандыра түседі де, бақылауды нәтижелі етеді.

5-сурет. Жоғарыдағы және төменгі қатардағы суреттерден айырмашылықты
табыңыз? (Байқағыштық)
Мәселен, жай қарап отырып географиялық картаны меңгергеннен гөрі сол
картаны қағазға шәкірт өзі аударып, оған өзен, көлдерді түсіріп, мемлекет
шекараларын өз қолымен сызып отырса, өрине, ондай материал баланың басында
ұзақ уақыт жүйелі түрде сақталатыны сөзсіз.
Қабылдау ісінде ескерілетін мәселе - бақылау жүйелі жүргізіліп, ретке
келтірілуі керек. 8-9 жасар бала бөлмедегі өзі көрген нәрселерді санамалап
айтып беру үшін, заттардың орналасу тәртібін сақтамай, есіне түскенін қалай
болса солай айта бастайды. Бұл жүйесіз, орын тәртібіне зер салмай
қабылдаудың салдарынан туады. Ал, есейген адам, алдымен желісін құрып,
бірізді етіп айтуға тырысады. Есейген адам есіктен бастап ең алдымен,
қабырғадағы нәрселерді тізіп айтады немесе әуелі ірі нәрселерді (үстел,
шкаф, диван), одан кейін осылардың үстіндегі нәрселерді, ең ақырында,
қабырғада ілулі тұрған нөрселерді ретімен айтып береді. Бұдан нәрсені рет-
ретімен, орын тәртібін байыптай жүйелеп қабылдағаны көрініп тұр.
Қабылдауға ұзақ уақыт дағдыланудың арқасында жүйеге келтірілген байқау
нәтижесі байқағыштықты тудырады. Байқағыштық жіті көру мен қалтқысыз естуді
керек етеді. Байқағыштың қасиет жеке адамның дара ерекшелігіне байланысты.
Байқағыштық дара ерекшелік қабылданып отырған объектінің сырын ашуға, оның
басқа объектімен байланысын аңғара білуге жетелейді. И.П.Павлов ғылыми-
зерттеу жұмысында бақылампаздықтың ролін ерекше бағалады. Сондықтан да ол
Колтушидағы зертханасының маңдайына "Бақылампаздық, бақылампаздық және
бақылампаздық" деген үш сөзді жазғызып қойған.

6-сурет. Мына суреттен бірдей екі абажурды табыңыз?
(Байқағыштық)
Мектеп төжірибесінде балалардың байқағыштығық тәрбиелеудің жолдары көп-
ақ. Олар: көрнекі құралдар қолдану, қол еңбегімен шұғылдану, модельдер
жасау, экскурсиялар ұйымдастыру, картиналармен жұмыс істеу, коллекциялар
құрастыру, тірі табиғат бүрышында, мектеп жанындағы участокта тәжірибе
жұмысын жүргізу т.б. Осындай әрекет үстінде балалар заттарды, олардың
құбылыстарын бір-бірімен салыстырура, олардың сипаттарын реттеп
топтастыруға дағдылана бастайды, шәкірттердің іске талаптануы оянып,
заттарды қабылдауы жетіле бастайды, байқағыштығы арта түседі. Қабылдау
процесінде байқағыштықтың бірте-бірте дамуы объектінің ерекше қасиеттерін
ғана байқап қоймай, бақылаушының көздеген мақсатына қарай, объектінің
кішігірім детальдарына назар аудара отырып, оны жүйелеп қабылдауға
әдеттендіреді. Қабылдаудың бас кезінен-ақ зейінімізді объектінің ңандай
детальдарына аудару керектігін жүйелеп алған маңүл. Сондықтан, бақылауға
алынған құбылыспен не затпен алдын-ала тұтастай танысып алу қабылдау үшін
негізгі шарт. Тұтастай қабылдау ниетімен объектіге бағытталған зейінді -
фиксациялық зейін деп атайды. Адамның зейіні объектінің жеке детальдарына
ауған болса, флюктуирлың зейін дейді. Зейіннің бүл түрлері адамның
психикалық процесінде бір мезгілде орындалмайды, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабылдауын дамытудағы дидактикалық ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі мекемелерде сәндік сурет салғызу
Балабақшадағы бейнелеу өнері сабақтарында сәндік сурет арқылы балалардың эмоционалдық қабылдауын арттыру әдістемесі
Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
Кохлеарлы имплантталған балаларды тілге оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
Артикуляциялық жаттығулар арқылы баланың тілін дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызметін қалыптастыру және дамыту
Мектеп жасына дейінгі баланың қабылдау түрлері мен қасиеттері
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Балаларда нәрсе өлшемін қабылдаудың физиологиялық механизмі
Пәндер