Жапониядағы педагогикалық мектеп


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Жапониядағы педагогикалық мектеп

2. 2. Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі

Қорытынды

Пaйдаланылған әдебиeттеp

Кіріспе

Жапония елінде оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі - қаңтар - наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.

Жапонияда мектеп мұғалімі - ежелден бері ер адамдардың мамандығы болып есептеледі.

Жапония мектептерінің көбісінде асхана жоқ, оқушылар сыныпта тамақтанады.

Ең ғылыми техникалық прогресстің шыңырау шегіне жеткен Жапония елі әлемді өзінің өмірдің түрлі саласындағы табыстарымен таң қалдырады, соның ішінде және білімде де ерекше назар аударуда.
Жапониядағы білім - бұл, отбасы, қоғам және мемлекет қолдайтын мәдениет болып табылады. Кіші жастан бастап жапондықтар үнемі және қарқынды білім алады.

Жапониядағы білім берудің тағы бір ерекшелігі, олар тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында мұғалімдердің шағын тобын құрып сабақтағы іс - әрекетті зерттейді. Жапониядағы білім беру жүйесі американдық білім беру жүйесіне ұқсайды, бірақ өзіне тән ерекшелігі бар. Жапон мектебі шетелдің озық тәжірибесін өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне кәсіби лайықтап, пайдаланады.

Жапониядағы педагогикалық мектеп

Жапонияда «Балаларды дамытып - Жапонияны дамытамыз!» атты қағида елді басқарудағы басты ережелердің бірі, «не ексең соны орарсың» мақалына ұқсас болып келеді.

Жапон елінде балалар қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. Білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты-ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Барлық білім бөлімдерінің мақсаты - өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды, өмірінің мәні балалардың тәрбиелі болуына байланысты екенін айтады. Кіші және орта буындарда топтық тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне сәйкес 7-8 баладан тұрады. Әңгімелеуші құрбысына қалай қарау оның пікірін тыңдай білу, өзін көрсету дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер туралы сұрақтар туындаса, жеке оқушыға емес, топқа байланысты, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Соробон құралы пайдаланылады, ол шығармашылық қабілетін арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді. Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді. Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш. Ағарту министрлігімен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебінде дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды, білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарында жоғарғы оқуға түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен ғана бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді.

Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімделуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды. Аналары ер балаларды оқытуда аса басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз балаға болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше құрмет көрсетеді, дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым.

Жапонияның азаматы деп ұғынатын бала тәрбиелеу; төр­тінші дені сау және белсенді бала тәрбиелеу.

Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жа­пон қоғамының рухани-адамгершілік құн­дылықтарын көрсететін негізгі үш өмірлік принципті насихаттайды. Олар:

  • бірінші, ойлай біл, өз бетіңше шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын іздеп, таба біл;
  • екінші, әдемілікті түсін, өзіңдегі әдемілік сезімді тәрбиеле, жаның сұлу, жүрегің ме­йірімді болсын, тілектес бола біл;
  • үшінші, денің сау, төзімді, күшті бол.

Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі

Қазіргі уақытта Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі дүние жүзіндегі ең алдыңғы қатарлы жүйе, әрі сол елдің қа­рыштап дамуының негізі болып отыр. Мұны бүкіл дүние жүзі мойындаған.

Жапондық үздіксіз білім беру жүйесі жапон қоғамының рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды. Олар:

1. Ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап;

2. Әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейрімді бол, аяушылық білдіре біл;

3. Денің сау, төзімді, күшті бол.

Жапондық білім жүйесін мұқият зерттегенімізде осы ұстанымдардың өмірде, оқу үрдісінде, қоғамда нақты жүзеге асып отырғанын байқадық.

Жапонияда білім беру, тәрбиелеу, адамды қалыптастыру философиялары өзара тығыз байланысты. Жапон мектебінде дәстүрлі оқыту мақсаты білім беруге қарағанда, тәрбиеге көп мән береді. Халық арасында ғалам болғанша, жақсы алам болған дұрыс деп есептейді.

Жапондардың мектепке, ұстазға деген дәстүрлі құрметі, қарым-қатынасы сыйлауға лайық. Ұстаз оқушылар үшін адамгершілігі жоғары тұлға моделі, үлгі тұтарлық мысал болып табылады. «Ұстаз - ұлт игілігі» - деп есептейді жапондар. «Үш қадам артқа шегін, бірақ мұғалімнің көлеңкесін баспа» - дейді ежелгі даналық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапонияның тәрбие және білім беру жүйесі
Қазақстандағы ауаның ластануы
Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
Әлем елдеріндегі білім беру жүйесімен танысу. Білім беру жүйесі дамыған мемлекеттердің оқу жүйесімен таныстыру, жаңа тәсілдер
Хэйан дәуірінің мәдени өзгерістері
Хэйан кезеңі жапон тарихындағы өте маңызды кезең
Білім беру саласындағы маркетинг
Жалпы білім беру мектептерінің ортаңғы сынып оқушыларына аутентикалық материалдарды қолдана отырып ағылшын тілін проблемалық жағдайда оқыту
Менеджменттің жапондық және американдық модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізу
Білім беру қызметтерінің маркетингі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz