Көне түркі тілі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

[жасыру]

  • 1 Жазу әдісі
  • 2 Көне Түркі жазуларының зерттелуі
  • 3 Дала жазуларының тарихы
  • 4 Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
  • 5 Көне Түркі жазуларының мазмұны
  • 6 Көне түркі жазба ескерткіштері6. 1 Табылған аймақтары6. 2 Қазақстан жерінде
  • 7 Нышандар кестесі
  • 8 Оқу мысалы
  • 9 Жазу тарихы
  • 10 Кездесетін аумағы
  • 11 Тағы қараңыз
  • 12 Сыртқы сілтемелер
  • 13 Пайдаланылған әдебиет

Көне түркі тілі

Көне түркі тілі - қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі. Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5-8 ғ. ) мен көне ұйғыр жазба ескерткіштерінде (5-13 ғ. ) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілініңграмматикалық құрылысы, фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай:

  • 1) граммат. ерекшеліктер: Көне түркі тілі типол. жағынан жалғамалы топқа жатады, оның морфологиялық құрылысының негізі -аффиксация: түбір - жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері - этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, Көне түркі тілінде мынадай айырмашылықтар кездеседі: табыс септігінің -ғ/-г; -ығ/-іг жалғауы: сөз-сөздігі (сөзді), баш-башығ (басты) ; -ғару/-геру (ға-ру, ге-ру) табғачғару (табғачқа), -ңару/-ңеру, -ңару/-ңеру, -ңар/-ңер: аңар (оған), -йа/йе: курйа (кері, кері қарай) ; құралдық септіктің -ын/-ін, -ун/үн жалғауы: көлік-көлгүн (көлікпен) . Қазіргі қазақ тіліндегі көрі, ілгері, сыртқары, шеткері, жазын, қысын, күзін сияқты сөздер К. т. т-нің кезінде қалыптасып кеткен реликті формаларда қолданылады. Өткен шақ, жекеше 2-жақ -тығ/-тіг: бардығ (бардық) ; ауыспалы келер шақ -тачы/-течі, -дачы/-дечі: болтачы (болады), өлтүртечі (өлтіреді), өткен шақ -тұқ/-түк, -дұқ/дүк: өтүндүк (өтінген), бардуқ (барған), есімше 1-2-жақ есімдіктерімен тіркесіп айтылады: болтачы сөн (боласың) ; көсемшенің өткен шағы -бан/-пан, -бен/-пен арқылы берілген: келібен (келіп), алыбан (алып) ; шартты рай -сар/-сер: келсер (келсе), бұйрық рай -ың/ің, уң/-үң (2-жақ көпше сыпайы түрде), -ғыл/-гіл (2-жақ көпше анайы түрі) : барың (барыңыздар), барғыл (барыңдар), т. б. Ондық сан есімдердің жасалу жолдары ерекше түзілген: әуелі бірлік сандар, сонан соң ондық сандар айтылады: беш иігірмі (бес жиырма) .
  • 2) синтаксистік ерекшеліктер, негізгі көрсеткіштері: матасудың 1-түрі (екі сыңарының да жалғаусыз келуі) өте жиі жұмсалады: түрк будун (түрік халқы), 2-түрі (бір сыңары жалғаулы болуы) біршама жиі (қаған інісі - ханның інісі), ал 3-түрі (екі сыңары да жалғаулы болып келуі) өте сирек ұшырасады, бұл нұсқа қазіргі қазақ тілінде жиі қолданылады. 3) фонет. ерекшеліктер: жуан және жіңішке болып айтылатын 8 дауысты дыбыс қолданылған: а-е, о-ө, у-ү, ы-і, (и), 18 дауыссыз дыбыс болған. б, д, ж, з, г, ғ, к, қ, й, л, м, н, п, р, с, т, ч, ш, . Сөйлемнің 1-жартысында 8, қалған жартысында 6 не 7 дауыссыз дыбыстар қолданылған (сөз соңында о, ө дыбыстары кездеспеген, у, ү, өте сирек) . Сөз басында 7 дауыссыз фонема (б, т, қ, ч, м, с, й), басқа позицияларда 18 дауыссыз дыбыс қолданылған. Кейбір ұяң дауыссыздардың (ғ, г, б, д) сөз соңында келуі әдеттегі құбылыс: сарығ (сары), кічіг (кіші), еб (үй), өд (уақыт) . Сөздің басқа позициясында екі дауыссыз дыбыс қатар келмейді, бірақ басқа орындарда (түбір мен қосымшаның қосылған жерінде) кездесе береді, сөз соңында лт, рт, нт тіркестері жиі ұшырасады: алты (алды), олурты (отырды), анта (онда) . Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда ғ, г дыбыстарының ұ, й дыбыстарымен алмасуы не болмаса айтылмай түсіп қалуы, сол сияқты д/т/й заңдылығы жиі байқалады: оғры (ұры), оғул (ул/ұл), өгрет (үйрет), тағ (тау), адақ, айақ (аяқ), т. б. К. т. т-нде кейбір дыбыстар өзара алмасып отыратын болған: с/ш: сад/шад (атақ, дәреже), м/б: мен/бен (мен), т/д: тегрі/дегрі (де, дейін), ч/ш: кічі/кіші (кісі), е/и: ел/ил (ел), н/й: анығ/айығ (сұм, зұлым), ң/й: коң/қой (қой), т. б. Жергілікті тайпа тілдерінің әсерінен пайда болған мұндай фонет. құбылыстар сөздің қай позициясында болса да ұшыраса береді. Қазақ тілінің говорларында кездесетін осы іспеттес дыбыстардың өзара алмасып келуі Көне түркі тілінен қалған тарихи іздер болуы ықтимал.

Тарихы

Көне түркі тілдері орыс. Древнетюркские языки - осы күнгі түркі тілдерінін арғы тегі болып саналатын көне тілдер. Көне түркі тілі қарым-қатынастық кызметін жоғалтқан, тек түркі халыктарынын жазба ескерткіштері тілдерін білдіретін шартты термин болып табылады. Олардын өмір сүрген уакыты да, тараған жерлері де кен. Руникалык жазулар шығыстағы Лена өзенінен бастап батыстағы Дунай өзеніне дейінгі жерлерден табылған. Көне түркі тілінін алғашкы түрлерінін бірі-Орхон, Енесей алкаптарынан табылған руникалык ескерткіштер тілі. Орхон жазуын түңғыш рет 1893 ж. В. Томсен, 1894 ж. В. Радлов окыған. Руникалық көйне оғыз тайпаларының тілі негізінде қалыптаскан. Ол әр түрлі этникалык, әлеуметтік топтарға кызмет еткен диалектаралык (не диалектіден тыс) сипатга болған, онын әдеби сүрыпталған және функционалды-стилИ" стикалык, аймактык түрлері болған деген түжырымдар бар.
9 г. Турфан (Ӏііығыс Түркістан) жеріне көшіп келген сон, үйғырлар өз әдеби тілін жасаған. Ол бұрын үйгырлар колданғаН руникалык койне негізінде туған, сонымен бірге сөйлеу тілінін элементтерін кабылдаған- Осылайша түркі үйғыр тілі (к. Көне ұйғыр тілі) деп аталатын аралас күрылымды тіл пайда болған. В. Радловтын пікірінше. көне ұйғыр әдеби тілі 8-9 ғғ. арасында біржола калыптаскан. Көне ұйғыр тілі 11-12 ғғ. -да мүсылмандык Караханидтер мемлекетіне караған түркі халыктарынын әдеби тілі дамуына эсер еткен.
13-14 ғғ. -да Сырдариянынтөменгі бойында (Хорезммен бірге) Алтын Орла жерінде огыз, кыпшак тайпаларынын тілдері негізінде Хорезм түркі әәдеби тілі калыптаскан. Орта ғасырдағы түркі әдеби тілдері тарихындағы ен маңыздысы - шағатай әдеби тілі. Көне түркі тілі бұлардан басқа Закавказья, Кіші Азия, Еділ бойы, Египет жерлерінде болған. Бірак олар Орталык, Орта Азия- дағыдай бірынғай дәстүрмен байланысты емес. Көне түркі ескерт- кіштерінін бәрі бірдей көне түркі әдеби тілдерін білдірмейді, олардын ішінде кыпшақ сөйлеу тілі не диалектілері негізінде жазылған Кодекс куманикус (13-14 г. ) сиякты ескерткіштер де бар.
Көне түркі тілінде карапайым-түрмыстык мәтіндермен салыстырғанда әдеби үлгілердін моддығы көне түркілердін мемлекеттік кұрылымдарының даму денгейімен және жазбаша сауаттылығынын дәрежесі жоғары екендігімен байланысты.

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесай жазуы) - V ғ. б. з. б. - X ғ. б. з. Орта Асия түркі тайпалары қолданған жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енесей өзенінің жоғарғы ағысында (қырғыз қағандығы) . Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын) .

Көне Түркі жазбасымен жазылған Теңрі сөзі

[өңдеу] Жазу әдісі

«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б. з. ) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағысы дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.

Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды. [1]

[өңдеу] Көне Түркі жазуларының зерттелуі

Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д. Г. Мессершмидт және Ф. И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиалған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф. И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинскаймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.

1889 жылы Н. М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В. В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.

[өңдеу] Дала жазуларының тарихы

Б. з. б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл - «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б. з. б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б. з. б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б. з. б. 3 және б. з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның өңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б. з. б. 2-1 ғасырларға жатады.

Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығыкезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан ТИбет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.

[өңдеу] Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы

Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:

  1. Енисей ескерткіштері.
  2. Талас ескерткіштері.
  3. Орхон ескерткіштері.

Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.

  1. Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
  2. Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
  3. Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.
[өңдеу] Көне Түркі жазуларының мазмұны

Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап) . Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрк" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.

Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.

Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ - жылнама не шежіреден гөрі, бұлар - тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.

Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады.

[өңдеу] Көне түркі жазба ескерткіштері

Көне түркі жазба ескерткіштері , түркі руникалық жазба ескерткіштері - 7-9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.

[өңдеу] Табылған аймақтары

Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н. М. Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В. Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В. В. Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылғанКүлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық - тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8-10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С. Е. Малов, Х. Н. Оркун, А. М. Щербак, т. б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.

Иссык жазба ескерткіш - сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5-4 г. ) . 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы - біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:

Могoилян жазба ескерткіш - Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы) . ЕскерткішҚұтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Түркі тілдерінің жіктелуі
Түркі тілдері
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық мағынасы
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz