Шараны енгізгеннен кейін эксплуатациялық шығындарды есептеу және бірлік өнімнің өзіндік құнын анықтау


Жоспар:
КІРІСПЕ
Негізгі бөлім
1. «Қазақстанкаспийшельф» 2003 жылды мұнай мен газ өндірудің өзіндік құнына қысқаша талдау
1. 1 Қабатты гидравликалық жарудың экономикалық тиімділігін анықтау
2 Шараны енгізгеннен кейін эксплуатациялық шығындарды есептеу және бірлік өнімнің өзіндік құнын анықтау
2. 1 Шараны енгізуден кейін жылдық экономикалық тиімділікті анықтау
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылѓан әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мұнай және мұнай өнімдері біздің еліміз үшін негізгі экспорт көзі болғандықтан мұнайдың дүниежүзілік бағасы макроэкономикалық параметрлердің маңызды бірі болып табылады. Сыртқы рыногтағы жағдай Қазақстандық мұнай компанияларының жағдайына да өз әсерін тигізеді. Мұнайдың дүниежүзілік бағасының дағдарысы тек қана мұнай өндірісіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның бүкіл экономикасына қауіп төндіреді. Себебі, көптеген ұңғымалар қор бөлігінің қайтарымсыз жоғалтуларымен тоқтатылады. Осыған байланысты бюджеттің кірісінің азаюы, жұмыс орындарының қысқартылуы, экономиканың барлық салаларында салықтардың көбеюі жағдайлары туындайды.
Бұндай жағдайларда жаңа кен орындарды жұмысқа енгізу өте қиынға түседі, эксплуатациялық бұрғылау жұмыстарының саны азаяды. Осының әсерінен мұнай өндіру көлемі азаяды.
Осыдан келе, біз үшін жұмыс істеп тұрған ұңғымалардың шығымын арттыру мәселесі туындайды. Мұнай қорының құрылысының жеткілікті өзгерісі мұнайлы қабаттарға әсер етудің жаңа технологияларын іздеуді, ойлап табуды және өндірістік енгізуді талап етеді. Осындай жаңа әдістерінің бірі болып қабатты гидравликалық жару әдісі саналады. Бұл әдістің технологиясында арнайы материалдардың қолданылуы керек етіледі. Қабатты гидравликалық жару өте қымбат болғандықтан, оны басқа мұнай өндіру организацияларының көрсететін қызметтерінің бірі ретінде қолдану қажеттілігі туындайды.
Жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, бұл жұмыстың актуалды екендігіне көз жеткізуге болады.
Болған дағдарыстан кейін мұнайдың бағасының төмендеуімен қоса мұнай өндіру компанияларына қызмет ететін көптеген компаниялар жұмыс істеулерін тоқтатты. Мұнай саласындағы пайда болған қатаң бәсекелестікте қателіктер жіберуге болмайды. Қабатты гидравликалық жару ерекше және революциялық технологиялардың бірі бола тұрып, өте қымбатқа түседі. Сондықтан потенциалды тұтынушыларға бұл әдістің тиімді екендігіне көз жеткізу - бір мәселе болып табылады. Сол үшін түрлі маркетингтік іздену жұмыстарын жүргізіп, жару тиімділігін экономикалық есептеулер жүргізу арқылы тұтынушыларға жеткізуге болады.
Соңғы жылдары «Қазақстанкаспийшельф» жұмыстарын тендер жеңу арқылы Ресейдің «Катконефть» компаниясы жүргізді. Мысалы, 2003 жылы олар жару шарасын 79 ұңғымада, 2004 жылдың 1 маусымында 155 ұңғымада, 2005 жылда 300-400 ұңғымада өткізген. Олардың мәліметтері бойынша жүргізілген 100 пайыз ұңғымадан 98 пайыз күтіліп отырған тиімділікті алып келген. Мұнайды өндіру 8 еседей артқан.
1. «Қазақстанкаспийшельф» 2003 жылды мұнай мен газ өндірудің өзіндік құнына қысқаша талдау
1. 1 Қабатты гидравликалық жарудың экономикалық тиімділігін анықтау
Мұнай және газ өндірудің өзіндік құнын төмендету - мұнайгаз өндіретін кәсіпорындар үшін өте маңызды міндет.
Мұнай және газ өндірудің өзіндік құнының қалыптасуы мұнай кен орнын игерудегі, скважиналарды пайдаланудағы, мұнай мен газды жинау және тасмалдаудағы күрделі процестермен тығыз байланысты.
1-кесте- Мұнай өндірудің өзіндік құнының көрсеткіштері
Көрсеткіштер
2003ж.
1
2
Мұнай өндіруге кететін энергия шығындары,
Теңге
Субподрядчик болып келетін Ресейлік кәсіпорын «Катконефть» 2004 жылдың 21 маусым айына Қазақстанкаспийшельф өндірістік филиалының кен орнында 115 ұңғымада гидрожару жұмысын жүргізді. 2004 жылда олар 200 ұңғымада қабатты гидравликалық жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған (1 гидрожаруды жүргізу құны 100 000 АҚШ доллары болып келеді), ал 2005 жылы 300-400 ұңығмаларында жару жұмыстарын жүргізуді жоспарлаған.
2003 жылы «Катконефть» тендерды ұтып алып, 79 ұңғымаларында жару жұмыстарын жүргізді. Осының нәтижесінде 79 ұңғыманың ішінен 78 - де 99 пайызға дейін әсер болған. 2004 жылдың маусым айына дейін осы ұңғымалардан жиналған мұнай мөлшері - 242 176 тонна, сол кезде 1 ұңғыманың мұнайының ортатәуліктік дебитінің өсуі - 14, 6 тонна.
Ұңғыманы гидрожарудан күтілетін тиімділікті анықтау үшін қарастырылып отырған уақыт аралығында ұңғыманың жоғарлатылған шығымда жұмыс істеу арқасында пайда болатын мұнайдың қосымша көлемін анықтайық. Ол үшін тиімділікті ұзақтылығын Т э =1 жыл деп, осы уақыт аралығында ұңғыма q 2 =31 тонна/тәул жоғарлатылған шығыммен тұрақты жұмыс істейді. Енгізуге дейінгі шығым q 1 =16 тонна/тәул құрайды. Ұңғыманы эксплуатациялау коэффициенті К э =0, 95 құрайды.
Бір ұңғыма үшін гидрожаруды енгізуден кейін бір жыл ішінде алынған мұнайдың көлемін келесі формула бойынша анықтаймыз:
Q 2 =q 2 ·T э ·K э (1)
Q 2 =31·365·0, 95=10749, 25 тонна/жыл
Сол уақыт ішінде ұңғыманы өңдеусіз шығым:
Q 1 =16·365·0, 95=5548 тонна/жыл
Өңдеудің арқасында болған мұнайды өндірудің жалпы өсуін анықтайық:
∆Q=Q 2 - Q 1 (2)
∆Q=10749, 25 - 5548=5201, 25 тонна/жыл
Әрекеттегі кәсіпорынға жаңа техниканы енгізу кезінде шығындарды есептеу барлық капиталды салымдар номенклатурасы бойынша емес, ал жабдықты сатып алуға, оны тасымалдауға кеткен шығындар, монтаж жасауға кеткен шығындар бойынша жүргізілуі тиіс. Егер де тиімділік эксплуатация бойынша анықталса, жылдық ағымдағы шығындардың мөлшерін білу қажет, ол пайдаланумен байланысты болу керек. Бұл шығындар машиналарды, жабдықтарды және басқа техниканы қолданумен өндірілетін өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Экономикалық тиімділікті есептеу кезінде алғашқы мәлімет ретінде ағымдағы және капиталды шығындардың көлемін қолданады.
Мұнайды өндіруде шараны енгізуге дейінгі шығындар деңгейін есептеу үшін негізгі мәліметтер «Қазақстанкаспишельф» 2004 жылға пландық құжаттан алынған. Ол келесі кестеде көрсетілген
2 -кесте - Эксплуатациялық шығындарды есептеуге нормативтер
Мұнайды алу бойынша кететін электроэнергияға жылдық шығынды 1 тонна мұнайға кететін энергияға шығын нормасы бойынша есептеу керек. Ол өңдеуге дейінгі шығынмен есептеледі. Сонда З э =56355, 197 теңге құрайды. Қабатқа әсер етудегі шығындардың құрамына суды айдау бойынша шығындар кіреді. 1 м 3 суды айдауға З зв =43190, 487 теңге болады.
Еңбек ақы қорын есептеу (ЕАҚ)
ЕАҚ = минималды айлық * тарифті коэффициент * айлар саны * ауданды коэффициент * территориалды коэффициент * қосымша айлық коэффициенті * Жұмыс істеу персонал саны
Еңбек ақы қорын есептеу үшін коэффициенттер:
ҚР минималды айлық, теңге 9200
Тарифті коэффициент 10, 56
Айлар саны 12
Ауданды коэффициент 1, 1
Территориалды коэффициент 1, 4
Қосымша айлық коэффициенті 1, 25
Жұмыс істеу персонал саны, адам 1
ЕАҚ = 9200·10, 56·12·1, 1·1, 4·1, 25·1=1463616 теңге
Бір адам үшін бір айдын айлығы 121968 тенгені құрайды.
Жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыруға, зейнет ақы қорына ақша аударуы сәйкесінше уақыт аралығында орнатылған нормалар бойынша жүргізіледі (31пайыз ЕАҚ) .
З ор =ФОТ·0, 31, (3)
З ор =1463616·0, 31=453720, 96 теңге
Ұңғыма бойынша амортизациялық ақша аударылуы ұңғыманың алғашқы құнының 6, 7 пайыз
A r =(C n ·N a ) /100пайыз (4)
мұнда C n - ұңғыманың алғашқы құны, 288015000 теңге
N a - ұңғыма амортизациясының жылдық нормасы, пайыз
A r =19297005 теңге.
Мұнайды жинау, тасымалдау және дайындау бойынша шығындардың құрамына мұнайды ұңғымадан мұнайды жинау қондырғыларына дейін жинау кіреді.
Осы калькуляция үшін шығындардың жылдық мөлшері
З стп =З уд ·Q 1 , (5)
мұнда З уд - мұнайды жинау, тасымалдау және дайындауға меншікті шығындар, теңге/т
З стп =899·173, 375=155864, 125 теңге
Жер үсті және жер асты қондырғыларды ағымдағы жөндеу бойынша шығындар бірнеше шығындар қатарын құрайды.
Осы шығындарды есептеуде ұңғыманың алғашқы құнынан 1, 2 пайыз алынады, яғни
З о. п. р =21пайыз·(З э +З зв +З пл +З ор +А r +З стп +З т. р ) /100пайыз (6)
З о. п. р =21·(56355, 197+43190, 487+1463616+453720, 96+19297005+155864, 125 +3456180) /100=5234445, 671 теңге.
Өндірістік емес шығындар - өнімнің коммерциялы өткізілуімен байланысты шығындар. Осы шығындар толық өзіндік құнның 0, 5 пайыз құрайды.
З вп =0, 5пайыз·∑3/100пайыз (7)
З вп =0, 5·30160377, 44/100=150801, 8872 теңге
Бір ұңғымаға гидрожаруды енгізуге дейінгі шығындарды есептеулердің нәтижелері бойынша барлық мәліметтерді келесі кестеге енгіземіз.
3-кесте - Қабатты гидравликалық жару дейінгі жылдық эксплуатациялық шығындар
Кестеде көрсетілген нәтижелерге сүйене отырып 1 тонна мұнайдың өзіндік құнын анықтайық
С 1 =З г /Q 1 , (8)
мұнда З г - калькуляция тараулары бойынша жылдық эксплуатациялық шығындардың соммасы,
С 1 =30311179, 33/5548=5463, 442 теңге
Сонымен, ұңғыманы өңдеусіз 1 тонна мұнайдың өзіндік құны жылдың соңына 5463, 442 теңге құрайды.
2 Шараны енгізгеннен кейін эксплуатациялық шығындарды есептеу және бірлік өнімнің өзіндік құнын анықтау
Шараны енгізгеннен кейінгі шығындарға гидрожаруды өткізуге кеткен шығындар З г және ағымдағы жылда қосымша өндірілген мұнайды алуға кеткен шығындар кіреді.
Гидрожаруға байланысты шығындарға ұңғыманы дайындау - қорытындылау бойынша шығындар және сәйкесінше жұмыстарды жүргізуге кеткен шығындар кіреді. Дайындау - қорытындылау жұмыстарына ұңғыманы гидрожаруға дайындау мен оны пайдалануға жіберу, құбырларды түсіру - көтеру қондырғысының көшуіне, шаблондау, гидрожаруға дейін және кейін жүргізілетін ұңғыманы зерттеу жұмыстары кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz