Нормативтік - құқықтық акт



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НОРМАТИВТІК . ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ ... ... ... ...5
1.1 Талқылау түсінігі және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құқық нормаларын талқылау тәсілдері (әдістері) ... ... ... ... ... ..6
1.3 Талқылау түрлері және субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 НОРМАТИВТІК . ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Нормативтік . құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Нормативтік . құқықтық актілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3Hормативтік шарт құқық нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК. ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖҮЙЕЛІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.1 Құқық шығармашылық үрдіс түсінігі және оның этаптары ... ... ... .20
3.2 Құқық шығармашылық қағидалары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.3 Нормативтік . құқықтық актілерді жүйелеу негіздері ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ

Құқық теориясында қүқық нормаларын жүзеге асырудың әр түрлі нысандары танылған. Қүқық нормасының мазмүнымен негізделген қүқықты жүзеге асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: қүқықты сақтау, орындау, пайдалану және қолдану.
Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар жүзеге асырьшады, бүл нысанның мәні - тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады. Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ «сен тимесең, мен тимен» қағидасына сүйенеді деуге болады.[1,86-б.]
Орындау, керісінше, субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін жүзеге асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді әрекетке деген міндеттілікті атқарады.
Қүқықты пайдалану субъектінің окілеттілігін жүзеге асыруға зағьпталған, сондыктан да бүнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді мінез-қүлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді ске асырудан көрінетін күкыкты жүзеге асыру нысаны. Ол азаматтардың қүқыктарын қорғауы, меншік объектілеріне заңдық карлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде кездеседі.
Расын айтқанда, құқықты жүзеге асыру туралы оны орындауға сатысты ғана айту жөн. Бүнда өзге құқықтық қүралдармен бірге сепілдендірілген нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін зандық юрмаларда танымал әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті. Ал өзге екі құқық нысанының әрекеті, әсіресе жеке құқық аймағындағы әрекеті нақтыландыра түсуді қажет етеді. Алдымен көрсетілген қүқықты жүзеге асырудың екі нысаны бірлікте, үйлестікте және реттеу типіне бағыныштылықта қарастырылуы қажет. Өйткені, пайдалану барысында әрқашанда сақтау да орын алады: жалпы мүмкіндік беруші реттеуде - нақты тыйым салынған нормаларды бұзбау түрінде, рүқсат беруші реттеуде - субъективті құқықпен шектелінген шекарадағы әрекеттерге қатаң мойын сүну, оның көлемінен шығатын әрекеттерге бармау түрінде көрінеді. Бастысы бұнда емес. Жоғарыда аталған реттеудің екі типінде де өкілді субъект белсенді әрекет етеді. Осы белсенді әрекетті шартты түрде ғана құқықта бекітілген «жүзеге асыру» ретінде айтуға болады. Ал шын мәнінде бұндағы субъектілердің белсенді әрекеті әлеуметтік өмірдің объективті қажеттіліктеріне негізделген материалдық, саяси, рухани және өзге де мүдделерді тікелей жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Тиісті заңдық нормалардың - өкілеттік беруші және тыйым салушы - жүзеге асырылуы типтік конструкциялар, жалпы және абсолютті құқықтық қатынастар түрінде жасалынады, субъектілер әлеуметтік қажеттіліктермен талап етілген белсенді әрекеттерін соған сәйкестендіреді.
Бұндай көзқарастар құқықты жүзеге асырудың бір үлгісі - құқықтық нормаларды орындауға қатысты алғанда белгілі бір дәрежеде әділетті де. Ол, көбінесе, мемлекеттік билік әрекетіне, одан шығатын нүсқаулар мен ол бекітетін позитивтік міндеттерге тән болады да, құқықтық нысандарды мемлекеттік билік органдарының көзқарасы бойынша «еркін» пайдалануға мүмкіндік береді.
Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес құықты жүзеге асыру нысандарына жүгінсек, алдымен анықталған тұжырым дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда, құқық реттеуші және тиімді қорғаушы әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Ағдарбеков Т. Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды, 2002.
2. Андабеков Ш. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2000.
3. Алексеев С. С. Проблемы теории государства и права. М., 1987.
4. ӘділбековаҚ.Қ, Жақсыбаева Г.М. «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған сызбалар. Қарағанды, 2006.
5. Венгеров А.Б. Теория государства и права. М , 1998.
6. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.Қ., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Астана, 2001.
7. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С., Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998
8. Марченко М.Н. Теория государства и права. Москва, 2005.
9. В.В.Лазарев, С.В.Липень. Теория государства и права. Москва, 2004.
10. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Теория государства и права. Алматы, 2003.
11. Булгакова Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы. Алматы, 2004.
12. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша әдістемелік құрал. Қарағанды, 2001.
13. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001.
14. Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.
15. Байжанова Г.Т. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша құқық бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2005.
16. Конспект лекций по теории государства и права: Учебное пособие. Теория права. Ч. 1 / Федотов А.В., Веденеев Ю.А.. - М.; Изд-во ИНЭП, 2002. - 379 с.
17. Козлов В.А. Проблемы предмета и методологии общей теории права. Л., 1989.
18. Комаров С.А. Общая теория государства и права. М.. 1998.
Комаров С.А. Общая теория государства и права. Курс лекций. - Саранск, Изд-во Нордов, университета, 2004

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ ... ... ... ...5
1. Талқылау түсінігі және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Құқық нормаларын талқылау тәсілдері (әдістері) ... ... ... ... ... ..6
3. Талқылау түрлері және субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

2 НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Нормативтік – құқықтық актілердің түсінігі және жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 9
2.2 Нормативтік – құқықтық актілердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.3Hормативтік шарт құқық нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

3 ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ НОРМАТИВТІК– ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ
ЖҮЙЕЛІЛІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2 0
3.1 Құқық шығармашылық үрдіс түсінігі және оның этаптары ... ... ... .20
3.2 Құқық шығармашылық қағидалары мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ...21
3.3 Нормативтік – құқықтық актілерді жүйелеу
негіздері ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .28

КІРІСПЕ

Құқық теориясында қүқық нормаларын жүзеге асырудың әр түрлі
нысандары танылған. Қүқық нормасының мазмүнымен негізделген қүқықты жүзеге
асыру әрекетінің сипатына байланысты төрт нысан танылған: қүқықты сақтау,
орындау, пайдалану және қолдану.
Сақтау арқылы тыйым салушы нормалар жүзеге асырьшады, бүл нысанның
мәні - тыйым салынған әрекетті жасаудан бас тарту болып табылады.
Субъектінің әрекеті пәстігімен айқындалады немесе қазақшаласақ сен
тимесең, мен тимен қағидасына сүйенеді деуге болады.[1,86-б.]
Орындау, керісінше, субъектіден міндеттеуші құқықтық нұсқауларды
жүзеге асырумен байланысты болатын белсенді әрекеттерді талап ететін жүзеге
асыру нысаны болып табылады. Бұнда субъект өзіне жүктелген белсенді
әрекетке деген міндеттілікті атқарады.
Қүқықты пайдалану субъектінің окілеттілігін жүзеге асыруға
зағьпталған, сондыктан да бүнда оның ерік-жігеріне байланысты белсенді
мінез-қүлық та, пәс әрекет те жасалуы мүмкін. Құқықты пайдалану - рұқсат
беруші нормалардан бастау алатын мүмкіндіктерді ске асырудан көрінетін
күкыкты жүзеге асыру нысаны. Ол азаматтардың қүқыктарын қорғауы, меншік
объектілеріне заңдық карлық ету құқығы, сайлау құқығын пайдалануы түрінде
кездеседі.
Расын айтқанда, құқықты жүзеге асыру туралы оны орындауға сатысты ғана
айту жөн. Бүнда өзге құқықтық қүралдармен бірге сепілдендірілген
нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін зандық юрмаларда танымал
әрекет тәртібі қалыптастырылады, олар соңынан нақты, тікелей мағынасында
фактілі қатынастарға ауысуға, яғни өмірде жүзеге асырылуға тиісті.
Ал өзге екі құқық нысанының әрекеті, әсіресе жеке құқық аймағындағы әрекеті
нақтыландыра түсуді қажет етеді. Алдымен көрсетілген қүқықты жүзеге
асырудың екі нысаны бірлікте, үйлестікте және реттеу типіне
бағыныштылықта қарастырылуы қажет. Өйткені, пайдалану барысында
әрқашанда сақтау да орын алады: жалпы мүмкіндік беруші реттеуде - нақты
тыйым салынған нормаларды бұзбау түрінде, рүқсат беруші реттеуде -
субъективті құқықпен шектелінген шекарадағы әрекеттерге қатаң мойын
сүну, оның көлемінен шығатын әрекеттерге бармау түрінде көрінеді. Бастысы
бұнда емес. Жоғарыда аталған реттеудің екі типінде де өкілді субъект
белсенді әрекет етеді. Осы белсенді әрекетті шартты түрде ғана құқықта
бекітілген жүзеге асыру ретінде айтуға болады. Ал шын мәнінде бұндағы
субъектілердің белсенді әрекеті әлеуметтік өмірдің объективті
қажеттіліктеріне негізделген материалдық, саяси, рухани және өзге де
мүдделерді тікелей жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады. Тиісті заңдық
нормалардың - өкілеттік беруші және тыйым салушы - жүзеге асырылуы типтік
конструкциялар, жалпы және абсолютті құқықтық қатынастар
түрінде жасалынады, субъектілер әлеуметтік қажеттіліктермен талап
етілген белсенді әрекеттерін соған сәйкестендіреді.
Бұндай көзқарастар құқықты жүзеге асырудың бір үлгісі - құқықтық
нормаларды орындауға қатысты алғанда белгілі бір дәрежеде әділетті де. Ол,
көбінесе, мемлекеттік билік әрекетіне, одан шығатын нүсқаулар мен ол
бекітетін позитивтік міндеттерге тән болады да, құқықтық нысандарды
мемлекеттік билік органдарының көзқарасы бойынша еркін пайдалануға
мүмкіндік береді.
Құқықтық жүйенің тереңіне бойлайтын пайдалану және сақтау тәріздес
құықты жүзеге асыру нысандарына жүгінсек, алдымен анықталған тұжырым
дәлелдене түседі. Бұл тұрғыда, құқық реттеуші және тиімді қорғаушы
әлеуметтік механизм ретінде көрінеді. Ол жоғарғы деңгейдегі
ұйымдастырушылыққа сүйене отырып, экономикалық, жалпы әлеуметтік
заңдылықтардың қызметін көрсететін құқықтық әрекет жасауға барынша
мүмкіндік беріп, оны кепілдендіруі қажет.

1 НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ

1.1 Талқылау түсінігі және қызметтері

Құқық нормасын талқылау құқықшығармашылық үрдісінде құқықты
жүйелеуде және тіпті құқық қолдануда маңызды орыннға ие. Құқықты
қолданудан бұрын оның мағынасын ұғыну керек. Ал кей жағдайда түсіндіру
қажет.
Құқық нормаларын талқылау – барлық құқық субьектілері (мемлекеттік
өкілетті органдар, қоғамдық бірлестіктер және жеке азаматтар) құқық
актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.
Құқықты талқылаудың қажеттілігі неде деген сұрақ туындайды.
1. Заңды нормалардың абстрактісімен байланысты.Құқық нормасы жалпы
сипатта. Сондықтан нақты оқиға осы норманың әрекетіне сәйкес келе ме,
жоқ па дегенді нақты түсіндірген жөн.
2. Құқық шығармашылық үрдісінің жеткізіліксіздігі. Заң шығармашы
барлық құқық нормаларды нақты және ұтымды құрастыра алмайды. Құқық
нормасының мағынасын нақты ұғыну қажет.
3. Арнайы терминдерді түсіндіру қажеттілігі.
Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады:
ұғыну және түсіндіру. Ұғыну-норманың мазмұнын өзін үшін сезіну түсіну
үрдісі. Түсіндіру-игерген құқық норма мазмұнын басқаларға жеткізу,
түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық нормасын
зерттеу және құқық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Құқық нормасының мағынасын әдістер (тәсілдер) мен талқылау көлемі
арқылы ұғынады.
Құқық нормаларын талқылау – құқық актілерінде орын алатын құқық
нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру. Талқылау барысында нормативті
нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу
жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың
абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің
ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің
мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды орынды
қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.[2,23-б.]
Талқылаудың екі жағы танылған:
- мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;
- өзгелерге түсіндіруі.
Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен құқық
мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін
көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді. [2. 52-
54б.]
Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру
көлемінен асып кетуде. Себебі, ол мемлекеттік - құқықтық өмірді ғылыми және
кәдуілгі тану процессінде дербес мағынаға ие. Сондай-ақ, қолданыстағы
құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің
барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар
актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады.
Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер саналады.
Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де
бекітілген ережелері маңызды болып табылады.
Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі
танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі,
себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің
мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине, бұндай жағдай
заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда
орын алуы тіпті де мүмкін емес

1.2 Құқық нормаларын талқылау тәсілдері (әдістері)

Талқылау әдісі дегеніміз құқық нормасының мазмұнын анықтауға
бағытталған амал, құрал, тәсілдердің жиынтығы.
Келесі әдістерді бөліп көрсетеді:
1. кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді.
Грамматикалық әдісі (тілдік) – тіл заңдылықтары, грамматика ережелері,
орфография көмегімен талқылау;
2.Логикалық – логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау;
3. Жүйелік-құқық нормасының өзге нормаларымен жүйелік байланысын
анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу;
4. тарихи-саяси нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты
тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;
5. арнаулы заңдық- заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің
мазмұнын ашу арқылы талқылау.
Талқылаудың нәтижесі мәтін мен заңды нормалардың нақты мазмұнын
қатынастарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Осы қатынастан шыға
келе, көлемі бойынша талықлаудың үш түрі бар:
1. Сөзбе сөз- құқық нормасының мағынасымен оның мәтіндік көрінісінің
мағынасы дәлме дәл сәйкес келуі; мысалы, Парламент-Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы
өкілді органы;[14, 166-б.]
2. Шектеулі - құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісі
болып табылған кезде қолданылады; мысалы, Балаларына қамқорлық
жасау - ата-анасының парызы деген конститутциялық нормада кәмелетке
толмаған балалар туралы айтылуы;
3. Таралушы – құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік
көрінісінен кең мағынаға ие болған жағдайда; мысалы, сот тәуелсіз
және заңға ғана бағынады- деген жерде заң терминіне тек заңды ғана
емес басқа да сот жетекшілік ететін құқықтық-нормативтік актілерді
(Констиутциялық кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын )
түсіну керек.
Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы
ерекшеленген жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:
- грамматикалық (тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография
көмегімен талқылау);
- логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);
- жүйелік (құқық нормасының өзге нормалармен жүйелік байланысын
анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу);
- арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын
ашу арқылы талқылау);
- тарихи - саяси (нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты
тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру).
Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады.
Оған мынандай белгілер тән:
- заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;
- нормативті емес, нақтыландырушы нұсқаулардан тұрады;
- дербес маңызы болмайды, талқылау жасалынып отырған актілермен бірге
қолданылады;
- құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.[3 ,97-105б.]

1.3 Талқылау түрлері және субъектілері

Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара сатыдан тұрады:
ұғыну және түсіндіру. Ұғыну - норманың мазмұнын өзін үшін сезіну түсіну
үрдісі. Түсіндіру - игерген құқық норма мазмұнын басқаларға жеткізу,
түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек қарапайым таным үшін емес құқық нормасын
зерттеу және құық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.
Талқылау субъектілері деп құқық нормасының мазмұнын түсіндіруге
заңмен, арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген құқық
субъектілерін айтамыз. Құқықты талқылаудың түрлеріне байланысты талқылау
субъектілері де әртүрлі болады. Кәдімгі талқылау субъектісі ретінде кез
келген адам танылатын болса, кәсіби талқылаудың субъектілер заң мамандары
болып табылады. Ал, ресми талқылау құқығы Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне
берілген. Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық
шарттарды бекіткенге дейін Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған
жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын
өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені
шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы
мемлекеттік орган болып табылады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың қарауындағы
істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.
Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және
биресми. Ресми талқылау – құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже
туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі. Ресми
талқылау нормативті және казуалды болып бөлінеді. Нормативті түсіндіру
біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы сипаттағы
түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді: аутентикалық және легалдық.
Аутентикалық талқылау деп нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің
түсіндірме беруін айтамыз. Легалдық талқылау - басқа органдар қабылдаған
құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет
органдарының талқылауы. Казуалды түсіндіру нақты істі қарау кезінде
міндетті болатын түсіндірме. Қазақстан Республикасында заң актілерін
талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне және сот
органдарына берілген.
Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау
тереңдігімен, сенімділігімен және негізделгендігімен сипатталатын құқық
нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз. Ол үшке бөлінеді: доктриналды,
кәсіби және кәдімгі талқылау. Кәдімгі талқылау – құқықтық нормаларды әрбір
жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес
түсіндіруі.
Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз
қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін
айтамыз. Доктриналды талқылау – монографияларда, ғылыми еңбектерде және
тағы басқа құқық нормаларын ғылыми саралау кезінде жүргізілетін талқылау.

2 НОРМАТИВТІК – ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ

2.1 Нормативтік – құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативтік –
құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды ретеп, басқарып
отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа
негіздері (әдет – ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік
қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша
күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде – мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік
қатынастарды ретеп, басқарып отырды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық
мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды ретеп, басқарудың басым
түріне айналып отыр. Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске
асыруда, демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда
нормативтік актілер ең шешуші рөл атқарады.
Нормативтік – құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары
қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау
міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның
маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге
болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес,
дәлме – дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар акті
деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті
нысанда шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі
қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы
объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық
базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық
мүдде – мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
- мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;
- рухани сана – сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп,
басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде
болады. Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
- құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
- лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімінғ тәжірибесін көтеру;
- мемлекеттік тұлғалардың қызметінің сапасын жақсарту.
Нормативтік – құқықтық актілер – ресми заңды нормативті
мемлекеттік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын,
қоғамның халықтық мүдде – мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші
құрал. Оның құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі – нышандары:
- нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен
немесе жалпы халықтық референдумда қабылданған нормалар;
- нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті
орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
- нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т,б.
болып шығады, олардың заңды нысандары болады;
- нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп,
басқарады.

2.2 Нормативтік – құқықтық актілердің түрлері

Құқықтық-нормалар актілерін жіктеу, әртүрлі негіздерге байланысты іске
асырылады: занды күшіне, мазмұнына, көлеміне және әрекет сипатына,
субъектісіне оларды шығарылуына байланысты болады.
Занды күшіне байланысты, барлық нормативті-құқықтық актілер зандар
және заңға қосымша актілерге бөлінеді.
Нормативті-құқықтық актілердің заңды күштері оларды жіктеудің ең
маңызды белгісі. Мемлекеттік нормативтік реттеудегі олардың орнын және
жалпы жүйедегі маңыздылыгын белгілейді. Құқықтық шығармашылықтың
теориясымен тәжірибесіне сай, жоғарғы құқықтық-творчестволық органдардың
актілері төменгі сондай органдарға қарағанда көбірек зандылық күшке ие.[9,
186-б]
Нормативті-құқықтық актілер мазмұндарына сай жіктеледі. Ондай бөлулер
көп жағдайда шартты. Шарттылықты объективті түсіндірсек - барлық нормативті-
құықтық актілердегі нормалар біржақты мазмұда болады. Кейбір актілерде тек
бір ғана құық салаланың нормалары болады (мысалы: Еңбек құығы, отбасы құқы,
қылмыстық заңдар). Салалық нормативтік актілермен қатар, әрекет жасайтын
комплексті сипаттағы акгілер. Олар әтүрлі құқық салаларын, белгілі қоғам
өміріне реттеуге қызмет жасайын нормаларды қосып алады. Шаруашылық, сауда,
әскери, теңіз заңдары — комплексті нормативті-құқықтық актілердің
мысалдарына жатады.
Көлеміне және әрекет сипаттарына байланысты нормативті-құқықтық
актілер бөлінеді:
- барлық қатынастар жиынтығының белгілі түрін қамтитын Калпы
әрекеттегі актілер;
- тежеулі актілер, тек жарты көлемдегі жерлерге, не сол жерде тұратын
белтілі адамдарға ғана қатынасы бар;
— ерекше өрекеттегі (төтенше) актілер. Олардың реттеу мүмкіндігі, тек
қана төтенше жағдай туғанда, соған арналған акт (әскери әрекеттер, табиғи
қиыншылықтар).
Мемлекеттік құқықтық шығармашылықтың негізгі субъектілерінің
нормативті-құқықтық актілерін заң шығарушы биліктің актілері (зандар),
атқарушы биліктің актілерде (қосымша заң актілері), сот билігінің актілері
(жалпы сипаттағы заңды актілерге) бөлуге болады.
Заң - мемлекеттің ең басты және айырықша нормативті-құқықтық актісі.
Ол қоғамның ең маңызды жақтарын және мемлекет өмірін реттейтін құқықтарды
жинақтайды. Заңның түсінігін құрастыруды ерекше заң жолымен мемлекеттің
жоғарғы өкіметтік органымен қабылданатын нормативті-құқықтық актіден
бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдьглық күшке ие және еліміздегі
халықтардың мүдделеріне, қажеттіктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды
реттейді.
Осы берілген түсініктемелерден, негізгі заң белгілері шығады және ол
ең жоғарғы зандылық күші бар нормативті-құқықтық актының негізгі дерегі
ретінде болады.[4,145б.]
1) заңдар, мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданады не
халықтың өзімен референдум арқылы қабылданады;
2) заңдар жеке адамдардың мүдделерін қолайлы қанағаттандыруды талап
ететін, ең маңызды қоғам өмірінің мәселелері жөнінде қабылданады;
3) зандар, заңға қосымша нормативті-құқықтық актілерге тән емес,
ерекше занды тәртіптерге сай қабылданады. Занды қабылдау, өзіне төрт түрлі
міндетті кезеңдерді қосып алады: заңның жобасын жасау, заң шығаратын
органға өткізу, заңның жобасын талқылау, заңды қабылдау оны жариялау
(халықты таныстыру). Референдум нәтижесінде занды қабылдау, сол сияқты
референдум туралы занда көрсетілгендей, зандылық тәртіппен іске асырылады.
4) заңдар мемлекеттің басқа оргаңдарының тарапынан бақылануға не
бекітуге жатпайды. Олар, тек заң шығаратын биліктегі орган арқылы,
өзгертілуге не тоқтатылуға тиіс. Конституциялық кеңес не басқа сондай, сот,
парламент-қабылдаған заңды конституциялық емес, деп танығанмен оның күшін
тоқтату тек заң шығарушы органның қолыңда.
5) заңдар мемлекеттің барлық құқық жүйесінің біртұтастығын көрсетіп,
барлық нормативтік-құқықты актілер жиынтығының құрамын қамтамасыз етеді,
әрқайсысының заңдылық күшін, нормативті-құқықтық актілердің бір-біріне
қатынасын реттейді.
Мемлекеттің нормативтік-құқықтық жүйесіндегі заңдардың бастаушы және
белгілеуші жағдайы, қоғамдық қатынастарды реттеудегі заңдылықтың, заңның
үстемділігінің негізгі талаптарының бірі болып есептеледі. Ешқандай заңға
қосымша актілер зандылық реттеу аясына кіре алмайды. Заңдар екіге бөлінеді:
констигуциялық және жай заңдарға. Конституциялық зандардың негізіңде барлық
нормативті-құқықтық актылар құрады және талданады.
Конституция, басқа нормативті-құқықтық актыларға және заңдарға
қарағанда ең жоғарғы заңды күшінде болады. Жай заңдар, конституциялық
актыларға сай қабылданады және әрекетке келеді қоғамдық өмірдегі белгілі
және тежеулі аяларды реттейді. Заңға-қосымша (нодзаконные) нормативтік-
құқықтық актілер: бұл құзретті оргаңдардың құқықтық-шығармашылық актілері,
заңға негізделген және оған қарсылығы жоқ. Заңға - қосымша актілердің
заңдылық күштері заңға қарағаңда аздау болады, олар заңдардың заңдылық
күшіне негізделгеніне байланысты қарсылық жасауға мүмкіндігі жоқ. Қоғамдық
қатынастарды реттеудегі тиімділікке тек соңда ғана жетуге болады, егер
жалпылама мүдделер, жекелеген мүдделерге сай келсе. Қосымша акгілер болса,
негізгі принципиальды заңдардың жағдайларың әртүрлі жекелеген мүдделердің
ерекшеліктеріне сай нақтылау үшін қажет.
Өздерінің мазмұндарына байланысты заңға-қосымша актілер, әдеттегідей
әртүрлі атқарушы биліктің актыларына жатады және олар жергілікті,
ведомстволық, ішкі ұйымдастыру актыларына бөлінеді.
1. Жалпы заңға - қосымша (подзаконные) актылар. Бұл жалпы құзретті
нормативті-құқықты актілер, олардың әрекеті сол жердегі елдің барлық
адамдарына қатынасты болады. Өзінің құқықтық жүйедегі реттелуіне, зандылық
күшіне және маңызына байланысты заңның артынан жүреді. Заңға - қосымша
актыларға байланысты қоғамдағы мемлекеттік басқару іске асырылады, қоғам
өмірінің экономикалық, әлеуметтік және басқа мәселелері реттеледі.
Жалпылама заңға - қосымша актілерге жоғарғы (орталық) атқарушы билік
органдарының нормативті-шығармашылық актілері жатады. Олар елдің
президентінен не үкімет басшысынан шығады. Мемлекеттік басқару нысанына
байланысты (президенттік не парламенттік республика) жоғарғы атқару
билігінің нормативті-құқықты актілері (сырттан қарағанда) екі түрлі заңға -
қосымша актілерден тұрады.
Президенттің нормативті жарлығы. Заңға - қосымша актілер жүйесіңде,
олар жоғарғы заңды күшке ие және заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде
шығарылады. Президенттің құқықтық-шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің
Конституциясымен не арнайы конституциялық зандармен белгіленеді. Олар
әртүрлі қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді.
Мысалы, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясының ІІІ-тарауының
21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарыңда:
1) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талап
ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;
2) Мемлекеттік билікгің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін
және өкімет органдарьшың Қазақстан халқы алдында Конституциямен және
заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;
3) Парламенттің заңдық құзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен
басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген құзіретіне жатпайтын
мәселелерді, құқықтык реттеу жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік-саяси
дамуының стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылданады - деп анық
көрсетілген. Сонымен қатар, Конституцияның 22-бабында Республика
Президентінің өкімдерімен:
1) Әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы шешім жүзеге
асырылады;
2) Республика Президентінің құзіретіне сәйкес конституциялық мәртебесі
жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.
Үкіметтің қаулысы. Бұл заңға - қосымша актылар, Президенттің жарлығына
сай қабылданады және қажетті жағдайларда көбінесе, мемлекеттің
экономикасын, әлеуметтік құрылымды, денсаулықты сақтау, білім туралы
мәселелерін бөлшектеп реттеу үшін қабылданады. Конституцияның Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы 2 тарауының Республика Үкіметінің актілері
туралы 10 бабында көрсетілгендей.
2. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.
3. Республика Премер-Министрі өкімдер шығарады. Премьер-Министрдің
өкімдері-әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке дара силаттағы мәселелер
бойынша шығарылады.
4. Өздерінің құзіреті шегінде қабылданған Үкімет қаулылары мен
Республика қаулылары, Республика Премьер-Министірі әкімдерінің
Республиканың бүкіл аумағына міндетті күші болады.
5. Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министірінің өкімдері
Республика Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен әзірленеді және
қабылданады.
6. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя
алады.
7. Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті,
Үкімет және Премьер Министр жоя алады.
2. Жергілікті заңға-қосымша актылар. Бұл жергілікті жердегі өкілетті
биліктің және жергілікті өзін-өзі билеу органдарының нормативті-құқықтық
актілері. Оны жоғарыдағы органдар қабылдайды. Ол актілердің әрекеті
(қыймылы) сол жердің көлеміне байланысты шектеледі. Оларға нормативті күші
бар шешімдер, не муниципалитеттің, мэрлердің, әртүрлі мәселелер бойынша
жергілікті сипаттағы қаулылары жатады.
3. Ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер бұйрық, нұсқау. Бірнеше
елдерде басқару органдарының құрамындағы белгілі оргаңдар (министрліктер,
ведомстволар) құқықтық шығармашылық функцияларымен шұғылданады, олардың заң
шығаратын билігі, президентпен және үкіметпен рұқсат етілген. Бұл жалпы
әрекеттеп нормативті-құқықтық актілер, тек шектеулі алдағы қоғамдық
қатынастарға қатысты болады (кеден, банк, көлік, мемлекеттік - кредит
т.б.).
4. Ішкі ұйымдастыру туралы заңға - қосымша актілер. Бүл нормативтік
актілерді өртүрлі үйымдар өздерінің ішкі мәселелерін реттеу мақсатында
шығарады және сол ұйымдардың мүшелеріне ғана қатысты болады. Белгілі
жоғарғы заңдылық күші бар актілердің қатарында, ішкі - ұйымдастырушылық
актілер, әртүрлі қатынастарды, нақты мемлекеттік мекемелердің,
өндірістердің, әскери бөлімдердің қызметіңце туындайтын мәселелерді
реттейді. Қазіргі мемлекетгердің нормативтік-құқықты актілер жүйесі
біркелкі емес. Бұл мемлекеттік басқару нысандарының ерекшеліктерімен, әр
елдің көп ғасырлық әдеттерімен, ұлттық және басқа факторлармен
түсіндіріледі. Дегенменде, көптеген нормативтік-құқықтық актілер жүйесі
заңдылық күші бар актілердің деңгейлік белгісіне сай құрылады. Төмендегі
актілер қоғамдық өмірдің тұрақтылық мүдделері және оның үйлесімді
ұйымдастырьшуы үшін жоғарғы органдардың актілергегі ұйғарымдарға сай болуы
тиіс. Барлық қарама-қайшылықтар, заңға-қосымша актілердің бір-бірінің
арасындағы қайшылықтар өркениетті мемлекеттерде заң шешеді, себебі олар ең
жоғарғы занды күшке иелігі бар.
Нормативті-құқықтық актілердің заңды күштерінің деңгейі әртүрлі, бірақ
солардың бойындағы нормалардың міндеттілігі барлықтарына, кімге олардың
жарлықтарының қатынасы болса, абсолютгі түрде бірдей екеңдігін айтуымыз
қажет. Осындай принципиальды ережелер құқықтық мемлекеттің негізгі қызметін
құрайды.
Қоғамдық қатынастарды нормативті реттеуді басты және белгілеуші орынды
заң алады. Заңға-қосымша актілер тек көмекші және талдаушы роль атқарады.
Құқықтық мемлекетте, заң өзінің әрекетімен қоғамдық өмірдің негізгі
жақтарын қамтиды, ол негізгі басты мүдделердің жеке адамның құқығымен
бостандығының кепілі.
Сот билігінің актілері.
Сот органдарының шешімдері нормативтік сипатқа ие болады, тек соттың
тәжірибесін біріктіру нәтижесіңде ғана, өзінің негізінде жекешелік, құқық-
қолдану сипатында болады. Сот тәжірибесі құқықтың деректері болуға сол
жағдайда жетеді, егер нормативтік ұйғарымдарда түсініксіздік қарама-
қайшылық не белгісіздік болса, сот еріксіз түрде, құқық нормаларының
мазмұнын нақтылауға не дәледдеуге, құқықтағы табылған жетімсіздікке
байланысты жаңа нормаларды сол істі шешуге қолданады.
Заң: оның ұғымы және демократиялық мемлекеттегі ролі [5, 155-163б.]
Заң – қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғары нормативтік
актісі. Ол қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды
қамтиды. Заң қоғамдағы барлық нормалардың атасы деуге болады. Заңның белгі
– нышандары:
- заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
- заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілердің белгілері
Президенттің нормативті жарлығы
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Құқық нысанының негізгі түрлері
Нормативтік құқықтық актілер туралы
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Құқықшығармашылық түрлері, сатылары, субъектілері және принциптері
Пәндер