Ботаникаға кіріспе. Жасуша теориясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ҚММУ Ф 4/3-05/03

2007 ж. 14 маусымдағы №6 НХ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

0300210

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып 1: Ботаникаға кіріспе. Жасуша теориясы. Өсімдік жасушасының құрылысы. Өсімдік жасушасының протопласты. Мембрана арқылы тасымалдау. Белсенсіз, Белсенді тасымалдау. Эндоцитоз, экзоцитоз.

Пән: Ботаника

Мамандығы: 5В011300 «Биология»

Курс: 1

Құрастырушылар:

Дюсенбекова Б. Н.

Қалиева Г. Т.

ҚАРАҒАНДЫ 2014

Кафедра отырысында талқыланып және бекітілді.

Хаттама № _«__» 2014

Кафедра меңгерушісі Б. Ж. Құлтанов

Тақырып 1: Ботаникаға кіріспе. Жасуша теориясы. Өсімдік жасушасының құрылысы. Өсімдік жасушасының протопласты. Мембрана арқылы тасымалдау. Белсенсіз, Белсенді тасымалдау. Эндоцитоз, экзоцитоз.

Мақсаты: студенттерге өсімдіктердің анатомиясын, морфологиясын және физиологиясын, жүйеленуін, дәрілік өсімдіктерді үйрету. Өсімдік жасушасының құрылысын және плазматикалық мембрана арқылы тасымалдаудың түрлерін оқыту.

Оқыту мақсаты:

1. Өсімдік жасушасының протопластын оқыту.

2. Белсенді және белсенсіз тасымалдау түрлерін оқыту.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жасушалық құрылымның типтері.

2. Өсімдік жасушасының протопластына сипаттама.

3. Өсімдік жасушасының циклозы.

4. Белсенсіз тасымалдаудың түрлері.

5. Белсенді тасымалдау (натрий-калий насосы) .

6. Эндоцитоздың түрлері.

7. Экзоцитоздың маңызы.

Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.

Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Ә. Ә. Әметов Ботаника. / Жоғары медицина және колледждеріне арналған оқулық/ Алматы: Дәуір, 2005-512 б.

Қосымша:

1. Уғлиханова Г. Ж. Өсімдік биотехнологиясы: оқулық - 2-ші толықт. Бас. - Алматы: Дғуір, 2009. - 336 с. Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация) . 2-е изд., испр. - СПб. :СпецЛит, СПХФА, 2003. -647с.

2. Яковлев Г. П., Челомбитько В. А. ; Под ред. Камелина Р. В. . Ботаника:Учебник для вузов (по спец. 0405 Фармация) . 2-е изд., испр. - СПб. :СпецЛит, СПХФА, 2003. -647с.

3. Кислицкая В. Н. : Высшие растения: Учеб. - метод. пос/КГМА. -Караганда, 2007. - 56 с.

4. Закревский В. В. : Генетически модифицированные источники пищи растительного происхождения: прак. Руков. По санитарно-эпид. Надзору: учеб. пособие. - СПб: Диалект, 2006. - 152 с.

5. Закревский В. В. : Развитие фитохимии и перспективы создания новых лекарственных препаратов. - Алматы: Ғылым. - 2004

6. Кузнецов В. В., Кузнецов В. В., Романов Г. А. : Молекулярно-генетические и биохимические методы в современной биологии растений. - БИНОМ. Лаборатория знаний, 2012. - 487 с.

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңінде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіндерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотель мен оның шәкірті және жақын досы Теофраст болған. Олар өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттері, егудің тәсілдері, көбею жолдары және шаруашылықта қолданылуы, географиялық таралуы жөніндегі мәліметтерді жинақтап кітап етіп жарыққа шығарылған, олардың қатарына Еуропаның өсімдіктерінен басқа Шығыс елдерінен алып келген өсімдіктерде кірген.

Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан - жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін, өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себептерін және классификациясын, шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылым зерттейтін проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларынан қоршаған ортаны және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе «Қызыл Кітапқа» енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.

Ботаника агрономия, топырақтану, орман шаруашылығы, геология, химия, зоология, өсімдіктердің физиологиясы, өсімдіктердің биохимиясы және биологиялық математика (биометрия) секілді ғылымдармен тығыз байланысты.

Ботаника жалпы биология ғылымының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады. Ол өз кезегінде бірқатар жекелеген ғылымдарға бөлінеді. Олардың міндеттеріне өсімдіктер мен өсімдіктер жабынының құрылысының және тіршілік жағдайының әртүрлі заңдылықтарын зерттеу жатады. Өсімдіктердің морфологиясы - ботаниканың ең үлкен және ең ерте қалыптасқан бөлімдерінің бірі. Бұл өсімдіктердің және олардың жекелеген мүшелерінің пайда болып қалыптасуының және әртүрлі тіршілік формаларының дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Органография - өсімдіктердің мүшелерінің, яғни тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің, жемісінің және т. б. мүшелерінің пайда болуын, дамуын және құрылысын зерттейді. Палинология - тозаңдар мен споралардың морфологиясын зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Иммунологиялық кезең
Половцовтың әдістемелік еңбектері
Эволюциялык идеялар
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы
Тауар – ақша қатынасы жағдайында табиғатты пайдалану
Ботаниканың қайта өркендеу дәуірі
Г. А. Тихов Қазақстанда және оның астроботаникасы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Экологияның даму тарихы мен кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz