Сарайшық мұражай қорығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Хандар Пантеоны.
  2. Мұражай.
  3. Қазба орны.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Аттын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Аттын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол осы мақсатта Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба жүмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы Ә. Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде Аттын Орда хандары осы Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайык бойындағы тоғайда саят қүрған. 1966 жылдан бері мұнда Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан экспедициясы түрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. 1999жылы қала орнынан қүрамына ескерткіш-пантеон (Ноғайлы, қазақ хандары жерленген), мешіт, мұражай кіретін Сарайшык мемориалдық кешені бой көтерді

Сарай-Жүк Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни,

саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. Ол осы мақсатта Қазан төңкерісіне дейін сақталып келді. Көне Сарайшық орнына соңғы ғасырда археологиялық қазба жұмыстары жүргізіле бастады. Солардың ішіндегі ең нәтижелісі 1937, 1950 жылы Ә. Марғұлан жүргізген зерттеу. Кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған. Тұрғындар егін, балық шаруашылығымен айналысқан. Жаз кездерінде Алтын Орда хандары осы Сарайшықты саялаған. Үстірт пен Жайык бойындағы тоғайда саят қүрған. 1966 жылдан бері мұнда Ә. Марғұлан атындағы археологиялық институтының Батыс Қазақстан экспедициясы түрақты қазба жұмыстарын жүргізуде. 1999 жылы қала орнынан қүрамына ескерткіш-пантеон (Ноғайлы, қазақ хандары жерленген), мешіт, мұражай кіретін Сарайшык мемориалдық кешені бой көтерді.

Сарайшық мұражай қорығы

Қазақ даласындағы ең көне орындардың бірі - Сарайшық қаласы. Тарихшы ғалымдар оның пайда болуын ХІІІ ғасырда, яғни Шыңғыс хан мен Батудың жасаған шапқыншылығымен байланыстырады. Әзірге белгілі болған деректерге сүйенсек, бұл орын туралы жазба мәліметтер ХІУ ғасырдың алғашқы жартысынан басталады да, оларда Сарайшық гүлденген қолөнері мен сауда қаласы болғандығы айтылады.

Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде, 1334 жылы «Үлкен Сарай» қаласынан шығып, Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол: «Біз Сарайшық қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарайжук қаласына жеттік. Бұл Ұлысу деп аталатын үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейінгі екінші жүзбелі көпір осында екен» деп жазған. Сарай-жук -монғолша кіші Сарай деген мағнаны білдіреді.

Ол кезде Алтын Орда үлкен Сарай, Сарайшықты кіші Сарай деп атаған. Осыған байланысты қаланың атының да Сарайшық аталуы (қала-қалашық, сарай-сарайшық, кішкентай деген мағынада) . Сарайшық қаласы Қасым ханның кезінде Қазақ Хандығының тұңғыш астанасы болған. Қала 1580 жылы орыс патшасы Иван Грозныйдың әдейі жіберген казактардың қолынан қиратылған.

Көп жылғы ғалымдардың зерттеулері, қала орнына жүргізілген қазба қорытындылары, әсіресе 1996-2000 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының Сарайшық қаласының орнына жүргізген зерттеулеріне сүйене. Көп жылдардан жинақталған жәдігерлерді толықтырып, 1999 жылы 3 қыркүйекте Көне Сарайшық қаласының тарихын, жалпы ХІ-ХУІІ ғасырдағы қазақ халқының тарихына арналған «Хан Ордалы Сарайшық» мұражай қорығы ашылды. Музей Атырау қаласынан 50км қашықтықта, Махамбет ауданында орналасқан. Кешен үш құрамнан тұрады.

І. Хандар Пантеоны.

Авторы сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Биіктігі 17 метр, 8 қабырғалы. Қабырғалар арасына Сарайшықта жерленген жеті ханға арнап құлпытастар қойылған. Бұл құлпытастарға қара мраморға жазылған хандардың аттары мен хандық құрған мезгілдері жазылған.

Бұл хандар:

1. Мөңке-Темір (1266-1282 жж)

2. Тоқтағу (Тоқты) (1291-1312 жж)

3. Жәнібек (1343-1353 жж)

4. Әмір - Оқас (1440-1447 жж)

5. Қасым хан (1511-1518 жж)

6. Ших Мамай (1542-1549 жж)

7. Жүсіп (1549-1554 жж) .

ІІ. Мұражай.

Мұражай ішіне Сарайшық қазбасынан шыққан тарихи жәдігерлер қойылған, ХІУ ғасырдағы Сарайшық қаласының макеті жасақталған. Мұражайдың естелік кітабынан осында әр мезгілде болған қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, өнер шеберлерінің шет елдік қонақтар мен көрермендердің ой-пікір, тілектерін оқуға болады.

ІІІ. Қазба орны.

Күншығысқа қарай 1, 5 шақырым жерде Жайық өзенінің иінінде орналасқан жалпы көлемі 600х600 метр алаңқайды алып жатқан қазба орнында жаз айларында Ә. Марғұлан атындағы Қазақ археология институтының Батыс филиалының экспедициясы жұмыс істейді.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі.

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі Қазақ ССР Жоғары Кеңесі Ұйымдастыру Комитетінің 1939 жылғы 22 шілдедегі №23 қаулысымен мектеп музейі негізінде құрылып, 1940 жылы 5-қарашада ресми түрде ашылды. Музей қорында өлке тарихы, табиғаты, өнері мен мәдениетін көрсететін 50 мыңға жуық тарихи құнды жәдігерлер жинақталған.

Музей төмендегі залдардан құралған.

-Тылсым дәуір

-Ғасырлар үндестігі

-Археология

-Этнография

-Өлке тарихы ХІІ-ХХ ғасырлар

-Кеңес дәуірі тарихы 1917-1991 жылдар

-Қазіргі кезең тарихы 1991-2006 жылдар

-Өлке мәдениеті мен әдебиеті.

Сұрақтар

1. Тарихшы ғалымдар Сарайшық қаласының пайда болуын қай ғасырда және немен байланыстырады?

2. Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы?

3. Сарайжук қай тілден алынған және қандай мағынаны білдіреді?

4. Сарайшық қаласы қай ханның кезінде Қазақ хандығының астанасы болған?

5. Қай жылы «Хан Ордалы Сарайшық» қорығы ашылды?

6. «Хан Ордалы Сарайшық» қорығы қай жерде орналасқан?

7. Мұражай ішіне нелер қойылған?

8. Қала қай жылы кімнің бұйрығымен қиратылған?

Шапқыншылық - бір елдің жерін, дүние-мүлкін тартып алып, халқын кұлдыққа түсіру үшін екінші бір елдің жасайтын қарулы шабуылы. Ежелгі және орта ғасырларда үздіксіз жүргізілген соғыстар, бейбіт халықты қырғынға ұшыратып, қалаларды, құрылыстарды қиратты. Мысалы, 17-18 ғасырларда 100 жылдан астам уақыт бойы қазақ жеріне жоңғар басқыншылары шапқыншылық жасады. Екінші дүниежүзілік соғыста Германия мен оның одақтастарының Еуропа, Азия елдеріне, Кеңес Одағына жасаған қанды жорығы шапқыншылықтың айқын түрі

Ғалым (араб. : عالِم ‎ - а́лим ) - сөзі арабтың а́лим : (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.

Абай шығармаларыңда ғылым сөзі хакім сөзімен бірге, жарыса қолданылып отырады. Бұл сөздердің негізі бір болғанымен Абайда бұлар танымдағы мағынасы басқаша, өзіндік ерекшеліктері бар дербес ұғымдарға жатады. Абай Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын өзінше жүйелей саралап отырады да, ғылымның иесі ғалымдар мен хакімдерге ерекше назар аударып, олар жайлы өз түсінігін береді. Абай ғалым ұғымына дүниелік табиғи ғылым мен қоғамдық ғылымдардың жеке саласын жете меңгергендерді жатқызады. Абай нақылияға жүйріктерді ғалым деп білетіндіктен: « . . . дүниеде ғылыми заһири бар, олар айтылмыштарды нақылия деп атайды, бұл нақылияға жүйріктер ғалым атанады» - деп, өзінше анықтама беріп отыр. Абай сөзімен айтар болсақ, ғадалет, махаббат сезім кімде көп болса, ол кісі - ғалым, сол ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз: жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақыл мен біліп аламыз - деп толғанысқа түседі. Мұнда Абай табиғат пен қоғам болмысындағы мәңгі бірге жасасып келе жатқан объективті заңдылықтардың мән-мағынасы адам санасында сәулеленуі арқылы сыры ашылып, мәні танылған құбылыстарды «жарасып, жасалып қойған нәрселер» деп өте дұрыс ұғынып отыр. Ғылым, Абай пікірінше, ғайыптан пайда болатын кездейсоқ құбылыс емес, ол шын дүниенің бойындағы объективті шыңдықтардың біртіндеп ашылып танылуы арқылы жиналып бірте-бірте

қорланатын рухани қазына. Мұның иесі - Ғалым. Кімде-кім талмай еңбектеніп, сарыла ізденіп санасын мәні ашылған шындықтармен толықтырып, қорландырып отырса, ғылымның бір саласын жете меңгерген ғалым болуы қиын емес. Ғалым болу әрбір адамның өзіне тікелей байланысты құбылыс. Осы себепті де Абай: «Жамандық көрсен нәфрәтлі, Суытып көңіл тыйсаңыз, Жақсылық керсен ғибрәтлі, Оны ойға жисаңыз, Ғалым болмай немене Балалықты қисаңыз?. . », -деп келешек ұрпаққа өз өсиетін айтады.

Археология (ол гректің archaіos - ескі, logos - ғылым деген сөздерінің қосылуынан шыққан) термині біздің заманымыздан бұрынғы 4 ғасырда көне заманды зерттейтін ғылым ретінде (Платон) қолданыла бастағанымен, ғылыми археологиялық зерттеулер Еуропада қайта өркендеу дәуірінде ғана жүргізілді. 15 - 16 ғасырларда Италияда ежелгі сәулет өнерінің мұраларын іздеуге, 18 - 19 ғасырларда Қосөзен бойында көне мәдени мұраларды зерттеуге бағытталған қазба жұмыстары жүзеге асырылды. 19 ғасырдың 1-жартысында Ресейде Қара теңіз жағалауындағы көне грек қалаларының қалдықтары мен скиф обаларын жүйелі түрде зерттеу басталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Берел қорғаны
Тарихи көрнекі жерлердің туризмді дамытудағы рөлі
Мәдени мұра бағдарламасы және оның маңызы
Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
ҚАЗАҚСТАНДА ЭТНО - МӘДЕНИ ТУРИЗМІН ДАМЫТУ ӘЛЕУЕТІ
Сарай Бату
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz