Әмір Темірдің жаулап алу соғыстары мен саяси дипломатиясы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 1 ӘМІР ТЕМІРДІҢ ЖАУЛАП АЛУ СОҒЫСТАРЫ МЕН САЯСИ ДИПЛОМАТИЯСЫ 1. 1 Орталық Азияның ХVІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІV ғасырдың ортасына дейінгі саяси - әлеуметтік жағдайы . . . 7 1. 2 Әмір Темірдің жаулап алу соғыстары . . . 12 1. 3 Темірдің Батыстағы саясаты . . . 17 1. 4 Әмір Темірдің әскери, саяси және әкімшілік басқару ережелері . . . 222 ӘМІР ТЕМІРДІҢ КӨРШІ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ САЯСАТЫНА ЫҚПАЛЫ
2. 1 Әмір Темірдің Алтын Орда, Моғолстан және Ақ Орда мемлекеттерімен қарым-қатынасының тарихы . . . 29
2. 2 Әмір Темірдің Кавказ халықтарына жүргізген саясаты . . . 35
2. 3 Иранға, Үндістанға, Қытайға жасаған жорықтары . . . 42
2. 4 Әмір-Темір жаулап алынған мемлекеттерге жүргізген саясаты . . . 45ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ Диплом жұмысыың өзектілігі. Ескендір Зұлқарнайы, Шыңғысхан, Наполеон Бонопарт тәрізді аса көрнекті әскербасылардың бел ортасынан орын алатын Әмір Темір көрегеннің - Темірланның қайшылыққа толы тағдыр - талайы, ғажайып ғұмырнамасы әлі күнге дейін тарихи тұрғыдан шынайы бағасына ие болған жоқ. Әмір Темір жан - жақты зерттеуге тұрарлық күрделі тарихи тұлға десекте болады. Оның мемлекет қайраткерлеріне, тарихшыларға, саясаттанушыларға, заңгерлерге мәдениет қызметкерлеріне берер үлгі - өнегесі өте мол. Ол бізге, яғни бүгінгі күнгі ғасырлар қатарынан аршып алынып, жылдар керуенімен келіп жетті. Ресми 1996 жылы атақты қолбасшы, ортағасырлық ірі мемлекет қайраткері Әмір Темір 660 жасқа толды. Осыған орай Елбасының Жарлығымен тіпті 1996 жылы ұлы қолбасшы, мемлекет қайраткері, жаһангер жаулаушы Ақсақ Темір жылы деп жарияланды. Ал Ташкенттің орталығындағы коммунизм көсемі Карл Маркстің мүсіні тұғырдан түсіріліп, орнына Әмір Темірдің ат үстіндегі алып ескерткіші бой көтерді. Сондай - ақ, Қырғызыстан астанасы Бішкекте де «Әлем тарихындағы Әмір Темірдің орны» атты ғылыми - тәжірибелік конференция өткізіліп, Иран мен Тұран патшасы жайындағы теріс түсініктерге тойтарыс беруге бетбұрыс жасалды. Зерттеудің мақсаты. Бұл жұмысымыз арқылы ХIV - XX ғғ. Әлемді жаулап алу саясатын жүргізген империяның билеушісі, оның жүргізген ішкі - сыртқы саясаты туралы тарихи деректерді пайдалана отырып, әміршіл туралы әлі ашылмаған тарих беттеріне шолу жасағымыз келді. Самарқандағы тұтас сәулет ескерткіштері ансамблі мен түркі дүниесінің рухани орталығына айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесін қалдырған тарихи тұлғаның әлі зерттелмеген, ашылмаған соқпақтарына ХХІ ғасыр тұрғысынан көз салуды мақсат еттік.Зерттеудің міндеті.
- Әмір Темірдің жеке басының қасиеттерін жаңаша көзқараспен бағалау;
- Әмір Темірге қатысты мұрағат құжаттарын, тарихи әдебиеттерді талдау;
- Әмір Темірдің тарихтағы орнына баға беру;
- Әмір Темірдің сыртқы саясатының ерекшеліктерін қарастыру;
- Әмір Темірдің көрші мемлекеттердің саясатына ықпалы.
Түркістан шаһарында Қожа Ахмет Ясауидің тозығы жетіп қараған мазарының орнына ғаламдағы ғаламат ірі сәулет ескерткіштерін орнатқан қаһарлы қолбасшы Әмір Темірдің қазақ тарихында алатын орны да қомақты.
Әмір-Темір өмірі мен әртүрлі саладағы қызметі туралы тарихи деректер
баршылық. Олардың қатарында, ерекше, Әмір-Темір кезінде жазылған деректер және толып жатқан заттай тарихи ескерткіштер көптеп кездеседі. Әмір-Темір кезіндегі жазба деректер көбінесе мемуарлық деректемелерге қарағанда Әмір-Темір кезекті жарыққа шыққан кезде, оны жазып, суреттеп отыру үшін жанына арнайы "дабирани-хас" және "фадилани-аср" ұйғыр, парсы ғалымдарынан жеке хатшы ретінде алып жүрген. Осындай ғалымдардың бірі Омар болған. [1] Ол Әмір-Темірдің "Индия жорықтары туралы күнделіктер" деп аталған еңбек жазған. Бірақ, бұл еңбек бізге дейін сақталмаған. Бірақ, Әмір-Темір өз жорықтарын бірнеше адамдарға жаздырған. Сондай авторлардың бірі Гияс-ад-дин-Али болған. Ол 1403 жылы 12 наурызда "Индия жорықтары туралы күнделіктер" деп аталған шығарма жазған. Бұл шығармада Гияс-ад-дин-Али жорықтармен қатар басқа да жайлы деректер қалдырған.
Әмір-Темір тарихнамасының маңызды деректемесі қазіргі кезге дейін жеткен Низам-ад-Дин Шами жазған "Зафар-Наме" ("Жеңіс кітабы") атты шығармасы екендігін ерекше атап кеткен жөн. Низам-ад-дин Шамидің "Зафар-Наме" шығармасы Гияс-ад-Дин Алиден айырмашылығы ол Темірдің тек жорықтары ғана емес, барлық қызметтерін көрсетеді. Өзінің хронологиялық мезгілдері жағынан да бұл еңбек едәуір кезеңді қамтыған.
Мәселен кіріспеде 1360 жылдарға дейінгі (Әмір-Темір тарих сахнасына шыққанға дейінгі) Орталық Азиядағы жағдайды суреттейді, бұл еңбек 1405 жылы Әмір-Темірдің қайтыс болуымен аяқталады.
Сол сияқты Әмір-Темір туралы жазылған еңбектің бірі Шараф-ад-дин Али Иезденің тағы да сол атпен жазылған, яки "Зафар-наме" шығармасы Әмір-Темірдің тарихи тұлға ретінде суреттелген құнды деректерге жатады. Бұлай деп айтуымыздың өзіндік себептері бар.
Әмір-Темір туралы тарихнаманы Хафиз Абд-ар-Реззан Самарканди және Мирхонди еңбектерін келтіруге болады. Жоғарыда аталған авторлардың бәрі де ресми, сарай тарихшылары болды. Сонымен қатар, Әмір-Темір тарихнамасы қатарында қарапайым ортадан шыққан, сарай мұрагерлерімен байланысы жоқ авторлардың да еңбектері елеулі орын алады. Тарихи деректердің ішінде Испан королі Генрих ІІІ-нің Самарқандқа жіберген елшісі Ргон Гонсалес де Клавихо еңбектерінің алатын орны ерекше.
Клавихо Әмір-Темір туралы, жан-жақты, тәуелсіз, көзқарастағы бақылаушы ретінде баяндайды. Ол 1403-1406 жылдары, үш жыл бойы елшілікте болған. Клавихо Әмір-Темірдің өзімен бірнеше рет жүздескен. Елшілікті ақылды, пайымды адам болған. Әмір-Темір туралы мәліметтер орыс жылнамаларында да тиісті орын алған. Мәселен, ХV-ХVІ ғасырдағы Никонов жылнамалары Әмір-Темірдің жастық шағы туралы деректі мағлұматтар бере алады. Сондай-ақ Әмір-Темір туралы саяси мәдени деректер қатарына сол уақытта дүниеге келген мәдениет құндылықтарының, архитектуралық ғимараттардың т. б. алатын орындары ерекше. Әмір-Темір кезінде салынған Самарқанд, Түркістан қалаларындағы мешіт-мавзолей, сарайлар т. б. өте сапалы, сәнді болған, оларды түрлі ұсталар салған. Ғимараттар қабырғаларына құранның сүрелері жазылған. Солардың ішінде эпиграфикалық жазбалар тарихи деректер бола алады.
Түркістан қаласындағы Қ. А. Яссауи мешіт-мавзолейінде Әмір-Темірдің шыққан тегі жазылған деректер сақталынған. Қорытындылап айтар болсақ Әмір-Темір туралы тарихнама деректі қүжаттардан бастап, жекелеген авторлардың еңбектерімен үштасып жатыр. Әрине, бұл жұмыста тек Орталық Азия оқымыстыларының еңбектеріне баса назар аударылды. Әйтсе де, бүл тақырыпқа байланысты европалық зерттеушілерде өздерінің үлкен үлестерін қосты. Жалпы Европаның әртүрлі елдерінің оқымыстылары 40-қа жуық жеке кітаптар мен жекелеген мақалалар арнады. Соңында, Әмір-Темірдің туылғанына 660 жылға арналған халықаралық конференция материалдарында бұл жұмысты орындауда елеулі деректі мағлұматтары жағымды ықпал жасады[1]Диплом жұмыстың маңыздылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен қазақ, орыс және түрік тілдеріндегі әдебиеттерден пайдаланылып жазылды. Сонымен қатар, бұл дипломдық жұмыс - жалпы тарихшылар үшін, сонымен қатар, кез-келген дінін сүйетін отандастарымыз үшін айтарлықтай пайдалы әрі құнды еңбек болады деген үміттемін.
Диплом зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, әр тарау төрт бөлімшеден тұрады, соңында қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Әмір-Темірдің өмір деректері туралы әдебиеттерде оның 1360 жылдарға дейінгі (25 жасқа дейінгі) кезеңі ресми мәліметтер сақталмаған. Дегенмен Ибн-Араб-шах, Гонсалес де Клавихо және орыс жылнамаларына сүйене отырып, Әмір-Темірдің 1335 жылы Хожа Илгар қыстағында (Шахрисабіз қаласының маңында) Барлас бегі Тарағай от басында дүниеге келген. Тарағай өз аймағанда беделді бек болған. Мәліметтерге қарағанда орташа, тұрмыста өмір сүрген.
Ал Темірдің «ақсақ» аталуының өзінің екі нұсқасы бар. Бірі Әмір Темірдің шешесі Сақыпжамал оған екіқабат кезінде түс көреді, түсінде жылан туады. Ол көз алдында үлкейіп, айдаһарға айналады. Айдаһар әуелі Сақыпжамалды жұтып қояды, содан соң елдің ханы Тоқталықты жұтады. Осы түсін үйіне келген кемпірге айтады. «Басқа пәле тілден» деген емес пе, әлгі кемпір сатқындық жасап, Сақыпжамалдың түсін ханға жеткізеді. Хан Сақыпжамалды шақыртып алып, ішін жарып, мазардың ішіне көмусіз тастап кетеді. Сақыпжамалдың туған сіңілісі апасының жатқан жеріне барғанда, жылап жатқан сәбиді көреді. Оның кіндігін тісімен қиып, етегіне орап әкетеді. Алла тағаланың рахымы күшті ғой! Байғұс шарасыз қыз уанбаған сәбиге емшегін тосқанда, сүт ағып кетеді. Сәби сүтке тояды. «Алладан ажал келмесе, балталаса да өлмейсін» деген осы. Әмір Темір ат жалын тартып мініп, ер жеткенше шын шешесінің кім екнін білмеген.
Ал екінші бір аңызда «Ол анасынан ақсақ болып тумаған. Бертін келе жиырма бес жасында, әлі қарақшылық құрып жүрген кезде Сақыстаның әмірінің жұмсауымен бір ұрыста қатты жарақаттаған. Оң қолы мен оң аяғынан оқ тиген. Соның салдырынан екі саусағынан айрылып, оң қолы мен оң аяғы семіп қалған. Содан ол Ақсақ Темір атанған» делінеді.
Әмір-Темір өзінің жастық шағында садақ ату өнерін күшті меңгерген. Ол өзі жасындағы балалар арасында сезімталдығымен көзге түсіп, басшылық қасиеттер мен көсемдік сапалар арқылы ерекшеленген. Жас кезінен бастап өзінің жанында арнайы нөкерлері қызмет еткен. Ол өзінің жастық шағында 4-5 нөкерлерімен, Гансалес де Клавихо айтуы бойынша "Көршілес тұрғындардың бір күндері қойын, бір күндері сиырларын алып отырған". Осылайша Темір өз төңірегіне мүдделес серіктерді ұйымдастырып, атты нөкерлерді басқарды. Оларды бай саудагерлер мен керуен сарайларды тонауға пайдаланды. Ол бертін келе бектер мен жергілікті өмірлерге қауіп төндіре бастады. Ол тек - барластар арасында ғана емес, Шахрисабіз, Кашка-Дарья аймақтарына әйгілі бола бастады[2] .
Испан елшісі Клавихо Темірдің жастық шағындағы нөкерлерінің мәліметтерін өзінің еңбектерінде кеңінен пайдаланған. Сондай деректер бойынша Темір өзінің жақсы жасақталған нөкерлерімен Сейстан деп аталған жерде үлкен қой отарын ұрламақ болған үстінде қолға түсіп оң аяғы мен оң қолы қатты зақымдалып жарақаттанған. Ол осы оқиғадан кейін ақсақ Темір (Темирлан, Тимурлунг, Тамерлан) деген атпен атала бастаған. Тарихта ол Тамерлан атымен тарихта аты қалды.
Әмір-Темір жас шағынан түркі және тәжік тілдерін жақсы білген. Ол қала өмірін де, көшпенді өмірін де түсінген. Әмір-Темір 25 жасында Қашқа-Дарья түменін басқарды. Бірақ, Әмір-Темір Хорасанда өз билігін орнатуды мақсат етті. Сондықтанда ол Қазаған-хан немересі Әмір Хусейнмен жақындаса бастады. Демек, ол астыртын Тоғылық-Темір билігін қарсы күреске өзіне одақтастар жинақтай бастады. Бұлардың арасындағы байланыс Хусейннің қарындасына үйленумен беки түсті. Бұл кезде Мауереннахердегі ең ірі осы екі Әмір-Хусейн және Темір болатын. Олардың достық қатынастарының нығаюына түркен бегі Әли-бек қарсы шапқыншылықтарында көруге болатын. Бірақ, бұл шапқыншылық олардың өмірінде үлкен қорлық іздерін қалдырды. 62 күн бойы тұтқында ұсталды. Бұл өмірлердің күшейе түсуіне Тоғылық-Темір мұрагері Ильяс Қожа келісе алмады. Сондықтанда ол Әмір Хусейн мен Темірді әлсірету саясатына ашық көшті. Осылайша 1365 жылы Ильяс Қожа үлкен әскері мен Хусейн мен Темірге қарсы соғыс жүргізді. Бұл шайқас Шыназ бен Ташкент аралығында болды, ол "батпақ шайқасы" деген атпен тарихта қалды. Олай деп аталуының себебі шайқас кезінде нөсерлі жаңбыр жауып аттар батпақтарға батып құлаған. Сондықтан ол шайқас "батпақ шайқасы" деп аталып кеткен. Шайқас Хусейн мен Темірдің жеңілісімен аяқталды[3] . Олар Әму-Дарьяның оңтүстігінде Балх Уаляйтында жасырынуға мәжбүр болды. Ал, Самарқанд болса жау шапқыншылығының алдындаашық қалды. Оның ерікті тұрғындары - сербедар ған ұйымдасқан қарсылық жасап Самарқандты Ильяс қожадан сақтап қалды. Сербедарлар монғол езгісін қарсы басты саяси әлеуметтік топ болды. Оларды "дарға асылушылар" немесе монғолдар арасында бел бүгілгенше асылып өлгенді жақтаушылар болды. Сондықтанда сербедарлар шын мәніндегі Солтүстік Иран тектестердің (хорасанды) өз биліктерін орнатуды жақтауы. Самарқанд сербедар ішінде ерекше өзінің ерлігімен көзге түскен Маулен-заде мен Абу-Бекр болды. Маулен-заде 10 мың сербедар жасақтап, Әмір Хусейнді опасыз деп жариялап, Самарқандты жаудан қорғауды өз жауапкершілігіне алды. Қалада әртүрлі бекіністер салынып, Ильяс Қожа әскерлеріне ойсырата тойтарыс берді. Оның үстіне Ильяс атты әскерлерінің (жылқыларының жаппай індетке ұшырап қырыла бастауы) оның Мауереннахерді басып алу ниетін қайтарды. Ол Мауереннахерді тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл ооқиғаларды өзінің күнделіктерінде келтірген. Самарқанд сербедарларының ерлігіне "риза" болған әмірлер Хусейн және Темір олардың басшыларымен "ізгілікті" ниетпен кездесуді ұсынды, олар өздерінің сербедарларды қолдайтындығын ресми мәлімдеген. Сербедарлар болса оларға сеніп, үлкен салтанатпен қарсы алды. Бірақ Хусейн мен Темір олардың сеніміне кіріп, барлық қолға түскен сербедарларды жойып жіберді[4] . Тек, Агашензаде ғана өмірі сақталынып қалды. Оның себебі Хусейн мен Темір арасында сербедарлар туралы қарама-қарсы көзқарастар болатын. Оның үстіне, Темір - сербедарларды өзінің жеке мақсаттарына пайдалану пиғылын ұстады. Қысқасын айтқанда Хусейн менТемір Самарқандты өз қолдарына алып билік жүргізуге мүмкіндік алды. Бұл 1366 жыл болатын. Хусейн мен Темір арасындағы (қайнаға мен күйеу бала) "достық" сыннан сүрінбей өтті. Бірақ қос билік жүргізу барған сайын қиындай түсті. Олардың Самарқанд тұрғындары туралы саясаттары да барған сайын алшақтай түсті. Салық жинау, ислам дінбасыларымен т. б. мәселелер туралы өзара түсінбестік тереңдей түсті. Сондай-ақ олардың өз шығындарын толтыруда да қайшылықтар тереңдей түсті. Мәселен, Әмір Хусейн болса салықтарды күшейтуді жақтаса, Темір керісінше өз бағыныштыларынан салықты төмендетуді жақтады. Қорыта айтқанда, Хусейн мен Темір арасында барған сайын қарама-қарсы көзқарастар қалыптасып, бір-біріне кедергі күштерге айнала бастады. Сондықтан да олар өздерінің жақтастарын жіктерге бөліп, келешек қақтығыстың басталуына дайындалды. Көп кешікпей 1368-1369 жылдар аралығында Хусейн өз жақтастары мен Балх қаласында әскери бекіністер салуға кірісті, ол келешекте болатын Темірге қарсы орталық болуға тиіс еді. Хусейннің бұл әрекетіне Темір бірнеше дүркін ескерту наразылығын білдірді. Бірақ Хусейн өзінің алған бетінен қайтпады. Сондықтан Темір алдын ала 1370 жылы Балх қаласына шабуыл жасап, оны басып алды. Хусейн өз еркімен тұтқындалды. Оның кепілі Хусейн өмір сүруге құқық алды. Бірақ Темір өз уәдесінде тұрмай, Хусейнді сол кездегі қанға-қан тәртібі бойынша өлім жазасына бұйырды. Бірақ, бұл жазаның іске асырылуы Темір одақтасы Кейхосран мен байланыстырылған мәліметтер бар. Бұл мәселені, қорыта айтқанда Әмір Темір 35 жасында жеке билік құруға толық мүмкіндік алды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz