Лимфа жүйесі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе бөлімі

Лимфа жүйесі тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады және вена жүйесінің қосымша арнасы сияқты, онымен тығыз байланыста дамиды, әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері болады.

Лимфа жүйесі -тін аралық сұйықтың құрамындағы су, тұз белок, липид алмасуы кезіндегі пайда болған әртүрлі заттардың, микроб, денеге енген бояу қан арнасына, вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни қосымша дренаждық қызмет атқарады. Ол сондай -ақ, интерстициялық сұйықтықтан түзілген лимфа ағысын қамтамасыз етеді. Лимфа- адам денесіндегі екінші сұйық орта.

Оның негізгі қызметі- лимфаны тіндерден вена арнасынан өткізу, сондай-ақ иммундық реакцияларға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды және тағы басқа да залалсыздандыру . Қатерлі ісік жасушалары да лимфа жолдарымен таралады; бұл жолдары анықтау үшін лимфа жүйесі анатомиясын терең білу керек.

Негізгі бөлім

Осы аталған қызметтеріне сәйкес лимфа жүйесі құрамына мыналар болады.

I. Лимфа өткізетін жолдар:лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары, сабаулар және түтіктер.

II. Лимфациттер дамитын жерлер:

1) жілік майы және айырша без;

2) шырышыты қабықтардағы лимфоидты түзілстер:

а) жекеленген лимфа түйіншелері

ә) шоғырланған

б) бадамша түріндегі лимфа тінінің түзілуі;

3) лимфа тінінің соқыр ішекте жиналуы

4) көкбауыр ұлпасы

5) лимфа түйіндері

Бұл түзілістердің барлығы бір мезгілде тосқауыл қызметін де атқарады. Лимфа түйіндерінің болуы лимфа жүйесін вена жүйесінен өзгешеленеді. Тағы бір айырмашылығы веналық капилляр артериялық капиллярмен қатынасады, ал лимфа жүйесі бір ұшында тұйықталып, басқа ұшымен вена арнасына ашылатын түтікшелер жүйесі болып табылады.

Лимфокапиллярлық тамырлардың лимфа тамырларына айналуы оның қабырға құрылысының өзгеруіне байланысты, ал қақпашалар капиллярда да кездесе береді.

Ағзаішілік лимфа тамырлары ағзаның дәнекер тінді қабатында орналасқан, кең шиырлы өрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді.

Әрбір ағзадан немесе дене бөлігінен түрлі лимфа түйіндеріне баратын әкетуші лимфа тамырлары шығады. Қосалқы лимфа тамырларының қосылуынан пайда болған, артерия және веналарымен қосарлана жүретін басты лимфа тамырлары коллекторлар деп аталады. Лимфалық коллекторлар соңғы лимфа түйіндері тобынан өткенен кейін саны мен орналасуы жағынан дененің ірі бөліктеріне сәйкес келетін лимфа бағаналарына қосылады.

Лимфа жүйесіне қарағанда қан жүйесі, оныың морфологиясы, физиологиясы анағұрлым жақсы зерттелген.

Орган ішіндегі бірнеше лимфа капилляры қосылып лимфа тамырларын құрайды. Лимфа тамырларында қақпашалар бар. Лимфа тамырларына құйылатын лимфа капилярының саны бірдей емес, себебі ол органның струкрурасы және қызметіне байланысты. Егер лимфа тамырларына бірнеше лимфа капиллярлары құйылса, ол жер кеңейеді де, ал одан әрі қақпашалар бар жерінде тарылады.

Орган ішіндегі лимфа тамырлары диаметрі бірдей емес, сондықтан олар ұсақ, орта және ірі болып бөлінеді. Ең ұсақ тамырларыдң диаметрі, капилляр диаметрлерінен де төмен болады. Бірақ диаметр лимфа тамырларының айырмашылғы болып табылмайды, тек қақпашалар лимфа тамырларында ғана болады. Барлық лимфа тамырларында көптеген қақпашалар бар.

Орган ішіндегі лимфа тамырларында органнан шыққан лимфа тамырларына айналады. Олар лимфаны теріден, факциядан, еттен, сіңірден, буыннан, жүйкелерден, тамырлардан, сүйектен, бастан, мойыннан, кеуде, құрсақ қуысынан жеткізеді. Лимфа тамырлары беткей және төмен орналасқан веналармен бірге жүреді. Беткей орналасқан және төмен орналасқан лимфа тамырлары бір-бірімен анастомоздар арқылы байланысқан.

Лимфа тамырларының қабырғасының құрылымы. Ағзаішілік болсын ағзан тыс болсын лимфалық тамырлық венаға ұқсас, тек айырмашылығы лимфа тамырының венаға қарағада клапандары көп, қабырғалары мықты, бұлшықеттрі жақсы жетілген және эластикалық қасиеті жоғары.

Өте майда лимфа тамырының, яғни капиллярлы тордан бастап, қабырғалары бір ғана эндотелийден тұратын, ал орта және ірілерінде ішкі, ортаңғы және сыртқы қабаттары бар.

Ішкі және сыртқы қабаттарында құрылымдар бойлай, ал ортаңғы -циркулярлы орналасқан.

Ішкі қабаты бойлық талшықты қабаттан және ішкі эластикалық қабаттан тұрады., бұл ұабат әр лимфа тамырларында әр түрлі диаметрлі болады. Майда лимфа тамырларында тегіс салалы бұлшықет талшықтары мен эластикалық элементттері соншалықты аз болғандықта, олардан үш қабатты бөліп қарауға болмайды.

Екі клапан арасындағы лимфа тамырының бөлігін лимфангиона деп аталады. Лимфоангиоманың функцияналды - анатомиялық еркшеліктерін бағалау үшін, оның көлемін зерттейді. Көлемін анықтай отырып, лимфа тамырының қозғалыс қызметі туралы ақпарат қызметі туралы ақпарат алады.

Лимфангиоманың негізгі зерттеу нәтижесі клапан мен лимфангиома қабырғасын ажыратуға негізделген. Шеткі клапан бір лимфангиомаға, ал орталық клапан- екіншіге тиіслі. Лимфангиона клапаны екі жармалы болады. Бір жармалы немесе үш жрамалы клапандар өте сирек кездеседі. Клапан жұқа бұлшықетсіз жармадан және клапанды валиктен тұрады.

Лимфангиома бұлшықеттік манжеттен және клапандық синус қабырғасынан тұрады. Бұлшықеттік манжеттен клапандық синусұа қарай лимфангиоманың қабырғасы жұқара береді, ал миоциттер саны азаяды. Бұлшықет манжетінің орталық бөлімінде және синус үсті мен шеткі бөліктерінде миоциттер мөлшері максималды болады.

Шеткі бөліктерінде, яғни келесі лимфагионаға өтетін аймақты бөлікте, жармалар арасындағы бөліктер маңызды болып келеді., себебі мұндағы миоциттер ірі лимфа тамырында келесі лимфангионаның жасушаларымен күрделі қатынасты болады.

Лимфагионалардың мөлшерлік көрсеткіштері әртүрлі, көбінесе олардың орналасуына қарай өзгеріп отырады. Майда лимфа тамырларында лимфангиома-ның ұзындығы 1-4 мм ғана болса, ал ірі тамырларында 10-13 мм-ге дейін жетеді.

Лимфагиоманың көлемі ағзаішілік лимфа тамырларынан ағзадан тыс лимфа тамырларына қарай көбейеді. Лимфагионның көлемі ішек шажырқайындағы лимфа тамырының клапандық бөліктеріне қарағанда әлде қайда көп.

Лимфангионалардың қимылдық функциясын танып білу үшін оның миоциттерінің антомиялық негізде орналасуын білу қажет. Лимфа тамырларының қабырғасының құрылымы күрделенген сайын, әсіресе ірі ағзадан тыс лимфа тамырларында, бағаналарда, өзектерде, екі көрші лимфангиоманың миоциттерінің арасындағы қатынаста күрделі. Лимфа ағымы заңдылығын анықтауда, лимфа түйіні капсуласының пренодальды және постнодальды лимфагионның миоциттер байланысының мағыздылығы бар.

Адамдардың және жануарлардың әртүрлі лимфа түйіндерінің капсуласының және лимфа тамырының тотальды препаратын жасау әдісінің көмегімен пренодальды жіне постнотальды лимфагиомалардың және де лимфа түйіннің капсуласының миоциттерінің санын анықтау мүмкін. Лимфа тамырларының және лимфа түйінің капсуласынң миоциттерінің арақатынасы бар екндігі анықталған. Афферентті лимфа тамырларының капсуласының беткей қабаттарына қосылғанда пренодальды лимфангионалардың коллагенді және эластикалық талшықтары желдуші тәрізді ашылып, капсуласның сәйкес құрылымына өтеді.

Лимфа жүйесінің жалпы құрылымы және қызметімен танысп болған соң, оның жеке бөлімдері:лимфа капиляры мен лимфа түйіндері және лимфа тамырларының микроциркуляция аймағын қарас-тырамыз.

Лимфа капилляры әртүрлі пішінді және көлемді ілмекті, толар кезгінде тор түзеді. Лимфа тамырларының бастапқы архитектурасы өзі жатқан ағзаның құрылысы мен қызметіне байланысты, сондықтан да олар әртүрлі. Қозғалыстағы лимфаның ішкі қысымының жоғарлауына байланысты, лимфа тамырларының саңылауы үш есе кеңеюі мүмкін.

Жіңішке ішек бүрлерінде орналасқан лимфа капиллярлары үлкен қызығушылық туындатуда. Әрбір бүрде бір, ал ірілерінде екі кең, пішіні түзеу емес, көбінесе цилиндрлі, ал кейде түйреуіш тәрізді лимфа капиллярлары кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лимфа жүйесінің физиологиясы
Лимфа жүйесінің онтогенезі
Организмдегі лимфа ағыстары
Лимфа жуйесінің қызметі
Лимфалық құрылым қағидалары, түзілуі, құрамы мен қасиеттері айналымы
Лимфа туралы
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы
Лимфаның формалық элементтері және химиялық құрамы туралы
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz