Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі



1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі;
2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі;
3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері;
Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қызметіне қосымша іс рнтінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық іс әрекеті қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру. Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.
9.1 Негізгі әдебиеттср
1. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі.-А: Әлем,2000
2. Әбиев Ж. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. -А; 2005
3. Харламов Н. Педагогика. - М., 1990
4. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -A., 1999.
5. Әбиев Ж., Бабаев С, Қүдярова А. Педагогика. -А., 2004
6. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. A., 2000.
7. Подласый М.П. Педагогика. М., 2003. Книга 1,2.
8. Эбиев Ж. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А., 2005
9. Жолтаева К. Тұлғанын дамуындағы жалпы зандылықтар. Дәрістік курс. А., Қазак университеті. 2003
10. Педагогическая энц. Том 1,2,3,4. М., 1964.
11. Лихачев Б.Т. Педагогика, (курс лекций) М., 1993.
12. Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. А., 2004
13. Қожахметова К.Ж. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.-А: Элем 2000 ж.
14. Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттык тәрбие жүйесі: теория және практика.-А: Әлем,1998ж.
15.Гуткина Л.Д. Организация воспитательной работы в школе.-М: 1998г
17. Болдырев МЛ. Мектептегі-тәрбие жұмысының методикасы.-А: 19S?
18. Методика воспитательной работы-'ЛЛ Рувинского.-М: 1989
19. Богданова О.С Петрова В.М. Бастауыш класстарындағы тәрбие жұмысының методикасы 1980
20. Методика воспитательной работы.. Под ред. В.М. Коротова. Уч.пособие. М.199о
21. 10-Атемова К.Т. Отбасында баланын іс-эрекетін ұйымдастыру жолдары-
22.П.Аргынбаев X. Казак отбасы.А:Кайнар 1996.
23.Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. №1 0, 1988. 29-30 от.
24.Болдырев Н.И. Методика работы классного руководителя. М., 1984.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНЕН
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ

Тақырыбы: Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
Мамандығы: 5В011100ИНФОРМАТИКА
Біліктілігі: 5В011100 ИНФОРМАТИКА
Семестр: ІV
Курс: ІІ

Түркістан2012

1 Әзірлеген:Курбанова А.

Сабақтың тақырыбы: Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
Сабақтың жоспары:

1. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі;

2. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі;

3. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері;

Сабақтың түрі: практикалық
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік,
ақпараттық, дамыта оқыту
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері: ауызша сұрау, тест қолдану,
тапсырмалар орындау, жаңа тақырып түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сынып ұжымымен тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен
таныстыру және оны меңгерту, оқушылардың жеке басының ерекшеліктерімен
таныстыру,оларды жан-жақты зерттеуді меңгерту,оқушыларды тәрбиелеуде
сыныпта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесімен
таныстыру және меңгерту.

Дамытушылық:Студенттердің сынып ұжымымен қалай жұмыс жасау керектігін
үйрету,тәрбие жоспарын қалай жоспарлау керектігін меңгерту.

Тәрбиелік:Студенттердің бойында адамгершілік қасиетін
қалыптастыру,ұйымдастырушылық қасиетін қалыптастыру,кәсіби
жауапкершілікке баулу.
Пәнішілік байланыс: Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемесі мен
технологиясы, Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі, Тәрбие
жұмысын жоспарлау әдістемесі.
• Пәндер аралық байланыс: психология,педагогика,Тәрбие жұмысының
теориясы мен әдістемесі.
Қамтитын пәндер:
• Педагогика
• Психология
• Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.

Студент білуі тиіс:
• Сынып жетекшісінің жұмысын жоспарлауды ерекшеліктерін;
• Ата –аналармен жұмыс жасай білуі.
• Тәрбие жұмысын жоспраларының ерекшеліктерін,оның
талаптарын,әдістемесін.
Уақыты: 90минут
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар: схемалар, кестелер,слайдтар.
Үлестірме материалдар: тесттер, тапсырмалар
Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, компьютер.

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

1 Негізгі

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
9.1 Негізгі әдебиеттср
Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі.-А: Әлем,2000
Әбиев Ж. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. -А; 2005
Харламов Н. Педагогика. - М., 1990
Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -A., 1999.
Әбиев Ж., Бабаев С, Қүдярова А. Педагогика. -А., 2004
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. A., 2000.
Подласый М.П. Педагогика. М., 2003. Книга 1,2.
Эбиев Ж. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А., 2005
9. Жолтаева К. Тұлғанын дамуындағы жалпы зандылықтар. Дәрістік курс. А.,
Қазак университеті. 2003
Педагогическая энц. Том 1,2,3,4. М., 1964.
Лихачев Б.Т. Педагогика, (курс лекций) М., 1993.
Әбенбаев С. Сынып жетекшісі. А., 2004
Қожахметова К.Ж. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.-А: Элем 2000 ж.
Қожахметова К.Ж. Мектептің ұлттык тәрбие жүйесі: теория және практика.-А:
Әлем,1998ж.
15.Гуткина Л.Д. Организация воспитательной работы в школе.-М: 1998г
Болдырев МЛ. Мектептегі-тәрбие жұмысының методикасы.-А: 19S?
Методика воспитательной работы-'ЛЛ Рувинского.-М: 1989
19. Богданова О.С Петрова В.М. Бастауыш класстарындағы тәрбие жұмысының
методикасы 1980
Методика воспитательной работы.. Под ред. В.М. Коротова. Уч.пособие. М.199о
10-Атемова К.Т. Отбасында баланын іс-эрекетін ұйымдастыру жолдары-
22.П.Аргынбаев X. Казак отбасы.А:Кайнар 1996.
23.Смайылова М. Тәрбие жұмысын жоспарлау туралы. №1 0, 1988. 29-30 от.
24.Болдырев Н.И. Методика работы классного руководителя. М., 1984.

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут): Аудиторияның тазалығына студенттердің
сыртқы формасына назар аударып отырғызу. Тізім бойынша түгелдеп журналды
толтыру.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 мин): студенттерге бүгінгі
тақырыптың мақсатын түсіндіріп, жоспары хабарланады.
3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен
бақылау (бүгінгі тақырып бойынша) (25-30 мин):

Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып жетекшісінің рөлі

1.Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының мазмұны

Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып
қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта
оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-
кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс.
Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру
қызметіне қосымша іс ретінде қызметіне қосымша іс рнтінде қараса, ал
басқалары оны негізгі педагогикалық іс әрекеті қарастырады. Дегенмен,
сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине
ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол-
сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара
әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға
бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып
қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы
жүзеге асырылады.

Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік
шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол
оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы
көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның
белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.
Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,
адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп,
жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының
мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап
айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық,
еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен
сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру. Сынып жетекшінің
міндеті – сан алуан. Сал себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің
психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

1.Сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделерін және олардың жеке
басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.

2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы
жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.

3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-
аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға қоятын педагогикалық
талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.

4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-
қатынасын қамтамасыз ету.

5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала
тәрбиесіне педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру.

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8.Тәрбие қызметінің тұтастылыған, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін
қамтамасыз ету.

9.Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі
қызметінінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру т.б.

Сынып жетекшінің қызметі

Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде
тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі
жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3
бағытта қарастыруға болады.

1.Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға
барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуна жағдай
тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге
араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған.
Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату.
Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.

2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың
орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да
белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек,
эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын
ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.

3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық,
жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп
отыру қызметін жатқазуға болады.

Нақтымалық қызметі сыныпта оқу-тәрбие процесін нәтижелі ұйымдастыру үшін,
оның жетекшісі оқушылар тәрбиесінің деңгейі мен өзгеру барысын анықтап
отыруды, соған сәйкес оқушылардың тұлғалық және жеке дара ерекшеліктерін
зерттеу және оған талдау жүргізу; сыныптағы келеңсіз жағдайлардың себебін
іздестіріп, анықтап, оны болдырмаудың тәсілдері мен жолдарын қарастыруды
көздейді.

Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында , біріншіден, өзінің
педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни
зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын
қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл
процес оқушылардың жас ерекшелігі сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне
байланысты жүзеге асады.

Тәрбие жұмысының мақсаты баланың жек тұлғасының даму процесін басқару
міндеттерін анықтайды. Сондықтан, сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық
қызметі тәрбие жұмысын жоспарлауда көрініс табады.

Жоспарлау- бұл сынып жетекшісінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-
тәрбие процессінднгі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі- педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық
талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының
бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау
– мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы.

Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны
жобалаудың да маңызы ерекше.

Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп
және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапсын қадағалауға мүмкіндік
беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамсыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне
талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы
немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады.
Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі
тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана
жүзеге асады.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы бірыңғай ұйымдастырушалық және
педагогикалық міндеттерді шешуді қарастырады. Ол оқушының жан-жақты
нәтижелі дамуын, саған сәйкес тәрбие міндеттерін шешудің формалары мен
тәсілдерін таңдап және жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ол негізінен 3
бағытта жүзеге асады.

1. Оқушыға тікелей ықпал жасау:

Оның дара даму ерекшелігін, қызығушылығын,қоршаған ортасын танып білу;

Тәрбие ықпалын алдын ала болжау, жобалау;

Жеке дара және ұжымдық жұмыста тәрбие формалары мен тәсілдерін жүзеге
асыру;

Тәрбие ықпалының нәтижесіне талдау жүргізу.

2. Тәрбиелеу ортасына жағдай тудыру

Оқушылар ұжымын қалыптастыру;

1.Онда жағымды көңіл-күйді қалыптастыру;

2.Оқушыларды әлеуметтік әрекетке қатыстыру;

3.Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту.

4.Баланың әлеуметтік қатынасына ықпал ететін әр түрлі субьектілерге
көмектесу, бақылау жасау:

• отбасына әлеуметтік қолдау көрсету;

• мұғалімдер ұжымының өзара педагогикалық әрекетіне қолдау көрсету ;

• бұқаралық ақпарат құралдарының балаға ықпалын бақылау;

• мектептен тыс тәрбие мекемелерімен өзара бірлескен іс- қимыл жасау.

Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының мақсатын анықтауы

Педагогика ғылымында тәрбие жұмысының мақсатын анықтау негізгі мәселенің
бірі.Себебі, қандайда болмасын әрекеттің түрі, мақсатқа сәйкес туындайды.
Мақсат болмаса,әрекет те болмайды.

Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық қызметі

Сынып жетекшісінің оқушыларды танып білу жолдары

Бүгінгі ақиқат өмірдегі қарқынды реформалау жағдайы мектеп мұғалімдерінің
оқушының жеке тұлғасы мен оқушылар ұжымының ерекшеліктерін зерттеудің,
саның негізінде тәрбие процесінің нәтижесін, тиімділігін арттырудың ғылыми-
педагогикалық және психологиялық әдістемесін танып білуге біршама
қызығушылығын тудырып отыр. Оның себебі, біріншіден, жаңа жағдайға сай
балалар мен ата-аналардың көзқарастарының өзгеруі , біздің елдегі және
әлемдегі болып жатқан қарқынды даму жағдайды, қоғамның құндылық бағдарының
жаңа сипатқа ие болуы, соған сәйкес мектептегі оқу және тәрбие
жұмыстарының стратегиясы және тактикасының мазмұнының жаңаруы, жастардың
мінез-құлқы мен әрекеттерінде кейбір келеңсіз құбылыстың пайда болуы әсер
етуде. Мұндай жағдай балалардың дамуы мен тәрбиесін қазіргі ақиқат өмірмен
байланыстыра қарастыруды міндеттейді.

Екіншіден, қоғамның бүгінгі жаңа сипатқа ие болу жағдайында өмір сүріп
жатқан балалар өзгеше бір күй кешуде.Ол, бір жағдайда үлкенднр алдында
өздерінің тұйықтылығымен әсер қалдырса, яғни ата-аналары мен ұстаздары
алданда бір, ал жеке немесе жолдастары ортасында басқа мінезде болып
көрінуге тырысады.

Сондықтан, қазіргі мектеп мұғалімінің қоржынында оқушының жеке тұлғасы
және оқушылар ұжымын зерттеудің жан-жақты бай ғылыми әдістемесі
жинақталған.Олар: педагогикалық, социологиялық, этикалық т.с.с. болып
келеді.

Сыныпты жаңадан қабылдап алғаннан кейін, оның жетекшісі зерттеуді
оқушылардың құжаттарымен танысудан бастайды.Оқушыларға жазылған
мінездемелер, жылдық баға қорытындылары, сынып жиналыстарының хаттамалары,
денсаулықтарына қатысты анықтамалармен толық танысып,өзінен бұрынғы
жетекшілік еткен немесе бастауыш сынып мұғалімінен әрбір оқушы туралы
толық мәлімет алады.

Оқушының жеке басын және сынып ұжымын танып білуге болады. Зерттеу жұмысын
ұйымдастыруға байланысты қандай педагогикалық талаптар қалыптасқан:

1.Зерттеуді бастамас бұрын, ең алдымен оның мақсатын анықтау.

2.Зерттеу барысында оның жоспары құрылып, жүйелігін қамтамасыз ету.

3. Зерттеуді оқушының өмірі мен түрлі әрекетінің табиғи жағдайында
жүргізу.

4. Зерттеу жұмыстарының барысында нысананың жариялығын болдырмау.

5.Зерттеу жұмысын ұйымдастыру мен нәтижесінің объективтік жағдайларын
қамтамасыз етуде әртүрлі тәсілдерді пайдалану.

6. Зерттеу барысында оқушының жеке басының мінез-құлық ерекшеліктерін жан-
жақты танып білуді қамтамасыз ету.

7. Зерттеу барысында жазба және талдау жұмыстарын үнемі атқару.

8.Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне қорытынды жасау, оқушыларға
психологиялық мінездеме жазуды әдетке айналдыру.

Зерттеу жұмыстары барысында аталған талаптардың орындалуын қадағалау, оны
нәтижелі ұйымдастырудың басты шарты. Зерттеу жұмысы ұзақ және күрделі
процесс. Мұндай жағдайда сынып жетекшілерінен педагогикалық- психологиялық
білімдерді терең меңгеруді, зерттеу жұмыстарын шығармашылықпен
ұйымдастыруды әрі олардан төзімділікті қажет етеді.

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары- міндетті педагогикалық құжат. Жоспар
оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді,
тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған
жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.

Жоспар- тәрбие жұмысының айнасы. Ол сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының
бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие
жоспарындағы оның мақсат- міндеттері және мазмұнымен танысу барысында,
белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын,
адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т.б.
қасиеттерін байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда
сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отырып жасалуы тиіс.
Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі
жүргізіледі.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәжірибесінде оқушылардың қабілеті мен
қызығуын, жеке басының ерекшеліктері мен сұраныстарын ескермей, үстірт
жасалатын жоспарлар көп кездеседі. Сандай-ақ тәрбие жоспарларын бір-
бірінен көшіріп алатын немесе биылғы жоспарын келесі жылы қайта көшіріп
қоя салатын сынып жетекшілер көптің қасы.

Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы.

Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.
Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның жеке тұлғаның
талабымен ұштастыра құру – одан да қиын туғызады. Мұндай жағдайда сынып
жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімде зерттеу жұмыстарын жүргізуді
қажет етеді.

Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалады. Тәжірибелі сынып
жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады.
Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігі мен тиімділігін арттырады.

Тәрбие жоспарының үлгісі

1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі,
денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір
ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша
сипаттама беріледі.

2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша
талдау.

3. Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен
міндеттерін анықтау.

1.Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер,
саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші,
олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық
және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.

2.Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді
(Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және
қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды
ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына
қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді,
сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының тақырыбын
жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің
тікелей қатынасын көрсетеді.

3.Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің
жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие
жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара
жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.

4.Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс
орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар
комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін,
олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың
өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.

5.Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ
үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың
түрлері кіреді.

Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының
нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие
жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық
ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің
түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары
төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.

Апта аралығын көрсету

Негізгі бөлімдер

Тәрбиелік шаралардың мазмұны

Формасы мен тәсілі

Мерзімі, уақыты

Жауапты адамдар

Өтілгені туралы белгі

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру

2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен
өзара әрекеттері

3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

5. Жеке оқушымен жұмыс

Тәрбие жоспарына қойылатын негізгі талаптар

1.Жоспар ұжымдақ еңбектің белгісі. Сондықтан тәәрбие жоспарын құру
барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін
қатыстыруды қамтамасыз ету.

2. Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болсын.

3. Тәрбие жұмысы жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.

4. Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін
ескеру.

5. Тәрбие жоспары ықшамды, әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалатын
болсын.

6.Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, сапасымен
анықталатын болсын.

7. Тәрбиелік атқаруда қолданылатын әдістер бір сарынды емес, әртартпа және
әржақты болуын ескеру керек.

8. Жоспар құру барысында сынып жетекшісі оқушылардың не нәрсеге
қызығатынын, олардың қандай істерді өткізгісі келетінін, ұсынылған
шараларға қалай қарайтынын анықтауы қажет.

9. Жаспардағы тәрбиелік шаралар жүйелі, бірізділікпен құрылуы тиіс.

10.Тәрбиенің салаларына қатысты белгіленген шаралар жеке-дара емес,
біртұтастық ұстанымға сай құрылуын ескеру.

Тәрбие жоспарын қалай құруға болады?

1.Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен міндеттерін
анықтайтын мемлеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым минстрлігінің оқу-
әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен
технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогика,
әдістемелік әдебиеттерді оқу.

2.Балалардың жас ерекшеліктері, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп,
мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің
ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа
сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді.Мысалы: Мәдениет
құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани
дамуын ынталандыру. Оның міндеттеріне:

1. Оқушылардың сабақтан тыс зияттық- танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.

2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын
құру.

3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым –қатынас жасауға
ынталандару.

4.Оқушаларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос
уақаттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр
түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.

1.Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің
болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып
жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен
пікір алмасу.

2. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.

3.Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау,
солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.

4. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.

5.Жоспарлау. Оқушылардың немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға
тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.

Мектептің және сыныптың ерекшелігі, бағдарына байланысты тағы басқа
қосымша әрекеттің болуы мүмкін.

Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті –
оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті
орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.

Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы
балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін
ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп
алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. Ұжым- латын тілінен
енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын,
топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты
адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Дегенмен, қандай да бір топты ұжым деп айтуға бола ма? Әрине, ол олай
емес.Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымды екі түрде түсіндіреді.
Біріншісі, қандай да бір ұйымдасқан адамдар тобы, екіншісі, тек жоғары
деңгейде ұйымдасқан адамдар тобы немесе бірлестік.

Ал оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:

1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да
болмасын топта болады.Мысалы, көлікке отырған жолаушыда, балалардың тұрғын
жайындағы жолдастары ортасында, тіпті қылмыскерлер ортасында да болады.Ал
біздің әңгіме қозғап отырған оқушылар ұжымына келсек, ондағы мақсаттың
сипаты лоардан тіпті бөлек. Ол қоғам және мемлекет тарапынан қолдауға ие
болып, басымдылық танытатын мемлекеттік идеология және заңдар мен Ата
заңға қайшы келмей, солардың шеңберінде әрекет жасайды.

2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа
жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара
әрекетке белсенді қатысуы міндетті.

3.Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу
барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.

4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас
орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және
ашық сайлау негізінде қалыптасады.

Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да
өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу
құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен
өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады.
Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік,
бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.

Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы
есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге
асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-
қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде
жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.

Олай болса оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа
біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы
бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара
жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.

Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?

Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым
көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей
ұйымдастырылуы қажет.

Сынып оқушыларының өзін-өзу басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін
ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың
белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшіл басқару жүйесі болып
есептелінеді. Бұған керісінше, оқушылар өздерінде туындап отырған
мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып
саналады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді
қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс. Сондықтан
да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол
өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.

Олай болса өзін-өзі басқаруы – қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде
оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы.
Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:

Оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім
қабылдауы және оны жүзеге асыруы мүмкіндігінің болуы;

Дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

Сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен
ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

Ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін
басқаруға дайын бола білуі ;

Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін-өзі басқарудың шартты түрде алынған
негізгі ұстанымына:

4. өзіміз шараны ұйымдастырамыз;

5. өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз;

6. өзіміз қорытынды жасаймыз; қағидаларын жатқызуға болады.

А.С. Макаренконың көзқарасынша өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады,
басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ
мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін-өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады.

1.Сынып жағдайында өзін -өзі басқару:оқу, еңбек, көпшілік-мәдени, спорт
секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық
жасайды.

1. Мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін-өзі
басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін-өзі
басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады.

Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе
кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында Парламент түрінде өзінің
жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөніндегі
орынбасары жетекшілік етеді.

3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады.
Оның құрамына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі
мүшелері (тұрақты комиссиялардың бағытына байланысты шамамен -7 оқушы),
кеңесші мұғалімдер – 5, ата-аналар-2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен
мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау
мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.

Бүгінде оқушылардың өзін-өзі басқаруды дамытуда белсенділерді лидерлерді
даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам
өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне
еркін араласуына, әрбір оқушының әлеуметтену процесіне қатысуына жағдай
туғызу қажет.

Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай
көрсетуге болады.

1.Әрекетің мақсатын анықтау.

2.Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау).

3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).

4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе нақты бір нұсқасын таңдау).

5. Шешімді қакбылдау (жобаны бағалау).

6. Шешімді жүзеге асыру(әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).

7. Ұжым болып нәтижесін қортындылау(өздерінің мүмкіншілігін бағалау).

Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның
жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін
әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және
мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз
етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған
және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының
дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең
көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын
жан- жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың
жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат
құндылықтарына негізделген білімдерін байытып , қажетті практикалық
іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан түс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне
қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын
тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты
қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол
өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады . Бүгінде
бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде
жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана
баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар
ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сынып ұжымын ұйымдастыру
Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және оның қалыптасуы
Мектептегі тәрбие жұмысын жетілдіруде оқушылар ұжымын диагностикалау
Оқушылар ұжымын зерделеу әдісі
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Әдістемелік кабинетті ұйымдастыру. Балабақша жұмысы тәжірибесінен іс-құжаттар, конспекті жинақтау
Ұжымның даму кезеңдері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының әдістемесі
Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны
Оқушылар ұжымның қалыптастыру және оның балалар тұлғасына ықпалы
Пәндер