Солтүстік-Батыс Америка



1. Табиғаты.
2. Орыстардың Солтүстік.Батыс Американы зерттеуі.
3. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
4. Пайдалы қазбалары.
5. Ішкі суы
6. Кордильердің өзендері мен көлдері.
7. Табиғат зоналары.
8. Халқы және елдері
9. Халықтың орналасуы.
10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Солтүстік Американың табиғат жағдайлары бұрын оқылған материктердегіден мүлдем өзгеше. Оның табиғат комплекстері өте алуан түрлі, олардың ішінде сирек кездесетіндері де көп: алып секвойя тоғайлары, үлкен көлдер, лайлы вулкандар мен гейзерлер аймақтары, аса терең өзен аңғарлары — каньондар және тағы басқалар. Адам материктің табиғатын күшті өзгерткен, мәдени комплекстерді көп жасаған.
Материктің физикалық-географиялық орны. Солтүстік Америка көлемі жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24,2 млн. км2. Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің ең кең бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі әсер етеді және бұрынғы оқылған материктерден айырмашылығы бар.
Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе материктің шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал батысы мен шығысында едәуір аз. Ғалымдар континенттің шығыс бөлігі миллиондаған жылдар бұрын Европамен біртұтас болды, ал солтүстік-батыс бөлігі Солтүстік-Батыс Азиямен қосылып жатты деген болжам айтады. Жағаларының пішіні — литосфералың плиталар қозғалысының нәтижесі.
Космостан түсірілген Жер бетінің суреттерінде материктің солтүстігіндегі қар жамылғысы мен құрлықтағы мұздықтарды мұхит мұздарынан ажырату қиын. Мұнда Арктиканың мұздарына ұласқандай, көлемі жағынан орасан зор Канадалық Арктика архипелагы орналасқан. Жылдың көп бөлігінде мұз басып жатқан Гудзон шығанағы құрлыққа ішкерілеп еніп жатыр.
Испандықтардың ашуынан кейін Жаңа Дүние жағаларына қарай басқа европалық елдердің экспедициялары жорыққа шықты. XV ғасырдың аяғында ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот европалықтар үшін Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашты. Ағылшын теңізде жүзушілері мен саяхатшылары (Г. Гудзон (XVII ғ.), А. Маккензи (XVIII ғ.) және басқалары) материктің шығыс және солтүстік бөліктерін зерттеді. XX ғасырдың басында Р. Амундсен бірінші болып материктің солтүстік жағалауын бойлай жүзіп шықты, Жердің солтүстік магниттік полюсінің географиялың орнын тапты.
Орыстардың Солтүстік-Батыс Американы зерттеуі. Материкті зерттеуге орыстар зор үлес қосты. Басқа европалықтардан дербес, олар континенттің солтүстік-батыс бөлігінің кеңістігін ашып, игерді. Сол кезде картада енді ғана белгіленіп келе жатқан Америка жерінің осы бөлігінде тұңғыш рет аралдардың орыс атаулары пайда болды. Бұл аралдар XVIII ғасырдың ортасында Витус Беринг пен А л е ксей Чириковтың жүзуі кезінде ашылған. 1741 ж. орыс теңізде жүзушілері екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап, Алясканың жағаларына жетті, жекелеген аралдарға аяқ басты.
Сауда компаниясының негізін салушылардың бірі Г р игорий Шелеховты орыс Колумбысы деп атаған. Ол Америкада орыс мекендерін салып, орыс Америкасы — Алясканы зерттеуге және игеруге көмектесті.
Орыс мекендері жағалаудың басым бөлігінде 38° с. е. дейін құрылды, мұнда форт — Тынық мұхит жағасында орыс қамалы салынды. Америкадағы бұл мекендерге XIX гасырда жерді айналып жүзетін экспедициялар соғатын, оларды Дүниежүзілік мұхитты зерттеу және бұл уақытқа дейін белгісіз болып келген жерлерді зерттеу мақсатында Россия жабдықтайтын.
Картадағы географиялық объектілердің аттары Солтүстік-Батыс Американың орыс зерттеушілерін еске түсіреді; олар: Чириков аралы, ПІелехов бұғазы, Вельяминов вулканы және басқалары. Аляскадағы орыс жер иелігін патша үкіметі 1867 ж. Америка Құрама Штаттарына сатып жіберді.
1. Материктер мен мұхиттар географиясы В.А.Коринская, В.А.Щенев, И.В.Душина

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Табиғаты.
2. Орыстардың Солтүстік-Батыс Американы зерттеуі.
3. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
4. Пайдалы қазбалары.
5. Ішкі суы
6. Кордильердің өзендері мен көлдері.
7. Табиғат зоналары.
8. Халқы және елдері
9. Халықтың орналасуы.
10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

СОЛТҮСТІК АМЕРИКА
Табиғаты.
Физикалық-геограгриялық орны.
Солтүстік Американың табиғат жағдайлары бұрын оқылған
материктердегіден мүлдем өзгеше. Оның табиғат комплекстері өте алуан түрлі,
олардың ішінде сирек кездесетіндері де көп: алып секвойя тоғайлары, үлкен
көлдер, лайлы вулкандар мен гейзерлер аймақтары, аса терең өзен аңғарлары —
каньондар және тағы басқалар. Адам материктің табиғатын күшті өзгерткен,
мәдени комплекстерді көп жасаған.
Материктің физикалық-географиялық орны. Солтүстік Америка көлемі
жағынан біздің планетамыздағы үшінші материк, оның көлемі 24,2 млн. км2.
Өзінің пішіні жағынан ол Оңтүстік Америкаға аздап ұқсас, бірақ материктің
ең кең бөлігі қоңыржай белдеулерде жатыр, мұның өзі оның табиғатына елеулі
әсер етеді және бұрынғы оқылған материктерден айырмашылығы бар.
Солтүстік Американың жағалары қатты тілімденген. Әсіресе материктің
шығыс және солтүстік жағалауларында шығанақтар мен түбектер өте көп, ал
батысы мен шығысында едәуір аз. Ғалымдар континенттің шығыс бөлігі
миллиондаған жылдар бұрын Европамен біртұтас болды, ал солтүстік-батыс
бөлігі Солтүстік-Батыс Азиямен қосылып жатты деген болжам айтады.
Жағаларының пішіні — литосфералың плиталар қозғалысының нәтижесі.
Космостан түсірілген Жер бетінің суреттерінде материктің
солтүстігіндегі қар жамылғысы мен құрлықтағы мұздықтарды мұхит мұздарынан
ажырату қиын. Мұнда Арктиканың мұздарына ұласқандай, көлемі жағынан орасан
зор Канадалық Арктика архипелагы орналасқан. Жылдың көп бөлігінде мұз басып
жатқан Гудзон шығанағы құрлыққа ішкерілеп еніп жатыр.
Испандықтардың ашуынан кейін Жаңа Дүние жағаларына қарай басқа
европалық елдердің экспедициялары жорыққа шықты. XV ғасырдың аяғында
ағылшын қызметіндегі итальяндық Джон Кабот европалықтар үшін Ньюфаундленд
аралы мен Лабрадор түбегі жағалауларын ашты. Ағылшын теңізде жүзушілері мен
саяхатшылары (Г. Гудзон (XVII ғ.), А. Маккензи (XVIII ғ.) және басқалары)
материктің шығыс және солтүстік бөліктерін зерттеді. XX ғасырдың
басында Р. Амундсен бірінші болып материктің солтүстік жағалауын
бойлай жүзіп шықты, Жердің солтүстік магниттік полюсінің географиялың орнын
тапты.
Орыстардың Солтүстік-Батыс Американы зерттеуі. Материкті зерттеуге
орыстар зор үлес қосты. Басқа европалықтардан дербес, олар континенттің
солтүстік-батыс бөлігінің кеңістігін ашып, игерді. Сол кезде картада енді
ғана белгіленіп келе жатқан Америка жерінің осы бөлігінде тұңғыш рет
аралдардың орыс атаулары пайда болды. Бұл аралдар XVIII ғасырдың ортасында
Витус Беринг пен А л е ксей Чириковтың жүзуі кезінде ашылған. 1741 ж. орыс
теңізде жүзушілері екі желкенді кемемен Алеут аралдарын бойлап, Алясканың
жағаларына жетті, жекелеген аралдарға аяқ басты.
Сауда компаниясының негізін салушылардың бірі Г р игорий Шелеховты орыс
Колумбысы деп атаған. Ол Америкада орыс мекендерін салып, орыс Америкасы —
Алясканы зерттеуге және игеруге көмектесті.
Орыс мекендері жағалаудың басым бөлігінде 38° с. е. дейін құрылды,
мұнда форт — Тынық мұхит жағасында орыс қамалы салынды. Америкадағы бұл
мекендерге XIX гасырда жерді айналып жүзетін экспедициялар соғатын, оларды
Дүниежүзілік мұхитты зерттеу және бұл уақытқа дейін белгісіз болып келген
жерлерді зерттеу мақсатында Россия жабдықтайтын.
Картадағы географиялық объектілердің аттары Солтүстік-Батыс Американың
орыс зерттеушілерін еске түсіреді; олар: Чириков аралы, ПІелехов бұғазы,
Вельяминов вулканы және басқалары. Аляскадағы орыс жер иелігін патша
үкіметі 1867 ж. Америка Құрама Штаттарына сатып жіберді.

Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Жер бедері. Материктің беткі құрылысында жазықтар басым, үштен бірін
таулар алып жатыр.
Материктің шығысы негізінен жазықтардан тұрады. Олар беті ұзақ уақыт
бойы бұзылып, тегістеліп жататын платформаға сәйкес. Мыңдаған жылдар бұрын
жазықтардың басым бөлігін орасан зор мұздық жауып тұрған (75-сурет).
Солтүстік бөліктің жер бедерінде ежелгі кристалл жыныстардан түзілген
ойпатты және қыратты жазықтар басым. Қарағай мен шыршалар өскен аласа
төбелер мұнда енсіз әрі ұзын көл шұңқырларымен ауысады, олардың
көпшілігінің жағаларының пішіні ғажайып. Барлық жерден мұз басудың ізі
көрініп тұр: тегістелген жартастар, төбелердің тегіс шыңдары, қаптаған
қойтастар, мұздықтар жыртып өткен шұңқырлар. Оңтүстікке қарай мұздық
шөгінділер басқан Орталық жазықтар мен басым бөлігі өзен тосқындарынан
түзілген Миссисипи ойпаты орналасқан.
Материктің батысына қарай ұлан-байтақ әрі құрылысының ерекшеліктерімен
көзге түсетін Ұлы жазықтар жатыр. Олар алып баспалдақтың кең сатысы
болып, Кордильерге көтеріле береді.

Солтүстік Америкадағы ежелгі мұз басу
Материктік және теңіздік шөгінді жыныстардан түзілген Ұлы жазықтарды
таудан ағатын өзендер аңғарларымен тілімдеген..
Материктің шығысында аласа Аппалач таулары орналасқан. Ол қатты
бұзылған, аңғарлармен тілімденген. Тау беткейі жатық, шыңдары жұмырланған
сүйір, биіктігі 2000 м-ден 1 сәл астам.
Материктің батыс жағалауын бойлай Кордилъер орналасқан. Ол екі
литосфералық плитаның түйіске жерінде, жер қыртысының көптеген жарықтар
тілімдеген сығылу алабында пайда болған. Бұл жарықтар мұхит түбінен
басталып, құрлық бетіне шығады.
Жер қыртысының ңозғалысы күшті жер сілкіну мен вулкандар атқылауына
әкеліп соғады. Сөнген вулкандар материк тұрғындарының көз алдында түтін,
күл мен лава атқылайды. Жаңа вулкандар түзіліп, апатты жер сілкінулер
болып тұрады, қуатты гейзерлер мен ыстың бұлақтар пайда
болады.
Кордильер таулары өте әдемі. Таулары терең өзен аңғарларымен
тілімденген. Оларды каньон деп атайды. Терең ойыстар биік төбелермен және
вулкандармен ұласып жатады. Кордильердің солтүстік бөлігінде оның ең биік
шыңы — қар мен мұздың жамылған Мак-Кинли (6194 м) аспан тіреп тұр.
Кордильердің осы бөлігіндегі кейбір мұздықтар тікелей таудан теңізге сырғып
түседі.
Пайдалы қазбалары. Солтүстік Америка пайдалы қазбаларға бай. Материк
жазығының солтүстік бөлігі металл рудаларының — темір, мыс, никель және
басқаларының кен орындарымен көзге түседі. Орталық және Ұлы жазықтардың
шөгінді жыныстарында, сондай-ақ Миссисипи ойпатында мұнай, табиғи газ, тас
көмір көп.
Аппалач пен оның тау бөктерінде темір рудасы мен тас көмір кені бар.
Кордильер шөгінді (мұнай, табиғи газ, тас көмір), сондай-ақ магмалық
пайдалы қазбаларға (түсті металл рудасы, алтын, уран рудасы және басқалары)
бай.

Кордильер таулы үстірттеріндегі мүжілу формалары

Климаты. Климаттың жалпы сипаттамасы
Солтүстік Американың, экваторлық белдеуден басқа барлық климаттық
белдеулерге орналасуы оның климатында үлкен айырмашылықтар туғызады.
Климатқа басқа факторлар да елеулі әсер етеді. Бір ендікте жатқан жер
бетінің учаскелері күн жылуының мөлшерін түрліше сіңіріп, шағылатыны,
әркелкі жылынып, суынатыны, атмосфераға ылғалдың әр түрлі мөлшерде
тарайтыны белгілі (77-суретті қараңдар.) Қыста материк территориясының
басым бөлігін қар басып қалады, мұның өзі күн сәулесін шағылыстырып, ауаның
температурасын төмендетеді. Құрлық пен мұхит беті ауа массаларының
қасиетіне, олардың ылғалдығына, қозғалыс бағытына, температурасы мен басқа
да ңасиеттеріне әр түрлі әсер етеді. Құрлыққа ішкерілей еніп жатқан Гудзон
және Мексика шығанақтары материктің климатына елеулі түрде, бірақ әр түрлі
әсер етеді.
Климатқа материктің жер бедерінің сипаты да әсер етеді. Мысалы,
батыстан қозғалып келе жатқан ңоңыржай ендіктегі теңіз ауасы өз жолында
Кордильерге тап болады. Жоғары көтерілген ауа суиды да, жағалауға көп
мөлшерде жауын-шашын түседі.
Материктің солтүстігінде тау жоталарының болмауы оған арктикалық ауа
массаларының өтуіне жағдай туғызады. Олар Мексика шығанағына дейін тарай
алады, ал тропиктік ауа массалары кейде материктің солтүстігіне еш бөгетсіз
еніп кетеді. Осы ауа массалары арасындағы температура мен қысымдағы үлкен
айырмашылықтар материк жазықтарында күшті желдің — дауылдардың тууына
жағдай жасайды. Құйындар көбіне күтпеген жерден пайда болады. Олар көп апат
әкеледі үйлерді қиратады, ағаштарды сындырып, қопарады, ірі заттарды
көтеріп, басқа жерге апарып тастайды.

Климаттық белдеулер мен оларға тән ауа райы. Материктің солтүстік
жағалауы мен оған жапсарлас жатқан аралдар арктикалық климат белдеуінде
орналасқан. Мұнда жыл бойына арктикалық суық ауа басым. Қыста күн жылуы
жерге жетпейді, өйткені поляр түні тұрады. Ең төменгі температура қыста
Гренландияда байқалады (—44, —55° С). Тұман жиі түсіп, қалың бұлт, қарлы
боран болып тұрады. Жазда температурасы нөлге таяу, салқын келеді.
Бұл жағдайда мұздықтар пайда болады. Олар Гренландияның көп бөлігін
және Канадалық Арктика архипелагын жауып жатады.
Поляр шеңбері мен 60° с. е. арасындағы территория субтропиктік
белдеуде жатыр. Мұнда салқын қыс ауа райы бұлтты, жауын-шашынды жазбен
алмасады.
Материктің 600-тан 40 с. е.-ке дейінгі көп бөлігі қ о ң ы р ж а й
белдеуде жатыр. Бұл белдеудің қысы салқын, жазы айтарлықтай жылы. Қыста
жауын-шашын қар түрінде түседі, жазда жауын жауады, бірақ бұлтты ауа
райы жылы әрі шуақты күнмен тез ауысады. Алайда қоңыржай
белдеуде жер бетінің сипатына байланысты елеулі климаттық айырмашылықтар
болады. Белдеудің шығыс бөлігінде қыс салқын әрі қарлы, ал жазы жылы;
жағалауда тұман жиі түседі. Белдеудің орталық бөлігінде ауа райының
жағдайы өзгеше. Қыста қар жиі түсіп, қарлы боран көп соғады, аяздар
жылылықпен ауысады. Сирек жауатын нөсерлі жауыны, қуаңшылық пен аңызақ желі
бар жазы жылы келеді. Қоңыржай белдеудің батысында — теңіздік климат. Қыста
орташа температура 0° С-ге таяу, ал жазда ол тек +10, +12° С-ге дейін
көтеріледі. Жыл бойы дерлік дымқыл, желді ауа райы тұрады, мұхиттан соққан
жел қар араласқан жауын әкеледі.
Субтропиктік белдеудің климаты да алуан түрлі. Оның қалыптасуына жыл
маусымына қарай өзгеріп тұратын ауа массалары ғана емес, сонымен бірге
материк жағаларындағы ағыстар да, осы белдеудегі басым желдер де әсер
етеді.
Тропиктік белдеуде жыл бойы ыстық, материктің жағалаулары мен
аралдарға мұхиттан келетін жауын-шашын мол түседі. Ылғалды желдерден тау
арқылы бөлініп қалған және суық ағыс таяп өтетін жағалауларда жатқан
территорияларға жауын-шашын аз түседі.
Материктің оңтүстік шеті субэкваторлық белдеуде жатыр. Бүкіл жыл
бойына ауа температурасы жоғары. Ауа райы аз өзгереді, тек жазда ғана мұнда
жауын-шашын мөлшері көбейе түседі.
Материктің басым бөлігінің климаттық жағдайы ауылшаруашылық
дақылдарын: қоңыржай белдеуде — бидай, жүгері; субтропиктік белдеуде —
цитрустар, күріш, мақта; тропиктік белдеуде — кофе, қант құрағын, банан
өсіруге қолайлы. Мұнда жылына екі, ал кейде үш рет түсім жиналады.

Ішкі суы
Солтүстік Америка территориясы бойынша суы мол өзендер ағады, мұнда
көлдер мен жер асты суы көп.
Жазықтар мен Аппалачтағы негізгі өзендер мен көлдер жүйелері.
Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен — Миссури саласын қосқанда Миссисипи
өзені. Ол Аппалачтан, Орталық және Ұлы жазықтардан су жинай ағады. Бұл
Жер бетіндегі ең ұзын өзендердің бірі және материктегі ең суы мол өзен.
Оны толықтырып отыруда жауын басты роль атқарады. Өзен суының бір бөлігін
жазықтар мен тауларда еритін қардан алады. Миссисипи жазықтарды бойлай,
баяу ағып жатыр. Оның әсіресе төменгі ағысында суы мол. Бұл тұста ол
жазықта ирелеңдей ағып, арнасында көптеген аралдар туғызады. Аппалачта
қар еріген немесе Ұлы жазықтарда нөсерлі жауын жауған кезде
Миссисипи жағасынан шығып, алаптар мен елді мекендерді су алып кетеді.
Өзендерде бөгеттер мен суды бұрып әкететін каналдар салу су басудың
зардабын едәуір азайтты.

. Солтүстік Америкадағы Үлы келдер
Американ халқының өміріндегі өзінің ролі бойынша Миссисипидің, орыс
халқы үшін Волга қандай болса, сондай мәні бар. Бір кезде Миссисипи
жағасында тұрған үндістер оны су атасы деп тегін айтпаса керек.
Аппалачтың шығыс беткейлерінен бастап ағатын өзендердің ағысы жылдам,
суы мол, зор энергия қоры бар. Бұларда көптеген су электр станциялары
салынған. Осы өзендердің көбінің сағаларында ірі қалалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың географиялық орны
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Монро доктринасы
Солтүстік Америка материгінің табиғатының қалыптасуы
Амазонка өзенін танып білу
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Америка құрамы
Америка Құрама Штаты
Колумбтың екінші экспедициясы
Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері
Пәндер