Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары



Мазмұны



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың
нысандары мен бағыттары

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, атқаратын қызметі
және оның негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . 4
1.2 Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары
мен бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8

ІІ. Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды
тартудың тиімділігі

2.1 Қазақстанға шетелден инвестицияларды тартудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 12
2.2 Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың
динамикасы мен құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14


ІІІ. Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік
реттеу және жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстанда шетелдік инвестицияларды жетілдіру жолдары ... ... ... ... .. 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын «Шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі» деп таңдадым. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның теориясы айтылады. Ол бөлім «Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары» деп аталады. Екінші бөлім талдау бөлімі. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту тиімділігі және оның динамикасы мен құрылымы» зерттеу туралы айтылады. Ал соңғы үшінші бөлім «Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу және оларды жетілдіру жолдары» деп аталады. Соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер орналасқан.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Прямые иностранные инвестиции в Республике Казахстан
Саясат №5 2004 ж.
2. Инвестиционная среда и условия экономической благоприятности в
Казахстане
Транзитная экономика №4 2004 ж.
3. Халықаралық экономикалық қатынастар
Әлемдік инвестициялардың негізгі тенденциялары
4. Инвестициялық процесс - әлеуметтік жүйе ретінде
Ізденіс №1 2004 ж.
5. Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности
казахстанской экономики Қаржы-қаражат №1 2004 ж.
6. Инвестиционная привлекательность Республики Казахстан в
межстрановом сопоставлении
7. Инвестициялық ахуалды жетілдіру - өскелең талап
Егемен Қазақстан 6 маусым 2003 ж.
8. Инвестициялар / көрсеткіштер
Қазақстан және оның өңірлері №1 2003 ж.
9. Жұманова Б.
Инвестицияның тиімділігін бағалау методологиясы
Саясат №10 2003 ж.
10. Регулирование инвестиционной деятельности в экономике Казахстана
Транзитная экономика №5 2004 ж.
11. Вопросы регулирования инвестиционного процесса
Транзитная экономика №6 2004 ж.
12. Сейтказиева А.М., Байкадамова А.Б.
Инвестиционная деятельность предприятия Алматы 1998 ж.
13. Сатубалдин “Инвестиционный потенциал региона: методологические
аспекты оценки и механизм использования”
14. Жолдасбаева Г.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2002 ж.
15. Инвестиционная политика Транзитная экономика №1 2000 ж.
16. Закон "Об иностранных инвестициях"
17. Данные Национального Статистического Агентства РК.
18. Журнал "Business central Europe" № 7. 2001
19. Сагандыкова С. Иностранные инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы: Гылым, 1994.
20. Сущность и классификация инвестиционных решении
Финансы и Кредиты 12/2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

І. Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың
нысандары мен бағыттары

1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, атқаратын қызметі
және оның негізгі түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 4
2. Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары
мен бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 8

ІІ. Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды
тартудың тиімділігі

2.1 Қазақстанға шетелден инвестицияларды тартудың
маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. ... ... 12
2.2 Қазақстандағы шетелдік инвестициялардың
динамикасы мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

ІІІ. Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік
реттеу және жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстанда шетелдік инвестицияларды жетілдіру жолдары ... ... ...
... .. 21

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. 25

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 26

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да,
міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні
аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде
тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев
өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып
қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз
керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек.
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап
шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын
түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар,
зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке
негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын
тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік
кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар,
жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді.
Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық
серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып,
әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі
бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін
беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан
инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға
ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің
курстық жұмысымның тақырыбын Шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі
деп таңдадым. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның
теориясы айтылады. Ол бөлім Инвестицияның мәні, түрлері және оларды
тартудың нысандары мен бағыттары деп аталады. Екінші бөлім талдау бөлімі.
Бұл бөлімде Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту
тиімділігі және оның динамикасы мен құрылымы зерттеу туралы айтылады. Ал
соңғы үшінші бөлім Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу
және оларды жетілдіру жолдары деп аталады. Соңында қорытынды, қолданылған
әдебиеттер орналасқан.

І. Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың
нысандары мен бағыттары

1.2 Инвестицияның экономикалық мәні, атқаратын қызметі
және оның негізгі түрлері

Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен
оны өсіруді қамтамасыз ететін пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін
әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар
инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол
ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау
банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы
салым кепілденген табыс береді.
Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді
алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының
обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық
түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк
несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және
қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т.б.), жерді пайдалану
құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді.
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және
затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс
үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған
салымдар үрдісі”. М.И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың
өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда
алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы
кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық
табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам,
ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс
қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры,
машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды.
Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның
дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі
техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану
және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік
және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-
материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға,
тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды
қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол
мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы
қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция
жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін
құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды
қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған
орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар
түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын
инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына,
құрылысқа т.б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды
қорына салынатын инвестициялар.
Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін -
өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе
қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу
арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау”
Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік
кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған
инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар –
қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік
бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың
атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші
рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді
резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық
операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша
қаражаттары.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2. Қаржылық инвестициялар;
3. Материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар. Қаржылық
инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың
жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да
құнды қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу
мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын
инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды
негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту
инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын
қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып
алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты
инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған
ауысттыру инвестициялары;
- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар
- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және
жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны
қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялық объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті
болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы
тиімді шараның бірі.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел
салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде
нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да
өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз
ететін жобаларға жұмсалады.
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жобалау класына қарай:
- мегожоба;
- мультижоба;
- моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара
байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын
мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады
және басқарылады.
Мысалы:
- халық шаруашылығының құрылымдық рефорса жасау;
- нарыққа өту және нарық үлгілерін жасау;
- сондай-ақ экономиканың жекелегкн секторлары мен түрлері өрістерін
дамыту бағдарламасы.
Бағдарламалар:
- халықаралық;
- салалық;
- салааралық;
- аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберңнде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба бұл – нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
- техникалық;
- ұйымдық;
- экологиялық;
- әлеуметтік жобалар.
Жобалар ұзақтығына қарай:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Көлеміне қарай:
- шағын;
-орта;
- ірі болады.
Күрделігіне қарай:
- жай;
- күрделі;
- өте күрделі.
Жобалар түрлері бойынша:
- инвестициялық;
- инновациялық;
- ғылыми-зерттеу;
- оқу-білімдік;
- аралас болып бөлінеді.
Инвестициялық жобалар негізінен мына төмендегі төрт кезеңде жүзеге
асырылады:
- тұжырымдама;
- жоспарлама;
- өтімділігі;
- бітімділігі.
Бұл кезеңдер жобаның өмірлік циклы деп аталады. Жобаның әрбір
сатысының өзіндік мақсаты және одан туындайтын міндеттері болады.
Инвестициялық жобаларға саны, әсіресе сапасы жағынан тиісті талдаулар
жүргізілуі қажет. Мұндағы басты мәселе инвестицияларға қосылған жоба
құрылтайшыларының қаржылық ахуалын және қызметтерінің тиімділігін бағалау.
Жобаның нақтылығы мен нақтылығы мен өміршендік қабілетін бағалау үшін мына
түрде сараптау жұмыстары атқарылуы қажет:
- техника-технология;
- коммерциялық;
- әлеуметтік;
- экологиялық;
- экономикалық.
Әрбір жобалық талдаудың өзіндік әдістемелері бар.
Инвестициялық жобаларға әрбір қатысушының жағдайын, оның құрамын
анықтайтын негізгі көрсеткіштер мыналар:
- жарғылық капиталдың көлемі мен оның ахуалы;
- салықтар;
- айналым қаржысы;
- негізгі активтер (материалды және негізгі қаржылар);
- өндіріс шығындары;
- таза табыс.
Инвестициялық жобаны қабылдау циклы мынадай кезеңдерден өтеді:
- жобаларды таңдау және алдын-ала бағалау;
- жобаның техника экономикалық дәлелдемелерінің құрамдас
бөліктеріне талдау жүргізу;
- мемлекеттік сараптау;
- қаржыландыру туралы шешім қабылдау;
- жобаларды қабылдау жұмыстарын атқару және бақылау.

1.2 Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары

Шетелдік инвестициялар деп шетелдік инвесторлар, басқа мемлекеттер,
шетелдік банктері мен компанияларының капитал салуларын айтамыз.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
-экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
-дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
-инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу
шарты бар экспорттық несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны,
жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие – дайын
тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық деңгейде көрсетіледі.
Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту,
кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық
кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде
түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика
экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға
акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-қаражат салу. Тікелей
инвесторға шетелдік инвесторға Тікелей инвесторға шетелдік инвестор
компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын
орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік
компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және
қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.
Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда
бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын
жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді;
екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес;
үшіншіден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіруге,
өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы
қатарлы әдістеріне бағытталады. Соңында олар республика экономикасының
әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына
тікелей ықпалын көрсетеді. Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім
бөлінісі (“Продакшн-ширинг”) атқарады. Бұл нысан экспорттық салалар мен
өзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалар
мен өндірістерде біршама шектелген, бұл тенгенің толық айырбастылығының
жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың
басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы
әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай-ақ, шетел
инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген
түрлерін шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер
туралы келісім, басқару келісім шарттары бола алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына
шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және
Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде
кіреді.
Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикасы, халықаралық интеграциялық
процестер, сонымен бірге интенсивті ғылыми-техникалық прогресс экономикалық
қатынастарының қатысушыларының (ұйымдар, салалар, жалпы ұлттық шаруашылық)
қызметтеріне жаңа талаптарды, әсіресе әлемдік нарықта республика
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін
инвестициялық қызметте де бұйрықтар береді.
Тікелей шетел инвестициялары (ары қарай ТШИ) елдің барлық инвестициялық
одағының маңызды құрамдас бөлігі ретінде алға шығады. ҚР-дағы ТШИ-ның
қызмет ету тиімділігі мен оны тартуды талдауға кіріспес бұрын, тікелей
шетел инвестиция ұғымының мәнін түсініп алу керек.
Тікелей шетел инвестициясы – бұл инвестицияланатын кәсіпорынның қызметін
бақылау мен басқаруға тікелей қатысуға негізделген бір елдің резидентінің
басқа бір елдің нақты экономика секторына капитал салымын сипаттайтын
халықаралық инвестициялық қызметтің категориясы.
ТШИ халықаралық кәсіпкерліктің портфельді шетелдік инвестициялары мен
акционерлік емес формаларымен қатар халықаралық бизнесті жүзеге асыру
формаларының бірі болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 22 млрд. долларға жуық сомасында өзіне
тікелей шетелдік инвестицияларды тартты. Біздің республикамыз ТМД елдері
арасында халықтың жеке басына шаққандағы ТШИ-лар бойынша ең жоғары деңгейді
көрсетіп отыр.
Әлемдік банк Қазақстанды инвестиция үшін тартымды 20 ел қатарына қосып
отыр. Қазақстандағы ТШИ-ның сандық және сапалық көрсеткіштері оларды тарту
тиімділігі мен қолдануды кешенді талдауды қажет етеді.
Қазақстанда 2003 жылы ТШИ-дың жалпы құйылуы 4 595,7 млн. долларды құрады.
ҚР-дағы 1994-2004 жылдардағы ТШИ-дың көлемінің динамикасын 1-суреттен көре
аламыз. Біз көріп тұрғанымыздай 1998-2001 жылдар арасында ТШИ-дың көлемінің
өсу тенденциясы тұрақты екені байқалып отыр. Бірақ 2002 жылы ТШИ-дың
мөлшері сәл өзгерді.
ТШИ-лар екі негізгі ұйымдық-құқықтық формада жүзеге асырылады:
• Еншілес фирмалар мен филиалдарды құру;
• Меншік үлесі аралас кәсіпорындар құру, сол сияқты бірлескен
кәсіпорындар
ТШИ-ларды тартудың тиімді формасы бірлескен кәсіпорындар болып табылады.

2003 жылдың басында Қазақстан территориясында шетелдік капитал қатысуымен
5300 кәсіпорын қызмет етті. Бірлескен кәсіпорындар құруда ең белсенді
серік – ел Ресей Федерациясы, Германия, Ұлыбритания, Иран, Қытай, Түркия,
АҚШ т.б., ал белсенді тікелей инвестор-елдер АҚШ, Швейцария, Нидерландия,
Ұлыбритания, Италия т.б. болып табылады. Жапонияны ерекше атап өту керек,
себебі ол басқа елдерге қарағанда көбіне инфрақұрылым (мыс, Иртыш арқылы
көпір құрылысына, жолдарды жөндеуге т.б.) объектілерін инвестициялайды.
ТШИ-ларды тарту және тиімді пайдалану мемлекетпен жүргізілетін
инвестициялық саясатқа және қалыптасып жатқан инвестициялық климатқа
тікелей байланысты.
ҚР-ның инвестициялық саясаты ұзақ мерзімді болашақта экономиканың
құрылымдық өзгерісін анықтайтын дамудың ұлттық экономикалық (оның ішінде
сыртқы экономикалық) стратегиясынан шығады.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі
бағыттарының бірі:
1) Экономиканың өсуінің, оның әлеуметтік бағдарлауын күшейту мақсатымен
инвестиция тиімділігін жоғарылату
2) Техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды сәйкесінше үдемелі
жүйелер енгізумен тездету
3) Экономиканың басты салаларына өзара тиімді негізде ТИШ-ларды тарту
4) Инвестициялық климатты жетілдіру және басқалар
Қолайлы инвестициялық климатты тәжірибеде отандық және шетелдік
инвесторлардың экономиканың нақты секторына, бағалы
қағаздарына,консалтигтік қызметтер және тағы басқаларға капитал салу
мүмкіндіктерін білдіреді.
Шетелдік эксперттердің ойынша, барлық орталық азиялық елдердің ішінде
Қазақстанда либералды заңдылық, жеткілікті дамыған банктік сектор,
интенсивті түрде дамитын қор нарығы Қазақстандағы инвестициялық климатты
ары қарай жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті тұсындағы
шетел инвесторларының Кеңесі, Қазақстан Республикасының индустрия мен сауда
министрлігі тұсындағы шетелдік инвестициялар бойынша арнайы Комитет,
“Казинвест” инвестицияларына көмек беретін Қазақстандық орталық,
Қазақстанның Европалық бизнес-ассоциациясы қызмет істейді, сонымен бірге
инвестициялық таластарды шешу механизмдері өңделеді, инвесторлар тағы
басқалар үшін қолайлы экономикалық-саясаттық және құқықтық факторларға
сүйенеді.
Қазақстандағы ТШИ-лар көбінесе шикізатқа бағытталған, ол ТШИ құрылымы
динамикасында көрсетілген. ТШИ-лардың үлкен үлесі тау-кен өнеркәсібіне
келеді: 2001 ж. - 67,8%, ал 2002 ж. – 51,72%, 2003 ж. – 47,61%-ды (олардың
ішінде ТШИ-лардың 46%-ы шикі мұнай мен табиғи газды өндіруге келеді.

ІІ. Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды

тартудың тиімділігі

2.1 Қазақстанға шетелден инвестицияларды тартудың маңыздылығы

Инвестицияларды шетелден тартудың себебі ішкі рыноктың кеңею
кезіндегі капитал қажеттігі болып табылады. Оны тиімді пайдаланса, ол
экономикалық өсу мен өндірісті жаңартудың ммаңызды көзі болады.
Инвестициялар сыртқы қарызды көбейтпейді, олар жұмыс орындарының көбеюіне,
жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы
экономикалық тиімді байланыстарды орнату процесінжылдамдатуға әсер етеді.
Инвестор-компания шетелдік компанияның бір бөлігін иемдену құқығының орнына
технологияларды, маманданған кадрларды және рыноктарды беруі мүмкін.
Тікелей инвестициялар әлемдік экономикаға және оның жүрегі –
халықаралық бизнеске қатты әсер етеді.
Шетелге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде
өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік
инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз иелігіне қарағанда жоғарырақ
пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер
арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады.
Сөйтіп фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:
- өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші елдер рыногына
шығудың бастамасы;
- әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты
құру;
- аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік қатынастарға өзінің
мүддесін қосу;
Қазіргі кезде тікелей инвестициялардың үш полюсті глобальды
құрылымы туралы айтуға негіз бар. Оған: АҚШ, Еуропа Одағы, Жапония кіреді.
Осы үштік капиталды шетке шығару мен қабылдаудың 45 бөлігін иеленеді.
Жапонияда капиталды сыртқы шығару қарқыны жоғарылығымен ерекшеленуде. Азия
елдері (Жапонияны санамағанда) жақын жылдары-ақ тікелей шетел
инвестицияларын тартудан Батыс Еуропа елдерінен озады.
Тікелей және портфельдік инвестициялар үшін ең тартымды елдер болып
дамыған Солтүстік Америка мен Еуропаның елдері болуда. Капиталдың ірі
экспортерлері мен импортерлері болып болып, жоғары дамыған елдер, оның
ішінде АҚШ пен Еуропа Одағы көрінуде.
Азиялық елдер ішінде шетел инвестициялары үшін ең тартымды Қытай,
Сингапур, Малайзия, Индонезия, Гонконг, Тайланд, Тайвань, Оңтүстік Корея,
Филиппин елдері болды. Ал тікелей инвестициялар көлемі бойынша ірілеріне
Қытай, Сингапур, Индонезия кіреді.
Соған қарамастан соңғы жылдары Шығыс Еуропа мен КСРО-ның бұрынғы
республикаларының шетел капиталын тарту процесі күшейді. 1989 жыл мен 1996
жылдар арасында осы елдерге 31 млрд. доллардан астам инвестиция салынған.
Ірі капитал импорттаушыларға бұрынғы социалистік елдер мен Балтық
республикалары енуде.
Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының маңызды
элементі болып табылады және ол оның мақсатымен, мәселелерімен анықталады.
Шетелдік инвестицияларды тарту келесі мақсаттарға жету үшін қажетті жағдай
болып табылады:
- барлық мұнай саласын қайта жарақтандыру, жаңа өңдеу технологиясына өту,
мұнайды өңдеу үшін қажетті базаны қамтамасыз ету;
- мұнай өнеркәсіптерін аумақтардың инфрақұрылымдық әлеуметтік және
өндірістік даму жобасын іске асыру;
- оның буындарының даму базасын қамтамасыз етуге.
ҚР-ның статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша 1993-
97 жылдар арасында Қазақстанға 15,6 млрд. долл. сомасында шетелдік капитал
тікелей инвестиция, коммерциялық несие, халықаралық қаржы ұйымдарының
қарыздары және бағалы қағаздардың портфелі түрінде тартылды.
Шетелдік компаниялардың инвестициялық қызметінің бірінші этабында
(1992-1993 ж.ж.) аз ғана жарғылық капиталымен үлкен мөлшерде бірлескен
кәсіпорындар құрыла бастады. Екінші этабында (1993-1995 ж.ж) экономиканы
либерализациялау нәтижесінде қазақстан экономикасының маңызды салаларына
шетелдік инвесторлар кіре бастады. Үшінші этап барысында және қазіргі (1995-
2004 ж.ж.) шетелдік капиталды тарту кезінде ірі кәсіпорындар
жекешелендірілді.
Тікелей шетелдік инвестициялардың ең көп тартылған кезі 1993
және 1997 жылдар болды.
Инвестиция құрылымында 49% - тікелей шетелдік инвестицияларға, 1%
-портфельді инвестицияларға, 28% - несие құралдарына, 22% - халықаралық
қаржы ұйымдарының қарыздарына келеді.%%
Тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі белгілі.
Оларды тиімді, орынды пайдалану кезінде олар ұзақ мерзімді бюджетке
ауыртпалығын түсірмей, ол Қазақстанның экономикасы үшін маңызды
өндірістерді инвестициялау үшін айтарлықтай қаржы ресурстарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция мәні және оның экономикалық мазмұны
Кәсіпорынынң инвестициялық қызметінің тиімділігі
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Қазақстан Республикасы инвестициялық іс – әрекетін бағалау
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
Дүниежүзілік шаруашылықтың жаһандануы және инвестициялық процесс
Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс – әрекетін бағалау
Өндірістік бағыттағы капитал жұмсалымы
Пәндер