Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорларының зерттеулеріне шолу жасай отырып, оның технологиялық мүмкіндіктері мен зерттеу бағдарламаларын кішігірім кітапханаларда пайдалану жағдайларының қажеттілігі мен пайдалылығы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
І-тарау. Кітапхана қорын зерттелуінің теориялық мәселелері
1. 1 Кітап қорын зерттеудің бағыты мен мақсаттары . . .
1. 2 Кітап қорын сақтаудың құқықтық зерттелуі . . .
ІІ-тарау. Кітапханалық қорды зерттеудегі қолданылатын әдістер
2. 1 Қор құрамын зерттеудің технологиялық бағыттары . . .
2. 2 Ауылдық кітапханаларындағы кітап қорын ақпараттық ресурстармен толықтыруды зерттеу . . .
2. 3 Ауыл кітапханаларындағы ақпаратық қордың ресурстары
Қортынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Замана ағымының жаңа ғасырлық ғаламдық талаптары Қазақстан Республикасының көптеген кітапханаларының алдына жаңа ауқымды мақсаттар мен талаптар қойып отыр. Бүл өңделіп жатқан стратегия қазіргі қоғамның құрылуы мен дамуындағы гуманитарлық жэне өркениетті бағыттардың өркен жаюына әкеледі.
Кітапханалық қызметтегі ғаламдық ортаны қалыптастыру, дерекқорлар көзін құру, ақпараттың барлық түрін топтастыру мен оларды біртұтас компьютерлік жүйеге топтастыру жаңа заман талабына сәйкес жауап бермек. Ол сондай-ақ ірі және шағын кітапханалардың ақпараттық ортаға ғаламдық жүйе жолымен бірдей араласуына мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорларының зерттеулеріне шолу жасай отырып, оның технологиялық мүмкіндіктері мен зерттеу бағдарламаларын кішігірім кітапханаларда пайдалану жағдайларының қажеттілігі мен пайдалылығы тақырыбына назар аудару.
Зерттеу жұмысының міндеті. Қазақстан Республикасындағы кітапхана ісінің дамуындағы кітап қорының дұрыс қалыптастырылуы мен оңтайлы пайдаланылуы үшін қандай оң шешімдер қажет, қандай орындармен қарым-қатынастың қажеттілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының жаңалығы. Қазақстан Республикасы кітапханаларының кітап қорларының бірден-бір пайдалы рухани қазына көзі ретінде дамытудың стратегиялық жоспарын қарастыру және зерттеудің жаңа технологиялық тәсілдерін ұсыну.
Қазіргі таңдағы кітапхана ісіне енді ғана көңіл бөлініп отырған, жаңа көзқарастар айқындалып жатқан тұста пайда болып жатқан жаңа ұлттық бағдарламалардың қорды зерттеу барысына тигізетін әсерлерін анықтай білуіміз керек.
Зерттеудің мәні. Кітапхана қорының міндеттеріне сәйкес келуін, оқырмандардың талабы мен талғамына сай болуын тиімділігін арттыру мақсатында қордың құрамына, ондағы өзгерістер мен пайдалану дәрежесіне талдау жасау .
Зерттеудің негізгі әдістері. Аналитикалық, , библиографиялық жэне статистикалық болып келеді . Қорды зерттеудің аналитикалық әдісі бойынша баспа шығармаларының салалық түр жағынан, жанрлары жағынан типтік тұрғыдан тағы басқа жақтары бойынша қорға жинақталу және пайдалану дәрежесі салыстырылып бағаланады . Қорды зерттеудің әлеуметтік әдісі - қордың құрамына баға беру үшін оқырмандар мен мамандардың пікірлерін зерттеу жолымен жүргізеді.
Статистикалық әдіс бойынша қордың құрамы мен айналымы жөніндегі статистикалық көрсеткіштерге талдау жасалып, ол кітапхана қызметін сипаттайтын түрлі мәліметтермен салыстырылады.
І-тарау. Кітапхана қорын зерттелуінің теориялық мәселелері
1. 1 Кітап қорын зерттеудің бағыты мен мақсаты
Кітап қорының кітапхана міндеттеріне сәйкес келуін, оқырмандардың талабы мен талғамына сай болуын қаматамсыз ету үшін, және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында қордың құрамына, ондағы өзгерістермен дәрежесіне талдау жасау.
Қорды зерттеудің негізгі әдістері: аналитикалық, библиографиялық және статистикалық болып келеді.
Қазір еліміздегі кітапханалардың жалпы саны 12 мыңға жетіпті. Ал сала мамандары республика бойынша 8 миллионнан астам оқырманымыз бар деп есеп жүргізіп отыр. Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп-жетілуі кітаппен тығыз байланысты. «Жақсы кітап-жан азығы» деген халық даналығы үлкен үғымға жетелейді. Жастардың бетін кітапқа бүрьш, ықыласын кітапқа аударатын киелі орын кітапхана екендігіне соңғы жылдары мойын бүрушылар ісөбеюде. Сондықтан да кітапхана білім мен мәдениет орны ретінде, ал кітапханашылар осы үғымды таратушы ретінде күнннен-күнге беделі өсіп, абыройы артуда десек артық айтпағанымыз болар. Оған куэ жер-жердегі кітапханаға деген назардың артуы, кітапханаға деген қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен кітап қорларын, техникалық жабдықтарын толықтандыру, автоматтандыру сияқты мэселелер ақырындап болса да шешілуде.
Кітап қорын үнемі зерттеп тану қордың дүрыс бағытта жэне бслсенді пайдаланылуына жағдай жасайды. Ол зерттеулер кітапханашылардың жалпы кітапханалық қормен жақын да терең танысуына мүмкіндік береді, яғни кітап қорының қандай дэрежеде жинақталғанын, оқырмандарға берер пайдасы мен ықпалын, олардың күнделікті сұранымын қай деңгейде қанағаттандыра платынын шамалайды. Сонымен қатар, оқырмандардың қорды қалай пайдаланып жүргенін бақылауға мүмкіндік береді.
Шын мэнінде, іс жүзіндегі кітап қоры терең зерттелген, эрі толықтай игерілген болуы мумкін. Кітап қорын зерттеу оқуға жетекшілік етудің негізі.
Кітапхана тек оқумен ғана шүғылданатын орын ғана емес, шын мнінде қазіргі заманға сай толыққанды шексіз ақпаратты орталық ретінде, көп салалы қоры бар мекеме ретінде дамып келе жатыр. Қорда түрлі саладағы өте қүнды деп табылатын эдебиеттер жинақталған. Әсіресе, жастардың бос уақытын, оқудан, жүмыстан тыс мезгілін пайдалы да тиімді өткізу үшін, ой-өрісін кеңейтетін, жан-дүниесін байытатын, танымын дамытатын, оқу процесіне көмек беретін эр бағыттағы эдебиеттер кітапхана мүддесін орындауда жетекші орын алады. Дегенмен, қай кітапхананы алсақ та, қай кезде болмасын ең алдымен қорды толықтыруда оқырмандар сүранымына сүйенеді. Бір кездері жоғары оқу орындарының кітапханалары студенттерін оқулықпен қамтамасыз стуге мүмкіндіктері болмады, сондықтан да көпшілік деп саналатын кітапханалар ең алдымен аталған оқырмандар контигентін қажетті оқулықтармен қамтамасыз ету үшін, қорды толықтыру саясатында ең бірінші кезекте оқу процесіне қажетті лдебиеттерге көп көңіл бөлді. Оқырмандар сүранымы қоғамдағы озгерістерге орай өзгерістерге үшырап отырады. Сондықтан да оқырмандар сүранымын есепке ала отырып сүралатын эдебиеттер ауқымына жиі зерттеулер мен талдаулар жүргізіп отыру заңдылық болып табылады. Қордың сапасы, қүрамы мсн көлемі кітапхана үшін маңызды жауапкершілік. Қордың көп сұралмайтын, дублетті, мазмүнын жоғалтқан эдебиеттермен юлықтыру қордың толыққанды қызмет атқаруына көп кедергі келтіреді. Қазақстан кітапханаларының барлығы дерлік негізінен кеңестік заманда жасақталғаны белгілі. Ол кезде салалық әдебиеттер көбіне орыс тілінде, ал қазақ тіліндегі әдебиеттер мүлдем аз болды. Қазіргі жағдайдың өзінде де жаратылыстану, социология, медицина, техникалық секілді ғылым салалары бойынша эдебиеттер аз да болса өз тілімізде қорға түсуде. Қолда бар байлығымызды, ескі жылдар басылымы болса да сол салалық одебиеттерді асқан ұқыптылықпен оқырман қолына жеткізуге Парынша эр кітапхана жағдаи жасайды.
Кітапхананың негізгі кітап қоры мен ірілі-ұсақты қосалқы қорларын оқырмандардың сүранымына сай жан-жақты толықтыру мәселесіне кітапхана мамандары үлкен жауапкершілікпен қарайтыны сөзсіз. Жастардың білімге ден қойып, ізденімпаздыққа үмтылуы қоғамның оң бағытқа бет алғанын айғақтайды. Оқырман Тек оқуына, немесе қазіргі тілмен айтсақ іскер эдебиетті ғана сұрап қоймай, ақпараттық, анықтамалық, танымдық эдебиеттерге деген сү. раныс-талаптары да өсті. Өздерін қызықтыратын сұраққа, мэселеге элемдік деңгейде ақпарат алуға ұмтылыс жасайды.
Кітапхана қорларының пайдаланылуын белсендіру мен жсделдетуіне кітапханалық жұмыс турлері ықпал етеді, оның інйнде кітапқа оқырмандарды тартудағы жеке және көпшілік шара түрлері жақсы эсер береді. Қордың барынша ашылуына, қазіргі уақыттағы мэселелерге оқырмандарды кеңінен тартуда барынша жақсы жолға қойылған ақпаратты-библиографиялық жүмыс та эсерін тигізбек. Мүнда орасан қызмет кітапханашыларға жүктеледі. Олардың оқырмандармен тығыз жүмыс жүргізе білулері, эдебиетті білудегі танымдылықтары, кітапханада оқырмандардың кітап оқуы мен оны пайдалануларына бағытталған қолайлы жағдайды тудырудағы білгірліктері, яғни өз кэсіптеріне деген үлкен сүйіспеншіліктері - осының бәрі оқырмандар бойында әдебиетке деген құрметтің қалыптасуьша эсерін тигізбей қоймайды. (10 бет, 34-40) .
Алайда бүның бэрі тек жақсы қор құрылған түста ғана өз нэтижесін береді. Кітапханалық қорды қальштастыру - өте күрделі жұмыс процесі, оның алдына қойған мақсаты кітапхананың міндеттері мен оқырмандар қызығушылығына сәйкес келгенде ғана жүзеге аспақ. Қорды қалыптастыру жүмысы кітапхана қызмет жасап отырған барлық уақытта да іске асырылады. Оған қажет кітаптарды дер кезінде- қорға алу, пайдаланылмайтын әдебиеттерден қорды мезгілінде босатып отыру, қорды үйымдастыру және оны басқару секілді міндеттер кіреді.
Осы жұмыстардың барлығының маңызды тұстары болып қорды іерттеп-тану табылады. Ол қорды толықтыру барысында одебиеттерді іріктеудің жэне әдебиеттерді қор есебінен шығаруда гылыми негіз болады. Кітапханашы өз кітап қорын жақсы танып білген түста ғана оны оқырмандар толыққанды белсенді пайдалануға мүмкіндік алады.
Кітап қорын зерттеу - бүл ең алдымен оның мазмүнымен толықтай таныс болу. Кітапхананың негізгі кітап қоймасының кейбір бөліктері мен қосалқы қорларын, оның ішінде мерзімді басылымдардың жоспарлы тексеруі бес жылда бір мәртеден кем өткізілмеуі тиіс, тексеру «Қазақстан Республикасы Мэдениет министрлігінің жүйесіндегі кітапханалар қорларының сақталуы туралы нүсқауға» (ҚР ММ 12. 09. 1994 ж. Бекітілген) сэйкес кітаптар мен басқа да кітап қоры қүрамының толық сақталғандығын анықтайды. Осы нұсқауды басшылыққа ала отырып кітап қорын сақтау бөлімі немесе кітап қорын толықтыру бөлімі жоспарлы тексерудің бес жылға арналған кестесін жасайды. Осындай тексеру шаралары зерттеудің құрамдас бір түрінде қарастырылады. Міндетті жоспарлы тексеруден кітапхана балансьшда түрған барлық кітапханалық құжаттар «кітаптар, брошюралар, аудиовизуалды материалдар, электронды жэне басқа да) басылымдар өтеді. Қолда бар мерзімді басылымдарды іріктеп тексеру (негізінен журналдар) үш жылда бір рет жүргізілуі тиіс, сондай-ақ бөлімге жауапты қызметкерлер ауысқанда немесе төтенше жағдайлар (апатты жағдайлар, ірі үрлықтар, өрт және т. б. ксзінде) орын алғанда қорды (толық немесе іріктеп) тексеру міндетті. Бүл тексеру жоспарлы деп саналады. Тексерудің нақты мсрзімдері, комиссия құрамы, тэртібі мен оны өткізу әдісі Полімдердің ұсынысымен кітапхана директорының бүйрығьшен бслгіленеді. Тексеру аяқталғанда комиссия қор жағдайын, сақталуын толық баяндайтын, ұсыныс берген жан-жақты анықтама дайыңдайды. Тексеру нэтижесі бойынша тексерілген бөлім, қормен жұмысты одан эрі тиімді жалғастыру мақсатында тиісті қорытындылар жасайды. Мүндай тексерулер қордың сақталуы мен оған жауапты кітапхана қызметкерлерінің жауапкершілік міндеттерін бекіте түседі. ( 1
Кітапхана қорының қызметін нығайту мен тереңдету қажеттігін айта отырьш, оны пайдалану арқылы қордың технологиялық моделін қүруға тоқталсақ. Ең бастысы қорды толықтыруға бөлінген мардымсыз қаржыны тиімді де үқыпты жүмсай білген абзал. Қаржыландырудың жетіспеушілігін ескере отырып басылымдарды таңдауда барынша қателеспеуді, эдебиеттерді алуда нақты шешімді ойластыра білген жөн. Ол үшін эрбір кітапхана толықтыру профилін түзеп, оның өзіндік моделін қүруға тырысқан жөн. Тэжірибеде қолданыла бермейтін тақырыптық-типологиялық жоспарлардың орнына моделдің, яғни қор қүрамының даналығын, ақпарат тасушы жэне басылымдардың түріне, типіне, тіліне, тақырыбына қарай қүрылымын көрсетуі керек. Әрине, мүнда қаржы мүмкіндігін ескере отыру қажет. Басылымдардың электронды тасушы жэне шетел тілдерінде, осы заманғы аудиовизуалды материалдар бейнесінде болуын да көрсеткен жөн. Жасыратыны жоқ көптеген басылымдар атүсті алынады, ал дүдэмэл, себепсіз алынған дүниелер қор көлемінің есепсіз өсу апатына, мемлекеттің қаржысының орынсыз жүмсалуына экеп еоғады.
Кітап қорын зерттеу жүмысында маңызды орын кітап қорының моделін (пішінін) құрастыруға байланысты. Кітап қорының тақырыптық-типологиялық моделін қүрастыру жолында ең алдымен көптеген бірқатар зерттеулер, бақылаулар, талдау жүмыстары жэне т. б. шаралар кэсіби мамандардың жетекшілігімен іске асырылады. Кітапхананың жалпы коры сала-салаға жіктеліп зерттеледі, сандық көрсеткіші анықталады. Сөйтіп эр саладағы эдебиеттердің жалпы қорға деген пайыздық қатынасы шығарылады. Бір оқырманның кітап пайдалануы, мысалыға 11 кітапқа тең болады. Жыл өткен сайын қорды толықтыру осы пішінге сүйене отырып жақсаруы тиіс. Сондай-ақ жергілікті тұрғындардың кітап пайдаланудағы тілдік өзгешелігін ескере отырып қорға келіп түсетін әдебиеттердің қазақ тіліндегі пайыздық осуіне баса назар аударылады. Осы жағдайда қордың жаңаруы кітапханатану ғылымында белгіленген 2 пайыздан астамды Күрайды. Модельді қүрастыру кезінде жүргізілген барлық шаралар қордың жалпы жағдайынан хабар береді, яғни салалық, танымдық, аеіресе жаңа ілімдер мен тақырыптар бойынша келіп түскен кітаптардың қаншалықты дарыс болғандығы, оқырмандар Оүранысы мен заман талабына жауап берді ме деген мэселелерді де Шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қордағы кітаптардың қажетсіз Копданалығынан да арылуға осындай модель жақсы мүмкіндік ворсді.
«Кітап қорының моделі» - ол кесте түрінде берілген қордың Ші і ід ық жэне сапалық өлшемдерін көрсететін үлгісі, оқырмандардың сүранысын ескере отырып, қорды жүйелі жэне жоспарлы толықтырудағы бағдары болмақ. Қор моделі оның қандай болу керектігін, жаңа тақырыптар мен сұраныстардың туындауын, яғни осы мэселедегі бағытта кітапханада жоқ бірақ алдағы уақытта болатын әдебиеттерді болжауға мүмкіндік береді.
Дайын моделді қор қүрамы мен пайдаланылуын зерттеу, талдау жұмыстарында, ондағы олқылықтарды дер кезінде анықтауға, сирек әдебиеттермен қайта толықтыру (ретро-толықтыру), қайта іріктеуде пайдалануға болады. Модель картотека түрінде жасалады да, кітапханада қорды зерттеуге арналған түрлі зерттеу жүмыстары кезінде белсенді пайдаланылады. Картотекада алынатын басылымдардың типі, түрі, - коды(таңбасы) мен алынатын дана саны, тілдік және елдік аумағы көрсетіледі. Картотекаға эдебиеттер тақырыбының рубрикалары кіреді. Моделдің өміршеңдігі 5-10 жыл мерзімге жетеді. Кесте-1
Ғылым-білімнің сан саласындағы жаңалықтарды оқып-білу, тәлім алу, өз ізденістеріне пайдалану үшін жаңадан жарық көрген кітаптар, электрондық басылымдар, журналдар және де басқа басылымдар түрлерін оқырмандар қолына мезгілінде жеткізіліп отыру кітапханалардың негізгі жэне жауапты міндеті. Қазіргі уақытта көпшілік оқырмандарымыздың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне, эдебиеті мен өнеріне, саясаты мен экономикасына қатысты жаңа көзқараста жазылған туындыларға деген сұранысы өте жоғары.
Кітапхана қорын толықтьірудың жолдары сан түрлі жэне сан салалы. Алғашқы жолы ол мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржыға алынатын әдебиеттер. Сондай-ақ, қор толықтырудың жаңа көзінің бірі, қалыптасқан ерекше жағдайы жобалар арқылы түрлі мэдени мекемелер арқылы сұранысқа сай толықтырылатын түрлі тақырыптағы басылымдар. Үшінші бір жолы, бұл республикалық баспалардан шығатын барлық басылымдардың кітапханаға келіп түсетін міндетті даналары арқылы іске асырылады.
Қоғамның ақпараттануына сэйкес, ақпараттық-білімдік модель қалыптасты. Кітапхана қызметіне компьютерлік жаңа техника енгізілді, бұл арқылы өте көптеген мүмкіншіліктер жүзеге асырылуда. Кітапханаларда жаңа жағдайды ескере отырып, кітапхананы пайдаланушы оқырмандардың ақпаратты тұтыну ерекшеліктеріне сэйкес жүмыс түрлерін ұйымдастыруда. Бірақта, кітапхананың ең басты қызметі - ақпаратты бір жерге топтастыру, жинақтау және насихаттау.
Республикадағы ауылдық жэне мектеп кітапханаларының материалдық базалары, қалалық кітапханалармен салыстырғанда жалпылама алғанда өте керемет емес. Бірақта, бүл кітапханалардың алдындағы міндеттер, қалалық кітапханалардың міндеттерімен бірдей. Бүгінгі күні, балалардың, жасөспірімдердің өмірлік құндылықтарға - дінге, мэдениетке, білімге, өнерге деген көзқарастары өзгерді. Жасыратыны жоқ, ауыл оқушыларының білімге дайындықтарын қалалық қүрдастарымен салыстырғанда, прине соңғыларының білімдік деңгейлері жоғары болатыны белгілі, себебі олардың компьютерлік технологияны жэне т. б. ақпараттық технология түрлерін қолдану мүмкіншіліктері жоғары. Сондай-ақ қалалық оқырмандар игілігіне, ауылдық кітапханалармен салыстырғанда өте мазмүнды бай кітап қорының барша мүмкіндіктері де қызмет етеді. Әрине, компьютерлік технологияларды пайдалану біздің кітапханалар қорын толықтырудағы өрісін жаңа негізде қүруға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен: баспа өнімдерін шығаратын үйымдардың тармақтық тэртіптегі ақпаратын оның ішінде жазылып алынатын басылымдар туралы; электронды тапсырыстарды пайдалана отырып қажетті тапсырыстарды; әдебиеттерді айырбастау үсыныстарының жеке мэліметтер базасын ұйымдастыру, басылымдарды іздестіру тізімін қүруға болады.
Әдебиеттер алғаш қаншалықты мүқият іріктеліп алғанымен пайдаланылмайтын басылымдар бөлігі табылады (объективті жэне субъективті себептерге байланысты) . Сондықтан эдебиеттерді қайта іріктеп алуға түрақты көңіл бөліп отыру қорды басқару ісінің бірі болып табылады. Профилі келмейтін, ескірген, көп даналы, мүлде пайдаланылмайтын әдебиеттер негізгі кітап қорын сақтау мен қосалқы қорлардың қүрамын зерттеу мен пайдалану ироцесінде анықталады. Ондай іріктеу мақсаты: осы жүмысты күшейте отырып қорда қандай басылымдарды қалдыруды; ескі мэліметті беретін жэне пайдаланылмайтын кітаптармен не істеу іссрек; қосалқы қорларды қалай жаңарту жэне қүрамы ашылуы кджеттігін; қор есебінен шығарылған кітаптар мен мерзімді басылымдарды одан әрі пайдалануға бола ма деген анықтау болып табылады.
Республикамыздың маңдай алды мәдени шаңырағы - Үлттық кітапханасы ғылыми-зерттеу мекемесі дэрежесінен бір кездері көпшілік кітапхана дэрежесіне өтеді. Сөйтіп, кітапхана жұмысындағы басты бағыт - кітап санын өсіруге бағытталады. Қазақстан Республикасынын/ Үлттық кітапханасы енді сол кездегі саясаттың ыңғайына қарай қорды толықтыруға кірісті. Бұл көбіне оқырман сүранысына жауап бермейтін бір жақты басылымдар болатын. Әдебиеттердің дені - саяси-идеологиялық, үрандатқан басылым көздерінен құралды. Уақыт өте келе бұндай эдебиеттер мэні мен мазмұнын жоғалтып, сұраныстан қала бастады. Бүл жағдайда қандай шара қарастыру керек. Әрине, қордың мазмүны мен құрамын зерттеу арқылы маңызын жоғалтқан эдебиеттерден арылту шаралары қолға алынды. Кітап қорының өзегі оқырмандар қызығушылығы мен кітапхана міндетінің үндестігін көрсетуі керек. Қітап қорының өзегі дегеніміз-адам қүндылықтарының нәтижесін жинақтаған шығармалардьщ негізінен түратын кітап қорының тұрақты бөлігі, яғни негізгі қордың аз ғана бөлшегі болып табылады.
Кітапханалар үлкен кітап қорларын игере отырып э оның қүрамы мен пайдалануын үздіксіз зерттеп-танып отырады. Соның I нэтижесінде қайсы басылымды оқырмандардың жиі пайдаланытыны, ал қай басылым ескіріп немесе назардан неліктен тыс қалатындығын анықтап отырады. Міндетті түрде оқырмандардың қанағаттандырылмаған сүранымдары талданады. Қажет деп табылған басылым қайта толықтыру картотекасына қойылады. Сондықтан да қызметкерлер қордың белгілі бөліктеріне жауапты бола отырып, қорға эдебиеттерді орналастыру, тапсырыстарды орындау, қордың сақталуын бақылау секілді жүмыс процестерін орындау барысында міндетті турде күнделікті қорды зерттеп отыру қызметің атқарады. Бұл кітапханашылардың ағымдағы эдебиеттердің қозғалысын байқап отыруы үшін өте маңызды. Ал кітап қорына нақты күрделі зерттеу үшін арнайы эдістер қолданылады: сандық, библиографиялық жэне әлеуметтік.
Сандық әдіс қордың нақты бет-бейнесін көрсетуге бағытталған - көлемі, құрамы, оның пайдаланылуы. Сандық әдіске жататын, ең алдымен қордың статистикалық талдауы. Бүған қор көлемі, кітап берілімі, басылымның сұралуы мен кітаппен қамтамасыз етілуі секілді көрсеткіштер жатады.
Библиографиялық эдіске қорды библиографиялық көрсеткіштермен салыстырмалы тексеруі жатады. Ондай эдістің көмегімен қордың нақты толықтырылуы анықталады, маңызды деген эдебиеттердің орнында болуы көрінеді, белгілі бір кітапты қорға алу немесе ескірген кітапты есептен шығару сияқты мәселелер шешімін табады.
Қордың элеуметтік зерттеу эдісіне зор мағына беріледі, ондай тэсіл арқылы оқырмандардың қорды пайдалану сипатын, олардың кітапханада жинақталған әдебиеттерге деген көзқарастары туралы, рни кітап қорының сапасы жайында белгілі бір пікірге келуге мүмкіндік береді. Сондықтан да осы эдіс қорды қалыптастыруды Сшсқаруға мүмкіндік береді. Қордың пайдаланылуын зерттеудің негізгі тәсілдері болып статистикалық талдау мен сөредегі кітаптарды қарау болып табылады. Кітап берілімінің салалық құрылымы мен қордың салалық құрылымын салыстыру қордағы «қолайсыз» немесе «қолайлы» делінетін эдебиеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Мысалға қор құрылымындағы қоғамдық эдебиеттер 23 пайыз болса, ал кітап берілімінде ол 16 пайызды ғана құрайды. Бұл, яғни қоғамдық эдебиеттердің басым бөлігі мүлдем пайдаланылмайды дегенді көрсетеді. Бұл жағдайда ең алдымен осы бөлімнің сөредегі кітаптары сараланып, эдебиеттердің оқырмандармен нашар пайдаланылуының себептері анықталып оны жоюдың жолдары туралы шешім қабылданады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz