Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
КІРІСПЕ
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің шығу тарихтары
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен жіктелінуі
1.3. Шағын бизнестің құрылымы
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РОЛІ
2.1. Кәсіпкерліктегі бәсекенің орны.
2.2. Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпкерлікті талдау
2.3. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі
2.4. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы ауыл шаруашылығының функциялық қызметтері
3 3 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің даму жолдары
3.2 Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және оның нарық жағдайындағы даму деңгейі
3.3 Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру». Менің бұл тақырыпты алған себебім, өйткені қазір шағын бизнестің даму мәселесіне келетін болсақ өте актуалды проблемаға айналып отыр. Дипломдық жұмысым, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік және отандық тәжірибесін, экономиканың осы секторының даму мәселелерін зерттеуге және кәсіпкерліктің қызметтің даму деңгейі мен ынтаны бағалаудың кешенді жүйесін дайындауға арналған.
Бұл тақырыптың өзектілігі Мемлекеттің « Қазақстан – 2030 » ұзақ мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы « 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары » Үндеуіне сәйкес экономика аймағындағы басты міндет ретінде экономикалық өсудің максималды қарқынына қол жеткізу қойылған.
Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне байланысты. Артылықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық коньюктурасының өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу, инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалар, шағын кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді өндіругді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, шағын кәсіпкерлік – қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік – экономикалық алғышарттарды құрады.

1 Қазақстан Республикасыны Конституциясы, Алматы, Қазақстан, 2000ж
2 Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы
3 Әубәкіров К. «Экономикалық теория негіздері», Эконмикс, 1995ж.
4 Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері». Алматы «Эвро» 2004ж. – 490 б.
5 Баязитова Ш., Құлпыбаев С., Баязитова А. «Қаржы теориясы». Оқу құралы Алматы «Мерей». 2001ж. – 176 б.
6 Самуэльсон П., Нардхаус В. «Экономика». Москва 2000г. – 350с.
7 Дробозина Л.А. «Финансы». Учебник для вузов Москва «ЮНИТИ» 2000г. – 527с.
8 Ермекбаева Б.Ж. «Салық және салық салу». Алматы «Экономикс» 2003ж. – 185б.
9 Құлпыбаев С. «Қаржы». Алматы «Экономикс» 2005ж. – 174 б.
10 Алыпысов Б. « Шағын кәсіпорын » / « Егемен Қазақстан » 2005, №3
11 Дабылбекова Ж.Х. « Кіші және орта бизнесті дамыту » / « Тауар » 2005 №1
12 Имандосов М.С. « Қазақстанда бәсекелік ортаны қалыптастырудағы кіші және орта бизнестің рөлі» / « АльПари » 2005, №2
13 Исабеков Б.Н. « Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктердің арасындағы тығыз өзара шартты байланыс». Монография. « Ғылым », 2005
14 Қинашева Ж. « Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің рөлі» / « Ақиқат » 2002, №2
15 Казболинов Т. « Шағын кәсіпорындар неге «шағын» » / « Семей таңы » 2005, №10
16 Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»
17 Мамыров Н.Қ. « Экономикалы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігі
« Ізденіс » 2005, №6
18 « Малое предпринимательство при переходе к рыночной экономике » // Республиканский научный журнал « Наука и образование Южного Казахстана » -2000 ж., №21-0,2 « Статус ежегодника » 2003
19 Таменова С.С. « Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін рейтингті бағалау әдістемесі » / « Ізденіс » 2005, №2
20 Шеденов Ө.Қ «Жалпы экономикалық теория» « Ізденіс » 2005, №2
Шайменов Б.Б. « Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы» / /« Ізденіс » 2002, №5
21 Қазақстан Республикасының Статистикалық Бюллетень №2(74) Астана 2005ж. – 68б.
22 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы. №12, 2005жыл.
23 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетені. №2 (74), 2005жыл Агенства по статистике Республики Казахстан. Алматы 2005.
24 Алматы – Ақшамы №2, 10 – қараша, 2006.
25 Аль Пари №3, 2006.
26 Аль Пари №4, 2006г.
27 Вестник №11(63), 2006.
28 Егемен Қазақстан №7, 5 - сәуір, 2006.
29 Қаржы –Қаражат №3, 2006

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
6
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің шығу тарихтары
6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері мен жіктелінуі
8
1.3. Шағын бизнестің құрылымы
11
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ РОЛІ
2.1. Кәсіпкерліктегі бәсекенің орны.
17
2.2. Қазақстан республикасындағы шағын кәсіпкерлікті талдау
22
2.3. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі
29
2.4. Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы ауыл шаруашылығының функциялық
қызметтері
33
3 3 ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
36
3.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің даму
жолдары
36
3.2 Шағын кәсіпкерлікті қолдау тәжірибесі және оның нарық жағдайындағы даму
деңгейі
42
3.3 Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалау
46
Қорытынды
58
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
61
КІРІСПЕ
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Қазақстан республикасындағы
шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру. Менің бұл тақырыпты
алған себебім, өйткені қазір шағын бизнестің даму мәселесіне келетін болсақ
өте актуалды проблемаға айналып отыр. Дипломдық жұмысым, шағын
кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік және отандық тәжірибесін, экономиканың осы
секторының даму мәселелерін зерттеуге және кәсіпкерліктің қызметтің даму
деңгейі мен ынтаны бағалаудың кешенді жүйесін дайындауға арналған.
Бұл тақырыптың өзектілігі Мемлекеттің Қазақстан – 2030 ұзақ
мерзімді стратегиясына және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл
сайынғы 2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі
бағыттары Үндеуіне сәйкес экономика аймағындағы басты міндет ретінде
экономикалық өсудің максималды қарқынына қол жеткізу қойылған.
Бұл мақсатты іске асыру көбіне шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне
байланысты. Артылықшылықтар кешені, атап айтқанда, нарық коньюктурасының
өзгеруін тез сезіну, айналым қаржыларының жоғары айналымдылығы, халықтың
қаржы ресурстарын шоғырландыру, мөлшері жағынан азғана алғашқы капиталды
пайдалану, бәсекелестік ортаны құру, тұтынушыларға жақын орналасу,
инновациялардың жартысынан көбін құру және тағы басқалар, шағын
кәсіпкерлікке көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің
негізгі бөлігін өндіруге, жұмыспен қамту проблемаларын шешуге, әлеуметтік
шиеленісуді жоюға, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал етуге, өнімді
өндіругді және бюджетке түсетін төлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қоса, шағын кәсіпкерлік – қазіргі қоғамның саяси тұрақтылығының
негізі – орташа топтың пайда болуына әлеуметтік – экономикалық
алғышарттарды құрады.
Жоғарыда айтылған шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және,
ең бастысы, оның Республикадағы дамуының қанағатсыз болуы алынған
тақырыптың өзектілігіне негіз болды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік
процесті қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын
функцияларға, ШКС-нің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі
ұйымдастыру –құқықтық формаларға және тағы басқаларға қатысты басылымдардың
көп болуына қарамастан, зерттелетін проблемалар щеңбері азаймай,
керісінше, ұлғая түседе. Және бұл заңды. Қазіргі таңда шағын
кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және ол бар және қайтадан пайда болған
проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы
бар ма, ел экономикасында маңызды рөлді атқарады ма, елдегі әлеуметтік
жағдайды тұрақтандырады ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар
қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық
қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр – мұның бәрі зерттеу объектісі. Ал
шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде ШКС(шағын
кәсіпкерлік секторы) арасында зертеудің, таратудың және енгізудің тек
алғашқы кезеңінде тұр. Соның ішінде, кәсіпкерлік қызметтің және ынтаның
даму деңгейін бағалау жөніндегі мәселе аз зерттелген, ол Республика
аймақтары арасында экономиканың бұл саласының даму нәтижелерін салыстыруға,
жеке алынған аймақта шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын бақылауға,
әкімдер жұмысы туралы айтуға, табиғи, материалдық және нңбек қорларын
пайдалануды сипаттауға мүмкіндік береді.
Менің дипломдық жұмысымның мақсаты: проблемаларды зерттеу мен шағын
кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалаудың кешенді жүйесін дайындау.
Менің дипломдық жұмысымның міндеттері: аталған мақсатқа жету үшін жұмыста
келесі міндеттер қойылған:
- кәсіпкерліктің теориялық негіздерін анықтау;
- шетелдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау түрлері мен формаларын анықтау;
- жалпы Республика бойынша шағын кәсіпкерліктің жағдайы тенденцияларын
зерттеу;
- шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын проблемаларды анықтау;
- ШКС-нің жіктемесін дайындау;
- Аймақтарда кәсіпкерлік қызметті және ынтаны бағалаудың кешенді жүйесін
негіздеу мен дайындау;
- Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын дамытуға бюджеттік қаржыларды
үлестіруде бағдарлама шараларын орындау дәрежесі мен аймақтағы шағын
кәсіпкерліктің даму деңгейі арасындағы өзара байланысты анықтау.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі және оның қарастырылу
дәрежесі айқындалады, оның мақсаты мен міндеттері тұжырымдалады.
1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Адамзат дамуының қай кезеңдерінде де кәсіпкерлік экономика
ғылымының назарынан тыс қалмаған. Тек маркстік теория ғана кәсіпкерлікті
адамзатты қанау ұғымымен біржақты түсіндіріп, көптеген социолистік
мемлекеттерде ондаған жылдар бойы бұл сала, тіпті, ғылыми терминологиядан
да шығып қалды.
Жалпы, француз тілінен тараған кәсіпкерлік (enttrepreneur)
ұғымын экономика теориясына XVIII ғасырда тұңғыш рет ағылшын банкирі әрі
экономисі Р. Кантильон енгізді. Р. Кантильон кәсіпкер деп бағаның
тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату мен
сатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле
бермейтін адамдарды атаған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі
ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар саяси
экономиканың ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия
мектебінің өкілдері болды. Аталмыш мектептің негізін салушы Ф. Кэне, өнім
өндіруші фермерлерге әрқашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың
пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші
кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлдікке басты рөл атқарады. Бұл ғылыми
бағытты француздың мемлекеттік қайраткері әрі экономисі А. Тюрго
жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші ( жерді жалға
алушылар), меншік иелері ( жерді жалға берушілер ) және өнім өндірмейтіндер
( осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы).
Саяси экономия өкілдерінің бірегейі, француз экономисі Ж. Б. Сэй
кәсіпкерді өз есебінен, өз тәуекелімен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы
адам - деп түсіндірді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы
жағдайды сезгіштік, адамдармен түсінісе алушылық қасиеттерімен қатар
өндірістің үш факторын – табиғатты, еңбек пен капиталды – біріктіріп, іске
қоса алатын мықты қабілеттілік болуы тиіс.
Кейінірек ағылшын оқымыстысы А. Маршалл кәсіпкердің
жаңашылдығын, неміс ғалымдары М. Вебер мен В. Зомбарт
кәсіпкерлік рухты дәріптеді. М Вебер кәсіпкерлік дегеніміз – іс адам
үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсілі десе, В. Зомбарт кәсіпкерлікпен
сәтті айналысу үшін әр заманның өзіне тән рухын терең сезініп, дөп баса
білу керек, тек осылай өткенде ғана кәсіпкердің ісі оңға басады деп
түсіндірді.
Кәсіпкерлік теориясына аса м аңызды үлес қосушылардың бірі -
австро – американдық экономист – социолог И. Шумпетер екені белгілі. М.
Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегі адам факторын зерттеу дәстүрлерін
жалғастыра отырып, ол кәсіпкерлерді теориясының діңгегі етіп қарастырды да,
оларды шаруашылық субъектілеріне жатқызып, олар өндірістің негізгі
факторларын пайдалана отырып , экономикалық процестерге қатысушылар деп
тұжырымдады. Кәсіпкерлер тұлғасына маңызды мән берген И. Шумпетер өз
кейіпкерін әлемдік өркениеттің қозғаушы күші, XX – ғасырдағы экономикалық
өсіп - өркендеу мен ғылыми – техъникалық прогрестің көш бастаушысы деп
ұғынды. Сондықтан, И. Шумпетердің
кәсіпкерлік теориясының атасы аталуы тегін болмаса керек.
XX – ғасырдың орта шеніне дейін жаңа жұмыс орындарын тек ірі
кәсіпорындар ғана ұсынады деген түсінік темірдей бекіген болатын. Дегенмен,
ірі американ экономисі Ф. Дракердің кәсіпкерлер қоғамы тұжырымдамасы,
ескі түсініктің іргесін сөгіп қана қоймай, экономика ғылымына жаңа
кейіптегі кәсіпкерлікті ала келді. Ол ірі өндіріс орындарының нарықтың
өзгермелі жағдайына қолайсыздығын ғылыми түрде дәлелдеп, бұл кемшіліктің
орнын дер кезінде толтыратын шағын кәсіпкерлік пен бизнес екендігіне көз
жеткізді және еркін кәсіпкерліктің негізінде өзін - өзі басқару еркіндігі
жатқандығын айқын көрсетіп берді.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиғи
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – к▪әсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш – жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт
– бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми –
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда –
көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және
т.б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілер
мыналар бола алады:
- Қазақстанның азаматтары;
- шетел мемлекетінің азаматтары;
- адамдардың бірігуі ( кәсіпкерлер ұжымы )

Кәсіпкерліктің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру
өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған
бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрьір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік
технологиясы болады кесте .1.1
Кесте 1.1
Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерліктің түрлері
Өндірістік Коммерциял Қаржылық
ық
Өндірістік Өндіріс
қызметті
тұтыну
Ақпараттық Ақпараттық
технология
Арнайы
қызметтер
Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына
тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүддлілік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның
мазмұнының мәнін айқын,дайтын тауар – ақша қатынастары, тауар – айырбастау
операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда
өнім өндіруге – байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету
қажеттілігі тумайда. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу,
нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді
іске асыру, ең алдымен тауар бағасыеның өткізу бағасы жағдайында көтерме
сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек еккніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
– бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар – қаржы активі болып саналады.
1.3 Шағын бизнестің құрылымы
Шағын кәсіпорындарды жіктеудің қатып қалған қағидасы жоқ. Әдетте,
кәсіпорындардағы қызметкерлер санына орай кәсіпкерлікті шағын, орта және
ірі деп шартты түрде үшке бөледі. Әлемнің әр түрлі елдерінде олардағы
қызметкерлер саны әрқалай. Бірақ, шамамен, оның ортақ белгілері мынадай:
- ірі бизнес: жұмыскерлер саны 500-ден асады;
- орта бизнес: жұмыскерлер 100-ден 500-ге дейін;
- шағын бизнес: жұмыскерлер 100-ге дейін.
Шағын бизнес – мемлекет және басқа органдардың бекітуімен әрекет
ететін шағын және орта бизнес саласында тауарлар мен қызметтер өндіруге
тікелей қатысатын шағын адамдар тобының қызметін түсіндіреді. Қазіргі кезде
шағын және орта бизнес саласында кәсіпкерлік құрылымының жіктелуі шағын
және орта кәсіпорындарында жататын нарықтық экономикалық әр түрлі
субъектілері негізінде көрсеткіштер көмегімен жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік және отандық тәжірибеде көрсетіп отырғандай мұндай
көрсеткіштердің қатарына кәсіпорындар да, жұмыс істейтін адамдар саны,
жарғылық капитал көлемі, активтер мөлшері және есеп беру кезінде
фирмалардың алатын табысын немесе пайдасының мөлшері жатады. Шағын және
орта бизнес кәсіпорындардың жіктелуі кезінде ең басты көрсеткіш, ондағы
жұмыс істейтін персоналдың саны болып табылады. Қазақстанда шағын
кәсіпкерлік 1988 жылдан бастап дамыды. Республика экономикасында
кәсіпкерліктің дамуының бастапқы сатысында мемлекеттік кәсіпорындар басым
болды. Қазақстан Республикасының 1997 жылы 19 маусымындағы заңында шағын
кәсіпкерлік субъектісіне жатқызу принципін анықтады. Шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне: кәсіпкерлік қызмет пен айналысатын заңды тұлғалар, жеке
тұлғалар жатқызылады. Шағын кәсіпкерліктер мемлекеттік, кооперативтік, жеке
тұлғалық, сонымен қатар, басқа мемлекеттердің жеке тұлғалары мен ұйымдары
негізінде құрылады. Шағын кәсіпкерліктің қаржылық ресурстандыру жеке
қорларының және банк несиелері есебінен қалыптасады. Олар ірі кәсіпкерлер
сияқты қаржы ресурстарын капитал нарығы арқылы тарта алмайды. Сондықтанда
мұндай кәсіпорындарға барлық уақыт қаржы жетіспеушілігі тән болды. Шағын
және орта бизнес саласындағы кәсіпкерлер сыртқы экономикалық қызмет
түрлерімен экспортты, капитал, сонымен қатар шетелдік заңды немесе тұлғалар
мен валюталық операцияларды іске асыру түрлерімен айналыса алады.
Шағын кәсіпкерлікесептік, несиелік және кассалық операциялардың
барлық түрлерін іске асыру үшін кез келген комерциялық банктердің есеп
айырсу жолдың және де басқа счеттар, соның ішінде шетелдік валюта счетін
жүргізуіне болады. Кәсіпкерлер өздерінің ақшалай қаражаттарын банк
счеттарында орнасластыра отырып өз клиенттері мен қолма қол және қолма
қолсыз түрде, сонымен қатар, ұлттық және шетелдік валюта мен есеп
айырусуларды іске асыруына болады. Шағын және орта бизнес саласындағы
кәсіпкерлер сыртқы экономикалық қызмет түрлерімен, тауарлармен,
қызметтердің импорты мен экспорты, капитал, сонымен қатар, шетелдік заңды
және жеке тұлғалар мен валюталық операцияларды іске асыру түрлерімен
айналыса алады. Өзінің шаруашылық қызметін іске асырып отырған шағын немесе
орта кәсіпрын ел ішінде және де шетелдерде келісімдер мен контактілер есеп
айырусуларда толық жауапкершілікті өз мойындарына алады. Өздерінің
міндеттерін орындамаған және сақтамаған жағдайда кәсіпорынды күйзеліс
жағдайы болады.
Шағын кәсіпорындарды құрудағы мақсат, біріншіден рыноктағы тауарды
көбейту, қызмет көрсетуді жақсартудан туып отыр. Екіншіден, салалық және
аймақтық монополизмнен біртіндеп құтылу. Расында да біздің елде не көп?
Кәсіпорындар монополиясы көп. Олар ерте замандағы динозаврды еріксіз көзге
елестетеді. Денесі алыптығына қарамастан икемсіздігі салдарынан бұл
жануарлар құрып кеткен ғой. Ал оның замандасы шапшаң да икемді құйтақандай
кесіртке болса уақыт сындарына төтеп беріп аман – есен қалды.
Шағын кәсіпорынның да икемділігі кесірткеге ұқсас. Ол ғылыми –
техникалық жаңалықтарды өндіріске тез енгітуі, рынок сұранысына орай
тауардың түрлерін саны мен сапасын жылдам өзгертуі арқасында өзіне жол ашып
отыр. Айтылғанға қоса ол талап адамдардың басын қосады, жұмыссыздықты
ауыздықтауға жаңа мүмкіндіктер туғызады – деседі білгір ғалымдар. Асылында
олар жергілікті елдің экономикалық базасын нығайтады.
Нарықтық қатынастарға өту жағдайларында шағын, орта және ірі
кәсіпкерліктердің арасында тығыз өзара шартты байланыс пайда болады, ол
олардың жаппай түрде қатысты тәуелсіз жұмыс істеулері ретінде көрініс
алады. Бұл байланыс әсіресе, шағын және ірі бизнес кәсіпорындары арасында
нақты көрініс табады, бұл кезде біріншелері екіншілерінде қатысты қажетті
қосымша ретінде орын алады және контракт пен субконтракт негізінде ірі
өндіріске тікелей немесе жанама түрде қызмет көрсету міндеттерін атқарады.
Кәсіпкерліктің әр алуан түрлерінің өзара байланысу кезінде кәсіпкерлік
қызметінің анағұрлым тиімдірек нәтижелеріне қол жеткізіледі және бизнестің
тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Осыған орай мемлекет осы мақсаттарға қол
жеткізуге үшін тек шағын бизнестің ғана емес, сондай – ақ, орта және ірі
бизнестің дамуына да мақсатқа бағытталған ықпал жасауы керек, себебі олар
да, әсіресе нақты бір нарықта пайда болу және өз жағдайларын күшейту
сатысында мемлекеттік көмекке, мүдделерінің қорғалуына, технологияларға
және қаржылай қолдауға мұқтаж болады. Шағын бизнес үшін алдын – ала заңмен
қарастырылған жеңілдіктер мен кепілдемелерге келер болсақ, олар шағын
кәсіпкерліктің тұрақты тиімді жұмыс істеуін алдын ала анықтай алады,
дегенмен шағын безнестің бастапқы кезеңде пайда болуына және өзінің одан
әрі дамуына келесі қарқынды жасау үшін қажетті потенциал құруға мүмкіндік
береді. Кәсіпкерліктің құндылығы экономикада пайдалануға бағытталған,
үкіметтік шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағдарламасын іске асыру
кезінде шағын кәсіпорындар приоритетті орынға ие бола бастады, ал орта және
ірі кәсіпорындардың үстемдіктері сәйкесінше төмендей бастады. Бұған, сондай
– ақ, белгілі бір мөлшерде елде орын алған ірі мемлекеттік кәсіпорындарды
қайта қалыптастыру мен құрылымын қайта жасау жағдай жасады, бұл оларға
өнімнің айтарлықтай көлеміне айналуына, ал кейбір жағдайларда осы
кәсіпорындардың жойылуларына да алып келді. Бірақ бұл ірі өндірістің,
өзінің барлық артықшылықтарынан айырылып нарықтық құрылымда шағын
шаруашылықтарға жол береді дегенді білдермейді. Ірі және ең ірі
кәсіпорындардың өздері экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға мүдделі
болып, бірте – бірте жеке бизнес ортасын тарылта түседі.
Оларды тиімсіз өндірістен, масштабы кішкентай болуына байланысты
босату шағын бизнестің дамуына қолайлы жағдайлар жасайды, бұл өндірістің
осы түрлеріне, яғни соңғы өнімнің жекелеген бөлшектеріне мамандырылған
шағын кәсіпорындармен интеграциялану кезінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл
ірі кәсіпорындар үшінде ұтымды, себебі олар еңбек өнімділігін жоғарылату
мен өндіріс шығындарын төмендету және өнім шығаруды ұлғайту мүмкіндігіне ие
болады. Ірі компаниялар әрдайым шағын бизнес кәсіпорындарына қамқоршы
болады және олардың кәсіпкерлік мүмкіндіктерін ең тиімді тұрде іске асыруда
қолдау көрсетеді. Алайда, сонымен қатар мұндай компаниялармен
кооперациялану тәуелсіздіктерін жоғалтуға айтарлықтай қауіп төндіреді.
Сондықтан, олар ірі бір кәсіпорынның өндірістік сызбасына шектен тыс
байланып қалмауы үшін аз сериялы немесе жеке өндіріске мамандандырылып,
өзінің шамамен тәуелсіз экономикалық саясатын жүргізеді.
Орта бизнес кәсіпорындары да солардың дайын өнімдерін жинақтау
операциясын бітіру мен іске асыру үшін ірі кәсіпорындармен кооперациялана
алады. Олар шағын кәсіпорындармен өнімнің жаңа, әсіресе сұранысқа ие,
ерекше қасиеттерге ие және жоғары бағамен айрықшаланатын түрлерін өндіру
мен өткізуді ұйымдастыру үшін шағын кәсіпорындармен кооперациялана алады,
бұл оларға берік қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Осылайша, шағын, орта және ірі бизнестің жұмыс істеу барысында
олардың арасында өзара тәуелді белгілі іскерлік қатынастар пайда болады.
Осы қатынастар мен оларды реттеудегі мемлекеттің рөлінің, тек шағын және
орта бизнесті ғана емес, сондай – ақ, ірі кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасын дайындау арқылы, дұрыс орналастырылуының ескерілуі нарықтық
экономикаға өту үдерісін жылдамдатуда маңызы өте зор. Бұл бағдарламада
кәсіпкерлердің мүдделерінің үйлесімдігі мен әсіресе ірі және шағын бизнес
арасында ынтымақтастық жүйесін құру бойынша ынталандырушы шаралары алдын
ала қарастырылған болуы керек.
Мұндай ынтымақтастық жүйесі өндіріс саласында шағын және ірі
кәсіпкерлікті кеңейту мен тиімді түрде дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер
тудырады, бұл біздің еліміз үшін өте маңызды. Қазіргі таңда шағын бизнес
артықшылықтарға ие бола отырып, сауда саласында дамыды (72 %), ал өнеркәсіп
өндірісі (8%) мен ауыл шаруашылығындағы (3%) даму үлесі айтарлықтай аз.
Ынтымақтастық жүйесінің орнатылуымен ірі бизнес кәсіпорындары өз мүдделері
үшін өндіріс саласындағы шағын бизнестің дамуын ынталандырады, бұл біздің
елдегі уәсіпкерлік қызметінің құрылымдық қайта қалыптасуын өткеруге жақсы
ықпал жасайды. Атап айтқанда олар өз маркаларын ұсынады, керек ьолған
жағдайда оған жеңілдетілген түрде несие береді, шағын бизнес субъектілеріне
консалтингтік қызметтер көрсетеді және оларға ғимараттарды, машиналарды,
құрал – жабдықтарды және т.б. жалға береді.
Шағын кәсіпкерлік мәселесінің кешенді шешімін табу үшін оның өзара
тәуелді түрде дамуын ұйғаратын жалпы бағдарламаның дайындалуы қажет. Бұл
бағдарлама шағын бизнес арқылы жүзеге асырылатын кәсіпкерліктің қалыптасуы
мен дамуының барлық жағын қамтып, білім беру, қызмет және келесілерінің
жұмыс істеулерінің тоқталуының барлық аспектілерін реттеуші шараларды алдын
ала қарастыруы қажет.

2.1. Кәсіпкерліктегі бәсекенің орны
Кәсіпкерліктегі бәсекенің қазіргі механизмінің негізгі артықшылығы
– тиімділікке ерекше көңіл бөлу. Осыған байланысты бәсеке қағидалары
кәсіпкерліктің барлық формаларының бастамасы ретінде рыноктық
инфрақұрылымнан жан – жаққа таралады. Тағы бір ерекшелігі - өзінің
бәсекелік артықшылықтарын күшейту жолында шағын, орта және ірі бизнестің
біріктірілуі, бәсеке жағдайында шағын және орта бизнес түрлері үшін
біріктіруді тең ұстауда ірі бизнес белгілері күшейеді. Шағын бизнес
жүйесі үшін микроэкономикалық иемдену басты шарт болып қалады, бірақ соған
қарамастан лизинг, франчайзинг сияқты формаларында сыртқы сипаттамалардың
өскендігін байқаймыз. Олар: инвестициялаудың қосымша көздерін іздеуге
ұмтылыс, дамудың инновациялық бағыттылығы. Бұған өзара байланысты
элементтердің аралық мүдделері де қосылады.
Қазіргі корпорацияда бәсекелік мүмкіндікті зерттеу үшін
корпоративті субъектілердің экономикалық тиімділігі белсенділікке ие болып
отыр. Бухгалтерлік пайда мөлшерімен анықталатын корпорация қызметінің
табыстылығы жетілмеген бәсекенің – табысты жоғарылатудың объективті
критерийлеріне қарама – қайшы келеді. Берілген қайшылық, екі процестің
өзара қызметі еркін көрінетін ҒТП дамуының эволюциялық сипаты болып
табылатын екі процесс: техника және ғылымның дамуымен шығарылатын жаңа
қолдану ынталылығы немесе Й. Шумпетер алдыңғы қатарлы тапқырлықтарды
қолданудың және И. Шмуклер акцент жасаған сұранысты болдыруә құралатын
ынталардың алғашқы себебін көрген технологиялық секіріс болып табылады.
Басқаша айтқанда, ұсыныс жаңа ашулары мен сұраныс жаңа
ашуларының қарама-қайшылығы корпорация табатын қалыпты пайданың
экономикалық форомасында көрініс алады.
Динамикалық бәсекелестік жағдайында технологиялық траектория
мен бәсекелестердің өз позициясын салыстыру корпорация үшін
стратегия құру әдісіне немесе бәсекелестік күресті болжау құралына
айналады. ҒЗТКЖ технологиялық тиімділігінің төмендеуі – экономикалық
потенциалының өсу шапшаңдығының жоғарылығымен сәйкес келеді. Әрбір
нақты технологияның табиғи шегі және жаңа ашылулардың жетілу
деңгейіне байланысты осы шектеуге біркелкі жақындау жылдамдығы
болатындықтан корпорация берілген технологиялық траекториядан шығып,
басқа жаңа технологиялық траектория жолымен жүруіне болады. Осылайша,
ерте кезден жаңа технологияға өту, қазіргі қызмет етіп тұрған және пайда
алып отырған технологиямен салыстырғанда сөзсіз шығынды. Сондықтан, оның
орнын толтыруға және экономикалық пайда табуға бағытталған қазіргі кезеңгі
корпорацияда ҒТП артықшылықтарын қолданудың қарама – қайшылығының мәні
осында.
Бәсекенің сыртқы корпоративтік факторы – жаңа ашылуларға
қабілеттілік, жаңа технологияларды ерте кезеңдерде пайдалану және оларды
қолдануда объективтік шектеулерге қарсы тұрады. Сондықтан, постиндустриалды
дәуірдің корпоративті тұлғасына бәсекенің экономикалық көрсеткіштері болып,
ең алдымен, қалыпты пайда алуға көмектесетін жалпы орташа шығындар мен
бағаны өлшеп салыстыру тән болды. Берілген қайшылықтар қаржылық
инвестициялар орталығы болып табылатын фирманың ішкі бөлімшелеріне де және
сәйкесінше, жаңа ашылуларды дайындау, өңдеу және қолдануға бағытталады.
Жаңа технологиялардың ішкі бөлімшелерінде уақытында және көп түрлілік
пайдалануына орай корпорация табысты төмендетуден сақтауға мүмкіндік
беретін белгілі бір тепе – теңдікке жетеді. Ішкі фирмалық құрылым жеке
технологиялық және экономикалық тиімділіктерді салыстыра отырып, оларға
өздерінің жеке қызметін жүзеге асыратын салыстырмалы өндірістік
автономдыққа иелігі қосымша мүмкіндік болып саналады.
Инновациялық мехонизм процесін өңдеу адамның творчестволық
потенциялын енгізудің әр түрлі әдістерін, ғылыми – техникалық прогресс
саласында қызмет ететін адамдар коллективтінің әдістері мен қағидаларын
қарастырады.
Зерттеушілер мен өңдеуші новаторлардың нақты нәтиже шығаруы – ірі
корпорациялардың әкімшілік бақылаудан босап, өздерінің ұйымдық құрылымының
ішінен тәуелсіз зерттеу бөлімшелерді құрылуына себеп болады. Мұндай
бөлімшелер көбінесе еншілес компания мәртебесіне ие, оларды өңдеу –
болашағы бар инициаторлы – мамандармен, ғылыми – техникалық ойлар
авторларымен басқарылады. Жеке таңдаулары бойынша зерттеушілер ұжымын
тексере отырып, зерттеу бағытын жұмысты ұйымдастыруда, қаржы ресурстарын
жұмсауда толық жекелікке, толық тәуелсіздікке ие болады. Осылайша,
корпорация ішкі венчурды ұйымдастыру кезінде новаторлық идеяның
коммерциялық табысына сене отырып, тәуекелге барады.
Кәсіпкерліктің тәуекелді формасы табысты өңдеу мен пайда алынған
жағдайда өңдеушінің пайдадан үлес алуын ескереді. Ізденушілердің
творчествосы мен тәуекелді едәуір ақшалай сый алуына көмектеседі.
Кәсіпкерліктің берілген формасы шаруашылық тәсілі ретінде жеке
кәсіпкерлікке өте үлкен әсер етеді, рыноқтық тұлғалардың өзара қызметінің
бәсекелестік механизміне қолдау жасайды. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік
шешімдерді орталықтан қабылдау жүйесі де артта қалуда. Жаңа өнімдердің
көбейту мен олардың жаңартылу жылдамдылығының артуы, сонымен қатар рыноктық
жағдайдың өзгерісіне деген жылдамдықтың қажеттілігі өндірісті басқару әдіс
– тәсілдері мен стилін өзгертеді. Американдық экономист Питер Дррукер
венчурлық бизнестің дамуы мен кең қолданылуын – экономикалық тарихтағы
сынық нүктесі, экономика өсу фазасына енуінің куәсі ретінде бағалаған.
Осылайша, кңорпорация жаңа ашылулар дамуының қаржылық қызметін атқара
отырап, фирма ішінде ғана емес, сонымен қатар сыртында да бәсекелестік
ортаның құрылуына септігін тигізеді. Жеке бизнестің корпоративті формасы
инновацияларды қаржылық қолдаудың негізгі ауыртпалығын өзіне жүктейді. АҚШ
– та мысалы, ҒЗТКЖ – ға арналған құралдардың 95% - і жеке фирмалар мен
ұйымдар арасында бөлінеді. Бірақ, ҒЗТКЖ – ды қаржыландыру таза трансферттік
бағытқа ие болмайды. Бәсекелік инновациялық процестің тек қана түрлі
экономикалық микросубъектілері арасындағана болмайтын енушілік қызметтің
таратушылық мотиві де болып табылады.
Бәсекенің күшті рыноктық реттеуші механизмі ретінде пайда болуы
макродеңгей ғана емес, миродеңгейде де өте қажетті және маңызды деп айттық.
Бәсекелестік күрестің мәнін корпорацияның ішкі ұйымдастырылуының іргелі
негізі ретінде тәжірибе жүзінде жоғары тиімділігін көрсеткен Дженерал
Моторс компаниясы алғаш рет қолданып, бағалаған. Й. Шумпетер бәсекені
жоюшы процесс ретінде сипаттап, ол үздіксіз экономикалық құрылымды ішінен
төңкеріс жасайтынына мән берген. Бәсекелес жүйе бөлімшелері ретінде
фирманың рыноктық архитектоникасын құру қажеттілігі бүгінгі күні Ресей
экономикасы үшін макро және микрорыноктыктық процестермен шартталған.
Миродеңгейдегі рыноктық прициптер белсенділігінің деңгейі тұтастай рыноктық
тиімді қызмет етуінің айқын көрінісі болуы қажет. Ішкі бәсекелестікті
ұйымдастыру – кәсіпкерлік рухының үздіксіз белсенділігіне, қабілеттілігіне
қарайды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті тұтастай алғанда бәсекелік
оның тиімді қызмет етуін ынталандыруға алып келеді.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту,
тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау
мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік
экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ – та барлық
жұмыс күшінің 50пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33
пайызы нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын
кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне
тиеді. АҚШ – та шағын кәсіпкерлік ғылыми – зерттеу жұмыстарының 3 пайызы
ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызн
қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты
айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен
салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе
көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнертапқыштар жаңа технологияның 90
пайызынан астамын жасайды.
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерлікпен қол жеткізілген нәтижелер бойынша
республика дамыған және дамушы мемлекеттермен қатар, тәуелсіз мемлекеттер
достығының жеке елдерінен артта қалды. 2003 жылдың басында Қазақстанда
449,9 мың шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істеді, олармен жалпы ішкі
өнімнің 20,4 пайызы ғана өндірілді, ел бюджетіне 67,9 млрд. тг. аударылды,
халықтың 21,0% жұмыспен қамтылды, бұл экономикасы дамыған елдер
нәтижелерінен 2-4 есе төмен. Сонымен қатар, экономиканың осы секторына
экономикасы дамыған елдердегі қалыптасқан деңгейден, бәсекелестік
қабілетілігінің артта қалу факторының үдей түсуі тән. Инновациялық өңдеу
мен сыртқа шығарылатын өнімді өндірудің болмауы осыдан туындайды.
Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі рөлі мен
маңызы туралы бұлтартпас дәлел бола алады. Бірақ, мәселе,сандық
көрсеткіштерде ғана емес.
Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен базарлы экономика типіне жатады
және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін құрайды. Дамыған елдердің
тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік ахуалға шапшаң
бейімделеді.
Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез
өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап,
бәсекелестіктің өрісін кеңейту түсуге, салалық және аумақтық монополизмге
төтеп беруге көмектеседі.
2.2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті талдау
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптастыру әлі жүріп
жатыр. 1990- жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға
түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшы бар
кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да
көп жұмысшы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан
бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын
кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың
экономикалық дамуына осы сектродың қосар үлесіне лайықты баға беруге және
шағын кәсіпорындарды нақты тапсыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатынасына қарай, шағын деген анықтама жұмысшылардың
саны, жалпы табыс, сондай – ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі
мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші
белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал
Қазақстанда 50 адамға дейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын
жұмысында қолданады. Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады.
Сондай –ақ, мемлекет тарапынан болмаса да, шетелдік ұйымдар тарапынан
техникалық көмек көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін
жеткілікті, деп санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69
пайызының жоғары білімі болған. Олардың 42 пайызы техникалық, 12,7 пайызы
қоғамдық, 6,9 пайызы экономикалық жоғары оқу орындарының түлектері.
Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан
кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе
жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді.
Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен,
өсім бар. Оның жалпы ішкі өнімде де өзіндік үлесі бар. Ол 7 пайызды
құрайды.
Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында
лайықты орын алды.
Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық
құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда, заңдық тұлғалардың
жалпы санының 55 пайызы ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды.
Заңды түрде тіркеліп, мерзімінде жұмыс істеген шағын
кәсіпорындардың басым көпшілігі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда
тіркелген 23144 кәсіпорынның 16037 – і, яғни 69 пайызы жұмыс істейді.
Астана қаласында тіркелген 4048 шағын кәсіпорынның 2987 – і , яғни 74
пайызы жұмыс істеген. Бұлардың ұйымдық – құқықтық пошымы: жеке кәсіпкерлік,
серіктестік және акционерлік қоғам болып келеді.
1999 жылы 1 қаңтарға елімізде аталған қызмет түрімен 222000-нан
астам жеке адам, ал шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықты қосқанда –
жеке кәсіпкерлікпен 731000 адам шұғылданған. Аймақтар арасында жеке
кәсіпкерлікті дамыту жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы алда тұр. Мұнда осы
кәсіп түрімен 138000- нан астам адам шұғылдануда. Бұл осы салада жұмыс
істейтін адамдар санының 19 пайызын құрайды.
Тұрғындардың мемлекеттік бөлікте жұмыспен қамтылу деңгейі
төмендедеі. Босап қалған еңбек ресурстарының бір бөлігі мемлекеттік
кәсіпорындардан жеке кәсіпорындарға ауысты. Шағын және орта
кәсіпкерлік нысандары арасында тауар айналымының ең жоғары деңгейі
коммерциялық және делдалдық қызмет бөлігінде, сонымен қатар ол
жұмыс орнының саны жағынан да алды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты талдағанда
агроөнеркәсіптік кешендегі шағын кәсіпкерлік қазіргі уақытта
еліміздің экономикасына тиісті үлес қоса алмай отырғанын немесе
табысын жасырын ұстайтынын байқауға болады. Сонымен бірге
экономиканы сараптағанда мемлекеттің стратегиялық бағытын жүзеге
асыруда шағын бизнес басты құралдардың біріне айналғаны да
байқалады.
Шағын және орта кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік
өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды еске алсақ,
ауыл шаруашылық шикізаттының басым бөлігі республикадан тыс
жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделіп, дайын өнім жоғары
бағамен қайта әкелінді. Мұның үстіне, тасымалдау кезінде өнім сапасы
төмендеді, шығынға жол берілді. Бірқатар жаңа өнім алуға
болатынқалдықтар өңделген жерлерде қалды. Қазіргі уақытта
агроөнеркәсіптік кірігу жүйесіндегі шағын кәсіпорындардың осы
мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Қазақстан
Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл-селоларды дамытудың
басты бағыттары туралы заңда: Агроөнеркәсіптік кешен құрамына
шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, өндірістік және
тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы
үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін
өндірумен шұғылданатын, шикізаттарды өңдеп, олардан алынған өнімдерді
сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін... шаруашылық нысандары
кіреді, - деп атап көрсетілген.
Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың ірі де әлеуметтік
маңызы зор бөлігі. Жалпы ішкі өнімнің алтыдан бір бөлігі ауыл
шаруашылығының, сондай-ақ, ұқсату кәсіпорындарының үлесіне тиеді.
Еліміздің тұтыну базараның 70 пайыздан астамы ауыл шаруашылық
шикізаттарынан дайындалған азық - түлік пен тауарларесебінен
молығады. Аграрлық сала қызмет көрсетудің және көптеген
өнеркәсіптік саланың дамуына жағдай жасайды. Сол себепті де
агроөнеркәсіп өндірісіне баса назар аударылып, оған мемлекеттік
қолдау көрсетілуі керек. Ауыл-селоның қайта түлеп, өркендеуі үшін
ұлттық саясат, біртұтас нормативтік-құқықтық база және базар
кеңістігі ауадай қажет. Эконгомиканың ауыл шаруашылығы бөлігіндегі
көп қырлылық еркін және дербес тауар өндірушілер болуға тиісті,
меншіктің түрлі пошымындағы ірі, орта және шағын кәсіпорындардың
оңтайлы ұштастырылуын талап етеді. Олар бәсекелестік негізінде,
базарды өркендетіп, оның дамуына қолайлы жағдай жасайды, сонымен
бірге, дамудың болашағы мен тиімділігін айқындайтын ықпалдастықта
болады. Шағын кәсіпорындар материал және қаржы ресурстарын ұтымды
пайдаланып, ғылым мен техника жетістіктерін ескере отырып,
өндірісті тұтынушы мүддесіне қарай неғұрлым тез бейімдейтіндігін
байқауға болады.
Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен
бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да
лайықты ұйытқысы болыптабылады. Ол шағын және орташа қалалар мен
аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет
тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын
жұмсалмайды. кесте 2.1
Кесте 2.1
Қазақстан Республикасы облыстарындағы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын
кәсіпорындардың 2002-2004жылдардағы негізгі көрсеткіштері
Кәсіпорындар саны, бірлік
2004 2005ж 2006ж. өсу
қарқыны,
%-бен
259,4
Қазақстан Республикасы 24848 29835 77398
1. Ақмола облысы 511 1024 2872 280,4
2. Ақтөбе облысы 744 432 2990 6,92
3. Алматы облысы 698 892 3853 4,3
4. Атырау облысы 798 764 1670 2,2
5.Шығыс Қазақстан облысы2603 3714 5462 147,1
6. Жамбыл облысы 876 837
2701 3,2
7.Батыс 817 1138 1831 160,8
Қазақстан облысы
8.Қарағанды 2895 2794 5797 207,4
облысы
9.Қызылорда 306 373 3486 9,3
облысы
10.Қостанай облысы1613 1761 1711 97,1
11.Маңғыстау 773 723 2247 310,7
облысы
12. Павлодар 1131 1786 4177 233,8
облысы
13.Солтүстік 1212 1425 2107 147,8
Қазақстан облысы
14.Оңтүстік Қазақстан 2071 1603 7679 478,7
облысы
15. Астана қаласы 1600 2446 5733 234,4
16. Алматы қаласы 6200 812523082
284,1
2.1 кесте бойынша Қазақстан Республикасының облыстарындағы шағын
кәсіпкерлік 259,4% өскен, айта кетсек, Ақмола облысында 280,4, ал Алматы
облысында 4,3% өскен.
Кесте 2.2
Жұмыскерлердің орташа саны
Жұмыскерлердің орташа саны, мың адам
2002ж 2003ж 2004ж өсу
қарқыны,
%-бен
Қазақстан Республикасы 186,7 201,7 128,8 212,6
1. Ақмола облысы 5,7 10,7 15,1 141,1
2. Ақтөбе облысы 5,7 5,0 24,9 498
3. Алматы облысы 8,2 9,0 22,2 246,7
4. Атырау облысы 6,1 5,7 11,2 196,5
5. Шығыс Қазақстан облысы20,0 24,2 155,4
37,6
6. Жамбыл облысы 6,4 6,8
16,4 241,1
7. Батыс 8,3 9,2 17,4 189,1
Қазақстан облысы
8.Қарағанды 19,8 19,5 37,0 189,7
облысы
9.Қызылорда 3,4 4,0 22,2 5,5
облысы
10. Қостанай облысы13,5 14,8 7,3 49,3
11.Маңғыстау облысы4,9 5,0 13,2 264
12. Павлодар облысы7,1 9,6 19,5 203,1
13.Солтүстік Қазақстан 13,1 11,0 178,2
облысы 19,6
14.Оңтүстік Қазақстан 11,4 13,4 244,0
облысы 32,7
15. Астана қаласы 11,5 14,5 27,3 188,2
16. Алматы қаласы 41,9 39,3
105,2 267,6
2.2 кесте бойынша Қазақстан Республикасының облыстарындағы жұмыскерлердің
орташа саны да облыстық деңгейлеріне қарай өскен.
Кесте 2.3
Бір кәсіпорынға шаққандағы жұмыскерлер саны

2004ж 2005ж 2006ж. өсу
қарқыны,
%-бен
Қазақстан Республикасы 7,5 6,7 8,4 125,4
1. Ақмола облысы 11,5 10,4 11,2 107,6
2. Ақтөбе облысы 7,7 11,5 11,6 100,8
3. Алматы облысы 11,7 10,1 9,5 94,0
4. Атырау облысы 7,6 7,4 8,4 113,5
5. Шығыс Қазақстан облысы7,7 6,5 120,0
7,8
6. Жамбыл облысы 7,3 8,1
9,1 112,3
7. Батыс 10,15 8,1 8,0 98,7
Қазақстан облысы
8.Қарағанды 6,8 6,9 6,1 88,4
облысы
9.Қызылорда 10,1 10,7 11,0 102,8
облысы
10. Қостанай облысы8,4 8,4 9,8 116,7
11.Маңғыстау облысы6,3 6,9 6,0 86,9
12. Павлодар облысы6,3 5,4 7,1 131,5
13.Солтүстік Қазақстан 10,8 7,7 8,3 107,8
облысы
14.Оңтүстік Қазақстан 5,5 8,4 8,3 105,3
облысы
15. Астана қаласы 7,1 5,9 6,7 113,5
16. Алматы қаласы 6,7 4,8
5,0 104,2
2.3. кесте бойынша Қазақстан Республикасында бір кәсіпорынға шаққандағы
жұмыскерлер саны 125,4 болса, Астана қаласы бойынша 113,5% , Алматы қаласы
бойынша 104,2% көрсетеді.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың отандық тәжірибесі қабылданған
нормативті – құқықтық актілер көмегімен және оларды іске асыру нәтижелері
бойынша зерттелді. Тұтастай республикада шағын кәсіпкерліктің даму аралығын
үш кезеңге бөлуге болады.
✓ Бірінші кезең ( 1997 – 2001 жылдар) елдің осы секторының
қалыптасуымен, нормативті – құқықтық базаның құрылуымен
сипатталады.
✓ Екінші кезең ( 2002 жыл және қазіргі кезге дейін ) –
кәсіпкерлік дамуының тұрақтану аралығы. Бұл кезеңнің басталуы
ҚР Үкіметінің 2002 – 2004 жылдарға бағдарламасын қабылдауға
негізделген, онда шағын кәсіпкерлік болашағы ұлттық экономиканы
дамытудың жалпы жүйесімен кешенді түрде қарастырылады.
✓ Үшінші кезең – бұл экономиканың осы секторының тұрақты өсу
кезеңі, яғни экономикасы дамыған елдердің шағын кәсіпкерлігімен
қол жеткізілген әлеуметтік – экономикалық өлшемдерге жету.
Экономиканың осы секторының он үш жылдық даму кезеңі шағын
кәсіпкерлікке кәсіпкерлік аймағында жұмыспен қамтылғандар санын он есеге
ұлғайтуға, өнім мен қызметтердің үнемі өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді. Экономиканың осы саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерімен
өндірілетін өнім және қызметтер көлемдерінің өсуі бір жағынан оны қарқынды
нсиелеуге байланысты. Кәсіпкерлердің өздерінің айналым қаржыларын
толықтыруға, қажетті жабдықты сатып алуға мүмкіндіктері пайда болды.
Жұмыста салынған несиелердің әр теңгесімен осы салада болатын өзгерістерді
анықтау бойынша зерттеулер орындалған, яғни несиелік қаржылармен шағын
кәсіпкерліктің даму деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы сандық
өзара байланысты анықтау.
Есепті шешу нәтижесінде келесі нәтижелер алынды:
1. ШКС өндірілген, өнім мен қызметтер көлемі және несиелер сомасы мен
қайта қаржыландыру ставкасы арасында:
у= 9910,5+6,0х-291,8х (1)
2. ШКС аударылған, бюджетке төленген төлемдер және несиелер сомасы мен
қайта қаржыландыру ставкасы арасында:
у= 1457,0 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz