Информатика сабақтарында пәнаралық байланыс


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Информатика сабақтарындапәнаралық байланыс.
Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім беру процесі өз дәрежесінде болу керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны әр түрлі саладағы ғылымдардың өзара әрекеті, даму прцесінің жаңа тұрғыда жетілуіне ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі пәнаралық байланыс сипат алуы тиіс.
Осы орайда пәнаралық байланыстың өзіндік шығу тарихына тоқталамыз.
ХVІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады. : Я. А. Коменский, Д. Локк, И. Г. Песталоции, Ж. Руссо т. б.
Мысалы, Я. А. Коменскийдің пікіріне сүйенсек: «Өара байланысы бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек» - деп жазды.
ХІХ ғасырдың 60 - шы жылдарында прогресшіл педагогтар, атап айтқанда, Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. Г. Чернышевский т. б. өздерінің ғылыми құнды еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударды.
Бүгінгі таңда пәнаралық байланыс мектепте оқыту процесінің негізгі мәселесіне айналып отыр.
Пәнаралық байланысқа ғылыми еңбектерде алпыстан астам анықтамалар берілген. Мысалы, «Педагогикалық сөздіктегі» анықтамаға сүйенсек, онда былай берілген: пәнаралық байланыс оқу бағдарламаларының өзара үйлесімділігі.
Пәнаралық байланыс ұғымы мынадай бөліктерден тұрады: байланыс құрамы, байланыс амалы, байланыстың бағыттылығы.
І. Байланыс құрамы. Оған байланыстардың маңызды объектілерін жатқызамыз (оқу пәндері арасындағы құрамы мен тақырыбы)
ІІ. Байланыс амалы. Бұны яғни, бір пәннен екінші пәнге хабар беру амалы деп түсінуге болады.
ІІІ. Байланыстың бағыттылығы. Бұнда мағлұматты бір пәннен екінші пәнге беріп отыру бағыты.
Бұдан шығатын қорытынды, пәнаралық байланыс негізгі оқыту процесінің проблемасы ретінде қаралады.
Қазіргі кезде білімді игеру процесі бұрыңғы алынған білімдер мен кейінгі білімдер арасындағы байланыс, қатынас болып саналады.
Пәнаралық байланыс бұл тек білімнің мазмұнына ғана қатысты болмауы керек, оның ықпалы оқыту үрдісінің барлық құрамды бөліктері мен байланысты.
Көптеген зерттеушілердің И. Д. Зверев, В. Н. Максимова, В. В. Давыдов, Р. Г. Лемберг, С. Л. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин т. б. пәнаралық байланыстың мәніне көзқарастары әр түрлі қалыптасқан пікірлері бар.
М. Д. Зверев пен В. Н. Максимова пәнаралық байланыс әдіснамалық қағидалардың бірі, ақыл - ой қызметінің ерекше түрі деп түсіндіріледі.
В. Скакун пәнаралық байланыстарды: зерделейтін оқу материалы мазмұны бойынша, оқушыларда қалыптастырылатын жалпы оқу іскерліктері бойынша, оқыту әдістері мен құралдары бойынша, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту әдістері мен құралдары бойынша деп ажыратады: Пәнаралық байланыстардың оқушы жеке тұлғасын дамыту міндеттерін шешудегі әлеуметтік- педагогикалық аспектісін ескеру қажеттігі туындайды.
Қазіргі заманда жалпы білім беретін мектептерде білім мазмұны мынадай ұстанымдарды басшылыққа алады:
- пәнаралық байланысты оқыту үрдісі кезінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында қазіргі заманға сай ғылымаралық байланысты ұғындыру ұстанымы;
- қазақ халқының немесе өз ұлтының бұрыннан қалыптасып келе жатқан мәдени мұрасын меңгерту ұстанымы;
- ҚР - ның мемлекеттік тілін, ұлтаралық, халықаралық қатынас құралдары тілдерін оқып үйрену ұстанымы;
- білім мазмұнының біртұтас жүйе ретінде қарастырылып, жеке индивидтің жан - жақты дамуын қамтамасыз ету ұстанымы.
Білім мазмұны ең біріншіден, қоғамның, мектептің алдына қойған мақсаттарымен анықталады. Бүгінгі заман талабына сәйкес үздіксіз білім берудің әдіснамасы негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім берудің мақсатын, мазмұнын, міндетін қайтадан жаңарту көзделініп отыр.
Пәнаралық байланыстың міндеті оқу - тәрбие үрдісі арқылы іске асады. Пәнаралық байланыс тек оқыту мазмұнымен шектелмейді, сонымен қатар оқушы мен мұғалімнің оқу процесінің бір бөлшегі болып табылады.
Оқыту процесінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың көптеген амалдары бар: көрнекі құралдар, сұрақтар, ситуациялар, әңгімелер, тарихи оқиғалар.
Мысалға пәнаралық байланысқа негізделген сұрақтар әр пәннен бұрын алған білімдерін қайта естеріне түсіріп, жаңа оқу материалын меңгеруге, оларды жүзеге асыруға жағдай туғызатын мазмұнда болуы керек.
Ең бастысы қазіргі уақытта әрбір ұстаз нақты деректерді, нақтылы оқиғаларды түсіндіріп қана қоюмен шектелмеуі керек. Ол деректердің өзара байланысын, бір - біріне әсерін, басты әлеуметтік, немесе рухани ортақ белгілерін бір - бірімен байланыстыру, ортақ заңдылықтарды ашуды көздеуі тиіс.
Сонымен, қорыта айтқанда, пәнаралық байланыс мектептегі оқушылардың өмірлік көзқарастарын қалыптастыруда, жалпы экономикалық - экологиялық білім беруде қазіргі мектепте басты орын алады. Жалпы, өскелең ұрпақты жетілдіруде мектептің білм мазмұнын одан әрі жаңарту, жоғарғы деңгейге көтеруде, оның қоғамдағы даму процесінен үнемі оқып отыру мақсатындағы ізденістерде ғылымдар жүйесінің бір - бірімен тығыз байланыста болуы пәнаралық байланыстың негізінде қарастырылуы керек.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу - тәрбие үрдісіндегі пәнаралық байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуді керек етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті екі жақтың қатысынан пайда болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу құралдарын және т. б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.
Еліміздің білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу мерзіміне өтуде, жаңаланған оқыту мазмұнын айқындауда пәнаралық байланыс түрлерін педагог - ғалымдарымыздың, әдіскерлеріміздің есте ұстағаны дұрыс деп білеміз.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттарында: пән бойынша оқулықтарды, оқу құралдарын жазу кезінде; оқу жоспарын және бағдарламаларды даярлауда: жеке әдістемелерді және ғылыми - әдістемелік әдебиеттерді жазуда; оқу орындарының түрлеріне байланысты әдістемелік және оқу - әдістемелік жұмыстарды жүргізуде бұларды басты назарда ұстаған жөн. Сондай - ақ педагогика ғылымында белгіленген пәнаралық байланыстарды оқу материалдарының уақыт критерийі; жекелеген пәндердегі оқу материалдарының фактілік, ұғымдық, теориялық ақпараттық мәні; оқу пәндеріндегі білімдер мен іс- әрекет түрлері; мазмұндық - ақпараттық, операциялық іс -әрекеттік, ұйымдастыру - әдістемелік сипатына тән талдап қорытындыланған түрі бойынша жүзеге асырғанымыз абзал.
Бастауыш мектепте ин форматика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.
Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр.
Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық, және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу - әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арқасында қарама - қайшылық бар. Осы қарама - қайшылықты информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды енгіу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік дағдыларды қалай қалыптастыруға және оны қандай теориялық, психологиялық - педагогиеалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу мәселесі туындайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты - бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқыту әдістемесін жасау.
Жалпы бастауыш білім беру мазмұнына жаңа - «Информатика және есептегіш техника негіздері» пәнінің еңгізілуі математика мен информатика пәндерінің арақатынасына, олардың интеграциясына байланысты әдістемелік мәселелер туындатады.
Бұл екі пән арасындағы байланыстар барынша жан - жақты. Бұл байланыстар ең алдымен, ғылым мен техниканың барлық салаларын компьютерлендіруге байланысты міндеттер аясында мектептегі математика курсының да жаңартылуын талап етеді. Бұл жағдайда мектепте математика курсы информатика негіздерінің пропедевтика және ғылыми базасы тәрізді болады. Ақпараттық технология жағдайында математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемелік жүйесін де қайта құру қажет.
Математикадан информатикаға бұған дейін игерілген және машинаға қол жеткізетін алгебралық символикаға негізделген алгоритм ұғымы арқылы көшу идеясы әдістемелік тұрғыдан өте қызықты.
Математика мен информатиканы оқыту барысында кейбір ұғымдарды үйлестіру қажеттілігі туады. Мысалы, математиканың символдық тілінің ерекшеліктерінің бірі - әр түрлі айнымалыларды кеңінен қолдану болса, сондай анйнымалылар бағдарламалау тілінің де негізгі элементі. Функцияларды есептеу алгоритмдері бұл ұғым туралы түсінікті кеңейте түсуге мүмкіндік береді. Алгоритм жасау үрдісінде алгоритмдік құрылымын анықтауға, оны жүйелі түрде жасауға, алгоритмдеу әдістерін шығаруға жол ашады.
Бастауыш сыныптарда математика курсын оқытқанда информатикадан алған білім мен білік қолданылуы тиіс. Төменгі сыныптарда математика курсы информтиканың негізгі ұғымдарын болашақта еңгізу, игерту даярлығына бағытталуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz