Оқушылар мінездемелері мен сынып сипаттамасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мінездеме

Аяулым 2012 ж 1 қыркүйекте мектепке қабылданды. Мектепке дейінгі мекемеде болған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады.

Өзіне - өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Оқу материалын қабылдауы жоғары. Зейіні тұрақты, ойлау қабілеті жоғары. Мінезі ашық, көңіл - күйі тұрақты. Темпераменті сангвиник - флегматик. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, қарым- қатынасы жақсы, кішіпейіл. Сыныптан тыс шараларға белсене қатысады.

Оқу бағдарламасы бойынша өткен тақырыптарды толық меңгерген. Пәндерге қызығушылығы жоғары. Қай пәннен де тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Математикадан сандарды оқып, қосып және азайтып алады. Мазмұнды есептер мен логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау, анализ жасау қабілеттері өте жақсы дамыған.

Сауат ашудан барлық әріптерді толық меңгерген. Сөздермен мен сөйлемдерді тұтас жүргізіп оқиды. Мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алады. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Зейіні тұрақты. Негізгі қолы оңқай.

Мінездеме

А. Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінің 9 «э» сынып оқушысы Ақтанбаев Эльдар Манарбекұлы. Туған күні: 01. 11. 1992. Мекен жайы: Бажова Лен 345/1-45 үй. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп формасы өзінің денесіне сай келеді, жарасымды көз тартарлық. Оқу жұмысына деген белсенділігі де жоғары. Барлық сабақты ұнатады. Биология сабағын қатты сүйіп оқиды. Үй жұмысын жүйелі түрде орындап келіп отырады. Сабақ үстінде бар назары мұғалімде болып, сұрақтарына жауап беріп, үнемі тақтаға шығып сабақ айтып, есеп шығарып отырады. Сабақты себепсіз босатпайды. Оқу үлгерімі бойынша - екпінді. Эльдар барлық сабақты жақсы оқиды. Тек математика сабағынан қиналады. Соның өзінде сабаққа белсене қатысып, түсінбегенін мұғалімнен сұрап, тақтаға шықпай ақ өз орнында есептерді шығарып, өз бетімен де жұмыс жасайды.

Оқушыларды бастап, ұйымдастыра алу қабілеті бар. Әр сабақты зейін қойып тыңдап отырады. Есі: бейнелік, сөздік логикалық, эмоционалдық, қозғалыстық; өнімділік сипаттамасы: есте сақтау ұзақтығы орташа. Ойлау - ойлау операцияларының ерекшелігі - абстрактілі, жетекші түрі - сөздік логикалық, ерекшелігі - аналитикалық, дербестік. Оқушының ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады, сынып белсенділерінің бірі. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қиялы - ырықты. Эльдар сангвинникке көп ұқсайды, тез қозғалады, қимылдары шапшаң, барлық әсерге эмоцияналды баяу жауап береді, оның сезімдері оның сыртқы қылықтарынан көрінеді, ашулануы сирек.

Мінезі салмақты, сабырлы, бірақ кейде сабырсыз болып кететін кездері болады, адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні силай алады.

Эльдардың байқағыштық қасиеті жақсы дамыған. Тақтада есеп шығарып тұрған баланың қателерін үнемі түзеп отырады. Өз күшіне, жеңіп шығатынына, барлығы жақсы болады дегенге қатты сенеді. Осы принцптерді ұстанып әрбір жарысқа, олимпиадаға қатысады. Сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да өзін байсалды, жинақы, салмақты ұстайды. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қалықтарды көрсетпейді. Эльдар мұғалімдермен, оқушылармен, басқа сынып оқушыларымен, достарының барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Әрқайсысының сырын таба біледі, тез тіл табысып кетеді.

Эльдар кез-келген жерде, кез-келген уақытта өзінің тек жақсы жағынан ғана көрінеді.

Мінездеме

Оқушыға мінездеме Венера, осы мектепте 1 - сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық, жүрегі кең - пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс - шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Венера әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата - анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі. Сынып жетекшісі: Д. С. Кусаинова Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім беретін мектебінің ** «ғ» сынып оқушысы

Мінездеме

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темперамент типтері мен оқушылар мінез-құлқының психологиялық сипаттамасы және диагностикасы
Жалпылай қызмет көрсету жүйелерінің жұмысы мен мінездемелері
Баланың тұлғалық дамуына оқушылар ұжымының рөлі және сынып ұжымын қалыптастыру
Орталықтан тепкіш сорғыштардың жұмыс мінездемелері мен байқау әдістері
Бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру әдістері
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы: оқушылар ұжымын ұйымдастыру және өзін-өзі басқаруды дамыту
Оқушылар мен ата-аналардың педагогикалық әрекеттестігі технологиясы: сынып жетекшісінің формалары, әдістері және ұйымдастыру талаптары
Жартылай өткізгіш диодтар: құрылымы, түрлері және вольт-амперлік мінездемелері
Автоматика элементтерінің негізгі параметрлері мен өлшеуіш түрлендіргіштердің статикалық және динамикалық мінездемелері
Қонақ үй қызметтерінің түрлері мен негізгі мінездемелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz