Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

1-тарау. Банктік құқық және банк жүйесінің

теориялық аспектілері . . . 6-27

  1. Банктік құқық: қажеттілігі, әдістері мен жүйесі . . . 6-11
  2. Банк жүйесіндегі банктік құқық қатынастарының

қалыптасуы және дамуы . . . 11-18

  1. Банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу . . . 18-27

2- тарау. банктік операциялық қызметінің құқықтық негіздері . . . 28-63

2. 1 Банктің қызметіне жалпы сипаттама . . . 28-41

2. 2 Банктің құқыққа сәйкес операциялық қызметін талдау . . . 41-51

2. 3 Банктерінің несиелік операциялық қызметін құқықтық

реттеу негіздерін талдау . . . 51-63

3- тарау. Банк қызметін реттеудің құқықтық негізін

жетілдірудің кейбір мәселелері . . . 64-74

3. 1 Заман талаптарына сай банктің

әрекетін жетілдірудің негізгі бағыттары . . . 64-70

3. 2 Банктік қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру . . . 70-74

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75-80

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81-82

ҚОСЫМШАЛАР . . . 83-85

Кіріспе

Банктер - нарықтық механизм жүйесіндегі орталық звеноларының бірі болып табылады. Олардың қарекетінің дамуы - нарықтық механизмді құрудың қажетті шарты. Экономикалық қайта құру прцесі банктік жүйенің қалыптасуынан басталады. Бұл сала осы уақытта да жоғарғы қарқынмен даму үстінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2007 жылғы 1 наурызындағы Қазақстан халқына «Қазақстан өз дамуындағы серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барына қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында: «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік -экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр» деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың ауқымдылығын айта кетті.

Сондай-ақ, «Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық таулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз».

«Біздің қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикағакіруімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарға сүйенеді» деген жолдарын ерекше атап өтуімізге болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2006 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында қаржылық сектор, оның ішінде банктік сектор мәселелері жөнінде былай пайымдаған болатын: «Қаржылық сектор, оның ішінде банктік сектор мәселелері жөнінде былай пайымдаған болатын: Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффилирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органдардың келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффилирленген тұлғаламен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт». /2/

Бүгінгі таңдағы Қазақстандағы қызмет ететін банктік жүйенің не бары он бес жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат - отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа сай етіп жүргізілуін қамтамасыз ету екені жасырын емес. Бүгінде нарықтық талаптарға және халықаралық банк стандарт ережелеріне сай жетілдірілген Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі барлық банктер бірыңғай несиелік-қаржылық механизм ауқымында өзара іс-әрекеттері мен өздеріне тиесілі кәсіби қызметін, экономикалық-қаржылық банктік операцияларын жүзеге асыруда.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас салаларының бірі. Екі деңгейлі банктік жүйе халық шаруашылығын жетілдіруді қамтамасыз етуде маңызды. Есеп айырысу, салымдық, несиелік және өзге де операциялар түрлерін оындай отырып банктер қоғамдық-қажетті функцияларды орындайды. Сонымен қатар, өзге де коммерциялық кәсіпорындар қызметі тәрізді банк қызметі көптеген тәуекелдерге барады және сондықтан да көптеген елдерде бұл қызмет қатаң реттелетін кәсіпкерлік түрі болып саналады.

Банктік жүйенің тиімді қызмет атқарылуына, банктік операциялар мен қызметтердің ашықтылығына, заңдығына әрі тиімділігіне тек банк жүйесінің негізіндегі банктік құқық пен заңнама ережелерін сауатты пайдалана білгенде ғана қол жеткізе аламыз.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және рыноктік үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іспен банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттйді.

Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.

Банк жүйесінеде банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік және т. б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1 наурыздағы халыққа жолдауында атап көрсеткендей бәсек қабілетті озық елу елдің қатарына қосылу үшін, банктік қызмет көрсетулерді одан әрі жетілдіру шарт болып табылады. Осыған байланысты диломдық жұмыс тақырыптың өзектілігін банктік қызмет лицензияланатын қызмет түріне жататындықтан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк саласындағы заңнамалық база негізінде жүзеге асырылатындықтан осы банктік қызмет көрсетулердің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз етуден көруге болады.

Дипломдық жұмыс мақсаты: нарықтық экономикамыздың дамуында маңызды орындардың бірін алатын банктік жүйенің банктік құқықтық реттелуін қарастыру және банктік заңнаманы жан-жақты меңгере отырып өз қызметін жүзеге асыру ерекшеліктерін талдау.

Осы қойылған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесідей міндеттер көрсетілген:

  • банктік құқық қажеттілігін, әдістері мен жүйесінің мәнін ашу;
  • банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастардың қалыптасу мен даму жағдайын қарастыру;
  • банктік қызметті ұйымдастыру мен реттеудің теориялық негізін қарастыру;
  • банктік құқықтың тәжірбиеде жүзеге асырылу жағдайын «Альянс Банк» АҚ мысалында қарастырып, оның операциялық қызметіне талдау жасау;
  • Отандық банктердің несиелік операцияларын құқықтық реттеу жағдайына талдау жасау;
  • жүргізілген талдауларға сүйене отырып, банк қызметін құқықтық реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттарын ұсыну.

Зерттеу пәні болып халыққа қызмет көрсету нарығындағы банктік қызмет көрсетулердің құқықтық негізі.

Зерттеу объектісі: банктік қызмет көрсету саласындағы банктік операцялардың құқықтық реттеудің әрекет етуші тәжірбиесі.

Зерттеудің әдістемелік негізін банктік қарекетті ұйымдастыру мен оны құқықтық реттеу мәселелеріне арналған отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде мазмұндалған негізгі заңдылықтар мен ережелер құрайды.

Сондай-ақ дипломдық жұмыста Қазақстан Республикасының банк саласындағы қызметтерді реттейтін заңдар, Қазақстан Республикасының Президенті мен Парламентінің заңнамалық құжаттары ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік актілерімен «Альянс Банк» АҚ-ң ақпараттық - анықтамалық материалдары мен статистикалық мәліметтер қолданылды.

Зерттеу әдісі: диалектикалық логика мен жүйелеу амалдарын қолдануға негізделді. Зерттеу барысында логикалық құрылымда статистикалық талдау, сараптық баға беру әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыс құрылымы өзара логикалық жүйелі байланысқан кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде Банктік құқық пен банк жүйесінің теориялық аспектілері қарастырылса, екінші бөлімде «Альянс Банк» АҚ материалдары негізінде банктік операцияны жүргізудің құқықтық негізіне талдау жасалса, үшінші бөлімде жүргізілген талдау негізінде банктік қызметті құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері ұсынылды.

1-тарау. Банктік құқық және банк жүйесінің

теориялық аспектілері

  1. Банктік құқық: қажеттілігі, әдістері мен жүйесі

Банктік қызметтің және банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі және жаңаша дамуы, ұлттық қаржы рыногының оның ішінде ақша, алтын және валюта рыноктарының халықаралық стандарттарға сай құрылуы, коммерциялық банктердің операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік қатынастардағы мемлекет пен жеке меншік-корпоративтік субъектілері мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ т. б. экономикалық-басқарушы мән-жайлар банктік құқықтың дербес құқықтық саласы ретінде жаңадан қалыптасуын негіздеді.

Демек банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан құрылуы банк жүйесінің ел экономикасындағы рөлі мен маңызына, қоғам мен мемлекеттің экономикалық-қаржылық мүдделеріне, мемлекеттің қаржы, ақша-несие(оның ішінде валюталық) саясаты ұстанымдарына, нақтылы айқындалған реттеу пәніне, айрықша құқықтық реттеу әдісіне, тиісті заңнамалық актілерде бекітілген ереже-принциптеріне, арнайы заңнамалық және заңға тәуелді номативтік банктік құқықтық актілерден тұратын қайнар көздеріне байланысты ұтымды көрініс тауып отыр.

Банктік құқық мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ат салысады және рыноктік үлгідегі банк жүйесінің құқықтық негізін қалыптастырады.

Банктік құқық экономиканың банктік секторындағы банктік іспен банктік қызметті және олардың барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттйді.

Банктік-құқықтық реттеу ауқымындағы банктік қызмет барынша пайда табуға бағытталған, тиісті заңнамалық акті немесе лицензия негізінде, жүйелі сипатта банктер жүзеге асыратын операциялар мен мәмілелер болып табылады.

Банк жүйесінеде банктік қызмет (операциялар) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастар банктік, қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық, кедендік және т. б. қатынастар сипатында көрініс табады. Осы орайда банктік құқық императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерін, сондай-ақ осындай әдістерді тиісінше ұштастыру арқылы кешенді құқықтық реттеу әдісін пайдаланады.

Банктік құқықтың кешенді құқықтық реттеу әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі және банктік операциялардың жүзеге асырылуы барысында туындайтын аралас қоғамдық банктік (қаржылық, әкімшілік, азаматтық, валюталық және т. б, ) қатынастарды реттейді.

Кешенді құқық саласы банктік құқық заңи біртұтас құқықтық құрылым болып табылады.

Демек, банктік құқық Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму Банкі және коммерциялық банктер тарапынан қоғам мен мемлекеттің, жеке меншік-корпоративтік шаруашылық субъектілерінің несиелік, ақшалай, инвестициялық-қаржылық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында, экономикалық-жанама және әкімшілік-тікелей мемлекеттік басқару (реттеу) ауқымында ұйымдастырушы-нәтижелеуші сипатта тоқтаусыз, ұдайы әрі үзбей жүзеге асырылатын банктік операциялар (мен өзге де банктік іс-әрекеттер) барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды халықаралық банктік құқық принциптері мен ережелерін есепке ала отырып реттейтін кешенді құқықтық құрылым болып табылады.

Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері. Банктік құқықтың құқықтық реттеу пәнін банк жүйесін құру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету, банктік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, банктердің және басқа да қатысушылардың құқықтық мәртебесін белгілеу, банктердің қаржыларын мемлекеттік реттеу, банктік қадағалау - бақылау жүргізу, банктік құқық бұзушылық фактілерін анықтау және ол үшін заңи жауапкершілік шарасын қолдану барысында туындайтын қоғамдық валюталық қатынастар құрайды.

Банктік құқықтың пәніне жататын қоғамдық қатынастар өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  1. олар Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстанның Даму Банкі жүзеге асыратын банктік операциялардың және мәмілелердің барысында туындайды;
  2. олар коммерциялық банктердің лицензияланған операциялары мен мәмілелеріне байланысты туындайды;
  3. олар жүйелі, мақсатты, әрі тұрақты сипатта болады;
  4. олар банк жүйесін және банктік қызметті мемлекеттік реттеу барысында туындайды.
  5. олар мемлекеттің қаржы, ақша-несие және инвестициялық саясаты ұстанымдарын іске асыру барысында туындайды;
  6. олар мемлекеттік монетарлық билік органы Қазақстан Ұлттық Банкінің несиелік-қаржылық және әкімшілік қызметінің нәтижесінде туындайды;
  7. олар қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыруы, бақылауы және лицензиялауы барысында туындайды;
  8. олар Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қазақстанның Даму банкінің мемлекеттік қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және бөлуге, мемлекеттің алтын-валюта активін қалыптастыруға байланысты туындайды;
  9. олардың объектілеріне ақшалар, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтыр және банктік құпия режимімен қамтылған ақпарт жатады;
  10. олардың ішінен банктік шот ашу, есеп айырысу, депозит тарту, инвестициялау, банктік несиелеу, операцияларына және бағалы қағаздарды эмиссиялауға байланысты қатынастар ерекше көрініс табады;
  11. олардың жүйесі банктік және өзге де заңнамалық актілерге, лицензияларға, түрлі банктік шарт нысандарына, сондай-ақ халықаралық банктік стандарт ережелеріне сай жүргізілген банктік операцияларға сәйкес қалыптасады;
  12. олар қаржылық инструменттер айналымынан пайда алу барысында туындайды;
  13. олар негізінен сенімгерлік сипатта болады.

Банктік құқықтың құқықтық реттеу әдістері оның құқықтық реттеу пәнін құрайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу барысында пайдаланылатын заңи тәсілдер мен құралдар және амалдар жиынтығы ретінде көрініс табады.

Банктік-құқықтық реттеу әдістері банк жүйесіндегі және банктік қызмет ауқымындағы тиісті құқықтар мен міндеттердің туындау негізінде, қоғамдық банктік қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің мәніне-маңызына, банктік құқықтық санкциялардың мән-жайына және т. б. элементтерге сай қалыптасады.

Банктік құқық ауқымында мемлекеттік-өктем-әмірлі-императивтік әдіс, қос (не одан да көп) тарапты - келісімді немесе шартты - диспозитивтік әдіс, содай-ақ банк жүйесінің, банктер мен олардың клиенттерінің және банктік қызметтің қайсыбір мәселелеріне тікелей қатысты императивтік және диспозитивтік құқықтық реттеу әдістерінің аса қажетті жекелеген тұстарын біріктіретін кешенді әдіс пайдаланылады.

Императивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі тиісті заңнамалық актілердегі мемлекеттің әмірлі өктем талабын бұлжытпай орындау арқылы жүзеге асырылады.

Диспозитивтік банктік-құқықтық реттеу әдісі қоғамдық банктік қатынастардағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін, міндеттемелерін тиісті заңнамалық актілер және тарптардың арасында жасалған банктік шарттар негізінде регламенттеу барысында қолданылады.

Кешенді банктік - құқықтық реттеу әдісі негізінен қоғамдық банктік қатынасқа қатысушылардың экономикалық - қаржылық және өзге де мүдделерінің теңдестірімділігін көздеу, олардың банктік қызметінің тиімділігін және мемлекеттің (оның уәкілетті органдарының) өктем нұсқамаларын орындау еріктілігі дәрежесін айқындау тұрғысынан жүзеге асырылады. [6, 9-10]

Демек императивтік және диспозитивтік банктік - құқықтық реттеу әдістерінің өзара байланысы мен біріңғайлығы негізінде кешенді банктік құқықтық реттеу әдісі құрылады. Банктік құқықтың кешенді әдісі банк жүйесінің жұмыс істеуі барысында қоғам мен мемлекеттің және жекеге - корпаративтік ая субъектілерінің мүдделерін ұштастыруға, сондай-ақ қаржылық инструменттер қозғалысына байланысты қоғамдық банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Банктік құқықтың жүйесі оның ішкі нысанын (құрылымын) білдіреді. Банктік құқық жүйесінің негізгі белгілеріне оның құқықтық нормаларының біртұтастылығы және бірыңғайлығы, сондай-ақ оның құқықтық институттарының өзара байланысы, өзара шартталынғандығы және келісімділігі жатады.

Осындай құқықтық нормалар мен институттардың банктік құқық саласы ішінде орналасу тәртібі объективті сипат алады және өздері реттейтін қоғамдық банктік қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Банктік құқықтың жүйесі мақсаттары мен міндеттерінің және функцияларының бірыңғайлығына орай біріктірілген, сондай-ақ өзара байланыстырылған және белгілі бір тәртіппен орналастырылған құқықтық нормалардың жүйесінен тұратын өзінің ішкі құрылысын білдіреді.

Банктік құқықтың құқықтық нормалары мен институттарын іштей жүйелеу және топтастыру нәтижесінде оның аса ірі бөлімшелері Жалпы және Ерекше бөлімдері қалыптастырылады.

Құқық саласы ретіндегі банктік құқықтың Жалпы бөлімі:

  1. Банктік құрылыстың құқықтық негіздері.
  2. Банктік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару-реттеудің құқықтық негіздері.
  3. Мемлекеттік банктік бақылау-қадағалаудың құқықтық негіздері.
  4. Банктік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті құқықтық реттеу сияқты институттардан тұрады.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімі елдің банк жүйесінің құрылуы және жұмыс істеуі, банктік қызметті жүзеге асыру ауқымын мемлекеттік басқару және реттеу, мемлекеттк банктік бақылау және қадағалау, банктік құқық бұзушылық үшін заңи жауапкершілік шараларын қолдану барысында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды құқықтық реттеу бірыңғайлығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Банктік құқықтың Жалпы бөлімінің құқықтық нормалары оның Ерекше бөлімінде нақтылы көрініс таба отырып, Ерекше бөлім институттарының жұмыс істеуіне орай туындайтын банктік қатынастарды реттеуге ат салысады.

Құқық саласы ретіндегі Банктік құқықтың Ерекше бөлімін:

  1. Банктердің банктік шот ашу - жүргізу операцияларын құқықтық реттеу.
  2. Банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу.
  3. Банктердің несиелеу операцияларын құқытық реттеу.
  4. Банктердің төлемдік - есептік операцияларын құқықтық реттеу.
  5. Банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын құқықтық реттеу.
  6. Банктердің валюталық операцияларын құқықтық реттеу сияқты ірі функционалдық институттар құрайды.

Банктік құқықтың қайнар көздері елдің банк жүйесінің құрылуына және жұмыс істеуіне, оны мемлекеттік реттеуге және қадағалауға, сондай-ақ банктік қызметті жүзеге асыруға байланысты туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін тиісті нормалары бар заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілер ретінде көрініс табады. Демек банктік құқықтың қайнар көздері оның сыртқы (нақтылы) нысандарының жүйесін көрсетеді.

Банктік заңнама мемлекеттік банктік менеджмент және банктердің банктік қызметі аясында туындайтын қоғамдық банктік қатынастарды реттейтін заңнамалық актілердің (заңдардың) жиынтығы болып табылады.

Банктік заңнама тиісті банктердің, банк жүйесінің және банктік құқық институттарының нормативтік құқықтық базасын құрайтын, банктік қызметті және оның аясындағы қоғамдық банктік қатынастарды регламенттейтін, мемлекеттің қаржы, ақша-несие, валюталық, сыртқы экономикалық саясаты ұстанымдарын іске асыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттің монетарлық билігінің және мемлекеттің банктік менеджментінің нормативтік құқықтық негізін қалыптастыратын банктік заңнамалық актілер - арнайы және жалпы сипатты заңдардың жиынтығынан тұрады.

Осындай арнайы банктік заңдар қатарына: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы», «Қазақстан Даму Банкі туралы», «Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ банкі туралы», «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы несиелік бюролар және несиелік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері жатады.

Банктік заңнамалық актілер өздеріне тән мынадай белгілерімен ерекшеленеді:

  1. банктер, банктік қызмет, банк жүйесі, сондай-ақ оларды мемлекеттік реттеу туралы заңдар тек заң шығарушы билік органдары тараптарынан қабылданады;
  2. олар әрдайым ерекше іс жүргізу нормасын сақтай отырып қабылданады және жоғары заңи күшке ие болады;
  3. олар тек мемлекеттің монитарлық билігі мен банктік құқығы аумағындағы қоғамдық банктік қатынастарды ғана реттейді.
  4. Олар заңға тәуелді нормативтік банктік құқықтық актілерді қабылдауға қажетті бастапқы сипаттағы нормалардан тұрады.

Банк жүйесі мен банктердің жұмыс істеу режиміне қоғамдық банктік қатынастардың жекелеген тұстарына қатысы бар заңнамалық актілер ретінде: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Лицензиялау туралы», «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы» және т. б. Қазақстан Республикасының заңдары көрініс табады.

Демек Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы тікелей (арнаулы) банктік заңнамалық актілерденжәне құрамында тиісті банктік құық номалары бар өзге де заңнамалық актілерден құралады.

Банктік заңнамалық актілер мемлекеттің банктік менеджменті және ел экономикасының банктік секторы (банк жүйесі) ауқымында жүзеге асырылатын банктік қызметтің құқықтық нысаны болып саналады.

Банктік құқықтың қайнар көздеріне Қазақстан Республикасының Конститутциясы, арнайы және жалпы банктік және өзге де заңнамалық актілер, заңға тәуелді нормативтік банктік-құқықтық актілер, халықаралық банктік құқық нормалары және халықарлық банктік келісімдер, Конститутциялық Кенестің және Жоғарғы Сот Пленумының шешімдері, қаулылары жатады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар шығарған, құрамында банктік құқықтың нормалары бар нормативтік-құқықтық актілер банктік құқықтың қайнар көздері болып табылады.

  1. Банк жүйесіндегі банктік құқық қатынастарының

қалыптасуы және дамуы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем жүйелері ұғымы
ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
Ипотекалық несие тәуекелдігі
Банктік менеджменттің негізгі теориялық аспектілері
Ақша несие саясатын жүргізу
Ресей Банкіне есептеме беру міндеттемесі
Қазақстан Республикасы төлем жүйесінің төлемдер жүйесінің түсінігі
Қор құрау операциялары
Мерзімді салымдар банкі
Ұлттық банкті орталық эмиссиялық банк немесе банктердің банкі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz