Қадырғали Жалайыр


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қадырғали Жалайыр

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қайырғали Жалаири: Қайырғали Жалаири
Қайырғали Жалаири: Дүниеге келгені:
1530жылы
Қайырғали Жалаири: Қайтыс болғаны:
1605жылы
Қайырғали Жалаири: Мансабы:
Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған

Қайырғали Жалаири(Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл - қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р. Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл) . Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Туған жері -. Қадырғалидың ата-бабаларыҚарахандар әулетібилігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы ТемшікШығай ханныңбатыры болса, иеленген.

Мазмұны[жасыру]:

Мазмұны

[жасыру]

1 Өмірбаяны2 Жылнамалар жинағы3 Күміс сандық құпиясы4 Жалайыр тайпасынан шыққан5 Қадыр Әлі би еңбегі маңызы6 Қосымша7 Сілтемелер8 Сыртқы сілтемелер9 Пайдаланған әдебиет[өңдеу] Өмірбаяны

Олқазақтыңұлы хандарының , ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкенүмітеткені - Оразмұхаммедсұлтанеді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақтаЖалайыр, Наймандеген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII- жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжиШу, Іле, Қараталөзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды. Қазақ хандарының да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауғакөшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бірорталыққабағынып, жаңа күшейіп келе жатқан орыс қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкенмемлекетЖоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-тектеМәскеугеелшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғануқабілетінжете білуге тырысуы заңды еді. Осымақсатпенолар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күздеЕртіс, Тобылбойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадыр Әлібастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" . Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадыр Әлінің Шығыс тарихын, мәдениетінжақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігітОразмұхаммед1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па - әйтеуір Қадыр Әлі бек те зор құрметке бөленіп, басуәзірлікқызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті деБорис Годуновтыңтапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұлшежіресіертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихиеңбекекені аян. Ш. Уәлихановбұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н. И. Ильминский, И. Н. Березин, В. В. Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", - дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет) . Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т. б. жайында қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендегенжалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшынт. б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ . Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайындадеректербар.

[өңдеу] Жылнамалар жинағы

"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымыИ. Халфинтапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессорИ. Н. Березинбылай деп алғысөзжазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, олҚадыр Әліеңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" - "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған. М. Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектіңавторберген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" - "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл. )

[өңдеу] Күміс сандық құпиясы

Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі - академикӘлкей Марғүлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміссандыққүпиясы" былай дейді: "Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі - өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен . . . Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бірмұрасыдеп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова . . . В нем степных уподоблений, поговорок бездна" . . . Оған бірінші көңіл қойған жазушы -Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім - Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москваданқазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейдебүл кітапты жақсы білген П. И. Рычков, Н. М. Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады . . .

[өңдеу] Жалайыр тайпасынан шыққан

Қадырғалиараб, парсы, түркі, орыс тілдерінбірдей жақсы білген . . . Қадырғали-Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың бірінші ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнекқалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында дажалайыртайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің біріншіүлгісідеп тану керек". Соңғы жылдары қазақ ғалымдарыныңкүшсалуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген. Қадыр Әлінің бұлеңбектіжазудағы негізгі мақсаты - өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бірмақсат: " . . . патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И. Н. Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854. ) Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: " . . . бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында) . (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан. ) Орыс хантуралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Олжерөте үлкен және биіктауеді. Онда жақсы жайылымдар, сулар менбұлақтарда көп болған . . . Отырар, Сайрамшаһарлары . . . Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклікәуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған". Қадыр Әлі бұдан кейінҚұйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым ханжайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнанЖәнібек ханғадейін төртінші буын еді", - дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті . . . Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабіріҚожа Ахмет Яссауи(қасында) жерленді". Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған. ) .

[өңдеу] Қадыр Әлі би еңбегі маңызы

"Қадыр Әлі би еңбегініңқазақ халқының, қазақ хандығыныңқалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұлмәселелердіанықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, - дейді одан өрі М. Қойгелдиев. - Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес . . . Аса маңызды тарауларының бірі - "Орыс хан дастаны". Бұлдастаннанбіз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібекұлысының, яғни қүдіреттіАлтын Орданыңыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген - бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осыФетка Науакратсалған алаңнан кейін Орыс ханныңАлатаужаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұлОрыс ханқазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет) . "Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.

Шығысжылнамашыларының, әсіресе, Рашид ад-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайыридіңтағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандарбақ-дәулет, атақ-даңқүшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл - тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі - бұл салада айрықша көзге түсетінінжу-маржан.

[өңдеу] Қосымша

Қадырғали Қосымұлы(1530-1605 ж. ж. ) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұламағалымыәрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалыЖалайыр тайпасынаншыққан. Сондықтан да ол көбінесе"Қадырғали Жалайри"аталып кеткен. Ата-бабалары ертедеСырдариябойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақсияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгіТалдықорған облысынакеліп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабаларыҚарахан дәуіріненбері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би.

Оның әкесіТемшік, баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрібатыр, бек, биболыпты.

Ата, әкежанында жүріп, олардантәрбиеалған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Әзім Ораз Мұхамедтіңқасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, орыс княздігіменқарым-қатынаста жүргені аян. Сібірсұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен біргеМәскеудепатша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығымен шведтер жәнеҚырым хандығыарасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед СұлтанғаОка беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болыпқызметатқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихишежірекітабы арқылы бүкілдүние жүзінемөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасындаөмірсүріп, тіршілікеткенҮйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшынт. б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандардәуірінәсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті менқазақұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т. б. саяси-әлеуметтік жайларыбаянетілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезіндеШоқан Уәлихановтанбастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік:

" . . . Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді.

. . . Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарбердісұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісіҚадырберді хан, қызы Жанике атты еді. ОныЕдіге биалды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді.

. . . Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақөсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды.

. . . Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды . . . "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Қүмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын . . . Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған . . . "

Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады:"Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесіШығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесіЖәнібек хан, оның әкесіБарақ хан, оның әкесіҚұйыршық хан, оның әкесіОрыс хан. . .

Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты . . .

Ораз Мұхамед хансегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақуақыттарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасыБорис Федоровичтыңқұлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады.

. . . Жиырма жасында ұлымәртебеліОраз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін . . . "

Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның біріӘл-Фараби атындағы Қазақтың Мемлекеттік ұлттық Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы.

Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы автор былайша тұжырымдайды:

. . . Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадырғали Жалайыри
Қадырғали би Жалайыри
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Наймандар, Кереиттер және Жалайырлар. Қарақытайлар Жетісуда
Шежірелердің Қазақстан тарихындағы деректік орнын көрсету
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Сан есімдердің түркі жазбаларында қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz