Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы инвестицияның атқаратын қызметтері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3-4

I Тарау . Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы инвестицияның атқаратын қызметтері.

1. 1. Индустриялық-инновациялық стратегияның дамуын іске асырудағы инвестицияның рөлі . . . 5-13

1. 2. Инновацияларды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар . . . 14-22

ІІ Тарау. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері.

2. 1 . Қазақстан Республикасыны нарықтық жағдайындағы инвестицялық іс- әрекеттерді талдау . . . 23-30

2. 2 . Өндіріс салаларын дамытудағы инвестициялық зерттеулердің

көрсеткіші . . . 31-39

III Тарау. Индустриялық-инновациялық дамудың проблемалары және оларды шешу жолдары.

3. 1. Индустриялық- инновациялық дамудағы негізгі проблемалар . . . 40-48

3. 2. Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы негізгі мәселелерді шешу технологиясы . . . 49-58

Қорытынды . . . 59-60

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 61

Жоспар

Кіріспе

I Тарау . Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы инвестицияның атқаратын қызметтері.

1. 1. Индустриялық-инновациялық стратегияның дамуын іске асырудағы инвестицияның рөлі.

1. 2. Инновацияларды дамытуға бағытталған ауқымды жобалар.

ІІ Тарау. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері.

2. 1 . Қазақстан Республикасыны нарықтық жағдайындағы инвестицялық іс- әрекеттерді талдау.

2. 2 . Өндіріс салаларын дамытудағы инвестициялық зерттеулердің

көрсеткіші.

III Тарау. Индустриялық-инновациялық дамудың проблемалары және оларды шешу жолдары.

3. 1. Индустриялық- инновациялық дамудағы негізгі проблемалар.

3. 2. Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы негізгі мәселелерді шешу технологиясы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында экономиканы көтеруге қоғамда басқару мен өндіріс салаларында экономикалық тиімді және озық инновациялардың дамуы негіз бола алады. Ел экономикасын инновацияландыруды дамыту үшін елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылы 17 мамырдағы №1096 жарлығымен экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету өнімнің бәсекелік түрлерін шығару мен экспортты ұлғайту үшін жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы әзірленді.

Стратегияны дамыту жолында инвестициялық қор жарғылық капиталға үлестік (бақылаусыз) қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады.

Индустриялық- инновациялық дамуды жүзеге асырудағы мемлекеттік инвеститциялық саясаттың мақсаты-қаржыландыру көзін, жеке сектордың мемлекеттің араласуынсыз шамасы келмейтін салаларды инвестицияларды қолдау мен таратудың тиісті тетіктерін айқындау болып табылады.

Мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізу шикізаттық емес өндірістерді дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттік инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі шаралар кешенінің үйлесімі болып табылады.

Инновацияларды дамытуға бағытталған перспективалы жобалардың бірі- елде ғылыми зерттеулердің нақты іске асуын қамтамасыз ететін басымдылық, ынталылық, тәуекелділік зерттеулердің тәжірибелі жұмыстардың дамуына қолдау жасау мақсатында “ Ғылым қоры ” Акционерлік қоғамы құрылды. Инновациялық қызметті қолдау институттары арасындағы “ Ғылым қорының”рөлі ғылыми жобалардың алғашқы деңгейлерді қолдау, дамыту және ғылыми зерттеулерді тәжірибелі өндірістік деңгейге дейін жеткізумен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентінің “Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы”Қазақстан халқына жолдауында және Қазақстан кәсіпкерлерінің онышшы форумында берген тапсырмаларына сәйкес әзірленеді.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік, экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан қол үзу арқылы елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Дүниежүзілік экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды жатқызуға болады: біржақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық, өңіраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы ; ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлінуі менеджменттің экономиканы ғаламдану процестеріне және сервистік-технологиялық өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.

Проблемаларды шешу және стратегия аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Даму банкінің қызметін жандандырумен қатар Қазақстанның Инвестициялық қоры, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, инновациялық қор сияқты арнайы даму институттарын құру көзделіп отыр.

Бұл ретте осы институттар қосылған құны жоғары жаңа өндірістерді құруға және олардың жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға және келелі салаларды кешенді талдау, олардың ең маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми -техникалық зерттеулермен әзірленімдерге қолдау көрсетуге инвесчтициялау саясатын жүргізетін болады.

Стратегия елде ғылымды және инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми инновациялық саясат жүргізуді көздейді. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы рыногын одан әрі дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру көзделіп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдік стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай іске асыру экономиканың адам капиталын, өндірілген және табиғи капиталды тиімді пайдалануға негізделген тұрақты өркендеуіне алып келетін оның құрылымында сапалы өзгерістер жасауға, Қазақстанның әлеуметтік дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейіне шығуына ықпал етуі керек.

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мен тетіктерін жетілдіру жөніндегі жекелеген ұсыныстарды негіздеу үшін Стратегияның тиісті бөлімдерінде импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған саясатты іске асыру жөніндегі шетелдердің тәжірибесі, оның ішінде экспорттық саясаттың әрқилы түрлері мен кезеңдері, сондай-ақ әлемдік рыноктарда бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар келтірілген.

I Тарау. Қазақстан экономикасын инновацияландырудағы

инвестицияның атқаратын қызметі.

1. 1. Индустриялық -инновациялық стратегияның дамуын іске асырудағы инвестицияның рөлі.

Мемлекеттік инвестициялар. Индустриялық - инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттік инвестициялардың көздері республикалық және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсіпорындардың (дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) қаражаты болады.

Бюджеттік инвестициялар басымдықтарының арасында индустриялық-инновациялық даму үшін зияткерлік және инфрақұрылымдық негіз құратын салалар қалуы тиіс. Бюджеттік инвестициялар олардың болуы жоғары технологиялы өндірістің қалыптасуының маңызды қосымша шарты болатын қажетті базалық және әлеуметтік инфрақұрылым дамытуға бағытталып, өңірлерде іскерлік және инвестициялық белсенділікті күшейтуге ықпал ететін болады.

Бюджеттік инвестицияларды тікелей индустриялық-инновациялық сектор салаларына жіберу негізгі қызметі несие капиталының сыртқы және ішкі рыноктарына қаражатын тарту болып табылатын қазіргі және құрылатын дамудың мемлекеттік қаржылық ұйымдары арқылы, сондай-ақ экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін институционалдық инвесторлар қаражаттары арқылы жүзеге асырылатын болады.

Әр өндірістің әлеуетін айқындағаннан кейін инвестициялық саясатты Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының барынша тар учаскесіне бағыттауға күш салу керек. Осындай жағдайда ғана өндіруші сектормен бірге ұзақ мерзімді перспективада Қазақстандық экономиканың негізін құрайтын бірнеше жаңа қуатты салалар пайда болуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мемлекеттің инвестициялық және әкімшілік ресурстары шектеулі және барлық ресурстарды көптеген салаларға бөлшектеу қосылған құны жоғары, бірақ салыстырмалы түрде алғанда, халықаралық ауқымда бәсекеге қабілеті жоғары емес деңгейдегі орташа дамыған бірқатар салалардың пайда болуына әкеп соғады.

Барлық әлеуетті бәсекеге қабілетті, оның ішінде экономиканың шикізаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс істейтін экспортқа бағдарланған өндірістер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық өндірістерді дамыту үшін жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлу қажет.

Бұл көзқарас экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпкерлер үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетілдіруге және экспорттық бағыттағы өнімнің жаңа түрлерін шығаруға кедергі жасамайды.

Нақты ұсыныстар жеке секторда туындауы тиіс, ал екінші деңгейдегі банктер және құрылатын инвестициялық мемлекеттік даму институттары осындай ұсыныстарды жеке сектормен әріптестіктік қарым-қатынаста ықтимал іске асыру мақсатында арнайы әдістемелер негізінде оларға талдау жасайды.

Нарықтық экономикалы елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдары бюджет қаражатын жеке кәсіпорындарға қаржы және инвестициялық қолдау көрсетуге жұмсауға тыйым салады. Осыған сәйкес нақты жеке компанияларға қаржылық қолдау көрсету мемлекеттік сыбайлас жемқорлықтың көрінісі ретінде бағаланады. Тәжірибе осындай көзқарастың дұрыстығын көрсетті.

Әдетте, мемлекет нақты компанияларға тікелей қаржылық қолдау көрсете алмайды және онымен айналыспауға тиіс, бірақ экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру мәселелерінде, жеке кәсіпорындарды жаңғыртуға, инновациялық процестерге қатысуға және осы арқылы өзінің өндірістік және бәсекелестік әлеуетін құруға және жақсартуға ұмтылуға ұйытқы әрі бастамашы болуы мүмкін және болуы тиіс. Индустриялық-инновациялық саясаттың басымдылықтарын анықтау әдістері. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, нарықтық экономикалы мемлекет экономикада құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым сәтті мысалдары Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Малайзияда және соңғы отыз жылда өздерінің экономикалық даму саласында ірі бетбұрыс жасаған басқа да елдерде бар.

Қазіргі Қытай индустриялық дамудың стратегиялық бағыттарын дамыту саласында жеке сектормен ынтымақтасу саясатын жүргізуде.

Дүниежүзілік Банктің зерттеулері мемлекеттік индустриялық саясатқа қатысты барлық көзқарастар кең ауқымды үш санатқа: инвестицияларды үйлестіруге, іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және рыноктың орнын басуға ұштастырылуы мүмкін екендігін көрсетті.

Инвестицияларды үйлестіру жөніндегі бастамалар. Жеткілікті дамымаған рынок жағдайында фирмалардың өндірістің кеңеюіне қарай қалыптасатын жаңа және барынша сапалы өнімге сұраныстың көлемін бағалауға мүмкіндігі болмайды. Мемлекет инвестицияларды үйлестіру функциясын өз мойнына алады, олар инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру кезінде ғана компанияларға пайда түсіреді.

Инвестицияларды үйлестірудің осы үлгісін қолдану мемлекеттік және жеке институттарда белгілі бір әлеуеттің болуын көздейді, оған көптеген дамушы елдердің қолы жетпейді.

Іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамалар іскерлік ынтымақтастық жөніндегі белсенді мемлекеттік саясат шеңберінде бастамалар кәсіпкерлермен мынадай бағыттарда іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға тікелей бағытталуы мүмкін: сатып алушылардың мамандандырылған санаттары жаңа нарықтық орындарды қалыптастырады және өнім стандарттары бойынша ақпарат көзі болып табылады; жабдықтарды жеткізушілер олармен бірге өндірістік тәжірибе жинайды; ресурстарды жеткізушілер өндірістің жаңа идеялары мен әдістерінің пайда болуына ықпал етеді, ал бәсекелестер жаңа идеялардың қайнар көзі болып табылады.

Фирмалар, сатып алушылар, жабдықтар мен ресурстарды, қызметтер көрсетуді жеткізушілер топтары, салалық қауымдастықтар, конструкторлық бюролар және кооперация қағидаттарымен жұмыс істейтін басқа да мамандандырылған ұйымдар сол бір аймақтың шеңберінде бірлесіп жұмыс істейді.

Рыногы жеткілікті деңгейде дамымаған елдерге рынокты тереңдетудің және іскерлік ынтымақтастықты дамытудың жинақтаушы процесін қозғалысқа келтіру үшін ұйытқы (өзінің табиғаты жағынан ол мемлекеттік немесе жеке болуы мүмкін) қажет болуы мүмкін.

Рынокты алмастыру. Бұл көзқарас Үкіметтің рынокты толық ығыстырып шығару әрекеттерімен байланысты. Өнеркәсіптік өсуге серпін беру үшін мемлекеттер нарықтық бағалауды ақпаратпен және мемлекеттік секторда жинақталатын бағалармен ауыстыру ырқына бой ұрады. Мұндай әрекет жемісті бола бермейді.

Филиппиннің 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардағы тәжірибесі жеке кәсіпкерлердің беделді топтары үкіметке күшті ықпал еткен кезде не болуы мүмкін екенін көрсетті.

Өзінің одақтары үшін ел ішінде бизнес жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер туғызу ниетімен 1979 жылы Филиппин үкіметі $5 миллиард сомаға "ірі индустриялық жобалардың" жаңа Стратегиясы туралы хабарлады (олардың барлығы капиталды көп қажет ететін ауыр өнеркәсіпте жүзеге асырылды) . Бір жылдан кейін Стратегия қарсыластарының қысымымен үкімет осы жобаларға қайтадан экономикалық және қаржы сараптамасын жүргізуге келісті. Көп кешікпей бұл процеске саяси және қаржы қайшылықтары өз ықпалын тигізді. 1987 жылдың соңына қарай алғашында ұсынылған жалпы құны $ 4 миллиард болатын ($ 5 миллиардтан) он бір жобаның бесеуі жүзеге асырылмайтын жоба ретінде тоқтатылды. Тұтастай алғанда жалпы құны $ 800 миллион төрт жоба ғана пайда әкеледі. Әлемдік тәжірибені ескере отырып, Стратегияны іске асыру кезінде инвестицияларды үйлестіру және іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларға баса көңіл аударылатын болады. Қаржылық қолдау үлестік қатысу қағидаттары негізінде ғана даму институттары арқылы көрсетілетін болады. Бұл ретте жеке сектор, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер негізгі тәуекелдерді өз мойындарына алатын болады.

Мемлекет қосылған құнның технологиялық және экономикалық тізбегін (ҚҚТ) дәйектілікпен дамыту арқылы бәсекеге қабілетті өнім шығаратын өндіріс орындарының біртұтас жүйесін құруға бағытталған жобаларға Даму институттары арқылы қатысатын болады. Бұл бәсекеге қабілетті өнімнің барлық өлшемдеріне сәйкес келетін түпкі өнім үшін жұмыс істейтін көп салалы кәсіпорындарды құруға мүмкіндік береді.

Қазіргі әлемдік практикада экономика салаларын ҚҚТ ретінде қарастыруға негізделген дамыту стратегиясын әзірлеу және талдау әдісі жасалған және кеңінен қолданылады.

Бұл әдістің мәні әрбір саланы түпкі өнімнің құнын ретімен қосып отыратын өндірістер тізбегі ретінде қарастыруға болатынына келіп саяды.

ҚҚТ арқылы салаларға талдау жасау әдістемесі тізбекте қозғалысқа келтіретін немесе онда басым күштерге байланысты ҚҚТ-ның екі негізгі түрін бөліп көрсетеді. Осыған байланысты ҚҚТ құрылымдық тұрғыдан алғанда тік және көлбеу тізбектер болып бөлінеді.

ҚҚТ көлбеу құрылымдарындағы экономикалық белсенділік, әдетте, бір компанияның шеңберінде шоғырланады. Мәселен, бір компанияның өзі-ақ шикізат өндіреді, оны ұқсатады, өз бетімен қосалқы бөлшектер шығарады және өнімді жинайды.

ҚҚТ көлбеу құрылымдарында белсенділік көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілері бойынша бірдей етіп бөлінген: компаниялардың біреуі өнімнің дизайнымен айналысады, басқалары жинақтаушы бөлшектерін шығарады, үшіншілері оларды жинайды.

Әдетте, өндірушілер басым жерде ҚҚТ тік құрылымды болады, ал сатып алушылар басым жерлерде көлбеу құрылымды болады.

Тұтастай алғанда, кім ҚҚТ-ға барынша әсер етсе, ең үлкен қосылған құнды сол алады.

Автомобиль саласының қазіргі ҚҚТ автомобильдің қосалқы бөлшектері мен бөлшектерін шығарушылардан, автомобильді әзірлеп шығаратын (дизайн) және жинайтын кәсіпорындардан, сондай-ақ дистрибьюторлардан тұрады. Бұл ретте машиналар жинайтын кәсіпорындар тізбекке негізінен ең жоғары қосылған құнды алу нысанында барынша зор ықпал етеді.

Киім тігу ҚҚТ сатып алушылық ҚҚТ-ның айқын мысалы болып табылады. Ол дизайнерлік фирмалардан, көтерме бағамен сатушылардан, бөлшек сауда дүкендерінен, тоқу фабрикаларынан, шикізатты өндірушілер мен өңдеушілерден және киім тігу фабрикаларынан тұрады. Осы тізбекте дизайнерлік фирмалар және көтерме бағамен сатушылар төтенше рөл атқарады. Олар ең жоғары қосылған құнды алады, сол арқылы нені өндіру керектігін анықтайды.

Кейбір елдерде халық табысының өсуі, тауар өндірушілерге қойылатын экологиялық және басқа да талаптардың күшейтілуі қосылған құнды орналастыруға елеулі әсер етеді. Мысалы, Гонконгте жалақының елеулі өскеніне және киім мен аяқ киім шығару индустриясында өзінің бәсекелестік артықшылығын жоғалтып алғанына қарамастан, ел ҚҚТ-дан шығып қалған жоқ. Себебі АҚШ-қа киім мен аяқ киім жеткізуге квота алуда Гонконг компанияларының тәжірибелері мен қажетті байланыстары бар. Егер АҚШ үкіметі квоталарды жойса, қытай компаниялары өнімді тікелей жеткізумен айналысар еді . Қазақстан жағдайында өздерінің құрамында кенді өндірумен, оны байытумен, бастапқы және қайталама металл, ілеспе элементтер (алтын, күміс, сирек жер металдары) шығарумен айналысатын өндіріс орындары бар "Қазақмыс" ААҚ және "Қазмырыш" ААҚ ҚҚТ-ның тік құрылымының жарқын мысалы болып табылады. Алайда ҚҚТ осымен үзіліп қалады. Бұдан кейін өнімді өңдеу басқа елдердің компанияларында жүргізіледі, оларға аталған кәсіпорындар ресми түрде қатыспайды, бұл олар алатын қосылған құнды едәуір азайтады.

"Қазақстантрактор" ААҚ ұтымсыз өндірістің мысалы болып табылады. Бұл кәсіпорын шынжыр табанды тракторлар құрастыру үшін негізгі тораптарды басқа кәсіпорындардан сатып алу қағидаты бойынша ұйымдастырылған. Бұл ретте ол осы жинақтаушы тораптар мен бөлшектерді өзінің бәсекелестерінен сатып алады. Сайып келгенде, трактордың түпкілікті бағасы бәсекелестерінікінен үнемі жоғары болып шығады.

Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру үшін ықтимал бәсекелес өндірістерді, оның ішінде әлемдік рыноктардың даму үрдістері мен жеке сектордың бастамаларын ескере отырып, экономикалық ҚҚТ-не құратын экспортқа бағдарланған өндірістерді айқындау мақсатында экономика салаларының даму деңгейіне кезең-кезеңмен талдау жасап тұру қажет.

Сонымен бірге Қазақстан салалық ҚҚТ-ларда өзінің орнын табу мақсатында әлемдік және өңірлік рыноктарды зерттеуді күшейтуі қажет. Бұл міндет әлемдік экономикаға, оның ішінде тіпті шикізат секторына қосылуды басынан бастауға тура келетінімен қиындай түседі.

ҚҚТ бүкіл тізбегін қайтадан қалпына келтіруді көтермелеудің қажеттілігі бола қоймас, тек қосылған құны барынша жоғары элементтерді немесе әлемдік рыноктарға шығуға және қосылған құны барынша жоғары экономикалық белсенділіктерге одан әрі қадам басуға мүмкіндік беретін элементтерді ғана көтермелеу керек.

Осыған байланысты мемлекеттік қолдау қазіргідей ҚҚТ жекелеген элементтері бойынша ішінара емес, оның барлық негізгі элементтері бойынша кешенді түрде көрсетілуі тиіс. Басқаша айтқанда, қолдау жеке алынған кәсіпорынға немесе салаға емес, тіпті әртүрлі салалардағы, бірақ бірыңғай ҚҚТ шеңберінде өзара байланысқан салалардағы барлық немесе негізгі кәсіпорындар бойынша көрсетілуі керек. Мемлекеттің үйлестіруші және жоспарлаушы қызметі осымен тұжырымдалмақ.

Экономика салаларына және әртүрлі өндірістерге ҚҚТ әдістерін ескере отырып талдау жасау үшін Маркетингтік-талдама зерттеулерінің орталығы құрылатын болады. Орталықты құруға рыноктар маркетингі және оларды терең зерделеу саласындағы консалтингтік қызмет көрсетудің отандық нарығының туындауы мен қалыптасуының бастапқы сатыда тұрғаны, талдау зерттеулері шығыстарының шамадан тыс жоғары екені және жеке сектордың әлемдік деңгейде жүзеге асырылатын рынокты талдау зерттеулеріне зәрулікті бастан өткеруі түрткі болып отыр. Мемлекет орталық құра отырып осы саланың қарқынды дамуына едәуір серпін береді. Консалтингтік қызмет көрсетудің отандық рыногының өсуі және қалыптасуы бойынша орталықтың мемлекеттік ретіндегі қызмет етуі орынсыз болады және ол 3-тен 5 жылға дейін орта мерзімді перспективада жекешелендірілетін болады.

Өнеркәсіпті жаңғыртудың басым бағыттарын анықтау үшін отын-энергетикалық кешеннің (ОЭК) және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестицилық және өндірістік әлеуетін пайдалану. Ірі инвестициялық жорбалар өзінің шоғырланған және өнімнің әрбір өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерін арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бірнеше қайтара өзгертуге болатын өнімдер шығаратын өндіріс орындары ҚҚТ әдісі бойынша бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиіс.

Іс жүзінде барлық мұнай экспорттаушы елдерді дерлік өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзінде осы бағытта біраз тәжірибе жинақталған.

Мұнай және мұнай өнімдеріне конъюнктура өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебінен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер экономикасынан кіріс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жүмысы жүргізілуде.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібіне жылдан- жылға көбейіп келе жатқан инвестициялар көлемі экономика құрылымын әртараптандыруға қолайлы орта болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңізінің қазақстандық секторын (КТҚС) игеру индустрияны дамытудың негізгі қозғаушы "локомотивтерінің" бірі болып табылады, онда күнілгері бағалау бойынша көмірсутектердің жалпы қоры 8, 0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтіліп отырғандай, Қазақстанда көмірсутектер өндірудің неғұрлым елеулі өсімін қамтамасыз етеді.

Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндіру жылына 150-200 млн. тоннаға жетіп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ
Инвестиция мәні мен түрлері
«Портфельдік инвестицияны таратудың инветициялық сипаты»
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық портфелінің даму стратегиясы
Инвестиция және оның Қазақстан Республикасындағы қызмет етуi туралы
Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі
Инвестициялық нарықтағы қаржылық институттардың орны мен рөлі
Қазақстан Республикасындағы инвестиция жүйесінің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz