Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы



1.Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи жағдайы.
2 Облыс топонимдеріне жалпы шолу.
3 Егеменділік алуға байланысты Шығыс Қазақстан облысындағы жер.су аттарына енген өзгерістерге шолу жасау.
4 Бескарағай
5 Қараөткел
Шығыс Қазақстан облысы. Қазақстан Республикасының солтүстік Шығысындағы әкісшілік аумақтың бөлігі 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1997 жылы құрамына Семей облысы енді. Облыс құрамында 15 әкімшілік аудан, 10 қала, 24 кент, 826 ауыл бар. Жер аумағы 283,2 мың км2. Тұрғыны 1,43 млн адам (2006) облыс орталығы - Өскемен қаласы.
Табиғаты. Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Оның Ертіс өзенінен шығысында жатқан бөлігін Кенді Алтай таулы жүйесіне қарайтын Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері алып жатса, Ертіс өзенінен батыста жатқан өңірін және оңтүстік бөлігін Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржың, Қарадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары, Зайсан көлінің оңтүстігінен Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары алып жатыр. Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар көп (Майлы қара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т.б.). Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік шығысына. Сасыңкөл, Қошқар және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш – Алакөл ойысының солтүстік – шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан. Облыстың қиыр солтүстік –батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жаны алып жатыр. Оның жер бедері негізінен жазық, бірақ Құланды даласы мен Ертіс өзеніне қарай көлбеу. Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кең байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қолайы, тантал, ниобий, молибден, вольдором, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш, тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кең орындары бар.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
1. Шығыс Қазақстан облысының топонимінің қалыптасуы табиғи және тарихи
жағдайы.
Шығыс Қазақстан облысы. Қазақстан Республикасының солтүстік
Шығысындағы әкісшілік аумақтың бөлігі 1932 ж. 10 наурызда құрылған. 1997
жылы құрамына Семей облысы енді. Облыс құрамында 15 әкімшілік аудан, 10
қала, 24 кент, 826 ауыл бар. Жер аумағы 283,2 мың км2. Тұрғыны 1,43 млн
адам (2006) облыс орталығы - Өскемен қаласы.
Табиғаты. Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте
күрделі. Оның Ертіс өзенінен шығысында жатқан бөлігін Кенді Алтай таулы
жүйесіне қарайтын Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов,
Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік
Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері алып жатса,
Ертіс өзенінен батыста жатқан өңірін және оңтүстік бөлігін Қалба жотасы,
Семей, Арқалық, Мыржың, Қарадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау
жоталары, Зайсан көлінің оңтүстігінен Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ
жоталары алып жатыр. Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында
оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар көп (Майлы қара, Белтерек,
Айыртау, Арқат, Көксеңгір, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас,
Арасантау, т.б.). Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік шығысына. Сасыңкөл,
Қошқар және Алакөл көлдері орналасқан Балқаш – Алакөл ойысының солтүстік
– шығыс бөлігі мен Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан. Облыстың
қиыр солтүстік –батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын
қамтитын Балапан жаны алып жатыр. Оның жер бедері негізінен жазық,
бірақ Құланды даласы мен Ертіс өзеніне қарай көлбеу. Шығыс Қазақстан
облысының жер қойнауы кең байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс,
күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий,
галий, селен, теллур, сынап, қолайы, тантал, ниобий, молибден,
вольдором, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш, тақтатас, сондай-ақ әр
түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кең орындары бар.
Облыстың климаты тым континенттік. Қазақтардың жылдық орташа ауа
температурасы жазық өңірінде – 170С, биік тауаралық тұйық
қазанқұңқырларында – 260С-қа дейін барады, шілдеде 19-230С. Жауын шашынның
жылдық орташа мөлшері солтүстік шығысында 350-380 мм, оңтүстік шығысында
250-30мм. Батысында 200-250 мм аралығында, ал Кенді Алтайдың батыс
бөлігінде 1000-1500 мм. Облыс бойынша вегетациялық кезең 175-200 тәулікті
құрайды. Облыстың әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай.
Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен
өзендерден тұрады. Мұнда республикадағы ең үлкен Ертіс өзені ағып
өтеді. Ол облыс аймағын Қытай Халық Республикасы шекарасынан бастап
солтүстік батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара
Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр,
Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Шүлбі, Жарма,
Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты.
Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған. Ал
Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу,
Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын
Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Хан Шыңғыс, жоталары мен Көкшетаудан
алады. Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі
көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік шығысында Алакөл мен Сасықкөл
орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстық оңтүстік батыс
жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай
өзендерінің ұсақ шақылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты
сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі
Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға
қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға
кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл
т.б.) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында
минералды шипалық көлдер көп. Шығыс Қазақстан облысы жер асты суында да
бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мол суаруға ғана емес,
онымен бірге сан алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз
етуге пайдаланылады.
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік
белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған.
Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті
климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына
байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында,
ұсақ шоқылар, тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ
жамылғысы оңтүстіктен қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға
ауысады. Ертістің оң, жағалауындағы құмдық топырақта таспалы қарағай
орманы, ал оңтүстігі қара топырақта бетегелі – селеулі өсімдіктер
тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт
қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі – алеулі өсімдіктер мен
аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті
қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды – теректі ормандар
кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің, сұр, сұрғылт
және дадалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл
топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл
қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында
бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ағжан)
тараған.
Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды батпақты топырақ
қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу,
жусан, ал шалғын өзен аңғарларында дадалық шалғындар, зайсан көлі мен
Ертіс өзенінің жағаларында қамыс – құрақ көптеп кездеседі. Шығыс
Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік
жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың
төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздаң және саздаң қара
топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара
топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі
белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға
ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі
бөліктерінде (тиісінше – 600-800 м-ге және 1200-1300 м-ге дейін) түпкі
жыныстардың және саздаң шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ
тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық
қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда
таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра
топырағы орын алған . Табағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге
шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр
топырағы тараған. Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымлас шөптер даласы,
одан төменірек бетегелі – селеулі, ал жоғарырақта қайыңды – теректі
шоқтоғай аралас шөпті –селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу
жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алсасқан қылқан жапырақты
орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды шырмалы – қара –
самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен Сібір
қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-
Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік,
альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады,
Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.
Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда
табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге
қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай
мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат
сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар.
Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы
жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында , Марқакөл, Зайсан және
Аракөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде
балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты
бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен
балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.
Тарихы. Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан
қоныстанған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында,
Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру
жүйелерінің бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың
бас кезінде Ертіс өзенінің алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып
алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж.
Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ
өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде
Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып
оралды.
XVIII ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей
отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі
облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен
біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе қазақ-
орыс станциялары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж Өскемен, 1763 ж Бұқтырма
бекіністері) салынды. Қазақ - орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы
мен оның салаларының бойына пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей
жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (Иртышская) қазақтардан тартып
алынып, қазақ-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс
өзеніне 10 км-ден де жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар
ең шұрайлы жерлерінен айырылып, ата қоныстарының атауларын жоғартты,
олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды.
Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша
аталып кетті. Станицялар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік батысқа
қарай жылжи берді. 1826 жылы Қалба жотасының етегінде Көкпекті
бекінісі, 1831 жылы Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі аягөз
қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында
станциялар пайда болды.
Қазақ-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының
шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша үкіметінен тығылып,
қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар мен Оралдың және
Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен
қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның
салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы
кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18
ғасырдың 60 жылдарында Алтайдың солтүстік батыс жағында Оба мен Үлбі
өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан поляктар деп
аталған шаруалар келіп ұоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың
шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер
(1784), Зырянов (1794), Белеусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті
металл кеніштер іске қосылды.
1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауыттарының шикізат
базасына айналды.
Ресейде басыбайлық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс
күшінен айырылған және техниканы қайта құруды керек еткен Алтайдың
кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен
өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын - күміс бағасының арзандауы
ұшықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге
Алтайдың басыбайлық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері
австралиялық, ағылшындық,

Облыс топонимдеріне жалпы шолу.
Сан мыңдаған атаулардың арқайсысының өзіндік ерекшелігі, қасиеті,
тарихы бар. Уақыт озған сайын олардың бірі қолданыстан шығып, ұмыт болып
жатса, екіншісі жаңадан дүниеге келіп, тілімізге, күнделікті өмірімізге
араласып жатады. Жер-су атаулары әр елдің тарихын, дінін, ұлттық жадын,
болмыс-бітімін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін сипаттайды. Осы
географиялық атауларды зерттеп, мағынасын ашу еліміздің әр азаматын
толғандыруы тиіс. Қазақ халқының географиялық (тиір) терминдерін зерттеумен
көптеген ғалымдар айналысып жүр. Солардың ішінде Э. Мурзаевты, Ғ.
Қонқашбаевты, Е. Қойшыбаевты, С. әбдірахмановты, кейіннен айналысып жүрген
ғалымдардан Ж. Достайды, К. Қаймулдинованы, А. Аяпбекованы, Қ. Сапаровты
және т. б. ғалымдарды атап көрсетуге болады.
Топонимика ономастикамен (барлық жеке атауларды зерттейтін тіл
білімінің бөлімі) тығыз байланысты. Бұл В. Подольскаяның еңбегінде
көрсетілген. Ономастиканың екі бөлімі антропонимика және топонимика осы
күнге дейін маңызды номинациялар объектілері: адам және географиялық ортада
жылдам дамиды. Бұл объектілердің барынша көп өз жеке атаулары бар
(антропономияда), ал географияда жеке атаулармен зерттелгендердің барлығы
айтылған. [1].
Қазақ тіліндегі географиялық ғылымдардың терминалогиясы мен
терминизациясының қазіргі жағдайы дәлелденген, ғылыми негізделген С.
әбдірахмаговтың, К. Базарбаевтың, А. Мақановтың, К. Мәмбеталиевтің
География ғылымдарының қазақ тіліндегі терминизациясының мәселелері атты
мақаласында келтірілген. (Қазақстан Республикасының табиғи-ресурстың
потанциалын тұрақты пайдаланудың географиялық мәселері. Алматы, 2005-271-
291-бет).
Қазақ халқының географиялық терминологиясын ғылыми көпшілікке
насихаттап түсіндіруде Э. Мурзаевтың 1984 жылы жарық көрген Халықтың
географиялық терминдер сөздігінің маңызы зор. [2]. Сонымен қоса, география
ғылымдары тұрғысынан қазақ географиялық терминдерін алып топтастырып,
мағынасына анықтама берген Ғ. Қоңқашбаевтың зерттеу жұмыстарының да өзіндік
орны бар [3].
Қазақ топономиясында сан ғасырлық көшпелі мал шаруашылығының
доминантасы өз ізін қалдрды. Зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығы
өркендеген түркі – монғол халықтарында географиялық термидердің аса бай,
жіктелген сипатта жинақталғанын ерекше атап өтеді. Ғ. қоңғашбаевтың
мәліменттеріне сәйкес, қазақ халқының 600 географиялық термині бар және
Қазақстандағы жергілікті топонимдердің жартысына жуығы халықтың терминдер
негізінде жасалған. Қазақ халқының географиялық терминологиясы аса бай
болуымен ерекшеленеді. Бұл жүйенің қалыптасу тарихы халықтың тарихымен, мал
шаруашылығын ұйымдастыру сипатымен, табиғат жағдайларымен, қазақ тілінің
құрылымымен тығыз байланысты болғандықтан, оны жеке-дара құбылыс ретінде
қарастыру мүмкін емес [4]. Сол сияқты еліміздің Шығыс өңрінің де жер, су
атауларында да, осы белгілер жиі байқалып отырады.
Қазақстанның Шығыс өңірі-көптеген халықтың қоныс аударған шақтарынан
бастан кешкен, бір тармағы болып саналған, гео саяси тұрғыдан маңызды рөл
атқарған тарихи өлке. Бұл құбылыс Семей өнірінің топонимиясының
қалыптасуында өз ықпалын тигізді. Сол себепті Шығыс өнірінің топонимикалық
жүйесін зерттеудің айрықша мәні бар.
Тілдердің таралу аймағы болатыны сияқты, тілдің диалект, топонимика
қатарлас құрамдас бөліктерінің де таралу аймақтары болады. Қазақстан
көлеміндегі диалектілер аймақ-аймаққа бөлініп, картасы түзілген болса да
топонимдердің таралу аймағын анықтап,топонимиялық карта жасау әлі қолға
алынған жоқ.
Қ. Сапаровтың [5] зернттеулерінен келтіретін болсақ: Шығыс өңірінің
жер, су атауларын белгілеу барысында түркі, монғол және славян тілдік
қабаттары көп сақталғандығын байқауға болады. Соның ішінде қазақ (түркі)
тіліндегі айтулар бұл аумақ топонимдеррін 74,8 %-ын құрайды. Екінші монғол
тілді атаулар қабаты, облыс топонимдерінің 10%-ын құрайды. Аблокетко
(Абылай хид), Архад, Алтом, борхат, бор ғұстан, Баянды, Баянала, Бақанас,
Доланқара, Долан, Қандығатай, Китынқара, Көкдоба, Зайсан, Ұлан, Сайқан ,
Сібе, (Ласты) Үйдене, Шағин, Шерға, Шабарды, Шертей, Топағай, Түгіп, т. б.
Қазақ жерінің көп жерлерінде орыс атаулары ауқымды орын алады. Бұған
басты себеп-сал ғасырға созылған қазақ – орыс халықтары арасындағы қарым-
қатынас, тарихи-саяси факторлары. Сонымен орыс тілі атаулар өлке
топонимдерінің 15 %-ын қамтиды. Бобровка, Ивановский, Садовая, Боросзулиха,
Глубокое, Зырян, Шемонайха, т. б. [3].
Осы өңірдегі жер, су атауларының шығуы талданып, зерттелгенімен, әлі
де болса дау туғызып отырған атаулар бар. Солардың ішінде Ертіс атауын
алатын болсақ, бұл өзеннің этнимологиясында көне түркілік терең астарлар
жатыр.
Көптеген зерттеушілер халықтың этнимология деп мән бермейтін М.
Қалиқари сөздігіндегі Иртыш (эртшимақ) Кім тез өтеді? түсініг ғылыми
этимологияға жетелейтін бірден-бір дерек. Этимологиялық талдауда
сүйенетініміз –М. Қалиқари сөздігіндегі түсініктемелер :
Ертісті-бәсекелесіп өтісті бәстесіп өтісті ..., Ертүшір-ертүшмен
бәске өтісер, бәске өтіспек. Ертті; өтті; кешті[6]. Бұл сөздіктегі ерт
өту, кешу мағынасында тұрған өт етістігі өткел мағынасын береді десек
онда Ерт сіз тұлғасы өткелсіз (өзен) болып шығады. Сонымен, Ертсіз,
Ертсіс, Ертіс болып, фонетикалық өзгеріске түсіп, ықшамдалып, бұл гидроним
кет, монғол, қытай, т. б. тілдерден емес таза түркі тілінен жасалғанын
дәлелдейді [7]. Сонымен қоса, Ертіс сөзі башқұрт тілінде тез жарып
өтетін деген мағынаны береді екен. Бірақ қай сөзден шыққаны әлі толық
дәлелдене қойған жоқ. Сонымен қатар, Ертіс өзені ежелгі руна жазбаларында
– Артис, 1549 жылы жарық көрген Герберіштейннің, тіпті, 1716-1733 жылдары
құрастырылған швед Ренаттың көне картасында Шмидтің сөздігінде Ирқыш-
Epzisch, Ф. Брокгаузбен Ф. Ефронның энциклопедиялық сөздігінде Эрчик
Ирцис, монғолша Ирцис, қытайша Эрцзис түрлерінде кездеседі. Ертіс өзені
этнимологиясы туралы В. Семенов, А. Дульзон, Э. Мурзаев, В. Попова, т. б.
ғалымдар өз пікірлерін жазды. Белгілі саяхатшы-географ В. Семенов Иртыш
(Ир-жер, тыш-қазу) мағынасында деп түсінік берген.
Ертіс гидронимін Е. Қойшыбаев былай түсіндіреді. Ертіс түріктің
артыш-асу, сөзбе-сөз асып кету, өту деген сөзінен шыққан. Бұл
атаудың берілуі өзен арнасының маршрутына байланысты болуы мүмкін, яғни
өзен өз бастауын Зайсан ,көлінен алып, алдымен жазық жерлермен ағып, содан
біртіндеп тар шатқалдардан өтіп, Нарын және Қалба жоталарынан және Алтай
тауынан басқа да сілемдерінен өтеді. Артыш этимологиясының түрікше бірнеше
ұқсас түрлерін келтіреді. Артасу, Артыш, Артек, сонымен қоса, Алтын-Артыш,
Жоғары-Артыш және т.б. [8].
Ә. Нұрғамбетұлы өзінің көз қарасын былай келтіреді. Бұл өзен атауының
шыққан тегі туралы түрлі-түрлі тұспалдар бар. Біреулер оны арту, асу
мағыналарын беретін түркі тілдеріндегі артыш сөзінен, екінші біреулер
қазақ тіліндегі иір, ирелеңдеу мағынасындағы және кет тіліндегі иір,
ирелеңдеу мағынасындағыжәне кет тіліндегі су, өзен мағынасын беретін
сес шеш сөздерінің бірігуінен шыққан деген долбар айтады. Біздің ойымызша
М. Қашқаридың бұл өзенді түркі тілдерінің өзіне тән сөзбен эртыш деп
атауы дұрыс. Әрі оған берген мағынасы да көңілге қонымды. Мысалы, хакас
тіліндегі иртіс дыбыс құрамындағы тұлға да қазақ тіліндегі өту кесіп
өту мағынасын меншіктенеді.
Сондықтан да өзен атауына негіз болуға осы сөз лайықты деп санаймыз
[9]. Осыған қарап, бір ғана атаудың қаншама түсінігі болатынын байқауға
болады. Бұл сияқты дау тудырып отырған әлі де көп.
Аягөз-Шығыс Қазақстан облысының темір жол станциясының бойында
орналасқан ірі станциялардың бірі. Аягөз атауының шығуын ғалымдар былай деп
түсіндіреді. Аягөз, Айғыз, Ай деген өзендердің бәріне ортақ түбір ай. Оны
ғалымдар әр түрлі түсіндіреді.
Ай-тарихи дәуірдегі белгілі тайпа аты болуы мүмкін. Ай-ханты, алтай
тілдеріндегі кішкене, тайыз су деген ұғым білдіреді. Ал енді Аягөз
атауының екінші бөлшегі жайлы зерттеушілердің көз қарастары бірдей, ол көне
түркі тіліндегі су деген мағынаны беретін Угуз (өгіз) сөзі деп қарайды.
Сонда, алғашқы топшылау бойынша Аякөз атауының мағынасы айға ұқсаған су
болып шықса, екінші пікір бойынша, Ай тайпасының суы дегенді білдіреді.
Ал соңғы үшінші мағынасы жорамал бойынша кішкене, тайыз су деген мағынаны
қалыптастырады.
Түрксіб темір жолы бойындағы Семей қаласының тарихы 1718 жылы Ертіс
бойына салынған бекініс-қамалмен, кейін 1782 жылы Семейге тұңғыш рет уездін
қала атағы берілуімен байланысып жатса да оның аты әріге, ғасырлар
қойнауына кетеді. З. Кузнецовтың 1962 жылы жазылған Семей қаласының
орнында болған көне қала туралы деректерде алты мәлімет көрсетілген
Армстронг И. А. Семей көнелері. 1860 жыл 2 том, 202-2069бет. Земляницын И.
Жетішатыр қалдықтары Соуз 1872 жыл. Гедощенко Ф. Н. Семей маңындағы
археологиялық қазбалар. РГО, 1942 жыл және т. б. Бұл мағұлматтардан қаланың
ХVI-XVII ғасырлардағы атауы-Доржынкит. Археологиялық зерттеулерге
қарағанда, қазіргі Семейдің тұрған жері ерте заманна ежелгі тайпаларға
тұрақ болған. Олардың ең көнесі қала дәуіріне жатады. Одан кейінгі
дәуірлерде бұл арада ежелгі ғұндар, түрік қағандығы, қыпшақ, керей, найман
ұлыстары тіршілік еткені байқалады. Доржынкит қазіргі Семей қаласы тұрған
жерде, Ертістің оң жағасына, дөңестің үстіне орналасқан.
Жеті шатыр (семь палат) сарайлары патша үкіметінің ресми құжаттарына
Тас мешіт деген атпен XVI ғасырдың басынан белгілі. Профессор Г. Миллер
бұл туралы 1616 жылы жазылған бір ресми хатты Тюмень қаласының мұрағатынан
тапқан. Осы дерек бойынша Жеті шатыр 1600 жылдары тұрғызылған болуы керек.
І Петердің тапсырмасымен Ертісті өрлеп шыққан әскер басшыларының
хабарларында бұл қоныс (Гудские немісше әсем деген мағынада каменные
палаты) Семь палат деп аталған. Өйткені, қалада ерекше көзге түсетін
жеті сарай болғагн.
Сонымен қоса ақын М. Ибраевтың Қазақтың көне қалалары, Қасиетті
жер атты мақалаларында қазіргі Семей жерінде қорған салынғанға дейін
Сынболат атты тайпаларының қоныс тепкендігін, кейіннен бұл сөздің Семь
палатка айналып кеткенін жазған болатын.
Атақты саяхатшы ғалымдар Г. Миллер мен Н. Абромовтың жазбалаына
сүйенсек, ІХ-Х ғасырларда қимақ қағанатының құрылуынан басталады деген
деректер бар. Бұл авторлар Семей қаласының атауы Семь палат атауынан
емес, сары ұйғырладың Семей - құдайдың үйі, түріктердің мінажат ету орны
сөзінен шыққан деген пікір айтады.
Шығыс Қазақстандағы Зайсан көілінің де атауының бірнеше мағынасы бар .
Зайсан деген атауды 1650 жылы қалмақтар қойған екен. Аштыққа ұшыраған
көптеген азаматтардың көл жағасына келіп, оның тайдай тулаған балығымен
өмірлерін сақтап қалуына байланысты көлге игі; игілік; мейірман;
(зайсан сөзінің қазақша мағынасы) деген ат берілген. Бұл көлдің тағы бір
аты бар Ежелгі аңыздар бойынша бұйра толқынды Зайсан Қоңыраулы көл (хұн-
хуту-Нор) деп аталған екен. Өйткені, толастамай соққан жел көлде үздіксіз
толқын туғызып, кіші отаудың жартысына көл суы екпіндей соғылып,
қоңыраудың сылдырындар дыбыс беретін болған.
Қандай да болмасын аумақтың жер-су атауларының өзіне тән сыр-сипаты,
оның пайда болу, жасалу заңдылықтарында өзіндік ерекшеліктер байқалып
отырады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, халықтың сан ғасырлар бойы табиғатты
пайдалану барысында жинақтаған гео экологиялық білімін шаруашылықты тиімді
ұйымдастыруда негіз болды. Аумақтың географиялық жүйесінің өзімдік
ерекшеліктерін анықтау мақсатында Шығыс өңірінің топонимиялық терминдеріне
зерттеулер жасалыңды.

Облыс топонимдерінне жалпы шолу.
Шығыс Қазақстан десе алдымен ауызға түсетін Алтай – көне түрікше Алтын
Иыш, Ғалымдардың топсиылауынша, адамзат өркенниетінің алтын бесігі.
Біздің заманымыздан бұрынғы қытай астанасынан екі мыңдай шақырым жерде
орналасқан, басын мұз басып етегін орман жапқан Алтайда табиғат мезгілі екі
маусымға, алты ай көктем-жаз және алты ай күз - қысқа бөлінеді. Соған
байланысты жергілікті халық арасында алты ай деген тау пайда болса, көрші
қытай тарихшылары көктем-күз елі деп жазған.
Адамзат Алтай өңірінің ғасырдан бастап-ақ қоныстана бастағанын
делелдейтін археологиялық ескерткіштер ежелгі дәуірде Дайти, орта ғасырда
Гамаш деп аталған Ертіс өзені жағасынан көптеп табылған. Кезінде жиыны
55 мыңнан асатын әр түрлі тас құралдар мен қарулар Усть-Нарым саласының
маңғынан табылғаны белгілі, бірақ қазір ол жер бұқтырма теңізінің астында
жатыр.
Ғалымдар Э.М. Мурзаев пен В. А. Никоновтар Гамаш гидронимі екі
элименттен тұратынын, оның біршама компоненті гам көптеген тілдерде
өзен, су, көп мағынасында кездесетін гам-ген, қан-кен, хем варианттарымен
түбірлес екенін және бұл формалардың сонау Индиядан бастап Қиыр Шығысқа
дейінгі үнді, иран, түркі, корей, жұр т. б. тілдерінде кеңінен тарағанын
тілге тиек етеді.
Себе-Алтай тауларына жалғаса Ертіс өзенінен батысқа қарай созылып
жатқан Қалба жотасындағы көп және өзен атауы. Г. К. Қоңқашпаев атау,
шамасы, монғолдың сове- ведра деген сөзінен алынған болу керек деп
жорамалдайды.
Ұлан-басын Қалба тауларынан алып, Өскемен қаласының төменгі жағынан
Ертіс өзеніне қосылады. Ұлан-Шығыс Қазақстан облысындағы ауданның және
аудан орталығының аты. Атау-монғол тілінде қызыл деген сөз. Шу өзенінің
төменгі ағысында Ұланбел деген жота бар, ол қызыл бел, қызыл төбе деген
мағына береді.
Түркі тілдерінде оған ұлан сөзі жас-өспірім, бала жеткіншек деген
мағынада жұмсалады. Жоғарыдағы жер-су атаулары осы түркі тіліндегі сөзден
қойылуы да ықтимал. Н. А. Баскаов мысалы, Москводанғы Ұлан көшесінің атын
түркі тілінен енген деп қарайды. Жер-су атауларынабайланысты Ұлан сөзі
шағын кішкене деген ұғым берсе керек.
Хамур - Шғыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма өзенінің бір саласы Г. Қ.
Қоңқашпаевтың айтуынша бұл монғолдың Хамр-мүйіс, шығанақ деген термин
сөз. Өзеннің бұлай аталуына оның тауды орала ағуынан пайда болған мүйіс
себепші болуы ықтимал деп есептейді. Бұл пікірді басқа да зерттеушілер
мақұлдайды. А. Әбдірахманов монғолша-қазақша сөздікте хамар сөзінің төрт
түрлі мағынасы берілгенін, оның негізгісі – мұрын, ал ауыспалы мағынасы
шығанаң екенін айтады.
Тарбағатай жотасындағы асу – Хабарасу бұрын көп уақыт монғолша.
Хамардабан деп аталған екен. Ол мүйістегі, шығанаңтағы асу дегенді
білдіреді. Тарихи деректерге қарағанда ХVІІ – ХVІІІ ғасырларда сауда
керуендері Синицияның ярненд полиграф т.б. қалаларынан шығып осы Хамардабан
арқылы Сібірге өтетін болған. Монғолдың Хамардабан атауын қазақтар кейін өз
тіліне аударып, дабан сөзін асу деп өзгертнен, ал хамар сөзін
дыбыстамуының жаңын, ұқсастығына қарай мүлде басқаша беретін хабар сөзіне
айналдырған. Сөйтіп, қазақша Хабарсу атауы. Даван көне түркі тілінде
асу деген мағынада жұмсалған:
Абпакетка – Басын Қолба тауларынан алатын Ертіс өзенінің сол жақ
саласы Абпакетка деп аталады. Г. К. К. Оңқалибаевтың топшылауынша бұл атау
буддолық тонастырв-Аблайкит, атымен байланысты. Ол ХVІІ ғасырдың орта
менінде жоңғар, тайшысы (князі) Абылайдың ставкасы (ордасы) болған. Кит
(монғол тілінде - хийд) – монастырв дегенді, ал Абылай кит айтуы монғол
тілінде Абылай монастірідегенді білдіреді.

Уландырық — Шығыс Қазақстанмен көршілес Таулы —Алтайдағы өзен аты. Ж.
Болатовтың пікірінше, бұл — моңғолдың улан (қызыл), тарайх (қатаю, тастай
болу) сөздерінен жасалған. Осы жерде экспедицияда болған Ж. Болатовқа
жергілікті халықтар бұл моңғолдың қызыл тас деген сөздері деп түсіндірген
(Ж.Болатов. Қошағаш қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ
тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. 4 шығуы, Алматы, 1962, 69
бeтi). Атаудың бipiнші компоненті (ұлан-қызыл) жөніндегі автордың пікірі
дұрыс болғанымен, екінші бөлегі жөнінде айтқаны талас туғызады, өйткені
қызыл тастай болу деген тipкеспен атау жасалмайды. Біздіңше атаудың
екінші сыңары-бурят-монғолдың тураг (изюбр – бұғының еркегі) деген сөзі
(Бурят-монғолско-русск. Славарь. М., 1951, 449 беті). Улантураг Уландырық
формасына көшуі улан сөзінің аяғындағы үнді н дыбысы өзінен кейін ұяң д
дыбысының келуіне ықпал жасап тұр. Сөйтіп, монғол тіліндегі қатаң т дыбысы
қазақ тілінде ілгерінді ықпал нәтижесінде д дыбысына айналуы заңды. Ал сөз
аяғындағы а дыбысы алдағы буындағы ы дыбысы әсерінен ы дыбысына айналған.
Сонда бұл атау қызыл бұғы деген мағынаны білдіреді.

Ұласты – Тарбағатай тауынан басталатын өзен аты. Ғ.Қоңқашпаевтың
пікірі бойынша бұл монғолдың ульяс (терек) деген сөзінен қойылған. Шынында
осы өзен бойында терек кездеседі. Батыс Монғолиядағы Улиастай деген қала да
осы сөзден қойылған (Г. Конкашпаев. Географические названия монголького
происхождения...Известия АН ҚазССР. Серия филологии и искусствоведения.
Вып.І (11), 1959, 96 беті) Монғолша-қазақша сөздікте улиас сөзі тораңғы
терек деп аударылған (С. Хабшай, Ә, Мініс. Монғолша-қазақша сөздік.
Уланбатор, 1954, 96 беті). Бұл жердегі қазақтар монғолдың көп сөзін
түсінеді, сондықтан улиас – терек, тораңғы деген сөзі екенін түсініп, оған
осы ағаштың өзен бойында бар екенін білдіретін -ты жұрнағын қосқан. Ал
монғол тіліндегі бұл жұрнақтың варианты –тай, сондықтан Монғолиядағы қала
аты Улиастай (теректі) болған. Ұласты үшке бөлінеді: Үлкен Ұласты, Орта
Ұласты, Шет Ұласты. Үлкен, Орта, Шет деген сөздер өзеннің салаларын
көрсетіп тұр. Шет Ұласты деген село да бар. Сөйтіп, сөз этимологиясы
былай: Ульяс Ұлас (терек-монғолша) + ты (туынды сын есім жасайтын, осы
заттың барлығын білдіретін түркі тілінің жұрнағы) = Ұласты.
ҰРЖАР — Семей облысының Ұржар ауданындағы Алакөлге құятын өзен аты.
Аудан және аудан орталығының да аты осылай аталады, Түркі тілдерінде
урор у р ао р а сөздері ров, яма, яма для хранения зерна деген
мағынаны білдіреді (В. Г. Егоров. Этимологический словарь чувашского языка.
Чебоксары, 1964, г., стр. 275). Казак тіліндегі ұра, ор сөздері де
түбірлес. Ендеше, Ұржар атауы екі компаненттен жасалған. Ор ұр +жар;
Мұндағы орұр сөзі терең, ал жар — өзен дегенді білдіреді, Сонымен бұл
атау терең өзен деген мағынадан жасалған.
ҮЙДЕНЕ — Шығыс Қазақстандағы Сауыр жотасын жарып өтіп, Зайсан
казаншұңкырына құятын өзен аты. Ғ, Қоңкашпаевтың зерттеуіне қарағанда, бұл
монғолдың уйдн (есік) деген сөзінен қойылған. Сауыр мен Маңырақ тауларын
жарып өтетін бұл терек шатқал есік сияқты болып көрінгендіктен осылай
атанған (Г. Конкашпаев. Географические названия монгольского
происхождения... Известия АН КазССР. Серия филологии н искусствоведения.
Вып. I (11), 1959, 95беті). Осы мандағы бір шаткал Есік деп аталатын
көрінеді. Сондықтан бұның өзі де Ғ. Қонқашпаев пікірінін дұрыстығын
дәлелдей түседі. Ал үйдн сөзінің аяғына е дыбысының косылуы, біздіңше қазак
тілінде сөз соңында дн дауыссыз дыбыстарының қатар келмеуінен, Сөйтіп үйдн
сөзі уйд-не түріне өзгерген де осы өзгерістің өзі дн дыбыстарының арасына
жартылай естілетін е дыбысын тудырған. Сонда бұл сөз мынадай өзгеріске
түскен: үйднуйд(і) неүйдене.
ҮКЕК — Қазақстанның шығыс шекарасынан Алтай-ға қарай жатқан устірт. Ғ.
Қоңқашпаевтын пікірі бойынша бұл монғол сөзі (үкек-ұзын сандық). Бұл атау
үстірттің беті жазык болып, сандыкқа ұқсастығын дәл көрсетіп тұр (Г.
Конкашпаев. Географические названия монгольского происхождения... Известия
АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 95 беті).
Бұл атау туралы Э. М. Мурзаев та осы пікірде (Э. и В. Мурзаевы. Словарь
географических названий. М., 1959, стр. 234—235). Ол монғолдың ухег (букв.
короб, ящик) деген сөзінен жасалған жалпак тау, тау арқасы, үстірт деген
мағыналарды білдіретін атаулар Алтайда, Қырғызстанда (Алатоода), Жоңғар
Алатауында кездесетінін де көрсетеді (сонда).
Үкек жазығын революциядан бұрын зерттеген географ В. В. Сапожников
жазған болатын-ды (В. В. Сапожников. Катунь и ее истоки. Томск, 1901, стр.
26—28). Ғ. Қоңқашпаев пен Э, М. Мурзаев пікірін Ж. Болатов та қолдайды (Ж.
Болатов. Шығыс Қазақстан облысы... қазақтар тіліндегі жергілікті
ерекшеліктер туралы, Қазак, тілі тарихы мен диалектологиясының
мәселелері, жинақ, 5 шығуы, 1963, 182 беті). Сонымен, үкек монғол тілінен
кірген сөз. Тауды сандыққа ұқсатудан койылған. Көкшетау облысындағы
Сандықтау оронимінің аты да тауды сандыққа ұқсатудан қойылған.
ҮРІЛ — Шығыс Қазакстан облысының Катонқарағай ауданындағы жер және
елді пункт аты. Осы жерде экспедицияда болған Ж. Болатов бұл атаудын,
этимологиясы туралы былай деп жазды: Бұл біздің ойымызша, монголдың қос
ерін мағынасындағы уруул сөзінен алынған болуы керек. Өйткені Үріл де қос
еріннің арасы сиякты таумен қоршалған ұзыннан келген ойпат (Ж. Болатов.
Шығыс Қазақстан облысы... қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы
Қазак тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері, жинак, 5 шығуы,
1963, 181 — 182 беті). Бұл жер револгоцияға дейін Үрілі деп аталғаны М.
Әуезовтың Абай романында келтірілген. Еңдеше бұл ерінді деген
мағынадағы монғол сөзі болуы керек. Монғолша-қазакша сөздікте уруул
сөзіне ерін (ауыздың) деген түсінік берілген (С. Хабшай, Ә. Мініс. Монғолша-
қазакша сөздік. Улан-батор, 1954, 219 беті). Арқа, бас, иық, төс, мұрын
сияқты дене мүшелерінін. жер-су аттарынын, кұрамында жиі кездесетінін
ескерсек, монголдық уруул (ерін) сөзінен бұл атаудын жасалуы әбден орынды.

ШУЙ — Шығыс Қазақстанмен көршілес жатқан Таулы-Алтайдағы өзен және
жота аттары. Бұл атаудын этимологиясы туралы осы жерде экспедицияда болған
Ж. Болатов былай деп жазды: Жергілікті тұрғындардын, біразы Шүй топонимін
де монғол сөзінен алынған дейді. Біздінше ол монғолдын шугуй (орманша,
тоғайша) дегенінен алынған. Бертін келе ол қысқарып, шүй формасында
қолданылып кеткен. Бұл пікір Қошағаш аймағында бұрын ну тоғай, ит түмсығы
өтпес орман болды деген мәлімет аркылы растала, анықтала түседі. Жергілікті
халық Шуй шүйгін дегеннен шыққан, ол алғаш Ши болып та аталған дейді (Ж.
Болатов, Қошағаш казақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ тілі
тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 4 шығуы, Алматы, 1962, 70 беті).
Шуй сөзі мен шүйгін сөздерінің, түбірлес екені анық, ал — гін сөз тудыратын
көне жұрнақ. Жоғарыда пікірге қосыла отырып, шугуйшуй өзгерісін көне түркі
тілі мен қазақ тілінен де мынадай фактілермен толыктыруга болады;
мүгізмүйіз, сығырсиыр, жығынжиын т. б.

ШЫҢҒЫСТАЙ – Шығыс Қазақстан облысынын, Большенарым ауданындағы жер,
село аты. Осы жерде экспедицияда болған Ж. Болатов бұл атаудын этимологиясы
жөнінде былай деп жазды; Бұл жер бұрын Ш ә ңістай деп аталатын. Бұл жерде
шәңіс деген түбінен басына дейін буын-буын болып келетін ағаш көп өседі.
Шәңістен таяқ жасалады. Жергілікті халык шәңіс монғол сөзі дейді. Шынында
монғол тілінде цәнгіс жимс деп кышқыл дәмді, қызыл жидекті ағаш тұқымдас
өсімдікті (клюква) айтады. Ал тай сөзінің таулы орман деген мағынада
тайгадан алынғандығы жоғарыда айтылды (Ж. Болатов. Шығыс Қазакстан
облысындағы қазактар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы. Қазак тілі
тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5 жинак, 1963, 185 беті). Ж.
Болатовтың атаудың түбірі туралы айткан пікірі бізше де дұрыс. Өйткені
цэнгэс жимс — монғол тілінде жидек өсімдігінін бір түрі (С. Хабшай, Ә,
Мініс. Монғолша-қазакша сөздік, Улан-батор, 1954, 342 бет).
Ал Ж. Болатовтың -тай қосымшасы тайға сөзінен алынды деуі, біздіңше,
дұрыс емес. Бұл монғол тіліндегі туынды сын есім жасайтын көне жұрнақ.
Көрнекті тюрколог, алтаист Г. И. Рамстедт түркі тілдеріндегі Iig
(қазақша -лылі, -дыді, -тыді) жұрнағы мен монғол тіліндегі — tu, түнгус
тіліндегі –cі жұрнақтарын туыстас деп қарайды. Сонымен катар ол монғол
тіліндегі топоним жасайтынын баса көрсетсді. Г. И. Рамстедт бұл жүрнақ
туралы бұдан әрі былай деп жазады: Окончание tа (tаіtu+аі) употребляется
во вссх монголских диалектах как окончание притяжательных прилагательных, а
также в функции падожа (Г. И. Рамстедт. Введение в алтайские языкознание.
М., 1957, стр. 205). Г. Д. Санжеев бүл жұрнақ жөніндегі жоғарғы Г. И.
Рамстерттін. пікіріне мынадай түзету жасайды: в монгольских языках
прилагательпыо на –tu, t , -tai и -tei не являются притяжательными, они
имеют скорее противоположное значение, например: usutu имеющий воду и
водный, но не припадлежащий воде (Г. И. Рамстедттің жоғаргы еңбегінің
230 бетіндегі 34-ші ескертпені қараңыз).
Г. И. Рамстедт монғол тіліндегі -tаі жұрнағы tu + аі жұрнақтарының
қосылуынаи жасалған деп карайды.
Сонымен қортындылай келгенде түркі тілдеріндегі -ты (ті, -тұтү,
-дыді, -лылі т. б.) жұрнағы мен монғол тіліндегі -tаіtu+аі жұрнағы
туыстас. Бұл түбір сөзге қосылып топоним жасайды да, сол нәрсенің барлығын
білдіреді (Қандағатай, Сөгеті, Сілеті, ұласты, Шабарты атауларын қараңыз).
ШОЛАКДАРА — Шығыс Қазақстан облысы Большенарым ауданындағы жер аты.
Бұл атаудың этимологиясы жайында осы жерде эксиедицияда болған Ж. Болатов
былай деп жазды: Бұл жақта дара сөзінің тіркесе келуі арқылы жасалған
біраз топонимикалық атаулар кездеседі. Д а р а біраз тюрк тілді елдерде
(Өзбекстан, Азербайжан, Түркменстан, Турция т. б.), сопымен бірге
Тәжікстан, Армения, Иранда шатқал, кезен, асу мағынасында жер-су аттарының
құрамында ұшырайды. Сөз больіц отырған Макила дарасы, Шәңген дарасы, Бапа
дарасы, Шолақ дарасы деген жердер бар. Бұл өнірде дара сөзі қорған сияқты
мал қамайтын бекініс мағынасында да колданылады Кейде жергілікті халық тау
арасын да д а р а дейді. Мысалы, Бапа дарасының (шатқалынын) жан-жағы
қорым, ортасы жазық. Жергілікті түрғындардың д а р а сөзіне үйренгені,
иемденіп бауыр басқаны сонша оны казақ сөзі деп дауласады (Ж Болатов. Шығыс
Қазакстан облысы... қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы,
Казақ тілі тарихы мен диалектологиясынык мәселелері, жинак, 5 шығуы,
1963, 182 бсті).
Дара термині жайында Э. М. Мурзаев былай деп жазды; Дара, дере —
ущелье, каньон, овраг, горный проход (тадж., узб., турк.). В Азербайджане и
Турцин — долина, ущельс, овраг. Дарачичаг — долина цветов в Армении.
Встречается во многих названиях Турции, Кавказа, Средней Азии, Ирана (В. н
Э. Мурзаевы, Словарь местных географических терминов. М., 1959, стр. 70).
Э. М. Мурзаев пен Ж. Болатов бұл атаулардың кай жерде кездесетінін және
кандай мағынада колда-нылатынын айтқандарымен қай тілден таралғанын
көрсетпейді.
Біздін ойымызша д а р а сөзі жоғарыда көрсетілгсн кең алқапта иран
тілдерінен тараған. Қазіргі тәжік тілінде д а р а — шатқал, тау өткелі
(ушелье, горный проход) деген сөз (Таджикско-русскин словарь. М., 1954,
стр. 116). Оңтүстік Қазақстан облысынын Қызылкұм ауданындағы Шардара
(қараңыз) каласының аты және осы арадағы жасанды теңіз аты да иран (тәжік,
арғыда соғдилар) тілінің Шар (төрт) +д а р а (ор, жыра, канон) деген
сөздерінен жасалған.
ШАР – Семей облысындағы өзен аты, Басы Қалба тауынан шығып, Ертіске
құяды. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша бұл монғолдын, сары не болмаса өгіз
деген сәзінең қойылған. XVIII ғасырда Шарөзені Г у р б а н - Шар аталған.
Осындағы гурбан-монғолша үш деген сөз. Сонда өзен аты үш сары дегенмен
байланысты ма, болмаса үш өгіз дегенге сай ма? Үш сары деген өзеннің үш
саласына байланысты болуы да мүмкін, болмаса үш өгіз деген өгізге
байланысты оқиғаға да қойылуы ықтимал (Г. Конкашпаев. Географические
названия монгольского происхождения... Известия АН ҚазССР. Серия филологии
и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96— 97 беттері). Мұнда Ғ. Қоңқашпаев
өз пікірін дәл басып, ашық айтпаған.
Біздің ойымызша, осы Шар сары мағынасынан қойылған болуы керек. Бұл
ертедегі түркі-монғол тіл бірлестігі кезеңінен қалған сөз болуы ықтимал. С
мен ш дыбыстарының алмасуы-монғол мен түркі тілдерінің арасында да, түркі
тілдерінің арасында да, түркі тілдерінің өз ішінде де жиі кездесетін
құбылыс. Мысалы, монғол мен қазақ тіліндегі мынадай сөздерде шс алмасуы
бар: Шавар — сабыр (батпақ) шалтах — сылтау, шийр — сирақ, шпрдэг — сырдақ,
сырмақ, шонхор — сұңқар, шор — сор, шөл — сөл, шулых — сылу, шунгах — сүңгу
т. б. Сондықтан ш а р сезінде монғол тілінін, түрі сақталуы ықтимал да, ал
атаудың қойылуы өте ертеден болуы керек. Ш а р атауында қазір информациялық
мән жоқ, тек белгілі бір өзеннің, селоның т. б. аты есебінде ғана
түсініледі. Алғашқы сары мағынасы мүлде ұмытылған.

ШАБАРТЫ — Шығыс Қазақстандағы Зайсан көлінің терістігіндегі жер асты.
Академик В. В. Бартольд Жетісуда Шабарты деген жер бар екенін, ол монғол
тілінен шығатынын айтқан. Ал Ғ. Қонкашпаев бұл монғолдың балшықты, сазды
деген сөзі деп конкретті көрсетті (Г. Қонкашпаев. Географические названия
монгольского происхождения... Известия АН КазССР. Серия филологии и
искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 97 беті). Монғолша-казақша сөздікте де
шавар — балшык, шавартах — балшықтау, батпақтау деп аударылған (С. Хабшай,
Ә. Мініс. Монғолша-казақша сөздік. Уланбатор, 1954, 353 беті). Монғолдың
-тутай жұрнағы қазакша -ты жұрнағына айналған, мағынасы да бірдей.
Шабаршаварсабаршиберсибирь сөзінін таралу аймағы өте кең,
екендігі және мұның өзі монғол тіліндегі батпақ сөзінен алынуы мүмкін
екендігі өзбек топонимигі С. Қараевтың сөздігінде айтылған (С. Караев.
Топонимик луғат. Ташкент, 1970, 105—109 беттері). Бірақ бұл пікір әлі де
зерттей түсуді қажет етеді.

ШАҒАН — Қазақстанда жиі кездесетін атау; Семейдің төменгі сол жағында
Ертіске құятын өзен, Жайық өзеннің он кұйылысындағы өзен, Мұғажар тауының
оңтүстігінен ағатын өзен аты. Сары Шаған — Іле өзенінің оң құйылысындағы
өзен, Шағанбұғы — Жоңғар Алатауындағы тау аты, Шағаноба-Шығыс Қазақстандағы
өзен, Шағанши — Оңтүстік Алтайдағы жер аты т. б. Ғ. Қоңкашпаевтың пікірі
бойынша Шаған монғолдың цаған (ак) деген сөзінен бұрмаланған атау (Г.
Конкашпаев. Географические названия монгольского происхождения... Известия
АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I (11), 1959, 96 беті).
Монғолша-казақша сөздікте цагаан сөзі ақ деп аударылған (С. Хабшай, Ә.
Мініс. Монғолша-қазакша сездік. Уланбатор, 1954, 321 беті),
Монғол тіліндегі ц дыбысынык казак тілінде ш ды-бысына ауысуы заңды
кұбылыс; цай-шәй, цацаг-шашақ цулбуур-шылбыр т. б. Ал казақ тілінде Шаған
атауы айтылғанда, оның монғол тіліндегі мағынасы мүлде ұмытылып, тек жер
атауы есебінде ғана түсінілді.
Мұнда мағыналық информация жок. Сол себептен де Сары Шаған атауы орын
алған. Сонымен Шаган сөзі монғол тілінен кірме атау.
ШАҒАНДАБА — Шығыс Қазакстан облысындағы кезең, асу аты. Бұл монғолдың
цаганак+давааа кезең деген сөздерінен жасалған (С. Хабшай, Ә. Мініс.
Монғолша-казақша сөздік. Уланбатор, 1954, 71, 321 беттері). Мұндағы дава(н)
сөзімен түркі тілдеріндегі төбе сөзі түбірлес (Көкдаба атауын караңыз).

ТОШАНТЫ — Шығыс Қазақстанмен көршілес Таулы Алтайдағы өзен аты. Сол
жерде экспедицияда болған Ж. Болатовтын зерттеулеріне қарағанда бұл
монғолдың тошин (г) (мұзды, суык) деген сөзінен жасалған. Алтай тілінде де
тош -мұз, тошты-мұзды деген мағынаны білдіреді (Ж. Болатов. Қошағаш
қазақтарынын, тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. Қазақ тілі тарихы
мен..,, жинақ, 5 шығуы, Алматы, 1962, 69-бет). Атау аяғындағы -ты түркі-
монғол тілдеріндегі туынды сын есім жасайтын көне жұрнақ. (Г. И. Рамстедт.
Введение в алтайское язы-кознание. М., 1957, стр. 205). Қазақ тілінде
Тошинты атауының Тошанты түріне ауысуы бірінші буындағы о дыбысынын, и
дыбысына екпін арқылы әсер етуінен, яғни ілгерінді ықпал нәтижесінде а
дыбысына айналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үржар топонимінің қалыптасу тарихы – лингво-мәдени аспектіде
Түркі тіліндегі sona сөзін монғ
Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық сипаты
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Ақмола өңірінің географиялық атауларының қалыптасуындағы геоэкологиялық құрастырушылар ( Зеренді және Атбасар аудандарының мысалында )
Этнолингвистика және этимология
Ертіс атауының этимологиясы
Қазақстан жануарлар дүниесінің топонимдердегі көрінісі
Рухани мәдениетке байланысты қалыптасқан этномаркерлі топонимдер
Сарыарқа өңіріне тән оронимдер және орографиялық терминдер
Пәндер