Айша бибі кесенесі



Кіріспе
1. Құрылысы
2. Аңыз
3. Қалпына келтіру
4. Галерея
Пайдаланған әдебиет
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның,
Құрылысы
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен қапталған.
1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
2. Қазақ энциклопедиясы, 1-том
3. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Кіріспе
1. Құрылысы
2. Аңыз
3. Қалпына келтіру
4. Галерея
Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті
ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан.
Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты
мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік
ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің
әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға
дейін тек батыс қабырғасында сақталған.

Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI-
XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене
құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған
КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет
экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ҒА-ның,

Құрылысы

Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен
ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде
қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене
безендіруінде бай және әр түрлі геометриялық фигураларымен апталған.
Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен
безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-
өрнектерінің бай мұражай-сақтаулылардың байлығы болып келеді. Қазіргі кезде
бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана
суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар
бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м)
орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар оюлы ұсақ плиткалармен
қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше
беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл
бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып
келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу
арқылы әсемделген. Айшы бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4
м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың
біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған.
Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен
қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан,
сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен
толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен
бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан
арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы
сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ
плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп
жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық
сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір
дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын
аңғарылады.

Аңыз

Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен бұл ескерткіш ең кереметі болып
саналады. Ескерткіштің сыртқы бетіне қаланған кірпіштердің әртүрлілігінің
өзі таңғалдырарлықтай...  Аңыз бойынша, Айша бибі асқан сұлулығымен қатар,
ақылдылығымен де елге есімі жайылған ару болған деседі. Ол әйгілі  шығыс
ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді.  Сұлу Айша  мен батыр Қарахан
арасындағы шексіз махаббат та осы күнге аңыз бойынша жеткен. Айша бибінің
кім екені жөнінде ғасырлар сорабынан жеткен аңыз болмаса, тарихи деректер
жоқтың қасы. Айтулы аңызға құлақ түрсек, Айша бибі киелі Түркістан жерінде
жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып,
өмірлік қосақ болуға уағдаласады.

Жан-жақтан жау анталаған заманда елін, жерін қорғаумен жүрген Қараханның
айтқан уағында Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Араға айлар түседі,
жылдар жылжиды. Ақыры шыдамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айша бибі кесенесі туралы
Айша бибі кесенесі және тарихи орындар
Ортағасырдағы сәулет өнері
Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері
Қарахан кесенесі
Тараз қаласымен экскурсия
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сызбасы
Тарихи архитектуралық ескерткіштер тарихы
Жамбыл облысындағы дін
Қазақстанның тарихи-сәулет ескерткіштері
Пәндер