Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдар аралығында әлеуметтік -экономикалық даму нәтижелерін талдау


Пән: Экономикалық география
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Оңтүстік Қазақстан облысының 2006-2008 жылдар аралығында әлеуметтік -экономикалық даму нәтижелерін талдау

Оңтүстік Қазақстан облысының ерекшеліктерінің бірі оны өндіріс құралдармен қамтамасыз ету бағытындағы, оның көп салаларының: ауыл шаруашылығымен, өнеркәсіптерімен, орман шаруашылығымен қарым-қатынасы, сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімін, орман шаруашылық өнімін, өнеркәсіп өнімдерін өңдеу, халықтың тұтынуын қамтамасыз ету және халықтың әлеуметтік жағдайын, құрылысты жандандырумен жақсарту.

Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында Жамбыл облысымен, солтүстігінде Жезқазган облысымен, батысында Қызылорда облысымен ал оңтүстігінде Өзбекстанмен шектесетін Қазақстанның ең ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының жер көлемі 117, 3 мың шаршы км құрайды. Халқының саны 2005 жылғы деректер бойынша 2205, 9 мың адам. Облыстың әкімшілік-территорилық құрылымына 4 қала, 11 ауылдық аудандар кіреді.

Халықтың облыс территориясында орналасу жиілігі 1 шаршы километрге 19, 0 адам. Бұл халықтың 65, 8 % экономикалық белсенді болып табылады.

Аймақтың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерін шешуде өндіргіш күшті орналастыру, негізгі фактор болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуға, өркендеуге, сонымен бірге өндіргіш күшті дамытуға мүмкіндік туғызатын қолайлы бірнеше объективті шарттары бар, олар:

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының ең ірі аймағының бірі;

Облыстың экономикасы индустриялды типке кіреді, өте үлкен, өндірістік-экономикалық кешені дамуда, 100-ден астам және жан-жақты дамыған салалары бар;

Аймақтың экономикасы халықтың қажеттігін қанағаттандыратын және өндірістік өнімдерді өндіруге, өңдеуге кажетті пайдалы қазбаларға өте бай;

фосфариттер мен темір рудаларының қоры бойынша облыс Республика көлемінде үшінші орында;

толық ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге табиғи-климаттық жағдайы өте қолайлы;

аймақтың жер қойнауында құрылыс материалдарын өңдеуге үлкен және көп потенциалдары бар.

Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп өндірісінің іс-әрекетін талдау нәтижесінде. мемлекетте және облыста қолданылып жатқан шаралардың (жаңа өнеркәсіптерді құру, өнімнің сапасын жоғарлатып, бәсекелі ету, жаңа өнімдер шығару, өндірісті кеңейту, импорттан экспорттың артуы, қолайлы инновационды-индустриалдық жағдайларды құру) нәтижесінде соңғы жылдары тұрақты дамуда.

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының дамуы барлық көрсеткіштер бойынша өсіммен сипатталды. Бұл бірінші кезекте мемлекет басшысы бекіткен 2030 жылға дейінгі еліміздің даму стратегиясы мен әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсатын қойган Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық дамуын айқындайды.

Өткен жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемінің 11, 8, %-ға, жалпы ауыл шаруашылығы өнімі 4, 3 %, негізгі қорға бағытталған инвестиция 35, 9 %, жүк айналымы 13, 6 %, бөлшек тауар айналымының 3, 9 % есімі орын алды. Облыста 142, 5 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2007 жылдың деңгейіне 11 1, 8 % құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 4, 8 % үлесін құрайтын таукен өндіру саласында 6, 8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 86, 5 %) өнімнің нақты көлем индекісі 116, 8 %, немесе өнім көлемі 23, 3 млрд теңгені құрады. өнеркәсіп өнімі көлемінің 8, 7 % құрайтын электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлу саласында өнім көлемі 12, 5 млрд теңгені құрады.

Сонымен бірге өңдеу өнеркәсібінде үлкен үлесін қосатын сала бұл мақта өңдеу өнеркәсібі. Бұл саланың өркендеуі Оңтүстік Қазақстан обылысында мақта кластерін дамытуды қолға алуда. Соңғы үш жылда Оңтүстік Қазақстан обылысында 7 мақта зауыты күрделі жөндеуден өткізіліп, қосымша төрт ауқымды зауыт салынды.

Ел экономикасының негізгі құрамдас бөлігінің бірі - ауыл шаруашылығы болып табылады.

Сурет 6 - Өнеркәсіп өндірісінің қызмет түрлері бойынша құрылымы, қорытындысына пайызбен

2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы дамуы барлық көрсеткіштер бойынша сипатталды. Бұл бірінші кезекте мемлекет басшысы бекіткен 2030 Жылға дейінгі еліміздің дамуы мен әлемнің бәсекеге қабілетті елу еліміздің қатарында кіру мақсатын қойған Қазақстан Республикасы үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты. Бұл жағдайда орталықтандыру орталықсыздандырудың тепе - теңдігі қажет. Ал аймақтық саясатын мәнін жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамудың басқару болып табылады. Өнеркәсіп өндірісінің жағдайы қандай? Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылға арналған экономикалық-әлеуметтік саясаттың негізігі бағыттары мен экономикалық көрсеткіштерінің болжамы туралы мәлімдемесінде былай делінген. 2006 жылы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру басталды, Оның негізгі басымдықтары агроөнеркәсіптік кешен салаларының өнімділігі мен кірістілігін өсіру негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық өнімнің ұлттық бәсекелесті артықшылықтарын дамыту болды.

2008 жылғы ауылшаруашылық өнімнің көлемі (қолданыстағы бағада) және 2007 жылмен салыстыргандағы нақты көлем индексі

Сурет 7 - 2008 жылғы ауылшаруашылық өнімнің көлемі

2008 жылы обылыс ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қолданыстағы бағада 90, 4 млрд теңгені құрады, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 3 % -ға артық.

Ел экономикасының негізгі құрамдас бөлігінің бірі ауыл шарушылығы болып табылады. Облыс бойынша жасырылған және формальді емес қызметті есептегенде негізгі қорға бағытталған 65, 1 млрд теңге инвестиция игерілді немесе 2006 жылдың деңгейіне 135, 9 % құрады. ҚР-ның ауыл шаруашылықты тұрақты дамытуды 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруды жоспарланды. Оның басымдықтары ауылшаруашылықты дамыту тұрақты дамытуды қамтамасыз ету болды.

2008 жылынегізгі қорға бағытталған инвестициялар және 2006 жылмен салыстырғанда өсімі (кемуі), пайызбен

Сурет 8 - 2008 жылғы негізгі қорға бағытталған инвестициялар

Тұрғын үй құрылысына 15, 4 млрд теңге инвестиция бағытталған, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 2, 8 есе артық. Сонымен ішкі жинақтың жоғарғы нормасы және өндірістегі инвестициялар секелік жайғасымга (позиция) және серпінді экономиканың өсуге жетудің негізгі жодарының бірі болып табылады. Екі ерекшелікті қатар атап өту қажет.

1) Инвестицияны кейбір уақытша кешеуілмен қайтарып береді;

2) Әлемнің көбінесе дамыған елдері үшін арналған инновация сатысында, секелік артықшылықты жоғарлатуда басты рольді инвестициялар масштабы емес, аздап капитал салуды талап ететін техникалық басқарылатын жаңартпашылдар атқарады. Облыста әлеуметтік саланы дамыту және жандандыру негізінде "Аға буын" бағдарламасы жүзеге асырылды, оның міндеті бойынша бюджеттен 86, 8 млн теңге бөлінді.

2008 жылы өнеркәсіп өнімнің көлемі және 2006 жылмен салыстырғанда, пайызбен

Сурет 9 - 2008 жылғы тұрғын үйлерді іске қосу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының мақсаты жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізуге, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға, еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, -оңалту шараларын одан әрі дамытуға бағытталған. Бұл бағдарламаны іске асыру мен толық жетілдіру негізінде «Оңтүстік Қазақстан облысында кедейшілік пен жұмыссыздыкты төмендету жөніндегі 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданған.

Облыс әлеуметтік-экономикалық саясаттың басым бағыттарына негізделген. Әлеуметтік сала объектілеріне әр кез ерекше назар аударылады. Біздің облыс халқы көп аймақ болып саналады, олардың басым бөлігі - ауыл тұрғындары.

Облыс көлемі соңғы үш жылда үш есеге дерлік ұлғайды. Мұның өз мекемелер қызметкерлерінің еңбекақысын уақытылы төлеуге, тамаққа дәрі-дәрмекке жұмсалатын шығындарды арттыруға, сонымен бірге мемлекеттік органдардың, білім, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласының материалдық - техникалық базаларын нығайтуға мүмкіндік береді.

Егер 2006 жылы денсаулық сактау саласының шығыстары 2, 8 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 2 есеге өсіп, 5, 7 млрд. аса теңгені құрады. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің ай сайынғы орташа еңбек жалақысы үш жыл көлемінде 68 пайыз жуық мөлшерде өсіп, 2006 жылы 8756 теңгені құрады, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 12320 теңге болды немесе 29 пайызға артты.

2006-2008 жылдары емдеу - прафилактикалық мекемелерінің жайларын күрделі жөндеуге, қазіргі заманғы құрал-жабдықтар мен санитарлық көліктер алуға мүмкіндік туды. Тек 2006 жылы облыстық бюджет қаржысының есебінен кұны 329, 0 млн. теңге тұратын бірегей медициналық құралдар сатып алынды. оның ішінде: қатерлі ісік ауруларын емдейтін гамма-сәуле терапиясының аппараты, ультра дыбысымен тексеру, рентген аппаратуралары, хирургиялық және гинекологиялық аппаратуралар. Сондай-ақ қалалық бюджет қаржысының есебінен құны 140 млн. теңгелік компьютер томографы сатып алынды. Соңғы 2 жылда санитарлық автомашиналар қатарына тағы 95 автомашина қосылды, оның 85-і бюджет қаржысы есебінен алынды. Бұл көліктің 95 пайызы ауылдық денсаулық сақтау мекемелеріне берілді. Елбасымыздың Жарлығымен 2002 жылдың Денсаулық жылы болып жариялануына байланысты 1996-1998 жылдардағы оңтайландыру кезеңінде негізсіз жабылып қалған фельдшерлі-амбулаториялық пунктерді қайта ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері жаңадан 7 денсаулық объектісі ашылды, 12 денсаулық сақтау объектісіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қаржысының 50 пайызға жуығы білім мекемелерін ұстауға жұмсалады. Егер 2007 жылы 6, 4 млрд. теңгені құраса, биыл ол 2 есеге немесе 13 млрд. теңгеге дейін өсіп отыр. Білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 1007 жылмен салыстырғанда 57 пайызға өсті. 2008 жылы жалақының көтерілуі есебінен айлық еңбекақы 11003 теңгені, оның ішінде мұғалімдердікі 13690 теңгені құрады.

Облыс экономикасындағы он ілгерушіліктер облыстық бюджеттің кірісі мен шығыс бөліктеріне де игі әсерін тигізіп отыр.

2008 жылы шағын және кәсіпкерлік субьектілерінің берілген несиені қайтаруы облыс бойынша 49% құрады.

2007 жылы шағын және орта бизнесті дамыту үшін аудандар мен қалаларға бюджеттен берілген несиелерді қайтару 135512 мың теңге соммасында жоспарланған болса, кәсіпкерлік субьектілерінен бюджетке түскен қаржы 52524 мың теңге ғана болды.

Облыстың мына аудандары мен қалаларында несие қарыздарының қайтарылуы 50% төмен орындалуына жол берілді:

Бәйдібек - 36, 4%, Мақтаарал - 46, 9 %

Ордабасы - 22, %, Созақ - 11, 4 %,

Отырар - 36, 1 %, Шардара - 20, 1 %,

Қазығұрт - 15, 5 %, Арыс - 44, 3 %,

Төлеби - 21, 4 %, Шымкент - 24, 8 %.

Барлығы 105805, 5 мың теңге түспеді. Облыс аймағында кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бөлінген несиелер жөнінде шаруашылық субьектілерінің мерзімі өткен қарыздары бар және ол 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 135736, 6 мың теңгені құрады. 2008 жылы мерзімі өткен қарыздар 24083, 3 мың теңгеге төмендеп, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 111651, 3 мың теңге болып отыр. Жалпы алғанда қарыздар мөлшерінің төмендегеніне қарамай облыстың жекелеген аудандарында бұл көрсеткіш жоғары күйінде қалып отыр, ал кей жерлерде тіпті артып кеткен.

Мемлекеттің берілген несиелерді қайтару жөніндегі шағым - талап қою жұмыстары тиісті дәрежеде жүргізілмейді, егер 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша сотқа 81574, 3 мың теңгенің талап арызы берілсе, 2006 жылы 77881, 4 мың теңгенің талап арызы берілген және 2006 жыл сот арқылы қайтарылған қаржы -28930, 9 мың теңгені, 2008 жылы - 48029, 2 мың теңгені құрады, ал Отырар ауданы мен Арыс қаласы бойынша 2003 жылы сотқа бірде бір іс өткізілмеген.

Облыс шығыстар бөлігі жоспардағы 41362, 0 млн. теңге болып орындады немесе 99, 2 % болды.

Әлеуметтік саланың басым бағыттары: білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт бойынша шығыстар орташа 99, 2 %-дан 99, 9 % аралығында орындалды.

Барлық аудандар мен қалалар бойынша бюджетті ұйым қызметкерлерінің еңбекақы төлемдері қамтамасыз етілді.

Алайда, жыл ішінде аудандар мен қала бюджетінің орындалу барысында бірқатар проблемалар да болды.

Ең алдымен, аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің меңгерушілері еңбекақы төлемін қамтамасыз етуді тұтастай облыстың қамқорлығындағы іс деп санауға дағдыланғандығын атап өту керек. 2007 жылы еңбекақыға қаржының жетіспеушілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің №41 Қаулысына сәйкес облыстық бюджет 6 рет нақтыланды және бюджет бағдарламалары бойынша шығыстар бірнеше рет азайтылып, аудандар мен қалалардың субвенциясын арттыруға бағытталған болатын. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдерінің меңгерушілері бұл жағдайды 2008 жылы да сақталады ден ойлаған болуы керек, еңбекақы қорына белгіленген шығыстар көлемін азайтып, оны басқа бағдарламаларға, негізінен даму бағдарламаларына бағытталған.

Облыста 2008 жылы «Білім беру» функционалды тобы бойынша нақтыланған жоспар 17180, 9 млн. теңгеге, немесе 99, 9 % орындалды, яғни қарастырылған қаржы толықтырылдай игерілді. Бұл жөнінде қаржыны игеру облыстың орташа көрсеткішінен төмен болған, Бәйдібек ауданында - 99, 6 %, Қазыгұрт ауданында - 99, 3 % орындалды.

Аудандар мен қалалар бойынша мектептердегі жиынтықтауға жасалған тауарлар көрсеткеніндей, сыныптарды толықтырудың облыс бойынша орташа көрсеткіші 2007 жылы 23, 0 оқушыны, ал 2008 жылы мектепке дейінгі дайындық топтарының есебінен 23, 4 оқушыны құраған.

Сайрам ауданында оқушылар саны 46-ға кемігенімен 2007 жылы оқу жылымен салыстырғанда сынып жиынтықтың саны 91-ге өскен, осындай жағдай Шардара ауданында да орын алып, оқушылар саны 292-ге кеміген, ал сынып жиынтықтар саны 9-ға өскен.

Толтырылуы төмен жағдайда қалыптасқан сынып - жиынтықтардың артуы қосымша қаржыны талап ететіні белгілі.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007 жылғы 4 қарашадағы №1168 Қаулысымен 5 жыл ішінде кезең - кезеңмен республикалық бюджеттен жыл сайын қарастырылатын мақсатты трансферттер қаржысы шегінде қосымша штаттық бірліктер енгізу жопарланып отыр. Алайда, бірқатар аудандар қаржы ресурстарының жоқтығына қарамай қосымша штаттар енгізіледі, мұның өзі жыл соңында еңбек ақы қорының жетіспеушілігіне әкеп соғуда. Мысалы, Бәйдібек ауданында 2008 жылы мектептерде қосалқы қызметкерлердің бірлігі көбейтілсе, ал Сарыағаш жоспарсыз саз мектебі ашылған.

Облыстың денсаулық сақтау саласы бойынша қарастырылған шығыстарының орындалуы 7297, 2 млн. теңгені құрады, немесе бұл нақтыланған жоспардың 99, 4 %.

2008 жылдан бастап денсаулық саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. 2007 жылы облыс бойынша басым бағыттарға 1601 млн. теңге қарастырылған болса, тегін медициналық көмек көрсетудің кепілі көлемі біздің облыста 6314, 4 млн. теңгеге жеткізілді. Облыстық маслихаттың шешімімен аудандар мен қалаларға да тегін медициналық көмек көрсетудің кепілді көлемі жөніндегі шығыстардың ең төменгі мөлшері белгіленді «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен облыстық маслихаттың шешімін бұза отырып, Қазығұрт, Сайрам және Мақтаарал аудандары бюджетте бұл жөніндегі шығыстарды төменгі мөлшерден де азайтып бекіткен.

2008 жыл шығыстарының орындалуына жүргізілген талдаулар көрсеткендей, кепілдік берілген көлем Қазығұрт ауданы бойынша 13, 8 млн. теңгеге, Шардара ауданы бойынша 9, 3 млн. теңгеге, Бәйдібек ауданында 7, 0 млн. теңгеге кемітілген.

2007 жылдың басында тегін медициналық көмек көрсетудің кепілдік
берілген көлемінің шығындарын өндіру ережесіне өзгерістер енгізіліп,
шығындарды өндіру тізбесінен күрделі сипаттағы шығындар, атап айтқанда,
күрделі жөндеу мен негізгі құрал-жабдықтарды сатып алу шығыстары
алынып тасталған болатын. Алайда, жекеленген аудандарда ереже тәртібін
бұза отырып, жоғарыдағы мақсатқа қаржы бағыттау факультеті анықталды.
Мысалы, Төлеби ауданында 0, 6 млн. теңгеге, Сайрам ауданында 1, 2 млн.
теңгеге, Сарыағаш ауданында 1, 5 млн. теңгеге құрал-жабдықтар сатып
алынған.

Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек жөніндегі шығыстар 2007 жылы 5024, 1 млн. теңгені құрап, 99, 2% орындалды, бұл шығыстарда арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлемдері негізгі үлес салмақты алады және ол толық көлемде әрі уақытылы төленіп тұрады.

2008 жылы тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек төлемдерін
уақытылы төлеуді қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі болды.

Егер 2007 жыл қорытындысында Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының бұл жөнінде несие қарыздары болса, 2008 жылы облыстың барлық аудандары қалалары тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің толық дәрежеде төленуін қамтамасыз етті. Алайда бір атап өтетін жағдай, ол бірқатар аудандар атаулы әлеуметтік көмек төлемдерінің жағдайына талдау жасамай, оған қарастырылған қаржыны азайтқан және жылдың екінші жартысында кредиторлық қарызына жол бермеу үшін бұл шығыстарды қайтадан арттыруға мәжбүр болған. Мысалы, Бәйдібек ауданында атаулы әлеуметтік көмекке қарастырылған қаржы 5, 4 млн. теңгеге азайтылып, кейіннен 2 млн. теңгеге көбейтілген. Осындай жағдай Сарыағаш ауданымен Шымкент қаласында да орын алған.

Қазіргі таңда біздің облыстың әлеуметтік экономикалық даму жағдайында оң өзгерістер болуда, шағын және орта кәсіпкерлік дамып келеді, жаңа жұмыс орындары ашылуда, ұзақ уақыт бойы тоқтап тұрған кейбір ірі өнеркәсіп обьектілері қайтадан іске қосылып жатыр, жұмыссыздарды жұмыска орналастыру жөнінде көмек мемлекет тарапынан берілуде. 2008 жылы облыстың 41 кәсіпорындарында 3271 жұмыс орны ашылды.

Мұның бәрі де өз нәтижелерін бере бастады, облыс бойынша жәрдемақы алушылар саны 43952 адамға және жәрдемақы төлеу мөлшері 184, 4 млн. теңгеге кеміді. Кентау қаласында басқа барлық аудандар мен қалаларда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлем жасау төмендеді.

Алайда, 2007 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны азайғанымен әр адамға шаққанда жәрдемақы төлемінің көлемі артты. Мысалы, облыс бойынша орта есеппен жәрдемақы төлемдері 8% өссе, ал Ордабасы ауданында - 98%, Отырар ауданында екі есеге, Қазығұрт ауданында 63%, Созақ және Түлкібас аудандарында 35% өсті. Сарыағаш ауданында, Арыс және Шымкент қалаларында тағайындалған әлеуметтік көмектің орташа мөлшері қысқарды.

Осыған орай 2008 жылы қаржы органдары тиісті органдармен бірлесе отырып, жоғарыдағы проблеманы шешу жөнінде жұмыстар жүргізу қажет. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мониторингін жүргізу, учаскілік комиссиялардың жұмысына бақылауды күшейту, яғни атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың дұрыстығын дер кезінде тексеріп отыруы тиіс.

2008 жылы квотамен келген оралмандар отбасына тұрған үй алу үшін аудандар мен қалаларға 234 млн. теңге мақсатты трансферттер бөлінді. Бұл қаржы аудандар мен қалаларға 2008 жылы маусымда аударылды. Алайда, тендер өткізу, әлеуметті жеткізіп берушілерді тарту жөніндегі жұмыстардың тиісті дәрежеде ұйымдастырылмауынан бұл қаржы 5-ай бойы игерілмеді. Оралмандарға тұрғын үй алу трансферті Шардара, Қазығұрт аудандары мен Шымкент қаласында толықтай игерілген жоқ.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерде 69256, 7 мың теңге дебиторлық қарыздар Мақтаарал ауданында 18024 мың теңгені құрайды, немесе бұл тұтастай облыс бойынша жинақталған қарыздың 26 %-ы, Сарыағаш ауданында 2466 мың теңге, немесе облыс бойынша жинақталған қарыздың 3, 5 %-ы, Шымкент қаласында 333 мың теңгені құрайды, немесе бұл облыс бойынша қарыздың 10, 6 %-ы.

Түркістан қаласында 5344 мың теңге және Қазығұрт ауданында қ азынашылық органында тіркелген, міндеттемеден тыс несие қарыздары жинақталған. Бұл бюджет жүйесі заңының талабын өрескел бұзу деген сөз.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша Сайрам ауданының қаржы бөлімі тиісті органдар арқылы лауазым иелеріне айыппұл салу жөнінде ұсыныс жасауы керек.

2008 жылы департамент аппараты мен аудандық және қалалық қаржы бөлімдері мамандарының тарапынан облыстың 940 мекемесі мен кәсіпорындарына тексерулер жүргізілді. Оның ішінде жоспар бойынша 760 обьекті тексеріліп, оның 663-інде жалпы сомасы 129169, 3 мың теңгенің қаржы тәртібін бұзу фактілері анықталды, оның 5592, 2 мың теңгесі ақша қаражаты мен тауар материалдық құндылықтарының жетіспеушілігі, 58568, 1 мың теңгесі заңсыз шығыстар және 65008, 9 мың теңгесі бюджет заңдылықтарына сәйкес келмейтін шығыстар.

Мұнан басқа 4090, 4 мың теңге бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалғандығы анықталып, оның 3442, 2 мың теңгесі өндіріліп алынды.

2008 жылы құқық қорғау органдарына 41107, 5 мың теңге шығын келтірушіліктің 67 материалы өткізілсе, 2007 жылы 14208, 4 мың теңге шығын келтірушіліктің 40 материалы өткізілген болатын.

2008 жылы бір қызметкер, яғни облыстың бір бақылаушы-тексерушісі орта есеппен 14 тексерулер мен тексерістер жүргізіп 1987, 2 мың теңгенің шығын келтірушілігін анықтаған, оның 34, 2 % немесе 679, 7 мың теңгесі өндіріп алынған. Ал 2007 жылы облыстың бір бақылаушы-тексерушісі орта есеппен 13 тексерулер мен тексерістер жүргізіп, 703, 9 мың теңгенің шығын келтірушілігін анықтаған, оның 49, 2 % немесе 346, 2 мың теңгесі өндіріп алынған.

Бұл дегеніміз шығындарды өндіру жөніндегі көрсеткіштің облыс бойынша төмен болып отырғандығын көрсетеді.

Бақылау және тексеру материалдарына жасалған талдаулар бақылау жұмыстарының маңызына жете мән берілмей отырғандығын көрсетеді, бұған жоғарыда көрсетілген бақылау тексеру жұмыстарының төмен көрсеткіштері, сондай-ақ коммуналдық меншікке қарайтын тұрғын үй емес жайларды жалға беру заңдылығын тексеру жөніндегі облыс әкімі тапсырысының орындалу нәтижелері, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы бақылау басқармасының бюджетті қалыптастыру мен орындалуына жүргізген ішкі бақылау жұмыстарының материалдары дәлел бола алады. Аудандық қаржы бөлімдері тарапынан тұрғын үй емес жайларды жалға беру жөнінен 97 обьектіге тексеру жүргізіп, оның екеуінде болмашы тәртіп бұзушылықты анықтаған. 2008 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылай келе және орын алған кемшіліктерді мұқият талдай отырып, 2004 жылы алға мынадай міндеттер қойылып отыр:

Біріншіден, бюджеттің кіріс бөлігінің болжамды жопарларын және еңбекақы, барлық әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ облысымыздың әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету болса;

Екіншіден, бюджет бағдарламаларының бекітілген паспортқа сәйкес және қаржы процедурасының ережесін сақтай отырып жүзеге асырылуына бақылауды күшейту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы
Ауыл шаруашылығы саласы
Аймақтың инвестициялық тартымдылығын бағалау мен мемлекеттік реттеу
Тұрғын үй құрылысы кешенін қалыптастыру және дамыту жолдары
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Мотивацияның мазмұнды теориялары
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру
Көкшетау қаласында орналасқан РИСК-Бизнес ЖШС
Экономикалық аймақтың түсінігін әр түрлі көзқарастардан талдау және қорытындылау экономикалық аймақты ұлттық экономикалық кеңістіктің бөлігі ретінде анықтау
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары ( Оңтүстік Қазақстан облысының мәліметтері негізінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz