Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Инвестиция түсінігі және халықаралықаралық қатынастарда алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық құқықтық.нормаларының дамуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ..18
ІІ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ БАР ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .34
2.1 Шет ел инвестицияларын халықаралық.құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 Шет ел инвестицияларының ұлттық.құқықтық реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41
2.3 ҚР Резиденттердің шет елдегі инвестицияларын реттеу ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні инвестициялық қатынастарды реттеу және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелерінің өзектілігі артуда. Кез-келген мемлекет экономикасының тұрақты дамуы қолайлы инвестициялық климат құруға және инвестицияларды тиімді әрі рационалды пайдалануға бағытталған біртұтас және таразыланған инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осы орайда шетел инвестицияларының маңыздылығы қаншалықты жоғары болғанына қарамастан ұлттық (отандық) инвестицияларға немқұрайдылық танытуға болмайды.
Шетел және ұлттық инвестициялары құқықтық режимдерінің арасындағы айырмашылықты жою жолындағы алғашқы қадам 1997 жылы 28 ақпанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау болды. Себебі, біріншіден, Қазақстан Республикасының тікелей инвестициялар туралы арнайы заңнамасы қалыптаса бастады; екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз дамуының жаңа сапалы сатысына көтерілді. Оған негізгі үш фактор әсер етті:
1. отандық инвестициялар шетелдік инвестициялармен теңестірілді (бұл ереже инвестицияық қызмет туралы заңмен көзделсе де, өзінің декларативтілігіне байланысты іс жүзінде қолданыста болмады);
2. экономиканың маңызды секторларында жүзеге асырылып жатқан инвестицияларға мемлекеттік қолдауқажеттігі заң жүзінде бекітілді;
3. мемлекет экономикасының тиімділігін арттыру және экономикалық өсім мақсатында дамыту және инвестицияларды тарту қажет экономиканың маңызды салалары анықталды.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
Осындай мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, Қазақстан көптеген қиыншылықтарды басынан өткеруге мәжбүр болды. КСРО құлдырауы Қазақстанда орталықтандырылған бағдарлаушы жүйенің құлауына, инфляция деңгейінің өлшеусіз өсуіне және ескірген өндіруші құралдарды қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қоса Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясы мен әлсіз заңшығару базасына байланысты проблемаларға кезікті.
ІІ. Қолданылған нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз
2. Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы
3. Сеулская конвенция 1985г. “Об ущреждении Многостороннего агенства по гарантиям инвестиций”. Ст.ст. 1, 2; Международно-правовые основы иностранных инвестиций в России: Сборник нормативных актов и документов. М.; Юридическая литература, 1995. С. 197-243.
4. 1965 жылғы “Мемлекеттер мен шетелдік тұлғалар арасындағы инвестициялық дауларды шешу тәртібі туралы”, Вашингтон конвенциясы
5. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” 2005 жылы 18 ақпан Астана қаласы
6. Қазақстан 2030 Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.


IV. Монографиялар мен мақалалар
1. Мобиус М. Руководство для инвестора по развивающимся рынкам. М.: Инвестиционная компания “Афон”, АОЗТ “Гривна”, 1995. С. 19-20; 115-119.
2 Гитман Л. Дж., Джонк М. Д. Основы инвестирования. М.: Изд-во “Дело”, 1997. С. 51-56.
3. Ануфрева В.С. Международное часное право. М., 2000.
4. Богуславский М.М., Симрнов П.С. Правовые вопросы реформы внешнеэкономической деятельности // Советское государство и право. 1987. №6. С. 29-30; Правовые проблемы совершенствования хозяйственного механизма в СССР и внешнеэкономические аспекты. М., 1990
5. Мауленов К. С. Правовое регулирование иностранных инвестиций в РК. Алматы: Ғылым, 1998. ст. 21-27
6. Жамен С., Лакур Л. Торговое право: Учебное пособие: Пер. с фр. М.: Международные отношения. Ст. 15-22
7. Лабин Д.К. Международно-правовое регулирование иностранных инвестиции. М., 2001. С. 56-78.
8. Богуславский М.М. Иностранные инвестиции: правовое регулирование. М., 1996. С. 23.
9. Моисеев Е.Г. Международно-правовые основы сотрудничества стран СНГ: Учебное пособие / Под.ред К.А. Бекяшева. М.: Юристъ, 1997. С. 11-58
10. Международное частное право: Учебник/ Под ред. Г.К. Дмитриевой. М.: Проспект 2000. ст 170.
11. Право и иностранные инвестиции. С. 70-110; Мауленов К.С. Правовое регулирование иностранных инвестиции в Республике Казахстан. Алматы: Ғылым, 1998. С. 11-90;
12. Сарсембаев М.А. Международное частное право. Алматы: “Данекер”, 1998;
13. он же. Международное торговое право: Учебное пособие. Алматы: Ғылым, 1999; и др.
14. Мауленов К.С. Государственное управление и правовое регулирование в сфере иностранных инвестициий в Республике Казахстан. Алматы: Жеті Жарғы, 2000. С. 319-331.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МАМАНДЫҒЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу

Орындаған
4 курс студенті
Айткожаева А.

Ғылыми жетекші:
з.ғ.к., аға оқытушы Тлеужанова А.И.

Қорғауға жіберілді
_____________________________
_____ _____________ 2009 ж
Кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к. доцент Сабитова А.А.

Алматы, 2009 ж

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3

І. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1 Инвестиция түсінігі және халықаралықаралық қатынастарда алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2 Инвестициялық заңнаманың пайда болу және даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық құқықтық-нормаларының
дамуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... 18

ІІ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ БАР ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ...34

1. Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32
2.2 Шет ел инвестицияларының ұлттық-құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...41
2.3 ҚР Резиденттердің шет елдегі инвестицияларын реттеу ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .55

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... 60

Кіріспе.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні инвестициялық қатынастарды
реттеу және инвестициялық қызметті жүзеге асыру мәселелерінің
өзектілігі артуда. Кез-келген мемлекет экономикасының тұрақты дамуы
қолайлы инвестициялық климат құруға және инвестицияларды тиімді әрі
рационалды пайдалануға бағытталған біртұтас және таразыланған
инвестициялық саясатсыз мүмкін емес. Осы орайда шетел
инвестицияларының маңыздылығы қаншалықты жоғары болғанына қарамастан
ұлттық (отандық) инвестицияларға немқұрайдылық танытуға болмайды.
Шетел және ұлттық инвестициялары құқықтық режимдерінің
арасындағы айырмашылықты жою жолындағы алғашқы қадам 1997 жылы 28
ақпанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан
Республикасының Заңын қабылдау болды. Себебі, біріншіден, Қазақстан
Республикасының тікелей инвестициялар туралы арнайы заңнамасы
қалыптаса бастады; екіншіден, Қазақстан Республикасының инвестициялық
заңнамасы өз дамуының жаңа сапалы сатысына көтерілді. Оған негізгі
үш фактор әсер етті:
1. отандық инвестициялар шетелдік инвестициялармен
теңестірілді (бұл ереже инвестицияық қызмет туралы
заңмен көзделсе де, өзінің декларативтілігіне
байланысты іс жүзінде қолданыста болмады);
2. экономиканың маңызды секторларында жүзеге асырылып
жатқан инвестицияларға мемлекеттік қолдауқажеттігі заң
жүзінде бекітілді;
3. мемлекет экономикасының тиімділігін арттыру және
экономикалық өсім мақсатында дамыту және
инвестицияларды тарту қажет экономиканың маңызды
салалары анықталды.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына
таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске
асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға
бөлінеді.
Осындай мүмкіндіктерге ие болғанына қарамастан, Қазақстан
көптеген қиыншылықтарды басынан өткеруге мәжбүр болды. КСРО
құлдырауы Қазақстанда орталықтандырылған бағдарлаушы жүйенің
құлауына, инфляция деңгейінің өлшеусіз өсуіне және ескірген өндіруші
құралдарды қаржыландыру деңгейінің төмендеуімен қоса Қазақстан ескі
Кеңес бюрократиясы мен әлсіз заңшығару базасына байланысты
проблемаларға кезікті.

Алайда жоғарыда айтылған қиыншылықтарға қарамастан, реформалау
саласындағы жаңашылдықтар бүкіл әлем тарапынан қолдау тапты:
Қазақстандағы Қор Биржасының ашылуы және нарықтықтық өзгерістер мен
сыртқы қаржы ықпалының арқасында экономиканың тез арада қалыптасуын
сыншылар назардан тыс қалдырған жоқ. Әрине әр елдің саяси және
әлеуметтік әлеуетінің жоғарылығы тұрақты экономикаға байланысты.
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміздің осы
халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы
бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін.
Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі тиімді пайдалана білу керек.
Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының
құрылтайшылық қатысуы деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын
шектеулерді алып тастауымыз керек.
Қазақстанда алдамыш өнімдерге төзбестік көзқарас туғызуға бағытталған
жариялы науқан жүзеге асырылуға тиіс, сонымен қатар зияткерлік меншік
құқығын бұзу мен сауда белгілерін қолдан жасаушылар үшін әкімшілік және
қылмыстық қудалау шараларын қабылдау керек. Мұндай шаралардың жоғары
технологиялық және ғылыми қамтымды өнімдер шығарушылардың мақұлдауы мен
қолдауына ие болатынына, Қазақстан экономикасына жаңа инвестициялар ағысын
қамтамасыз етіп, оны әртараптандыруға кең мүмкіндіктер ашатынына
сенімдімін.
Ендігі жерде экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту,
америкалық инвестицияларды тарту және Қазақстанда озық технологиялар енгізу
үшін қолайлы жағдай туғызу күн тәртібінде тұр. Қазақстан ЕО-мен
ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық қауіпсіздік, экономика, әлеуметтік
және мәдени даму салаларында зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің
еуропалық серіктестерімізге инвестициялық қызмет, ірі халықаралық жобаларды
іске асыру, біздің елімізге озық технологиялар мен білімді тарту үшін
қолайлы жағдай туғызуымыз керек.[1] Осы орайда Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан–2030 халыққа жолдауында
елдің экономикалық дамуының негізі ретінде, шет ел инвестицияларын
тарту ұзақ мерзімді басымдылықтардың бірі деп баса айтқан.
“Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел
инвестицияларының неғұрлым бәтуәгер режимін орнатуды талап етеді.
Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып,
өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын
дамыта аламыз”[2]
Халықаралық Қайтақұру және Даму банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі,
Халықаралық Қаржы Қоры тәрізді ұйымдардың қайтарымсыз және төменпайызды
жаңа қомақы көлемде кредиттер ұынуы және Қазақстан экономикасына шетел
инвестицияларының толассыз ағылуы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан
экономикасына сенім артатындығын көрсетеді. “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты 2005 жылы 18
ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауында “Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай
тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Бүгінгі
Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екені барша инвесторларға
әлдеқашан аян ақиқат”[3].
Еліміздің егемендік алуы қоғамымызда экономикалық-құқықтық қайта
құрулармен ұштастырылады. Бұрынғы Кеңестік дәуірде қалыптасқан
жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға жүйелі бет бұрдық.
Нарықтық экономиканың басты міндеті – еліміздің экономикасын жүйелі
түрде қалыптастыру болып отыр. Сол қайта құрулардың бірі
инвестицияларға қатысты мәселелерді реттеуші заңдардың болуы.
Тақырыптың зерттелу жағдайы Бұл тақырып қазақстандық және шетел
ғалымдарымен жақсы дайындаған. заңгерлер М.А.Сарсембаев, Мауленов К.С.
Богуславский М.М. Дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының
Президентінің Қазақстан Республикасының халығына арналған жолдауы
қарастырылған
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты
Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларының құқықтық ретелуі.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей мәселелер қойылған:
– Инвестициялық заңнаманың пайда болу тарихы мен
Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнаманың даму
кезеңдері;
– Қазақстан Республикасында шетел инвестицияларының
құқықтық реттелуінің жалпы мазмұны.
– Шетел инвестицияларын халықаралық құқықтық реттеу.
Зерттеу барысында қолданылатын әдістерге: тарихи, систематикалық,
салыстырмалы, анализ т.б жатады.
Халықаралық терроризм мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздігіне зиян тигізе,
өз қызметін көпсете қоғамда үрей туғызады.
Осы дипломдық жұмысын жазу барысында келісім, жарғы, конвенция
іспетті халықаралық құжаттарды табуда қиындық туындады.
Бітіру жұмысындағы қолданған мәліметтерді екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, саясаткерлердің арнайы жұмыстарымен осы тақырыпқа арналған
жұмыстары жатады. Екінші топқа құқықтық нормативті актілер, конвенциялар,
келісімдер, шарттар жатады.
Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
– Қазақстан Республикасында қолданыста болған барлық
инвестиция туралы заңдарға салыстырмалы сараптама;
– Инвестициялық заңнаманың ел экономикасына әсері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАТЫНАСТАРДА АТҚАРАТЫН РӨЛІ

1.1 Инвестиция түсінігі және халықаралықаралық қатынастарда алатын орны

Инвестиция термині латын сөзі invest сөзінен шыққан, ол салу деген
мағынаны білдіреді. Инвестиция табыс немесе пайда табу үшін ақшы
қаражатынан салу, табыс немесе пайда болу үшін салу капиталы.
Инвестицияға жатады:
- ақша қаражаттары, мақсатты банктік салымдар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздар
- жылжыйтын немесе жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрал жабдықтар,
және басқа материалды құндылықтар)
- авторлық құқық, лицензиялар, патенттер, ноу-хау, бағдармалық
өнімдер, тәжірибе нәтижелері, басқа интеллектуалдық меншіктен
туатын мүліктік құқықтар
- жер және басқа табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары
ИНВЕСТИЦИЯ” ұғымы VIII ғасырдың басында пайда болды. Алғашында
ол тек пайда табу үшін қолданылатын еркін ақша құралы болып
есептелді. Бұл кезеңде шотланд инвесторлары болашақта баю мақсатында
америка батысындағы фермерлік жерлерді сатып ала отырып, сол кезде
қарапайым және дамушы Америка нарығына капитал сала бастады.
Алғашқы инвестициялық компаниялар жабық типтегі қорлар болды. 1822
жылы Бельгия королі Вильям І Брюссельде тіркелген тұңғыш
инвестициялық траст құрды. Оның негізгі қызметі шет мемлекеттерге
займдар бөлу негізінде инвестицияны жүзеге асыруға рұқсат беру. ХІХ
ғасырдың 80-жылдары мұндай трасттар Шотландия мен Англияда пайда
болды. Ең алғашқы жабық типті қорлардың бірі 1868 жылы Лондонда
құрылған Шетелдік және колониялды инвестициялық траст [1]. Алғашқыда
инвестициялық трасттар бай отбасылармен құрылды. ХІХ ғасырда онда
тағайындалған сенімді тұлғалар сол отбасылардың мүлкін басқарған.
Кейінен инвестициялық қатынастардың ары қарай дамуы мақсатында
акциялары ашық саудаға шыққан, инвестициялауға қатысушы
инвесторлардың санының көбейуіне өз ықпалын тигізуші компанияларға
айнала бастады.
Қазақстандағы терең экономикалық дағдарыстың құраушы бөлігі кеңес
кезеңінде басталған инвестициялық дағдарыс болып табылады. Кәсіпорындардың
мемлекеттен алынған инвестициялық ресурстар үшін экономикалық
жауапкершіліктің жоқтығы инвестициялардың төмен тиімділігін білдірді.
Инвестициялар – бұл материалды – мүліктік құндылықтардың барлық түрі
және оларға деген құқықтар, сонымен бірге пайда (табыс) табу мақсатында
кәсіпкерлік қызмет объектәлеріне инвесторлар салатын интелектуалды меншікке
деген құқықтар.
Инвестициялық саясат дегеніміз инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру бойынша стратегия мен тактиканы жасауға және жүзеге асыруға
бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қоры
туралы Заң күшін жойды, бірақ ол өзінің өту көпірі ретіндегі позитивті
ролін орындады. Бірақ шаруашылық етудің нарықтық жағдайында негізгі
реттеуші сұраныс – ұсыныс қағидасы болып табылады, өту кезеңі өзінің
ерекшеліктері мен спецификасына ие. Жоғарыда айтылған және әсіресе
Қазақстан жағдайында инвестициялық процесті қаржыландыру көздерінде маңызды
үлес салмағы бюджеттік қаржы бөлуге, бюджеттен тыс қорларға, Үкіметтің
кепілдігіне алынған қарыз алуларға келетіндіктен, инвестицияларды
мемлекеттік реттеу қажет. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының барлық
экономикасында, соның ішінде инвестициялық салада белсенді құрылымдық қайта
құруларға бағыт алынды. Нарықтық жағдайға қатысты барлық басқарушылық және
орындаушы жүйеде қайта құрылу жүзеге асырылды. Капитал салымдары бойынша
бұрынғы жоғарыдан төменге түсетін директивті-жоспарлы көрсеткіштердің
орнына Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы деңгейінде тікелей
отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін экономиканың басымды
секторларының тізімі қабылданды, ал республика Үкіметімен әрбір жылға
жоғарыда айтылған басымды секторлар шегінде жеңілдетілген несиелендіру
режимімен нақты инвестициялық объектілердің тізімі бекітілді.
Сонымен қатар құрылымдық-инвестициялық саясатты жетілдіру мақсатында
1997 жылы екі маңызды заң қабылданды – олар Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау туралы ҚР Заңы және Сыртқы қарыз алу мен сыртқы
қарызды басқару туралы ҚР Заңы, сонымен бірге Инвестициялар бойынша ҚР
мемлекеттік комитеті құрылды.
Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған
инвестициялық саясатты жүргізу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:
• инвестициялық бағдарламаларға сәйкес;
• мемлекеттік инвестицияларды, бюджеттік қаржы бөлулерді және
бюджеттен тыс қорды тікелей басқару;
• сараланған пайыздық қойылымдар мен жеңілдіктерді енгізу;
• экономиканың нақты жағдайына қатысты өлшенген қаржылық, баға
(мемлекеттік секторда), сонымен қатар несие саясатын өткізу;

• инвестициялық жобаларды тиісті сараптау.
Мемлекетаралық масштабтағы құрылымдық – инвестициялық саясаттың басты
бағыттары:
• экономиканың мемлекетаралық интеграциясы (келешекте – Еуразиялық
одақ);
• инвестициялық саясатты жасау және жүзеге асырудағы ынтымақтастықты
ұйымдастыру;
• шаруашылық етудің нарықтық жағдайына келісілген өзара байланысты
құрылымдық – инвестициялық қайта құру;
• өзаратиімді ортақ мүдделі келешектің жобалардың дамумен өндірістік
кооперация;
• тәуекелдерден инвесторларды қорғау (кепілдемелер, сақтандыру және
т.б.);
• нарықтық жағдайлар үшін кадрларды дайындау бойынша жұмыстың
тиімділігін көтеру және т.б.
Өзінің инвестициялық саясатында Қазақстан инвесторлармен қарым –
қатынаста тұрақтылық және анықтылық қағидаларын, инвесторлардың мүдделерін
қорғау, жергілікті және шетел инвесторлары үшін тең жағдайлар құру,
жасалған келісім – шарттардың тұрақтылығы қағидаларын ұстайды.
Сыртқы экономикалық байланыстардың ашықтылық және либерализация
саясаты, қолайлы инвестициялық климатты құру арқылы Қазақстан 1993 жылдан
бастап ТМД барлық елдеріне шетел капитал салымдарының үштен бір бөлігін
және Орталық Азия елдеріне салынған инвесторлардың 80% тартты.
Егемендік жылдары бойынша маңызды қаржылық ресурстар көлемі тартылды
және экономиканың салаларында инвесторлардың табысты еңбегі үшін қолайлы
жағдайлар жасалған. 1993 жылдан 2006 жылға дейінгі кезең ішінде мемлекет
экономикасына 96,1 млрд. АҚШ долл. сомасында тікелей шетел инвестициялары
тартылды.
2006 жылы Қазақстан Республикасындағы шетел тікелей инвестициялардың
жалпы ағымы 9,3 млрд. АҚШ долларынан асып, тарихи максимумға жетті.
Тартылған шетел инвестициялардың көп бөлігі (6,5 млрд. АҚШ долл. Астам
немесе жалпы түсімнің 77,6%) Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ кен орындарын
өңдеу бойынша жобаларды қаржыландыруға бағытталды.
Әлемдік нарықтағы бәсекелестіктің күшеюі жағдайында мемлекеттің
экономикалық саясатының бағыттарын қайта қарастыру қажет екенін айта кеткен
жөн.
90-шы жылдардың басында Қазақстан үшін маңызды міндет экономиканың
мұнайгаз және таукен секторларына инвестицияларды тарту арқылы экономиканы
тұрақтандыру болды, бірақ бүгін экономикалық саясаттың бағыттары өзгерді.
Қазақстанның тұрақты және балансталған даму моделін құру мемлекет
экономикасын диверсификациялау мәселелерін шешуді талап етеді.
Қазіргі уақытта экономиканың шикізат емес секторының дамуы өзекті болып
табылады. Осыған байланысты республикада экономиканың шикізат емес
секторларына шетел инвестицияларын тарту бойынша саясат жүргізілуде.
Мемлекеттің ролі көп дәрежеде экономиканың шикізат емес салаларына
инвестицияларды ынталандыру үшін заңнамалық жағдайларды құру болып
табылады. Ірі инвесторларға бірқатар жеңілдіктерді қарастыратын сәйкес
заңнамалық база жасалған және қабылданған.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикадағы алыптылық өзін ақтамайды.
Мысалы, ірі дамыған мемлекеттерді алайық (кәсіпорындар құрылымындағы
қатынас): Жапонияда – 99,3% - кіші және орта тек 0,7% - индустриалды
алыптар; АҚШ – та, сәйкесінше 84% және 16%; Германияда шамамен солай;
Италияда – 98% және 2%.
Инвестициялық климаттың жақсаруы туралы біздің елімізде Президент және
Үкіметпен экономикалық тұрақтандыруды нығайту бойынша шаралар қабылданған.
Жалпы Қазақстандағы жоғары позитивті инвестициялық климат туралы шетел
сарапшыларының бағасы бойынша біздің еліміз бір адамға шаққандағы тікелей
шетел инвестициялары бойынша біздің еліміз бір адамға щаққандағы тікелей
шетел инвестициялары бойынша ТМД-да бірінші орын және Шығыс Еуропа елдерін
еспеке алғанда екінші орын алады.
Қазіргі уақытта ҚР мемлекеттің экономикасыына шетел инвестицияларын
тарту сферасында маңызды нәтижелерге жетті. Елдегі инвестициялық кл иматын
жақсаруы Үкімет қызметінің артықшылығының бірі болып табылады. Осы
бағыттағы тұрақты жұмыстың нәтижесінде Қазақстан халықаралық сарапшылардың
бағалары бойынша ТМД елдері арасындағы ивестициялық реформаларды
жүргізудегі көпбасшы болып танылады.

1.2 Инвестициялық заңнаманың пайда болу
және даму тарихы

Еліміз бен шет елдердің инвестициялық заңнамасының дамуының
негізгі тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын анықтау үшін оның
пайда болуы және жеке дара заң саласы ретінде қалыптасу тарихын
зерттеу қажет.
“ Инвестициялық қызметті жүзеге асыруды реттейтін алғашқы арнайы
заңнамалық актілердің бірі 1940 жылғы АҚШ-та қабылданған
“Инвестициялық компаниялар туралы” Заң және “Инвестициялар бойынша
кеңесшілер туралы” заңдар. Алғашқы заң инвестициялық компаниялардың
акцияларын сатып алушы инвесторларды қорғауға бағытталған, ал
екіншісі инвесторлар қаржыны салу варианттарын кәсіби зерттеу үшін
жалдаған инвестиция бойынша кеңесшілер тарапынан қиянат жасаудан
инвесторларды қорғайды [2]. Алайда бұл екі заңда шын мәнінде
көмекші актілер болып табылады, ал АҚШ инвестициялық заңнамасының
негізін 1933 жылғы “Құнды қағаздар туралы” және 1934 жылғы “Қор
биржасы туралы” заңдар құрайды. Көптеген дамыған елдердің
инвестициялық заңнамасының құрамына құнды қағаздар туралы заңдар
кіреді, себебі басқа объектілеге қарағанда құнды қағаздарға
инвестициялар кеңінен тараған (бұлар реалды активтер деп аталады)
[3]. Тарихи тұрғыдан қарағанда да ең алдымен құнды қағаздарды
инвестициялау заң негізінде бекітілген.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттердің интеграцияға
ұмтылыс тенденциясы күшейе түсті. Социалистік мемлекеттердің
құрылуына байланысты, аясында экономикалық, саяси және әлеуметтік
салаларда ынтымақтастық дамыған екі негізгі мемлекеттер блогі пайда
болады. Бүкіләлемдік Банк тобына жататын Халықаралық қайта құру
және даму банкі, Экономикалық дамудың халықаралық қауымдастығы,
Халықаралық қаржы корпорациясы; аймақық деңгейде – Еуропалық
экономикалық қоғамдастық тәрізді Халықаралық экономикалық ұйымдар
құрылады. Социалистік мемлекеттер блогінде де интеграциялық процестер
жүзеге асырыла бастайды – Варшава шарты жасалады және Экономикалық
өзаракөмек кеңесі құрылады. Дәл осы кезеңде жаңа тұрғыда және аса
тар ұғымда инвестициялық қатынастардың қайта өркендеу кезі деп
толықтай айтуға негіз бар. Инвестицияларды құқықтық реттеу тек
аймақтық деңгейде ғана емес, сонымен қатар социалистік елдер
арасында, сондай-ақ социалистік жолға енді тұрған мемлекеттер
арасында да достастық және ынтымақтастық туралы екіжақты келісімдер
жасала бастады. Бұл елдерге “ізгі” саяси миссияларын жүзеге асыру
үшін айтарлықтай қаржылай көмек көрсетіле бастайды, зауыттар мен
фабрикалар салынып, экономиканың және ауыл-шаруашылығының және т.б.,
бүтіндей салалары қайта жаңғыра бастайды. Бұған қоса, социалистік
елдерде (ең алдымен, бұрынғы КСРО) әртүрлі салаларда әртүрлі
деңгейде мамандар дайындала бастады. Осындай кеңауқымды қызметтің
негізгі мақсаты – социалистік жолды таңдаушы мемлекеттердің санын
көбейту және социалистяік елдердің әскери, саяси альянсын күшейту.
Алайда саяси міндеттер көмек көрсетуші мемлекеттердің экономикасына
шығындар әкелді. Инвестициялық қатынастар негізінен тек біржақты
сипатта болмай, өзара тиімді болуы тиіс. Социалистік мемлекеттердің
өзара қатынасы тура сондай деңгейде болды. Онжылдықтар бойы жүзеге
асырылып келе жатқан мұндай инвестициялық қызмет бұрынғы социалистік
достастық елдері әлі күнге дейін шыға алмай отырған экономикалық
дағдарысқа әкеліп соқты.
Алайда инвестициялық қызметтің шынайы дамуы ХХ ғасыр 80-
жылдарының үлесінде. Елде басталған жаппай қайта құру
сыртқыэкономикалық қызметке де өз әсерін тигізді. 1986 жылы КОКП
ОК-і (ЦК КПСС) Политбюросының біріккен кәсіпорындар құру мүмкіндігі
туралы шешімі іс жүзінде мемлекет экономикасына шет ел
инвестицияларының келуіне жол ашты. Бұл шешім КОКП ОК және КСРО
Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 19 тамыздағы №991 және №992-ші
“Сыртқыэкономикалық байланыс тарды дамыту шаралары туралы” және
“Социалистік елдермен экономикалық және ғылыми-техникалық
ынтымақтастықты басқаруды дамыту бойынша шаралар туралы” екі
қаулысымен байланысты болды[4].бұл актілермен сыртқыэкономикалық
қатынастар саласында және инвестициялық заңнаманың ұлттық жүйесін
құрудағы реформаларды жүзеге асыруға өту анықталды [4].
КСРО Жоғарғы Кеңесімен 1990 жылы 10 желтоқсанда қабылданған
“КСРО-дағы инвестициялық қызмет туралы заңнама негіздері[5]” Заңы
инвестициялық қызмет субъектілерінің арасындағы өзара қатынасын
реттеуші келісім-шарт екендігін заң негізінде бекітті. Қазақстанда
басқа кеңес республикаларындағыдай шет ел инвестициялары туралы және
инвестициялық қызмет туралы заңдар қабылданды. 1991 жылғы 5
шілдедегі КСРО-ның шет ел инвестициялары туралы заңнамалық негіздері
республикаларға кеңестік конституциямен қолданыстағы заңдарға қайшы
келмесе, шет ел инвестициялары туралы өз заңдарын қолдануға құқық
берді. Осы кезеңде Қазақстанда Кеңес Одағы мен американдық “Шеврон”
корпорациясы арасында тұңғыш инвестициялық келісім жасалды.
Алайда, кеңестік инвестициялық заңнаманың ғұмыры ұзақ болған
жоқ. Кеңес Одағының ыдырауы мен тәуелсіз және егеменді елдердің
пайда болу процесі басталды. 1993 жылы Шеврон корпорациясымен
Қазақстан Республикасы арасындағы инвестициялық келісім жаңа және
аса тиімді шарттарда қайта жасалды және кәзіргі замандағы ең ірі
инвестициялық келісімдердің біреуі болып табылады [5].
Бұл кезең ұзаққа созылмасада толықтай бұрынғы кеңес
республикаларының соның ішінде Қазақстан Республикасының да ұлттық
инвестициялық заңнамасын құруда шешуші роль атқарды және де нақ
сол кезде кәзіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық
қызметтің негізі қаланды. Мәселен, Ресей Федерациясында 1991 жылғы
4 шілдедегі Инвестициялық қызмет туралы Заңы (әрине, енгізілген
өзгертулері және толықтыруларымен) бүгінгі күні де қолданыста.
Инвестициялық заңнама тарихы туралы мәселені қарастыруды
тәмәмдай отырып, келесідей пайымдауларға келуге болады:
– инвестициялық қатынастар пайда болу сәтінен бастап,
заңнаманың әр саласындағы нормалармен реттелетін (сауда,
азаматтық, қаржы, тау-кен, халықаралық және т.б.), ал
инвестициялық нормаларды жеке даралау және заңнаманың
жеке саласына біріктіру негізінен дамыған елдерде ХХ
ғасырдың екінші жартысынан басталады.
– Нарықтық экономикада “инвестиция” жаңа ұғымдар санатына
жатпайды және мемлекетіміздің тарихының жекелеген
кезеңдерінде кең қолданыста болған;
– Бұрынғы Социалистік елдердегідей Қазақстан
Республикасында да тәуелсіздік алысымен және нарыққа
көшуімен өзінің инвестициялық заңнамасының ұлттық жүйесін
құру іс жүзінде мүмкін болады.

1.3 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
заңнама дамуының негізгі кезеңдері

Әлемдік экономикада инвестициялық қатынастар әрдайым шешуші роль
атқарған және атқарады. Кез-келген мемлекеттің экономикасындағы
инвестицияның тиімділігін қамтамасыз ету факторларының бірі олардың
заң жүзінде бекітілуі, инвестициялық қатынастарды реттеуші
инвестициялық заңнаманың дамыған жүйесін және құқықтық нормаларды
жүзеге асырудың әрекет етуші механизмін құру.
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы өз қалыптасуы
мен дамуында негізгі 4 кезеңнен өтті.
Бірінші кезеңі – бұл инвестициялық заңнаманың қалыптасу кезеңі,
алғашында шет ел инвестициялары туралы заң ретінде. Ол өз бастауын
шет ел капиталына қажетті кепілдіктер ұсыну негізінде, шет ел
инвестицияларын тиімді тартуды, жаңа технологиялар және басқару
тәжірибесін алуды қамтамасыз ету мақсатын көздеген 1990 жылы 7
желтоқсанда қабылданған “Қазақ КСР-дағы шет елдік инвестициялар
туралы[6]” Қазақ КСР-ның Заңынан алады. Заң республикада ашық
типтегі экономика құруға бағытталған және елдің әлемдік тәжірибедегі
шаруашылық прициптеріне жедел өтуге қызмет етуі тиіс еді. Алайда
заң актісінің шет ел инвестицияларын реттеуде айтарлықтай
кемшіліктері болды, себебі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан
Республикасының даму ерекшеліктерін жеткілікті деңгейде ескермеді
және тәуелсіздік алу жағдайында Қазақстан халықтарының мүддесін
толыққанды бейнелей алмады. Сондай-ақ, бұл заңды қабылдаудың жақсы
жақтары да болды: біріншіден, республикада қалыптасқан инвестициялық
қатынастарды заңды түрде бікіткен бірінші акт; екіншіден, осы заң
актісі төрт жыл бойы еліміздің экономикасына шет ел инвестицияларын
тарту тәртібі белгіленген, яғни шет ел капиталының тартылуына өз
үлесін қосты; үшіншіден, тұңғыш рет шет ел инвесторларына өз
қызметтерін жүзеге асыруға байланысты кепіл берілді (мәселен, 20-
жылдары кеңес мемлекеті шет ел инвестицияларын қабылдағанымен
олардың қызметіне байланысты ешқандай кепідік берілмеген). Сол
себептен шет елдік инвестицияларға берілетін кепіл туралы тарауды
енгізу, потенциалды инвесторлардың қызығушылығын арттырып, олардың
әрекет етуіне айтарлықтай ықпалын тигізді.
Инвестициялық заңнаманы құру мезгілі бойынша өз бастауын 1990
жылғы 22 ақпандағы “Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы
декларациядан[7]” алатын Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет
ретінде қалыптасуымен сәйкес келуі тайға таңба басқандай. 1991 жылы
10 маусымда Қазақстан әліде кеңестік социалистік республика болған
кезде қабылданған Инвестициялық қызмет туралы Заң[8] “Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы[9]” Конституциялық
заңға жол салушы болды, және де сол уақытта инвестициялық
қатынастарды реттеуші актілердің ішінде ең ұзақ мерзімдісі болды,
өйткені тек 1997 жылы ғана өз күшін жойды.
Сонымен, бұл кезең Қазақстан Республикасының нарықтық
қатынастарының дамуының және тәуелсіз, егеменді мемлекеттің ұлттық
инвестициялық заңнамасын құраудың алғашқы сатысы.
Инвестициялық заңнама дамуының Екінші кезеңнің бұрын қолданыста
болған Қазақ КСР-гі шет ел инвестициялары туралы заңның күшін
жойған 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған “Шетел инвестициялары
туралы[10]” Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
Жаңа заң Қазақстан экономикасына шет ел инвестицияларын тартудың
негізгі құқықтық және экономикалық негіздерін белгілейді, шет ел
инвестицияларына қатысты мемлекеттік кепілдікті бекітеді, оларды
жүзеге асырудың және шет ел инвесторларына қатысты туындаған
дауларды шешудің ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын анықтайды. “Шет
ел инвестициялары туралы” заңмен бір уақытта Қазақстан
Республикасының жаңа Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданды.
Заңды күшіне енісімен (1 наурыз 1995), 1963 жылғы Қазақ КСР-нің
Азаматтық кодексі; 1991 жылғы Кеңестік республикалар және КСРО-ның
азаматтық заңдар негізінің 1-71 баптары (азаматтық заң негіздерінің
қалған баптары 1999 жылдың 1 шілдесіне дейін, яғни Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің негізгі бөлімі қабылданғанға дейін
қолданыста болды)[11]; 1991 жылғы Қазақстан Республикасының “Жеке
меншік туралы”, “Кәсіпорындар туралы”, “Кепілпұл туралы”[12] заңдары
заңды күшін жойды. Азаматтық заңдардың кодефикациялануы Қазақстан
Республикасында ұлттық заңнама жүйесінің қалыптасуында және нарықтық
қатынастарды реттеуші құқықтық нормаларды реттеуде маңызды роль
атқарғандығын баса айтуға болады [5 37-43 б.].
Инвестициялық заңнаманың дамуындағы екінші кезеңнің ерекшелігі,
ол кезде қабылданған заңдардың және нормативтік актілердің басым
бөлігі уақытша сипатта болды және алдағы уақытта күшін жояды.
Сондай-ақ, бұл кезеңде қазіргі уақытта қолданыстағы Қазақстан
Республикасындағы нарықтық қатынастарды реттеуші заңдардың негізін
қалауда өз үлесін қосқан маңызды құқықтық база құрылды.
Инвестициялық заңнаманы дамыту мен жетілдірудегі үшінші кезеңнің
басталуына 1997 жылы 28 ақпанда қабылданған “Тікелей инвестицияларды
мемлекеттік қолдау”[13] туралы Қазақстан Республикасы Заңының
қабылдануы түрткі болды.
Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңының мәні,
оның қабылдануымен: біріншіден, Қазақстан Республикасында тікелей
инвестициялар туралы арнайы заң қалыптаса бастады; және екіншіден,
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңнамасы жаңа сапалы сатыға
көтерілді.
Тікелей инвестициялар туралы заң қабылданғанға дейін,
инвестициялық заңдар бірінші кезекте шет елдік инвесторлардың
мүддесін қорғауға бағынысты болған және шет ел инвестицияларына аса
қолайлы құқықтық режим орнатуға бағытталған. Мұның барлығы тек
ұлттық инвесторлардың ғана емес мемлекеттің де мүддесіне қайшы
келді, өйкені іс жүзінде қандай жолмен болмасын, әйтеуір
инвестицияларды тарту жүргізілді, ақырында, олардың республикаға
тиімділігі нөлге тең болды. Себебі шет елдік инвестициялар жер
қойнауын пайдалануға салынып отырды, яғни ел экономикасының дамуына
ешқандай әсерін тигізбеді және шет елдік инвесторлардың жер
қойнауын экспансиялауын күшейте түсті. Әрине, бұл біздің жер
қойнауын зерттеуде шет елдік инвесторлардан бас тарту керек
екендігімізді білдірмейді, тепе-тең жағдайда біз көбнесе ұлттық
инвесторларымызға қарай бет бұруымыз керек.
Шет ел инвестициялары туралы заң көтеген өзгерістерге ұшырады.
Оған түрткі болған шарт негізіндегі мемлекеттің миллиондаған
шығындары, және мемлекет мүддесін қорғау.
2000 жылы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті
Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры[14] құрылды. Оның
негізгі мақсаты мемлекеттік қорландыруды қалыптастыру (жинақтау
функциясы), сонымен қатар республикалық және жергілікті бюджеттердің
әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін азайту (тұрақтандыру
функциясы). 2001 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президенті
Жарлығымен Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану ережелері[15]
бекітілді; осы актіге және 2001 жылғы 18 мамыр айында шыққан
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Қорын сенімгерлікпен басқару
жайындағы шарт туралы[16]” Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысына сәйкес, 2001 жылы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасымен “Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорының
инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері” бекітілді.
Қазақстан Республикасында инвестициялық заңнаманың дамуының
алғашқы екі кезеңін сипаттау кезінде, біз саналы түрде құнды
қағаздар нарығы туралы заңдарды және олардың инвестициялық
қатынастардың даму және қалыптасу процесіне әсері туралы мәселені
қарастырудан саналы турде бас тарттық, себебі ол өзінің пайда болу
мезетінен бастап, инвестициялық заңнамадан тәуелсіз және жеке дара
жүзеге асырылды. Инвестициялық заңнамасы ашғашында-ақ құнды қағаздар
туралы және құнды қағаздарға инвестиция салу туралы заңдар ретін
қалыптасқан көптеген дамыған елдерге қарағанда, Қазақстан
Республикасында инвестициялық заңнама реалды активтерге бағытталған
болды (соның ішінде жер қойнауын пайдалану), тек 1997 жылы 5
наурызда “Құнды қағаздар нарығы туралы”[17] Заң қабылданысымен,
инвестициялық қызметтің бір бөлігі ретінде инвестицияны құнды
қағаздарға және басқа да қаржылық активтерге салу заңды негізде
бекітілді. Сонымен, құнды қағаздар нарығында инвесторлардың екі
негізгі топтары анықталды:
1. инвесторлар (жеке қаражаттарын құнды қағаздарға салушы
жеке және заңды тұлғалар);
2. институционалдық инвесторлар (өздері тартқан ақшалардың
басым бөлігін инвестиция ретінде құнды қағаздарға салушы
заңды тұлғалар; нақтылай келгенде, қолданыстағы Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет ететін
инвестициялық қорлар, банктер, мемлекеттік емес зейнетақы
қорлары, сақтандыру ұйымдары және басқа да ұйымдар).
Құнды қағаздар нарығы туралы заңмен қатар 1997 жылы
6 наурызда “Құнды қағаздармен жасалатын мәмілені тіркеу
туралы” Қазақстан Республикасының Заңы және “Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы”[18] Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды. Оның негізгі мақсаты құнды қағаздар
нарығында инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялау тәуекелін
төмендету арқылы тарту және кейіннен ақша қаражатын құнды
қағаздарға диверсификациялы инвестициялау.
Сондай-ақ, инвестициялық қатынастарды дамытуда валюталық реттеу
туралы заңнама да маңызды роль атқарды: 1996 жылы
24 желтоқсанда қабылданған “Валюталық реттеу туралы”[19] Қазақстан
Республикасының Заңы; 2001 жылы 31 наурызда қабылданған “Капиталдар
қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды тіркеу ережелерін
бекіту туралы”[20] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысы; 2002 жылы 18 қаңтарда қабылданған “Валюталық құндылықтарды
пайдаланумен байланысты, қызметті лицензиялау ережелерін бекіту
туралы”[21] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысы; және басқа да нормативтік-құқықтық актілер.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыруда белгіленген кепілдіктер
және преференциялар және жеңілдіктер жүйесімен қатар тікелей
инвестициялар туралы заңмен, инвесторлар алдында Қазақстан
Республикасының атынан өкілдік ететін жалғыз мемлекеттік орган құру
туралы жарияланды. Осыған орай Инвестиция бойынша Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік коммитеті құрылды және 1997 жылы 24
наурызда “Инвестиция бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
коммитеті туралы ережелерді бекіту туралы”[22] Үкімет қаулысы шықты.

Ақырында, Мемлекеттік Комитет республикалық, мемлекеттік мекеме
ретінде Қазақстан Республикасының инвестиция бойынша агенттігі болып
қайта құрылды. 1999 жылғы 26 көкектегі Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ол туралы Ережелеріне[23] сәйкес Қазақстан Республикасында
тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау аясындағы бақылауды және
мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыруға өкілетті, Үкімет
құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады.
2000 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті
Жарлығымен Қазақстан Республикасының инвестиция бойынша агенттігі
таратылып, оның функциялары мен өкілеттігі Қазақстан Республикасы
сыртқы істер министрлігі жанында қайта құрылған Инвестициялар
бойынша комитетке, ал жерқойнауын падалану саласындағы өкілеттіктері
– Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар
министрлігіне өтті[24]. Бұл уақытта Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрлігінің Инвестициялар бойынша комитеті төрағасының 2001
жылғы 30 наурызда “Экономиканың маңызды секторларында инвестициялық
қызметті жүзеге асырушы инвесторлар контрактілерін тіркеу тәртібі
туралы Нұсқауларды бекіту туралы[25]” және “Экономиканың маңызды
секторларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін
инвесторлардан преференциялар мен жеңілдіктер алу туралы арыздарды
қабылдау тәртіді туралы нұсқауларды бекіту туралы”[26] бұйрықтары
қабылданды.
Алайда, бір жарым жылдан кем уақыт ішінде кезекті қайта
ұйымдастыру жүргізілді. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлігі Экономика және бюджетті жоспарлау
министрлігі мен Өндіріс және сауда министрлігіне бөлінді. Өндіріс
және сауда министрлігіне өндірістік, құрлыс және сауда, стандарттау,
метрология және сертификаттау[27] саласындағы өкілеттіктер мен
функциялар өтті; сонымен қатар Өндіріс және сауда министрлігінде
Инвестиция бойынша комитет[28] құрылды.
Инвестициялар бойынша комитеттің құрылуына түрткі болған
Тікелей инвестициялар туралы Заңның мәні және негізгі мақсаты
экономиканың өндірістік дәне ауыл-шаруашылығы тәрізді қызығушылық
тудырмайтын секторларына жеңілдіктер мен преференциялар ұсыну арқылы
шет елдік және отандық капиталды тарту. Жер қойнауын пайдалану
экономиканың маңызды салаларына жатпайды және мемлекеттік қолдауды
қажет етпейді және алғашында-ақ инвесторлардың (бірінші кезекте шет
ел инвесторларының) қызығушылығын арттырып, капитал салу объектісіне
айналды.
2000 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен бекітілген “Жер қойнауын пайдалануға құқық беру
ережелеріне”[29] сәйкес, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру, біріккен
барлау және өндіруге қатысты келісім жасаушы құзіретті орган
таратылған Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі агенттігі
болған. Қазіргі уақытта оның функциялары мен өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар
министрлігіне берілді. Себебі, минералды ресурстар стратегиялық
бағыттағы шикізат болғандықтан, осы саладағы біртұтас орталық
атқарушы орган қажет.
Сонымен, Қазақстан Республикасы инвестициялық заңнамасының
дамуындағы үшінші кезеңнің ерекшелігі, инвестициялық заңнама арнайы
заң актілерінен құралған үш негізгі блоктан тұрады: шетел
инвестициялары туралы заң, тікелей инвестициялар туралы заң және
құнды қағаздарға инвестициялар туралы заң (құнды қағаздар нарығы
туралы заң). Онымен қоса, мемлекеттік инвестициялау туралы заңдар
(соның ішінде, мемлекеттік тікелей инвестициялау; мемлекеттік заем
алу және қарыз т.б.) жеке топты құраған (қазіргі уақытта да).
2003 жылдың 8 қаңтарында басты құндылығы инвестицияға қатысты
қатынастарды реттеуші нормаларды біріктіруі және шет елдік және
ұлттық инвестицияларға бірдей құқықтық режим орнатты. Оған қоса шет
ел инвестицияларын және тікелей инвестицияларды құқықтық реттеуде
белгілі ерекшеліктер сақталған. Ұсынылған актінің жақсы жақтарының
біріне Қазақстанда өз қызметтерін жүзеге асырушы инвесторларға кепіл
беруі. Соның ішінде Қазақстан Респуликасы территориясында
инвесторлардың қызметін құқықтық қорғау (Қазақстан Республикасының
заңдарымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен
инвесторлардың мүдделері мен құқықтарын толық және сөзсіз қорғау,
сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық
шарттармен; мемлекеттік органның заңнамаға қайшы келетін актілерді
шығару , сонымен қатар, азаматтық заңға сәйкес осы органдар
лауазымды тұлғаларының әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан
салдарынан туындаған шығындардың өтелу құқығына); табысты пайдалану
кепілі; ұлттықтандыру және реквизиция кезінде инвесторлардың
құқықтарына кепіл. Алғашқыда заң жобасында өкілетті органдардың
тексеруді жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер алдын-ала ескерілген
(мемлекеттік органдармен тексерулер жүргізу, сонымен қатар
инвесторлардың қызметін бақылауы немесе қадағалауы заңда белгіленген
тәртіп және мерзім бойынша жүзеге асырылады; тексеру, бақылау және
қадағалау құқығы тек қана заң актілерінде белгіленген органдарға
тиесілі). Заң жобасының қорытынды нұсқасында инвесторлардың қызметін
тексеру, бақылау және қадағалау құқығы, заң актілерімен осындай
құқық берілген органдар ғана жүзеге асырады (Инвестициялар туралы
заңның 7 бабы). Негізнен бұл ережені де кепілдіктер санатына
жатқызуға болады, себебі мұнда тексеру, бақылау және қадағалауды
жүзеге асырудың ережелері белгіленген, яғни мұндай құқықтар тек
қана қолданыстағы заңмен берілген органдарға тиесілі. Инвестициялар
туралы заң айтарлықтай толық және жүйелі мазмұндалған құжат.
Алайда заңның жеке ережелерін қарастырған белгілі бір сауалдар
иуындайды. Біріншіден, заңның реттеу аясынан мемлекеттік бюджет
қаражатынан инвестицияларды жүзеге асырумен байланысты қатынастар
және капиталды коммерциялық емес ұйымдарға салумен, соның ішінде
білім саласына, қайырымдылық, ғылыми және діни мақсаттарға
байланысты қатынастар алынып тасталған. Мемлекеттік бюджет
қаражатынан инвестицияларды жүзеге асырумен байланысты қатынастар осы
заңмен реттелмейді, өйткені мемлекеттік инвестицияларды жеке
инвестициялармен араластырудың қажеті жоқ. Бұл тұжырымда нақтылық
жоқ, себебі мемлекеттік инвестициялармен қатар қайтарымды және
қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджет қаражатымен
теңқаржыландырылатын инвестициялар да бар. Сарапталып жатқан норманың
мәнінде мемлекеттік теңқаржыландырумен байланысты қатынастар реттелу
аясына кірмеген, өйткені олар мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Екіншіден, заңда көрсетілген инвестиция анықтамасы, алғашқы
редакцияларға қарағанда нақтыланған. Егерде инвестициялардың
капиталқұраушы және санаткерлік деп жалпы класификациясын алатын
болсақ, бұл жағдайда тек қана капиталқұраушы инвестициялар ғана
белгіленген. Заңшығарушының ойын мынадан түсінуге болады, ұсынылып
отырған заңның реттеу аясынан санаткерлік инвестицияларды жүзеге
асыруға байланысты қатынастар алынып тасталған, сол себептен
инвестиция анықтамасында тек қана капиталқұраушы инвестициялар
сипатталады. Алайда, инвестиция туралы заңда бұған қатысты тікелей
нұсқау болмағандықтан, инвестициялар кәсіпкерлік қызмет үшін
пайдаланылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына немесе
бекітілген активтерді көбейту үшін ғана салынады. Жалпылай алғанда
бұл анықтаманы әр түрлі заң актілерінде жинақталған анықтамалардың
синтезі деп түсінуге болады (бірінші кезекте, заңды күштерін
жоғалтқан шет ел инвестициялары туралы және тікелей инвестициялар
туралы заңдар).
Үшіншіден, бұл заң заңды күштерін жоғалтқан шет ел
инвестициялары туралы және тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
туралы екі заңның нормаларының бірігуінен құралған. Алайда шет
елдік және тікелей инвестицияларға қатысты қатынастардың барлық
инвестициялық қатынастарды қамтымайтындығын ұмытпаған жөн. Заңның
атауы және оны қолдану аясы Қазақстан Республикасындағы
инвестициялық қатынастарды реттейтіндігі нұсқалған. Инвестицияларды
ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздері белгіленіп,
инвесторлардың қызметтерін жүзеге асыру барысында құқықтарын қорғауға
кепілдік берілген. Өкінішке орай, жоғарыда көрсетілгендерден басқа
қандай инвестициялық қатынастар осы заңмен реттелетіндігі нақты
айтылмаған.
Төртіншіден, инвестиция туралы Заңның 9 бабында көрсетілген
инвестициялық дауларды шешу тәртібі шын мәнінде оларды шешу
процедурасын анықтамайды. Даулардың екі тобы белгіленген:
инвестициялық даулар (инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты
инвесторлармен мемлекеттік органдар арасында келісімдік
міндеттемелерден туындаушы даулар) және инвестициялық дауларға
жатпайтын даулар (заңда нақты оған нақты түсініктеме берілмеген).
Егерде заңның осы бабын сараптай келсек, тек қана инвестор мен
мемлекеттік органдар арасында туындаған даулар инвестициялық дауларға
жатады, ал инвестордың қатысуымен туындаған басқа даулар
инвестицмялық дауларға жатпайды және Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес шешіледі. Шет ел инвесторларының инвестициялық
дауларына қатысты ешқандай сілтеме жоқ. Яғни оларды шешу
процедурасы ұлттық инвесторлар арасындағы дауларды шешу
процедурасымен іспеттес болады.
Бұдан келесідей тұжырымға келуге болады: ұлттық
инвесторларымыздың құқықтық жағдайын шет елдік инвесторлардың
деңгейіне дейін көтерудің орнына, шет елдік инвесторлардың құқықтық
жағдайын ұлттық инвесторлардың деңгейіне дейін түсіріп отырмыз.
Сәйкесінше, республикада инвестициялық қызметті жүзеге асыру
мақсатында өзара тең жағдайлар қалыптастырудың мұндай әдістемесінен
ешкім ұтпайды: ұлттық инвесторлар – құқықтық жағдайының
өзгермегендігінен, ал шет елдік инвесторлар – құқықтық жағдайының
нашарлауынан.
Сонымен, 2003 жылғы 8 қаңтардағы “Инвестициялар туралы”[30]
Қазақстан Республикасының жаңа заңының қабылдануы заңды құбылыс. ол
қабылданғанға дейін әр түрлі заң салаларының құрамында болған
инвестициялық қатынастарды реттеуші барлық арнайы актілерді
біріктіретін біртұтас негізгі инвестициялық заң қажет болды. Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заң қабылданысымен, шет
ел және ұлттық инвесторлардың құқықтық жағдайын теңестірудің алғашқы
қадамы болғаны түсінікті.
Шет ел инвестициялары туралы және тікелей инвестициялар туралы
заңдардың өз күшін жойысымен, инвестициялық заңнама дамуының жаңа
кезеңі туралы айтуға болады.
Инвестициялық заңнама дамуының төртінші кезеңін келесідей
сипаттауға болады – заңнаманың дербес саласы ретінде инвестициялық
заңның қалыптасуы.
Сонымен қатар, бұл кезеңді былай сипаттауға болады – шет ел
және ұлттық инвесторлардың тең мүмкіндіктер кезеңі. Алайда, тұрақты
экономикалық даму жалпы мемлекеттік мүдде мен ұлттық және шет ел
инвесторларының мүделерінің тиімді тіркесуінсіз мүмкін еместігін
ұмытпаған жөн. Шет ел және ұлттық инвестициялардың құқықтық
жағдайын тиісінше заң жүзінде бекітпей, осы уақытқа дейін тартылған
инвестицияларды сақтап қалу, және ел экономикасына жаңа
инвестициялар (бірінші кезекте шет ел инвестицияларын) тарту қиынға
соғады.
Жаңа заңнан шет ел инвестицияларына арналған барлық нормалардың
алынып тасталғанына қарамастан, оларды реттеудегі жекелей
өзгешеліктер шет ел инвесторларымен отырған контрактілердің мерзімі
аяқталғанша болады. Шет елдік немесе ұлттық инвестор екендігіне
қарамастан, айтарлықтай преференциялар инвестициялық қызметті жүзеге
асыру үшін беріліп отырады. Инвестициялық жобаның инвестиция туралы
Заңда белгіленген ережелерге сәйкестігі басшылыққа алынады.
Бұл кезең құнды қағаздар нарығы туралы заңның түбегейлі
өзгеріске ұшырауымен ерекшеленді: 2003 жылы 13 мамырда № 415-ІІ
“Акционерлік қоғамдар туралы” Қазақстан Республикасының Заңы және
2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ “Құнды қағаздар нарығы туралы”
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Инвестициялық заңнаманың
құрамдас бөлігі ретінде Құнды қағаздар нарығы туралы заңның
модернизациялануы, және инвестициялық заңнаманың түбегейлі қайта
құрылуы заңшығару жүйесіндегі маңызды құрылымдық өзгерістерге
ұшырауын алдын-ала анықтады. Инвестиция туралы Заңның айналасында
салалық тәуелділігі алғашқы уақытта белгісіз болған көптеген
нормативтік актілер жиынтықталды. Ақырында инвестициялық заң
Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес саласы болып толықтай
қалыптасты.

ІІ. ШЕТЕЛ ИНВЕСТОРЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ БАР

ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу

Шет ел инвестицияларын халықаралық-құқықтық реттеу, ұлттық-
құқықтық реттеу тәрізді, теңіз және сауда құқығының нормалары мен
формаларын пайдалана отырып, ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Шет
ел инвестицияларын реттеуде халықаралық сауда келісімдері қолданыста
болды, яғни шет ел капиталын инвестициялау саласында мемлекетаралық
қатынастарды реттеудің алғашқы нысаны ретінде сауда, теңізде жүзу
және т.б, тәрізді екіжақты келісімдер қолданыста болды [6]. ХХ
ғасырдың орта шенінен бастап, АҚШ және басқа да капитал
экспорттаушы елдер екі жақты негізде инвестициялық қатынастарды
реттеу бойынша арнайы халықаралық келісімдер мен шарттарға отыра
бастады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алысымен, инвестицияларды
ынталандыру және өзара қорғау туралы екіжақты келісімдерге отыру
процесіне белсене қатысты. Ең алғашқы ратификацияланған келісімдердің
бірі Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы капитал салымдарын
ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім[31]; Қазақстан
Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы инвестицияларды
қорғау және өзара жәрдемдесу туралы келісім[32]; Қазақстан
Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасындағы капитал
салымдарын ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім[33];
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының
Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау
туралы келісім[34]. Кішкене құлдырауданкейін халықаралық келісімдерді
ратификациялау 90-жылдардың аяғына таман қайта жанданды. Сонымен,
1995 жылы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы
келісімдер Украина Үкіметімен; Испания Корольдігімен[35]; Монғолия
Үкіметімен; Италия Республикасының Үкіметімен; Польша Республикасының
Үкіметімен; Венгрия Республикасының Үкіметімен; Египет Араб
Республикасының Үкіметімен[36]; 1996 жылы – Иран Ислам Республикасының
Үкіметімен; Израиль Мемлекеті Үкіметімен; Корей Республикасы
Үкіметімен; Ұлыбритания Солтүстік корольдігі Үкіметімен; Румыния
Үкіметімен; 1997 жылы – Малайзия Үкіметімен; Чехия
Республикасымен[37]; Қырғыз Республикасы Үкіметімен; Финляндия
Республикасы Үкіметімен; Әзірбайжан Республикасы Үкіметімен; Грузия
Үкіметімен; 1998 жылы – Үндістан Республикасы Үкіметімен; Швейцария
Федералды Кеңесімен[38]; РФ Үкіметімен; 1999 жылы – Белгия-Люксембург
Экономикалық Кеңесімен[39]; 2000 жылы – Франция Республикасы
Үкіметімен[40] және Кувейт Мемлекетімен.
Бастапқы кезеңде екі жақты келісімдер капитал салымдарын
қорғау туралы келісім болды, ал кейінен оларды капитал салымдарын
ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдер деп аталды [7].
Негізінен бұл тараптардың құқықтық жағдайн теңестіру мақсатында
жасалған. Бірінші орынға инвестицияларды ынталандыру жатқызылды, ал
одан кейін олардың қорғалуы болды. Мұндай кез-келген келісімнің
мақсаты – қолайлы инвестициялық климат құру арқылы капитал салымдарын
жүзеге асыруды ынталандыру болып табылады [8].
Қазақстан Республикасы отырған қатысушы мемлекеттер инвесторларының
инвестицияларын ынталандыру және өзара қорғау туралы келісімдерде
өзара негізде екі режим ұсынылады: аса қолайлы жағдай режимі және
ұлттық режим. Инвестор өзіне қолайлы режимін таңдауға құқылы.
Қазақстан Республикасы келісімдерінің көп бөлігі (АҚШ
келісімінен басқа) шет ел капитал салымдары қабылдаушы мемлекеттің
заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл мемлекетке шет ел
инвестицияларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
Шетел инвесторларының қатысуы бар қатынастарды реттеудің ерекшеліктері
Инвестициялық қарым-қатынастарды реттеу
Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі
ҚР-да инвестициялық құқықтың пайда болу және даму тарихы
ТМД шеңберіндегі инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу
Мемлекеттік басқару - мемлекеттік меншік институтымен тікелей байланысты құқықтық институт
Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Пәндер