Нидерландыдағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялардың Республикасы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Нидерландыдаѓы ±лт-азаттыќ ќозѓалыс. ХVІІ ѓасырдыњ бірінші жартысындаѓы Ќ±рама провинциялардыњ Республикасы

Жоспар

  1. Нидерланды ‡ Карл ќ±рамында. Х‡І ѓ. Нидерландыныњ экономикалыќ дамуы.
  2. Нидерландыныњ солт‰стігінде азаттыќ к‰рестіњ басталуы.

3. Ќ±рама провинциялар республиканыњ саяси ќ±рылысы.

Нидерланды Мааса, Рейн және Шельд өзендерiнiң төменгi жағында Солтүстiк теңiзiнiң жағалауында орналасқан мемлекет болатын. ХҮ ғасырдың аяғы мен ХҮI ғасырдың басында Нидерландыны өзiне қаратып алды. Осылаша Нидерландыда саяси өмiрiнде екi бағыт пайда болды. Бiр жағынан император бастаған мемлекеттiк аппарат болды. Бүл аппарат бойынша мемлекеттi император тағайындаған наместник басқарды, Оны Нидерландының тарихында статхаудер деп атады. Олардың қолында мемлекеттiк финанс, заң шығару және орталықтандырылған сот билiгi шоғырландырылды. Екiншi жағынан, Бас Штат пен «Жер» Штаты билiк жасады. Олар жергiлiктi халықтан салық жинады, сонымен бiрге, оларға бағынбайтын iрi қалаларда магистраттар үстемдiк еттi. Өте iрi бюргерлер мен саудагерлер бiршама автономиялық құқықты пайдаланды. Нидерланды территориясында халық тығыз орналасқандықтан бұл жерге Карл Ү өзi қызығып отырды. Себебi, ХҮI ғасырдың екiншi жартысында Карл Ү қазынасына 2 млн. гульден пайда түсiрдi. Осы кезеңде Италия 1млн., ал Испания 0, 5 млн. гульден салық төлеген. Ал көршi жатқан француз және немiс княздарына қарсы күресетiн әскери плацдармға айналды. Сондықтан Нидерландиялық iрi саудагерлер мен мануфактуристерге сауда жасауға үлкен жеңiлдiктер берiп отырды. Дегенмен шетелдiк үстемдiк елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын тежедi.

ХҮI ғасырдың ортасына қарай Нидерландыда феодалдық қатынастар ерте ыдырап, алғашқы капиталдың қорлануы мен капитализмнiң алғашқы белгiлерi бiлiне бастады. Себебi, кiшкене ғана Нидерланды территориясында 300 дей қала мен 6500 дей деревнялар болған. Нидерландыда сол кезеңнiң өзiнде 3 млн. адам жасады. Мысалы Голландия провинциясында 1 кв. км. жерге 70 адамнан тура келдi. Сондықтан тарихта Нидерландыны «калалар елiң деп те атаған. Дегенмен Нидерландының 17 провинциясында ламу ерекшелiктерi әртүрлi болды. Қалаларының iшiнде ең iрiсi портты қала Антверпен қаласы болды. Мысалы, Антверпен қаласы жылына 15 млн. гульденге дейiн экспортқа товар шығарып, 20-22 млн. гульденге дейiн импорт товарларын алды. Қаланың портында 2000 кеме болса, оның 1500 Антверпеннiң еншiсiндегi кемелер болды. Қапиталдың алғашқы қорлануымен байланысты бүкiл Батыс Европаның банкирлiк үйлерi қызмет еттi. Елдiң Оңтүстiгiмен қатар Солтүстiк провинцияларда да экономикалық жағынан дами бастады.

Нидерландыда осы кезеңдерде өнеркәсiппен бiрге ауыл шаруашылығы да дами бастады. Сауда қатынастардың дамуына тиiмдi, әрi рынокта өтiмдi ауыл шаруашылық өнiмдерi өндiрiле бастады. Мысалы, ауыл шаруашылығында әлеуметтiк жiктелу процесi күшейiп кеттi. Ал Солтүстiкте бүкiл жер иелiгiнiң 10 проценттейi дворяндардың иелiгiнде болса, 40 проценттейi дiн басылары мен монастырлардың иелiгiнде болды. Ауыл шаруашылығын жақсарту үшiн жетiлдiрiлген гидротехникалық жұмыстар iс жүзiне асырыла бастады. Ауыл шаруашылығында шаруалардың басым көпшiлiгi жерлерiнен айырылғандықтан олар жеке кәсiпкерлiкпен, балық аулаумен, торф өндiрумен немесе жүн түтүмен айналыса бастады.

Бүкiл Нидерландыдағы капиталистiк қатынастардың дамуы әлеуметтiк жiктелу процесiн одан әрi күшейтiп жiбердi. Олардың формалары өзгере бастады. Нәтижеде өте кедейленiп кеткен шаруалар капиталистiк қатаң езгiсiне түсiрiлдi. Мысалы жұмыс күнi 12-14 асғатқа созылды. Жалақы өте төмен болды. Әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларға және шетел капиталистерiнiң езгiсiне қарсы бiрнеше рет шаруалардың көтерiлiстерi болды. Сол көтерiлiстердiң iшiндегi ең iрiлерi 1534-1535 жылдары болған анабаптистердiң көтерiлiстерi, 1539-1540 жылдары болған Гент қаласындағы көтерiлiстердi атап өтуге болады.

1562 - 1566 жылдардағы елдегi қымбатшылық пен ашаршылық Нидерландыда революциялық жағдайды пiсiп жетiлдiрдi. Әсiресе Кальвинистiк шетелдiк езгiге ашық түрде қарсы шыға бастады. Олардың негiзгi қозғаушы күштерi ашаршылыққа ұшыраған шаруалар болса, оларды iрi саудагерлер мен iрi мануфактураның иелерi қолдап отырды. Кейiннен бұл козғалыстардың ақыры қарула көтерiлiстерге ұласты. 1565 жылы дворяндық оппозиция «компромиссң деп аталатын одақ құрды. Олар дiни консисторлармен бiрге қимыл жасау үшiн 1566 жылы жазда келiсiмге қол қойды. Осылайша Нидерландыда революциялық жағдай пiсiп жетiлдi

1566 жылы августа халықтық отряд шiркеулердiң икондары мен бар байлықтарын ашық түрде талқандай бастады. Талан-тараждан түскен байлықтарды жинап алып, оларды көбiнесе кайырымдылық жұмыстарына пайдаланды. Мысалы, Эсландияда көтерiсшiлер үкiметтен еретик ретiнде сотталғандарды түрмеден азат етудi талап еттi. Кейiннен бұл көтерiлiс тiкелей католик шiркеуiне қарсы бағытталды. Мысалы, бiр ғана Фландрияда 500 шiркеу, ал бүкiл Нидерландыды 5500 дей шiркеу талан-таражға түстi. Олардың көтерiлiстерiне қарсы үкiметтiң өзi әлсiздiк танытты. 1566 жылы 26-августта Маргарита Пармская инквизиция заңын жоюға және дворяндар одағының мүшелерiне бiршама жеңiлдiктер беруге мәжбүр болды. Осындай уәдеге сенген көтерiлiс басшылары қозғалыстың қарқынын бәсеңдетiп жiбердi. 1567 жылы көктемге қарай олар жеңiлiп Нидерланд буржуазиялық революциялық көтерiлiсiнiң бiрiншi кезеңi аяқталды. ¶кiмет оған қарсы Нидерландыға герцог Альбаның басшылығымен жазалаушы отряд дайындайды. Герцог Альба 1567 жылы жазға қарай Испаниядан 15 мыңдай таңдаулы отрядпен Нидерландыға келедi. Оның мақсаты бүлiктi тоқтату болғанымен кейiннен жергiлiктi аристократтарды да жазалай бастайды. Сөйтiп Нидерландыда саудагер аристократтарға әрбiр сатқан товарларынан 10 процент салық төлеу мiндетiн енгiзедi. Нидерланияның тарихында бұл салықты алькабала салығы деп атайды. Бүл салық Нидерландыда 1571 жылға дейiн үстемдiк етедi. Герцог Альбаның террорлық әрекеттерiне қарсы Нидерландының ормандарында партизандық қозғалыстар басталады. Бүл партизандар өздерiн «орман гездарымызң деп атайды. Олар көбiнесе жергiлiктi халықтың көмектерiне сүйенiп отырды.

Ал солтүстiкте балық аулаушылар мен кемеде жүзушiлерi, порт жұмысшылары өздерiнiң партизандық соғыстарын теңiздерде жүргiздi. Олар өздерiн «Теңiз гездарымызң деп атады. «Теңiз гездарң испандық кемелерге партизандық шабуылдар жасап отырды. Оларды алғашқы кезде англиялықтар қолдағанымен Испаниямен қақтығысудан қорыққан Англия кейiннен қолдамай қойды. Сөйтiп 1572 жылы буржуазиялық революциялық қозғалыстың жаңа екiншi кезеңi басталды. 1576 жылы 4-сентябрде брюссельдiк отряды Мемлекеттiк Кеңес мүшелерiн қамауға алды. Осы кезден бастап Испания Нидерландыдан толық жеңiледi. Ал 1576 жылы 8-ноябрьде «Гент» бейбiт келiсiмiне қол қойылады.

1579 жылы 23 январьда Утрехт қаласында «Утрехт униясың деп аталатын келсiмге қол қояды. Бүл унияға Фландрия мен Гент қаласы да қосылады. Бүл уния бойынша испан басқыншыларына қарсы жеңiске жеткенше күресуге мiндеттеледi. Май айында толық жеңiске жетiп Филипп II формальды түрде ғана Нидерландының билеушiсi болып қалады. Ал 1581 жылы 26 июльде Филипп II Нидерландыдан толық бас тартады. Солтүстiкте жағдай мүлдем басқаша болды. Олар Англиямен одақтаса отырып, өздерiнiң тәуелсiздiгiн сақтап қалды. 1585-1609 жылдары Солтүстiк провинциялвр Франциямен, Англиямен одақтаса отырып Испанияны әлсiрету үшiн соғыс бастады. Бүл соғысты тәжiрибелi әскери қолбасшы болған Мариц Наусский жүргiздi. Ол Солтүстiктi Испаниядан толық азат етiп, бiрте-бiрте Оңтүстiк Нидерландыға қарай жылжыды. Мариц Кауский әсiресе теңiздегi Испанияның әскери базаларын, әскери кораблдерiн киратты. 1609 жылы Испания Солтүстiк провинциялар республикасымен 12 жылға келiсiм шарт жасауға мәжбүр болды. Келiсм бойынша Испания Солтүстiк провинциялар республикасының тәуелсiздiгiн мойындады. Олар Португалияның Ост-Индия компанияларымен тең праволы сауда қатынастарын жасауға мүмкiндiктер алды. Сонымен бiрге Антверпен қаласының халықаралық маңызын жойып, керiсiнше Амстердам қаласының күштi қарқынмен дамуына мүмкiндiктер жасады. Жоғарыдағы аталған бiтiм Солтүстiк провинциялар республикасының революция мен азат етушiлiк соғысын толық мойындатты. Нәтижеде Солтүстiк провинциялар республикасы жаңа мемлекет ретiнде дүниеге келдi. Революция тарихта бiрiншi рет капитализмнiң жеңiсiн дүние жүзiне паш еттi.

Оңтүстiк провинцияны Испания қайта жаулап алып 1598 жылдан бастап Испания протекторатына айналдырып, II Филипптiң қызы Изабелланың қол астына бердi. Бүл 1633 жылға дейiн созылды. Осы кезеңде оңтүстiк провинциялар үлкен экономикалық қиыншылықты бастан өткiздi. Әсiресе Фландрия мен Брабант ауыл шаруашылығы күйредi. Ал қалалардағы цехтық жүйе бiрте-бiрте жойылып бүкiл бүлiктi патрициаттар мен орта ғасырлық бюргерлер өз қолына шоғырландырды. Монастырлар мен дiн иелерi бұрынша жеңiлдiктерiн пайдаланды. Мүндай процестер елдегi төменгi топ шаруалардың жағдайын күрт нашарлатып жiбердi. Жалпы оңтүстiк провинциялар Мадридтiң тарлығын орындаушы аймаққа айланып қалды.

Ал құрама провинциларда буржуазиялық революцияның жеңiсiн ақырына дейiн жеткiзу үшiн жатжерлiктермен күрестi. Бiрақ жеңiске жеткенiмен бүкiл Батыс Европада буржуазиялық революцияның жеңiстерi феодализмнiң қоршауында болды. Сондықтан олардың жүргiзген экономикалық саясаты жартылай феодалдық, жартылай капиталистiк мазмұнға ие болған. Осындай саясат экономикалық дамудың сол кедегi жағдайын бiршама жақсартқанымен шаруашылық өнiмдер тоқырау жағдайды өмiрге келтiрдi. Дегенмен осы кезеңде сыртқы сада мен теңiзде жүзуден алғашқы капитал қорлана бастады. Жергiлiктi жүн-тоқыма мануфактуралары дамыды. Мысалы, бiрғана Лейден фабрикасында жылына 120 мың рулон мата өндiрiлдi. Әсiресе балық аулау кәсiбiнде 2000 мыңдай кеме жылына 20 млн. гульден пайда тапты. Жалпы жылдық сауда айналымы құрама провинциялар бойынша 75-100 млн. гульденге тең болды. ХҮIIғ. қарай сыртқы сауда күшейдi. Көршiлес жатқан Ресеймен қатынас жақсарды. Әсiресе құл саудасы күшейдi. Бiр ғана ХҮIIғ. II-шi жартысында голландиялық құл сатушылар Америка материгiне 500 мыңдай құл сатып жiбердi. 1602 жылы негiзi қаланған Ост-Инд сауда компаниясының маңызы артты. Бүл компанияның өте көп филиалдары бүкiл провинциялардың iрi қалаларында орналасты. Бiрақ компанияның негiзгi басшылық орындары Молукк және Зонд аралдары мен Үндi мұхитының жағалауларында, Африкада, ¶ндi-Қытайда, Қытайда орналасты. Осы кезден бастап бұрынғы Антверпеннiң орнын Амстердам қаласы баса бастады. Бүкiл провинциядағы Амстердам қаласы баса бастады. Бүкiл провинциялардағы Амстердам қаласының үлесi 46, 5 процент болды. Сонымен бiрге сақтандыру компаниялары пайда болып, 1609 жылы бiрiншi рет банк ашылды. Бүл банктер негiзiнен депозитпен және кредит операцияларымен шұғылданды.

Ауыл шаруашылығында үлкен өзгерiстер болды. Бүрынғы дворяндар мен дiн басыларының испандықтар жаулап алған жерлердiң дерлiк бәрiн тәркiлеп, ол жерлердi iрi буржуазиялар мен бай шаруалар сатып алды. Әсiресе Голландия мен Фрисландияда өте күштi қарқынмен iс жүзiне асырылып, бұрынғы үстем етiп отырған феодалдық жер иеленушiлiктер толық жойылды. Бiрақ феодализмге тән шiркеу ондығы салығы сақталып қалды. Бүл процесс әлiде болса дiн иелерiнiң үстем екендiгiн көрсеттi. Ауыл шаруашылығында салықтың түрлерiнiң көп болуы, капиталистiк дамуға кедергiлер келтiрдi. Сондықтан ауыл шаруашылығында iрi фермерлiк шаруашылық қана тиiмдi болды. Ал, кiшi шаруашылықтардың барлығы уақыт өте күйзелiске ұшырап отырды.

Құрама провинциялардағы саяси құрылыс 1579 жылы қабылданған Утрехт униясының ережелерiмен iс жүзiне асырылды. Бүл ереже бойынша жалпы заң шығару, мемлекеттiк маңызы бар мәселелер Бас Штаттардың құзырында болды. Мысалы, әрбiр провинция депутаттарының санына қарамай бiр ғана дауысқа ие болды. Депутаттар Бас Штаттардың келiсiмiне бiр ауыздан дауыс беруге мiндеттелдi. Бүл процесс статхаудерлердiң мүддесiн көздедi. Бас Штаттардан басқа Федералдық мемлекеттiк Кеңес болды. Бүл Кеңес күнделiктi өмiр мен әскери жұмыстарға басшылық жасады. Мүның басшысы статхаудер болды. Оның орынбасары «ұлы пенсионерң деп аталды. «µлы пенсионерң iрi саудагерлердiң олгархиясынан сайланды. Мемлекеттiк Кеңестегi дауыс беру салық квотасы бойынша бөлiндi. Сол себептi ең дамыған Голландыия мен Зелландия Кеңестегi 12 дауыстың екеуiн иемдендi. Бүл процесс егерде 1-2 провинцияны өзiне тартса Мемлекеттiк Кеңесте басқарушы орынды иемденуге мүмкiндiктер бердi. Статхаудерлердiң қолында өте күштi әскери және әкiмшiлiк билiктер шоғырландырылды. Осылайша олар саяси құрылыстағы республикалық монархтық билiктi пайдаланды. Провинциялық штаттар жергiлiктi жерлердегi билiктiң автономиялық формасын пайдаланды. Мысалы, Голландияда жергiлiктi жерлерде дворяндар бiр дауысқа, ал қалған 18 дауысты басқарушы сауда олгархиясы иемдендi. Ал Фрисландияда дворяндар 30дауыс, ал қалған 11 дауысты қала олгархиясы иемденген. Осы кезеңдегi Республикалардағы тұрмыстық-әлеуметтiк жағдай өте ауыр болды. Әсiресе қарапайым халықтың ешқандай саяси правосы болмады. Мысал, жұмыс күнi революцияға дейiнгi кезеңдегiдей 12-14 сағатқа созылып, жаласылары өте төмен болды. Ал күнделiктi тұтыну тауарлары мен азық-түлiктердiң бағасы өте қымбат болды. Сондықтан Х¶II ғасырдың бiрiншi жартысында тап күресi шиеленiсе түстi. Мысалы, 1618-1638 жылдары Амстердамда шұғашылардың, 1643 жылы Лейденде, 1645 жылы Зеландия қолөнершiлерiнiң еңбек жағдайын жақсарптуды талап еткен өте күштi көтерiлiстерi болды. Бүл көтерiлiске кеден салығына қарсы болған кiшi саудагерлер кiшi буржуаззия топтары да белсене қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Қазақтардың басты тауары - мал мен мал шаруашылығы өнімдері
Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Әлеуметтік топтардың қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын зерттеулерді талдап, оның маңыздылығын айқындау
Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz