Демократия туралы түсінік
1)Демократия сөзіне анықтама.
2) Демократияның антикалық, классикалық теориялары.
3) Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі.
4) Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
5)Қазақстан демократиялық мемлекет.

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:Мемлекет түрі.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия’ теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократияның түрлері
Демократия — алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.Делегативті демократия — гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О’Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.Идентитарлы демократия — халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.Өкілдік демократия — халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.

Философский энциклопедический словарь.- М.: ИНФРА, 2002.-С. 576.(222)
Конфуций. Уроки мудрости: Сочинения.- М.: Эксмо-пресс, 1999.-С.958.(79)
Бұл да сонда. Б. 80-81.
Платон. Апология Сократа, Критон, Ион, Протагор/ Общ. ред. А.Ф. Лосева и др. М.: Мысль, 1999.- С.864. (221)
Бұл да сонда. Б. 241.
Бұл да сонда. Б. 574.
Бұл да сонда. Б. 611-612.
Бұл да сонда. Б. 612.
Аристотель. Сочинения: В 4-х т. Т. 4/ Пер. с древнегреческий-; Общ. ред. А.И. Доватура.- М.: Мысль, 1984. – С.830.
Бұл да сонда. Б. 457.
Бұл да сонда. Б. 460.
Бұл да сонда. Б. 280-281.
Бұл да сонда. Б. 427.
Бұл да сонда. Б. 497.
Баласұған Жүсіп. Құтты білік.- Алматы: Жазушы, 1986.-Б.614. (222-223)
Бұл да сонда. Б. 216-217.
Иасауи Қожа Ахмет. Диуани хикмет (Ақыл кітабы). Алматы: Мұраттас, 1999.-Б.261.(62)
Бұл да сонда. Б. 66-68.
Бұл да сонда. Б. 95.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – Б. 372. (5)
Бұл да сонда. Б. 6.
Бұл да сонда. Б. 23.
Назарбаев Н.А. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана // Казахстанская правда. 2005. 18 апреля. С. 2.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. Б. 372. (36)

Демократия
Жоспар:
1)Демократия сөзіне анықтама.
2) Демократияның антикалық, классикалық теориялары.
3) Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі.
4) Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
5)Қазақстан демократиялық мемлекет.
Демократия - сөзі (гр. demos - халық және гр. kratos - билік) деген сөздерінен шыққан, яғни "халық билігі" деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:Мемлекет түрі.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
Демократияның түрлері
Демократия -- алғашында классикалық либерализммен ұқсастырылатын мүдделер, қатынастар, құндылықтар, ережелер, идеялар мен концепциялардың кешеніне негізделетін қазіргі кездегі қоғамның өзін-өзі саяси ұйымдастыруының негізгі түрлерінің бірі, халық билігі.Делегативті демократия -- гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.Идентитарлы демократия -- халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтын қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).Тікелей демократия- халықтын жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.Өкілдік демократия -- халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда "халық кеңесі" жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты.Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны "бесжүздік" деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады.Сонымен қатар "халық соты" жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді. Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда "халықтық мінбе" жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған.Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты.Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.Иозеф Шумпетер (1883-1950) демократияның "Шумпетерлік" теориясын жасады. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай қажет:Маңызды мемлекттік қызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай билікті, маман өкілдері тобы болу тиіс.Саяси органдар халық жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек.Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек.Демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте маңызды. Мұнда топ өкілдері қандай мәселе болмасын халық мүддесін бірінші орынға қоюы керек.
Қоғамдағы саяси қатынастардың демократиялық негізі
Принциптері:
1)Билік органдарын сайлау
.2)Биліктің бөлінуі.
3)Саяси пікірдің әртектілігі.
4)Бостандық, жауапкершілік бірлігі.
Заң.
1)Қоғамдық пікірді ескеру.
2)Азшылықтың өзіндік көзқарасқа хұқы
.3)Жариялылық.
Жүзеге асыру формалары
1)Сайлау өткізу, есеп беру.2)Жобаларды бүкілхалықтық талқылау.3)Референдум өткізу.4)Митинг, жиналыс.5)Съезд, конференция, пленум.6)Шеру, бойкөрсетулер.7)Сессия8)Шетелге сапарлар.9)Ереуілдер
Демократиялық қоғам белгілері
Демократиялық қоғамның белгілерін экономикалық, саяси, рухани, әлеуметтік салаларына қарай бөлуге болады.
Экономика саласында:
1)Еңбек адамдарының меншік қатынастарына тікелей тартылуы;2)Меншік түрлерінің әркелкілігі;3)Ауқымды өндіріс демократиясы қажет;4)Кәсіподақтардың еңбекшілер құқын қоғауы;5)Еңбекке қарай бөлу принципінің болуы;6)Мүгедектермен,табысы төмен топтарға қамқорлық жасау;
Саяси салада:
1)Саяси пікірдің әралуандығы;2)Көппартиялылықтың болуы;3)Демократиялық сайлау жүйесінің болуы;4)Құқықтар мен бостандықтар туралы заңдардың болуы;5)Оларды іс жүзінде қолдану;5)Қоғамдық ұйымдар жүйесінің болуы;6)Саяси өмірге қатынасу мүмкіндігінің болуы;7)Оппозицияның болуы;
Рухани салада
1)Заң жүзіндегі сөз, ұждан, шығармашылық, т.с.с. бостандықтар жүйесінің болуы;2)Өнердің, мәдениеттің барлық түрлерінің дамуы;3)Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы;4)Оқу-ағарту мекемелер жүйесінің болуы;5)Мәдениет пен шығармашылықтың барлық саласының дамуы, оған еркін қол жеткізу;6)Зұлымдық, қаталдық, нәсілшілдік насихатынын шектелу;
Әлеуметтік салада:
1)Әлеуметтік қауымдасулардың арасындағы тең құқықтық, шарттық келісім қатынастарының болуы;2)Жеке адамның әлеуметтік қорғалуы;3)Азаматтардың әкімшілік тарапынан болған әділетсіздіктен қорғалуы;4)Жеке адамның және оның мүліктерінің қылмыстық элементтерден қорғалуы;5)Материалдық және рухани игіліктердің әділетті бөлінісінің болуы;6)Білім, дәрігерлік көмек пен әлеуметтік қамсыздандырудың сапасы мен оған еркін қол жеткізу;
Демократияның алуан түрлі элитарлық теориясыДемократияның тобы топ (элитарлық) теориясы бойынша халық саясаттан шеттетіледі. Ал саяси шешімді аз ғана топ қабылдайды. Ол іріктелген, қалаулы топ болуы қажет.Демократияның марксистік теориясында тапқа үлкен мән береді."Ақпараттық демократияның" негізін салушы Франция саясатшысы М.Рокар. Оның демократиясы сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзінің таңдау құқығын ақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады.Демократияның экономикалық теориясында саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылады.Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.Қазіргі Қазақстан Республикасында демократиялық белгілер бар, қазір соны жүзеге асыру үшін көптенген жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы өзін егеменді, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде деп жариялады. Қабылданып жатқан заңдарда адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетіліп, заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген. Экономика саласында жеке мешікке үлкен жол ашылды. Халық демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуде. Дамыған Батыс Еуропа елдеріндегі тарихи тәжірибелерін демократия орнату жолындағы рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын енгізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Қазіргі кезеңдегі демократиялық қозғалыстар
Қазіргі уақытта мынандай демократиялық қозғалыстар бар:1)Халық бұқарасының дүниежүзілік соғысқа қарсы күресі.2)Жаңа экономикалық тәртіп орнату жолындағы қозғалыстар.3)Нәсілдік және ұлттық кемсітушілікке қарсы бағытталған қозғалыстар.4)Бейбітшілік пен демократия жолындағы күрес.5)Ғалымдар мен дәрігер, заңгерлердің қозғалысы.6)Жастар, студенттер, әйелдер қозғалысы.7)Жер мәселесі жене әлеуметтік құқықтарды талап ету жолындағы шаруалар қозғалысы.8)Қоршаған ортаны сақтау жолындағы түрлі бұқаралық қозғалыстар.
Қоғамның саяси жүйесін демократияландыру.Саяси жүйені демократияландырудың мынандай негізгі бағыттары бар: Басқарудың саяси және мемлекеттік емес (өзін-өзі басқару) процестеріне кең жол ашу. Мекемелердің өкілеттік бастамаларын дамыту.Барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаудың, қалыптастырудың, іске асырудың тетіктерін жетілдіру. Жеке адамның жан-жақты жетілуіне көмектесу, ұлттардың үйлесімді дамуы, достықты нығайтып, ынтымақтастықтың процестерін жүргізу.Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, биліктің жеке адамдардың қолында тым көп шоғырлануына қарсы тосқауыл жасау. Мемлекеттік, партиялық және қоғамдық ұйымдардың қызметтерін және өкілдіктерін айқын түрде анықтау. Саяси жүйе құрылымын жаңартудың тиімді тетіктерін жасауды қалыптастыру.
Қазақстан Республикасындағы демократия.Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік.Қазақстан Республикасының Конституциясында: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері:қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу" деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап).1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Одан кейінгі мерзімде бұл Декларация конституциялық, күші бар Жарлықтармен толықтырылды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды.Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
"Қазақстан халқы" деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді - сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет - ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Мемлекеттік қызмет институтын реттеу 1995 жылғы Конституцияда қарастырылды.Демократиялық мемлекет ретіндегі Республика қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады.Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православилік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, Конституция негізінде құрылы, жұмыс істейді.Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі -- әркімнің өзіндік ұстанымы.Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін.
Қазақстан - құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты.Оның негізгі принциптері:азаматтар үшін - "заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі" ,мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін - "заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат" болып табылады.Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі - адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын көрініс тапқан.Қазақстан -- әлеуметтік мемлекет. Конституцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет болуымен қатар, әлеуметтік мемлекет болып та табылады.Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға немесе ұлыстарға емес, тұтас қоғам мен азаматтарға қызмет етеді. Ол мемлекеттік қор есебінен барлық азаматтарға мүмкіндігінше игіліктер көрсетіп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтік теңсіздікті болдырмауға әрекет етеді. Мемлекеттің әлеуметтік сипатын Республика Конституциясында көрсетілгендей, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және жағдайы төмен отбасыларына көмектесу сияқты шаралардан көруге болады. Әлеуметтік мемлекет азаматтың ең төменгі күнкөріс қажеті мен өмір сүрудің лайықты жағдайларын жасауды талап ету құқығын мойындацды. Бұған денсаулық пен адам өміріндегі қауіпсіздік мәселелері де кіреді.Бұл шараларды әлеуметтік мемлекет жалпы және мақсатты әлеуметтік бағдарламалар арқылы жүзеге асырады. Қоғам мен азаматтардың нақты бір категорияларының мүддесі үшін күрделі экономикалық жоспарлауға және бюджеттік қаржыландыруға жүгінеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылғы желтоқсанда "1996-1998 жылдары реформаны тереңдету жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын" қабылдады. Оның негізгілерінің бірі - "әлеуметтік саясат" аталатын үшінші бөлім болды. Сондай-ақ 1995 жылы желтоқсанның 19-ында Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған "Қазақстан Республикасы тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығы да осындай игілікті істердің қатарына қосылады.Алайда әлеуметтік мемлекетті "Соцалистік мемлекет" деген ұғыммен шатастыруға болмайды. Әлеуметтік мемлекет нақтылы экономикалық мүмкіндіктерге сай әлеуметтік қамқорлықтарды өз міндетіне алады және азаматтардың еңбек пен кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеп, теңгермелік көңіл-күйдің болуына жол бермейді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясының екінші бөлімінде азаматтың құқығы, бостандығын және міндетін бекіте отырып, жеке адамның өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету мемлекеттің міндеті емес, алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы "бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму" үйлестіріледі.Республикалық референдум -- Конституция, Конституциялық заңдар мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік өміріндегі өте маңызды мәселелер жөніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың барлық аумағында өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум қабылдаған шешім ең жоңары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік болған жағдайда, ол өзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай жүйелендіру жолымен түзетілінді.Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық дауыс береді. Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты.
2. Демократияның антикалық теориясы § 3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы § 4. Демократияның алуан түрлілік және...
2. Демократияның антикалық теориясы
Демократиялық мемлекеттің ең бірінші түріне Афина республикасы жатады. Ол б. з. б. V ғасырда пайда болды. Онда жоғарғы билік ұдайы шақырылып тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Мысалы, оған басқарушы қызмет адамдарын сайлау және олардың жұмысына бақылау жасау; салық мөлшері және мемлекеттік қаржы-қаражатты жұмсау тәртібі: соғыс ашу және келісімге келу; одақтастарды айқындау; басшылардың іс-әрекеттерін айыптау немесе ақтау және т. с. с. жататын. Халық кеңесіне 20 жасқа жеткен афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Саясатқа қатынасу оның бірден-бір лайықты ісі болып саналатын. Бірақ онда толық құқықты азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға көшіп келгендердің мұндай құқығы болмады. Көшіп келгендердің жеке бастары бос болғанымен халық кеңесіне, сотқа катыстырылмады, мемлекеттік қызметтерге сайланбады. Олар тек мемлекетке сіңірген ерен еңбегінің, асқан зор қызметінің арқасында ғана ондай дәрежеге жететін. Толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиынға түседі деп, ондайлардың санын аса көбейтпеді. Халық кеңесімен қатар демократиялық жолмен сайланатын бесжүздік (бес жүз адамнан тұратын) кеңесі де болды. Ол атқарушы орган ретінде күнделікті басқару мәселелерімен шұғылданды. Сонымен бірге ол халық кеңесінде қаралатын істерді дайындады. Афина мемлекеттік құрылысының үшініші маңызды демократиялық органын он бөлімнен тұратын халық соты құрды. Істің қандай бөлімде қаралатындығы сот болатын күні жеребс арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық сияқты зиянды әдеттерге жол бере қоймайды. Оның үстіне сот мәжілістері ашық жүргізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге кепілдік ететін. Заңдар халық жиналысында қабылданатын. Афинаның азаматтары өзін еркін санайтын. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға ғана бағынатын. Олар соғыс кезінде болсын, бейбіт шақта болсын мемлекетке кызмет ететін. Ежелгі грек полисінде мемлекет қауым сияқты еді. Кауымның тіршілік негізінде жерге қоғамдық меншік жатты. Әрбір толық құқықты азамат меншікке иелік етіп, жерді пайдалана алатын. Өзіне тиісті үлесін қожасы мұра етіп қалдыра алатын, сатқысы келсе сататын. Бірақ ол жер өңделмесе, қауым оны басқа біреуге бере алатын. Полисте азаматтық қоғам мен мемлскетажыратылмады. Азамат және мемлекеттің құқығы мен міндеттері біртұтас еді. Сондықтан өз құқығын басқа біреуге беру деген ойға да келмеді. Ондай жағдайда азамат толық құқығынан айырылғандай болып көрінетін.Афиналық демократия тура демократияга жатты. Әрбір еркін азамат мемлекеттік билеуге қатысуға құқықты және міндетті болатын. Сондықтан адам мен мемлекеттің арасында казіргідей партия, парламент, бюрократия сияқтылар болған жоқ. Афиналық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде, әсіресе гүлденіп өркендеді. Бұл кез афиналық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Шынында да, асқан саясаткер, керемет шешен, білімді де білгір Перикл халық көсемі болып есептелді және тиранияға қарсы тұрды. Оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік біртіндеп бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдет-ғұрып бүлініп, көпшілік тарапынан азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.
Б.з.б. 322 жылы афиналық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді болып қалды. Афинада демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық кеңесі шын мәніндегі биліктен айрылды. Афинадағы сияқты демократиялықмемлекет Ежелгі Римде де болды. Мұнда демократия одан әрі дамыды. Институционалдық және әлеуметтік билік бөлінді. Басы бос, бірақсаяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен ақсүйектер арасындағы дау-жанжалдыңнәтижесінде халықтықтрибунат деп аталған, халықбилігін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында адамзат тарихында бірінші болып биліктіңаралас түрі дүниегекелді. Сонымен, мемлекеттік биліктің демократиялық түрі алғаш рет Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде пайда болды. Жоғарыда көрсетілгендей, олар көптеген жақсы жақтарымен сипатталады. Сонымен қатар олардың осал жерлері де бар. Ең алдымен азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ. Қоғам адамдардың ішкі өміріне көп араласты. Биліктің шексіздігі және өмірдің барлық саласына араласуы демократияны көпшіліктің рақымсыздығына, жауыздығына (деспотияға) айналуына мүмкіндік тудырды. Биліктің мұндай түрінде халық заң бойынша емес, зорлықпен шексіз үстемдік құратын жауыз патша сияқты болып, ал коғамдық құрылыс көбіне тирания сияқты болып көрінді. Демократияның мұндай түрі тобырды басқаратын көпірме, лепірме, даурықпаларға (демагогтарға) колайлы болды. Сондықтан Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігін ойлап, ұстамды, ұтымды, баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия барлық адамдарды теңдестіреді, стихиялы шешім қабылдатады, қызмет адамдарын қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон да жақтырмады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны саясатшылар, тарихшылар, фәлсафашылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп, жүгініп келді. Ежелгі грек, рим демократиясыныңн нышандары жаңа тарихқа енді. Мысалы, қазір ең демократияшыл елдер қатарындағы АҚШ-та римдік саяси жүйенің принциптері жаңа деңгейде қайталанғандай: президенттік билік - патшалық билікті, сенат - аристократияны, өкілдер палатасы - халық трибунатын бейнелеп тұрғандай. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтардың теңдігі, саяси құқықтардың тендігі және т.б. сияқты антикалык дәуірде бастау алып қалыптасқан ұғымдар қазір демократиялық үрдістің ажырамас бөліктеріне айналды.
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешелігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысуы керек деген тезиске байланысты. Оны "коғамдық келісім" деген еңбегінде Ж. Ж. Руссо жан-жақты қарастырды. Оның ойынша, саяси процеске тартылған өз бетінше саналы іс-әрекет жасайтын, ақылды адамдар қосылғанда жаңа сапа пайда болады. Олар жиналып ортақ игілік идеясын ойлап табады. Бұл идея саясаттың басшы принципіне айналады және ортақ ерік, жігер, қайрат негізінде қалыптасады. Адамдар не жақсы, не жаман екенін бірігіп анықтайды. Бәрі бас қосқан пікір сайыстан кейін нашар жақтары алынып тасталып, жақсылыққа жету жолдары іздестіріледі. Сөйтіп, жалпы жұрттың ыктиярын, көзқарастарын жинап, топтастырып ортақ игілікке жетудің шешімін кабылдайды.
Бұл тұжырымдама XIX ғасырға дейін басымдық етті. Классикалық фәлсафаның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсіндірді. Бірақ Руссо да, демократияның классикалық теориясының негізін қалаушылар да адамның ұтымды, баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, кулықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өміріне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлы, селқос қарайтынын ескермеді. Бұған алғаш назар аударған австрия социологы Иозеф Шумпетер(1883-1950) болды. Ол өзінің атымен аталған демократияның "шумлетерлік" теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар. Демек, демократия ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды. Ол өз кезегінде ұлттық атқарушы органды немесе үкіметті қалыптастырады. Бұдан кейін көпшілік іс жүзінде саясаттан шеттейді. Сондықтан демократиялық тәсіл - Шумпетердің ойынша, жеке адамдардың халық дауысын алу үшін бәсекелік күрес нәтижесінде жететін институционалданған шаралар жүйесі. Қорыта келгенде, Шумпетер бойынша, басқаратын халық емес, жеке адамдардың арасында бәсекелік күрес жүреді, ал халық бұл күресте солардың біріне дауыс береді. Мұндай жағдайда біртұтас ерік, жалпыға бірдей игілік жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Мүдделерінің сәйкестігіне қарай топтар кұрылады және солардың арасында күрес жүреді. Сөйтіп, Шумпетердің тұжырымдамасында либералдық демократия принциптері қалыптасады.
Либерализм тұлғаның еркіндігін, оның мемлекеттік тираниядан сакталуын көздеді, жеке адамды коғам меи мемлекеттен ажыратты, мемлекет пен азаматтық қоғамның ара жігін ашып көрсетті, барлықазаматтардыңсаяси теңдігін жария етті, азшылықтың кұқығын қорғады, тұлғаның түбегейлі, ажырамас құқықтарын белгіледі, оны саяси жүйенің негізгі элементі ретінде бекітті.
Либералдық принципте халыктың көпшіліктің орнына жеке адам алға тартылады. Жеке адам мен халық орын ауыстырады. Тұлғалар билікке таласады, халық дауыс береді. Саяси процесте тұңғыш рет саяси жетекші мәселесі көтеріледі. Қоғамның экономикалық саласында да, саяси саласында да еркін бәсеке пайда болады. Алғашында, еркін бәсеке экономикада жеке тауар өндірушілер мен меншік иелерінің деңгейінде жүрді, кейін ол акционерлік қоғамдар, корпорациялар, концерндер және т.б. түріне айналды. Саяси өмір шеңберінде жеке бәсекелестік партиялар немесе әлеуметтік топтар, кейін келе әр түрлі топтардың жалпы мақсатқа жету үшін жасаған бірліктерінің түрінде жүргізілетін болды. Басқа сөзбен айтқанда, идеялар мен саяси серкелер сатып алушылар (сайлаушылар) үшін күресуге айналды.
Мұндай жағдайда халыққа екі-ақ қызмет атқаруға тура келді: 1) саяси серкелерді, басшыларды сайлау; 2) оларды орнынан алу. Бұл теория бойынша орнынан сайлау аркылы алынады. Сайлаушылар мен олардың сайлаған өкілдерінің арақатынасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі - депутаттарға қатал талап-тілектер қоюды көздейді. Екіншілері - мұны дұрыс санамайды. Себебі, олардың ойынша, өмірдің барлық жағдайларына аманат беру мүмкін емес. Оның үстіне, сайлаушы өз ауданы, облысына қатысты мәселелерді аманат етеді, ал парламенттегі саясатшы тұтас халық ел мүддесін ойлауы керек. Нақтылы тарихи жағдайда аумақ пен ел мүддесінің тоғысу дәрежесін ол өзі табуы керек. Шумпетердің ойынша, демократияның ойдағыдай жұмыс істеуі үшін төрт жағдай керек:
1. Маңызды мемлекеттік кызметтерге сайлауға болатын айтарлықтай білікті, маман өкілдер тобы болуға тиіс. Мысалы, Англияда Шумпетер олардың тобына ең алдымен ақсүйектерді жатқызады.
2. Саяси органдар халық негізінен, жақсы қабылдап, оларға өз көзқарастарын айта алатын шешімдер қабылдауы керек. Олай болмаса, шешімдердің легитимдігі жөнді болмайды, сондықтан елдегі саяси тәртіптің тұрақтылығына нұқсан келеді.
3. Жауапкершілікті толық сезінетін, қызмет орнының абыройын жоғары бағалайтын дайындығы бар жақсы ұйымдасқан бюрократия болуы керек. Себебі, ол маман емес ынталы адамдарға карағанда, мемлекетті көш ілгері басқарады. Ол өз құрамын орта таптың өкілдерімен толықтырғаны жөн.
4. Саяси теорияның ғана емес, саяси мәдениеттін де элементі болып табылатын демократиялық өзін-өзі бақылау болғаны өте манызды. Саяси процеске әрбір қатысушы өз еркімен өзін-өзі тежемесе, кандай демократия болмасын алысқа кете алмайды. Билеуші топ болсын, оппозиция және басқа дау-жанжалға қатысушы топтар болсын ең алдымен ұлттық мүддені бірдей түсініп, жоғары қоюлары абзал.
Демократияның алуан түрлілік және төбе топ теориялары
Алуан түрліліктің (плюрализмнің) элементтері демократияның классикалық теориясын калаушылардың еңбектерінде байқалған. Оған ең алдымен Дж. Локк пен Ш. Л. Монтескье атап көрсеткен биліктің тармақталу теориясы кіреді.
АҚШ Конституциясы авторларынын бірі Дж. Мэдисон (1751 -- 1836) мынадай идеяны ұсынды: қоғамда өзіндік мүдделері бар әр түрлі топтар болған сайын, олардың ішіндегі бір топ басымдықету қаупі азаяды да, сонымен бірге басқа топтардың сенімді қорғалуына кепілдік көбейеді. Ол антикалықполистегі саяси тәртіптің жаппай, барлығын қамтитын бір пікірлілігінен іс жүзінде бастартты. Оныңорнына демократияның дарашылдықжәнелибералдық принциптерін ұштастырып, мемлекеттік билікті алғатартты. Сөйтіп, саяси теорияда тұңғыш рет халық,яғни көпшіліктің билігін дәріптеудің орнына азшылықтың мүддесін қорғау идеясына қадам жасалды. Демократияның алуан түрлілік теориясы саяси процеске барлық азаматтардың тікелей қатысу теориясынан бас тартты. Демократияныңантикалықжәне классикалық теорияларында жеке азамат бас кейіпкер болатын. Енді сол дауыс беруге ғана қатысады. Өкілдік демократия оны шешімдер қабылдаудан ығыстырады. Яғни, азаматсаяси процестің негізгі тұлғасы болуынан қалады. Демократияныңалуан түрлілік теориясы саяси процестің өзінбұрынғыдай жеке адамдардың қатынасы ретінде қарамайды, топтардың және топ мүдделерінің өзара қатынасы ретінде қарайды. Сонымен бұл теорияны жақтаушылар қазіргі демократиялықмемлекетте саясатты жеке тұлға емес, халықемес, топ деп тұжырымдайды. Бұл теория дарашылдықжәне ұжымдық теориялардың арасында ортаңғы орынды алып тұрғандай. Қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени жөне т.б. көптеген мүдделер болатыны белгілі. Соларға байланысты әр түрлі топтар пайда болады. Қандай адам болмасын осындай белгілі бір топтың (отбасылық, этникалық, мамандық, діни, аймақтықжәне т.с.с.) өкілі болып табылады. Ол сол топта тұлға ретінде қалыптасады. Топ арқылы тұлға өз мүддесін білдіріп, оны қорғауға мүмкіндік алады. Демократияның міндеті - қоғамдағы алуан түрлілікті ынталандыру, барлық азаматтарға бірігуге, өз мүдделерін ашықайтуға мүмкіндік беру, саяси шешімдерде өзара мәмілеге келу арқылы олардың тепе-теңдігін табу. Саясатта топтың қатынас тұжырымдамасын жасаған Артур Бенши (1870 -- 1957). Ол кең мағынасындағы мемлекеттіңмақсаты-саяси процеске әр түрлі топтардың мүдделерін тартып, оларды келісімге келтіру. Мемлекетке либерализм сияқты "түнгі күзетші" ретінде емес, топтыңмүдделер күресіне бақылау жасайтын, қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын қазы ретінде қарайды.
Демократияның алуан түрлілік теориясыныңтағы бір ерекшелігі -биліктіңараласуы, сіңуі (диффузиялануы), яғни саяси жүйеде биліктің ыдырауы, бөлініп-бөлініп кетуі. Мысалы, АҚШ-та билік орталықта президент пен конгрестің арасында ғана емес, орталықтан штаттарға (федералдық принцип), саяси процеске қатысушы әр түрлі топтар, партиялар арасында бөлініп берілген.
Демократияның төбе топ (элитарлық) теориясы жоғарыда көрсетілген теорияға ұқсас. Ол халықтың саясаттан шеттетілуімен келіседі. Сонымен қатар саяси шешімдерді аз ғана, санаулы адамдар қабылдайды дейді. Олардың айтуынша, саяси процеске таңдаулы, іріктелген, қалаулы топтар арасындағы күрес жатады. Бұл теорияны жақтаушылар халыққа өз мүдделерін қорғап, саяси шешім қабылдаушы кәсіби саясаткерлерге жүктеугс көздерін жеткізгілері, сендіргілері келеді. Себебі, ысылған, төселген, жоғары кәсіби маман ғана саяси шешімдерді қабылдаудың еркіндігі мен мүмкіндіктерін сақтай отыра демократиялықтетіктерді ұтымды пайдалана алады.Төбе топтар өзара күресе берсін, ал халықтың оған ақылы жетпейді, ол қызба келеді, көңіл күйдің жетегінде лепірме серкелердің қулығына еріп кетеді деп түсіндіреді. Жоғарыда аталған теориялардан басқа демократияның марксистік теориясы бар. Ол Руссоның ұжымдықтеориясына ұқсас. Бірақмарксистер демократияныңтаптықмәніне баса көңілбөледі.
Францияның саясатшысы М. Рокар "ақпараттықдемократия" деген тұжырымдаманы шығарды. Оныңойынша, қазіргі демократия сайланған адамдар, ақпарат құралдары және сайлаушылар арасындағы өзара байланыс негізінде құралады. Халық өзініңтаңдау құқығынақпарат хабарларының еркін таралу жағдайында ғана іске асыра алады. Соңғы кезде демократияның экономикшықтеориясы алға тартылып жүр. Ол саясат билік қатынастарын нарықтық қатынастармен байланыстырады. Мысалы, Американың президенті Б. Клинтон жақында қазіргі Батыс демократиясын нарықтықдемократия деп атады.
Демократияны - тура, плебисцитарлық, өкілдік демократия деп бөледі. Тура демократияда халықмаңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуде тікелей қатысады Оныңжақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйеніңтұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бакылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік пұрсатын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтауына, шенеуніктердің бюрократталуына жібермейді.
Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Ол парламент, үкімет басшысы немесе халықтыңбастамасымен өткізілуі мүмкін. Тура демократия Франция, Италия елдерінде кеңтараған. Италияда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін референдум арқылы монархиялык билік тоқтатылды. Казақстан Республикасында референдум арқылы Президенттің өкілдігі ұзартылды, 1995 жылғы Конституция кабылданды.Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау аркылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі өте аз. Оны біраз жағдайлардаекі ұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.
Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерініңкөзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оныңжақсы жақтары -еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардыңқұзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы -сайлау аралығында халықтың биліктен шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, кұқықтықмемлекет құруда. Қазақстан Республикасында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз бостандығы, соныңішінде сынау құқығы да заңжүзінде бекітілген. Сонымен қатар, демократия- тарихи құбылыс. Оны бір қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Оны осы ғасырдың 60 жылдары егемендіктерін алған "үшінші елдерді" "демократияландыру" тәжірибесі ашық көрсетті. Дамыған елдердің саяси жүйесін азаттық алған елдерге тікелей көшіруге тырысушылықтан ештеңе шыққан жоқ. Бұл сәтсіздікті ол кезде Азия - Африка елдері артта қалған, олар өркениеттілікке өсіп жетулері керек деп түсіндіріліп келді. Мәселе онда емес еді. Басқа әлеуметтік құрылымы, саяси үрдісі бар жерге өзге тәртіпті еріксізтелігенніңнәтижесіеді. Сондықтанбіздіңеліміздесаяси, әлеуметтік, экономикалықмақсаттарды, демократиялық теориялардыңдаму жолдарын, оныңіс жүзінде іске асқан елдердегі тәжірибелерін, туған жеріміздің бай тарихын, тамаша тағылымын, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттықәдет-ғұрпымызды, салт-санамызды, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, демократияның өзімізгелайықты жүйесін калыптастырғанымыз ләзім. Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек. Оған тез жету оңай емес. Дегенмен, ол өркениетті елдердің тарихи төжірибелерінен белгілі болғандықтан демократияның өз өміршеңдігін дәлелдеген рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.
Демократиялық мемлекет - бүкіл әлемде жаһандану дәуірінде кеңінен таралған мемлекет үлгісі. Мемлекет демократизмі халықтың билікке қаты- суынан, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне бәлінуінен, саяси алуан түрліліктен, жергілікті әзін-озі басқаруынан кәрініс табады. Демократиялық мемлекеттің негізін халық билігі құрайды. Халықты жоғарғы биліктің басты иесі ретінде мойындау - халық егемендігінің белгісі. Халық егемендігі халықтың ешқандай әлеуметтік күштердің қысымынсыз, өз билігін олардан тәуелсіз, тек өз мүддесі тұрғысынан жүзеге асыратындығын білдіреді. Халық егемендігі бөлінбейді, тек бір ғана субъектісі бар - халық. Осылайша, халық билігі биліктің бүкіл халыққа тиесілі екендігін білдіреді. Халық билігі жағдайында билікті халық, яғни мемлекет азаматтары заңдылығын мойындап, бақылап отырады. Халықтықтың еркін білдіру түріне қарай өкілетті және тікелей қатысу демократиясы түрлері анықталған. Өкілетті түрінде - халық билігінің тек өздері өкілі болып табылатын, солардың атынан шешім қабылдап, олардың еркін білдіретін сайланбалы өкілетті өкілдер арқылы жүзеге асырылуы. Тікелей демократия - жалпы халықтың немесе оның бір бөлігінің тікелей өз еркін білдіруі. Халық билігінің жоғарғы тікелей қатысуы референдум және сайлау арқылы жүзеге асырылады. Демократия саяси алуан түрлілік принңиптері арқылы қызмет етеді. Саяси плюрализм халық билігінің тиімділігін арттырады. Мемлекеттің демократиялылығы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуын білдіреді. Қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқару органдары негізінде әртүрлі аумақтық бірліктің түрғындарының заң шеңберінде өз жауапкершілігі мен өз мүддесі тұрғысынан қоғамдық істердің маңызды бөлігін басқару құқы мен мүмкіндігін білдіреді
Демократиялық мемлекет идеясы.
Қазақстан Республикасының стратегиялық мақсаты демократиялық мемлекет құру. Бұл мақсат әлемдік өркениетті адамзатқа тән ортақ мақсат. Сол себепті адамзаттың озық ойы демократиялық мемлекет құрудың тиімді жолдары мен әдістерін үнемі іздестіріп келеді
. Бұл ізденіс толастар емес. Демократияның ерекшелігі оның әмбебап сапаларымен қатар барлық елдерде біркелкі жүрмеуі және қайталанбауы. Әрбір мемлекет демократияға өз жолымен барады. Ол жолдар әлемдік ортақ құбылыстар мен қатар өзіндік ерекшеліктерді міндетті түрде әкеледі. Демократиялық мемлекет құрудың қиын да күрделі болуы әлемдік заңдылық. Ешбір мемлекет демократиялық қоғамды оңай орната салмайды.
Демократиялық басқарудың дамуы концепцияларының түп тамырын саяси тарих пен саяси ой қойнауынан іздеуге тура келеді. Бүгінгі демократиялық таңдауға қызмет етуші саяси партиялар идеялық тіректі көне заман ойшылдарының еңбектерінен алғандығы даусыз. Себебі демократия әлеуметтік-саяси феномен ретінде ертедегі грек полистерінің саяси мәдениетінің маңызды сегментінің бірі болды. Саяси үрдістерде демократия өте көпжақты және санқырлы сапада көрінеді. Сондықтан бір елдің демократиялық қоғам құру тәжірибесі сол қалпында екінші елде қайталанған емес. Демократиялық таңдау жолында күресетін саяси партиялардың қызметінің теориялық және тәжірибелік жағынан қиын жағдайда қызмет етуі қоғамда қалыптасқан осындай күрделі құбылысқа байланысты. Демократияны кей жағдайда түрлі мүдделі топтар түрліше түсінеді. Өз мемлекетінің саяси-әлеуметтік шындықтарына қатысты қабылдайды.
Қазақстан Шығыстық мемлекет. Оның саяси мәдениетінде және саяси партияларының қызметінде, идеологиясында Шығыс мемлекеттерінің ықпалы бар екендігі ақиқат.Тәуелсіз мемлекет болған соң Қазақстаның Қытай Халық Республикасымен саяси-әлеуметтік байланыстары нығая түсті. Сан ғасырларға созылған саяси тәжірибесі мен терең саяси мәдениеті бар Қытайдың саяси жүйесінің түрлі сапалары Қазақстанға өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстанның саяси ойына және саяси қозғалыстарына елеулі әсері болған ілімдердің бірі - конфуцианства.
Қазақстанның шығысындағы 3,5 мың ортақ шекарасы бар ұлы көршісінің мемлекеттік дініне айналған конфуцианстваның пайда болуы Кун Фуцзының есімімен байланысты. Конфуций деп аталып кеткен ойшыл б.ғ.д. VI ғасырдың өзінде табиғат заңдарына үндес, ақылға сиымды өмір тәртіптерінің негізі болатын бес қарапайым болса да ұлы жақсылықты көрсетеді:
Олар: 1) ақыл, 2) ізгілік, 3) сенім, 4) үлкендерді сыйлау, 5) ержүректік. Бұл құндылықтар белгілі дәрежеде және белгілі шеңберде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz