«Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы



К І Р І С П Е
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I ТАРАУ І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ТІЛДІК
ТҰЛҒА МӘСЕЛЕСІ
1.1 І.Жансүгіров тілінің зерттелу жай.күйі
1.2 Тілдік тұлғаның тіл білімінде зерттелу мәселесі
1.3 Тілдік тұлға . тілдік мәдени құзірет иесі
II ТАРАУ І. ЖАНСҮГІРОВТЫҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНЫҢ
ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
2.1 І. Жансүгіров поэмасындағы тілдік ерекшеліктер
2.2 «Құлагер» поэмасындағы тілдік тұлғаны белгілейтін концептілер
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
П А Й Д А Л А Н Ы Л Ғ А Н Ә Д ЕБ И Е Т
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
1. Мұратова Г.Ә. «Абайдың тілдік тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалды жүйесі» КДА. А., 2009.
2. Ниятова Ш.С. «Махамбеттің тілдік тұлғасы» КДА. А., 2007.
3. Қожахметова Ф.Б. «Тұрмағамбет Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты» КД.А. А.,2004.
4. Қабдолов З. «Сөз өнері» А.,2006.
5. Дүйсенов М. «І.Жансүгіров» А., 1965.
6. Әбдірахманова Т. «Ақын сыры» А., 1965.
7. Иманғазинов М. «Ілияс Жансүгіров» А., 2004.
8. Қаратаев М. «І.Жансүгіров» А., 1961.
9. Жұмалиев Қ. //Ілиястың әдеби тіліміздегі орны мен өзіне тән ерекшеліктері / І.Жансүгіров. Шығармалар. 1 т..А.,1960.
10. Дәуітұлы С. //Тұлпар ақын Ілияс Жансүгіров/ Құлагер. А.,1999.
11. Жұбанов Қ. «Қазақ тіл білімі жөніндегі зерттеулер» А., 1966.
12. Байтұрсынов А. //Шығармалары. Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер/
А., 1989.
13. Жанпейісов Е. «Қазақ прозасының тілі» А., 1968.
14. Кәрібаева Б. «Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары» (Зерттеу) Астана., 2001.
15. Бекхожин Қ. «Халық өмірінің өрен жыршысы» // І.Жансүгіров. Шығармалар/ А., 1989.
16. Сүлейменова Э., Мадиева Г. «Тіл білімі сөздігі» А., 1998
17.Ахметов З., Шаңбаев Т. «Әдебиеттану терминдер сөздігі» А., 1999.
18. С.А.Сухих., В.В. Зеленская. «Репрезентативная сущность личности в коммуникативном аспекте реализаций» М., 1997.
19. Қоңыров Т. «Қазақ тілінің тұрақты теңеулер сөздігі» А., 1990.
20. Қоңыров Т. «Қазақ теңеулері» А., 1978.
21. Серғалиев М. «Метафора» // Қазақ тілі энциклопедия/А., 2000.
22. Османова З. Ж. «І.Жансүгіров поэзиясы тілінің көркемдік ерекшеліктері» КДА. А., 2004.
23. І.Жансүгіров «Поэмалар мен өлеңдер» А.,1994.
24. Абдулина Г. //Тіл – ұлттық таным негізі./ Қазақстан мектебі 2005; №5,6.
25. Құрманбаева Ш. //Тіл үйрету әдістемесіндегі «тілдік тұлға» мәселесі/ Ұлағат. 2008 №2.
26. Азамат ақын. // І.Жансүгіровтың жүз жасқа толуына орай шыққан естеліктер жинағы/ А., 1994.
27. Жиренов С.А. «XV- XIX ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы «Өмір-өлім» концептісінің танымдық табиғаты» А., 2007.
28. Хасанов Б. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы метафоралар //ҚазССРҒА Хабарлары/ 1962.
29. Караулов Ю.Н. «Русский язык и языковая личность» М., 1987.
30. Жуминова А.Б. «Тезаурус языковой личности поэта О.Сулейменова» АКД, А., 2004.
31. Омарбаева Г.С. //Проблема языковой личности в лингвистической литературе/ Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Хабаршысы 2007.
32. Сұлтанов Қ. //Ақан Сері – Құлагер Ілияс/Жас Алаш 1994 ж; 25 маусым.
33. Терекова Ф. Е. Языковая личность К.К. Жубанова. А., 2004.
34. Дүйсебаев С. Р. Мен – осы шынайы махаббат иесі. А., 2002

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
К І Р І С П Е

Зерттеудің өзектілігі:

Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар
перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге
алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX
ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, көп қырлы талант иесі
І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы.
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан
Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен
бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады.
Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері
әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды
әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ
өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің
ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің
тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің
ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты
мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау
жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және
ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла
түсетініне көз жеткіземіз.
Құлагер поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ
халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың
қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа
үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке
жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде
қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге
қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың
тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен
ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс
Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік
деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын
білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның
жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу
қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен
бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны
белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның
көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін
танытады.
Зерттеу нысаны: І.Жансүгіров шығармашылығындағы ұлттық дүниетанымның
ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс
тапқан бірліктер – концептілер жүйесі құрайтыны анықталды.
Зерттеудің мақсаты:
Қазіргі кезде қазақ филологиясының ерекше көңіл бөліп отырған саласының
бірі – көркем әдебиет пен оның стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі.
Ілияс тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін
мүмкіндігінше толық талдау мақсаты көзделеді, әрі белгіленген әр деңгейдің
жүзеге асуы нақты бір лингвистикалық мақсат-міндет жүктейді.
Сондықтан да олардың жеке тілдегі көрінісі тіліміздің сол
заңдылықтарға қатысты тұрғысынан нақтылы талданып, тілдік құбылыстардың
табиғатын жан-жақты тануда мәні ерекше болмақ. Әрбір ақын өз поэмасында
өмір ақиқатын, оның болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі
арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады десек, қазіргі таңда ұлт
тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің
нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың
тілдік деректері арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз. Сондықтан да
жұмысымызда Құлагер поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік
ерекшелігінің дамуын, өзіндік қалыптасуын және оның тілдік тұлғасын ашуға
тырыстым.
Ілиястың тілдік тұлғасы – қазақ әдеби тіл дамуына қосқан үлесі арқылы
танылып, тілдік тұлғаның шығармаларын когнитивті талдау барысында Ілияс тек
ақын ғана емес, үлкен прозаик, драматург, сатирик және талантты аудармашы
Ілияс тұлғасы мен ақын, сөз зергері, қазақ әдеби тілінің ілгері дамытушы
тілдік тұлғаның ықпалдаса біртұтас әлемге айналғанын танытуды мақсат еттім.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Құлагер поэмасындағы І. Жансүгіровтің тілдік тұлғасы тілде
(мәтіндерде), тіл арқылы көрініс табатын және өзінің негізгі белгілері
тілдік құралдар базасында қайта құрылған тұлға екендігін айқындайтын
қоғамдық мәні бар тұтастық ретіндегі пәнаралық термин. Осыған сәйкес біз
зерттеуімізде бұрын көп айтыла қоймаған, XX ғасыр қазақ даласында, жер
жаннаты Жетісуда жыр Құлагері – Ілияс өмір сүріп, өзінің саналы ғұмыры мен
талантын елдің оянуына арнаған, халықтың өркениетке ұмтылуына, өнер мен
білімге жетуіне өзіндік үлес қосқан тұлғалардың бірі – ақын Ілияс
Жансүгіров шығармаларын тілдік тұлға теориясы тұрғысынан жан-жақты
талдауды мақсат еттім.
Сондықтан да І.Жансүгіровтің Құлагер поэмасы тілінің көркемдік
жүйесі мен көріктеу құралдарының тілдік табиғатын анықтау, яғни, ақынның
тілдік тұлғасын көрсету диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Ол
мақсатқа жету үшін алдымызға нақтылы мынадай міндеттер қойылады:
Аламан ақын Ілиястың тілдік тұлғасын анықтау, атап айтқанда:
- І. Жансүгіровтің Құлагер поэмасы тіліндегі көріктеу құралдары: теңеу,
эпитет, метафоралық қолданыстарды лингвостилистикалық тұрғыдан талдау,
оларды тіл материалдары негізінде дәйектеу;
- Құлагер поэмасы тіліндегі метонимия мен синехдоханы көркемдік құрал
ретінде қарастыру;
- Құлагер поэмасындағы тілдік тұлғаны белгілейтін
концептілер (тұлпар, қайғы) жүйесіне талдау жасау.
Зерттеудің тілдік материалдары ретінде ақынның шығармалар жинағы алынды.
Қазақ тіл біліміндегі тілдік тұлға деңгейін межелеу тіл білімінде енді-
енді ғана қолға алынуда. Атап айтқанда, М.Дүйсенов, Т. Әбдірахманова,
М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбанов, Қ. Сұлтанов, С.Дәуітұлы, Б. Хасанов,
М.Иманғазинов еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің дереккөздері. Тілдік материалдар ретінде ақын
І.Жансүгіровтің әр жылдары жарық көрген өлеңдері және оның поэзиясын толық
қамтитын Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы дайындаған 5 томдық
шығармалар жинағының I, II томдары (1960ж.), Құлагер жинағы, 2004 ж.
шыққан Көп томдық шығармалар жинағы (3-том) пайдаланылды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында мақсатқа жету үшін дағдылы
ғылыми сипаттама, салыстыру, түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. І. Жансүгіров шығармашылығы
филология ғылымында әдебиеттанушылар тарапынан жан-жақты зерттелгені
белгілі. І.Жансүгіров тілдік тұлғасын танымдық тұрғыдан зерттеу алғаш рет
қолға алынып отыр. Ілияс поэзиясындағы дүниенің тілдік бейнесіндегі
тұлпар, қайғы концептілері тілдік-танымдық тұрғыда талданды. Зерттеу
нәтижесінде
І. Жансүгіров шығармалары лексика-стилистикалық, құрылымдық-мағыналық,
құрылымдық, синтаксистік тұрғыдан айтарлықтай зерттелгенмен, олар автор
қарастырғандай өмірлік-типтік жағдаяттарды тіл-мәдениеттұтастығына
негіздеп таңбалайтын, бейнелеп атайтын тіл бірліктері ретінде танымдық
–прагматикалық аспектіде арнайы зерттелген емес екендігі айқындалды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М

I. І.Жансүгіров поэзиясының зерттелуі және тілдік тұлға мәселесі

1.1 І.Жансүгіров тілінің зерттелу жай-күйі.

Туған топыраққа деген перзенттік тағзым Ілияс ағамыздың қаламынан
сағынышы атойлаған сәулелі де, мәуелі жыр шумақтарын тудырды. Арман не, ол
туған даласының төсінде бұл күнде апталап, айлап мауқын басып, туған жер
туралы толғана алмас. Жыр дүлдүліне сұм тағдыр не көрсетпеді. Бірақ оның
өрт жырларын оқып өскен әрбір азамат ақын рухы алдында адамгершілік
танытып, бас иіп келеді. Әуелі жырын ауылдан бастайтын ақын ағамыздың
өлеңінде біз білмес құпия сыры да бұғып жатқан шығар. Бірақ осы топырақта
оның кіндігі кесілсе, осы топырақта оның ізі қалғаны ақиқат. Өйткені,
ақынның кез-келген жырынан ауылға деген сағынышы аңқып, оның өзі кейінгі
ауыл жастарына әуелі ауылыңның жұпар иісіне, ыстық топырағына, тау тасына
тамсанып, таңдана біл деп тұрғандай. Міне, сонда ғана сенде Отаныңды ыстық
жүрегіңдей аялап, сүйе аласың дегендей осының өзі-ақ кейінгі жастарға
эстетикалық тәрбие алар, тәлім алар бастау екендігі анық. Оны:
Мен өзім тауда туып, тасында өстім,
Жасымнан мұз төсеніп, қарды кештім.
Асқарда Аршалыға қозы жайып,
Бұлттың аспандағы қасында өстім.
Жөнкенің жоғары ала басында өстім,
Ақ гауһар Ақтастының қасында өстім.
Таудағы тасқындаған ағын судай,
Өлеңім басталады таудан ұдай – деген
жыр шумағынан айқын байқай аламыз. Міне, әдебиетіміздің әсем шыңы
І.Жансүгіровтың мұндай кіршалмас жырлары барша жұртты қазіргі күнге дейін
тау қайнарындай таза, жан сарайыңды ашар тылсым күшімен баурап, баулып
келеді. Осы кезеңге дейін қаншама өскелең ұрпақ ғибрат алса, әлі ол күллі
қауымның таза бұлағына айналмақ. Ұлы ақын барша қазақтың талантты ақыны,
көркемдік ізденісі дараланып тұрған аса ірі тұлға. Ал, оның жастарға
эстетикалық тәрбие беру жанрындағы техникасы қазақтың ұлттық ою-өрнегін
жалғастырып қана қоймай, жаңғыртып отырады. Ақынның әр өлеңінің әр
тақырыбынан әрдайым қазақ халқының ұшы-қиыры жоқ мол да, бай дәстүрінен
саналылықпен, білгірлікпен нәр алатындығы анық байқалады. Оның әр
шығармасымен танысқан кезде шығыс және батыс елдерінің фольклорына да
жүйелі жүгінетінін айқын аңғара аласың. Сонымен қатар, ақынның асқақ
поэзиясындағы азаматтың өз даусынан халық тарихын терең білетіндігі өзінің
маржан жырларымен көркем тізілген. Бұдан ақынның әнге де, күйге де бейім
екендігін, өзі домбыра шертіп, қоңыр дауысымен ән салып, талай
тыңдаушыларын тамсандырып, таңқалдырғанын, сөйтіп бар өнерін халқына, ел-
жұртына, туған даласына арналғанын білесің. Сол дала перзенті – ақын Ілияс
ағамыз:
Жүрегім, жырым сенікі,
Кеңесті далам кең далам
Тудым, өстім, есейдім
Ен далам – анам, мен балаң.
Еңбек тулы ел-балаң,
Туған, өскен, есейген,
Бұрынғы кеткен күніңді,
Берейін жырлап елге анам
Көргеніңді бүгінгі,
Жаз, жаз қалам, тер қалам – деп ағынан жарылады. Ақын шығармаларының
осындай өткірлігіне қайран қаласың.
Тілдік тұлға мәселесін тілдік, сонымен қатар, экстралингвистикалық
(тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра
отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық
негізін анықтау өзекті мәселе болып табылады.
Ағынды менің Ақсуым,
Ақырып әлі ағасың... - деп жырлаған Қазақ өлеңінің Құлагері
Ілияс Жансүгіров есімі – иісі қазақ баласы үшін алақанда
аялар, көңілінің көгінде жұлдыздай жарқырап тұрар есім. Тұрсынзада ақын
жырлағандай: Қазақтың маңдайына өлең бітсе, өлеңнің маңдайына бітіп ең
сен. Осы зерттеу барысында жыры ерен, сыры терең текті ақын дүлдүлінің
дүбірі құлағымызға жетіп, әлі де ақырып ағып жатқан Ақсудың асыл
толқындарымен бірге толқығандай күй кештім. Аяғы – көл, кеудесі
асқар Жетісудың желкілдеп өсіп келе жатқан жеткіншегі Ілияс болып жырлап,
Күй болып төгіліп, Дала болып шалқыған сәтінен ұлағатты ұрпақтың
балдәуренінің базарын, алғы күннін ажарын көрдік. Не ексең соны орасың
дейтін еді біздің халық. Туған жердің тұғырын биіктетіп, ақынын ардақтап,
рухқа бас ию арқылы өсер өренге өнеге сыйлаудың өлмес үлгісі болар бұл.
Мамырдың мамырлаған әдемі бір күндері Ақсудың ағысы, Құлагердің шабысы,
Алаштың арысы бәрі-бәрі қосылып Жетіөзеннің арнасын кеңіткендей, ақ жарма
ниет ақ бұлақ боп ақтарылғандай.
Қазақ поэзиясының дүлдүл жүйрігі аламан ақын Ілияс Жансүгіровтың ұлан-
ғайыр мұрасының ішінен махаббат жырлары сансыз жұлдыздар аясындағы күн мен
айдай жарқырап, жылу мен жарық бөліп, адам жанын нұрландырып, ерекше бір
ізгілікке деген ұмтылыс, жақсылыққа деген сенім орнықтырып тұрады. Ілияс
жырлары – ұлы дала перзентінің ұлы махаббаты.
Дала перзенті үшін махаббат - өмірдің мәні, жарық дүниесіндегі
құдірет. Тәні де, жаны да махаббат пен мейірімнен жаралған қазақ сол
құдіреттің өзі болып ғұмыр кешкен. Махаббат оның мінез-құлқында.
Инабаттылық, ізеттілік, ибалылық, кісіге құрмет, бауырмашылдық,
тілектестік, қонақжайлық, тіршілік атаулыға(адам, өсімдік, жан-жануар,
аспан әлемі, туған топырақ) жүрек толы мейірім болып көрініс береді. Ол
қазақтың төл қасиетіне, менталитеттік сапасына айналған. Халқымыздың
тілінің, ділінің, рухани жан дүниесінің салт-ғұрпының таза, сұлу берік
болатыны да содан. Ілияс поэзиясының мазмұн-мәні, рухы, тәлімі – осы.
Онда халқымыздың отбасы жар-анаға, кіндік кесіп – кір жуған жеріне,
тал бойында қайнап аққан ән-күй өнеріне, өмірінен артық тұтқан тұлпарына
махаббаты бар.
Көркемдік әдебиет пен поэзия тілін зерттеу, ең алдымен, Ахмет
Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов көркем
шығарма тілі жөніндегі зерттеулерін Әдебиет танытқыш (1926) және
Қазақтың бас ақыны деген еңбектерінде жариялаған. [13,136-304].
Ілияс поэзиясы тілін бағалауды алдымен сөз өнеріне деген Ахаң қойған
талап тұрғысынан қарастырған дұрыс. Сөз жазатын адам әрі сыншы, әрі сыншы
боларға керек, - дейді ол [13,301]. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың
шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы,
маңызды болуына білім керек. Алайда осы үшеуі де болған. Бұлардың үстіне
Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда өлең сөздің неше
түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Абайдың өзі өлең жақсы болуға керек
шарттардың бәрін білген. Сондықтан өлеңі қай тарапынан алсақ та жұп-жұмыр.
Жалғыз-ақ міні бар: ол мін өлең бунақтары тексеріліп, орнына
қойылмағандық... Мұнан басқа Абай өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта
алмаймын - дейді Ахаң [13,301].
Ахмет Байтұрсыновтың ізімен, Ахаңша сынасақ Ілиястың ақын әрі сыншы
болғанына көз жеткізу қиын емес.
Поэзия көркемдігі туралы проф Қ. Жұбанов зерттеу жұмыстарын жүргізген.
Ғалым мұраларын зерделеп оқыған сайын оның ғылыми талдаулары мен
тұжырымдарының маңыздылығына, өміршеңдігіне куә боласыз. Қ. Жұбановтың 1934
жылы Әдебиет майданында жарияланған Абай қазақ әдебиетінің классигі
(Абай туралы кітапшаның үзіндісі) мақаласы қазақ әдебиеті тарихындағы,
тіпті сол кезеңдегі түркі дүниесінде Абайдың алар орнын анықтаған, ақын
шығармаларына тұңғыш филологиялық талдау жасаған бірден-бір еңбек болып
саналады. [12,361].
Жұмыс тақырыбы поэма тіліне қатысты болғанына қарамастан, көркем проза
тілін алғаш зерттеушілердің бірі Е.Жанпейісовтің Абай шығармаларына
арналған еңбектеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Себебі, Е. Жанпейісов
көркем әдебиет тілін зерттеудің негізгі принциптерін өз еңбегінде ұсынған
болатын. Оның бірі – жеке тілдік элементтерді жалпы көркем контекспен,
басқа да әр алуан бейнелеу құралдарымен тығыз байланыстыра қарау болса,
екіншісі, лингвистикалық ыңғайда қоса талдаудың қажеттілігі болып табылады.
Сондай-ақ, ғалым ғылыми зерттеуінде әдеби тіл мен көркем әдебиет тілінің
қызметтері әртүрлі екенін дәлелдейді. Абай поэмасының тілдік көркемдігі
туралы зерттеуші мынадай ұтымды пікір айтады: Жазушы тілдегі бейнелеу
құралдарын әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі
сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал-мәтелдер де, эпитет пен
теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары шығарманың жалпы
идеялық, тақырыптың арқауына лайық жаңа бір мағыналық астар алып, стильдік
функциясы арта түседі [14,47].
Ілияс өлеңдерінің құрылымдық ерекшеліктерін алғаш көрсеткен ғалым
Қ.Жұмалиев болатын. Оның Ілиястың әдебиетіміздегі орны мен
өзіне тән ерекшеліктері деген көлемді мақаласында осы мәселе алғаш
құралса, Әр жазушының өзіне тән творчестволық ерекшеліктері жайлы
мақаласында бұл пікірі шыңдалып, нақтылы ой-қорытындымен беріледі. [9,28].

І.Жансүгіровтің әдебиетке ден қойып, кіріскен уақытынан бастап оның
творчествосы жөнінде пікір айтқандар аз болмаған. Солардың алғашқыларының
бірі – Ғаббас Тоғжанов. Ол өзінің Әдебиет және сын мәселелері деген
еңбегінде Ілияс Жансүгіровтің творчествосына арнап бір тарау берген. Онда
...сөз жоқ, Ілияс та төңкерісшіл ақындарымыздың бірі. Жаңа түр іздеу,
өлеңін әдемі, көркем шығару жағынан Ілияс көп ақындарымыздың алдында деуге
болады. Ілиястың бір жақсысы, Ілияс жазудың техникасын біледі, өлең,
әңгіме, фельетонды қалай құрудың заңын біледі..., - деп бағалады. [7, 6].
Ілиястың 1926 жылдарға дейінгі шығармаларында ...жаңашылдық, ұсақ,
байшылдық, ұлтшылдық әсері байқалса, ал 1926 жылдан кейінгі жазғандарын
алдыңғымен салыстырғанда, олардың арасында үлкен айырма бар.
Түр жағынан да Ілиястың ілгері басқаны көрінеді... – дегенді де айтқан
Ғ.Тоғжанов болатын.
Әбділда Тәжібаевтың Ілияс туралы бір-екі сөз деген мақаласында сол
кездің ыңғайымен ұлтшыл-байшыл, жолбике деген жөнсіз айдар таққан кезі де
жоқ емес. Оған Ілиястың Ақынға, Ызалы қиял, Көк өгіз өлеңдері
себепкер болды. [7,7].
Ілиястың шығармалары хақында баспасөз бетінде 30-жылдары
Әзімбай Лекерұлы мақала жазды. Онда ол С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің,
Б.Майлиннің творчестволарынан (революциядан бұрынғы және кейінгі)
қателіктер тауып, бұлар жаңа өмірде қорытынды жасай алмайды деген пікір
білдіреді.
Бұл пікірге С.Мұқанов қарсы шығып ...Сәкен мен Ілиястың да
кемшіліктері жоқ емес, дегенмен бұл екеуін қазақтың совет поэзиясының
классигі деуге аузымыз бара алады, - деп тұжырым жасайды.
Ал жеке адамға табыну өріс алғанда Ілиястың творчествосына да, жеке
басына да қара бұлт үйірер материалдар шыға бастайды.
1937 жылдың көктемінде-ақ Жансүгіров Ілияс Кировтың өліміне арнап
жазған өлеңінде саяси қате жіберді. Ол қатенің өзі де анау-мынау қате емес,
үлкен қате. Артынан түзеу орнына Жауырды жаба тоқып жүре берді деген
сөздерді естиді.
Кейін Жансүгіровтің редакциясымен 1935 жылы Сүйінбайдың ұлтшылдық
кітабы шықты. Ол кітаптың ішінде қазақты қырғызға өшіктіріп айдап салды
деген ауыр айып тағылып, ақыры классик жазушымыздың халық жауы атанып
атылып кеткені белгілі.
Мезгілсіз мерт болғаннан кейін оның шығармашылығы түгіл атын атауға
тыйым салынды. Тек 1957 жылы ақталғаннан кейін ғана шығармалары шығып,
бірте-бірте оның творчествосы жөнінде жан-жақты ой-пікірлер айтыла бастады.

Ілияс Жансүгіровтің ақталуы – оның тек ақындық қана емес, сонымен
бірге прозаик жазушы, талантты драматург, әдеби сын тұрғысындағы ауыз
әдебиетін зерттеуші, балалар әдебиетінің шебері ретіндегі және оның басқа
өнерпаздық көп қырлылығын тануға кең жол ашты.
Осы салалар бойынша академик Мұхаметжан Қаратаев өзінің Эпостан
эпопеяға деген әдеби сын зерттеу еңбегінде Жаңа заман, жаңа әдебиет,
Халықтың ежелгі жан серігі, Ұлы ұстаз, Асау тұлпар тарауларында
әдебиетіміздің өсу белестерін сөз етіп, автор І.Жансүгіровтің де әр
кезеңдегі асуларға қосқан үлесін көрсеткен.
Қажым Жұмалиев Стиль – творчестволық ерекшелік атты мақаласында Қазақ
совет әдебиетінің негізін салған майталман ақын-жазушылардың, оның ішінде
І.Жансүгіровтің творчестволық стиль ерекшеліктерін сөз етеді. [7, 9].
Ал Есмағанбет Ысмайылов І.Жансүгіровтің творчестволық ізденулері
жайында көптеген пікірлерін өзінің Белестер биігінен қарағанда деген
мақаласында кеңінен ашып айтқан.
Ілияс Жансүгіровтің творчествосы туралы зерттеулерге қатысты ой-
пікірді Тұрсынбек Кәкішев Әдебиеттану ғылымы туралы бірер сөз деген
мақаласында саралап, ақынның кешегі және бүгінгі зерттеушілерінің,
еңбектері мен тұжырымдарын тілге тиек етеді. Сондай-ақ Қазақ әдебиеті
сынының тарихы атты кітабындағы Абайтану асулары деген тақырыппен
берілген бөлімінде Ілиястың өз тұсындағы Абай шығармаларының зерттелуі,
жариялануы жайындағы, сонымен бірге Абайдың тарихи туысы, Абайдың ата
заманы, Абайдың өз заманы, Екі заманның сапырылысы, Абайдың
қайшылықтарына деген еңбектеріндегі пікірлерге тоқталып өтеді.
Зерттеу еңбектердің ішінде Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен творчестволық
даму жолдары кең көлемде берілген, оның ішінде жаңа тақырып, жаңа образ,
лирикалық эпостық жанрларды меңгеру, оған қосқан өзіндік үлестері, оның
өскен ортасы туралы сөз еткен үлкен еңбек 1965 жылы Ілияс Жансүгіров
деген атпен Мырзабек Дүйсеновтің авторлығымен жарыққа шығып, кейінгі
зерттеулерге соқпақ салып берді. Ілияс Жансүгіровтің прозасын
әңгімелегенде, ірілі-уақты шығармаларына, әсіресе, Жолдастар романына
қысқаша талдау жасалған.
Ілияс Жансүгіровтің поэзиялық, лирикалық шығармаларын мейлінше кең
зерттеген әдебиет зерттеушілерінің бірі – Тұрсынхан Әбдірахманова. Өзінің
1965 жылы жарыққа шығарған Ақын сыры атты кітабында ақынның өлең жазудағы
шеберлігіне, өлең құрылысына, лирикасындағы еңбек, әйелдер, революция,
жастар тақырыбына жазылған өлеңдеріне көптеген құнды пікір білдірген. [7,
10].
Сондай-ақ, Б.Ақмұқанова Жиырмасыншы жылдардағы әңгімелер
ерекшеліктері мақаласында Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармаларына
тоқталып, жазушының әңгімелерін қысқаша айтып өтеді. [7, 10].
Х. Әдібаев Қол жеткенге көз салсақ деген еңбегінде, Т.Ыдырысов
Очерк туралы ойлар деген кітабындағы Жаңарған өлке, жаңа адам келбеті
тарауында жазушының алғашқы бесжылдықтар кезінде жазған очерктеріне талдау
жасап, тұжырымды пікірлер айтқан.
Ә.Әзиев Қазақ повесі кітабында жанрдың совет дәуірінде туу және
қалыптасу кезеңдерін атап, І.Жансүгіровтің қазақ повесіне сіңірген еңбегін
негізге ала отырып, оның повестеріне шолу жасайды. [7, 11].
Р.Нұрғалиев Арқау атты монографиялық еңбегінде Ілиястың прозалық
шығармаларының ішінде Құқ, Жол аузында әңгімелеріне адам мінездерін
аша білетін реалистік диалогке құралған шығармалар деп жоғары
баға береді.[7, 11].
Қаламгердің прозалық шығармаларын соңғы жылдары зерттеп жүрген
ғалымдардың ішінде Ләззәт Әділбекованы атап өткен жөн. Атап айтқанда,
І.Жансүгіровтің публицистикасы, шағын әңгімелері, Жолдастар романы
жөнінде өзіндік ой-пікір білдіріп, ғылыми топшылаулар жасауда. Осы сала
бойынша зерттеушінің еңбектерін айтар болсақ, ол Ілияс Жансүгіровтің
публицистикасы, Қазақ әдебиетінде Ілияс Жансүгіров творчествосының
зерттелуі және т.б. сонымен қатар І.Жансүгіровтің Жолдастар романы
жөнінде әдістемелік құрал шығарды.
Ілияс Жансүгіровтің ақындығына айрықша назар аударылғандықтан, оның
шығармашылығының басқа қырлары туралы аз айтылып, жазылып келеді десек те,
үлестен құр алақан емеспіз. Прозалық шығармалары мен сатиралары шығармалар
жинағында да, жеке кітап болып та әлсін-әлсін шығып келеді. Сонда да Көп
қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы
екенін баса айтуға құмарлығымыз басым.
Алғашқылардың бірі болып Е.Бекенов 1923 жылы Тілші газетінде Неге
шабан өсеміз? деген мақала жазып, Ілиястың бірқатар сатиралық әңгімелері –
Бақтың әдісі, Ташкендікке тарт, Қуыршаққа назар аударған болатын. [7,
12].
1934 жылы Ілияс фельетон жанрына үлкен еңбек сіңіріп жүргендігі. Алаш
жазушылары бұл жанрды өркендете алмағандығы нағыз фельетонды жазған Ілияс
пен Бейімбет. Бұл даусыз деген Р.Жаманқұлов 1936 жылы Әдебиеттегі
формализм мен натурализм деген айтыс мақаласында Ілиястың сатиралық
әңгімелерінде кейіпкер характерлері ашылмаған, алған объектісі күңгірт,
заман талабына сай емес деген болатын. Қайсысы шын, қайсысы кезең
ыңғайымен айтылғанына уақыт куә.
1965 жылы Мырзабек Дүйсенов Ілияс Жансүгіров атты жазушы ақын
шығармашылығы жөнінде монография жазып, докторлық диссертация қорғады. Әр
жанрдағы еңбектері бағалана бастағанда 1965 жылы Е.Жақыпов Ілиястың сатира,
әсіресе, фельетон жанрында ұзақ еңбек сіңіргенін, онымен жас
фельетонистерге үлкен тәлім бергенін баса айтты. [7, 12].
Б.Қыдырбекұлы 1965 жылдың 25 мамырында Лениншіл жас газетінде
шыққан Уытты сөздің зергері атты мақаласында Ілиястың сатиралық
туындыларына жоғары баға беріп, оның осы жолдағы суреткерлік шеберлігінің
қыр-сырын айтады. [7, 12].
Ғ.Орманов Ара журналындағы Күлкі-сықақ сеңгірі деген мақаласында
Ілиястың сатирасы, оның уыты, пәрмендігі, әсерлігі, оған жас жазушылардың
еліктеуі, өзінің содан үйренгендігі жөнінде баяндаған-ды.
Серік Қирабаев С.Сейфуллиннің творчестволық жолы жөніндегі кітаптың
99-109 беттерінде Ілиястың шығармаларына тоқталып, оның сатира және юморлық
нақышта жазылған әңгіме-фельетондарына пікір білдірген. [7, 13].
Ілиястың газет беттерінде жарияланған фельетондары жөнінде
республикаға танымал журналистер мен зерттеушілер – Б.Қыдырбекұлы,
Т.Ыдырысов, Б.Оразбеков осы жанрға тікелей араласып, оны байытқан, фельетон
жазу шеберлігін шыңдаған жазушының тілі уытты, ащы екендігін атап өткен.
Сонымен бірге Ілиястың бірқатар фельетондарына, оның ішінде Сөз
Қамысбавқа, Кек деген фельетондарына талдау жасалынған. [7, 13].
Сатирик жазушының еңбектеріне тікелей араласып, ішкі иірім-құпияларын
ашып, көптеген сықақ әңгімелері мен фельетондарына аса бай ғылыми талдау
жасаған ғалым-зерттеушілер – Мырзабек Дүйсенов пен Темірбек Қожакеев.
1965 жылы Ғылым баспасынан жарық көрген М.Дүйсеновтің
І.Жансүгіровтің өмірі мен творчествосына арнаған кітабы және Т.Қожакеевтің
Қазақ совет фельетоны еңбегі, Сатира және дәуір монографиясы,
Сатиралық жанрлар оқулығы жоғарыда айтылған пікірлерге дәлел бола алады.
[7, 13].
Басқа сатиралық әңгімелерін айтпағанда, Т.Қожакеев қаламгердің
фельетондары жөнінде Ол әрі өткір сатираның, уытты фельетондардың дара
шебері еді. Ащы күлкі, әзіл-сықақ, жеңіл юмор Ілияс творчествосының тоят
берер, сүбелі жатқан бір қыры. Тіпті, Ілиясты қазақ совет әдебиеті мен
баспасөзіндегі фельетонның негізін салушы атасы десе де болады, - деп баға
береді өзінің Қазақ совет фельетоны деген диссертациялық еңбегінде.
Жазушы шығармылығының үлкен, қомақты орын алатын шығармаларының бірі –
Жолдастар романы. Бұл роман жайында Рахманқұл Бердібаев Отызыншы
жылдардағы роман жанрының дамуы туралы атты мақаласында шолу жасап, Роман
және заман деген еңбегінде басқа романдармен бірге бұл туындыға да талдау
жасап өтеді.
Осы еңбекпен қатар сол тұста Жолдастар романына М.Дүйсенов,
М.Қаратаев, Р.Тоқтаров, Белгібай Шалабаев құнды пікірлер білдіріп, бұл
туынды талассыз қазақ роман жанрының дамуына, қалыптасуына үлкен үлес
қосқандығын атап өтті.
Қысқасы, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі – Ілияс Жансүгіровтің
творчествосы жөніндегі ой-пікірлер мен зерттеулер бірсыпыра.
1936 жылдың қараша айында Социалистік Қазақстан газетінің бірнеше
сандарында Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы жарияланады. Бұл ақынның
эпикалық жырларының ең соңғысы және поэзиясының ең биік шыңы.
Шығармаға өзек болған оқиға – тараудың басындағы тұсында сері болсын,
пері болсын, өмірімен ұнаған Ақан және тұлпар ат Құлагер.
Ақан тентіреп, тау-таста жүреді. Оның жүрегін жау қанжары жаралаған,
кері кеткен дәуірдің ащы азабын татып, кезіндегі асау мінезі мен өр
талантына құм құйылып, дел-сал күй кешкен. Осы күйге жеткізген не, оның
басты трагедиясы неде?
Ақын осы сұраққа жауап іздеп, кең далаға әйгілі болған астың бірі –
Ерейменді мекен еткен мыңғырған малы мен дәулеті мол, жасы тоқсан төртке
келіп өлген Керей Сағынайдың асының үстінен түсіреді. Осы асқа тұлпар
Құлагеріне мініп, Ақан да келеді. Ойы – Құлагерді бәйгеге қосу. Құлагерді
алғаш көрген жұрт: Бітімі ойқы-шойқы, салпы ерін, салбыр тірсек екен,
жазық бауыр, сиыр сүйек, ұзын тұрық екен, бұл ешқандай бәйге ала
алмайды, бұған мініп қоян атса, қойшыға мінгізсе жарасар, ең дауасы –
семіртіп соғымға сою ғой - десіп даурығады. Тұлпардың мықты тегін тек
Күреңбай сыншы ғана танып Бабында екен, бағы осы аста ашылар деп баға
береді.
Бәйгеге 1300 жүйрік қосылмақ. Олар Сырдың қызқарасы, Жарылғаптың
жирені, Семейдің сұр серкесі, Алатаудың Ақанаткері, Балқаштың бейпіл
Бөртесі, Алтайдың серпінді Көктұйғыны, Меруерт жалдас Шудың Ақсұры, серке
санды Көкшетаудың Құлагері, Ұлытаудың Құбайы, Қаратаудың Құмайы – осының
бәрін ақын әр жүйріктің нақты қасиетін тамаша образ арқылы береді. Осы
суреттеулер мен бейнелерді белгілі ат сыншысы Күреңбайдың көзімен
көрсетеді.
Поэманың басында осы сюжеттермен қоса асқа келген түрлі әлеуметтік
топты да көркем тілмен бейнелеп өтеді.
Ет жеп, қымыз ішіп семірген ортаның әр деңгейдегі сатиралық образдары
қызыл көз, саба құрсақ, кебеже қарын болып келеді, семіздерін өгізге,
бұқаға, қошқарға теңейді. Осы жайсыз образдарға қарсы контраста ақын Ақан
серінің өнерін қояды.
Ақан бойындағы асыл өнер осы тұста ерекше сұлуланып кетеді. Оның
көкейінен тәтті, мұңды, сұлу сазды әуендері бірінен кейін бірі асып,
халықтың зор қошаметіне бөленеді. Ақ саусақ, Үш тоты, Ақмарқа,
Сырымбет, Көкшетау, Кербез керім, Ой ерке, Жайма қоңыр әндері
Ақанның көмейінен нақышты әуенде шығады. Ләззат әлемі, сұлулықпен астасып,
әр тыңдарманға рахат сыйлайды.
Табиғатынан аңқылдақ, ешкімнің бетінен қақпайтын өнерпаз әнші,
жүрегіне кек байлаған дүлей күш иесі, арамза Батыраштың ішкі ой-жауыздығын
сезбейді. Ақын осы тұста алда қандай трагедия күтіп тұрғанын аздап болса да
байқатып өтеді.
Ақан бәйгеге қосылған Құлагердің тізгініндегі жетім балаға қамшы
салмай, қалып та қоймай шауып отыр деген сөзінен мүлт кетпей зулап отырды.
Жыланды өзегінен өткен соң атты өз еркіне жібергенде, Қусақ көлін айнала
келе Құлагер Көктұйғынмен қатарласа шабады. Көктұйғын Батыраштың сәйгүлігі.
Өзекке түсіп қайта қырға шыққанда алды Көктұйғын, екінші – Айтпақтың
күреңі, одан кейін – Шорманның Буырылы. Ал Құлагер көрінбейді.
Өйткені, екі көзі қанталаған жендет, Батыраштың суық қол, ақбоз атты,
қара киімді қарақшысы Қылта өзекте Құлагердің шекесіне айбалта ұрады.
Құлагер өлімі Батыраштан келгенін сезген халық селдей қаптап қара
жүрек жауызды таптап жіберердей толқиды. Бірақ нақты айғақ табылмай дал
болады.
Ал асыл Ақан айдалада Құлагердің басын құшақтап көзінен қанды жас
ағады.
Шынымен кеткенің бе, Құлагерім,
Қасымда қасынысып тұрар едің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылар өлгенімше қайтып жерің?...
Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар,
Соғып ем семізіңде сегіз арқар.
Сен едің жан атымда, қанатым да,
Табылмас енді маған сендей тұлпар!...
деп, зар қаққан Ақанның әйгілі шығармасының өз мәтінін ақын поэмаға дәл де
орынды кіргізген.
Құлагер – Ақан серінің сұлулығы, идеясы. Оның түсінігінде ондай
тұлпар енді келмесі анық. Сол тұлпармен жүрек түкпірінде ұялаған әсемдік,
көркемдік бәрі жоғалған. Оның бұрынғыдай ән айтуы да, ел арасында жайраңдап
жүруі де екіталай. Құлагерге жұмсалған айбалта, Ақанның өзіне тиген, ол
енді тірі өлік. Ілиястың ойынша, серінің тағдыры Пушкин, Лермонтовтармен
ұқсас. Олардың көлеңкесі Көкшетауға түскендіктен, осындай трагедия болған
шығар деп поэтикалық қилға бой ұрады. Сондай сұм заманда қандай асыл адам
болса да езіп, таптап өтетін, өмір бойы қуғын көріп, содан мерт болатын
идеялық түйінді Ілияс осы поэмасында таза поэзиялық жолмен көрсете білген.
Қысқасы, Құлагер дастаны ақын туралы, оның тағдыры десек те, оның
негізгі өзегі – Ақан трагедиясы арқылы әлеуметтік орта және замана лебі,
қуанышы мен қайғысы кең көлемде жырланған ірі лиро-эпикалық поэма.
Ілияс Жансүгіров қазақ поэзиясында қайталанбас, аса мол да кең тынысты
шығарма жазған эпик ақын. Соның дәлелі ретінде, арынды ақын қаламынан
жоғарыда аталған поэмалары сарындас, сапасы да еш кем емес Көбік шашқан,
Исатай, Бақытты Жамал, Мақпал, Рүстем қырғыны, Мәйек, Кәмпеске
толғаулары басталған күйі аяқталмай, жарық көрмей қалды. Кедергі болған
жайт – оның нағыз творчестволық өрлеу жағында жазықсыз жапа шегіп, мерт
болуы. Алайда, оның тірі кезіндегі 20 жыл бойы жазып кеткен мол мұрасы
қазақ әдебиетінің барлық сапасына үлкен үлес болып қосылып, мәдениетіміз
бен өнеріміздің алтын қоры қомақтана түсті.
Ілияс Жансүгіровтің әдебиет саласының басқа жанрларындағы еңбектері
жетерлік. Сондай бір қыры – фольклористикадағы еңбегі. Жасынан өнерге жақын
болып өскен Ілияс ел аузындағы әдеби мұраларға, сиқырлы сөзге ерекше ден
қойған. Бала кезінде әкесінің әсері болса, өсе келе өз бетімен жинаған ескі
әдебиет мұралары, творчестволық өсу жолына көп қолқабысын тигізеді.
Ел аузында жүрген аталы сөзді жинауға көп көмек еткен ескі сөзді есінде
сақтаған көкірегі ояу, көзқарақты сұңғылалар Үмбетәлі Кәрібаев, Бөлтірік
Атыханұлы, Қапез Байғабылұлы, Көдек Маралбайұлы және т.б. адамдар атадан
балаға ауысып, жалғасып келе жатқан асыл мұралардың бірсыпырасын Ілиястың
қағазына түсіреді. Сонымен бірге Жетісу жерін мекендейтін елдің ресейлік
патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы әрекеттерін, толқуларын
бейнелейтін жырлар, оның 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске ұласқанын
көрсететін тарихи деректерді Ілияс тірнектеп мол жинайды. Кейбір
сұрыпталған бөліктерін баспа бетіне шығаруға да талаптанады.
Дегенмен, Ілиястың Жетісу жерінен жинаған тарихи деректердің әдебиет
зерттеушісі Әбілхан Әбіласанның дайындауымен тек 2001 жылы ғана бір бөлігі
жарық көрді.

2. Тілдік тұлғаның тіл білімінде зерттелу мәселесі.

Тұлға халықтың, этностың мәдени дәстүрінің даму болашағында
қарастырылуы қажет. Адамның адам болып тууы үшін мәдениет шегінде
қалыптасқан мәдени-антропологиялық прототип қажет. Мәдениет категориялары
– кеңістік, уақыт, тағдыр, құқық, байлық, еңбек, ар, өлім т.б. Олар
құндылықтар жүйесінің өзіндік белгілерін көрсетеді және әлеуметтік мінез-
құлық пен әлемді қабылдаудың үлгілерін береді. Бұл – тілдік тұлғаны
қалыптастыратын ерекше координаттар жүйесі.
Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеу – қазіргі лингвистика
ғылымында негізгі және перспективалы ғылыми қағидаға айналып отыр.
Антрополингвистиканың ғылыми бағдарламасы көп аспектілі, сонымен бірге
өзара шарттасқан түрде жүзеге асырылады.
Тілдік тұлғаға алғаш назар аударған – неміс ғалымы Й.Вейсгербер. Ол
тілдік тұлғаны зерттеудің екі жолын ұсынды: автор тұлғасы және персонаж
тұлғасы. Сөйлеуші тұлға жайлы А.А.Леонтьев жазды. Тілдік тұлға ұғымын жан-
жақты қарастырған Г.И.Богин тілдік тұлғаның моделін жасады. Онда адам
сөйлеу әрекетін тудыруға, сөйлеу туындыларын шығару және қабылдауға
дайындығы тұрғысынан қарастырылады. [25, 4].
Толық адам проблемасын көтерген ұлы Абай әлдебіреудің тілін, өнерін
білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді деп жазады. (Қара сөз.
Семей, 2001.).
Атақты ақын Мағжан Жұмабаев та Тіл – адам жанының тілмашы, тілсіз
жүрек түбіндегі бағасыз сезімдер, жан түкпіріндегі асыл ойлар жарық көрмей,
қор болып қалар еді. Адам тілі арқасында жан сырын сыртқа шығарып,
басқалардың жан сырын ұға алады. Ойлаған ойын сыртқа шығарып, басқаларға
ұқтыра алса, адамның не арманы бар! Жазушы, ақын деген сөз – ойлаған ойын
әдемілеп жарыққа шығара алатын адам деген сөз. Тілі кем болса, адамның қор
болғаны. Ойың толық тұрып, айтуға тілің толық жетпесе, ішің қазандай
қайнайды. Қысқасы, адамның толық мағынасымен адам аталуы тіл арқасында
деп орынды атап көрсеткен (Педагогика еңбегі).
Сөйлеу әрекетіне қабілеттілігі тұрғысынан тілді қолданушы адамды,
мәтіндерді тудыру және қабылдай алу қабілетін иеленген адамды тілдік тұлға
деп атаймыз. Тілдік тұлға ұғымына кең ғылыми мағына берген Ю.Н.Караулов
болды. Оның пікірінше: Тілдік тұлға – тілдік зерттеудің барлық
аспектілерін қамти отырып, адамды оның тілінен тыс қарастыратын пәндер
арасындағы шекараны бұзып өтетін, ауыспайтын, алмаспайтын идея. Русская
языковая личность и задачи ее изучения. М., 1989. . [25, 4].
Тілдік тұлға ұғымы соңғы онжылдықтарда ғана негізгі зерттеу нысаны
ретінде антропологиялық лингвистика саласында қалыптасып, Лингвистикалық
персанология атты жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуына әсер етті.
В. П.Нерознак. Лингвистическая персанология. М., 1996..
Тілдік тұлғаның анализі түрлі деңгейлерде жасалуы мүмкін: қарапайым
тілді меңгеру деңгейін көрсететін құрылымдық-тілдік деңгей және оның
дамуын, мінез-құлқын басқаратын уәждемелер мен мақсаттарды айқындайтын,
оның мәтін тудырушылығын басқаратын және әлемнің тілдік моделіндегі мәндер
мен құндылықтар йерархиясын анықтайтын лингвокогнитивтік деңгей.
Тілдік тұлға – бұл тілде (мәтіндерде), тіл арқылы көрініс табатын және
өзінің негізгі белгілері тілдік құралдар базасында қайта құрылған тұлға.
Тілдік тұлға ұғымы – адамның сапалық айқындылығын құрайтын физикалық және
психологиялық көзқарастар тұрғысынан айқындалатын қоғамдық мәні бар
тұтастық ретіндегі пәнаралық термин.
Жеке тұлғаға сөйлеу туындыларын тудыруға және қабылдауға мүмкіндік
беретін тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерінің кешені сөйлеу тұлғасы
болып табылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолданушы қатысымдық
тұлғаның вербалды мінез-құлығы ерекшеліктерінің жиынтығы да тілдік тұлға
ретінде танылады [18,46].
Тілдік тұлға – тұлғаның тілі, дискурсы арқылы анықталатын психикалық,
әлеуметтік, этникалық және т.б. құрамдас бөліктерін толық қамтитын
толыққанды көрінісінің бір түрі. Адамды тілден тысқары зерттеу мүмкін
болмайды, себебі адамның бір ауыз сөзін естімейінше оның қандай адам екені
жайлы мәлімет алу мүмкін емес. Сондай-ақ тілді адамнан, тысқары да
қарастыру мүмкін емес, себебі сол тілде сөйлейтін тұлғасыз тіл жай таңбалар
жүйесі болып қана қалады. Сол себепті Тұлғаның тілдік тұлға ретінде
қалыптасуы тек тіл арқылы ғана жүзеге асады. Ю.Н. Караулов көркем мәтінге
сүйене отырып тілдік тұлғаның деңгейлік моделін жасап, оның үш құрылымдық
деңгейін анықтап көрсетеді:
1) вербалдық-семантикалық деңгей (немесе құрылымдық-жүйелік);
2) когнитивтік деңгей (немесе тезаурустық);
3) прагматикалық деңгей (уәждемелік).
Мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығы Мемлекеттік
тілді мемлекеттік қызметшілерге (ересектерге, тіл үйренуші жеке тұлғаларға)
жеделдете деңгейлік оқыту тұжырымдамасында (Астана, 2007) Ю.Н.Карауловтың
осы саралауын негіз етіп ала отырып, қазақстандық мемлекет қызметшісінің
тілдік тұлғасының құрылымы төмендегідей кесте арқылы ұсынылады:

Тілдік тұлға құрылымы
Де Линг
Деңгейлер Лингвистикалық Лингводидактикалық
тұрғыдан тұрғыдан
I де I Вер Вербалдық-семантикалықҚа Қарапайым
деңгей деңгей
деңгей Ба Бағдар +
Тілашар
II деңгей Үни Дүниетаным Базалық
картинасын деңгей:
тан танытатын Тіл дамыту +
тезаурустық Тіл ұстарту
деңгей
III деңгей Мо Мотивациялық Жоғары
пра прагматикалық деңгей:
деңгей Тіл мәдениеті +

Тілдік тұлға

Бірінші деңгей – вербалдық-семантикалық (семантика-қатарлық,
инварианттық) қарапайым сөйлеу тілін меңгеру дәрежесін көрсетеді. Екінші
деңгей – когнитивтік, онда әлеуметке тән релевантық білімдер мен
түсініктердің өзектілігі мен бірегейленуі және ұжымдық немесе жеке
когнитивтік кеңістік тудыруы жүзеге асады. Бұл деңгей тұлғаның әлемнің
тілдік моделінің, оның тезаурусы мен мәдениетінің көрінісі. Үшінші –
(жоғары деңгей) прагматикалық. Ол тілдік тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін
уәждемелер мен мақсаттарының пайда болуы мен сипаттамасын көрсетеді.
Тұлғаның коммуникативтік кеңістігінің үш деңгейінің өзара әсерінің
нәтижесінде хабарды беру мен қабылдау туындайды.
Вербалдық-семантикалық деңгейде негізгі бірліктер ретінде сөздер
қарастырылады, ал олардың арасындағы қатынас түрлі грамматикалық,
парадигматикалық және синтаксистік байланыстар арқылы көрініс табады,
стереотиптері – стандартты фазалар мен сөйлемдер.
Лингвокогнитивтік деңгейдің бірлігі ретінде нөлдік деңгейдегі
сөздердің көмегі арқылы айтылатын түрлі түсініктер, идеялар, концептер
қарастырылады, олардың арасындағы қатынас әлемнің құрылымын бейнелейтін
белгілі бір тәртіпке келтірген иерархиялық жүйе бойынша тізбектеледі,
стереотиптері - өз тезаурусындағы түсініктеріне сәйкес таңдап алынған әр
алуан жалпылама айтылулар, қанатты сөздер мен афоризмдер арқылы көрініс
табатын концептер арасындағы тұрақты стандартты байланыстар.
Нөлдік деңгейде тілдік тұлға вербалды торап пен стереотипті
тіркестерді шүбәсіз ақиқат ретінде қабылдайды. Тілдік тұлға өзінің индивид
ретіндегі даралығын бірінші лингвокогнитивті деңгейден бастап көрсете
бастайды. Бұл даралық түсініктерді сатылау тәсілінен, өз тұжырымдарын
құрған кезде оларды біріктіруінен байқалады. Бірінші деңгейден бастап
тілдік тұлға бір ұғым, екіншісінен артық деп санап, тіпті олай болмаса да,
белгілі бір идеяны маңыздырақ деп санауы мүмкін. Бұл даралану үдерісі
жоғары прагматикалық деңгейде аяқталады. Бұл деңгейдің бірліктері ретінде
коммуникативтік-әрекеттік қажеттіліктер (ойын айту, ақпарат алу
қажеттілігі) ортаға шығады, бұл бірліктер арасындағы қатынас қатысымдық
торапты құрайды (қарым-қатынас саласы, жағдаят, әңгімелесушілердің рөлдері)
стереотипі қатысымдық қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс.
Әдеттегі түсінік бойынша біз тұлға деген кезде, индивидтің өмір сүру
стилі, өзіне ғана тән іс-әрекет ерекшеліктері деп түйіндейміз. Жұмыс
тақырыбы ретінде тілдік тұлғаның эмоционалды-еріктік мінез-құлқын
қарастырар болсақ, біз таным мен түсінік үдерістеріне тоқталамыз,
сәйкесінше тұлғаның зияткерлік сипаттамалары басты орынға шығады. Тілдік
тұлға деп – тіл білімінде адамның сөйлеу туындыларын тудыруға және
қабылдауға мүмкіндік беретін қабілеттері мен сипаттамаларының жиынтығын,
шындықты бейнелеудегі тереңдігімен, дәлдігімен және құрылымдық-тілдік
күрделілік дәрежесімен сипатталатын тілдік құзіреттілікті айтады, сондай-ақ
тілдік тұлғаның зияткерлік сапасы ерекше ескеріледі. [25, 8].
Тілдік тұлғаның құрылымын деңгейлерге бөлу шартты түрде жүзеге
асырылатынын айта кету керек, шынайы өмірде бұл деңгейлердің өзара кірігуі
мен өзара тәуелділігі байқалады. Тілді меңгерудің әрбір деңгейінде тұлғаның
жеке дара зияткерлік ерекшеліктерін көрсететін кеңістік болады.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндейтін болсам, тілдік тұлғаның толыққанды
қалыптасуы алдымен лингвокогнитивтік немесе тезаурустық деңгейден
басталады. Осы деңгейде әлемнің тілдік бейнесі қайта жасалынуы, мәндер мен
құндылықтардың иерархиясы білінуі мүмкін. Уәждемелік деңгей лингвистика
шеңберінен тыс шығып кетеді, алайда нақ осы аспектісінің жүйе құрушылық
әсерінің арқасында вербалды-семантикалық деңгейде индивид немесе жеке
адам ретінде көрініс табады. Аталмыш тұжырымдама.
Тіл арқылы адамның ішкі жан-дүниесі, мәдениет деңгейі, білімі, сана-
сезімі, дүниетанымы көрініс табады. Тіл және мәдениет таным үдерісінің және
екінші тілдік тұлғаның ділін қалыптастыратын ажырамас бөлшектер болып
табылады. Яғни, Тіл – адам рухының айнасы десек, ең алдымен ол айнада
концептісі мәдениет константы қатарын құрайтын адам тұлғасы көрініс табады

Тілдік тұлға ұғымы тұлғаның жеке дара сана-сезімі және дүниеге
көзқарасы мен тілдің өзара байланысын білдіреді. Кез-келген тұлға өзін және
өзінің субъектілігін заттық іс-әрекеті арқылы ғана емес, сонымен қатар тіл
мен сөйлеусіз жүзеге асырылуы мүмкін болмайтын қарым-қатынас арқылы да
көрсетеді. Адамның сөзі оның ішкі әлемін танытады, оның тұлғалық қасиетін
танытатын мәлімет көзі қызметін атқарады. Тіл, мәдениет және этнос өзара
тығыз байланыста келіп, тұлғаның негізін жасайды – оның физикалық, рухани
және әлеуметтік Менінің түйіндесу орнын айқындайды. Тілдік тұлға мен
концепт – табиғи тілді тасушының ділі мен сана-сезімін танытушы және
сөйлеуші адам прототиптік бейнесін қалыптастырушы лингвомәдениеттанудың
базалық категориялары. Ю.С.Степанов. Константы. Словарь русской культуры.
М., 1997.
Концепт ұғымын линвомәдениеттанымдық тұрғыдан ерекшеленетін ментальды
көрініс ретінде айқындау гуманитарлық, оның ішінде лингвистикалық білімнің
антропоцентристік парадигмасының қалыптасуындағы заңды қадам болып
табылады. Тілдік тұлғаның басым қажеттіліктерін, қызығушылықтарын,
идеалдарын бейнелейтін неғұрлым маңызды концептілері оның тезаурусында
соғұрлым кеңірек көрініс табады.
Тілдік тұлғаның анализдік және синтездік тұрғыдан толық сипаттамасы
төмендегідей болады:
Оны ұйымдастырудың семантикалық-құрылымдық деңгейінің сипаттамасы. Осы
тұлғаның әлемді тілдік тұрғыдан бейнелеуін немесе тезаурусын қайта құру.
Осы тілдік тұлғаның сөйлеуді тудыру үдерісінен, түрлі бөгде мәтіндерден
көрініс табатын өмірлік доминантасын, мақсат, уәждемелерін анықтау
С.Г.Воркачев. Лингвокультурология, языковая личность, концепт: становление
антропоцентрической парадигмы в языкознании Филологические науки,
2001.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде жеделдете меңгерту екінші тілдік
тұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді. Қазақ тілін оқыту әдістемесіндегі
инноватор ғалым Қ.Қадашева бұған қатысты Адамдар екінші тілді үйренгенде
жаңаша ойлап, сезініп, өзі әрекет жасап үйренеді және сол тілді меңгеру
арқылы екінші тұлға болып кетеді. Жаңа тілдік Мен екінші тілімен
араласып, жақындасып, тілге қызығушылығы артады, мәселелерді шешуге
белсенді болады және өзін еркін жеңіл сезінеді деп пайымдайды. Қазақ
тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.

1.3 Тілдік тұлға – тілдік мәдени құзірет иесі.

В.фон Гумбольд, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекілік суреттер тізімі
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
І. Жансүгіровтің шығармашылығы
ЖАНСҮГІРОВТІҢ ТАРИХТЫҚ - ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ПОЭМАЛАРЫ
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
Шәкәрімнің қай шығармасынан
І. Жансүгіров лирикасы
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Пәндер