Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

1) Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2) Нарықтық қатынастар жағдайындағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар.10
3) Ұлттық, этникалық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
4) Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Сілтемелер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Кіріспе
Тақарыптың өзектілігі:
Ел басына түскен қайғы - қасіреттің салдарынан қазақ халқының сан жағынан азаюы басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныс аудару салдары Республикға атын беріп отырған қазақ халқының өз республикасында ашаршылық болуына әкеп соқты Қазақстан тәуелсіздік алғанан оншақты жылдың ішінде жүрілген миграциялық процестің нәтижесінде қазақтар республика халқының тең жартысынан астамын құрап отыр.
Халықтар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту олардың негізгі құқықтарын өзара мойындату мен құрметтеу негізінде іске асады. Бұл құқықтар халықтар ұйымдарының, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) көптеген құжаттарында бекітілген. Әңгіме бүкіл халықтардың төменгідей құқықтары туралы болып отыр
Осының нәтижесінде Қазақстанда мекендеген ұлттарды қазақхалқының төңірегіне топтастыру арқылы елішіндегі және ұлтаралық тұрақтылық қоғамның тұтастығын қамтамасыз ету мүмкіндігі туып отыр.
Тақырыпытың мақсат міндеттері:
Тақырыпты зерттеуде Қазақстан Республикасын мекендеген ұлттармен және ұлтаралық қатынастар жайлы мәліметтерді зерттеп талдау арқылы тақырыпты аша білу міндеттеледі.
Тақырыптың тарихнамасы:
Осы тақырыпты зерттеу брысындағы тарихнамасына тоқталсақ Әбсаттаров Р. Конституция және ұлт саясаты, “Ақиқат” № 7, 1993. Әлеуметтану негіздері, Қоғамның этникалық құрылымы, 2006. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Алматы, 1999. Және т.б. Осы оқулықтардан керекті мәліметтер алынып талданып жазылды.
Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әбсаттаров Р.Б. КСРО-ның күйреуі және егемен Қазақстан / / Ақиқат. 2001 № 11
2. Национальные отношения. Словарь. М., 1997.
3. Д. Жамбылов. Саясаттану негіздері. Алматы, Жеті Жарғы, 2000,.
4. Адам және Қоғам Н.Р. Күнқожаев, Алматы, Рауан 1997.
5. Краткие итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Алматы, 1999.
6. Статистический ежегодник Казахстана за 1993 год. Алматы, 1994.
7. Икенов Ахмет, Әлеуметтану негіздері, Алматы: Экономика 2004.
8. Абсаттаров Р.Б,. Садыков Т.С. воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика. Алматы: Издательский отдел ВАК казахстана Министерства образования и наук РК, 1999.
9. Әбсаттаров Р. Конституция және ұлт саясаты, “Ақиқат” № 7, 1993.
10. Абдилдин Ж., Нысанбаев А. Политика национальных отношении в Казахстане. “Мысль”, № 3, 1994.
11. Маркович Д. Общая социология, М:, 1984.
12. Рахметов, Қ.Ж. Социология Алматы: Өлке 2005,256 б
13. Тощенко. Социология, М:, 1994.
14. Қуанышәлі Жасарал. Ұлт және ұлтаралық мәселе. Алматы. 1998.
15. Сәрсенов Жаңыл. Әлеуметтану. Алматы. 2000.
16. Әлеуметтану негіздері, Қоғамның этникалық құрылымы, 2006.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

1) Қазақстанда ұлт және ұлтаралық
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .4
2) Нарықтық қатынастар жағдайындағы Қазақстандағы ұлтаралық
қатынастар.10
3) Ұлттық, этникалық қатынастар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .16
4) Қазіргі жағдайдағы ұлт мәселесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..23
Сілтемелер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

Кіріспе
Тақарыптың өзектілігі:
Ел басына түскен қайғы - қасіреттің салдарынан қазақ халқының сан
жағынан азаюы басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныс аудару
салдары Республикға атын беріп отырған қазақ халқының өз
республикасында ашаршылық болуына әкеп соқты Қазақстан тәуелсіздік
алғанан оншақты жылдың ішінде жүрілген миграциялық процестің
нәтижесінде қазақтар республика халқының тең жартысынан астамын құрап
отыр.
Халықтар арасында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту олардың
негізгі құқықтарын өзара мойындату мен құрметтеу негізінде іске
асады. Бұл құқықтар халықтар ұйымдарының, соның ішінде Біріккен
Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) көптеген құжаттарында бекітілген. Әңгіме бүкіл
халықтардың төменгідей құқықтары туралы болып отыр
Осының нәтижесінде Қазақстанда мекендеген ұлттарды қазақхалқының
төңірегіне топтастыру арқылы елішіндегі және ұлтаралық тұрақтылық
қоғамның тұтастығын қамтамасыз ету мүмкіндігі туып отыр.
Тақырыпытың мақсат міндеттері:
Тақырыпты зерттеуде Қазақстан Республикасын мекендеген
ұлттармен және ұлтаралық қатынастар жайлы мәліметтерді зерттеп
талдау арқылы тақырыпты аша білу міндеттеледі.
Тақырыптың тарихнамасы:
Осы тақырыпты зерттеу брысындағы тарихнамасына тоқталсақ
Әбсаттаров Р. Конституция және ұлт саясаты, “Ақиқат” № 7, 1993.
Әлеуметтану негіздері, Қоғамның этникалық құрылымы, 2006. Краткие итоги
переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. Алматы, 1999. Және
т.б. Осы оқулықтардан керекті мәліметтер алынып талданып жазылды.

1.Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар.
Этносоциология- этнография мен социологияның түйісуінен пайда болған
жаңа ғылыми бағыт. XX- ғасырдың 60- жылдарының екінші жартысында
Шығыс елдерінде этносоциология ілімінің дербес саласына айналды.
Этносоциология термині екі сөзден тұрады: этнос (грекше қоғам, топ,
тайпа, халық) және социология (латынша қоғам жайлы ілім).
Этносоциология - әртүрлі этностардың (тайпа, халық, ұлт) пайда болуын,
мазмұнын және қызметін зерттейтін социологияның атасы.
Этнос белгілі бір сыртқы түр- келбеттің ортақ белгілері, сондай-
ақ біршама қалыпты мәдениет тіл белгілері, мінез құлық, қоғам және
басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи
қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін
және басқа этностардан ажырататын белгілері :тіл, халықтық өнер, әдет-
ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа
берілетінмәдениет компоненттері .Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық
мәдениетті құрады. Этностың белгісі – мәдени құндылық.
Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрыр,
мәдениет, т.б. бірлігі жатады. Олар жиынтығында белгілі этникалық
мәдениетті құрады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік
негізінде құралды. Қазіргі ұлттар – дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа,
халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.
Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ - ұлттық топтасыу. Ұлт
дегеніміз территория бірлігі , тіл бірлігі , мәдениет бірлігігнен көрінетін
психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде
тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос
құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның
негізгі белгілері территория , тіл және психикалық кейіп бірлігі
болды, бірақ корольдік, князьдік, хан-сұлтандық сияқты толып жатқан
ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақтыэкономикалық қарым-
қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы шаруашылық негізінде ұлттық
қауымдастық қалыптаса алмады .
Тек капитплизмнің тууы мен дамуы ғана ұлттың пайда болуына
жағдай жасайды. Ұлт - капиталистік дамудың жемісі. Ұлт феодалдық
ыдыраудың және капитализмнің қалыптасуы дәуірінде әртүрлі халықтардың
бірігуі нәтижесінде пайда болды. Бұл жаңа қатынас терең еңбек
бөлінісін, кең ауқымды және мықты экономикалық байланысты, т.б. талап
етеді . Ұлттың қалыптасуында мемлекет маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Еуразияның екі аймағының – Орта азия мен Сібірдің
арасында орналасқан ірі мемлекеттің бірі. Түркі әлеміндегі қазақ
халқының қалыптасуына негіз болған этногенетикалық туыстықтың тамыры
көне дәуірден басталады. Қазақ халқын құраған Қазақстан мен Орта
Азия шегінде біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген сақ, оғыз, қимақ,
найман, арғын, керей, қоңырат, жалайыр, дулат т.б көптеген ру –
тайпалар еді. Қазақ халқының тамыры тереңде жатқан тарихи дамуының
нәтижесінде XV-XVII ғасырларда оның қазіргі ұлттық аймағы
қалыптасты. Қандай қиыншылықтар мен шапқыншылықтар болса да ,
қазақтар өз тілін , туып-өскен жерін сақтап қалды, этностық
компоненттерді дамыта түсті.
XVIII ғасырдың басынан бастап (үш жүз жылға жуық уақыттан
бері қарай), қазақ халқының тарихы Ресей империясымен байланысты
болды. Уақыт талабына қарай, қилы кезеңдерді бұл қарым- қатынас
әртүрлі бағаланады.
Қазан революциясының жеңісінен кейінгі кезеңдегі ұлт мәселесі
КСРО- ның құрылуымен тікелей байланысты болды. Қазақстан алғашында
автономиялық, ал 1936 жылдан бастап одақтас Республика болып
жарияланды. КСРО – ның, Қазақстанның , басқа да республикалардың
Конституциялары қбылданды.
Бүгінгі Қазақстан 14 облыстан, 166 ауданнан , 84 қаладан, 197
поселкадан, 2130 ауылдық (селолық ) округтен тұрады. 1989 жылы өткен
халық санағы бойынша , Қазақстан 16464,4 мың тұрғын, соның ішінде
қазақтар - 6534616 (39,7%), орыстар- 6227,6 ( 37,8%) , украиндықтар –
89,2 (5,1%) , татарлар – 328,0 (2.0%) , басқа ұлттар – 150559 мың
(4.4%) адам болған еді.
2. Кеңес одағы кезінде ұлт мәселесі шешілді, енді ұлттардың
гүлденуі мен өзара жақындасу тенденциясы басталды деп уағыздалып
келді. Алайда халықтардың теңдігі мен еркіндігі заң жүзінде
жарияланғанымен, шын мәнісінде Ресей империясының билігінде қалды.
Әртүрлі кезеңдерде , әсіресе коллективтендіру, индустрияландыру,
екінші дүние жүзілік соғыс, тың жерлерді игеру жылдарында Қазақстанға
басқа ұлттардың өкілдері күштеп әкелінді. Мысалы 1937 жылы Қиыр
Шығыстан 96 мың кәрістер отбасы көшіріліп әкелінді. 1940-1941 жылдары
батыс шекарадан 105 мың поляктар осында жер аударылды. Соғыс
басталысымен Еділ бойында ғасырдан астам уақыттан бері қоныс теуіп
отырған 1 миллионнан аса немістер шығысқа көшірілді . Олардың 400 мыңы
Қазақстанға келді . 1943 жылы 2 мыңнан астам қырым татарлары мен
балкарлар көшіріп әкелінді. Осы жылы 310 мың шешен , 79 мың ингуш
кемпір-шалдарымен , шиеттей балаларымен қақаған қыс кезінде жүк таситын
вагондарға тиеліп (олардың мыңдағаны жолда үсіп өлді) , Қазақстанға жер
аударылды.
Оларға қоса гректер , курдтар, грузин- месхиттер, түріктер мың-
мыңдап айдап әкелінді. Тіпті 1948-1956 жылдары бұрынғы басшылар мен
власовшылар да Қазақстанға жіберілді. Сонымен бас-аяғы бес-он жылда
осылай болды. Республикамыздың зорлықпен көшіріліп әкелінген халық
саны 974 мыңға жетті. Оның үстінде соғыс кезінде жау қолында қалған
жерлерден 1.5 мың адам жан сақтауға көшіп келді. Сөйтіп, соғыс кезінде
басқа жақтардан 2,5 мың халық қазақ жеріне келіп қоныстанды. Оның бәріне
ақкөңіл, қонажай қазақ халқы көнді шыдады.
Басқа жақтардан адамдардың ағылып келуі соғыс біткен соң
да толастамады. Өнеркәсіп ошақтарын саламыз деген желеумен мыңдаған
жұмысшы- құрылысшылар келіп жатты. Сырт халықтың қазақ жеріне ең көп
қаптап келгені- елуінші- алпысыншы жылдарда тың жерлерді игеру кезеңі
болды 1953-1965 жылдары Қазақстанға 2 млн. адам сырттан келіп қоныс
тепті , жұмыс тапты. Олардың көбі негізінен орыстар мен украиндықтар еді.
Қазақстанда ұлт саясатының қалай шешілгендігін дәлелдейтін
факторларға тоқтала кетейік. Нәтижесінде,1916-1945 жылдар ішінде
қазақтардың саны 3 миллион 150 мың адамға кеміді. 1916 жылы ұлт-
азаттық көтеріліс, ақпан және қазан төңкерісі, азамат соғысы жылдарында
шаруашылықтан күйзеліске , ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ немесе
елде тұратындардың 18-19 проценті басқа елдерге қоныс аударды. Жасанды
ұйымдастырылған аштықтың нәтижесінде голощекиндік зұлматтан Қазақстанда
2 миллион 300 мың қазақ өлді. Аштықтан және зұлматтан аман қалу үшін 900
мың қазақ шет аймаққа – шекаралас Рсейге, Орта Азияға, сондай- ақ Қытай,
Монғолия, Ауғаныстанға және Иранға қаша көшті. Өлгендерін және шет жерге
көшкендерін қоса есептесек, қазіргі Қазақстан республикасындағы
жергілікті халық өзінің 70 процентіне жуығынан айрылған.
Бірінен соң бірі қайталанған үш демографиялық апаттың кезіндегі
адам шығыны, нәтижесінде Қазақстаннан біржолата көшіп кеткендерін қоса
санағанда, 4-5 миллион адам болды- республикамыздың кең даласының көп
жері қаңырап бос қалды.
Сталиннің тұсындағы жаппай жазалаулар жылдарындағы оспандарлықтар
халықтың тоналуына, ашығуына, олардың бас бостандығынан айырылуына әкеліп
соқты.
30- жылдарда елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орынды деп
жарияланды. Фабрикалар мен зауыттар, колхоздар мен совхоздар, жер
мемлекеттік меншікке айналды. Елде 1936 жылы КСРО- да сталиндік
Конституциясы жарияланғаннан кейін бюрократиялық орталықтандыру принципі
орнықты. Республикалар іс жүзінде толық егемендік алған жоқ.Республиканың
өзінше заң шығару инициятивасы болмады, бұған одақтық халық
комиссариаттары орталығының өктемдігі себепші болды. Сталинизм
тоталитарлық казармалық сипат алды.
Сталиннің социализм жолымен ілгерленген сайып тап күресі
шиеленісе түседі деген теориясы жазалау органдары қызметінің
кеңейіп, мемлекеттік өкімет органы ретінде Кеңестер қызметінің шектелуіне
негіз болды. Жеке адам құқығы барған сайын аяаққа басыла берді.
Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылады.
Орталық ішкі істер халық комиссиараты құрамында жазалау
шараларын қолдану (жер аудару, еңбекпен түзеу лагеріне қамау, КСРО-дан
тыс жерлерге қуу) үшін ерекше кеңес құрылды .
Жазалау тасқыны Қазақстанды да жайлап кетті. Соның салдарынан ең
алдымен азамат соғысының аяғына қарай Кеңес өкіметі тұғырнамасына
көшіп, кейінгі жылдарда оған шамасы келгенше қызмет ете бастаған қазақ
шығармашылық зиялылары зардап шекті. Ж. Аймауытов, Э. Ермеков, Ж.
Досмұханбетов, Ә. Бөкейханов жазаға ұшырады .
1937-1938 жылдарда терор жаппай сипат алды. Бұл жылдарда Кеңес
өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: А. Асылбеков, Ә.
Әйтиев, С. Арыншиев, С. Мендешев, Б. Алманов, Н. Төреқұлжов, Т. Рысқұлов,
Ж. Сәдуәқасов, Н. Сырғабеков, С. Шәріпов, М Жәнібеков халық жаулары деп
жарияланды.
Баламалы ой-пікірін айтқандар бұдан былайғы жылдарда да тоқтамады.
Ол саясаттың құрбаны болған азаматтың бір тарихшы ғалым Б. Бекмаханов еді
Ол 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылып, Гулагтың алыстағы
лагерінің біріне айналды. 50 жылдардың басында осындай әділетсіз саяси
айыптаулардың құрбаны болғандар қатарына республиканың белгілі
қоғамтанушы ғалымдары А. Жұбанов, Қ. Жұмағалиев, Б. Сүлейменов, Е.
Ысмайылов, С. Кеңесбайев т. б қосылды.
Қазақстан табиғи байлығы мол ірі индустриялы ел бола тұра, оның
экономикасы біржақты дамытылды: Кеңес одағының шикізат базасына айналды,
өндірілген өнімнің 93 процентін орталық билеп -төстеді. Орталық алуды
білді, тасып әкетуді білді, бірақ жергілікті халықтың мұң-мұқтажын
Есермеді. Республикалық бақылау органдарын есепке алмағанда ,
жергілікті жердегі басқарушы кадрлар да орталықтан жіберіліп отырды.
Ұлт саясатындағы өзекті проблема – тіл мәселесі .Шындығына
келгенде республикада орыстандыру саясаты жүргізілді. Орыс тіліндегі
бала – бақшалар, мектептер көбейе түсті.Орыс тілін нашар білетін жоғары
білімді азаматтар басқару қызметіне жоғарлатылмады, себебі орыс тілі
мемлекеттік тіл болды. Рас, қазақ тілі республикалық мемлекеттік тіл
деп Конституцияда жарияланғанымен , бірақ төменнен жоғарыға дейінгі
ұйымдарда іс қағаздары орыс тілінде жүргізілді . Жоғары оқу орындарында
негізінен орыс бөлімдері ашылды, тіпті қайсы бір қазақ бөлімінде
көптеген пәндер орыс тілінде өткізілді. Қазақ мектебін бітірген
жастар қабылдау емтиханы кезінде орыс тілінде шығарма немесе
мазмұндама жазатын болды. Соның кесірінен олардың бірсыпырасы оқуға
түсе алмады. Ғылыми еңбектер негізінен орыс тілінде дайындалды,
диссертациялар да орыс тілде қорғалды.
1980 жылдан бастап орыс мектептерінде әрбір сыныптағы
оқушылар орыс тілін екі топқа бөлініп оқыды, ал қазақ тілін қазақ
мектебінде олай оқымады. Қазақша машинкалар бірен-саран болды. Кез
келген жиналыс орыс тілінде өткізілді.Қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінен басқа пәндер бойынша қазақ тілінде оқулықтар шығаруға тиым
салынды- тек Москвадан шыққан оқулықтарды аударып пайдалану қажеттігі
атап көрсетілді.
Осылардың нәтижесінде қазақ тілінің мәртебесі өте төмен түсіп
кетті. Қазақтар өзар орыс тілінде сөйлеуді қолайлы деп ұқты. Халықтың
40 проценттейі ана тілінен айрылып қалды.
Біз жоғарыда негізгі этностық белгілер ретінде тіл, халықтық
өнер, әдет-ғұрып , дәстүр, дағды т.б. атап көрсеттік. Осылар арқылы бір
халық екіншілерінен ажыратылады. Олар ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады,
ұлттың негізгі белгілері баии түседі. Бұл құндылықтардың көпшілігі
бұзылады, орыстандырылады. Ұлттық өнерді , киімдерді, үй жихаздарын
музейден көретін болдық. Ұлттық камзол, көйлек киген, орамал тартқан
тамаша қазақтың қыз-келіншектерін ескінің қалдығын насихаттаушылар деп
түсіндік. Қазақтың ұлттық ойындары да ұмтыла бастады, олар арақ-шарап
ішіп, аяғы төбелеске айналатын жиындармен алмастырылды. Қыз ұзату
келін түсіру дәстүрлері мазмұнын өзгерте бастады. Қазақтың қараша
үйлері, ат-тұрмандарына көшпелі халықтың дәстүрі деген баға бере
бастады. Үлкенге құрмет, екі қолын беріп амандасу, жол беру т.б.
әдептер өзінің ұлттық мазмұнын жоя бастады. Дінге деген көз қарас
өзгерді, түгелдей атеистерге айналдық.
Дегенмен ұлтаралық қарым – қатынастың қайсыбір жағымды
жақтарын да атап айтқан жөн. Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан көп
ұлтты мемлекетке айналды. Республикада 130 ұлт пен ұлыстардың
өкілдері тұрды, қазір де солай . Ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне
қарай, қазақтар мен басқа да ұлт өкілдері Қазақстан халқын құрап
отыр. Ол дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бір бөліг бола отырып ,
қазақ мемлекетінің бұлжымастығының негізіне айналды.
Қандай бір қайшылықтар мен қиыншылықтар болмасын, Қазақстанды
мекендеген халықтар өзара достықта өмір сүрді. Бір-бірімен қарым-
қатынастары тығыз болды, өзара достық қалыптасты. Қазақ халқы
республикаға келген басқа ьхалықтарға кең пейілдік білдіріп , көрсетті
көрсетті . Қазіргі азаматтық татулықтың негізі қаланды.

2. Нарықтық қатынастар жағдайында,
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Ұлт саясатының жақсы нәтижесін берген бір саласы- халыққа білім
беру саласы. Халықтың білімділігі жағынан біз бірқатар елдерден кем
емеспіз. Сауатсыздық деген атымен жойылды. Жаппай жалпыға бірдей орта
білім беруге көшкенбіз. Әрбір үш жарым адамның бірінің жоғары және орта
арнаулы білім болды. Жоғары потенциялды білімнің негізі қаланды.
Қазақстан шикізат шығарушы аймаққа айналғаны да шындық. Бірақ
табиғи байлықтарды игеру, ірі зауыттар, фабрикалар, шахталар салудан,
олардың техникалық базасын нығайтып, әлемдік дәрежеге көтеруден де артта
қала қоймадық . Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер ауыз толтырып
айтуға, мақтаныш тұтуға боларлықтай еді.
Халыққа қызмет ету салаларының да жетістігі аз болған жоқ.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің саны, олардың тәжірибеге қосқан үлесі
жөнінен де , ол саланың материалдық базасын нығайтуда да үлкен
жетістіктің негізі қаланды. Олардың қазіргі қиыншылықтарға төтеп
беруінің негізі міне осында жатыр.
Ұлт асясатының нәтижесінде творчестволық интеллигенция
қалыптасты. Жүздеген, мыңдаған ғалымдар, жазушылар, ақындар,
дәрігерлер,инженерлер- біздің мақтанышымыз.
Қол жеткен табысты атамау, оған дұрыс баға бермеу ,сонымен орын
алған кемшіліктерді де сынамау, дұрыс болмас еді. Оқушы қауым, бұларға
баға беруде сіздерге дербестік берілген, өз көз қарастарыңызды
қалыптастыруға тырысыңдар.
3. Қазақстандағы экономикалық және саяси реформаларды жүзеге
асырушы басты тұлға – адам. Біз құрып жатқан жаңа қоғамның ең жоғарғы
құндылығы да- адам, бүкіл өзгерістің бәрі сол үшін соның қолымен
жасалып жатыр. Адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі заң
жүзінде қамтамасыз етілген. Ұлтаралық келісім , барлық ұлттар мен
ұлыстардың теңдігі идеяларын негіздеу күрделі мәселелердің бірі болып
отыр.
Күйреген Кеңес Одағының Конституциясында да, социализм тұсында
да , адам ең жоғары құндылықтың санатына жатқызылған. Бірақ олардың
барлығы іске аспады, қағазда ғана жазылды, олар туралы жоғарыда
айтылған.
Сондықтан Қазақстан егеменді ел болып жарияланумен бірге өз
Конституциясын, негізгі заңын қабылдады. Онда Қазақстан мемлекетінің
саяси бағыт – бағдары, мемлекеттік органдардың жүйесі, олардың
құрылымы мен қызмет ету тәртібі, адамдардың негізгі құқықтары мен
міндеттері тұжырымдалды. Ол сонымен бірге қазіргі заманғы аса маңызды
саяси құжат болып табылады. Оның шынайы жасампаздары – қазақ халқы
және Қазақстанды мекендегенөзге ұлт өкілдері. Егемен , тәуелсіз
Қазақстан дегеніміз- қазақ халқының дербестігі, еркіндігі, бостандығы,
өзінің тағдырын шешуге толық билігі барлығы. Біз жоғарыда ұлт
мәселесін қарағанда бұрынғы совет өкіметі кезінде оны шиеленістірген
жағдайларға тоқталғанбыз. Бұларды бір күнде шешіп тастау мүмкін
емес. Бүгінгі таңда күн тіртібінде Қазақстан экономикасын дағдарыстан
шығарудың қандай күрделі міндеті тұрса, ұлт саясатя саласында да
сондай күрделі міндет тұр.
Ұлт саясатындағы маңызды мәселенің бірі - азаматтық татыулық
пен ұлтаралық келсімді қамтамасызе тіу. Бұл келсім халықтардың
экономикалық теңдігін, саяси және мәдени дамуын, өзара достықты,
ұлттық мүдделер мен ұлттық ерекшеліктерді, тілдердің бір-біріне
деген құрметін қамтамамсыз етеді.
1997 жылы Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заң
қабылданды. Конституцияның бірінші бөлімінің 7- бабында Қазақстан
Республикасындағы Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда
және жергілікті өзін- өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде
қазақ тілімен қолданылды деп тұжырымдалған.
Өтпелі кезеңдегі саяси жұмыстың өзегі – бірігу, қоғамдық процесс
пен әлеуметтік серіктестік. Біздің мақсатымыз- дүние жүзілік
қоғамдастықтың ажырамас бөлігіне айналу, қазақ мемлекетінің бұлжымас
негізін нығайту, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құру,
конституцияның принциптері мен ережелерін іске асыру. Міне ,сондықтан
да Ата заңының әрбір қағидасы, әрбір тұжырымы, әрбір бабы ұлт
проблемасымен тығыз байланысты.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясат – көп ұлтты халқымызды
өзара жақындастыру, олардың қарым – қатынастарын , достығын нығайту.
Әрбір ұлттың өз ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттың өз
ерекшелігі бар. Сондықтан ұлттық қатынасты жан-жақты дамыта отырып,
әрбір ұлттың, халықтың өзінің тарихи қалыптасқан дәстүрлері мен әдет-
ғұрыптарын , салт-сана жүйелерін байыта түсуге толық жағдай
жасалынады. Мұны біздің республикамызды мекендеуші ұлттардың өкілдері
өздерінің күнделікті тұрмысында сезінуде. Олардың өз тілінде оқуға,
білім алуға, түрлі қоғамдық ұйымдарды құруға құқықты екені
Конституцияда былай жазылған: Қазақстан Республикасының азаматтарына,
ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік , мүмкіндік және лауазымдық
жағдайына , әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне , дінге көзқарасына
, сеніміне , қоғамдық бірлестікке мүшелілігіне, сондай- ақ бұрын
қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар
теңдігіне кепілдік берілді. Азаматтарды кемістушіліктің кез-келген
түріне тиым cалынады делінген.Бұл қағидалар ұлтаралық мәдениеттің,
оның жүргізудің бұлжымас негізі .
Бүгінгі Қазақстанда ұлтаралық дамуға толық мәнді ақпараттық
кеңістік жасалынған .1998 жылы Республикада – 1425 газет шығарылды,
олардың орыс тіліндегісі- 581, орыс-қазақ тіліндегісі- 514, орыс, қазақ,
және басқа тілдегісі- 330 , журналдың орыс тілде шығатыны- 147, қазақ
тіліндегісі- 49, орыс, қазақ, және басқа тілдегісі – 64. Қазақстанда
Известия, Комсомольская правда, Аргументы и факты , Новая
газета, Труд газеттері басып шығарылуда .
Ана тілінде (қазақ, өзбек, орыс, ұйғыр, тәжік, украин және
неміс) сөйлейтін балалар бақшасында 426 мың бала тәрбиеленеді. Аз
ұлт өкілдері үшін ұйымдастырылған 14 мектепте оқу ана тілінде
өткізіледі.
Қазақстан мемлекеті барлық ұлттық мәдениеттің дамуына тең
құқық берген . Республикада қазақ және орыс тілдерінен басқа ұйғыр,
кәріс, немістердің де кәсіби театрлары жұмыс істейді , 5000-ден астам
ұлттық көркемөнер ұжымдары бар.
Түрлі ұлттардың өкілдері мемлекеттік басқару ұйымдарына да
жұмыс істейді. Президент әкімшілігінде қазақ, орыс, украин, беларусь,
кәріс, ұйғыр, татар және болгарқызметкерлер жұмыс істейді. Үкімет
құрамында 8 қазақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың 80-90 жылдардағы Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
«Жастардың бойында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру»
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылу тарихы
Этносоциология туралы
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар
Пәндер