Моңғол жорықтары



МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Моңғол жорықтары 4
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы. 7
3. Отырар апаты 9
4. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда. 10
5. Қалалардың қирауы. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. 11
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер 14
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді.
Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың–моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .
Мақсаты. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. 1998-206 бет.
2. Аманжолов К. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1—2-т. Алматы. 2002.
3. Аманжолов К.Р., Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы. Алматы, 1999 ж -207 бет.
4. Жақыпов Е.Қ. Шыңғысхан жөне ол қүрған империяны жаулап алу жорықтары. (ХІІ-ХІП ғасырдың біріншіжартысы). Автореферат. Алматы. 2002-25 бет.
5.Ю.Қадырғали Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы., "Қазақстан" 1997 ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Моңғол жорықтары 4
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы. 7
3. Отырар апаты 9
4. Батыйдың (Бату) Европаға шабуылы . Алтын Орда. 10
5. Қалалардың қирауы. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. 11
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер 14

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс - құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан - байтақ жерін иеленген еді.
Моңғол тайпалары әлеуметтік - экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.
ХІІ - ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей - бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайында негізгі қарсыластарының барлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді.
Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық - саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың - моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып, онда ол Шыңғыс-хан деген атпен моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша көктен жаралған деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күшті Шыңғыс-хан империясы құрылды .
Мақсаты. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 - 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да орманхалықтарын бағындырды. 1207 - 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си - Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды.

1. Моңғол жорықтары

Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
Қазақстан және Орта Азия(1213 жылға дейін).PNG
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек -- 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219 -- 1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
Монғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Қауқазға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219 -- 1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай монғол атының тұяғы тиетін жер, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына -- Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашғар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.
Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Монғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі -- Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан -- Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында монғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монголдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді монгол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.
Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Монголия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді. Дешті-Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған монголдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы -- Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші -- қыпшақтар.
Алтын Орда өзін билеген хандары -- Бату хан 1241 -- 1256; Берке − 1257 -- 1266; Мөңке-Темір -- 1266 -- 1280; Төде-Мөңке -- 1280 -- 1287; Төле-Бұқа − 1287 -- 1291 жж, Тоқа -- 1291 -- 1312 жж; Өзбек хан -- 1312 -- 1342; Жәнібек хан -- 1343 -- 1357 жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату хан Монголиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада -- оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.
Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың монгол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Монголдар көтерілісті басып тастады. 1240 -- 1241 жж, 1270 ж. [[Кама булғарлары көтерілді. Бұл Алтын Орданы әлсіретті. 1250 ж. Ұлы Новгородта, 1262 ж. Ростовта, Суздальда]], Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды.
1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.
1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.
Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары монголдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.
Монғол шапқыншылығы кезінде монголдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін монголдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. Монголдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. Монгол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы алтын ру (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.
Қазақстан жеріне монголдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын Ұлы жасақ енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.
2. Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы.
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз - ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық - зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге Отырар опаты деп аталатын жағдай себеп болды.
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.
1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ - кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.
Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа - Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа - Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Сөйтіп, Отырар қамалын жермен - жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.
Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір темір және оның мемлекеті
Қазақстан моңғол дәуіріндегі мәліметтер
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
Әмір Темір жорықтары
Анадолы Селжұқ мемлекеті (468-718 1075-1318)
Монғол мемлекетінің құрылу тарихы
ХІҮ – ХҮ ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Тұғырыл хан мен Темучинның тайшуыттарға қарсы жорығы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Әмір Темір құрған мемлекет
Пәндер