Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қазақстан РеспубликасынДАҒЫ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ 7
1. 1 Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің түсінігі мен түрлері 7
1. 2 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайының ерекшеліктері және қағидалары 16
1. 3 Шетелдіктерге ұсынылатын құқықтық режимдер 21
2 Қазақстан РеспубликасынДАҒЫ шетелДІКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІНІҢ РЕТТЕЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 39
2. 1 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері 39
2. 2 Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың негiзгi құқықтары, бостандықтары және мiндеттерi 40
2. 3 Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуі және кету мәселелері 44
Қорытынды 65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі 69
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы, олардың құқықтары мен бостандықтары және мәртебелері, сонымен қатар оларға қойылатын талаптар мен шектеулер қазіргі таңдағы ең ауқымды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабы 4-тармақшасына сәйкес “Конститутцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады. “[1]
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз - Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 28 қаңтар 2011 жылдың Қазақстан халқына Жолдауында алдымызда атқарылар қыруар істер бар, бұл жолда біздің ең басты байлығымыз - берекелі бірлігіміз. Мен ауызбіршіліктен айнымайтын ақжүрек жұртымның қуатты ұлтқа, шуақты ұлысқа айналарына кәміл сенемін - деді Елбасы [2] .
Шетелдіктер қазіргі заманғы мемлекеттерде, көбінесе дамыған мемлекеттерде өте көп шоғырлануда. 1991 жылдан берi 210 000 шетелдiк Қазақстан азаматтығын алыпты. Бұл тәуелсiздiк алған жылдардан кейiнгi көрсеткiш. Әлбетте оралман бауырларымызды есепке алмағанда. Бұл БҰҰ 2003 жылғы жүргізген есептеуі бойынша бүкіл әлемде тұратын адамдардың 3℅, яғни 175млн. адамы өздері азамат болып табылатын мемлекеттен тыс жерде тұруда. Ол шетелдіктер басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұруына себеп бар, өйткені ол себептер өздері азамат болып табылатын мемлекеттің экономикалық-саяси, әлеуметтік жағдайына байланысты болады. Жалпы айтқанда шетелдіктер өз ішінде мысалы: демалу үшін келгендер, жұмыс істеу үшін келгендер, емделуге келгендер, туысқандарына келгендер т. б. деп келу мақсаттарын баяндайды. БҰҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде жалпы саны 12 миллионға жуық азаматтығы жоқ адам бар және оларды кез келген мемлекеттен кезіктіруге болады. Бұл көрсеткіш орта есептегі бір мемлекеттің халық санына сәйкес келеді. Адам құқығын қорғаушылар азаматтықтың болмауы да адам құқығының аяқасты болуына әкеліп соқтыратынына сенімді. Азаматтығы жоқ адамдардың құқығын қорғау мәселесі 1954 жылғы апатридтер мәртебесі конвенциясында қарастырылған. Онда әр адам азаматтыққа ие болуға құқылы делінген [3] .
Шетелдіктер әр мемлекетте әртүрлі мәртебеге ие болады. Ол мысалға тұратын мемлекеттің басқару формасына, саяси бағдарына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты болады. Мысалға демократиялық мемлекеттердің көбінде шетелдіктердің құқықтары қорғалуы жағынан өз елдерінің азаматтарымен бірдей болады, ешқайсысы да ерекше мәртебеге ие болып, басымдылық танытпайды. Бірақ сол елдің заңына сәйкес мемлекеттің кейбір ішкі саяси өміріне қатыса алмайды. Ол дегеніміз сайлауға қатыса алмайды, кейбір мемлекеттік қызмет атқара алмайды, әскери қызметке шақыртылмайды деген сияқты қызметтер жүзеге асырмайды. Ал қалған жағдайлардың бәрінде шетелдіктер тұратын елдің азаматтарымен тең құқылы болады. Осыған орай ҚР Конститутциясының 12 бап, 5 тармақшасына көзсалсақ “Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамның құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конститутуциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуі тиіс“― делінген [1] . Ал социалисттік, монархиялық және т. б. осы сияқты мемлекеттерде шетелдіктерді өз елінің азаматтарына қарағанда құқығы жағынан, бостандығын, жүріп-тұруына дейін шектейді. Осы жағдайды реттеу үшін көптеген халықаралық конференциялар, жиналыстар шақыртылып, көптеген халықаралық ұйымдар мен органдар құрылды. Өйткені олардың негізгі мақсаты «Адам құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау» болып табылады.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының ғылыми зерттеу дәрежесі . Бұл жұмыста қолданылған теориялық материал жұмыстың тақырыбының ғылыми өңделу жағдайы біздің тақырыбымыздың тек жеке бөліктерін бейнелейтінін көрсетті: халықаралық құқықтағы шетел азаматы түсінігі, шетелдіктерге қолданылатын арнайы режимдер, шетелдіктердің құқықтық мәртебесі, шетел азаматтарына қатысты қолданылатын ұлттық және халықаралық нормалар, олардың халықаралық-құқықтық қорғалуы және т. б. аталған бағытта ғылыми зерттеулерді көптеген отандық ғалымдар: Олардың қатарына, елімізге белгілі ғалымдар: С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, М. Т. Баймахановтың, З. Ж. Кенжалиевтің, В. А. Кимнің, Ө. Қ. Қопабаевтың, А. К. Котовтың, В. А. Малиновскийдің, Э. Б. Мұхамеджановтың, С. Н. Сабикеновтің, Ғ. С. Сапарғалиевтің, М. А. Сарсембаев, А. А. Сабитова, А. А. Черняковтің, М. Х. Матаеваның, А. Т. Ащеуловтің, Ж. Н. Баишевтің, С. К. Амандықованың, Э. Б. Абдрасуловтың, Ж. Д. Бусурмановтың, К. К. Атхожиннің және т. б. зерттеулерін жатқызамыз.
Ресейлік және басқа да шетелдік ғалымдар: А. С. Автономов, О. Е. Кутафин, В. Д. Мазаев, Н. А. Михалева, Б. С. Эбзеев, Т. Е. Хабриева, В. Е. Чиркин, В. О. Лучин, Л. В. Лазарев, Н. И. Марышева, И. В. Пантелеева, Н. Н. Тартаковская, Л. А. Лунц, В. П. Звеков, Б. В. Скала, В. И. Скала және т. б. еңбектерінде белгілі дәрежеде сөз етілді.
Бұл дипломдық жұмысында қолданылған талдау құқықтық, сондай-ақ тәжірибелік және басқа теориялық материал осы зерттеуді жүргізуге негіз болып табылады. Алайда қазіргі кездегі халықаралық аренадағы саяси және экономикалық өзара қатынастың, құқықтық, демократиялық қарым-қатынастың даму кезеңінде таңданылған зерттеу тақырыпнамасы Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайына қатысты жеке мәселелерді тереңірек түсінуде жаңа түрткі болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Бұл диплом жұмысының тікелей мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелерді зерттеу. Қойылған мақсатқа жетуге мынадай мәселелерді зерттеу әсер етеді:
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар түсінігін анықтау және олардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге қолданылатын құқықтық режимдерді анықтау;
- Шетелдік азамат институтын құқықтық реттеуді жетілдірудің ұлттық және халықаралық жолдарының ерекшеліктерін анықтау;
- Шетелдіктердің түрлерін және олардың әрекет және құқық қабілеттілігін анықтау;
- Шетелдіктердің құқықтық қорғалуын және олардың құқықбұзушылық әрекеті үшін жауапкершілігін анықтау.
Диплом жұмысының нысанына шетелдік азамат институтының құқықтық ретелуіндегі қоғамдық қарым-қатынастар жатады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Диплом жұмысында Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайының негізгі қағидалары жүйелі түрде, кешенді негізде, алғаш қойылып, талданып отыр. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайыныңтүсінігі мен мазмұнын, оның ерекшеліктерін, олардың құқықтық мәртебелерінің болуы және құқықтары мен бостандықтарын айқындап, аша отыра, оның жүзеге асуы мен тиімділігін арттыру туралы негізгі ғылыми тұжырымдар жасауға ұмтылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар . Диплом жұмысында негізгі көтеріп отырған тың тақырыпта бүгінгі күннің проблемалық аспектілері қарастырыла отырып, сараптама негізінде келесідей тұжырымдарға келдік:
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың жағдайының құқықтық реттелуінің теориялық-құқықтық негіздері әлі өз деңгейінде зерттеліп, толық негізделмегендігі анықталды.
- Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап, дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттерге еліміз танылып, халықаралық арнада мемлекетіміз бірқатар мемлекеттермен саяси-құқықтық, экономикалық, әлуметтік және т. б. салада тікелей қарым-қатынасқа түсуде, сол себепті елімізге келуші шетелдіктердің саны жылдан-жылға артуда. Сондықтан оларға қатысты қолданылатын құқықтық режимдердің тиімділігін арттыру.
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдарына қатысты және мемлекетіміздің азаматтарының шетелдегі құқықтық жағдайына қатысты орын алып отырған коллизияларды ұлттық заңнамамен шешу жолдарын белгілеу.
- Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келу және кету тәртібін қатаң бақылауға тиісті мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру және ұлттық бақылауды күшейту.
- Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың әрекет және құқық қабілеттілігін арнайы ішкі заңнамалармен айқындап, қарастыру.
Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайының негізгі теориялық мәселелері жатады.
Диплом жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін Қазақстан Республикасы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайының негізгі мазмұны мен қағидалары, оның құқықтары мен бостандықтары, түрлері және іске асу ерекшеліктері құрайды.
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т. б. қолданылды.
Сонымен бірге, ізденуші зерттеу жұымысында отандық белгілі ғалымдар С. З. Зимановтың, С. С. Сартаевтың, С. Н. Сабикеновтің, М. Т. Баймахановтың, Ғ. С. Сапарғалиевтің, З. Ж. Кенжалиевтің, С. А. Табановтың, Ө. Қ. Қопабаевтың, В. А. Кимнің, В. А. Малиновскийдің, А. К. Котовтың, А. Т. Ащеуловтың, А. Айтхожиннің, Б. А. Майлыбаевтың және т. б. еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға арқа сүйеді.
Диплом жұмысының нормативтік базасы. Дипломдық жұмыстың негізгі нормативтік базасына Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Республикалық референдум туралы, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасының сайлау туралы конституциялық заңдар және т. б. ағымдағы заңдар құраған болатын.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Бұл диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының көлемі: 71 беттен тұрады.
1. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайының түсінігі мен өзгешеліктері
1. 1 Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің түсінігі мен түрлері
19 маусым 1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 2 бабына сәйкес шетел азаматтары- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемелекеттің азаматы екендігіне дәлелдері бар тұлғалар. Шетел азаматтарын ерекше тобын бипатридтер құрайды. Бипатридтер - екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматтықтары бар тұлғалар [4] .
Аталған заң шетел азаматтарын екі санатқа бөледі:
- Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген шетел азаматтары;
- Қазақстан Республикасына уақытша тұруға келген шетел азаматтары.
Тұлғаны осы санаттың біреуіне жатқызу негізі - оның Қазақстанда орналасу мерзімі емес, бірақ шетелдіктің мемлекетпен құқықтық байланысының тұрақтылық деңгейі мен Қазақстан Республикасының аумағында орналасу мақсаты мен сипаты. «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 23 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға уәкілетті органнан рұқсат алған шателдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер ортандары шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына арналған ыхтиярхат; ал азаматтығы жоқ адамдарға азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін береді» [5] . Қазақстан Республикасында өзге заңдық негізде орналасқан шетел азаматтары уақытша келгендерге жатады [6, 94б] .
А. А. Сабитованың берген анықтамасына сәйкес: «уақытша орналасқан шетел азаматтары-олардың мемлекет аумағында орналасуы белгілі бір мақсаттармен байланысты және сол мақсаттарды жүзеге асырғаннан кейін, азаматтығының мемлекетіне қайтуды қалайтын тұлғалар» [7, 7б] .
Әдебиетте шетел азаматтарын классификациялауға қатысты тағы бір пікір бар. Сонымен, шетел азаматтарының топтары:
- иммунитеттер мен артықшылықтарды иеленбейтін шетел азаматтары;
- белгілі бір иммунитеттер мен артықшылықтарды иеленетін шетел азаматтары;
- баспана алған шетел азаматтары.
Бірінші топқа белгілі бір мемлекетке тұрақты немесе уақытша келген шетел азаматтары жатады, олар өздері орналасқан мемлекетінің юрисдикциясына отандық азаматтармен теңдей бағынады. Бұларға әртүрлі мақсаттармен келген әртүрлі шетелдіктер жатуы мүмкін, барлығын атау мүмкін емес. Мысал ретінде шетелдік студенттерді, журналистерді, спортшыларды, бизнесмендерді, әртістерді және т. б. келтіруге болады.
Белгілі бір иммунитеттер мен артықшылықтарға ие шетел азаматтарына дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің қызметшілері, үкіметтік және парламенттік делегациялардың мүшелері, үкіметаралық ұйымдардың қызметкерлері және т. б. тұлғалар жатады.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзге мемлекет азаматтығына қатыстылығы туралы дәлелдері жоқ тұлға азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады.
Әдебиетте иммигранттар ұғымы жиі кездескендіктен, оның ұғымын да анықтап алайық. 13 желтоқсан 1997 жылғы «Халықтың көші-қоны туралы» заңда иммигранттардың анықтамасы берілген: «Иммигранттар- Қазақстан Республикасына тұрақты немесе уақытша тұруға келген шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар. » Сол заңның 11 бабында иммигранттар болып санала алмайтын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалардың тізімі келтірілген:
- Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бөлімдерде әскери қызметте тұратындар;
- дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың мүшелері;
- Қазақстан Республикасына оқуға немесе өндірістік практиканы өтуге келгендер;
- Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асырса;
- Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген діни бірлестіктерде қызмет жасаса;
- Қазақстанда аккредиттелген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары, радио мен теледидардың өкілдері болса;
- Қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету мақсатымен, туристер ретінде және іскерлік кездесулер үшін Қазақстан Республикасына келгендер;
- Теңіз және өзен кемелерінің, әуе, теміржол және автомобиль транспортарының экипаж мүшелері.
«Халықтың көші-қоны туралы» заңның 4 бабында басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына қоныс аударған иммигранттарға оралмандар, босқындар мәртебесі беріледі деп жазылған, заңмен көзделген өзгеше жағдайларды қоспағанда. Босқындар - Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, өздеріне зорлық-зомбылық жасалуы немесе өзге де нысындарда қуғындалуы не нәсілі немесе ұлты, діни нанымы, тілі, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа тиесілігі белгісі бойынша тек өзіне ғана қатысты емес, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелеріне де қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупі тууы, сондай-ақ қарулы және ұлтаралық жанжалдарда қуғынға ұшыраудың нақты қаупі себебі өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болып, басқа (шет) мемлекет аумағында жүрген адам. Өте жиі босқындарды мәжбүрлі қоныс аударушылармен шатастырады. Мәжбүрлі қоныс аударушылар- Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, өздеріне жасалған зорлық- зомбылық немесе өзге нысандардағы құғындау не нәсілі немесе ұлты, діни нанымы, тілі, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа тиістілігі белгісі бойынша тек өзіне ғана қатысты емес, сонымен бірге өзінің отбасы мүшелеріне қарсы қуғынға ұшыраудың нақты қаупі тууы себепті, сондай-ақ егер зорлық-зомбылық жасалудың немесе қуғындалудың арасында байланыс болса, не қарулы және ұлтаралық жанжалдарда қуғындауға ұшыраудың нақты қаупіне байланысты өзінің тұрақты тұрғылықты жерін тастап кетуге мәжбүр болған, басқа (шет) мемлекет аумағында тұрып жатқан адам. Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, мәжбүрлі қоныс аударушы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған және жоғары аталған мән-жайлар себебінен Қазақстан Республикасының аумағының шеңберінде орнын өзгерткен шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Босқындар болып табылмайтын адамдарға «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 12-бабы келесілерді атайды: «бейбітшілікке, адамзатқа қарсы немесе басқа қасақана қылмыстық әрекет жасаған адамды» [5] .
Тағы бір субъектіні - оралмандарды қарастырайық. Оралмандар - Қазақстан Республикасы егемендігін алған сәтте одан тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген қазақ ұлтты шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.
Заңсыз иммигранттар - кіру, кету, орналасу, Қазақстан Республикасы аумағынан транзиттік өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына кірген және орналасқан шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.
Жеке заңды қолдану аясы - жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық мәртебесінің, оның құқық- және әрекетқабілеттілік, жеке құқықтар, отбасы және мұрагерлік қатынастарындағы құқықтар мәселесі. Жеке заң екі тұрғыда қолданылады:
- азаматтық заңы (отандық заң) - lex patriae (lex nationalis)
- тұрғылықты орын заңы- lex domicilii
Азаматтық заңына жүгіну бұл қатынастарды тұлғаның азаматтығының заңына бағындыруды білдіреді. Тұрғылықты орын заңын қолданған жағдайда бұл қатынастар үшін шешуші болып, тұлғаның тұрақты және басым тұрған мемлекетінің заңы болып табылады.
Азаматтықтың заңы нысанындағы жеке заң көптеген мемлекеттерде басым қолданылды. Бұл коллизиялық бастаудың қалыптасу тарихы 1804 жылы Француз азаматтық кодексінің қабылдауымен тығыз байланысты. Сол кодекстің 3-бабында шетелдегі француздар азаматтық жағдайы мен әрекетқабілеттігіне қатысты мәселер бойынша отандық заңдарға бағынады делінген [8, 15] . Кейінірек, отандық заңның бастама мағынасы 1865 жылғы Италияның азаматтық кодексінде [9, 7], 1896 жылғы Германияның азаматтық жинағында бекітілді [10, 45] .
Ағылшын-американдық құқығындағы қалыптасқан домицилий концепциясы рим құқығына негізделген құқықтық жүйелерде қалыптасқан домицилий концепциясынан ерекшелінеді. Ортақ құқықтың англо-саксондық жүйесі тегі бойынша домицилий (domicil of origin) және таңдау бойынша домицилийді (domicil of choice) ажыратады. Сол концепцияны сипаттайтын ережелердің біреуі- әркімнің домицилийі бар (заңды туған бала әкесінің домицилиіне, заңсыз туған бала анасының домицилиіне ие) .
Таңдау бойынша домицилияны иелену үшін сол аумақта ұзақ мерзім өмір сүру жеткілікті емес, оған қоса, тұлғаның сол жерде тұрақты қалуға ниеті болуы тиіс. Себебі таңдау бойынша домицилияны алу негізі тұру критериі мен қалуға ниеті болып табылады, тұру ұзақтылығының домицилияны өзгертуде шешуші мәні жоқ. Чешир мен Норт осы тезисті дәлелдеу үшін 2 сот істерін мысалға келтіреді. Бірінші шешім бойынша Үндістанда 25 жыл бойы тұрған тұлғаға үнді домицилиясын алу үшін тұру мерзімі жеткіліксіз болды.
Тағы бір шешімде Жаңа Шотландияда тегі бойынша домицилийі бар канадтық ағылшын әуе қарулы күштерінде қызметте болғаны мен онда 40 жыл тұрғанына қарамастан, өз Отаны- Шотландияға қайту ниеті себебінен, оған ағылшын домицилиясы берілген жоқ [11, 200б] .
“Азаматтықты әлеуметтік-саяси кұбылыс ретінде қарастырылған жөн, өйткені ол қазіргі заманғы мемлекеттіліктің құрылуы мен өмір сүруін білдіретін факторлардың бірі болып табылады” [12, 73б] . Егер азаматтықты адам мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланысы реттінде түсінсек, онда құбылыстың тұтастық сипаты туралы мәселе туындайды. Аззаматтық оған тән барлық сипатты белгілерімен, қырларымен тұтас әлеументтік-саяси құбылыс реттінде өмір сүруін тоқтатады және өзіндік жекелеген құбылысқа айналады.
Мұндай жағдайда біз азаматтықтың мәнін, маңызы мен рөлін, өркениетті мемлекеттің өмір сүруі жағдайында оның объективті қажеттігін анықтау мүмкіндігінен айырыламыз. Оның үстіне, азаматтық мемлекетке өз аумағы шегіндегі, сондай-ақ сыртқы қатынастардағы барлық көріністерімен қатысты болады.
Азаматтық пен азамат ұғымының арасындағы айырмашылықты көз алдымызға әкелу үшін құқық ұғымы мен құкықтық норма ұғымдарының өзара катынасына сілтеме жасаған жөн. Құқық пен құқықтық норманы ұқсастыру ешкімнің ойына келмейді. Құқық ерекше құбылыс екені белгілі, сонымен бірге құқық норма ретінде нақ сол құбылыстың бір бөлшегі. Құкықтың жеке нормасын алып, тіпті оны жан-жақты сипаттап, талдағанның өзінде құқықты, мемлекеттің құқыктық жүйесін түсіну мүлдем мүмкін емес. Сондай-ақ, жеке азаматтың құқын сипаттап, азаматтың тұтас кұбылыс ретіндегі мәнін, рөлін, маңызын түсіну мүмкін [13, 144б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz