Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері


Жоспар
1. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері
2. Айып тағу
3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру. Қылмыстық ізге
түсуді айыпталу бөлігінде қысқарту
4. Алдын ала тергеудің аяқталуы
1. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері.
Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде "айыпталушы ретінде жауапқа тарту" термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
"Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, "айып тағу", "айыпталушы ретінде жауапқа тарту", "қылмыстық жауаптылық" және "қылмыстық жауаптылыққа тарту", сондай-ақ "қылмыстық ізге түсу" секілді сапа жағынан әр түрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді" деп көрсеткен А. И. Трусов дұрыс айтқан.
Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптау - бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйғарымдарында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы.
Айыптаудың мәні мынада:
- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам - кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі дұрыс шешім қабылдау тұрғысынан қарағанда қылмыстық іс жүргізу ғылымы ұғымдарының теориясындағы барынша күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. Заң әдебиеттерінде осы ұтымды анықтауда ғалымдар оған редакциялық жағынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы жағынан да өзара айырмашылығы бар түсінік беруде.
ҚІЖК-нің 278-бабына сәйкес айыптау қорытындысының соңғы болімінде тағылатын айыптау тұжырымдамасы баяндалуы тиіс деген қағида тергеушінің қолында адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде де міндетті түрде айыптау қорытындысын жасау кезіндегідей дәлелдеме материалдары болуға тиіс деген сөз емес. Мұнда заң дәлелдеу процесі айыптау тағылғаннан кейін де жалғаса береді дегенді негізге алады. Мұның үстіне, ол қылмыс оқиғасын да, дәлелдеу тақырыбына кіретін айыпталушының кінәлылығын да қоса алғанда, барлық мән-жайларды зерттеуді қамтиды. Атап айтқанда, айыпталушы қылмыстық іс бойынша объективті тергеп тексеруге богет жасайды деп ойлауға негіз болған кезде оған бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін көздеген ҚІЖК-нің 139-бабы да осыны көрсетеді. Демек, заң істе адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік беретін дәлелдемелердің болғанына қарамастан, ақиқатты елі де анықтауға тұра келетінін негізге алады. Заң айып тағуды өзгерту мен толықтыру қажеттігін (ҚІЖК-нің 210-бабы), сондай-ақ айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуі себеттті істің қысқартылуын (ҚІЖК-нің 269-бабының 2-бөлігі) туғызатын жаңа дәлелдемелер алу мүмкіндігін ескереді. оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелер жинай алмағандары да болды.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы іс жүргізу шешімі дербес қаулы түрінде ресімделеді. Осы құжаттың мазмұндық және сыртқы көрінісіне қойылатын талаптарды сақтау қабылданған шешім заңдылығының маңызды өлшемдерінің бірі болып табылады. Осы тараудың 1-параграфында айтылғанындай, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту фактісінің өзі заң тұрғысынан алғанда зор маңызға ие болады. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезден бастап оның іс жүргізу-құқықтық мәртебесі өзгереді. Тиісті қаулыны дұрыс ресімдеудің зор маңызы болатынын осы жағдаймен түсіндіруге болады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптар ҚІЖК-нің 207-бабы арқылы реттеледі. Дәлелденген қаулыда былай деп көрсетіледі:
күні, айы, жылы, елді мекеннің атауы;
бұл қаулыны шығарған адамның лауазымы, атағы, тегі;
ол қай іс бойынша шығарылған;
- айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, оның туған күні, айы, жылы, туылған жері (бұл деректер жеке куәлік немесе басқа құжаттар арқылы анықталады) ; мүмкін болса, бұл құжаттардың көшірмесін қылмыстық іске қоса тіркеген жөн;
- айыпталушыға тағылатын қылмыстық әрекеттің сипаты, ұрланған немесе келтірілген зиянның уақыты, орны, әдісі, мөлшері және ҚІЖК-нің 117-бабына сәйкес оны жасаудың өзге де мән-жайлары;
- айыпталушы жауапқа тартылатын қылмыстық заңның бөліктерін, тармақтарын, баптарын, орналасуын, нормаларын, сондай-ақ саралаушы белгілерін дәл көрсету; егер адамға бірнеше қылмыс тағылатын болса, онда қаулыда оның қылмыстық әрекеті сараланатын Қылмыстық кодекстің барлық баптары көрсетіледі.
Қаулының негізділігі онда адамға тағылатын қылмыстың мәні ішкі бірлікті сақтай отырып, хронологиялық ретпен баяндалатындығында болып табылады. Мұнда Қылмыстық кодекстің нақты бабына сәйкес қылмыстың мәні мен құрамы арасындағы өзара байланыс анықталуы тиіс. Осыған қатысты Р. Х. Якупов былай деп жазған: "Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы дәлелденген болуға тиіс. Дәлелдеу дегеніміз іс жүзіндегі мән-жайларды қисынды ретпен және үйлесімділікпен баяндауды, олардағы қылмыстың нақты құрамындағы заңды белгілерін түсіндіруді және қылмыстық заңның осы қылмыс жататын белгілі бір бабын (бөлігін және тармағын) көрсетуді білдіреді".
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулының жасалу уақыты мен орнын көрсетудің мынадай тұрғыдан маңызы бар:
2. Айып тағу
Айып тағуды ұйымдастыру шаралары мен іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы ретінде қарастыру қажет. Құрылымына қарай айып тағу мынадай кезеңдерге бөлінеді:
- айыпталушы деп танылатын адамның тергеушіге келуін қамтамасыз ету;
- адамға айып тағудың өзі;
- айып тағылған адамға оның іс жүргізу құқықтарын түсіндіру.
Сонымен, айыптау рәсімінен бұрын айыпталушының келуін қамтамаысз етуді ұйымдастыру шаралары жүргізіледі. Осыған байланысты айыпталушының тергеушіге келу міндеттілігін реттеу тікелей айып тағу қызметімен толайым қарастырылады.
Заң бойынша айып тағудың мынадай тәртібі белгіленген.
Заң бойынша қорғаушының қатысуы міндетті болатын немесе бұл туралы айыпталушы өтінетін жағдайларда айып тағу, яғни адамға айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыны жариялау қорғаушының қатысуымен көрсетілген қаулы шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, ал бұл адамды айдап келтірген жағдайда - ол айдап келтірілген күні жүзеге асырылуы тиіс.
3. Айып тағуды өзгерту және толықтыру. Қылмыстық ізге түсуді айыпталу бөлігінде қысқарту.
Айып тағумен алдын ала тергеп тексеру ісін жүргізу аяқталмайды. Сондықтан тергеп тексеруді бұдан әрі жүргізу барысында жаңадан жиналған дәлелдемелерге қоса, тағылған айыпты өзгерту, толықтыру немесе оны қысқарту үшін негіздер пайда болуы мүмкін (ҚІЖК-нің 210-бабы) .
Айып тағуды өзгерту қылмыстың жасалуының орын алғаны және оны айыпталушы ретінде жауапқа тартылған адам жасады деген тұжырымдама күмән туғызбайды дегенді білдіреді. "Айып тағуды өзгерту" және "айып тағуды толықтыру" деген ұғымдардың ара жігін ажырату үшін белгілі бір шешімді қабылдаудың негізін білу қажет.
Мыналарды анықтау айып тағуды өзгерту үшін негіздер бола алады:
айып тағудың іс жүзіндегі жаңа құрамын;
жасалған қылмысқа қатысушыларды;
тағылған айыптың бір бөлігінің расталмауын;
қылмыстың заң жүзінде жіктелуінің өзгеруін анықтау.
4. Алдын ала тергеудің аяқталуы.
1. Алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін тергеуші:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz