Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ТАРАУ. МҰНАЙ - ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ

ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ . . . 7

1. 1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы . . . 7

1. 2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы . . . 11

2 ТАРАУ. МАҢҒЫСТАУ МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ДАМУ

КЕЗЕҢДЕРІ . . . 16

2. 1. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы . . . 16

2. 2. Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуының негізгі кезеңдеріне перспективалық шолу . . . 20

2. 3. «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның қалыптасуы мен қазіргі жағдайы . . . 29

3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕКТЕГІ БОЛЖАМЫ . . . 35

3. 1. Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы . . . 35

3. 2. Қазақстан Республикасының мұнай тасымалдау мәселелері мен

келешегі 41

3. 3. «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның даму перспективасы . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ . . . 65

ҚОСЫМША . . . 67


КІРІСПЕ

Бүгінде елімізде мұнай мен газ қорының мол болуымен ерекшеленеді. Мұнай мен газ республикасыздың батыс бөлігінде және оңтүстік аудандарында шоғырланған. Әсіресе мұнай мен газдың мол шоғырланған жерлері Каспий маңы алаптары мен Солтүстік Маңғыстау мұнайлы газды аймағы болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан территориясына еніп жатқан Каспий теңізі шельфіндегі және құрлықтағы болжанған ресурс қоры мұнай қоры бойынша 12 млрд. тонна, газ конденсаты - 1, 6 млрд. тонна, табиғи газ қоры - 5, 9 трлн. Метр куб құрайды. Бұл Қазақстанды әлемдегі басты мұнай өндіруші елдердің қатарына қоспақ. Ломоносов айтқандай, «Ресей қуаты Сібірмен өркендейді . . . », «болашақ Қазақстанның қуаты Каспий өңірімен өркендемек . . . ».

Бұл жұмыстың тақырыбы - Қазақстан Республикасы мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы.

Маңғыстау аймағы жылына 12 млн. тоннадай мұнай және 1, 5 млрд. метр куб газ өндірілетін Қазақстанның ірі мұнайлы газды аймақтарының бірі болып табылады.

Бүгінде Маңғыстау облысының территориясында 70 мұнай және газ кен орындары белгілі, соның ішінде 27-сі белсенді түрде өңделеді. Ірі кен орындары болып: Өзен, Жетібай, Қаламқас және Қаражанбас саналады. Маңғыстау түбегінің мұнайын игеру және мұнай өнеркәсібін Қазақстанның халық шаруашылығы саласының қатарына қосуы еліміздің экономикалық дамуындағы ірі оқиға болды.

Жұмыстың мақсаты - бұрынғы одақ көлемінде үлкен жаңалық болған Маңғыстауда ірі мұнай-газ кен орындарының ашылуы және олардың игерілуі, жалпы Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен оның бүгінге дейін дамуына экономикалық тұрғыдан баға беру арқылы оның дамуын кезең бойынша бөліп көрсету.

Сөйтіп, бұрынғы одақ кезінде бірден-бір мұнай-газ шикізатының басты көзі болған, ал бүгінде Қазақстан Республикасы үшін экономиканың, соның ішінде мұнай-газ саласының алға дамуы, әлемдік мұнай бизнесінде белгілі орын алуына белгілі деңгейде әсер ететін Маңғыстау мұнай-газ кешенінің дамуының басты кезеңдері талданады. Кен орындарын игеру кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштер талданады. Кен орнын игеру мен пайдалануға жіберген қаржы салымы, мұнай өндірудің динамикасы бойынша, баланстық қорға қарағандағы өндірілген мұнай көлеміне байланысты Маңғыстаудағы кен орындарын игеруді 3 негізгі кезеңге бөлуге болады: алғашқы кезең, қарқынды қалыптасу және қалыптасудың аяқталу кезеңдері.

Маңғыстау аймағындағы көптеген кен орындары, соның ішінде «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-да кен орнын игерудің соңғы сатысында мұнай өндіруде.

Маңғыстау облысының аймақтық экономикалық көрсеткіштері «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ-ның қызметімен тығыз байланысты. Аймақтағы ірі мұнай-газ өнеркәсіптерін көтеру арқылы, саланың аймақтық дамуына әсер етуге болады.

Жұмыстың міндеті - Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің бір бөлігі ретінде Маңғыстау мұнайлы-газды аймағының дамуының негізгі кезеңдеріне экономикалық талдау жүргізу, мұнай-газ саласының дамуы негізінде, әлемдік мұнай бизнесінде, еліміздің орын алатындығына көз жеткізу.

Маңғыстаудағы ірі кен орындары: Өзен, Қаламқас, Жетібай сияқты кен орындарын пайдалану, бүгінгі күні дамудың соңғы кезеңінде дәлме-дәл келіп отыр. Мұнай өндіру көлемінің тұрақталатын бұл кезеңде өндіру көлемін көбейту үшін қосымша күрделі қаржыны талап етеді. Сондай-ақ, өндірістік инфрақұрылымды қайта құрып ғана қоймай, әлеуметтік инфрақұрылымның да жақсарғаны байқалады.

Бүгінде мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикалық дамуын қолдай отырып, Қазақстан экономикасының болашақта жетекші секторларының бірі болуына мүмкіндігі бар. Республикада 2, 1 млрд. тонна мұнай, 0, 7 млрд. тонна газ конденсаты, 1, 7 трлн. метр куб табиғи газ сияқты көмірсутек шикізатының ірі барланған қорлары бар. Бұған Каспий аймағындағы ресурс қорын қоссақ, Қазақстан әлемде көмірсутек шикізатының қоры жөнінен алғашқы орындарды иеленетіні сөзсіз.

Республикада мұнай өндіру деңгейі 10-15 жылдан кейін 170 млн. тоннаға жетпек деп жобаланды, сол себепті өндірілген мұнайды өңдеу арқылы ішкі нарықты қанағаттандырып, тиімді экспорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыру керек.

Аталған дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндетін орындау үшін жұмыс төмендегідей құрылымдардан тұрады: Кірспеде жұмыстың өзекті жағдайлары көрсетілген. 1 тарауда мұнай-газ саласының даму тарихы, әлемдік мұнай бизнесінің дамуы, Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы берілген.

2 тарауда Маңғыстау мұнай-газ кешенінің қалыптасуы, және экономикалық көрсеткіштерге талдау жасалынды.

3 тарауда Қазақстанның мұнай-газ саласының негізгі мәселелері мен даму болашағы"Манғыстау мұнай-газ" ААҚ мысалында қарастырылды.


1 ТАРАУ. МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

1. 1. Әлемдік мұнай бизнесінің дамуы

Әр елдің экономикасының дамуына мұнай нарығы маңызды рол атқарады. Осы уақытқа дейін әлемдік мұнай саясатын екі картель - батыс және шығыс картельдері анықтады. Біріншісіне ОПЕК-ке кірмейтін, әлемдегі мұнайдың 40%-ін беретін ірі 6 мұнай компанияларын біріктіреді. Бұл компаниялардың мұнайды сатудың жалпы 2006 жылы 400 млрд. долларды құрады. Ал шығыс экспортының (ОПЕК) әлемдік мұнай өндірудің 38 пайызын және әлемдік мұнай экспортының 61 пайызын беретін 13 ел кіреді. Ал Қазақстанның мұнай өндіруі әлемдіктің 3 пайызын, ал Ресей әлемдік мұнай өндірудің 10 пайызын иемденеді, сол себепті Қазақстан халықаралық мұнай нарығында қатаң позицияны иемденбейді деуге болады.

2007 жылдың басында дүниежүзілік мұнай қоры, өндіруден қазіргі деңгейін алсақ, ол шамамен 42 жылға, ал газ 62 жылға жетеді. Мұнайдың дүниежүзілік қоры, өндірудің қазіргі технологиясы бойынша 138, 5 млрд. тонна, ал газ 143, 9 млрд. текше метр болады. ¹ дүниежүзілік мұнай қорының 78 пайызы 11 елде орналасқан, олар ОПЕК -ке мүше елдер. Ал 43 пайызы газ қоры ТМД елдерінде орналасқан. Мұнай қорының негізгі орналасқан елдер, (млрд. тонна) : Сауд Аравиясы - 35, 4; Ирак - 12, 7; Венесуэла - 10, 0; ТМД елдері - 7, 7; Мексика - 5, 4; Ливия - 3, 9; Қытай -3, 3.

Ал табиғи газ әлемдегі елдердің арасында былай бөлінеді, (млрд. метр куб) : ТМД елдері - 55, 9; Иран - 22, 9; Катар - 8, 5; БАЭ - 5, 8; Сауд аравиясы - 5, 3; АҚШ - 4, 7; Венесуэла - 4, 0; Алжир - 3, 7; Нигерия - 3, 3; Ирак - 3, 1.

Бірақта, жақын болашақта мұнайды алмастыру мүмкін емес. Әлемдік сұраныс жылына 1, 5 пайызға өссе, ал ұсыным айтарлықтай өспейді деуге болады.

1973 жылғы энергетикалық дағдарысқа дейін 70 жыл ішінде. Әлемдік мұнай өндіру әрбір он жылда екі еселенді. Алайда әлемдік мұнай қорының қомақты үлесін алып тұрған ОПЕК-ке мүше төрт мұнай өндіруді жоғарылата алады (Сауд Аравиясы, Кувейт, Нигерия, Габон) . Сонымен бірге, Каспий аймағын өңдеуде Қазақстан мен көршілес елдер де белгілі деңгейде өз әсерін тигізулері мүмкін.

Мұнай және мұнай өндірісінің бүкіл әлемге және Қазақстан Республикасына да маңызды өте зор. Мұнайшылардың мұнай мен газдың ірі кен орындарын іздеуде де, оларды өңдеу саласында да табыстары жетерлік. Алайда мұнай қорын

ың да күн санап сарқылары сөзсіз. Қазірдің өзінде көптеген елдердің ғалымдары энергетикалық ресурсты жасанды жолмен алу мәселесін ойлануда. Алайда бізгі өндірістік ауқымдағы мұнай қажет.

Мұнай мен газ - бүгінде өте тиімді, әрі өте ыңғайлы отын, 90%-тен астам мұнай мен газ өндірісте және автомобильге жанармай ретінде жандырылады.

Батыс мұнай бизнесінің дамуы вертикальды интеграция жолымен жүрді. Ірі мұнай компаниялары - «Стандард ойл», «Тексака», «Шелл» және басқалары мұнай ісі сферасында алдымен ұлттық, сосын халықаралық ауқымда бақылау жүргізеді. Шағын аутсайдер - кәсіпорындары шектеулі территорияға сүйенсе де, осындай әдісті ұстанады.

60-70 жылдары әлемдік мұнай бизнесінде күрделі өзгерістер болды. ОПЕК-ке кіретін мұнайды экспорттайтын елдер өздерінің мұнай ресурстарына бақылау жүргізеді. Қазірде көптеген өндіретін елдерде ірі ұлттық мұнай компаниялары бар. Алайда өндірілген мұнайдың көп бөлігін билеу құқығына ие болса да, өндіруші елдер мұнай ресурсын пайдалануға негізделген жалпы табыстан әділетті үлес ала алмайды. Бұған ең басты себеп - ақырғы өнімді өткізу нарығына шығудың болмауы немесе шектеулілігі.

Сол себепті 70 жылдары мұнай өнімдерімен өзін қамтамасыз ету үшін, сосын сыртқы нарыққа шығу мақсатымен Сауд Аравиясы - әлемдегі ірі мұнай державасы және басқа да көптеген мұнай өндіруші елдер, мұнай өндірушу және мұнай-химия зауыттарының құрылысына кірісті. 80 жылдары олар Солтүстік Америка мен Батыс Еуропадағы мұнайды тұтынушы елдер территориясында өткізу компаниялары мен мұнай өңдеуші заводттардың материалдық және қаржылық активтерін иемденіп, өздерінің саясатын өзгертті.

Бұл жағдайда вертикалды интеграция мұнайды барлау мен өндіруден оны өңдеу мен өнім маркетингіне қарай дамиды. Бұл процестің маңызды алғышартты болып, жаңа мұнай ресурстарын игеруге инвестициялық тиімділігінің төмендеуі және нарықтың жеткілікті қанықтылығы жағдайында мұнай өндіру сферасындағы бәсекелестік пен ақырғы сұраныс нарығын иемденуге ұмтылысын санауға болады.

Батыс Еуропа елдерінің мұнай компанияларында («Бритиш петролеум» және «Шелл» ірі халықаралық компанияларын қарағанда), басқа бағытта интеграциялану жүрді. Франция мен Италияда 50 жылдардың өзінде мұнай өндіруші және мұнай-химия өнеркәсіптерінде мемлекеттік сектордың қалыптасуында да әлемнің ірі мұнай компанияларының жағынан мұнай жеткізуге тәуелді болды. Трансұлттық мұнай компаниялары мен мұнай өндіруші елдердің үкіметтері арасындағы бәсекелестік қақтығыстарды пайдалана отырып, бәрінен бұрын Солтүстік Африкада европалық мемлекетті және жеке компаниялар мұнай өндіруші сферада ресурсты меншіктеуші елдер үшін қолайлы Концессиондық жағдайға кіре алады. Басқаша айтсақ, осы интеграциялық процестің негізгі қозғаушысы болып, шикізатты жеткізудегі тәуекеділікті жеңуге ұмтылыс болды. Осының нәтижесінде француздық «Тотал» және итальяндық «Эни» сияқты қазірде жиырма елдерге кіретін ірі мұнай компаниялары пайда болды. Алайда мұндағы жоспарлылық, өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, монополияға ұқсас шикізат пен өнім нарықтарына бақылау қою бәсекелестікті шектемейді. Ірі мұнай корпорациялары өзара тәуелсіз аутсайдерлер-компанияларымен бәсекелеседі. Сонымен бірге, мұнай ісінде ірі маманданған компаниялармен бірге, орташалары да бар. Бұлар біріккен компаниялар назарына қаржылық қатынас жүйесі арқылы кіре алады. Мұнай бизнесінде нарықтық экономика жағдайында әртүрлі қызмет сферасының сәйкестігі кең таралған. Айқын мысал ретінде келесі байланыстарды көрсетуге болады; қорды барлау - мұнай өндіру; транспорт - мұнайдың көтерме саудасы, мұнай-газ өндеу - мұнай-химия; көтерме - мұнай өнімдерінің бөлшек саудасы.

Өңдеу - барлау және өндіру облысын қызмет етудің бір сферасы ретінде қарастырғаннан көрі, олардың әрбіреуін өздерінің табысы үшін жауапкершілігі бар, барлық звенолар бір ірі объектілер ретінде шектелмей, өзіндік бизнес ретінде қызмет етуін қолдау керек.

1999 жылдың басында, «Саломон бразерс икуити рейсеч» 202 шетелдік мұнай газ компанияларына сұраныс жүргізгенде, мұнай ісінде жоғары экономикалық пайда сейсмикалық барлау (58%) мен мұнай бұрғылаудан (27%) түсетіндігі анықталған.

80-жылдардың ортасында сұраныс пен бәсекелестік ұсынымның ұзақ мерзімді әсерінен мұнай бағасының төмен түсуі, яғни әлемдік нарықта ОПЕК-тің үлесінің (2/3-ден 1/3 дейін) 1973 жылмен салыстырғанда төмендеуі кезінде кейбір ірі компаниялар үшін тиімді болды.

1995 жылы орташа мұнай бағасы 1980 жылен салыстырғанда 25 пайызға, 1990 жылы - 38 пайызға, ал 1994 жылы ең төмен деңгейі 1 баррельге 16 доллар (2, 3 есе төмендеуі) болғанда 10 ірі компанияның пайдасы 5 жыл ішінде ең жоғары табысқа ие болды. ²

Ал газ өндеу туралы айтсақ, табиғи газдың барлық өндірген көлемінің 20 пайызы ғана халықаралық сатуға түседі.

Оның 2/3 құбыр жолдарымен, қалғандары танкерлермен тасымалданады. Ірі газ экспорттаушыларына Ресей (Еуропаға және Түркияға), Канада (АҚШ-қа) және Индонезия (Жапонияға) жатады. Негізгі импортерлерге АҚШ (Канададан және Алжирден) пен БАӘ кіреді.

Ал енді Каспий теңізін айта өтсек, онда барлау жұмыстары нәтижжесінде үлкен мұнай кен орынын ашып, ол Шығыс Қашаған кен орнынан 7 млрд. тонна мұнайы бар екені ықтимал дейді. Мұнай кен орындары көп ашылған сайын, дүниежүзілік нарықта арзан мұнай немесе артық мұнай пайда болды. Мұнай бағасы түскенде, көбіне Сауд Аравиясы мен Венесуэлаға жағдайларды туғызды.

Себебі бұл елдердің экспортының басым бөлігі - мұнай болып отыр. Мұнай өндіруші Парсы шығанағындағы елдердің экономикасы мұнай бағасына икемді, себебі экономикасы мұнай қорының 51 пайызына орналасқан. Мысалы, 1998 жылы бюджетті мұнай бағасын 18 доллар/баррельмен алған, бірақ сол кездегі қиыншылық нәтижесінде экономикалық өсім төмен болып, Үкімет бюджеттегі шығындарды шегеруге тура келген. Ал соңғы кезде мұнай бағасының өсуінен 2006 жылға экспорттан түскен ақша 230 млрд. доллар болды, ал кейбір елдер бұрынғы жылдармен салыстырғанда, екі есе көп табыс тапты. Мысалы, Кувейт мұнай бизнесінен тапқан табыс бұрынғы жылдармен салыстырғанда 97 пайыз, Ливияда 91 пайыз, ал Алжирде 90 пайыз, Қазақстанды ала келсек, ол 2000 жылы 35, 27 млн тонна мұнай өндіріп, 3 млрд. доллар пайда алды.

Соңғы 10 жылдағы АҚШ пен Ирак қақтығыстарында, АҚШ мұнай бағасын ұстап тұр деп айтуға болады, осыған келе ғаламдық экономиканың мұнайға сұраныс және ұсынысына қарасты сұрау бойынша Иракқа қатысты эмбаргоны алып тастауды сұрайды.

Мұнай саласының сарапшылары келесі 3 тұжырымды қарастырады:

  • мұнайға дүниежүзілік сұраныс өседі;
  • мұнай өндіру өзінің нақты масштабына жетті;
  • жаңа ашылған мұнай қорлары Ирактың және Иранның мұнай қорларынан кіші және олардың инфрақұрылымын құру көп уақыт алады.

Соңғы жылдары, АҚШ - тың энергетикалық министрлігінің болжамы бойынша, 2015 жылы мұнайды дүниежүзілік тұтыну тәулігіне 90, 4 млн. баррельден 100, 5 баррельге дейін жетеді дейді. Соңғы кезде дүниежүзінде мұнайды тұтыну тәулігіне 75 млн. баррель болды. Министрліктің болжамы бойынша, 2015 жылы Парсы шығанағы елдерінің мұнайды экспорттауы Солтүстік Американың елдеріне тәулігіне екі есе артуы мүмкін.

Соңғы жылдары мұнай өндірудегі ашылулар Мексика мен Гвения бұғаздары, ағымдағы қоры 2015 млн. тонна болатын Солтүстік теңізін қоса алғандағы мұнай қорлары «ірі атланталық үштіктің» пайда болуына әкелді. Бұлардан кейін Автралия мен Оңтүстік Шығыс Азия келеді. Ал барлық ашылған мұнай қорларының 12-сі батыс классификациясы бойынша, ірілеріне жатады (мұнай эквиваленті бойынша 70 млн. тонна астам), олардың 4-уі Австралияда, қалғандары Латын Америкасы, Африка және біреуі - Мексикада орналасқан.

Мұнай ұсынымының потенциалына сүйене отырып, миллиардтаған мұнай қоры бар ОПЕК елдері кез келген бәсекелес мұнай жабдықтаушыларын тығырыққа тіреу мақсатында (соның ішінде Азияны да ескере отырып) мұнай өндіруді күрт көтеру арқылы, барреліне 5-6 доллар болатындай котировканы төмен түсіруді көздеп отыр. бұдан шығатын қорытынды, кез-келген жаңа көздерден келетін экспорттық жеткізулер, тіпті сұраныстың көтерілу мүмкіндігі жағдайында да нарықта тек белгілі артықшылықтарды иемденгенде ғана, бәрінен бұрын тасымал мәселесін шешкенде ғана өз орнын таппақ.

1. 2. Қазақстанның мұнай-газ кешенінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайы

Бүгінде Қазақстан Республикасы әлемдегі ірі мұнай державасының бірі болып табылады. Оның болашақтағы мұнайлы газды аудандарының көлемі 1 млн. 700 мың км., ал бұл барлық территорияның 62 пайызын құрайды. Бүгінде 208 мұнай газ кен орындары ашылды.

Бір ғасыр бойы, яғни 1899 жылы 13 қарашада алғашқы мұнай фонтаны Атырау облысы Жылыой ауданы Қарашүңгіл деріне 40 метр тереңдіктен және тәуліктік өнімі 22-25 тонна болатын № 7 ұңғыдан атқылады.

15 қалыптасқан және болашақ мұнайлы газды алабы белгілі және әр түрлі деңгейде зерттелген. Бұлар Каспий маңы, Үстірт-Бозашы, Маңғыстау, Арал, Сырдария, Оңтүстік және Солтүстік Торғай, Солтүстік Қазақстан, Теңіз, Шу, Сары су, Батыс Іле, Шығыс Іле, Балқаш, Алакөл және Зайсан алаптары. Қазақстанның мұнай алаптарының геологиялық жағдайы мұнай газ өндірісінің шикізат базасының кеңеюіне қолайлы болып табылады.

Үлкен потенциалдың болуына қарамастан мұнай өндіру деңгейіне, барланған кен орындарын игеру қарқынына және көмірсутек шикізатын ұтымды пайдалануға кері әсер ететін бірнеше факторлары бар. 1990 жылы Қазақстанда мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 26, 4 млн. тоннаға дейін жеткізілді, алайда одан соң төмендей басталды. 1995 жылы, мәселен, тек 18, 5 млн. тонна ғана өндірілді. Бұл бұрынғы СССР шеңберіндегі шаруашылық байланыстардың, Қазақстандық экономиканы құрылымдық қайта құру, жаңа технологияны аздап енгізу және тағы басқаға байланысты. Сондай-ақ, әлемдік қаржылық - экономикалық дағдарыс та кері әсер етті. Сонда да саланың көптеген кәсіпорындары өздерінің даму көзқарасын сақтап қалды.

1994 жылы көмірсутек шикізатын өндіретін 55 елдің ішінде Қазақстан мұнай өндіру көлемі бойынша 24-ші орынды иеленді. Республикада бұрынғы Кеңестер одағы елдерінен алынатын барлық мұнайдың 1/17 өндіріледі.

Мемлекеттік тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын басқарудағы өзгерістермен және бір уақытта жерді пайдалану жөнінде отандық нормативтік базаны құру бойынша жұмыстар жүргізіле бастады.

Қазақстанның мұнай-газ саласының жүз жылдық тарихы бар. 1911 жылдың өзінде алғашқы өндірістің мұнай өндіру басталды. Осы жылы Қазақстан территориясында 17 мың тонна мұнай өндірілді. Қазірде Қазақстанда жұмыс жасайтын шетелдік және отандық компаниялар қазақстандық мұнайшылармен Ұңғыларды пайдаланады. Жүз жыл ішінде мұнай өндіру 2, 5 мың есе өскен. Егер 1911 жылдан 1991 жылдар арасында 543, 43 мың тонна мұнай өндірілсе, 1992 жылдан 2007 жылдары - 264, 66 млн. тонна болды. Өткен 2005 жылы барлық компаниялармен 59963 мың тонна мұнай өндірілсе, ал 2008 жылы 80 млн тонна мұнай өндіру жоспарланып отыр. ³

Қазақстан Үкіметі мұнай өндіру көлемін біраз көбейту үшін бірқатар шешімдер қабылдады. Осы міндеттерді орындау бірнеше ұйымдық - шаруашылық және ғылыми - техникалық мәселелермен байланысты. Солардың бірі жаңа кешен - теңіз мұнай-газ кешенін құру.

Еліміздің басшысы мен мамандары Каспий шельфіне және каспий маңы ойпатының кешеніне үлкен үміт артып отыр. Сондай-ақ, осы ауданның қолайлы құрылымы және бұл аудан өте ірі мұнай және газ кен орындары Теңіз, Бозашы және Астрахань түбегіндегі кен орындарымен қатар, Еділ және Жайық өзендері арасындағы кен орындары бар территорияға енуінің өзі оған негіз болып келеді.

Каспий акваториясында мұнай мен газ өндіру және барлау, геологиялық, геофизикалық зерттеулер жүргізу үшін 1993 жылы ақпанда «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.

«Қазақстанкаспийшельф» (ҚКШ) геологиялық барлаушылары қызығушылық білдірген Министрліктер мен ведомстволардың қатысуымен шетел мұнай компанияларын тартуда үлкен жұмыстар жасалды. 1995 жылы 3 желтоқсанда мемлекеттік компания «Қазақстанкаспийшельф», жетекшілік еткен «Аджип», «Бритиш газ», «Би-Пи / Статойл», «Мобил», «Шелл», «Тоталь» компанияларының бірігуімен Каспий теңізі шельфін өңдеудегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру үшін халықаралық концорциум құрылды.

ААҚ «Қазақстанкаспийшельф» Консорциум 1994-1997 жылдары Каспий теңізі шельфінің қазақстандық секторында мұнай-газды болашағын анықтау және геологиялық құрылымын анықтауда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жұмыстың осы бөлігіне 218 млн. доллар, ал инфрақұрылымды дамытуға - 500 млн. доллар салынды. 26 мың шақырымға сейсмикалық мәліметтер және ондаған ірі мұнай-газды құрылым анықталды (Қашаған, Қайран, Ақтота, Қаламқас теңіз және тағы басқа) . Бұл барлау - бұрғылауды бастауға негіз болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Мұнай жобаларын маркетингілік талдау
Әлемдік мұнай әлемдік үлесі өндірісіндегі үлесі
Мұнайгаз өндіретін комплексті дамыту
Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторы
Қазақстандағы отын - энергетика өнеркәсібінің дамуына қысқаша тарихи шолу
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Қазақстанның мұнай саласының шетел компанияларымен экономикалық байланысын қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz