Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1.1 «Көшпелі өзбектер» ұлысы және оның ішкі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Қазақ хандығының әлеуметтік ұйымдасуы және әлеуметтік құрылымы мен стратификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23


2 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ

2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы әлеуметтік.экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 XVII . XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік.экономикалық және саяси қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі жаһандық оқиға еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050»: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы болды, онда Мемлекет Басшысы біздің еліміздің дамуындағы басым бағыттарды белгіледі, сонымен қатар оны жүзеге асыру бағдарламасын анықтады. [1, 1-2-б.].
Кезекті Жолдаудың ерекшелігі, онда Президенттің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының тұжырымдалғаны мен негізделгені болды, ол Қазақстанның мемлекеттік сәйкестігін және оның халқының бірлігін нығайтуға, сонымен қатар қазақстандықтарды елімізді дамытудың серпімді жобаларын жүзеге асыруға жұмылдыратын факторы болуына арналған. Ел Президетінің осы Жолдауы тұрғысында маңызды мәселе XV ғасырдың жартысында Қазақ мемлекетін құру, барлық қазақ халқын біртұтас мемлекетке біріктіру болып табылады.
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен «қазақ» атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-қатынастары өзінше рөл атқара алды. XV ғасырдың 50-ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы.
2. Назарбаев Н. Бауырларымызға құшағымыз ашық (Дүние жүзі қазақтары құрылтайының 1992 ж. 1 қазандағы салтанатты мәжілісіндегі сөзі) // Тәуелсіздігіміздің бес жылы. -Алматы: Қазақстан, 1996. -Б. 55-57.
3. Кенжалиев 3.Ж. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы көшпелі құқықтық мәдениет. -Алматы: Жеті жарғы, 1998. 76-82-бб.
4. Марғұлан Ә. Қасым ханның қасқа жолы // Қазақ совет энциклопедиясы. 6 т. –Алматы, 1984. -542 б.
5. Қазақтың көне тарихы. (Дайындаған М. Қани). –Алматы: Жалын, 1993. -Б. 319.
6. Қуандықов Б.Ж. Қасымның қасқа жолынан “Есімге дейін” // Қазақтың ата заңдары. –Алматы: Жеті жарғы, 2004. 4 т. –Б. 139.
7. Созақбаев С. Тәуке хан. Жеті жарғы. (танымдық әдебиет). –Алматы: Санат, 1994. –Б. 21-22.
8. Ресей халқының сұңғат өнер тарихы. Спб. 1880. 330. Б.
9. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары. Алматы. 1964. 145. Б.
10. Қайнар көздердегі және материалдардағы Қазақстанның бұрынғы кезеңі./ С. Д. Асфендиарова и П.А. Кунте редакциясында. Алматы. 1935. 182. Б.
11. Левшин А. И. Қырғыз-казак немесе қырғыз-қайсақ ордасын және даласын сипаттау З. Бөл. Спб., 1832. 199 Б.
12. Масанов Н.Э. Көшпелі-қазақтардың қоғамдық даму ерекшеліктері. 37. Б.
13.Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы,2006. — 232 бет
14. Мирза Мухаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди. Введение, перевод с персидского А. Урунбаева, Р.П. Джалиловой, Л.М. Епифановой. – Ташкент, 1996. 658 б.
15. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. Қазақша аударылымы. – А.: Тұран, 2003. 671 б.
16. Материалы по истории казахского ханства ХҮ-ХҮІІІ вв. (Извлечение из персидских и тюркских сочинений). (Бұдан былай қысқартылып «МИКХ» деп беріледі). Составители: С.К. Ибрагимов, Н.Н. Мингулов, К.А. Пищулина, В.П. Юдин. – А.: Наука, 1969. 9-127 бб.
17. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаһани. Михман наме-йи Бухара (Записки Бухарского гостя). Перевод, предисловие и примечания Р.П. Джалиловой. – М.: Наука, 1976. 683 б.
18. Вельяминов-Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах. – СПб., 1864. Часть ІІ. 123-141 бб. Мына кіт.: Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – А: Атамұра, 1998. 2 том. 32-33 бб.
19. Уәлиханов Ш.Ш. Шығармалар жинағы. Том 1-5. – А., 1984-1985. 56-72 бб.; 96-113 бб.
20. Чулошников А.П. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. – Оренбург, 1924. Часть І. 325 б. Мына кіт.: Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – А: Атамұра, 1998. 2 том. 37 б.
21. Тынышбаев М. История казахского народа. 2-ое издание. А.: Қазақ университеті, 1993. 224 б.
22. Тынышбаев М. Материалы к истории киргиз - казакского народа
// Великие бедствия ... (Ақтабан- шұбырынды). – Алма-Ата: Жалын, 1992. 5-81 бб.
23. Асфендиаров С.Д. История Казахстана (с древнейших времен). 2-ое издание. – А.: Қазақ университеті, 1993. 304 б.
24. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. – А.: Қазақстан, Сана, 1991. 80 б.
25. История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. – А.: Наука, 1943. 325 б.
26. История Казахской ССР. Том І. – А.: Наука, 1957. 462 б.
27. Ибрагимов С.К. Некоторые данные к истории казахов ХҮ-ХҮІ вв. // Известия АН КазССР. Серия историческая. – 1956. Выпуск 3. 39-43 бб.; Соныкі. Новые материалы по истории Казахстана ХҮ-ХҮІ вв. // «История СССР». – 1960. 152-158 бб.
28. Семенов А.А. К вопросу о происхождении и составе узбеков Шейбани-хана // Материалы по истории таджиков и узбеков Средней Азии. Труды АН Тадж. ССР. Том ХІІ. – Сталинабад, 1954. 3-37 бб.
29. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. – М.: Наука, 1965. 195 б.
30. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в ХІҮ- начале ХҮІ вв. – А.: Наука, 1977. 288 б.
31. Юдин В.П. Центральная Азия в ХІҮ-ХҮІІІ веках глазами востоковеда. – А.: Дайк-Пресс, 2001. 380 б.
32. Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в ХҮ-ХҮІІ вв. (Вопросы этнической и социальной истории). – М., 1982. 132 б.; Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячалетий. – А.: Рауан, 1992. 373 б.
33. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – А.: Дайк-Пресс, 2001. 276 б.;
34. Исин А. Новые источники по истории Казахстана первой четверти ХҮІ в. // Известия АН Каз ССР. Серия общественных наук. – 1985. № 3. 46-49 бб.
35. Әбусейітова М.Қ. ХҮІ-ХҮІІ ғасырдағы қарым-қатынастар және Тәуекел ханның тұсындағы кезеңдер // Егеменді Қазақстан. – 1998. 25 қараша.
36. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – А.: Атамұра, 1998. 2 том. 348-352 бб.
37. Шайбани-наме // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 121 б.
38. Фазлаллах ибн Рузбихан Исфаһани. Михмен-наме-йи Бухара ... 101 б.
39. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – А.: Жалын, 1994. 246 б.
40. Тарих-и Рашиди // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 217-218 бб.
41. Зубдат әл-асар // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 133-134 бб.
42. Лен-Пуль Стенли. Мусульманские династий. – Москва-Ташкент-Бишкек, 1996. 448 б.
43. Мирза Мухаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди. – Ташкент, 1996. 309-309 бб.
44. Мухаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди / Предисловие ко второму изданию М.К. Козыбаева, К.А. Пищулина. – Алматы: Наука, 1999. – С. 177-178.
45. Тарих-и Рашиди // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 196 б..
46. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячалетий. – А.: Рауан, 1992. 233 б.
47. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. – М.: Наука, 1965. 63-65 бб.
48. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в ХІҮ- начале ХҮІ вв. – А.: Наука, 1977. 271-272 бб.
49. Шайбани-наме // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 104 б.
50. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – А.: Дайк-Пресс, 2001. 167 б.
51. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – А.: Атамұра, 1998. 2 том. 374 б.
52. Мирза Мухаммад Хайдар. Тарих-и Рашиди. – Ташкент, 1996. 350 б.
53. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – А.: Дайк-Пресс, 2001. 166 б.
54. Шайбани-наме // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 117 б.
55. Бахр ал-асрар фи-манакиб ал-ахйар // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 353 б.
56. Тарих-и Рашиди // МИКХ. – А.: Наука, 1969. 195 б.
57. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – А.: Дайк-Пресс, 2001. 167 б.
58. Еркин А. История государства и права Республики Казахстан (с древнейших времен до 1992 года). 2-ое издание. – Астана, 2001. 82 б.
59. Марғұлан Ә. «Қасым ханның қасқа жолы» // Қазақ совет энциклопедиясы. ҮІ том. – А., 1978. 542 б.
60. Ғизатов Ж. Қасым хан // Қазақ тарихы. – 2005. № 4. 26 б.
61. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. – А.: Атамұра, 1998. 2 том. 376 б.
62. Кәрібаев Б.Б. Аты аңызға айналған хан // Қазақ тарихы. – 1996. № 1. 39-40 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Қоғамдық ғылымдар
кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент
Ө.Малдыбеков

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

5В050100 – Әлеуметтану мамандығы бойынша

Орындаған: Әбдіуаһит Нұртас

Ғылыми жетекшісі,:

Түркістан 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙ
1. Көшпелі өзбектер ұлысы және оның ішкі
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Қазақ хандығының әлеуметтік ұйымдасуы және әлеуметтік құрылымы мен
стратификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3

2 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙ

2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 XVII – XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және
саяси
қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. Біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси өміріндегі
жаһандық оқиға еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы
-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Жолдауы болды, онда Мемлекет
Басшысы біздің еліміздің дамуындағы басым бағыттарды белгіледі, сонымен
қатар оны жүзеге асыру бағдарламасын анықтады. [1, 1-2-б.].
Кезекті Жолдаудың ерекшелігі, онда Президенттің Мәңгілік Ел ұлттық
идеясының тұжырымдалғаны мен негізделгені болды, ол Қазақстанның
мемлекеттік сәйкестігін және оның халқының бірлігін нығайтуға, сонымен
қатар қазақстандықтарды елімізді дамытудың серпімді жобаларын жүзеге
асыруға жұмылдыратын факторы болуына арналған. Ел Президетінің осы Жолдауы
тұрғысында маңызды мәселе XV ғасырдың жартысында Қазақ мемлекетін құру,
барлық қазақ халқын біртұтас мемлекетке біріктіру болып табылады.
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып
өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды
қорытындысы болды. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі –
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен қазақ атауының
түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ
өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың
этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз
алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және
түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен
алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы
құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан
территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті
мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың
ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген
тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік
құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың
құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан,
Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси
жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-қатынастары өзінше рөл атқара
алды. XV ғасырдың 50-ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси
жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ
хандығының негізін қалаған сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға
көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс
жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті
де Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы аталған аймақтардағы мемлекеттер:
Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір
ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларына назар аударып, біз
қарастырып отырған мәселеге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау өзекті
болып табылады.
XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси
жағдайы оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты.
Ішкі саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді.
Сол себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы
сыртқы саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын
қалыптастырып, оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып
есептелетіндіктен, оны талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси
алғышарттарын түсінуге, білуге мүмкіндіктер береді. Әбілқайыр хандығының
Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы саяси мәселелеріне қатысты
зерттеулердегі көлеңке тұстарын анықтап, тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылымы
тұрғысынан объективті баға беру, жанжақты талдау қазақ тарихнамасындағы
күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы, яғни XV ғасырдың 50-ші
жылдарындағы Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Керей мен Жәнібек сұлтандарға
жаңа мемлекеттің Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне қолайлы жағдайлар
жасады дейміз. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр мемлекетіндегі феодалдық
алауыздықтардың, феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне байланысты, 20 мың
қазақтың шығыс дешті қыпшақтан Моғолстандағы Жетісуға қоныс аударуы және
батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, Моғолстан мемлекеті мен қазақ
халқының тарихи тағдырына қатысты аса маңызды оқиға болды. Бұл мезгілдегі
Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық
болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық
негіз болды. Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстанның ішкісыртқы
жағдайын зерттеу саяси алғышарттардың барысын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақ хандығының құрылуына саяси жағынан өзіндік әсер еткен
мемлекеттердің бірі Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті болды. Егерде
XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығындағы этносаяси жағдайлар жаңа
мемлекеттің қалыптасуына толық алғышарттар даярласа, оның көршісі
Моғолстандағы ішкі этносаяси жағдайлар Қазақ хандығының Моғолстан аумағында
ту көтеруіне алып келді. Ал нақты Моғолстанның батысында Қазақ хандығының
құрылуы – оның Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен XV ғасырдың
ортасында жүргізілген саяси қарым-қатынастардың нәтижесі болып саналады.
Сондықтан да біз үшін XV ғасырдың орта тұсындағы Темір әулеті мемлекетінің
ішкі және сыртқы жағдайын білудің маңызы зор.
Диплом жұмысының деректік қоры. Қазақ хандығының тарихын зерттеуде
атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарихи Рашиди еңбегінің деректік маңызы
өте зор. Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына байланысты мәселелерде
зерттеушілер бүгінгі күнге дейін осы дерекке сүйенеді. Қазақ хандығының
құрылуы туралы Мырза Хайдар: ... сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ
даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының
сұлтандары жорық жасап, Жәнібек пен Керей хан одан қашып, Жете яғни
Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып,
Жетенің батыс жағындағы Шу маңын және Қозыбасыны берді1. 110 деп жазады.
М. Х. Дулати XV ғасырдың ортасындағы Моғолстан мен Мәуереннахр қарым-
қатынасына байланысты маңызды мәліметтер қалдырады. Атап айтқанда,
Моғолстан ханы Есенбұғаның Мәуереннахрдың шығыс аймақтарына жасаған
жорықтары, Әбу Сайд мырзаның Есенбұғаға алғаш тойтарыс беруі, Моғолстан
ханының Мәуереннахрға үнемі қауіп-қатер төндіріп отырғандығы туралы
баяндайды. Ал енді XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы көшпелі өзбектер мен
моғол елдері арасында болған нақты қарым-қатынастарға келсек, жазба
деректер саяси қарымқатынастардың барысы жөнінде ешқандай мәліметтер
бермейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерінен саяси қарым-
қатынастардан гөрі, осы кезеңде этникалық байланыстардың жиі жүргенін
байқаймыз [2. 120].
Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер XV ғасырдағы Қазақ
хандықтарының тарихы бойынша материалдар (МИКХ) жинағында кездеседі [3].
Әбілқайыр хан мен Темір әулеті билеушілерімен қарым-қатынасы Тарих-и
Абулхаирханида [4] келтірілген. Ал көшпелі өзбектер басшысы мен маңғыт
ұлысының байланыстары Таварих-и нузида-йи нусрат наме[5], Фатх наме[6]
деректерінде және Қадырғали Жалаиридің Жылнамалар жинағында[7]
баяндалады. Әбілғазы өзінің Түрік шежіресінде[8] Әбілқайыр ханның
Мәуереннахрға жорығы мен Мұхаммед Жөкімен байланыстары туралы нақты мәлімет
береді. Алтын Орда тарихының материалдар жинағында (СМИЗО)[9] Мәуереннахр
билеушілері Әбу Сайд пен Абдолланың күресі, Әбу Сайдтың саясаты жөнінде
деректер бар.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ хандығының құрылуының саяси
алғышарттары мәселесіне байланысты кеңестік дәуірде бірнеше еңбектер жарық
көрді. Зерттеуші Б. А. Ахмедов өзінің Көшпелі өзбектер мемлекеті (1965)
еңбегінде Әбілқайыр хандығының көршілес мемлекеттермен, Батыс Сібірдегі
Шайбан әулетімен, Темір әулеті мемлекетімен қарым-қатынасы, Әбілқайыр
ханның ішкі-сыртқы саясаты мәселелерін қарастырады. Б. А. Ахмедов Әбілқайыр
хандығының Мәуереннахрдағы темір әулетімен саяси қарым-қатынасын: Өзбектер
Сырдарияны иелену арқылы Темір әулеті мемлекетінің тікелей көршісіне
айналды және Темір ұрпақтарының билік үшін өзара күрестеріне белсене
араласты, сондай-ақ өздерінің үздіксіз жорықтарымен Мәуереннахрдың отырықшы
аудандарындағы тұрғындарды талантараждарға ұшыратып, үнемі оларды мазалап
отырды[10. 59] деп түсіндіреді. Алайда, зерттеушінің бұл пікірі толық
емес. Зерттеуші К. А. Пищулина[11. 70] Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан
мемлекеттерінің қарым-қатынасы әртүрлі дәуірде әртүрлі сипат алып тұрды
дейді.
1969 жылы К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдиннің
құрастыруымен Қазақ хандығының тарихына байланысты материалдар жинағы[3]
жарық көрді. Жинақта Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай мен
Моғолстан, Әбілқайыр және Темір мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасы туралы
мәліметтер бар. Еңбекте XV ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстандағы
саяси бытыраңқылық пен қалмақ шапқыншылығы жайында әңгімеленеді[12. 168-
193]. Орта Азиядағы темірлік әулеттің тарихы мәселелері тарих ғылымында
жақсы қарастырылған деуге болады. Тіпті, оның XV ғасырдағы жекелеген
мәселелерінің өзіне арналған арнайы зерттеулер бар. Атақты зерттеуші В. В.
Бартольд шығармаларында мәселеге қатысты саяси оқиғаларға деректер
негізінде жанжақты талдау жүргізіледі. Шахрух тұсындағы саяси
бытыраңқылықтың басталуы, тақ мұрагерлігі үшін күрес, Ала ад-Даула мен
Ұлығбек, Ұлығбек пен Абдаллатиф арасындағы күрестің барысы, себептері мен
нәтижесі, Әбу Саид тұсындағы мемлекеттің жағдайы мәселелерін қарастырады.
Сол арқылы Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Мәуереннахрдың ішкі саяси
өмірінің тұрақсыз болғанын дәлелдейді[13. 147-169]. Мәселеге тікелей
қатысты мәліметтер автордың Түркістанның мәдени өмірінің тарихы[14]
еңбегінде де бар. Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайын зерттеуге А. Ю.
Якубовский[15], Б. А. Ахмедовтың[16] қосқан үлесі зор.
М. Г. Сафаргалиев[16] өз еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Батыс
Сібірдегі Шайбан әулеті байланыстарын қарастырса, ал С. Г. Кляшторный мен
Т. И. Сұлтанов[17]Әбілқайыр ханның саяси қызметі, Моғолстан мен Темір
мемлекетінің саясаты, Қазақ хандығының құрылу барысы т.б. туралы баяндайды.
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектердің бірінің авторы Н. Мыңжан М.
Х. Дулати дерегі негізінде XIV-XV ғасырлардағы Моғолстанның саяси жағдайын
қарастыра отырып, Керей мен Жәнібек бастаған қазақ руларының Моғолстан
территориясына көшіп келуі алғышарттарын көрсетеді. Қазақ хандығының
құрылуы қарсаңындағы жалпы жағдайға сипаттама береді[18. 219-228]. Қ. С.
Қаражан басшылығымен шығарылған оқулықта XV ғасырдың ортасындағы саяси
жағдайы қысқаша баяндалады[19].
Мәселеге қатысты негізгі еңбектердің көпшілігін тәуелсіз Қазақстан
тарихнамасында Қазақ хандығының тарихымен арнайы түрде айналысып жүрген
зерттеуші Б. Б. Кәрібаев еңбектері құрайды. Түркістан және Қазақ хандығы
(1999)[20] еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Темір әулеті мемелекетінің
арақатынасына байланысты Дешті Қыпшақтың оңтүстік өңірлерінің геосаяси ролі
туралы талқылайды. Мәселеге тікелей қатысты автордың бірнеше ғылыми
мақалалары жарық көрді. Атап айтқанда, Қазақ хандығы құрылуның қарсаңындағы
Әбілқайыр мемлекетінің саяси жағдайы Әбілқайыр хандығының көрші елдермен
саяси қарым-қатынастары[21] атты мақалада жанжақты баяндалады. Мақалада
хандықтың шекарасын айқындау, Батыс Сібіірдегі Шайбан әулеті, Моғолстан
мемлекетімен байланыстарын көрсету мәселелері қарастырылып, Дешті Қыпшақ
пен Мәуереннахр билеушілерінің саяси қарым-қатынастарының сипатын, үздіксіз
күрестердің себептерін ашып көрсетеді[22. 97-106]. Осы кезеңдегі Темір
әулетінің саяси жағдайы автордың Темір әулетінің тағдыры[22], XV
ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси
жағдайы[23] т. б. мақалаларында баяндалады. Қазақ хандығының құрылу
қарсаңындағы Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр және Моғолстанның саяси жағдайы (XV
ғ. 50-ші жылдары)[24], XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының
Моғолстан және Мәуереннахрмен саяси қарым-қатынастарының мәселелері
жөнінде[2] мақалаларында Қазақ хандығының құрылуына қолайлы жағдай
туғызған саяси алғышарттар талданады. Жан-жақты зерттеу нәтижесінде автор
төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасайды: 1) XV ғасырдың 40-50-ші
жылдарындағы Әбілқайыр ханның көрші елдермен жүргізген саяси қарым-
қатынастарының достық қатынаста болмауы Қазақ хандығының құрылуы үшін саяси
алғышарттар даярлады; 2) ХV ғасырдың ортасындағы Моғолстандағы саяси
бытыраңқылық Керей мен Жәнібектің Шу, Қозыбасы өңіріне көшіп келуіне жағдай
жасады; 3) Мәуереннахрдағы ішкі саяси жағдай мен Моғолстанмен қарымқатынасы
Қазақ хандығының құрылуының маңызды алғашарты болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі
мақсаты – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси
қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу. Осы мақсатқа жету барысында
төмендегідей міндеттер қойылды:
- Мәселеге қатысты зерттеулер, деректер мен материалдармен танысу;
- XV ғасырдың ортасындағы көшпелі өзбектер мемлекетінің ішкі
әлеуметтік-саяси жағдайын айқындау;
- Әбілқайыр хандығының көрші мемлекеттермен өзара байланыстарын талдау;
- XV ғасырдағы Темір әулеті мемлекетінің әлеуметтік-саяси жағдайын
талдау;
- Мәуереннахр мен Моғолстанның саяси байланыстарын көрсету;
- Қазақ хандығының құрылуының саяси-әлеуметтік алғышарттарын тұжырымдау.
Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Жұмыстың теориялық
негізін тарих ғылымының дамуы барысында қалыптасқан және Қазақстан тарихы
мәселелерін зерттеуде жасалынған жаңаша тарихи ойлау тұжырымдарының бірлігі
құрайды. Диплом жұмысында міндеттелген мәселелерді зерттеуде сол кезеңнің
тарихи жағдайын зерттеуді мақсат ету және тарихи үрдістер мен құбылыстарды
нақты жағдайлармен тығыз байланыста қарастыруға бағытталған әлеуметтанудың
тарихилық принципі басшылыққа алынады. Қазақстанның тарих ғылымы
тұрғысынан, деректерге салыстырмалы талдау жасау арқылы алынған нәтижелерге
объективті баға беру міндеттеледі.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ халқының
тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ
мемлекеттілігі мен қазақ атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте
маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ
тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын
біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып
қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл
атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және
маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік-саяси
алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр
хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси
жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына
Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, әлеуметтік-рухани
дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму
үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз
болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті
Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-
бірлерімен саяси қарымқатынастары өзінше рөл атқара алды. Диплом жұмысының
негізгі жаңалығы да – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы аталған
аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және
Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси
жағдайларын салыстыра талдау болып табылады. XV ғасырдың 50ші жж. аталған
территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта
жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған
сұлтандарКерей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті
Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік
бергендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелері – Қазақ хандығы құрылуының
қарсағындағы Әбілқайыр, Моғолстан, Темір әулеті мемлекеттерінің әлеуметтік-
саяси жағдайы, әлеуметтік стратификациялық жағдай мен өзара байланыстарын
талдай отырып, Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен қолайлы жағдайларда
анықтау.
Диплом жұмысының хронологиялық-территориялық шеңбері. Диплом жұмысында
XV ғасырдың басынан XV ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі саяси оқиғалар
қамтылады. Әсіресе, XV ғасырдың 40-50- ші жылдарындағы оқиғалар назарға
алынады. Территориялық шеңбері XV ғасырдағы Дешті Қыпшақ, Моғолстан,
Мәуереннахр және оларға көршілес аймақтарды қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында көшпелі
өзбектер, Моғолстан және Мәуереннахрдағы XV ғасырдың басынан Керей мен
Жәнібек Моғолстан территориясындакелгендегі әлеуметтік-саяси мәселелер мен
алғышарттар қарастырылады.

1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ЖАҒДАЙ

1.1 Көшпелі өзбектер ұлысы және оның ішкі саясаты

Қазақ хандығының құрылуына дейінгі ұзақ тарихи кезеңде ұлан-байтақ
Орталық Азия өңірін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалардың ортақ аумақта
өмір сүріп, бірте-бірте бірігуі мен дамуы арқылы өз алдына қазақ халқы
болып қалыптасу процесінің алғышарттары қалыптасты. Ежелгі заманның тарихи
деректері бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ, үйсін, ғұн және қаңлы
тайпалары екенін көрсетеді. Жүргізілген ғылыми зерттеулер Қазақстандағы
номадизм тарихы біздің дәуірімізге дейінгі VІІІ ғасырдан бастау алатынын
дәлелдейді, осы кезеңде алғашқы этномәдени қауымдастықтар қалыптасып,
олардың күн көрісі шаруашылық жүргізудің жаңа тәсілі – көшпелі мал
шаруашылығымен байланысты болды[25].
Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: “Қазақ
халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ
көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі
қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен
дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы
түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық” –
деуі орынды[26].
Бүгінгі археологиялық қазба жұмыстарының жәдігерлері, түрлі зерттеулер
мен “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының қол жеткізген жетістіктері
қазақ халқының тарихы үш мың жылдық тұңғиықтан бастау алатынын дәлелдеді.
Сол сияқты, бізге де мемлекеттілік, заң мен демократия құндылықтары тек
батыстық үлгіде ғана болады деген жаңсақ пікірден арылатын кез келді. Оның
ішінде мемлекеттілік пен құқықтық жүйенің де ежелгі қазақ даласында өзіндік
ерекшеліктері бар формасы болған.
Өткен тарихты таразыласақ, қазақ халқының өз мемлекеттілігін құру
жолындағы саяси күресі сан ғасырға созылатын күрделі саяси процесс. Бұл
мәселе қазақ халқын құрайтын ежелгі ру-тайпалар кезеңінен бастау алып,
Қазақ хандығының құрылуы, оның дамуы, саяси-экономикалық, әлеуметтік және
рухани байланыстары, иерархиялық қатынастары, өзінің саяси құндылықтар
жүйесінің түзілуі, халықтың саяси мінез-құлқының, ұлттық психологиясының
қалыптасу ерекшеліктері уақыттың қатаң сынақтарынан өтті. Бұл орта
ғасырларда да солай болған, қазіргі кезеңде де тәуелсіз Қазақстан
Республикасы сан алуан қиындықтарды жеңе отырып, тұрақты даму үстінде.
Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап, Шығыс-Дешті Қыпшақтың
көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің
басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы
құрылуының басталуы болды деген пікір бар.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға
болды. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып
шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың
байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата
аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.
1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен
қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс
аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға
болған еді. Бұл оқиғанның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың
ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда
мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өкімет үшін өзара
қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр құрған көшпелі
өзбектер мемлекеті пайда болды. Осы мемлекеттің территориясы XV ғ. орта
шенінде Сырдариядан Сібір хандығына дейінгі Ұлан байтақ жерді алып жатты.
Алайда бұл мемлекеттің ішіндегі өкімет үшін күрес бір сәтте толастаған жоқ.
Әбілхайыр хан өзінің саяси дұшпандарын-Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды
қудалауын тоқтатпады. Өкімет үшін күрес барысында Дешті – Қыпшақтан өздерін
қолдайтын жеткілікті күш таба алмаған Ұрыс ханның шөберелері-Керей мен
Жәнібек XV ғ. 50 жылдары орта шенінде қарамағандағы ауылдарымен Шу өзенінің
бойына көшіп кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғалар жөнінде Мұхаммед Хайдар
Дулати өзінің “Тарихи -Рашиди” атты шығармасында былай деп жазады: Ол
кезде Дешті-қыпшақ Әбілхайыр хан биледі және Жошы әулетінен шыққан
султандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Керей мен Жәнібек Моғолстанға көшіп
барады. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Манғолстаның батыс
жағындағы Шу мен Қозыбас аймақтарың берді. Олар барып орналасқан соң,
Әбілхайыр (1468 ж.) дүние салды да, Өзбек ұлысының щаңырағы шайқалды. Ірі-
ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей мен Жәнібекке көшіп
кетті. Сүйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды
өзбектер- қазақтар деп атады. Қазақ султандары 870 жылдары (1465-1466
жж.) билей бастады. Сөйтіп, 1465-1466 жылдыры Шу мен Талас өзендерінің
алқабында Қазақ мемлекетінің негізін салған дербес қазақ хандығы құрылды.
Осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет Қазақстан деген атау қолданыла
бастады [26, с. 323-б.].
Алайда жаңадан құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз
еді. Бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай
одағының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып
отырған болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан
өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық
құрып, масайрап отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген
тайпалардың оған ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды.
Ол жаңа құрылған қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Он
шақты жыл айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі
тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-
егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған
экономикалық орталық - Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-
қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге
айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес,
отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды
аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т.б.)
алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға
саудагерлер де мүдделі болды [27, 325-б.].
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ
хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы
Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату
көршілік одақ ойрат жоңғарларының тайшасы Амасанжының Моғолстанға шабуыл
жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы қазақ хандығына шабуыл жасауынан
тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті. 1468 жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ
хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз
болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының
нығаюына және көлемінің кеңеюіне үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң
оның елінде қиян-кескі қырқыс басталып, хандық ыдырай бастады. Өзбек
ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі
Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп кетті [28, 63-б.]. Мұндай тиімді
жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей мен Әз Жәнібек бұдан
он екі жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-Қыпшаққа қайта оралды.
Керей хан есімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-1473 жылдары Сырдария
жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің ордасына Бұрыш сұлтанның
шабуыл жасаған кездерінде айтылады.
Тарихи материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені
туралы, Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай
уақытта, қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер
көрсетілмеген. Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс
болған деп есептеледі.
Тарихи деректемелер алғашқы қазақ хандарының хандықтың территориясын
кеңейтуге, Сырдария өңіріндегі қалармен Шығыс Дешті – қыпшақтың қырдағы
аудандарындағы өз билігін нығайтуға бағытталған белсенді сыртқы саясаты
туралы баяндайды. Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның құлдырауын пайдалана
отырып, Керей мен Жәнібек XV ғасырдың 60 жылдырдың соңында қазақтар
мекендеген бүкіл территорияның біріктіру жолында ойдағыдай күрес бастады.
Қазақ хандығының саяси –экономикалық базасын ңығайту үшін Сырдария
бойындағы қалаларды қарату төтенше маңызды еді. Осы орайда, қазақ
хандығының алдына 3 үлкен тарихи міндет қойылды:
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті – Қыпшақ даласында бұрыннан
қалыптасқан дағдылы тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр
хандығындағы аласапран арқылы бұзылған) көшпелі шаруалардың көкейтесті
мүддесі еді.
2. Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінен орнаған Сырдария
жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Ясы (Түркестан) т.б. қалалары қазақ
хандығына карату. Бұлар осы өңірдегі саяси- экономикалық және әскери -
стратегиялық берік база болатын.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территолриясын
біріктіру. Бұлардың ішіндегі ең маңызды міндет – Сырдария жағасындағы
қалаларды қарату күресі болды.
Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті – Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ
хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілқайыр хан еді. 1468 жылы
қыста ол қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа атанды, бірақ
сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты. Әбілқайырдың қаза болуы
қазақ хандығының ңығайуына және территорияның көлемінің кеңеуіне үлкен
себеп болды. Ол өлгеннен соң, оның елігінде қиян-кескі феодалдық қырылыс
басталып, хандық ыдырай бастады. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі
шиеліністер басталды. Оның қарамағындағы үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек
ханға көшіп кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ
хандары Керей мен Жәнібек бұдан 12 жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қоңысы
Шығыс Дешті-Қыпшаққа қайта оралды. Қазақ хандары Әбілхайыр ханың
мұрагерлеріне қарсы күресті. Олардың саяси қарсыластары- Ахмед хан мен
Махмұд Батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан мен сондай-ақ Ноғай одағын билеген
мырзалармен одақтасып, бірге күрес жүргізді.
Әбілхайыр ханның орнына отырған мұрагер баласы Шайх Хайдар бұл күресте
мүлде жеңіліп, өлтірілді, ал Әбілхайырдың немерелері Мұхаммед Шайбани мен
Махмұд султан Астраханға барып паналады. Әбілқайыр ханның мұрагерлермен
күресте толық жеңіске жеткен қазақ хандығы Әбілхайыр хан 40 жыл билеген
Шығыс Дешті –Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте
өзіне қосып алды. XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған
жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп, қазақ
хандығының территориясын әлқайда кеңейіп, нығайды. Оған тұс-түсынан қазақ
тайпалары келіп қосылып жатыр [5, 2-б.].
Алайда, Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед
Шайбани мен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Ол осы соғыстарда
бірде Әмір-Темір әулетіне, бірде ноғай мырзаларына, ақырында Моғолстан
хандарына сүйенді.
XV ғасырдың ақырында Отырар Яса (Түркестан) Орхон, Бозкент қалалары мен
Түркістан аймағының бір бөлігі Мұхаммед Шайбаниге қарады да, Сығанақ,
Сауран, Созақ қалалары мен Туркістан аймағының солтүстік бөлігі Қазақ
хандығының иелігіне қалды. Ташкент пен Сайрам қалаларын Моғолстан ханы
султан Махмұд биледі.
Қазақ хандары Дешті –Қыпшақты басып алуға ұмтылғандардың бірінен соң бірін
жеңіп, өз иеліктерін едәуір ұлғайтты. Қазақ хандығының нығайюы Шайбани
ханды Шығыс Дешті –Қыпшақ тайпаларының біраз бөлігінен Мауараннахрға
ығысуға мәжбүр етті. Ол 1500 жылы ондағы Әмір Темір әулетін талқандап,
Мауараннахрды жаулап алды да, Шайбани әулетінің негізін қалады. Мұхаммед
Шайбани ханға ілесіп Мауараннахрға енген көшпелі тайпалар бірте – бірте
жергілікті отырықшы халыққа сіңіп, олардың тілі мен мәдениетін қабылдап,
өздерінің бұрынғы Дешті –Қыпшақтағы өзгешіліктерінен бірте-бірте айырылды.
Бұл көшпелі тайпалар Дешті –Қыпшақтан ала келген өзбек деген атау бірте-
бірте Мауараннахрдың байырғы тұрғындарына жалпыласты. Бірақ олар өзбек
деген аты болмаса, жергілікті халықтың тұрмыс- тіршілігіне ықпал жасай
алмаған.
XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті
–Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен
өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін
кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде
бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың
этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған
қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік
берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған өзбек- қазақ
деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. Қазақ термині бірте-бірте Шығыс
Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды.
Өзбек термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы
ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды.
Осылайша, Жәнібек пен Керей сұлтандар қазақ этносының қалыптасуында борышты
процесті және қазақ мемлекеттілігінің идеяларын білдірушілер болып табылды.
Қазақ хандығының құрылуы – бұл саяси және этникалық процестердің өрілуі.
Оның негізгі сатылары: Жәнібек пен Керейдің Әбілхайыр хандығынан рулар мен
тайпалар бөлігін алып, Моғолстанның батыс шекарасына көшіп кетуі және
оларға өзбек-қазақ, сосын жай қазақ атауларын бекітуі. Жаңа мемлекеттік
құрылым -Қазақстан деп аталды.
Осы атау ретінде Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев тұжырымдаған Мәңгілік ел
ұлттық идеясы, біздің қасиетті және ұлы Қазақстанды түсінеміз.
Қазақтардың тұтас ұлт, өзіндік ел халқы ретінде пайда болуы Шығыс Дешті
Қыпшақтың кең-байтақ аумағындағы саяси, әлеуметтік-экономикалық
процестердің даму қорытындысы болды. Аралас экономика — көшпелі мал
шаруашылығы мен отырықшылық қалыптасқан өлкелердің табиғи интеграциясы
негізінде XІV-XV ғасырларда тұтас экономикалық аудандардың құрылуы аймақтың
бүкіл жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай туындатты.
Аймақтың көшпелі және отырықшы халқының экономикалық, мәдени, қоғамдық-
саяси байланыстарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық
жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесінің іс жүзінде
аяқталуына себепші болды. Өз кезеңінде Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр
хандығы, Ноғай Ордасы шеңберінде жергілікті этникалық негізде мемлекеттің
даму тәжірибесі қалыптасып жатқан біртұтас халықтың саяси жағынан бірігуі
қажет екенін түсінуіне жәрдемдесті[29].
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары осы жағдайлар болды.
Тарихшылардың деректеріне сүйенсек, қазақ мемлекеттілігі Ақ Орданың өзінде-
ақ қалыптасқан. Ақ Орда мемлекетінде, Әбілқайыр хандығында, Ноғай Ордасы
мен Моғолстанда мемлекеттік даму, шаруашылық, мәдениет саласында монғолдар
жаулап алуының теріс саяси зардаптарын біртіндеп жоюмен қатар, XІV-XV
ғасырларда қазақ халқының одан әрі бірігу, топтасу процесі жүріп жатты.
Нәтижесінде, Әбілқайыр хандығынан көптеген көшпенділер, соның ішінде 200
мың адамнан тұратын қазақ руларының өкілдері Жәнібек пен Керей маңына
жинала бастады. Сондықтан да, жалпы танылған және тарих ғылымындағы дәлелді
деректерге сәйкес, қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап,
саяси бөлшектелуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары - Жәнібек пен Керейдің
үлесіне тиді[30].
Жәнібек пен Керей ханнан кейін хандықта аса ықпалды екі саяси тұлға
пайда болады: біріншісі – Керей ханның ұлы Бұрындық хан, екіншісі – Жәнібек
ханның ұлы – Қасым хан. Осы екі саясаткердің бақталастығы нәтижесінде
жігерлі Қасым сұлтан жеңіске жетіп, беделінен айырылған Бұрындық хан 1511
жылы маңайындағы бір топ адаммен Мәуераннахрға кетеді. Осылайша, XVІ
ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан қазақтың кең-байтақ далалық жеріне
өзінің билігін нығайтты. Хан билігі оның кезіндегідей ешбір хандықта берік
болмаған, қазақ хандарының ешқайсысы Қасым хан сияқты өз билігіне халықты
тұтас біріктірмеген, халқы бір миллионнан асқан. “Қасым ханның қасқа жолы”
деген атпен белгілі заңдар жүйесінің жасалуы Қасым ханның есімімен
байланысты. Қасым хан тұсында қолданыста болған құқықтық жүйе өзінің
бастауын тарих тұңғиығынан алып, ауыз әдебиетінің көмегімен есте сақталған
нақыл сөздер түрінде ұрпақтан ұрпаққа жеткен, дәстүр сабақтастығының жарқын
көрінісі болып табылатын әдет-ғұрыпқа негізделді.
Зерттеушілердің жалпытанылған пікірі бойынша “Қасым ханның қасқа жолы”
туындауына алғышарт болған жағдайлар:
1. Қасым ханның билігі тұсында Керей, Жәнібек және Бұрындық
хандар кезіндегі қазақ қоғамы анағұрлым жоғары сатыға көтерілді;
2. Қазақ халқының этникалық территориясы толығымен біріктірілді;
3. Хандық билік этникалық территорияға толық тарап, рөлі артты;
4. Ел халқының саны бірнеше есе өсті;
5. Қазақ хандығының жаңа қалыптасқан жағдайына бұрынғы әдет-ғұрып заңы
толықтай жауап бере алмайтын еді.
Яғни, қазақ халқын құрайтын түрлі ру-тайпалардың сан ғасырлық тұрмыс-
тіршілігін реттеп келген әдет-ғұрып нормаларының “Қасым ханның қасқа жолы
сияқты” бір жүйеге келтірілуі өз кезегінде бір орталыққа біріккен
мемлекеттілік орнауының жемісі, нағыз саяси билік қызметінің нәтижесі деп
айтуымызға толық негіз бар. Осылайша, қазақтардың әдет-ғұрып құқығының
нормалары “жол” деген атпен тарихта мәңгі сақталып қалды.
З. Ж. Кенжалиевтің пайымдауынша, жолдар — көшпелі қоғамдағы орталық
мемлекеттік биліктің жеке-дара дербестенуінің бір көрінісі, оның
қалыптасқан құқықтық мәдениеті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп
пайдалануға талпыныс жасаудың нышаны. Жолдардың пайда болуы мемлекеттік
билікті, елді басқару ісін, қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жаңа
негізде — құқықтық-мәдени арнада және сатыда құруға батыл қадам
жасағандығының айғағы[31].
Қазақтың әдет-ғұрып заңдары орта ғасырлардағы ислам дінін ұстанатын
Араб, Шығыс және Орта Азияның елдеріндегі жаппай қолданыста болған шариғат
заңдарынан мүлдем бөлек болды. Басқаша айтсақ, қазақ халқының әдет-ғұрыптық
жолдары мен құқықтық жарғылары ерекше тарихи кезеңнің, әлеуметтік-
экономикалық және саяси үдерістердің туындысы еді.
Ә. Марғұлан Қасым ханның ел басқару ісінде қолданған әдет-ғұрып
заңдарының ерекшеліктерін төмендегідей ашып көрсетеді. Біріншіден, өзінің
мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери диктатура
арнасына барып тіреледі. Екіншіден, мал шаруашылығымен айналысатын қазақ
бұқарасына исламдық шариғат қағидаларын толық ұстану қиынға соғып, оған
селсоқ қарап, ойыса қоймайды. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға
халық бұқарасы қатты наразылық білдіріп, кейде ол көтеріліске ұласып
отырған. Бұл ерекшеліктерді жақсы білген Қасым хан, саяси жағдайдың
шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының, көптен бергі ойына
қарсы тұрмай, қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген Бұхар ишан-
қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Сөйтіп, халықтың тілегіне жақын, әрі
ерте заманнаноларға түсінікті ежелгі “Жарғы” заңын жаңадан күшейтті. Қазақ
хандығының заңдары “жарғы” деп аталды. “Негізі орта ғасырларда
қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған.
Қазақша “жарғы” әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан,
нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан.
Халық Қасым ханнның шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы —
Жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны “Қасым ханның қасқа жолы”деп
атап кетті. Бұл заңға енген ережелер: 1) Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын
шешу ережелері); 2) Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық
қылмыстарына жаза); 3) Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан,
ердің құны, тұлпар ат); 4) Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік,
халықаралық қатынасында сыпайылық, әдептілік); 5) Жұртшылық заңы (шүлен
тарту, ас, той, мереке үстіңдегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың
міндеті). Ереже заңдары өзгеріссіз XVІІ ғасырға жетіп, Есімнің кезінде
(1598-1645) “Есім салған ескі жол” (“Есім ханның ескі жолы”) деп
аталады[32].
Түркістанда билік еткен Есім ханның тұсында Тұрсын, Абылай, Ханзада
сұлтандар басқарған өзара бақталас саяси топтар пайда болды. Ташкентте
Ақназардың немере інісі Тұрсын Мұхаммед өзін хан жариялады. Үш жүздің әр
қайсысында бірте-бірте дербес хандар пайда болды.
Ішкі саяси тұрақсыздық жайлаған қазақ хандығын қайтадан қалпына келтіру
ісі орындалуы қиын саяси міндетке айналды. Осындай алмағайып кезеңге
қарамастан, Есім хан хандықтың құқықтық жүйесін жетілдіруге талпынып,
өзіндік бір құқықтық реформа жасайды. Бір ғасырдай уақыт бойына қолданыста
болған “Қасым ханның қасқа жолы” Есім ханның тұсында тиісті толықтырулар
мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның ескі жолы деп аталған құқықтық
нормалар жүйесі тарих сахнасына шығады.
Ел ауызында сақталған аңыздар мен тарихи деректерге қарағанда, Есім хан
билік құрған кезеңде қасқа жолға қосылған жаңалықтар:
Хан болсын, ханға лайық заң болсын,
Батыр болсын, жорық жолы мақұл болсын.
Абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын,
Би болсын, би түсетін үй болсын — деген ережелер екен. Бұл Қазақ
хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері
жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады. Ескі заң
деп аталуына қарағанда, бұл ережелер бұрыннан келе жатқан дәстүрлі бір
жүлгемен жасалған болуы да ықтимал [33].
Есім хан бұрыннан келе жатқан жол-жоралғыларды бір ретке келтіріп,
заман ыңғайына қарай оның бойына жаңа нәр береді. Сондықтан да ол халық
жадында“ескі жол” ретінде бекиді. Б.Ж. Қуандықов аңыздар мен деректерді
саралай келе, “ескі жолда” сол кезеңге дейінгі қазақ еліндегі
заңдарға мынандай толықтырулар мен түзетулер енгізілген деп пайымдайды:
1) Елдік тәртібіне қатысты жоралғылар (хан пәрменіне, батыр, абыз ісі, би
мәртебесі); 2) Құн тарту жоралғылары (өнер құны, сүйек құны және құн ісін
жайғастыру); 3) Жесір ісіне қатысты жоралғылар (әмеңгерлік және жесір дауын
шешу жолы); 4) Жаза белгілеу жоралғылары (жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы
және оны тарту тәртібі). Бұл сол кезеңде шақырылып тұратын Билер
Кеңесінің талқысынан өтіп, бекітілген. Аталған жол-жоралғыны түзуде Есім
ханның әкесі құрметтеген Досмұхаммед, Жиенбет, Монтай билердің еткен еңбегі
ерекше болған [34].
Есім хан қайтыс болған соң хандық әлсірей бастады. Ташкент пен Әндіжан
аймағын Абылай сұлтан биледі. Есімнің орнына билікке Жәңгір хан(Салқам
Жәңгір) келді. Жәңгір хан Бұхара хандығымен тығыз байланыс орнатты. XVІІ
ғасырдың 1-жартысындағы жоңғар шапқыншылықтары қазақтардың, қырғыздардың,
ноғайлардың, башқұрттардың, қарақалпақтардың қалыптасқан шаруашылық
аудандарын қатты күйзеліске ұшыратты.
Хандық билік 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Тәуке хан өкіметтің
беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған
шаралар қолданды. Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі шешуші рөл
атқарды. “Жеті жарғы” деген атпен белгілі құқық нормаларының жинағы
құрастырылып, негізгі шарттары белгіленді. Әрине, қазақы далалық
демократияның құқықтық негізіне айналған “Жеті жарғы” дәл қазіргі кездегі
конституция сияқты жалпы мемлекеттік кешенді сипатта болған жоқ, ол өзінің
дәуіріндегі көшпелі қоғамның жалпы және ерекше құрылысына толық сәйкес
келетін құқықтық норма еді.
Әсіресе, Тәуке ханның “Жеті жарғысы” қазақ хандығының саяси, әлеуметтік-
экономикалық, идеологиялық қағидаларының конституциялық негізіне айналып,
өзінің тәжірибелік икемділігі мен қолданыстағы өміршеңдігін көрсетті.
“Келісіп пішкен тон келте болмайды” деген ұстаныммен әзірленген заңнама
ханның да қара халықтың да көңілінен шығары ақиқат. Осы қағида негізінде
халық арасынан шыққан дарынды билер, ел қорғауда ерлік танытқан батырлар
қоғамдық диалогқа тартыла бастады. Мемлекеттік басқару
институтының құрамында айтулы өзгерістер болды, яғни, саяси жүйесінде үлкен
құқықтарға ие болумен қатар, ішкі және сыртқы саясатты жүргізудеерекше
ролге ие “Билер кеңесі” енгізілді. Ханның қасындағы ақыл-кеңесшілік органға
айналған “Билер кеңесі” түйінді саяси шешімдер қабылдауға құзырлысайланбалы
алқалық орган ретінде өзінің қызметін тұрақты атқарып отырды.“Ханда қырық
кісінің ақылы бар” деген сөз сол кезде туындаған, ал “Билер кеңесінің”
құрамы қажет болған жағдайда кеңейтіліп отырған. Елдегі дауларды шешуде,
қылмыстық әреке жасаған адамдарды жазалауда, әділ сот жүргізуде, рушылдықты
тежеуде де билердің алқасы үлкен роль атқарды.Сол себепті де жарғының әрбір
тармағы Күлтөбенің басында өткен кеңесте талылынып, үш жүздің ойшыл саңлақ
билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің бастауымен хан қасындағы қырық
рудан жиналған “Билер кеңесінің”талқылауынан өтті. Ал “Билер
кеңесі” дегеніміз қазіргі кездегі парламенттің үлгісі іспетті өкілдік
институт еді. Басқаларын айтпағанның өзінде, “Жеті жарғы”қазақтарда
демократияның далалық үлгісі болды деген тұжырымды нақты дәлелдейді.
“Жеті жарғы” бір жағынан Қасым ханның “Қасқа жолы” мен Есім ханның“Ескі
жолы” заңдарының замана талабына сай қайта толықтырылған, елеулі өзгерістер
енгізіліп, дамытылған туындысы іспетті. Ал жаңадан қосылған екі тарау жесір
дауы мен құн дауына қатысты болды. Бұл кезде Қазақ хандығының шығыс
жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты
жердің тарылуы, мал жайлылымдарына таласқа нжанжалдардан адам өлімінің жиі
болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп
алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді.
Жаңа мемлекеттің құқықтық негізіне айналған “Жеті жарғы” далалық
демократияның рухына сай Ата заң болды. Бұл қазақ халқына тән дәстүр
сабақтастығын басшылыққа алған, елдің саяси өмірі мен бұқара халықтың
тұрмыс-тіршілігінің ерекшеліктеріне сай бейімделген салиқалы заңнама ғана
емес, ел ынтымағы мен бірлігін көздейтін саяси идеологияның құқықтық негізі
еді. Қазақ хандығы үшін зор маңызы бар осы тарихи құжаттың астына ұлттың
барлық игі жақсылары топтасты, барша халық мойындап, бірауыздан басшылыққа
алынды. Бұл тұрғыда “Жеті жарғыны” бүкіл ел болып мойындап, күнделікті
өмірде кеңінен қолдануын демократияның алтын заңына айналған
легитимділіктің жарқын көрінісі десек те болады.
С. Созақбаевтың зерттеуіне сүйенсек, “Жеті Жарғы” өзінің
бабтарында“қылмыс” деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін
ашыпкөрсетпейді. Бекітілген нормаларда тек қазақ қоғамының әлеуметтік
практикасында жиі-жиі кездесетін зиянды қимыл-әрекеттердін аттары аталып,
оларға қолданылатын жазалардың түрлері көрсетілген. Негізінде “Жеті
Жарғыда” мынандай қылмыстардың құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық,
тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге
зақымкелтіру, әйелді зорлау, әйелді алып қашу, экзогамиялық табу, күйеуі
бар әйелмен көңілдес болу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту, сияқты
әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді. Қылмыс істеген адамдарды қылмыскер
деп танымайды, керісінше оларды “жын соққан”, “пері соққан”,“құдай атқан”
деген мағынада бағалайды, қылмыскерді “күнәһар” деген ұғыммен
алмастырып қарайды. “Жеті Жарғының” негізгі талаптарының бірі — жасаған
қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға
жан). Бірақ талион принципі “Жеті Жарғыда” бекітілгенімен, онша
дамыған жоқ, керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік
композиция – құн төлеу қалыптасты [35].
Тәуке ханның Жеті Жарғысында қазақ қоғамының мемлекеттілік құрылымы,
өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты мемлекеттік
құқықтың институттары бекітілмегенімен, оның кейбір бабтары жас қазақ
мемлекеттілігінің құрылымын қорғауға және оның территориялық тұтастығын,
ұлттық бірлігін сақтауға бағытталғанын да айта кеткен жөн.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның
өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып
нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің
іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, “малым жанымның садағасы,
жаным арымның садағасы” деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары
адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ,
көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-
тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары
ұлттық болмыстың туындысы болды.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және
оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып
нормаларыұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің
іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, “малым жанымның садағасы,
жаным арымның садағасы” деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары
адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ,
көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-
тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары
ұлттық болмыстың туындысы болды.
Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті
сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен
мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын
мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше,
біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі
мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.
Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын
жазалардың тым қатал емес, яғни ізгіленгенінен айқын көрінеді. Сондықтан да
болар, қазақ даласында түрме, абақты, бас бостандығынан айыру деген жазалау
шаралары болмаған. Оның есесіне “қанға қан” ұстанымының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ этнонимінің синонимі
М.Х.Дулатидің Тарих и Рашиди еңбегін Қазақстан тарихы курсында қолдану әдісі
Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөліну себебтері
Пәндер