Неолит дәуірі



1. Неолит дәуірі
2. Атбасар мәдениеті
3. Маханжар мәдениеті
4. ЭНЕОЛИТ
5. Ботай мәдениеті
Бұл дәуірдің басы шамамен б. з. б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретуші техникасының жетілдіруімен қатар тас өндеудің тегістеу, бұрғылау, арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер, дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, шамадан, серпентениттен, басқадатастардан әшекейлер-білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену орнына - жиынтерін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен ендіргіш күштер дамуының деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды. Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғүрлым жоғары дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды. Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті сипатына қарай біріккен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан кұрылды.
1.Сабырханов А., «Ұлы бетбұрыс»Алматы, «Мектеп»1981ж
112-116 беттер
2. Бекмаханова Н. Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1991 ж.
69-75 беттер
3. Жамбылов Д. «Тәуелсіздік және саяси сана» Алматы,1999ж.
71-75 беттер
4. Тлепов Ж. «Елім деп еніреген ерлер жыры» Алматы, 1995ж.
89-95 беттер
5.Мәлімбаев С., «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты»
Алматы,1994ж.
114-116 беттер
6.Мадашев Х «Қазақ халқының арғы бергі тарихы» Алматы, 1995ж.
223-229 беттер
7. Қазақстан тарихы. 3 том. Алматы, 2001 ж. 131-135 беттер
8. Қазақстанның көне тарихы. Алматы, 1993 ж. 32-43 беттер
9.Қозыбаев М. Қазақстан тарихы очерктері. Алматы, 1994 ж.
119-130 беттер
10.«Қазақ совет энциклопедиясы», І,ІІ-том. 73-77 беттер
11.Қозыбаев М., «Жауды шаптым ту байлап» Алматы, 1994ж.
23-33 беттер
12.Байпақов К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы, 19994 ж.
78-81 беттер
13. Қ.А. Ақышев, К.М: Байпақов «Қазақстан тарихы» І том.
Алматы 1996 ж. 85 – 95 беттер.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Бұл дәуірдің басы шамамен б. з. б. VII мыңжылдықтың екінші жартысы мен VI
мыңжылдықтың басына тұстас келеді. Бұл тас өңдеуде техника гүлденген кез
болды. Еңбек құралдарын өндіру барған сайын мамандандырылды. Қыспа ретуші
техникасының жетілдіруімен қатар тас өндеудің тегістеу, бұрғылау, арамен
кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты. Тас балталар, кетпендер,
дәнүккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, шамадан,
серпентениттен, басқадатастардан әшекейлер-білезіктер, алқалар жасалды.
Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену
орнына - жиынтерін мен аң аулаудың орнына келген өндіруші шаруашылыққа
негіз болған мал шаруашылығы мен егіншіліктің тууы болып табылады.
Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор
маңызы болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның
сипатын сапасы жағынан өзгертті. Адамның экономикалық қызметінің одан кейін
талай мың жылдарға созылған бүкіл тарихы едәуір дәрежеде осы екі
шаруашылықтың даму, жетілу тарихы болып табылады.
Неолит дәуірінде алғашқы адамдардың қолы жеткен ендіргіш күштер дамуының
деңгейі басқа да мәдени-тұрмыстық жаңалықтардың шығуына себепші болды.
Қазақстанның ежелгі тұрғындарында кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш
құмыра ісі, тоқымашылық дамыды.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды; онда
ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды.
Сонымен бірге мұның өзі қоғамның ұйымдасу түрлерінің неғүрлым жоғары
дамыған уақыты болды: тайпалар немесе тайпалық бірлестіктер құрылды.
Тайпалар қандас-туысқандық байланысына қарай және шаруашылығының біртекті
сипатына қарай біріккен бірнеше (саны азды-көпті) рулық қауымдардан
кұрылды.
Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік
ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық,
өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік
тұрақгарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір кеп заттар
табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын
көрсетеді. Мұндай тұрақтардағы негізгі құрал-саймандар - пышақ тәрізді
қалақтар және солардан жасалған заттар.
Қазақстан аумағында бұлақтық тұрақтар неғұрлым көптараған, өйткені шөл
және шөлейт аймақтарда өзендер аз болады. Бұлақтардың жанындағы тұрақтар
көбінесе кезбе аңшылардың уақытша, маусымда тұрған жерлері.
Қазакстанның шөл даласындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшелігі
сол, олардың көпшілігі - ашық үлгідегі тұрақтар.
Барлық тұрақтарда жергілікті материалдардан жасалған тас құралдар
-жебелер мен найзалардың ұштары, балталар, қашаулар, пышақтар, қырғыштар
табылды. Белгілі бір құралдарды жасау үшін тастардың түрлері сараланып,
іріктеліп алынатын болды. Шикізаттың алуан түрлі болуы оны ұқсатудың әр
түрлі техникалық тәсілдерін дамытып, жетілдіруге себепкер болды.
Қазақстанның неолиттік ескерткіштері бірнеше аумақтықтан құрайды, бұл
топтардың мәдениеті жағынан бір-біріне жақын, туыс тайпалардың мекендеген
аудандарына сай келуі ықтимал. Дала неолитін Ежелгі Шығыс елдерінің
мәдениеті дамуының ұқсас кезеңдерімен салыстырған кезде мезолит дәуіріне
қарағанда бұл уақытқа қарай түрлі аумақтарда тарихи дамудың біркелкі
болмауы бұрынғыдан да айқын аңғарылатынын есте сақтау керек. Егер далада
неолиттің хронологиялық шеңбері б. з. б. УІ-ІУ мыңжылдықтың орта шені
шегінде белгіленсе, Алдыңғы Азия үшін ол б. з. б. VIII—VI мыңжылдықтарды
қамтиды. Өндіруші шаруашылықтың негіздері де нақ сонда қалыптасады.
Әдебиетте алғашкы тайпалар шаруашылығындағы түбірлі өзгерістер неолиттік
революция деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді, әсіресе
дәнді өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге,
өсіруге және әректеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін
меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Ол адамның өз
бақылауында болып, оған шексіз дерлік мүмкіндік беретін және одан мұны
талап ететін неғұрлым бай және сенімді тамак көзін пайдалануға мүмкіндік
берді. Неолитте Ежелгі Шығыста дәнді дақылдардың барлық түрлері,
кекеністердің, жеміс-жидектердің едәуір түрлері өсіріліп, казіргі үй
малының барлық түрлері қолға үйретілді деуге болады. Ал жылқы энеолитте
Евразия далаларында қолға үйретілді - бұл оқиғаны неолиттік революцияның
маңызды компоненттерінің бірі деп атауға және оның аяқталуы деп карастыруға
болады. Бірақ далалық аймақтың неолиттік қоғамының шаруашылығында ерекше
өзгерістер әлі де бола қойған жоқ - мұнда бұрынғысынша тамақ табудың
негізгі көзі аң және балық аулау болды. Сірә, континенттік климат халық
санының артуына қолайлы болмай, табиғи ресурстар халық қажеттерін
қанағаттандыруға әбден жеткілікті болса керек. Жерорта теңізінің неғұрлым
жұмсақ және бірыңғай климаты аймақта демографиялық жағынан артық жағдай
туғызып, Шығыс елдерінде адам аң, балық аулау мен жиынтерінге қоса қосымша
тамақ көздерін өте ертерек іздестіруге мәжбүр болды, өйткені қоғамның
қажеттері табиғи ортаның сол кезде болған мүмкіндіктерінен асып кеткен еді.
Сөйтіп, неолитте (б. з. б. IV мыңжылдықтың аяғына дейін) ежелгі Қазақстан
жеріне шаруашылықтың өндіруші түрлері әлі тарала қойған жоқ. Табиғи орта
елке тұрғындарына қиыншылықтарды жеңіп шығып дамуына қолайлы жағдай жасады.
Қазақстан аумағы қарама-қарсы табиғи аймақтарды қамтымады және табиғи
шептерге белінбеді, ал мұндай жағдайларда біртекті материаддық мәдениет
қалыптасады. Сондықтан Қазақстан неолиті үшін бөлінетін азын-аулақ
археологиялық мәдениеттердің түбегейлі айырмашылықтары жоқ және олардың
таралу аймағы ете кең. Бұл орайда картада езінше бір археологиялық шағын
аудандарды — ежелгі тұрақтар шоғырланған орындарды белгілеуге болады.
Әдетте тұрақтар адамдардың тіршілігін қамтамасыз ететін жерлерге жақын —
балық және кұс аулайтын, жануарлар су ішуге келетін өзендердің Есіл, Тобыл,
Торғай, Терісаққан, Обаған өзендері мен тайыз дала жылғаларының; көптеген
көлдердің жағаларына орналасқан. Сондай-ақ неолит халқының тығыздығы
құралдар дайындау үшін қажетті тас қорының жеткілікті болуына байланысты
екені аңғарылған. Мұндай тастың негізгі түрі шақпақ тас, оның кварцты және
яшмалы түрлері болып қала берді. Солтүстік Қазақстан (В. Ф. Зайберт) және
Қостанай-Торғай (В. Н. Логвин) археологиялық экспедициялары жүргізген
көптеген зерттеулердің нәтижесінде Солтүстік Қазақстан аумағынан жақсы
құжатталған, салмақты материал алынды. 300-ден астам тұрақтың
материалдарына талдау жасаған зерттеушілер Есіл еңіріндегі — Атбасар мен
Торғай үстіртіндегі маханжар неолиттік мәдениетін бөліп көрсетті. Мейлінше
ортақ белгілері бойынша бұл мәдениеттер кельтеминар және Оңтүстік Орал
неолитіне ұқсас.
Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы
Түлкібас ауданының Қараүңгір ауылынан солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде,
өзі аттас өзеннің оң жағасына орналасқан. Үңгірдің өзі өзен арнасынан 7 м
биікте жатыр. Кіреберісінің ені 20-25 м, биіктігі 2-16 метрге жуық. Үңгір
екі залдан тұрады: алдыңғысының ұзындығы — 20 м және төргісі — 9 м. Қазу
барысында мәдени-тұрмыстық қалдықтардың мол жиынтығы (тастан және сүйектен
жасалған бұйымдар, қыш, жануарлардың сүйектері және т. б.), ежелгі
қырғыштар, бүйірі ойық қалақшалар, бұрғылар, жиектері мұқалған қалақшалар,
жүздері ретушпен енделген және өнделмеген қалақшалар, жебелердің ұштары,
нуклеустер, шотбалталар, келсаптар, қырғыш-пышақтар және көптеген ендіріс
қалдықтары алынды. Шақпақтастан жасалған құралдармен қатар кеп мелшерде
сүйек бұйымдар — көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және
т. б. табылды.
Ежелгі қараүңгірліктер құлан, аю, бұғы, елік, қабан, жылқы, қасқыр, сиыр,
кекілік, қырғауыл, тасбақа сияқты жануарларды аулаған. Мұны үңгірден
табылған сүйек қалдықтары көрсетеді. Ескерткіштің жас шамасы (мерзімі
абсолютті көрсетілген) б. з. б. 5000 жыл.
Батыс Қазақстанда неолиттің бұрын кельтеминарлық батыс қазақстандық
нұсқасы бөліп керсетіліп келді. Жалпы алғанда кельтеминарлық мәдениет
мерзімі б. з. б. IV мыңжылдықтың аяғы - II мыңжылдықтың басы деп
белгіленеді және Қазақстан мен Орта Азияның едәуір аумағын қамтиды. Тас
индустриясы көлемі орташа қалақшалар мен шағын қалақшалар, қалақшалардың
сынықтары мен сындырылып алынған тастар түріндегі бейімделген нұсқалармен
сипатталады. Атырау облысынан табылған неолиттік тұрақтарды: Шатпакөл,
Құлсары-1-5, Шанды ауыл, Қыземшек, Жыланқа-бақ, Қойқара, Сарықамыс, Шаянды
тұрақтары мен басқаларын мысалға келтіруге болады. Көптеген бұйымдар
арасында жүздері ретушьпен өңделгені де, өнделмегені де бар пышақ тәрізді
калақшалар, сынық тастар мен қырғыштар, кескіштер, жебелердің екі жағы да
қырланған сүйек ұштары, бүйірлері ойық құрал - анкоштар, нуклеус түріндегі
сынықтастар мен призма түріндегі нуклеустер бөліп көрсетілген. Керамика
фрагменттерінің көпшілігінде ернек жок, тек кейбіреулерінде ғана соғып
жасалған көлденең сызықтар бар, олардан темен қарай тура немесе тік
сызықтар жүргізілген. Жыланқабақ және Қойқара орындарына шырша және ұсақ
тарақша өрнегі бар керамика фрагменттерінің болуы тән. Тас саймандар
жоғарыда аталған тұрақтардың индустриясына ұқсас.
Тұрақтардың тас индустриясы мен орналасқан жерлері жөніндегі тұжырымдарды
жинақтай келгенде, өндеу және омырып алу сипаты жөнінен оларды: жиегіндегі,
бір жағындағы, екі жақты ретушь жөнінен жақын, сырт жағы мұқалған және бір
не екі жағы кесілген немесе тік ұшы бар қалақшалар, ұшты қалақтар, ойықты
сынық тастар мен кқрғыштар кен таралған деуге болады. Соңғылары сүргі релін
атқарған.
Шақпақ тас саймандар кейбір жағынан Қараүңгір (Оңтүстік Қазақстан)
үңгірінің тас бұйымдарымен және Өзбекстанның егіншілік неолитімен ұштасып
жатыр.
Маңғыстауда мезолиттік материалдар негізінде б.з.б. VI-V мыңжылдықтар
шегінде белгіленетін, ойықты және төлес мәдениеттерінің тұрақтары болып
табылатын жергілікті неолит калыптасады. Бозащы түбегі (Шебір-7) мен
Орталық Маңғыстаудың Түйесу (Сенек-1, -4, -5, -8) құмдарында табылған
ойықты үлгілі тұрақтар едәуір көп. Мезолитпен салыстырғанда асимметриялық
трапециялар санының кемуі, асимметриялық ұзынша пропорциялы үш бұрыштардың,
ірі параллелограммалардың, ұшы шабылған қыстырмалардың, өткір ұшты және
бірлі-жарым мүйізді трапециялардың пайда болуы ойықты еңбек құралдарының
ерекшеліктері болып саналады. Керамика аз табылған. Бұлар - қолдан жасалған
ыдыстардың сынықтары. олардың қабырғалары жұқа, шеттері ішіне қарай
бүгілген және кеуде кескіні аздап ішке карай тартылған болып келеді. Жалпақ
түпті керамика сықықтары да ұшырасты. Ыдыстардың жоғарғы жағы қарапайым
әдіспен орындалған геометриялық өрнектермен безендірілген. Құмыралар
жасалған балшыққа кейде кұм қосылған. Б. з. б. V мыңжылдықтың орта
шеніндегі өрнектерде тарақтәрізді штамп, бос жер қалдырылып түйретілетін,
ал композициясында ілінбелі үш бұрыш бар техника пайда болады. Бұл
белгілер ойықтылардың Оңтүстік Орал және Еділ-Жайық өзендері аралығындағы
неолит тұрғындарымен өзара іс-қимылын көрсетеді.
Тұрақтардың материалдары ойықты мәдениетін ұстанушылардың аң аулаумен
және жиын-терінмен айналасқанын дәлелдейді. Олар тұрмыста теріні, сүйек пен
ағашты өңдеуді кеңінен қолданған, ал теңіз тұздары мен қазып алынатын
моллюскалардан әсемдік заттар дайындаған.
Ойықтыларды көзбе аңшылар болған деп жорамалдау керек. Олардың тұрақтары
уақытша сипатта болған және Шығыс Каспий маңы өңірінде солтүстіктен
оңтүстікке карай 600 шақырымға созыла орналасады. Маңғыстау мен Үстірттің
табиғаты мен ландшафы алғашқы адам үшін жабайы андардың кезге көрініп
тұрған кәсіптік маңызына шешуші ықпал жасаған. Орта Азияның қос өзен
аралығындағы неолиттік тұрақтар туралы остеологиялық материалдар негізінде
дала және шөлейт аймақтарды бұқа, түйе, құлан, киік, дала қойы және
қарақүйрык мекендегені мәлім. Құлан, киік және қарақұйрық жақын кезге дейін
Маңғыстау мен Үстірттегі тұрақты ауланатын аң болып келді. Бұл жануарлар
күзгі-көктемгі кезендерде меридиан бағытында әлденеше жүздеген шақырымға
өріс аударып отырған. Тұяқтылар өрісінің шеткі нүктелері оңтүстікте
Красноводск, Қарабұғазкөл және Оңтүстік Үстірт, солтүстігінде Бозащы түбегі
мен Жем өзені деп саналады. Сірә, жабайы жануарлар үйірлерінің ізімен
неолиттік аңшылар да қоныс аударуға мәжбүр болса керек.
Маңғыстау тұрғындарының әлдебір бөлігінің маусымдық орын ауыстыруы мен
оның көршілерімен байланыстары ойықтылар мәдениетінің дамуына әсер еткен.
Б.з.б. V мыңжылдықта Маңғыстауда төлес мәдениетінің тұрақтары пайда болады.
Бекбөке үлгісіндегі Маңғыстау тұрақтары әзірше көп емес. Олар Орталық
Маңғыстаудың Сауысқан (Ұштаған-1) және Түйе-су (Семек-10) құмдарынан
табылды.
Төлес мәдениеті тұрақтарының материалдары аз болғанымен, өте ерекше.
Шақпақтас индустриясы, әсіресе Маңғыстау нұсқасында алғанда, өзінің шығуы
жағынан ойықты дәстүрлерімен тығыз байланысты. Төлес керамикасы оның
қалыптасу барысында алуан қырлы болғанын көрсетеді. Табылған ыдыстар мен
олардың сынықтарының негізгі көпшілігі бірыңғай, түрі мен ернектері
стандартты - ыдыстар жоғары пропорциялы, кескіні нашар, түбі оншажалпақемес
немесе жалпайтып иілген, қабыршақты және өрнектері түйрелген, тісті
қалыппен басылған қарапайым техникамен орындалған, өрнек көлденең салынған,
композициясы — шырша тәрізді. ЬІдысты жасайтын балшық үшін топырақ немесе
өсімдік қоспасы пайдаланылғанын атап еткен жен. Ыдыстардың қабығы қалың
және сыртқы беті боялған. Телес ыдыстары сияқты, ыдыстардың түрі Солтүстік
Каспий маңы өңіріндегі Тен-тексор тұрағын сипаттайды. Кара бояумен шаншып
өрнек салу техникасы-ның шығуы осы аймақпен байланысты. Телес өрнегінде
негізінен алғанда Орал-Орта Азия, солтүстік және шығыс Каспий неолитіне тән
геометриялық фигуралар жоқ. Орнектің геометриялық жай құрылымдары
мәдениеттің неғұрлым солтүстік шеңберін - Еділ бойы мен Оңтүстік Оралдың
орманды-даласының неолиті мен энеолитін және Еділ-Кама неолитін анықтайды.
Төлес мәдениеті белгілерінің аралас болуы негізінде оларды таратушы-
лардың шаруашылықты жүргізу ерекшеліктері жатыр. Ең алдымен б. з. б. V
мыңжылдықтың орта шенінде төлес мәдениеті ойықты мәдениетінің бір нұсқасы
ретінде бөлініп шықкан. Бұған тұрғындарды экономиканың белгілі бір саласын
иемденуге мамандандырған табиғи-климаттық өзгерістер әсер еткен. Тұрақты су
көздері жоқ Маңғыстау түбегінің ішкі кеңістігі мен Үстірт өңірі тек аң
аулаумен айналысуға ғана мүмкіндік берді, ал ауланатын жану-арлардың едәуір
бөлігінің аууы бұл аудандар халықтарының да көбірек қоныс аударуын талап
етті. Бүгінгі танда ашылған төлес мәдениетінің түрақ-тары құланның, киік
пен қарақұйрықтың маусымдық өрістеу бағыттарына сәйкес келеді. Бұлардың
кезбе аңшылар қосындарының жүрты болуы да мүмкін. Телестердің көшпелі
тұрмыс салтының өзі олардың мәдениетін қалыптастырған элементтердің осындай
алуан түрлі болуына әкеп соғуы ықтимал. Кезбе аңшылардың Арал-Каспий су
айрығы аралығында маусымға қарай орын ауыстыруы қола дәуірі малшыларының
маусымдық көшу жүйесін білдіреді.
Маңғыстауды мекендеушілердің басқа бір бөлігі Каспий теңізінің жаға-
лауында тұрған. Балық аулау кешіп-қонуды, үнемі көшіп отыруды талап еткен
жоқ. Тұрақтар үшін жағалау өңіріндегі сумен қамтамасыз етілген қол-айлы
орындар тандап алынған. Аң аулау қосымша сипатта болды. Балық-шылардың
отырықшы тұрмыс салты ұзақ уақыт тұратын тұрғын жайлар салуға жеткізді.
Жағалау халқының аз кешіп-қонуы мәдени дәстүрлердің тұрақтануына себепші
бодды.
Бұл факті облыс орталығы Ақтау қаласына жақын жерден табылған Қосқұдық-1
тұрағынан өте айқын аңғарылады. Ол қазіргі теңіз жағалауынан 1 шакырым
болатын теңіз жаркабағының жоғарғы шетіне орналасқан. Тұрақта қалыңдығы 35
сантиметрге дейін жететін мәдени қабат сақталған, онда тас қабырғаның -
қаңқалы-бағаналы үлгідегі үлкен құрылыс үлгісінің қалдықтары орналасқан.
Салыну тұрғысынан ол сопақша 16x14 м түрінде болған. Оның қабырғалары
жергілікті ұлутастан қаланған. Мәдениет қаб-атынан шақпақ және жай
тастардан жасалған кептеген бұйымдар, мәнер-леп жабыстырылған ыдыстардың
сынықтары, теңіз қабыршақтары мен со-лардан жасалған әшекейлердің сынықтары
табылды.
Қосқұдық-1 тұрағының индустриясында кеп жағынан ойықты мәдени-еті
құралдарының өте көне үлгілері - асимметриялық трапециялар мен үш бұрыштар,
орташа және ретушталған кескіштер, қырғыш ұштылардың көп мөлшері, шеті
мұқалған қыстырмалар, шағын қырғыштар, шеттері сындырылып ретушталған
сынықтастар мен қалақшалар сақталған. Бұйымдардың жаңа түрлері де пайда
болады. Бұлар - қашау тәрізді құралдар, ұсақ сигменттер және көп мөлшердегі
ұсақ бұрғылар. Табылған моншақтар мен олардың қабыршақты бейімделген
нұсқалары Қосқұдыө тұрғындарының қабыршақтардан жақ сияқты бұрғылардың
көмегімен әсемдік заттар дайындау әдісін меңгергендігін дәлелдейді. Олар
сол кезде-ақ жіп иіре білген, өйткені тастан жасалған ұршықбастар табылды.
Жебелердің ұштары, сақпан салу үшін әктастан дайындалған лақтырылатын
тастар мен ауды батырып тұратын тастар тұрақ тұрғындарының шаруашылық
бағытын көрсетеді.
Қосқұдықтұрағы керамикасының бір белігінде төменгі неолиттің әрнекті
техникасы мен композициясыкың элементтері бар ойықты дәстүрі сақталады.
Ауыр салмақты гүл тәжі, тарақ тәрізді өрнектері және қабыршақ ұнтақталып
қосылған жаңа үлгідегі ыдыстардың сынықтары ерекше көзге түседі. Мұндай
керамика Солтүстік Каспий маңындағы Еділ бойының Хвалын мәдениетінің
материалдарында ғана кездеседі. Бұл мәдениеттің ескерткіштері Маңғыстауда
да табылды. Олар шебір үлгісі болып бөлінген. Маңғыстау тайпаларының
тарихындағы жаңа кезеңге - энеолитке көшу солармен байланысты.
Халын крамикасының негізінде Қоскұдық тұрағының мерзімі б.з.б. V
мыңжылдықтың аяғы - IV мыңжылдықтың бірінші жартысы деп белгіленді.
Табылған бірқатар олжалар қосқұдықтардың кейбір нанымдары мен әдет-
ғұрыптары жайында айтуға мүмкіндік береді. Тұрғын жайға жақын жерден ересек
жастағы еркектің қабірі аршылды. Ол бүгілген күйінде сол жақ бүйірімен
саңылау тәрізді лақаты бар шағын дөңгелек шұңқырға жерленген. Шұңқырға тас
қаланып, ол алғашқы кезінде төмпешік сияқты болып тұрған. Жерленген адаммен
бірге көмілген зат табылған жоқ. Қабірінің топырағынан оның үй салу кезінде
адамды құрбандыққа шалуға байланысты ғұрыптық жерлеу екенің көрсететін
шақпақ тас бұйымдар кездестірілді.
Бүгінде Қоскұдық-1 тұрағының көмбесі Қазақстандағы ең ежелгі кабір болып
табылады.
Қосқұдық тұрағының тұрғындары су құдыретіне табынғанын растайтын
мәліметтер бар. Тұрақжанындағы жартастан сындырылған науа жүйесі, бес
метрлік жылан бейнесі және жаңбыр суын жинайтын шұңқыр табылды.
Ертіс өңіріндегі неолиттік заманға жататын олжалар елсіз Сатшықыз
ауылының теңірегінде Қызылсу өзенінің оң жағалауындағы жайылманың екінші
сатысынан, Семей облысындағы Белокаменск ауылынан 2—2,5 шақы-рым жерден
табыдды. Қазып алынған материал жиынтығы нуклеустерден, жебелердің
ұштарынан, қырғыштардан, пышақ сияқты қалакшалардан, микролиттерден және
өндіріс қалдықтарынан тұрады. Нуклеустер — призма түрінде сындырылған,
бейнесіз, көлемі шағын. Құралдардың кепшілігі жұмыс істелетін шеті сопақша
келген ұшты қырғыштар болып табылады. Кейбіреулерінде бүйір жағы
ретушталған. Қырғыштар ірі, кәлемді түрде де болып келеді. Жебелердің
ұштары екі жағынан қырланған, көлемі шағын. Жебе ұштарының бейімделген
нұсқалары да кездестірілді. Кейбір бұйымдар шеттері мұқалған, екі немесе
бір жағы қырланған және көлемі шағын қалақшалар болып келеді. Бұйымдардың
материалы — негізінен алғанда яшма, халцедон, опал.
Атбасар мәдениеті тұрақтар мейлінше шоғырланған жер — Ақмола облысының
Атбасар ауданы бойынша аталған. Оның таралған аумағы: дала-лық өңірдегі Есі
и өзенінің аңғары (Есіл даласы) мен қазақтың ұсақ шоқылы өңірінің солтүстік-
батыс белігі. Мәдениет б.з.б. VII мыңжылдықтың аяғы — VI мыңжылдықтың
басында Арал өңірінің немесе шығыс Каспий маңы өңірінің тұрғындары араласуы
жағдайында жергілікті мезолит тайпаларының материалдық негізінде қалыптасты
(кельтеминар және ойықты мәде-ниеті). 200-ге жуықтұрақ зерттеліп, олардың
20 шақтысы қазылды. Бұл кезеңнің ең жарқын ескерткіштері: Виноградовка-2
(жоғарғы қабат), Тель-ман-1, -10, Явленка селосының маңындағы, Қарлыға,
Боголюбово, Вино-градовка-10, -14, Жабай—Покровка-3 тұрақтары. Әдетте,
Атбасар мәдениеті тұрақтарының бәрі Солтүстік Қазақстанның аса маңызды су
жолдарының (Есіл, Шағалалы) ертедегі арналарының жағаларына (құрғақ
арналарға) орналасқан. Сақталып қалған іздерге қарағанда, тұрғын үйлер
жеңіл, жер бетіндегі сипатта болған. Бұлар көлемі 25 шаршы метрден аспайтын
дөңгелек және төрт бұрышты лашық түріндегі құрылыстар еді. Атбасар
тұрғындарының кешпелілігін ескерткіштердің топографиясы, индустрияның
сипаты, мәдени қабаттың нашарлығы, шаруашылықтың сипаты дәлелдейді.
Құралдар жиынтығы да бірегей. Ол қалақша қалыптардан жасалған бұйымдар
мен екі жағын өндеу әдісімен сынық тастардан дайындаған құралдардың
ұштасуымен сипатталады. Соңғылардың арасында жебелердің ұштары көп. Бұл
кезде ірі қырғыштар мен пышақтар, шой балғалар, балғалар пайда болады.
Соңғы екі үлгі шақпақ тас шикізатының алғашқы өнделгенін дәлелдейді.
Шақпақтастар табиғи шығарылатын жерлерде мамандандырылған шеберханалар
болып, шикізат алғашқы өндеуден өткізілген.
Тельман-1 тұрағында сол кездің өзінде-ақ жұмыр тастар мен нуклеустер одан
әрі өңделген; мұнда қыстырма еңбек құралдарын дайындауға жарамды қалақшалар
мен тас сынықтары түріндегі бейімделген нұсқалар алынған.
Керамика ыдыс көлемі 1—5 л шамасындағы жарты жұмыртқа түрінде болған. Оның
сырты тарақ тәрізді қалыппен безендірілген. Бірақ керамиканың қалдықтары
өте аз табылған. Остеологиялық қалдықтар да аз. Тек соңғы, ал кейде ортаңғы
неолит тұрақтарында ғана жылқының, ірі қараның сүйектері кездеседі. Сүйек
қалдықтарының тым аз ұшырасуы оларды жабайы немесе үй жануарларына сенімді
түрде жатқызуға мүмкіндік бермейді. Бірақ фауна өкілдерінің нақ осы
жиынтығы б.з.б. III мыңжылдықтың басында Солтүстік Қазақстанда өндіруші
шаруашылық элементтері қалыптасқан деуге мүмкіндік береді.
Біздің қолымызда сол кездің мәдениетімен байланысты бірде-бір жерлеу
ескерткіш осы уақытқа дейін жоқ. Бірақ кейбір тұрақтардың (Виногра-довка-
14, Тельман-10 және -14) шет жақтарынан терендігі 1 метрге жуық және
диаметрі 1,5 метрге дейін жететін шұңқырлар табылды. Олардың түбінде
кальцийге айналған қосындылары бар көмір қалдықтарының қалың қабаты жатыр.
Бұл өлгендерді өртеу ғұрпының осы шұңқырларда жасалған қалдығы болуы да
мүмкін. Оның үстіне кейініректе, қола ғасырында, бұл аумақта өлгендерді
өртеудің қалыптасқан дәстүрін кездестіреміз.
Бұл аумақгағы кейінгі Ботай мәдениетімен айқын байланыс осы кезге дейін
табылмай келеді. Жоғарыда аталғанындай, б. з. б. IV мыңжылдықтың аяғына
қарай калақша иңдустриясының тәмендеп, сынық тас индустриясының қалыптасуы
ғана байқалды.
Торғай ойпаңы ауданындағы шектес аумақта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар)
Палеолит дәуірі
Адамзат тарихының кезеңге бөлінуі
Қазақстан жеріндегі мыс-тас дәуірінің зерттелу тарихы
Неолит дәуірі жайында
Қазақстанның неолит дәуірі мәдениеттері
Қазақстан теорториясы алғашқы қауымдық құрлысы.
Мезолит және Неолит дәуірлері
Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Қазақстан жеріндегі тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі
Пәндер