Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамдар және олардың қоғамдағы маңызы, ерекшеліктері



КІРІСПЕ

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Акционерлік қоғамның түсінігі

1.2 Акционерлік қоғамдар институтының қалыптасуының тарихи
аспектілері

2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫ БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Акционерлік қоғам органдарының құқықтық мәртебесі

2.2 Қоғамның жоғарғы органы ретінде акционерлердің жалпы
жиналысының құзыреті

2.3 Қоғамның директорлар кеңесінің құқықтық жағдайы

2.4 Акционерлік қоғамда атқарушы органның орны
ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


ҚОСЫМША
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта акционерлік қоғамдарға қатысты мәселелер өзекті болып отыр деп айтуға болады. Себебі біздің қоғамда заңды тұлғалардың жартысы дерлік құрылу тәртібіне қарай акционерлік қоғамдар болып келеді. Бұлардың жартысы мемлекеттің тапсырмасымен, көбінде еншілес ұйымдар ретінде құрылған. Мысалы, бірнеше дербес структураны біріктіретін холдингтер. Ал кейбір акционерлік қоғамдар бірнеше жеке тұлғалардың дербес капиталдарының жиынтығынан құралады. Көп акционерлік қоғамдардың құрылтайшылырының бірі болып шетелдік элементтер табылады. Мысалы, шетелдік корпорациялар, компаниялар, фирмалар, банктер, фондтар.
Құрылу формасына қарай акционерлік қоғам ретінде құрылған мекемелелрдің, кәсіпорындардың тағы бір тиімді жерлерінің бірі ол бір компанияны құру үшін бірнеше бір-бірінен тәуелсіз тұлғаларды қатыстыру мүмкіндігі, оның ішінде мүмкіндігіне қарай кәсіпкерлік қызметпен айналыса алмайтын жеке тұлғаларды қатыстыру. Акционерлік қоғам түріндегі құрылған заңды тұлғалардың қатысушыларның әлеуметік және жеке мүдделерін сақтай отырып қоғамның мүмкіншіліктері мен қаражаттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта акционерлік қоғамдар түрінде мекемелер, кәсіпорындар құру ең тиімді, әрі мекемелерді құрудың негізгі түрі болып табылады.
Жеке меншіктің басқа түрлеріне қарағанда акционерлік қоғамның мынандай ерекшеліктері бар:
1. Қоғам жарғылық капиталды толықтыру және қызмет ету аясын үлкейту үшін акционерлердің жеке капиталдарын тартуға, бұл капитал қоғам толығымен таратылған жағдайды ескермесек қайтарылуға жатпайды.
2.Қоғамның жалпы басқарылуы нақты бір басқару формасынан бөлектелген, яғни бұл лайықты бір басқарушыны немесе директорды жалдауға немесе тағайындауға мүмкіндік береді, бұндай шара қолдану акционерлердің бақарушы персоналды таңдау жұмысына мұқияттылықпен қарауға мәжбүр етеді, себебі егер акционерлік қоғам білікті маман басқара алмау салдарынан банкроттыққа ұшыраса акционерлер бұл үшін өз мүліктерімен жауап береді.
1. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жыл 13 мамыр № 415 Заңы
2. ҚР Азаматтық Кодекс 1994 жыл 27 желтоқсан №269- ХІІ
3. «Гражданский кодекс РК» (общая часть) Коментарий. Книга 1 под редакцией М. К. Сулейменова, Ю.Г. Басина, Алматы, Жеті Жарғы 1998 год
4. ҚР «Бағалы қағаздар рыноғы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Заңы
5. Заң журналы 1998 жыл № 11, 27 бет
6. «Предпринемательство в РК» сборник нормативных актов, Алматы, Юрист 2000 год
7. Ғ. Төлеуғлиев «ҚР Азаматтық құқықғы» 1-том Алматы, Жеті Жарғы 2001 жыл 91 бет
8. Крапивин О.М., Власов В.И. Коментарии к закону «об АО» М., 1998 год 9. Суворов Н.С. Об юридических лицах по римскому праву. -М.:“Статут”, 2000.С.205.
10. Функ Я.И., Михальченко В.А., Хвалей В.В. Акционерное общество: история и теория.-Минск: “Амалфея”, 1999. С.242.
11. Суворов Н.С. Жоғарыдағы еңбегі. С.206.
12. Тарасов И.Т. Учение об акционерных обществах. -М.:“Статут”, 2000. С.83.
13. Суворов Н.С.Жоғарыдағы еңбегі. С.198.
14. Грешников И.П. -Ч.1: Юридическое лицо в праве и законодательстве.-А.: Издательство “LEM”, 2001.С.11.
15. Петровичева Ю.В. Правовое положение компании по английскому праву. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. -М., 2001. с.9.
16. Кулагин М.И. Государственно-монополистический капитализм и юридическое лицо. Избранные труды.-М.:“Статут”, 1997. с.48,49
17. Долинская В.В. Акционерное право: Учебник / Отв. Ред А.Ю. Кабалкин. –М.: Юрид. Лит., 1997.
18. Мукашева К.В. Юридические лица / В кн. Актуальные вопросы коммерческого законодательства в Республике Казахстан и практика его применения. Т.1. –А.: “Әділет Пресс”, 1996.
19. Гражданское право. Учебник для вузов. Часть первая / Под общей ред. Т.И. Илларионовой, Б.М. Гонгало, В.А. Плетнева. – М.: Издательская группа “НОРМА-ИНФРА-М”, 1998.
20. Сыроедова О.Н. Акционерное право США и России. –М.: “СПРАК”, 1996.
21. Кашанина Т.В. Корпоративное право. –М.: “НОРМА-ИНФРА М”, 1999.
22. Долинская В.В. Жоғарыдағы еңбегі.
23. Шакиров Ф.К. Актуальные проблемы защиты прав акционеров по законодательству Республики Казахстан. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. –А., 2001. С.36
24. Макаров Д.А. Управление акционерными обществами. Диссертация на соискание ученой степени кандидата юридических наук. –М., 2002. С.58
25. Могилевский С.Д. Органы управления хозяйственными обществами. –М.: “Дело”, 2001. С.21
26. Львов Ю.А., Русинов В.М., Саулин А.Д., Страхова О.А. Управление акционерным обществом в России. –М.: ОАО “Типография “НОВОСТИ”, 2000. С.321
27. «Все об АО» Справочник. Под общей ред. В.В. Карпова, Экономика и финансы М., 1996г
28. Тарасов И.Т. «Учение об акционерных компаниях» М., 2000 год с. 120
29. «Sky Lınk» компаниясының Жарғысы, 2006 жыл 12 қараша № 159
30. Плахин А.А., «Управление в акционерном обществе Российское законодательство и зарубежная практика». Законодательство - 1997. - №3.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
ьбФ-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаңабала М.

Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамдар және олардың қоғамдағы
маңызы, ерекшеліктері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В030100- Құқықтану

Түркістан 2014 ж
Ф-ОБ-001033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қорғауға жіберілді
Азаматтық құқық және
іс
жүргізу кафедрасының
меңгерушісі м.а., аға оқытушы
____________ Қ.А.
Тұрлыбеков

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамдар және олардың
қоғамдағы маңызы, ерекшеліктері

5В030100 - мамандығы бойынша- Құқықтану

Орындаған Жаңабала М.
ЗҚТ-111о
Ғылыми жетекшісі
Магистр оқытушы Омар Б.

Түркістан 2014 ж

Мазмұны

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Акционерлік қоғамның
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 6

1.2 Акционерлік қоғамдар институтының қалыптасуының тарихи

аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫ БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Акционерлік қоғам органдарының құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..18

2.2 Қоғамның жоғарғы органы ретінде акционерлердің жалпы
жиналысының
құзыреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...29

2.3 Қоғамның директорлар кеңесінің құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

2.4 Акционерлік қоғамда атқарушы органның
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...66

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі уақытта акционерлік қоғамдарға қатысты
мәселелер өзекті болып отыр деп айтуға болады. Себебі біздің қоғамда заңды
тұлғалардың жартысы дерлік құрылу тәртібіне қарай акционерлік қоғамдар
болып келеді. Бұлардың жартысы мемлекеттің тапсырмасымен, көбінде еншілес
ұйымдар ретінде құрылған. Мысалы, бірнеше дербес структураны біріктіретін
холдингтер. Ал кейбір акционерлік қоғамдар бірнеше жеке тұлғалардың дербес
капиталдарының жиынтығынан құралады. Көп акционерлік қоғамдардың
құрылтайшылырының бірі болып шетелдік элементтер табылады. Мысалы, шетелдік
корпорациялар, компаниялар, фирмалар, банктер, фондтар.
Құрылу формасына қарай акционерлік қоғам ретінде құрылған
мекемелелрдің, кәсіпорындардың тағы бір тиімді жерлерінің бірі ол бір
компанияны құру үшін бірнеше бір-бірінен тәуелсіз тұлғаларды қатыстыру
мүмкіндігі, оның ішінде мүмкіндігіне қарай кәсіпкерлік қызметпен айналыса
алмайтын жеке тұлғаларды қатыстыру. Акционерлік қоғам түріндегі құрылған
заңды тұлғалардың қатысушыларның әлеуметік және жеке мүдделерін сақтай
отырып қоғамның мүмкіншіліктері мен қаражаттарын тиімді пайдалануға
мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта акционерлік қоғамдар түрінде мекемелер, кәсіпорындар
құру ең тиімді, әрі мекемелерді құрудың негізгі түрі болып табылады.
Жеке меншіктің басқа түрлеріне қарағанда акционерлік қоғамның мынандай
ерекшеліктері бар:
1. Қоғам жарғылық капиталды толықтыру және қызмет ету аясын үлкейту
үшін акционерлердің жеке капиталдарын тартуға, бұл капитал қоғам толығымен
таратылған жағдайды ескермесек қайтарылуға жатпайды.
2.Қоғамның жалпы басқарылуы нақты бір басқару формасынан бөлектелген,
яғни бұл лайықты бір басқарушыны немесе директорды жалдауға немесе
тағайындауға мүмкіндік береді, бұндай шара қолдану акционерлердің бақарушы
персоналды таңдау жұмысына мұқияттылықпен қарауға мәжбүр етеді, себебі егер
акционерлік қоғам білікті маман басқара алмау салдарынан банкроттыққа
ұшыраса акционерлер бұл үшін өз мүліктерімен жауап береді.
3. Қоғамның ұжымы сол акционерлік қоғамның толық құқықты акционері
(акциялар сатып алу нәтижесінде) болуға мүмкіндік алады.
4. Акционерлер құрамына өз карсылас компанияларын тартуға мүмкіндігі
бар, бұл қоғамның одан әрі жақсы жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Мұнымен
қоса қоғам басқа қоғамдардың құнды қағаздарын сатып алуға мүмкіндіктері
бар.
Мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындарды жекешелендіру, жаңадан
құрылған, әртүрлі кәсіпкерлік салаларда жаңадан құрылып жатқан
кәсіпорындардың динамикалқ өсуі және де акционерлік қоғамдардың мемлекет
эконмикасына үлкен ықпал етуін ескере отырып олардың дамуының негізгі
тенденцияларын мұқият зертеуді талап етеді.
Қазіргі таңда біздің жекешелендірілген заңды тұлғалардың көбісі дерлік
құрылу түріне қарай акционерлік қоғамдар десем қателеспеймін.
Осы кезде ҚР азаматтарының барлығы дерлік ерікті немесе еріксіз түрде
акционерлік қоғамдармен әр түрлі қарым қатынастарға түсіп отыр. Мысалы,
қазір жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың көбісі дерлік құрылымы жағынан
акционерлік болып келеді. Біз ақша сақтайтын банктердің көбісі құрылымы
жағынан акционерлік болып келеді, біз өзіміз де акционер болып келеміз. Бұл
себептен акционерлік қоғамдардың құқықтық негізін, акционерлік қоғамдарды
құқықтық реттелуін түсінбейінше өзіміз құрған кәсіпорындарды жақсы басқара
алмаймыз. Осы себептен мен бұл тақырыпты зерттеуді таңдадым.
Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының
акционерлік қоғамдардың заңды тұлғалардың арасындағы ерекшеліктері,
қоғамды басқаруды құқықтық реттеу тәртіптерін анықтап және олардың
органдарының арасындағы байланыстарын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттеріне мыналар жатады:
1.Қазіргі кездегі акционерлік қоғамдардың мәні мен ерекшеліктерін
анықтау.
2. Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның азаматтық құқықтық
қатынастағы орнын сипаттау.
3. Акционерлік қоғамдардың басқару органдарының ерекшеліктерін
сипаттау.
Қоғамдық жұмыста зерттеліп жатқан объектілер болып акционерлік
қоғамның органдары және олардың қоғамды басқарудағы орындары, олардың
құқықтары және міндеттері болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі
авторлардың акционерлік қоғамдар туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан
Республикасының азаматтық құқық қатынастарындағы қоғамдарды реттейтін
нормативтік актілері мәліметтері болып табылады.

1 Акционерлік қоғамдардың түсінігі мен ерекшеліктері
1.1 Акционерлік қоғамның түсінігі

Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамға жалпы түсінік ҚР
Азаматтық кодекстін 85 баптың 1- тармағында және ҚР Акционерлік қоғамдар
туралы заңның 3 бабының 1- тармағында түсінік берілген.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады (№1 сұлба) және де ол:
1.Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және
олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
2. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді.
3. Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты
залалдарға тәуекел етеді.
4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда
акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар
құрылуы мүмкін.
5. Қоғам (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған
коммерциялық емес ұйымнан басқасы) облигациялар және бағалы қағаздардың
өзге де түрлерін шығаруға құқылы.
6. Қазақстан Республикасының заң актілерінде қызметтің жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық
нысаны міндетті болып белгіленуі мүмкін.
7. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда "акционерлік қоғам" ұйымдық-
құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуға тиіс. Қоғамның атынан
кейін "АК" аббревиатурасын пайдалана отырып, қоғамның атауын қысқартуға жол
беріледі [1].
Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен
мiндеттерi Азаматтық Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе
акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың
құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазаңстан Республикасының заң актілерімен
айқындалады [2].
Акционерлік қоғамның басқа заңды тұлғалардан басты айырмашылығы, ол
қатысушылардың қоғам мүлкіне деген құқықтырын акциялар арқылы куәләндіру
болып табылады. Бұл қоғам шығарған акциялар құны бірдей номиналды ақша
соммасымен сатылуы тиіс. Акция ұстаушылар – акционерлер – қоғамның
міндеттемелері бойынша жауап бермейді, олар тек өзіне тиесілі акциялар
құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. АК – тің
138 бабының 1 және 2 тармақтарына сәйкес: Акция - акционерлiк қоғам
шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд
және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға
құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз танылады. Акциялар тек атаулы
эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
Акционерлік қоғам (бұдан былай – АҚ) заңда қойылған талаптар мен
тәртіпке сәйкес артықшылықты акциялар шығаруға құқығы бар. Акционерлер бұл
акциялар бойынша қоғамның шаруашылық қызметіне қарамастан дивиденттер
(дивиденд - акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам
төлейтін кірісі) алуға; басқа жәй акцияларға қарағанда артықшылықтыры бар,
яғни қоғам жойылған кезде оның қалған мүлкіне құқық береді және де басқа
заңда көзелген артықшылықтар көзделеді. Қоғамның жарғысында өзгеше
көзделмесе, артықшылықтық акциялар оның ұстаушысына акциоенрлік қоғамның
басқаруына қатысуға құқық бермейді [3].
Қоғамның акционерлерге дивиденттер төлеуі оның міндеттемесі емес құқы
болып табылады. Заңда жеке капиталы теріс мөлшер көрсететін болса, немесе
АҚ төлем қабылетсіздігіне немесе жағдайының жоқтығы белгілеріне жауап
беретін болса, қоғамның қарапайым және артықшылық берілген акциялар бойынша
дивиденттер төлеуге тиым салынады.
Осыған қарамастан көптеген кәсіпорындарда өндірісті дамыту және
бизнесті кеңейту үрдісі байқалуда, сондықтанда акционерлер мен менджменттер
табыстарының барлығын немесе бір бөлігін дамытуға жұмсауға шешім қабылдап,
дивиденттерден бас тартуда. Таза пайданы бөлу тәртібін бекіту, қарапайым
акциялар бойынша дивиденттер төлеу немесе қарапайым және артықшылық
берілген акциялар бойынша дивиденттерді төлемеу туралы шешімдер жалпы
жиналыста қабылданады. Акциялар бойынша дивиденттер ақшамен, ал қарапайым
акцияларға АҚ бағалы қағаздармен төленеді, егер бұл шешім жалпы жиналыста
қоғамның дауыс беретін көпшілік акциялары бойыша қабылданған және
акционерлердің жазбаша келісімі бар болса.
Дивиденттерді алуға құқығы бар акционерлердің тізімі дивиденттерді
төлей бастаған күні жасалуы тиіс. Артықшылық берілген акциялардың иелері АҚ
жарғысы бойынша алдын ала белгіленген кепілдендірілген мөлшерде алға
басымды құқықтары бар, бірақ басқаруға қатысу құқықтары жоқ, бірақ өз
акциялары бойынша толық төленбеген болса белгілеген мерзім ішінде алуға
құқығы бар. Акционерлер есептелген бірақ алмаған дивиденттерін АҚ
берешектері жинақталған мерзімге қарамастан талап етулеріне құқығы бар.
Дивиденттерді белгілеген мерзімде төлемеген жағдайда акционерге негізгі
сома және ҚР ҰБ қаржылық міндеттемелері немесе оның тиісті бөлігі
орындалаын күнге ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен шыға отырып,
өсімпұл төленеді.
Акцияда келесі мәліметтер болуы керек: АҚ – ның фирмалық атауы және
орналасқан мекені; құнды қағаздың атауы – акция, оның сандық нөмірі,
шығарылған күні, акция түрі( жәй немесе артықшылықты), оның номиналды құны,
ұстаушының аты (атаулы акциялар үшін); акция шығару күніне қарай АҚ – ның
жарғылық капиталының көлемі және шығарылған акциялардың мөлшері;
дивиденттер төлеу мерзімі; төрағаның және бас бухгалтердін қолы тұруы
керек. Құнды қағаздар туралы заңнамалар егер бұл заңдарда өзгеше көзделмесе
АҚ – ға тек атаулы акцияларды шығаруға құқық береді. Атаулы акциялар қағаз
түрінде шығарылмау мүмкін, яғни жеке бір құжат ретінде. Оның орнына АҚ –
ның жоғарғы билеуші органның шешімі бойынша атаулы акцияда көрсетілген
құқықтарды акцияны материалдық түрде шығармай – ақ эмитенттің құжаттарында
тіркеуге немесе электронды есептеуіш құрылғылардың көмегімен электронды
реестірде тіркеуге болады. Осылайша акционер өз құқытарын жүзеге асыру
және құқықтарын басқаға беру құнды қағаздар көмегімен емес, қоғамға қатысты
құықтарын қоғам реестірінде тіркелген жазба арқылы жүзеге асырылады.
Осындай объектілерге қатысты заттық құықтар емес міндеттемелік құқықтар
туындайды. Атап өту жөн акциялардың мұндай тіркеу тәртібі тек атаулы
акцияларға қатысты. Акционерлердің талабымен олардың құқықтары құнды қағаз
сертификатымен расталуы мүмкін [4].
Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады. Басқа
шаруашылық серіктестерге қарағанда қатысушылар АҚ – нан шыққан кезде
акциялар құнының шегінде қоғамнан мүлікті бөліп алып кете алмайды.
Қатысушылар акцияларды сату жолымен ғана қоғамнан кете алады.
АҚ міндеттемелірі үшін тек өзіне тиесілі мүлкі шегінде жауап бере
алады. Қоғам өз қатысушыларының міндеттемелері үшін жауап бермейді.
Акционерлердің кредиторлары басқа шаруашылық серіктестіктердегідей акционер
– борышқордың акциялар құнына тең мүлікті қарызы ретінде қоғамнан беруді
талап ете алмайды [5].
Бастапқыда қоғамның қалыптасуына көмек беретін қайнар көз болып,
акционерлердің сатып алған акциялар құнына тең төлеген ақша соммалары болып
табылады. Акцияларды уақтылы төлемеу қоғамнаң шаруашылық қызметін күрт
төмендетеді, яғни жарғыда көзделген қаржымен қамтамасыз етілмеу.
Акционерлер ақшаны уақтылы төлеу үшін қатаң тәртіп орнатылған, яғни егер
қатысушы ақшаны уақталы төлемейтін болса қоғамға келтірілген шығынның өз
акциялары шегінде жартысын төлеуге міндеттеледі [6].
АҚ заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін басқа заңды тұлғалар сияқты
мемлекеттік тіркеуден өтке соң алады. АҚ заңды тұлғалардың басқа да
талаптарына сәйкес келеді, яғни меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел
басқару құқықындағы оқшау мүлкінің болуы және сол мүлiкпен өз
мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес
жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болатын, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
талапкер және жауапкер болу құқығы, дербес балансы немесе сметасының
болуы, қоғамның өз атауы жазылған мөрi болады, жарғыда көзделген тәртіпте
банкте банктік шот ашу құқығы, фирмалық атауының болуы [7].
Бірқатар себептерге байланысты кәсіпкерлік қызметте ақшаны акцияларға
салған тиімді болып табылады:
Біріншіден – АҚ – ның акционері болса дивиденттер бойынша төленетін
төлемдерді алады.
Екіншіден – кәсіпкерлік қызмет үнемі қауіппен байланысты болады,
қоғамда бар барлық мүлікті немесе оның жартысын жоғалту қаупі болады.
Жоғарыда айтылып кеткенімдей акционерлер акцияларды сатып алуға жұмсаған
қаражатты жоғалтуға қауіптенеді.
Үшіншіден – акционерлер қоғамды бақаруға қатысуға құқықлы, оның ішінде
жалпы жиналысқа қатысу, басқарушы органдарға сайлану. Әр акционердің ықпалы
оған тиесілі акциалар мөлшерімен анықталады.
Төртіншіден – акцияларды сатып алу – сату жолымен оңай пайдалану,
мұнымен қоса акцияларды сатып алу – сату қаражаттың қосымша көзі болуы
мүмкін [8]. Осының барлығы акционерлік қоғамдар түріндегі құрылған заңды
тұлғалардың тиімділігін көрсетеді.

1.2 Акционерлік қоғамдар институтының қалыптасуының тарихи аспектілері

Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің
тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік қоғамдар туралы
шетелдік заңнаманың даму тенденциясын бақылай отырып, отандық
акционерлік заңнаманы жетілдіруде бірыңғайландыру жөніндегі пікірлер
айтылуда. Еуропалық тәжірибе акционерлік қоғамдар туралы шетелдік
заңнаманың даму дәрежесі, қазақстандық акционерлік қоғамдардың
тәжірибелік қызметінде ескерілуі , кез келген акционерлік қоғам өзінің
бағалы қағаздарын халықаралық қаржы рынокторында айналыста болғандықтан
қалайтындығымен түсіндіріледі. Ғылымда акционерлік қоғамдардың алғашқы
үлгілері туралы біркелкі пікірлер жоқ. Бір ғалымдардың көзқарастары бойынша
акционерлік қоғамдар Ежелгі Римдегі серіктестіктерден, келесілер қазіргі
кезеңгі акционерлердің мәртебесіне ұқсас несие берушілердің мәртебелері бар
мемлекеттік зайымның ортағасырлық жүйесінен туындаған деген ой білдіреді.
Тарихи талдау акционерлік саланың қалыптасуына келесі кезеңдердің ықпал
еткендігін білдіреді:
1) акционерлік компаниялардың Ежелгі Рим уақытындағы алғышарты;
2) капиталистік кезең;
3) социалистік кезең.
Жалпы заңды тұлғаның шығу тегін, дамуын рим құқығынан аламыз. Сол
тұрғыда корпоративтік құқықтық қатынастың дамуының негізгі тарихи
кезеңдерін Ежелгі Рим тарихымен ұштастыра отырып қысқаша қарастырып өтейік.
Акционерлік компанияларға ауысудың ежелгі нысаны ретінде Ежелгі Римдегі
мемлекеттік табыстарды жалға беру мақсатында және 3, 5 не 100 жылға бір
немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын locationes немесе venditiones
деп аталатын шарт негізіндегі societates vectigalium publicorum. ды айтуға
болады. Societates vectigalium publicorum тұлғалары мемлекет алдында
шектелмеген мүліктік жауапкершілікте болып, алдын ала кепіл енгізуге
міндетті болды. Мемлекетпен осындай шартқа отырушы тұлға не тұлғалар
қызметтерін жүргізу үшін қажетті қаражаттарды қалыптастыру түріндегі
серіктестікті құрып, публикандар болып аталды. Серіктестіктің құрамына
толық жауапкершілікті артатын толық серіктестер (socii, socii argentarii)
және салым шеңберінде жауапты болатын салымшылар (affines) кірді.
Серіктестіктің басында бағынушы лауазымды тұлғалары және провинцияларында
вице-директорлары (promagistri) бар директор (magister) тұрды.
Әйгілі орыс цивилисті Н. С. Суворов: "Рим әкімшілігі көтермелі
операцияларды өздері жүзеге асырып, өзге мәмілелерді жеке кәсіпкерлерге
берумен ерекшеленетін" дейді [9]. Кейбір зерттеушілердің ой-пікірінше,
публикандар серіктестігінің сипатты белгісі болып, азаматтық айналымға өз
мүлігінің меншік иесі ретінде қатысуы болды [10]. Н.С. Суворов ежелгі
римдік публикандар қызметі туралы келесі пікір білдіреді: "Әсіресе Рим
мемлекетінің аумағы кеңейгеннен соң, ұлғайған провинциялардың операциялары
үшін үлкен капиталдар қажет болды" [11]. Осы реттерде публикандарға аса
жоғары талап қойыла бастады. Бірқатар қайнар көздерде публикандардың римдік
серіктестігінде қатысу үлесі дербес сатылуға, айырбасталуға, сыйға
тартылуға және мұраға қалдыруға жатты, яғни құқықтың дербес объектісі
ретінде қарастырылғандығы айтылады. Сонымен қоса, сол уақыттарда
серіктестік үлестерін сату жүргізілетін. Яғни, қазіргі заманғы биржалық
операцияларына тектес қатынастар сол заманда да орын алып, бұл қатынастың
туындауы серіктестіктерді акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгісі ретінде
қарастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, И.Т.Тарасов societates vectigalium
publicorum қазіргі уақыттағы коммандиттік серіктестікке ұқсас және
акционерлік қоғамға ешбір тақау еместігі жөнінде сөз етеді. Себебі, АҚ-
дардың өзге ұйымдардан айырмашылығы ретінде акцияны шығару танылады,
әлбетте, сол уақыттарда акцияның болмағандығы туралы білеміз [12].
Осы жерде И.Т.Тарасовтың ежелгі римдік societates vectigalium
publicorum'ды қазіргі таңдағы сенім серіктестіктестігінің негізі ретінде
қарастыруға болатындығы туралы ой-пікіріне қосылуға болады. Серіктестік
қызметіне толық серіктестердің міндетті қатысу қағидасын, бұл ұйымның толық
серіктестер мен салымшылардан қалыптасатындығын ескере отырып, публикандар
серіктестігін тарихтағы алғашқы акционерлік компаниялар деп мүлдем айта
алмаймыз.
Ежелгі Римде корпоративтік қатынастың туындауына, қалыптасуына өзге де
заңды тұлғалар әсер етті. Мәселен, Н.С.Суворов collegia қатарына
публикандар серіктестігімен қоса, діни алқаларды, жерлеу, кәсіпшілер
алқаларын және бағынушы қызметкерлер алқаларын жатқызады [13].
И.П.Грешников болса, collegia- ны тек пірлер алқасымен шектейді [14].
Жоғарыда аталған заңды тұлғалар тек жеке құқықтық сипатқа ие болды,
сондықтан оларды қазіргі заманғы акционерлік компанияларға тән ету үшін,
тек бір маңызды элемент жетіспеді. Ол акция. Акция арқылы жеке мүдде
жалпыға айналушы еді. 1407 жылы бірінші акционерлік компания Генуэздік банк
(banka di San Giordio) дүниеге келеді. Генуэздік банк алғашқыда 1345-ші
жылы құрылды делінсе, өзге қайнар көздер бойынша 1371 жылы құрылды.
Банк алдындағы қатысушының міндеті үлесті төлеумен анықталды. Банкте
табыстарына байланысты қатысушыларға проценттер төленді. Ұйымның қызметінің
басында оны басқару келесідей жүзеге асырылды. Генуэздік мемлекеттің
шенеунігі - прокуратордың лауазымы, банк несие берушілер бірлестігінің
сайлаулы өкілі - протектордың лауазымымен ұштасады. Нәтижесінде сәйкесінше
үлестерге ие сегіз прокуратор-протекторлардан сайланатын орган құрылды.
Басқару органы ретінде, сондай-ақ, прокуратор мен протекторлармен
тағайындалатын, аса көп үлес санына ие қатысушылар санынан 52 адамнан
құрылатын кеңес танылды.
1569 жылғы жарғыға сәйкес қатысушылардың құқықтары кеңейеді. Басты
басқару органы ретінде қатысушылар жиналысы танылып, кейін Генуэздік
банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Патерсонның Ағылшындық банкісі және
Францияда Лауевтік банк құрылды. Жиналыс кворумы - 300 адам (1633 жылы жаңа
кворум - 250 адам белгіленді), шешім 13 дауыспен қабылданатын болды .
Атқарушылық қызметті бір жылға сайланатын протекторлар кеңесі жүзеге
асырады. Протекторларды әрқайсысы кем дегенде 25 үлеске ие 32 қатысушыдан
қалыптасатын ерекше алқа сайлауға құқылы болды. Генуэздік банктің мысалында
басқарудың үш буынды жүйесі пайда бола бастады: қатысушылар жиналысы,
ерекше алқа, протекторлар кеңесі. Басқарудың осындай құрылымы тарихта
алғашқы рет туындайды. Аса үлкен функциялар қатысушылар жиналысының қолында
болып, ол банк қызметінің маңызды мәселелері бойынша шешімдер қабылдады.
Ерекше алқаның құзыретіне протекторлар кеңесі мүшелерін сайлау мәселесі
жатса, протекторлар кеңесі күнделікті қызметті басқаруды жүзеге асыратын
алқалы атқарушы орган болды. Осындай нысанда банк ХVIII ғасырдың соңына
дейін әрекет етіп, үлестері құндылығын жоғалтқаннан кейін өз қызметін
тоқтатты.
ХVI ғасыр еуропалық мемлекеттер экономикасы үшін жаңа кезең. Бұл
әлемдік сауда аумағының кеңейтілуімен және еуропалық капиталдың
қолданысымен байланысты болды. Еуропаның экономикалық мүдделерін жүзеге
асыру үшін жаңа ұйымдық нысан, капиталистік элементін қолдануға негізделген
кәсіпкерлік бірлестіктің жаңа түрі қажет болды. Бұл нысан тарихи тұрғыдан
отаршыл компаниялар болды, кейін жетілдіре келе, ХІХ ғасырда заң шығарушы
мен жаңа құқықтық конструкция "акционерлік қоғам" қалыптасты.
Англия, Голландия және басқа да елдер ХVI- ХVII ғасырларда сауда
жүргізу және отарларды игеруге өз мемлекеттерінен айрықша құқықтарға ие ірі
отаршылды компанияларды құру жолымен жүрді. Ғасыр шеңберінде 60 тектес
бірлестіктер құрылып, оның әйгілілері голландтық, ағылшындық және
Француздық Ост-Индтік компаниялар болды.
ХVI ғасырдың соңы Голландияда өнеркәсіптің, сауда-саттықтың дамуымен,
әсіресе жаңа су жолдары мен жаңа елдердің ашылғандығынан су айналым
саласының қарқынды дамуымен сипатталады. Голландияға Бразилия, Үндістан,
Африка мемлекеттерімен сауда қатынастарын құруға үміттенуші, кәсіпкерлікпен
айналысуға ұмтылушы адамдар жинала бастайды.
Голландтық Ост-Индтік компания 1594 жылы құрылады. 1622 жылдан бастап
компанияны басқаруда директорлар орталықты органының ролі артты. Жыл сайын
есеп жүргізетін және өткізілген тексеріс бойынша өз қорытындыларын
ұсынатын, құрамында екі қатысушысы бар ревизиялық орган құрылды. Компанияны
басқарудың құрылымы екібуынды болды: қатысушылардың жалпы жиналысы,
компания директоры. Өзге ұйымдармен салыстырғанда компанияның деңгейін
көтеретін және голландтық саудагерлер үшін қызығушылық тудыратын фактор
болып компания міндеттемелері бойынша қатысушылар жауапкершілігінің
шектеулілігі танылды.
ХVІІ ғасырдың 30 жылдары Голландияда сансыз банкроттықтардың
нәтижесінде көрініс тапқан акционерлік алыпсатарлық уақытша тоқтатылып,
ХVІІІ ғасырдың басында қайта жаңғырды.
Англияда акционерлік компаниялар ХVІ ғасырдың соңында және ХVІІ
ғасырдың басында пайда болып, алғашқыларының бірі болып сауда жүргізу
мақсатында құрылған Ағылшындық Ост-Индтік компаниясы саналады. Ағылшындық
Ост-Индтік компанияның құрылуына Англо-Гамбургтік сауда компаниясының
құрылуы әсер етті.
Ю.В.Петровичева өзінің ғылыми еңбегінде Біріккен Корольдікте
(Англияда) компанияларды құру және даму тарихи үш кезеңде өтті дейді,
олар:
1. корпорациялардың корольдік грамотамен құрылу кезеңі;
2. парламент статусының құрылу кезеңі;
3.нормативтік тәртіппен жауапкершілікті шектеулі компанияларды
инкорпорациялау кезеңі [15].
Ағылшындық Ост-Индтік компанияның басты басқару органы қатысушылардың
жалпы жиналысы болды. Жалпы жиналыс жылдық, сондай-ақ кезектен тыс
жиналыстың өткізілуі де қарастырылып, ол комитетпен қатар, Төрағаны
сайлайды. Комитет мүшелері және Төраға бір жылға сайланады.
Англияда Ост-Индтік компаниямен қатар, Оңтүстік қоғам, Оңтүстік-
Американдық компаниялар әрекет етті. Бұл ұйымдардың Ост-Индтік компаниядан
өзгешіліктері болмағанымен, олар корпоративтік қызметтің қалыптасуына әсер
етті. Тарихқа назар аударсақ, корпорациялар мен биржалық алыпсатарлықтың
сол уақыттарда бірге жүретіндігін байқаймыз. Англиядағы өнеркәсіптік
өндірістің әр алуан жобаларды қаржыландыру үшін ақшалай қаражатты тарту
мақсатында тұлғалардың кең шеңберіне акцияларын сататын компаниялардың
пайда болуына әкелді. ХVІІІ ғасырда Англияда көптеген акционерлік
компанияларды құру кезінде бағалы қағаздармен байланысты алыпсатарлық
операциялар сансыз қулықтармен ұштасып, нәтижесінде күдікті жобаларға
ақшалай қаражаттарын енгізген қатысушылардың арқасында тек компанияны
құрушылар ғана табыстарға жетті. Сол тәріздес компаниялардың акцияларының
құны бір сәтте жүз процентке көтерілетін және түсетін. Тұлғаларды әрқилы
күдікті істерге тарту арқылы, акциямен алыпсатарлықты жүргізу кейін
акционерлік компанияларға сенімсіздікті туғызды.
11 маусым 1720 жылы парламентпен "сабынды көпіріктер туралы" әйгілі
Babble-Act заңы қабылданады. Бұл заңда мемлекеттің рұқсатынсыз
корпоративтік құқықтарға иеленетін кәсіпорындарды жарамсыз ететін,
жауапкершілігі шектеулі компанияны құруға тыйым салатын нормалар көрініс
тапты. Әлбетте, бұл нормаларды бұзушылар саны көбейген соң, Оңтүстік мұхит
компанияларының ұсынысы бойынша Babble-Act'тың маңыздылығын жоғарылататын
scire facias деген атауымен бұйрық шығарылады. Бұйрық акционерлер,
алыпсатарлар және құрылтайшылар арасында үрей тудырды. 1734 жылы акция және
өзге бағалы қағаздармен алыпсатарлықты өткізуге тыйым салушы заң
қабылданды. Babble-Act 1824 жылы күшін жоғалтып, ал бұл құрылтайшылықтың
аса жайылуына әкеліп, тек бір жылдың ішінде 101 690 000 фунт стерлинг
соммасына акционерлік компаниялардың құрылуына ықпал етті.
Babble-Act'тан кейінгі кезеңде Англияда акционерлік қоғамдардың заңи
негізі болмай, сол уақыт аралықтарында жеке компаниялар тек парламент не
коронаның рұқсатымен құрылуға құқылы болды. 1856-1867 жылдары "Компаниялар
туралы" заң, 1862 жылы Англиядағы акционерлік компаниялардың қызметін
реттеуші арнаулы заң қабылданады. Бұл заңның жарық көруі Францияға да
ықпалын тигізді. Себебі, дәл сол жылы Франция мен Англия арасында
халықаралық шарт жасалып, оған сәйкес ағылшындық қоғамдар өз қызметтерін
Францияда жүзеге асыруға мүмкіндік алды.
Голландияда корпорациялардың дамуы жоғары деңгейге жеткенде, Францияда
енді ғана корпоративтік қызмет қолға алынды. Корпоративтік құрылым
Францияда мемлекеттің қолында болып, оның үстемдік етуі, үнемі
компанияларды қадағалауда ұстауы кәсіпкерліктің басқа мемлекеттерге
қарағанда өзгеше дамуына әкелді.
Француздық компаниялар арнаулы үкіметтік актімен құрылып, мемлекеттің
бастапқы кезеңнен қадағалауы компанияларға пәрменді саяси, қаржылық күш
берді. Кейбір зерттеушілер компания қызметін заңи реттеу үкімет тарапынан
тікелей қадағалау мен қамқоршылыққа айналды деп есептейді. Мәселен, әрбір
компанияда мемлекеттік агенттің болуы, артықшылықты компания жалпы
жиналысына тіптен корольдің қатысуы тәріздес жағдайлардың болуы кездесетін.

Франциядағы банктік акционерлік компаниялардың бірі Лауевтік банк 23
мамыр 1716 жылы Генуэздік банктің үлгісімен "Лау және К" фирмасы атауымен
құрылды. Алғашқыда коммандиттік сипатқа ие болып, 4 желтоқсан 1718 жылы
акционерлік компанияға айналды.
Акционерлік заңшығарушылықта аса ірі құбылыс ретінде 1807 жылы
Францияның Сауда кодексін қабылдауы танылады. Кодекс жасырын (акционерлік)
қоғамның және акциядағы коммандиттік серіктестіктің түсінігін енгізеді.
Code de Commerce акционерлік қоғамдарды заңдастырады. Онда акционерлік
қоғамдар үшін құрылудың рұқсат етуші тәртібі қарастырылады. Кодекс қоғам
атауы қатысушылар есімдерінен өзгешеленуін, оның қызмет ету пәні
көрсетілуін анықтады. Сондай-ақ, Сауда кодексінде қатысушылардың шектеулі
жауапкершілігі, жарғылық қорды қалыптастырушы акциялардың екі түрге (атаулы
және ұсынбалы) бөлінетіндігі туралы ережелер көрініс табады. Бұл құжаттың
басты өзгешелігі, ол акционерлік қоғамды алғашқы рет жария құқық емес, жеке
құқықтың институты екендігін мойындайтындығында.
Наполеон уақытында 1852 жылы жылжымалы несиелендіруді жүзеге асырушы
ағайынды Перейерлардың әйгілі акционерлік банкісі ашылады.
Зерттеушілер "компаниялар пайда болған және белсенді қызмет етіп жатқан
кездерде, ешкім оларды ерекше ұйымдық-құқықтық нысан ретінде қарастырмады"
деп пайымдайды. ХVІ ғасыр соңымен ХVІІ ғасыр басындағы бірде-бір әйгілі
ғалымдар акционерлік қоғам тәріздес ерекше құқықтық конструкция туралы сөз
қозғамайды. Сондықтан да, отаршылды компанияларды бастапқыда толық және
сенім серіктестігінің, сондай-ақ өзге бірлестіктер нысандарының сипатына ие
"квази-акционерлік қоғамдар" ретінде қарастыруға болады. Әлбетте, тек
отаршылды компанияларға тән белгілер де оларды ерекше ұйымдық нысан
ретінде қарастыруға мүмкін етпеді .
Дегенмен, кейін отаршылды компаниялар акционерлік қоғамдар болып
танылғанымен, ХVІІІ ғасырға дейін оларда үлеске бөлінген тұрақты жарғылық
қор болған емес. Шектеулі жауапкершілік болса, бұл белгі алғашқы рет
Францияның отаршылды компанияларында пайда болды. Голландтық Ост-Индтік
компания қатысушылардың шектеулі жауапкершілік қағидасы жөнінде бейхабар
болды, бірақ ол іс жүзінде сақталатын. Англияда шектеулі жауапкершілік тек
ХІХ ғасырда пайда болды. Отаршылды компанияларды басқару тәртібі, үнемі
қазіргі заман акционерлік құқық қағидаларына сәйкес болмағандығын айтып
кеткен жөн. Басты қатысушылар компанияны басқаруға қатысып, өзгелер тек
соңғы есеппен танысуға құқылы болды. Ал барлығы болса, басқа мемлекеттен
алып келген тауар түрінде толық не ішінара дивиденд алып тұрды. Алайда
отаршылды компаниялар кейінірек акционерлік қоғамдардың ерекшелеуші
белгісі болатын сипаттарға ие болды. Олардың ішінде - қатысушылардың
анағұрлым саны болу мүмкіндігі, мүліктің акционерлерден оқшаулануы, және т.
б. белгілер кездеседі. Сондықтан, серіктестіктердің өзге түрлерімен
салыстырғанда отаршылды компаниялар таза капиталистік ұйымдық нысан.
Англия, Франция, Голландияда кәсіпкерлік қызмет қарқынды дамып,
отаршылық жүйе дамығанда, Германия, Дания, Норвегияда енді ғана
корпорациялар туындай бастайды. Олар корпоративтік саланың дамуына ешбір
үлестерін қоспаса да, олардың атқарған қызметтері кейін басқа мемлекеттер
үшін үлгі болады. Акционерлік қоғамдардың әрі қарай дамуы тарихтағы
капиталистік кезеңнің басталуынан кейін мүмкін болды. Өндіруші күштердің
өсуі, өнеркәсіптік төңкеріс және Еуропадағы буржуазия-лық саяси төңкерістер
"толыққанды" акционерлік компаниялардың туындауына әкелді. Тауар өндіру,
сақтандыру, несиелендіру саласындағы ірі мәселелерді шешу қажеттілігі
акционерлік нысанды сол қызметтерді жүзеге асырудағы ең ыңғайлы ұйымдық
нысан ретінде танытты. Көптеген авторлар акционерлік қоғамның туындауына
әсер еткен бірден-бір фактор - өндірістің капиталистік әдісі деп мәлімдеді.
Капиталистік экономикалық қатынастың туындауы-на ықпал етуші экономикалық
табиғат акционерлік қоғам тәріздес ұйымдық-құқықтық нысанның пайда болуы
мен дамуына әсер етті. Әйгілі орыс цивилисті М.И. Кулагин: "Еуропада ХІХ
ғасырға дейін акционерлік қоғамдар әдеттегі тәртіп емес, ерекшелік болды.
Әдеттегі емес капиталды концентрациялауды талап еткен тек өнеркәсіптік
төңкеріс қана акционерлік қоғамдардың тез арада таратылуының әлді
тездеткіші болды". Сол сәтте капиталдың екі түрі пайда болады: өнеркәсіптік
(қызмет етуші) және ақшалай (қаржылы) капитал. М.И. Кулагин: "Капиталистік
өндірісті жүзеге асыру үшін қызмет етуші капиталист натуралды нысандағы
өндіріс құралына, меншік құқығына ие болуы керек" екендігін көрсетеді .
Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттеріндегі акционерлік қоғамдар туралы
заңнаманың әрі қарай дамуы ХХ ғасырмен байланысты. Негізгі еуропалық
мемлекеттер акционерлік қоғам қызметін жан-жақты реттейтін арнайы заңдарды
даярлау жолымен жүрді. Мәселен, осындай заң Германияда 1937 жылы
қабылданып, нацистік елде қабылданған заң Демократиялық Германияда 1965
жылға дейін әрекет етіп келді. Англияда арнайы заң 1948 жылы қабылданып,
1985 жылға дейін ағылшындық акционерлік қоғамдардың қызметін реттеді [16].
Акционерлік қатынастың туындауына біз тарихи экскурс жасау барысында,
олардың өршуі не айналымнан күрт жоқ болып кету жағдайларымен кездестік.
Әрине, бұған мемлекеттің экономикалық хал-ахуалы, мемлекеттік билік
басында отырушылардың жеке бір көз-қарастары, жалпы пайда табу мақсатын
көздеуші жеке тұлғалардың іс-қимылдары, биржалық алыпсатарлық және т.б.
факторлар әсер етті.
Акционерлік қоғамдар қазіргі таңда шаруашылық қызметті жүргізудің
тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі. Акционерлік қоғамдар туралы
шетелдік заңнаманың даму тенденциясын бақылай отырып, Еуропалық
экономикалық қауымдастық аясында акционерлік заңнаманың жақындасу,
бірыңғайландыру жөніндегі мәселелерді ойластыру жөн.

2 Акционерлік қоғамдарды басқаруды құқықтық реттеу
2.1 Акционерлік қоғам органдарының құқықтық мәртебесі

Акционерлік қоғамдардың спецификасы оның әдеттегі шарттық
қатынастарында байқалмайды, ол ұйым меншіктенушілерінің субъектік құрамының
өзгеруінде, сондай-ақ, қоғам мүлігін пайдалану тәртібін анықтау және
мүлікті пайдалану қызметінде, акционерлік қоғам меншіктенушілерінің
арасындағы қатынастарда, соңғылар мен кәсіпкерлік субъектісі және меншік
құқық субъектісі ретіндегі қоғам арасындағы қатынастарда байқалады. Сонымен
қатар, кез келген заңды тұлға жалпы ереже бойынша өзінің органдары арқылы
азаматтық құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді жүктейді. ҚР АК-нің 37
бабы 1-тармағы органдардың заңды тұлға ретінде әрекет қабілеттілігін
жүзеге асыруындағы ролін белгілейді.
Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқыктың
дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға
ғана емес, занды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған
мынадай тұжы-рым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар жөне сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен
міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және
жауапкер бола алатын ұйым занды тұлға деп танылады. Занды тұлғаның дербес
балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі
болады".
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі үйымдарды бөліп карайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі қүрылымынан көрінеді, сол аркылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлға-лар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ кұрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органда-ры арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының
түрлері, тағай-ыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен қүрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құкығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құкығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета занды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқьшдайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлға-ның
міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыланды-ратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекс-тің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Каражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналык кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның кұрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міңдеттемелері
бойынша жауапкершілігі (АК-тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);
2) кооператив міндеттемелері бойьшша өндірістік кооператив мүшелерінің
жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы); 3) егер занды тұлғаның
банкрот болуын кұрылтайшының әрекеті туғызған болса, занды тұлғаның
міндеттемелері бойынша құрылтайшы ның жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-
тармағы); 4) ешпілес шаруашылық мәмілесі бойьшша негізгі ұйымнын (АК-тің 94-
бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылык серіктестігі банкротка
ұшыраған . кезіндегі жауапкерш ілігі (АК-тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-
тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толыктай салым төлемеген
жауан-кершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің
77-бабының 1-тармағьшың 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы
жауапкершілік.
Заңды тұлғаньщ азаматтык айналымға өз атынан қатына-суы процеесуапдық-
құкықтык белгісі. Ол оның сотта талап-кер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Заңды тулганың атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес
заңды тұлғаның оны басқа занды тұлға-лардан айыруға мүмкіндік беретін өз
атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның құқық субъектісі ретінде
дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды
тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына
айналады. Занды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың бірыңғай
мемлекеттік тізілі-міне енеді. Фирмалық атау коммерциялық үйымның
тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интеллектуалдык мен-шікке
қатысты қүқыктың (қүқықтың ерекше объектісі ретіңде), ерекше объектісі
болып табылады (АК-тің 125-бабы).
Заңды тұлганың тұрған жері. Занды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде
(міндеттемені орыңдауда азаматтық істерді сотқа беру және т.б. анықтауда
да) өте маңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында занды тұлғаның тұрақты
жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып табылатынын және
занды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталык толық мекен-
жайы жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
Заңды тұлғаның фшиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-бабына
сәйкес заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің
бәрін немесе бір белігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы
оқшау белімшесі филиал болып табылады. Ал заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс
орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның
атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын окшау бөлімшесі
өкілдік болып табылады. Филиалдар мен екілдіктер заңды тұлға болмай-ды.
Бұларға өздерін құрған занды тұлғаның мүжі беріледі және оның бекіткен
ережелері негізінде жұмыс істейді. Өзгеше нысаңдағы заңды тұлғалардың
филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын занды тұлға уәкілдік берген орган
тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді. Сөйтіп филиалдар
мен өкіддіктер басшылары (филиал мен өкілдіктің өзі емес) заңды тұлғаның
өкілі ретінде әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілеттілігі
филиалды немесе өкілдік ережесімен емес, оған берілген сенімхат ретінде
айқындалады. Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәмілелері занды тұлға
атынан жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міңдеттемелік
жауапкершілікті мүліктің берін өзіне еншілейтін заңды тұлға көтереді.
Азаматтық кодекстің 42-бабының 4-тармағына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер
заң құжаттарында белгіленген тәртіппен тіркеледі және оларды кұрған заңды
тұлғанын жарғысында көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқыктық ережесінде айтарлықтай айырмашылық
жоқ. Бірақ, егер филиал заңды тұлғаның міндетінің барлығын не бөлігін, оньщ
ішінде екілдіктін де міндетін жүзеге асыратын болса, онда екілдік өзін
құрған заңды тұлғанын мүдделерін қорғауға тиісті және оның атынан мәмілелер
мен басқа да кұқықтық әрекеттер жасай алады.
Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату. Қайта КҰРУ дегеніміз занды
тұлғаның құқықтары мен міндеттерінін мирасқорлыққа өтуіне байланысты
тоқтатылу тәсілі болып табыла ды. Қайта кұрудың бес түрі бар (АК-тің 45-
бабы): қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту. Заңдарда кайта кұрудың
басқа да нысаңдары көзделуі мүмкін. Қайта қүру ерікті түрде немесе
ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті қайта кұру заңды тұлғаның мүлік меншік
иесінің немесе құрылтай құжаттары бойьшша қайта құруға өкілеттігі бар заңды
тұлғаның органының шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бірақ мынадай жәйтті
ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының
императивті (бұйрық) нормасы занды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне
қатысты келіп, оны қайта құруға байланысты қабыддаған шешімге сәйкес
болады. Азаматтық кодекстің 79-бабына сәйкес катысушылардың жалпы
жиналысының айрықша құзыретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта
қүру немесе тарату туралы мәселені шешу жатады. Тиісінше занды тұлғаны
қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің (уәкілетті органның) немесе заң
құжаттарымен уәкілдік ететін органның шешімімен, немесе құрылтай кұжатымен
немесе заңда қаралған жағдайларда сот органдарының шешімімен жүзеге
асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру жөніндегі шешім әдетте оның жоғары
органымен кабылданады. Мысалы, Ресейдің Азаматтық кодексінде занда қаралған
ретте, заңды тұлғаны қайта құру құзыреті мемлекеттік органның келісімімен
жүргізіледі. Аталған норма бәрінен бұрын монополияға қарсы заңның
ережелерін басшылықка алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарыңда көзделген реттерде сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-
тармағы). Сөйтіп, Азаматтық кодекс занды тұлғаларды ықтиярсыз таратуды сот
тәртібімен ғана реттейді. Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-
бабының 3-тармағында айқыңдалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетелік: Егер
заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар
немесе заңды тұлғаның кұрылтай құжаттарында қайта кұруға уәкілдік берілген
органы заңды тұлғаны қайта кұруды сот органының шешімінде белгіленген
мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және
оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы
тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік
соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу
балансын жасайды және оны занды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын
құрылтай құжаттарымен бірге сот тың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды
соттың бекітуі жа-ңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
ұшін негіз болады".
Заңды тұлға, біріктіру нысанасында кайта құрылатын реттерді қоспағанда,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған
деп есептеледі. Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру
жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистрінде
біріктірілген заңды тұлға кызметінің тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған
кезден бастап олардың біріншісі қайта құрылған деп есептеледі. Азаматтық
кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды кайта құрған кездегі құқыкты мирасқорлықты
да қарастырады. Занды тұлғаларды қосқан кезде олардың әркайсысының
құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды
тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір занды тұлғаға біріктірген кезде
біріктірілген занды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына
сәйкес соңғысына ауысады. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқыктары мен
міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға
ауысады.
Оңалту рәсімдері. Банкроттық рәсімдердің мейлінше маңызды рәсімі
борышқорға төлем қабілеттілігін калпына келтіруге мүмкіндік жасау және оны
таратудан аман алып қалу болып табылады. Бұл орайда бұған тек борышқордың
өзі ғана емес, көп жағдайда несие берушінің өзі, тіпті коғамның өзі ынталы
болады.
Борышқорға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мақсаты үшін оңалту
рөсімі қолданылуы мүмкін.
Оңалту рәсімі деп — дәрменсіз борышкорға оны таратылудан сақтап қалу
мақсатымен борышкордың төлем қабілетін калпына келтіруге бағытталған сот не
соттан тыс рәсім арқылы қолданылатын кез келген қайта құрушылык,
ұйымдастыру-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалык, қаржы-
экономикалық, кұкыктық және заңдарға қайшы келмейтін өзге де шараларды
айтады.
Оңалту рәсімі тек коммерциялық ұйымдарға қатысты ғана қолданылады және
екі жылдан аспауы керек. Аталған рәсімді қолдануға борышқордын өзі өтініш
жасауы мүмкін, және онын мүлкінің иесі (мемлекеттік кәсіпорынға қатысты)
немесе несие беруші де сондай құқыкка ие болады. Оңалту рөсімін жүзеге
асыру үшін сот кепілімен камтамасыз еткен талаптардың жалпы сомасының 50
пайызынан, сондай ақылы несие берушілер талаптарының жалпы сомасының 50
пайызынан асатын болса онда несие берушілердің келісімі қажет. Оңалту
рәсімі несие берушілердің келісімімен тағайындалған оңалтуды басқарушысы
жүзеге асырады. Дәрменсіз борышқорды банкрот деп жариялағанда оны тарату
конкурс тәртібімен жүзеге асырылады, сол үшін де конкурстық басқарушы
тағайындалады. Банкроттық тарату сот аркылы айкындалады және ол алты айдан
аспауы керек. Дәрменсіз борышқорды борыштардан босату және банкрот болған
заңды тұлға қызметінің токтатылуы Азаматтық кодекстің 56-57-баптарында
қарастырылған.
Заңды тұлға органы түсінігі бойынша оқу және ғылыми әдебиеттерде әр
алуан көзқарастар бар болғанымен, заңнамада көрініс табатын нәтижеге әлі де
жеткен жоқпыз. Мысалы, В.В. Долинскаяның пiкiрiнше, заңды тұлға органы
өзіне тиесілі құзыретіне сәйкес заңды тұлға ерігін қалыптастырып,
білдіретін және ұйым қызметін басқаратын заңды тұлғаның құрамдық бөлігі
[17].
К.В. Мұқашева болса, заңды тұлға органдарын – заң актілерімен немесе
құрылтай құжаттарымен көрсетілген заңды тұлғаның құрылымдық бөліктері деп
анықтайды [18].
И.В. Матанцев заңды тұлға органы деп оның ерігін даярлайтын,
қалыптастыратын және білдіретін тұлғаны (тұлғалар тобын) айту қажет деп
мәлімдейді [19].
Осы тұрғыда лауазымды тұлғалар заңды тұлға органын қалыптастыратындығы
жайлы бiрер сөз. Қазақстандық акционерлік заңнамаға сәйкес лауазымды
тұлғалар болып акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің, оның атқарушы
органының мүшесі немесе акционерлік қоғамның атқарушы органының
функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға танылады. Әлбетте,
акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік қоғамның жоғарғы органы бола
тұра, ол лауазымды тұлғалардан емес, акционерлерден қалыптастырылады.
Келесі бір жәйт, заңды тұлға органдарының басқарушылық қызметті жүзеге
асыратындығында болып тұр. Долинская В.В. Ресейлік заңның акционерлік қоғам
басқару органдарын акционерлердің жалпы жиналысы, директорлар кеңесі
(байқаушы кеңес), атқарушы орган (жеке-дара – директор, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайы
Акционерлік қоғам акционерінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы ақ- ның экономикалық тиімділігі (ақ системотехника мысалында талдау)
Бағалы қағаздар туралы
Акционерлік қоғамдардың қызметінің экономикалық тиімділігінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары
Акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәні
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Акционерлік компаниялардың пайда болу тарихы
Пәндер