Медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
1. Кіріспе
2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық . эпидемияға қарсы тәртіп
3.Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Емдеу бөлмелерін жинастыру түрлері. Мейірбикенің жұмыс орнын жұмысқа дайындау
4.Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері
5.Науқастарды бөлімшеге тасымалдау
7.Науқастың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы. Дене биомеханикасы. Науқастың төсектегі қалпын өзгерту, төсектегі қалпы
8.Тамыр соғуын анықтау, сипаттау. Артериялық қан қысымын өлшеу.
9.Науқастың жеке басының тазалығы
12.Ауыр халдегі науқастардың терісін күту әдістері мен тәсілдері

Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
• Емхана
• Амбулатория
• Мед сан бөлім
• Емдік пункттер
• ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
• Диспансер
• Әйелдер консультациясы
• Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
• Аурухана
• Клиника
• Госпиталь
• Санатория мен курорттар
• Мед сан бөлім
• Хоспис
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді, тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық, рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез, онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.

1. Елімізде тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін сырқатты қабылдау
және өз үйлерінде емдеуге арналған көптеген емдік – сауықтыру мекемелер
жүйесі құрылды. Емдеу мекемелері негізгі екі түрге бөлінеді: амбулаториялық
және стационарлық типтегі мекемелер.
Мекемелердің амбулаториялық түріне жататыны:
• Емхана
• Амбулатория
• Мед сан бөлім
• Емдік пункттер
• ФАП (фельдшерлік-акушерлік пункт)
• Диспансер
• Әйелдер консультациясы
• Жедел жәрдем станциясы
Стационарлық типтік емдеу мекемелеріне жататыны:
• Аурухана
• Клиника
• Госпиталь
• Санатория мен курорттар
• Мед сан бөлім
• Хоспис
Амбулатория деп халыққа медициналық көмекті мекемеде де, науқастың үйінде
де көрсететін медициналық мекемені айтамыз. Емханадан амбулаторияның
айырмашылығы ондағы қызметкерлердің саны аз және жүргізілетін тексерудің
көлемі аз. Амбулатория аудандық емханаларға қарасты болады. Амбулаториялық
дәрігерлер ФАПтың жұмысын бақылайды. Амбулатория ауруларды емдейді,
тексереді, алдын алу жұмыстарын жүргізеді, науқастарға үйінде де ем
жүргізіледі. Амбулаториядағы фельдшер мен акушерка медбике дәрігерге
қабылдау кезінде көмек көрсетеді.
Емхана деп өздігінен жұмыс жасайтын немесе аурухана қарамағында жұмыс
істейтін емдеу және алдын алу мекемесін айтамыз. Емханада лабораториялық
және диагностикалық кабинеттер бар. Емханада барлық мамандық бойынша
дәрігерлік қабылдаулар жүргізіледі. Емханада лабораториялық,
рентгенологиялық және функциональды тексеру тәсілдері орындалады. Егу
бөлмелерінде емдік процедуралар жасалады. Емханаларда диспансерлік тізімге
науқастарды алып, оларға сауықтыру шаралары өткізіледі. Емханада
амбулаториялық карталармен жұмыс жүргізіледі. Олар тіркеу бөлімінде
сақталады.
Диспансерлер бұл мекемелерде бірдей аурулармен (туберкулез,
онкологиялық, тері-венерологиялық диспансерлер т.б.) ауыратын адамдар
емделеді. Емдеу мен алдын алу жұмыстарынан басқа диспансерде патронаж
жұмыстары да жүргізіледі.
Әйелдер консультациясы бұл гинекологиялық аурулар мен жүкті әйелдерді
қадағалау мен емдеу жүргізетін емдеу және алдын алу мекемесі. Бұл мекемеде
акушерка дәрігерге көмекші ретінде қызмет етеді. Жүкті әйелдерді патронаж
жасап қадағалайды. Олармен ағарту жұмысын жүргізеді. Жаңа туылған
нәрестені күту ережелерін және жеке бас гигиенасын үйретеді.
Жедел жәрдем станциясы бұл халыққа жедел түрде қажетті көмек көрсететін
мекеме. Стационарда фельдшер бригада жұмысын басқаруы мүмкін. Ол науқасқа
үйінде жедел түрде көмек көрсетеді. Кейде науқасты ауруханаға жеткізеді.
Қиын жағдайларда арнаулы медициналық көмек көрсетуге тасымалдауға
көмектеседі. Жедел жәрдем станциялары жолда жедел көмек және реанимация
шараларын көрсету үшін арнаулы аспаптармен, көліктермен жабдықталады.
Аурухана кез келген уақытта емдеуді және күтімді талап ететін науқастарға
арналған емдеу мекемесі. Аурухана қабылдау бөлімінен емдеу бөлімшелерінен
және шаруашылық бөлімінен тұрады.
Госпиталь- әскери адамдар мен мүгедектерді емдеу үшін арналған мекеме.
Клиника – науқастарды емдеумен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарын және
студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерді оқыту ісі
жүргізілетін ауруханалық мекеме.
Санаторийлер мен курорттар (шипажай) климаты ыңғайлы минералды суы бар
және емдік балшықтары бар жерлерге орналастырылады. Бұл жерлерде емдеу
процедураларымен қатар түрлі физиопроцедуралар жүргізіледі.
Хоспис- ауыр жағдайдағы науқастарға медициналық-психологиялық паллиативты
көмек көрсететін мекеме. Әсіресе онкологиялық аурулармен ауыратын науқастар
өмірінің соңғы күндерінде өмірін ұзартуға, өмір сапасын көтеруге көмек
береді.
Ауруханадағы орта медицина қызметкерлердің көпшілігін
мейірбикелер алады. Олардың негізгі бағыттары:
• Емдеу диагностикалық жұмыс: дәрігерлік шолуға қатысу, дененің қызуын,
қан қысымын өлшеу, ауыр науқастардың тамыр соғуын, сырқаттың жалпы
күйін және ағзаның физиологиялық қызмет атқаруын, қажет болғанда
дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету, дәрі тарату және оны
қабылдауын қадағалау, лабораториялық зерттеуге арналған материалдарды
алу, түрлі манипуляцияларды жасау мен дәрі құю.
• Сырқат күтімі: киіндіріп шешіндіру, ішкі киімдерін ауыстыру, ауыз
қуысын, терісін күту, ойылған жерлеріне алдын алу шараларын жүргізу,
ауру науқастарды шомылдыру, тамақтандыру т.б.
• Дайындық жұмысы: медициналық аспаптарды жуу және зарарсыздандыру, дәрі-
дәрмектерді, жұмыс орнын дайындау.
• Құжаттармен жұмыс: дәрігерлік белгілеулер қағазын жүргізу:
лабораториялық аспаптармен зерттеуге, қан алу және кеңес беруге
жолдама жазу, дәрігерлік шолуға дейін ауру тарихын дайындау,
ауруханадан шығу қағазын толтырып беру.
• Әрбір диспансер мейірбикесі сырқат есебін жүргізеді: алдын алу
шаралардың дер кезінде жүргізілуін қадағалайды, сырқаттың дәрігер
қабылдауына келуін ұйымдастырады, патронажды жұмыс атқарады, үйлерінде
үнемі санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізеді.
• Мейірбике барлық дәрігерлік тағайындауларды (оңқа, қыша қағазы,
қыздыратын компресс, сүлік қою) орындайды.
• Амбулаториялар мен емханалардың мейірбикелері жұмыс бөлмесін
дайындайды, жұмыс үстелінің жағдайын тексереді, дәрігер қабылдауын
бастамас бұрын 15 минут ерте келуі тиіс.
• Қабылдау кезінде дәрігерге көмек: дәрігердің айтуымен рецепттер жазу,
сырқатқа қанды, нәжісті, зәрді қалай жинап, қайда тапсыру керек
екендігін және басқа зерттеулерді, дәріні қалай ішу керек екенін
немесе ішек қарын т.б. рентгендік зерттеуге қалай дайындау керек
екендігін түсіндіреді.
• Диспансерлік есепте тұрған сырқат құжаттарын тәртіпке келтіру және
олардың дәрігерге уақытылы келуін қадағалау.
• Мейірбике үнемі цехтарда басқа да жұмыс істейтін жерлерде еңбек
шарттарын және қауіпсіздік техникасын сақталуын бақылайды, өндірісте
зақымдануды болдырмау үшін алдын алу жүргізеді. Дәрігерге дейінгі
жәрдем көрсетеді, медициналық құжаттарды толтырады.
2.Емдеу сауықтыру ұйымдарындағы санитарлық - эпидемияға қарсы тәртіп
Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп дегеніміз ауруханаішілік
инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған санитарлық алдын алу және
эпидемияға қарсы іс шаралар жиынтығы. Емдеу сауықтыру мекемесінің
санитарлық эпидемияға қарсы тәртібі оның бағытына қарай анықталады.
ЕПҰ-дағы мейірбике қызмет міндеттерінің ең негізгі бағыты
санитарлы – эпидемияға қарсы шараларды қамтамасыз ету және орындау.
ЕПҰ санитарлық эпидемияға қарсы тәртіп оның профилімен қамтамасыз
етіледі. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіптің негізгі талаптары ҚР ДСМ
инструкцияларымен, бұйрықтарымен қамтамасыз етіледі:
• ҚР заңы Тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық саулығы тура
лы 4. 12. 02. № 361. 11-30 к.
• Сан Норма мен Ереже № 3.01.083.02. ұйымдардың және ана мен баланың
ауруханалық қорғау ұйымдастыруы және құрамына талаптар.
• Сан Норма мен Ереже № 8.01.013.03 от 31.01.03 ж. Медициналық құрал-
саймандардың залалсыздандыру және зарарсыздандыру сапасына санитарлық
гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптары.
• ҚР ДС бұйрығы № 661.26.10 ҚР Вирусты гепатиттердің ауруханадағы
алдын алу шаралары.
• ҚР ДС Министрлігінің № 476.11.10.1999 ж бұйрығы Аурухана ішіндегі
инфекцияларға инфекциялық бақылауды ұйымдастыру.
• ҚР ДС Министрлігінің № 462.17.09.97 ж бұйрығы Бөртпе сүзек және Брилл
ауруы ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және орындау.
• ҚР ДС Министрлігінің № 49.19.01.04 ж бұйрығы ҚР Қышыма ауруын
анықтау және емдеу шараларын жетілдіру.
• ҚР № 445.23.11.94 ж бұйрығы ЖИТС ауруын алдын алу.
• ҚР № 471. 18.05.01 ж бұйрығы Туберкулезбен күресті күшейту
шараларымен жағдайлар
• ҚР № 720.31. 07.78 ж бұйрығы Іріңді хирургиялық аурулары бар
науқастарға медициналық көмекті жақсарту және аурухана ішіндегі
инфекциямен күрес іс шараларын күшейту.
• №.528.15.10.1977ж бұйрық Сіреспе ауруымен күрес шараларын
жетілдіру.
• ҚР № 148. 26. 05.1992 ж бұйрығы Зарарсыздандыру ісінің алдын
дамуының іс әрекеттері.
• ҚР № 224. 3.11.05 ж бұйрығы Залалсыздандыру ісін күшейту.
• ҚР №533. 07.06.2008 ж бұйрығы Медициналық қалдықтарды жинауға
зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және көмуге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы жалпы ережелерді әрбір
медицина қызметкерлері білуі тиіс.
Санитарлық - алдын алу іс шаралардың жиынтығын ұйымдастыру мен
жүзеге асыру жауапкершілігі емдеу сауықтыру ұйымының бас дәрігеріне, бас
мейірбикесіне және емдеу бөлімдерінің аға мейірбикелеріне жүктеледі.
Санитарлық эпидемиологиялық тәртіп шаралар жинағына кіреді:
1. Аурухана жайларының орналасуы, қалдықтарды жинау және санитарлық
ережелерін орындау Сан Норма мен Ережелер бойынша жүргізіледі.
2. Инфекция ошағында (ауруханада) зарарсыздандыруды жүргізу.
3. Медициналық құрал-саймандарды залалсыздандыруды жүргізу.
4. Асептика және антисептика талаптарын орындалуын қатаң сақтау және
бақылау.
Аурухана қала жанындағы аймақта орналасуы қажет. Темір жол мен
автокөлік жолдарынан тыс жерде болуы керек. Аурухана территориясы
көгертілген және жақсы жабдықталған болуы қажет. Қоқысты және тұрмыстық
қалдықтарды шығару күнделікті жасау міндетті. Оларды арнайы бөлінген жерде
жинап отырады.
Тері-мерез ауруханасы, онкологиялық, хирургиялық соның ішінде акушер
гинекологиялық бөлімшелерде қалдықтарды жабық ыдыста шығарылып, арнайы
бөлінген жерлерде жағылып, жойылуы керек.
Науқастар палатасында, дәрігерлер бөлмесінде, егу бөлмесінде, таңу
бөлмесінде, операция жасайтын бөлмеде, әйелдердің босану бөлмесінде,
мейірбике постында, нәрестелер палатасында қол жуғыш болуы керек. Онда
барлық уақытта ыстық, жылы су болуы қажет. Палаталарда әр кереуеттің
жанында тумбочкалар, орындықтар болу керек. Бөлме ылғалдылығы 55-60%
болуы міндетті. Терезе форточкалары арқылы күнде желдету жасалып тұру
керек. Күн сәулесі науқас бетіне тіке түспеу керек, науқасқа ыңғайлы болуы
қажет. Палатада қысқы уақытта t 20˚С төмен болмауы керек, ал жазда t 23-
24˚С аспауы қажет. Палаталардың санитарлық жағдайын мейірбике қадағалайды.
Палатаны ылғалды жинау күніне 2 реттен кем өткізбеу керек. Ол кезде жуу
ерітінділерін және зарарсыздандыру ерітінділерін қолданып отыру керек.
Аурухана жайларында құрт құмырсқалар пайда болған жағдайда олар жойылады.
Оны дезинсекция деп атаймыз. Кеміргіштерді жоюды дератизация деп атаймыз.
Сонымен ауруханадағы жайларда қажет санитарлық жағдайды сақтау медицина
қызметкерлермен, науқастардың жеке басының тазалығын сақтау арқылы
қамтамасыз етіледі.
Науқастың төсеніштерін ауыстыру, сақтау
ЕПҰ-ның соматикалық бөлімшелерінде науқастардың киімі мен төсеніштері
аптасына 1 рет ауыстырылады. Бөлінділермен ластанған төсеніштер мен
киімдер қажеттілігіне қарай, жиі ауыстырылуы керек. Бұл шараларды жүргізу
кезінде жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- биологиялық сұйықтықтар мен ластанған киім, төсеніштерді ауыстырғанда
қолғап кию қажет;
- төсеніштерді сілкілеуге болмайды (қоршаған орта ластануын болдырмау
мақсатында);
- лас киімдерді клеенкалы немесе полиэтилен қаптарға салу қажет;
- бөлімшеде лас киім, төсеніштерді ажыратуға болмайды;
- лас киімдерді, төсеніштерді еденге тастауға және басқа заттардың
(орындық, үстел т.б.) үстіне қоюға болмайды;
- лас киімдер бөлімшеде уақытша (12 сағатқа дейін) арнайы бөлмеде жабық
ыдыстарда (металл, пластмасса немесе дезинфекцияға жарайтын басқа
ыдыстарда) сақталады;
- лас киіммен жұмыс істейтін персонал санитарлы киіммен қамтамасыз етілуі
керек;
- таза және лас киімдерді бір ыдыста тасымалдауға болмайды;
Бөлмелер мен құрал-жабдықтардың деконтаминациясы
Деконтаминация - зарарсыздандыру және қорғау мақсатында микроағзаларды
кетіру немесе жою процесі. Ол ауруханаішілік инфекциялардың алдын алуда
маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Оған тазалау, дезинфекция және
залалсыздау жатады.
Қоршаған орта мен құрал-жабдықтардың ластану қауіпі деңгейіне қарай
деконтаминацияның әртүрлі деңгейлері ажыратылады.
Қауіптің төмен деңгейіне - қалыпты тері мен байланыста болған заттар
немесе науқаспен тікелей жанаспайтын заттар (қабырғалар, еден, жиһаздар)
жатады. Контаминация үшін оларды тазалау жеткілікті.
Қауіптің орташа деңгейі - теріде, ағзаның басқа стерильді аймақтарында
инвазивты процедуралар үшін қолданылмайтын, бірақ шырышты қабықтар немесе
басқа жерлермен жанасатын вирулентті микроағзалармен немесе қатынас жолмен
жұғатын микроағзалармен зарарланған құрал-жабдықтар (гастроэнтерологиялық,
гинекологиялық жабдықтар, термометрлер т.б.). Контаминация үшін оларды
тазалау, соңынан дезинфекциялау қажет.
Қауіптің жоғары деңгейі - инвазивты процедураларда қолданылатын құрал-
жабдықтар. Контаминация үшін оларды тазалау, дезинфекциялау, залалсыздау
қажет.
АІИ алдын алу үшін ЕПҰ-да келесі іс-шаралар кешені жүргізіледі:
1. Санитарлы-гигиеналық режим сақталады.
2. Науқастарды стационарға қабылдау тәртібі (науқастарды педикулезге қарау
және педикулез анықталған жағдайда тазалау, дене қызуын анықтау, мұрын
мен жұтқыншақтан стафилококкты анықтау мақсатында жағынды алу)
сақталады.
3. Тазалауға қажет құрал-жабдықтарды, заттарды тазалау, қолдану және
дезинфекциялауды денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтары және Сан
Норма мен Ережелеріне сай жүргізіледі.
4. Жұмыс киімдерін сақтау тәртіптері сақталады.
5. Бөлімшеде пациенттерді санитарлы өңдеу мен киім-төсеніштерін ауыстыру
аптасына бір рет және қажеттілігіне қарай ауыстырылады.
6. Лас киімдерді, төсеніштерді және науқастың жеке киімдерін сақтау
тәртіптері сақталады.
7. Медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау, залалсыздау алдындағы
тазалау және залалсыздау ҚР ДС министрлігінің бұйрықтарына сәйкес
жүргізіледі.
8. Жұқпалы ауруларға күдік болған науқастарды (ішек жұқпасына, іш сүзегі,
күл ауруына, вирусты гепатиттерге күдіктену) анықтау, қатынаста болған
науқастарды бақылау мерзімдері сақталады.
9. Тамақтану тәртібі: тамақты тарату бөлмесі, буфеттің жабдықталуы, дайын
тамақты тарату уақыты, тамақ қалдықтарын жинау және жою тәртібі, ыдыс-
аяқтарды өңдеу, жинау заттарын өңдеу және сақтау тәртібі, әкелген
тамақты сақтау ережелері сақталады.
10. Карантинды және аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда
бөлімшелерде жедел көмек көрсету, аса қауіпті инфекциялар кезіндегі
арнайы хабарлау схемасы көрсетілген жаднамалар дайындалған.
11. ЕПҰ-да қалдықтарды жинау, сақтау, жою ережелері сақталады.
Мейірбикенің жалпы жұмыс орнындағы қауіпсіздіктің жалпы шаралары
Мейірбике міндеттері:
1. Қолды жуу деңгейлерін сақтау.
2. Биологиялық сұйықтықтармен, сонымен қатар қанмен жұмыс істегенде
қолғап кию.
3. Қолғапты шешкеннен кейін тез арада қолды жуу.
4. Төгілген немесе шашылған зарарлы материалды тез арада жинау.
5. Қолданылған құрал-саймандарды, күтім заттарын, таңу материалдарын
нормативті құжаттарға сай тез арада зарарсыздандыру.
АІИ-да дезинфекция жүргізу схемасы
1. Науқасты уақытша оқшаулау, жұқпалы аурулар бөлімшесіне немесе
изоляторға (жұқпалы ауру түріне қарай) ауыстыру.
2. Қажет концентрациядағы дезинфекциялық ерітінділерді дайындау.
3. Өңдеуге арналған маркерленген инвентарді дайындау.
4. Тамақ қалдықтарын, ыдыстарды зарарсыздандыру.
5. Заттарды камералы дезинфекция үшін клеенка қапқа салу.
6. Бөлме жиһаздарын дезинфекциялау үшін бөлме ортасына жинау.
7. Жылу құбырларын, плинтус, қабырға, терезе, есіктерді дезинфекциялық
ерітіндіге батырылған шүберекпен сүрту.
8. Қалдықтарды жинап өртеу немесе зарарсыздандыру.
9. Қабырға және жиһаздарды өңдегеннен кейін дезинфекциялық ерітіндімен
еден қайта өңделеді.
10. Арнайы киімді камералы дезинфекциялау үшін клеенка қапқа салу.
Емдеу бөлімшесіндегі емдеу сақтандыру тәртібі
Емдік сақтандыру тәртібі - емделушілердің физикалық және психикалық
тыныштығын сақтауға бағытталған емдік - сауықтыру шаралары. Оның негізінде
бөлімде науқастарға дұрыс ұйымдастырылған күтім, жағымды ауруханалық орта
жасау, жарақаттаушы факторларды жою, науқастың уақытын дұрыс ұйымдастыру
жатады.
Бұл тәртіп келесі шараларды қамтамасыз етеді:
1. Емделушінің психикасын сақтандыру тәртібін қамтамасыздандыру.
2. Ішкі күн тәртібі ережесін қатаң сақтау.
3. Рационалды физикалық белсенділік тәртібін қамтамасыз ету.
Бөлімшеде тыныштықты сақтау керек, акырын сөйлесу керек,
емделушілерге радио мен теледидарды қатты қоюға рұқсат берілмейді, кіші
медицина қызметкерлерінің бөлмелерді жинау барысында, күндізгі және кешкі
демалыс уақытындағы тыныштықты бұзбау керек. Емделушілерден бөлімшедегі күн
тәртібінің сақталуын талап ету керек.
Медицина қызметкерлердің негізгі қағидасы медициналық этика мен
деонтологияны сақтау болып табылады. Емделушіге айтқан сөздің оның
денсаулығының жақсаруының үмітін тудыратынын әрқашан да естен шығармау
керек. Емдеу мекемелерінде қозғалыс белсенділігінің 4 тәртібі қолданылады:
1. Қатаң төсек тәртібі - бастапқыда қатты ауырып түскен емделушілерге
тағайындалады. Бұл емделушілерге күтудің толық іс-шаралары жүргізілуі
керек.
2. Төсек тәртібі - біршама қозғалыс белсенділігімен сипатталады, бұрылуға,
белгілі бір уақытта аяқты түсіріп, төсектің шетіне отыруға рұқсат
беріледі.
3. Палаталық тәртіп - төсек жанындағы орындыққа отыруға, тұруға және
белгілі бір уақытта палатаның ішінде жүруге рұқсат етіледі. Емделушіні
палатаның ішінде тамақтандыру, дәрет алу, жуу шаралары жүргізіледі.
4. Жалпы тәртіп - дәліздің ішінде еркін жүруге, баспалдақпен көтерілуге,
аурухананың ауласында демалуға рұқсат беріледі. Емделушілер өздеріне жеке
қызмет жасайды.
Емделушілердің қозғалыс белсенділігінің тәртібін бұзуы емделушінің өзіне
қатты зиян тигізуі мүмкін, тіпті өлімге дейін апарады.
Асептика және антисептика
Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің
алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және
залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге
асады.
Антисептика дегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар
жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.
Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу
мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында
қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық
ерітіндімен сүртуі т.б.).
Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық,
химиялық, биологиялық және аралас.
Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған
қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және
тазалау жатады.
Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз
жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға
түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып
жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.
Химиялық антисептика: микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды
қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті,
хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы,
фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.
Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды
қолдану.
Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте
қолдану.
Қан арқылы берілетін инфекциялардың жұқтыру қауіпі:
ЕПҰ-да 20-дан астам патогендерді микробтарды жұқтыру мүмкін.
• Зарарланған инемен жарақаттардың жұғу мүмкіндігі:
-Гепатит В : 5-30%
-гепатит С : 3-10%
-ЖҚТБ : 0,2-0,3%
Нұсқалары
• пациент → пациент
• медицина қызметкері → пациент
• пациент→ медицина қызметкері
Кейбір медициналық апатты жағдайларда ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпі:
- қанмен ластанған құрал-саймандармен жарақаттану;
- қанның шырышты қабықтарға түсуі;
- қанның теріге түсуі;
Дүниежүзі бойынша ЖҚТБ-ны кәсіби жұқтыру 350-ге жақын медициналық
қызметкерлерде анықталған. Олардың ішінде 106-ы дәлелденген, 238 жағдайда
ЖҚТБ жұқтыру себебі болып кәсіби қатынас деп болжанып отыр.
Вирусты гепатит В, С жөнінде бірнеше он мыңдаған жағдайлар анықталған.
Медицина қызметкерлерде В және С вирусты гепатиттерінің серологиялық
маркерлерінің таралуы жалпы халық арасында таралудан 3 есе жиі байқалады.
Емделушілердің шалдығуы
• Инфекция жұққан құралдарды (шприцтер, инелер, скальпельдер және т.б)
залалсыздандырылмай және зарарсыздамай қолдану арқылы.
• АИТВ инфекциясы бар қанды құйған кезде;
Кәсіби жұқтыру қауіпі жиі байқалады:
- Науқас төсегінің қасында инвазивты манипуляциялар орындайтын
мейірбикелер, операциялық мейірбикелер, егу бөлмесінің мейірбикелері;
- дәрігерлер (лаборанттар, жедел жәрдем дәрігерлері), хирургтар, акушер-
гинекологтар, патологоанатомдар.
- көк тамырдан қан алғанда;
- көк тамырға инъекция жасағанда, тамшылатып жібергенде;
- ЖҚТБ вирусымен контаминацияланған сұйықтықтарды шприцтен пробиркаға
жібергенде;
- жұмыс орнын жинағанда.
Алдын алудың стандартты шаралары:
1. Барлық науқастардың қаны мен биологиялық сұйықтықтары потенциалды
қауіпті болып есептеледі.
2. Биологиялық сұйықтықтармен қатынас кезінде жеке қорғаныс заттарын
қолдану қажет.
3. Кез-келген биологиялық сұйықтықпен байланыстан соң қолды жуу қажет.
4. Үшкір құрал-саймандармен жарақаттануды болдырмаудың шараларын
сақтау.
ЖҚТБ-ны жұқтыру қауіпіне байланысты факторлар:
- пациенттің ВИЧ-статусы, аурудың кезеңі, пациенттің ретровирустарға
қарсы ем алуы;
- құрал-саймандардың зарарлы материалмен контаминация деңгейі;
- жарақаттануға алып келген құрал-сайман түрі;
- медицина қызметкерлерінің жарақаттануында тері жамылғылары мен кілегей
қабықтар бүтіндігінің бұзылу деңгейі;
- жарақатты өңдеу;
- жарақаттан соң антиретровирусты препараттармен химиопро-филактиканы
жүргізу уақыты.
Жеке қорғаныс заттары:
- резеңке және латекс қолғаптары;
- бетперде, көзәйнек;
- халат, алжапқыш;
- жабық аяқ-киім.
ЕПҰ-дағы АИТВ инфекциясының алдын алудағы жан-жақты шаралар
І. Иненің енген жерін және кескен жерін ағынды сумен жуу, содан кейін
70% спиртпен сүрту.
ІІ. Егер қан, басқа да сұйықтықтар пациенттен кілегей қабыққа түсетін
болса, онда жуу керек:
• көзді 1% -бор қышқылы ерітіндісімен;
• мұрынды 2% проторгол ерітіндісімен;
• ауыз қуысын калий перманганаты ерітіндісімен 1:1000
Жарақат алған кезде 12 сағат ішінде ЕПҰ-жеткізу керек. Жарақат алған
науқас 6-12 айға дейін дәрігер бақылауында болады және дәрігерлік алдын алу
емін міндетті түрде қабылдауы қажет.
Еңбектің қауіпсіздігін ұйымдастыру
- ыңғайлы және қорғаныс құрылғылары бар медициналық құрал-жабдықтарды
пайдалану;
- қауіпті медициналық құрал-саймандарды қолданудан қашу, егер оларды
қауіпсіз және тиімді құрал-сайманға ауыстыруға мүмкіндік болса;
- қолданғаннан кейін шприц инесіне қақпағын кигізбей, арнайы
контейнерлерге тастау;
- қолданылған инелерді арнайы контейнерлерде сақтау және тасымалдау.
Өткір, ұшты заттарды беру ережелері:
- құрал-саймандарды қолдан қолға бермеу;
- қоямын, аламын деп айту.
Жарақаттануды болдырмау мақсатында инженерлік қорғаныстары бар қауіпсіз
құрал –саймандар:
- СР шприцтер ретракционды инелерімен;
- Скальпель қорғаныс қақпағымен;
- Инелерді сақтауға арналған арнайы контейнер;
- Қанды алуға арналған вакуумды пробиркалар;
Пациенттің қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтары арқылы жұғатын
вирусты және бактериалды инфекцияны жұқтыру қауіпі жағдайларындағы
мейірбике жұмысының ерекшеліктері
Манипуляцияны орындау кезінде биологиялық субстраттар мейірбикенің
терісіне, көздің шырышты қабығына, мұрынның шырышты қабығына, бет терісіне,
киіміне түскен кезде апат жағдайдағы қобдиша қолданылады.
Апат жағдайдағы қобдиша
Қобдиша құрамына кіреді:
1. Крафт пакеттегі таңу материалы, стерильді мақта тампондары,
турундалар.
2. Крафт пакеттегі тамызғыштар - 4 дана.
3. Ерітінділер үшін стерильді ыдыс - 3 дана.
4. Ундинка (көз жууға арналған стакан)- стерильді 2 дана.
5. 70% этил спирті – 100мл.
6. 5% йод -10 мл.
7. 0,05% калий перманганаты- 10мл
8. 1% проторгол
9. 6% сүтегінің асқын тотығы- 100мл
10. Резеңке саусаққап-2-3 дана
11. Бактерицидты лейкопластырь-2-3 дана
12. Қайшы
Манипуляцияны орындаған соң мейірбике міндетті түрде орындауы қажет:
1. Құрал-жабдықтар және таңу материалдарын дезинфекциялау (көрсетілген
дезинфекциялық ерітінділердің біреуімен):
- 3% хлораминде -60 минут;
- 1,5% гипохлорид кальций -60 минут:
- 4% сутегінің асқын тотығы -20 минут.
2. Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау,
дайындау және залалсыздандыру.
3. Манипуляциядан соң жұмыс үстелін 3% хлорамин ерітіндісімен (2 рет)
немесе басқа ұсынылған ерітіндімен өңдеу.
4. Дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыста қолды жуғаннан соң, резеңке
қолғаптарды шешу.
5. Резеңке қолғаптарды дезерітіндіге салып қою.
6. Халат, бет пердені шешіп, лас киімге арналған резеңке қапқа салу.
7. Қолды ағып тұрған судың астында сабынмен (2 рет) жуу, құрғату.
Ескерту: Жұмыс үстелі манипуляция кезінде қанмен ластанса 6% сүтегінің
асқын тотығы ерітіндісі және 0,5% жуушы ерітіндіге малынған шүберекпен (2
рет – арасы 15 минуттан) өңдеу қажет.
Жұмыс аяқталғаннан соң жұмыс үстелі 2 рет 3% хлораминмен өңделеді,
шүберек 3% хлораминге 60 минутқа салып қойылады.
Науқастың қаны мен басқа биологиялық сұйықтықтардың мейірбикенің киімі
мен терісіне түсуі
Мейірбикенің іс- әрекеттері:
1. Ластанған киімді аударып шешу.
2. Киімді 1 сағатқа 3% хлорамин ерітіндісіне салып қою.
3. 3% хлораминге малынған салфетканы киімнің ластанған жеріне 60 минутқа
қою, соңынан ыстық суда жуу.
4. 70% этил спиртіне малынған мақта тампонымен теріні биологиялық
сұйықтық қалдықтарынан тазалау.
5. Мақта тампонын контейнерге тастау.
6. Теріні сабынмен жуу.
7. Антисептикалық ерітіндіге малынған тампонмен теріні биологиялық
сұйықтық қалдықтарынан тазалауды қайталау.
8. Тампонды арнайы ыдысқа тастау.
Ескерту: қолданылған тампондар 3% хлорамин ерітіндісі бар ыдысқа 60
минутқа салынады. Киімді зарарсыздағаннан соң клеенкалы қапқа салынып,
жууға жіберіледі.
Пациенттің биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі
Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді 2 астауша, корнцанг.
1. Қобдишадан крафт пакеттегі тамызғышты, таңу материалдарын және
ундинканы алып астаушаға салу.
2. Қобдишадан 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу, ундинкаға
құйып, көзді жуу.
3. Басты алға бүгіп, ундинканы бетке жанастырып, көзді бірнеше рет
ашып-жұму арқылы жуу.
4. Ундинканы алып тастау, көзді стерильді салфеткамен көздің сыртқы
бұрышынан ішкі бұрышына қарай жуу.
Пациенттің биологиялық субстраттарының мейірбикенің бет терісі мен ерніне
түсуі
Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апатты
жағдайдағы қобдиша..
1. Қобдишадан крафт пакеттегі таңу материалдарын алып астаушаға салу.
2. Қобдишадан 70% спирт және 0,05% калий перманганат ерітіндісін алу.
3. Мақта тампонымен спирт немесе калий перманганатқа малып бет терісі мен
еріндегі биологиялық субстраттарды тазалау, мақта тампонын 2-ші
астаушаға тастау.
4. Мақта тампонымен өңдеуді қайталау.
5. Ауыз қуысын 70% спирт немесе 0,05% калий перманганат ерітіндісімен
шаю.
Ескерту: қолданылған тампондарды 3% хлорамин ерітіндісімен 60 минут
дезинфекциялау қажет.
Биологиялық субстраттардың мейірбике мұрынының кілегей қабығына түсуі
Дайындау қажет: 2 стерильді астауша, стерильді корнцанг, апат жағдайлардағы
қобдиша.
Крафт пакеттегі тамызғыш және таңу материалдарын алып астаушаға салу.
1. Қобдишадан 1% проторгол ерітіндісін алу.
2. Астаушаны қолға ұстап тұру, тамызғышпен проторголды мұрынға тамыздыру
қажет. Басты төмен түсіру (тамшылар астаушаға ағады).
3. Проторголды қайталап тамыздыру, басты төмен түсіру.
4. Стерильді мақта шаригімен мұрынды сүрту.
Ескерту: қолданылған астауша 3% хлораминмен 60 минут дезинфекцияланады.
Зарарлы болу қауіпі бар құрал-сайманмен саусақтарды жарақаттау
Дайындау қажет: апатты жағдайдағы қобдиша, стерильді бикс, 2 астауша,
стерильді корнцанг.
1. Қолғапты шешпей, жарақаттанған жерден қанды сығып шығару, қолғапты
шешу, 3% хлорамин ерітіндісіне тастау.
2. Қобдишадан крафт пакет ішіндегі таңу материалдарын алып астаушаға
салу.
3. Қобдишадан 70% этил спирті, 5% йод ерітіндісін алу.
4. Жарақатты 70% спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу,
шарикті астаушаға тастау.
5. Қанды тоқтатпай, қолды сабынмен жуу.
6. Жарақатты стерильді мақта шаригімен құрғату, шарикті астушаға тастау.
7. Жарақатты 70% спиртпен қайталап өңдеу, содан соң 5% йод ерітіндісімен
өңдеп, қолданылған материалдарды астаушаға тастау.
8. Жарақатқа бактерицидты пластырьді жабыстыру.
9. Резеңке саусаққапты киіп, үстінен қолғапты кию.
Дезинфекция: түрлері, әдістері. Қолданылатын заттар
Дезинфекция
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың
қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті
түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық
заттармен жоюға болады.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу сауықтыру мекемелерінің палаталарынан
сыртқы ортаның объектілерінен инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын кетіру
және жою.
Зарарсыздандырудың екі түрі бар: алдын - алу және ошақты.
Алдын - алу (профилактикалық) зарарсыздандыру емдеу сауықтыру мекемесінде
АІИ алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру инфекция ошағын алғашқы 6-12 сағат ішінде
қоздырғыштардан тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның үш түрге бөлінеді: күнделікті, қорытынды, соңғы.
Күнделікті –үйде немесе емдеу сауықтыру мекемелерінде бірнеше рет
ылғалды зарарсыздандыру ерітіндісімен жууды айтамыз. Эпидемиялық ошақта
күніне бір рет жасалынып отырады. Мысалы: палатада күніне 2 рет,
процедуралық бөлмеде 3 рет, асханада әр тамақтан кейін, әжетханада
ластанған сайын, манипуляциялық бөлмеде әр бір манипуляциядан кейін
зарарсыздандыру жүргізіліп отырады.
Қорытынды – науқас емделіп жақсы болып ауруханадан шыққан соң, науқасты
бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан
соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты
инфекциядан толық бір жолата тазарту. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-
6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу
керек.
1. науқасты ауруханаға жатқызғанда үйінде жасау керек;
2. науқас жазылып шыққаннан кейін аурухана палатасына жасау керек;
3. науқас басқа бөлімшеге ауыстырылғанда палатаға жасалуы керек;
4. науқас қайтыс болғанда үйінде немесе палатада жасалуы керек.
Соңғы – терапия бағыттағы бөлімшелерде айына бір рет, ал хирургиялық
бағыттағы бөлімдерде және байлап таңу бөлмесінде, босану залдарында, жаңа
туылған балалар, шала туылған балалар, операция бөлімшесінде аптасына бір
рет жалпы жинастыру жүргізіледі. Мейірбике орамалды байлап, халат немесе
алжапқышты кию керек. Бөлмеде барлық заттарды ортаға жинап, есік,
терезелерді, қабырғаларды 2% сабын ұнтағы, содалы ерітіндімен жуу қажет. Ол
үшін 200гр сабын, 200гр кальциленген сода, 9 л 600мл су. Таза сумен шаямыз
1% гипохлорид ерітіндісіне шүберекті малып алып, әрбір затты сүртеміз,
заттарды орнына қоямыз. Ультракүлгін сәулесін 2 сағат қоямыз. 2 сағаттан
соң сөндіріп 30 минуттан соң жұмысқа кірісеміз.
Зарарсыздандырудың әдістері: механикалық, физикалық, химиялық, аралас.
Механикалық – жуу, шансорғышпен өңдеу, желдету, кір жуу, ылғалды жинау,
қолды жуу.
Физикалық - қайнату, ыстық құрғақ ауа, сулы бумен әсер, ультракүлгін
сәулемен әсер ету т.б.
Физикалық әдіске жататындары:
• күн сәулесін қолдану;
• ультракүлгін сәулелерді қолдану;
• қалдықтарды өртеу;
• қайнату, пастеризация (6-7 күн аралығында 60˚С температурада бірнеше
рет пастерилизациялау, экспозия – 1 сағат);
• дистелденген суда қайнату – 30 минут, ас содасы қосылған жағдайда 15
минут қайнату. Қайтадан заттарды органикалық қалдықтардан тазалау
қажет. Тазалау жеке ыдыста эпидемияға қарсы шараларды сақтаған
жағдайда жүргізіледі, ағынды суды зарарсыздап, канализацияға
құйылады.
• Зарарсыздаудың ауалы әдісі (ыстық ауалы шкафта 120˚С температурада,
45 минут). Бұл әдіспен шыныдан, металл, резина, латекстен,
термотөзімді полимерлі металдардан жасалған заттар органикалық
заттармен ластанбаған жағдайда зарарсызданады;
• Булы әдіс – жоғарыда көрсетілген заттар алдын ала тазартуды қажет
етпеген жағдайда қолданылады. Зарарсызаушы агент: 0,5 атм қысымды
су буы. Зарарсыздау режимі: 110˚С температурада, экспозия- 20 мин,
стерилизациялық ыдыстарда – бикстерде және дезкамера, автоклавта
сирек қолданылады.
Физикалық әдіс – қызметкерле үшін зиянды, бірақ өте сенімді әдіс.
Химиялық әдіс - химиялық заттарды қолдану (сутегінің асқын тотығы,
формалин, септокол, лизоформин, эрасан, гипохлорид кальций. ЕПҰ-да
зарарсыздаудың химиялық түрінің толық батыру әдісі жиі қолданылады.
Науқаспен қарым-қатынаста болмайтын заттар, оның бөліктері үшін дәке, бөз
шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге малып, 2 рет сүрту әдісі қолданылады.
ЕПҰ-да дезинфекция үшін тек ғана денсаулықсақтау министрлігі, сан-эпид
бақылаудың рұқсат етілген ерітінділері қолданылады. Сүрту үшін
дезинфекциялық ерітінділерді: сайдекс, формалин, глутарал, дезоксон-1 және
тағы басқа адам ағзасына жоғары токсикалық әсерінен қолдануға болмайды.
Зарарсыздандырудың химиялық әдісіне жататындары:
• суландыру;
• сүрту:
• толық батыру;
• шашырату.
Дезинфекцияның комбинацияланған (аралас) әдістері
Аралас әдіс - бірнеше тәсілдерді қосып пайдалану арқылы жүзеге
асырылады және арнайы зарарсыздаушы камераларда жүргізіледі.
Булы-ауалы 110˚С температурада ылғалды ауамен, 0,5 атм қысым,
экспозиция – 20 минут.
Параформалинді – 0,5 атм режимі, температура 90˚С, экспозия -30 минут
Камералы дезинфекцияда заттар ыстық ауамен белгілі температурада жоғары
қысыммен, кейде будың әсерін күшейту үшін қосымша формальдегидті (формалин)
камераға жіберу арқылы зарарсызданады.
Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы Препараттары
1. Құрамында галогені бар Құрамында хлоры бар: хлорамин Б,
қосылыстар хлоргексидин биглюконаты.
Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь
ерітіндісі, иодоповидон, йодинол,
йоданат, йодопирон
Тотықтырғыштар Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий
перманганаты
3. Ауыр металл тұздары Сынап: сынап дихлориді сулема,
сынаптың сары тотығы.
Күміс: күміс нитраты, проторгол,
колларгол.
Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,
Мыс: мыс сульфаты
Висмут: ксероформ, дерматол
4. Альдегидтер мен спирттер Формальдегид, гексаметилентетрамин
Этил спирті
5.Фенол мен оның Таза фенол карбол қышқылы, ихтиол
туындылары
6. Нитрофуран туындылары Фурациллин
7. Бояғыштар Бриллиантты жасыл, метилен көгі,
этакридин лактаты.
8. Қышқылдар мен сілтілер Қышқылдар : бор,салицил
Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9. Детергенттер Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
10. Табиғи препараттар Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да
препараттар: календуланың, жапон
сафо-расының, түймедақ гүлінің,
шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай,
сарымсақ, пияз және т.б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары:
эктерицид, лизоцим, бализ-2
ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда
жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады.
Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі
өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.
Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы
Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру
әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу
зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы,
саңырауқұлақтар) қолданылады.
Кальцийдің нейтралды гипохлориді – ерітіндісі шамалы лайланған, оны
дайындағаннан соң 30 минуттан кейін қолдануға болады.
Натрий гипохлориді – 0,5% жұмысты ерітіндісі 60 минут экспозициямен
вирусты инфекцияларда шыны, пластмасса, силиконды резинадан жасалынған
заттарды толық батыруда қолданылады. 0,25% ерітіндісі бактериалды
инфекцияда (туберкулезден басқа) 15 минут экспозициямен толық батыруда
қолданылады. Бөлмелерді зарарсыздандыру үшін 0,125% ерітіндісі жуушы
ерітінді құрамында қолданады.
Хлориксидин биглюконат – 20% мөлдір, иісі жоқ ерітінді. Хирургиялық құрал-
саймандарды, хирург, мейірбике, акушеркалардың қолдарын өңдеу үшін
қолданылады.
Сүтегінің асқын тотығы- 3-4% ерітінді 80-180 минут экспозициямен жуғыш
ерітінді құрамында құрал-саймандарды тазалау үшін қолданылады.
Деохлор таблеткалары таблетка түрінде шығарылады, әсер ететін заттар
ретінде натрий тұзды дихлоризоциануриялық қышқылдар және 1,5 г (44,2%)
белсенді хлор кіреді. Деохлор таблеткалары суда жақсы ериді. Сулы
ерітінділері түссіз және мөлдір, хлор иісі болады. Сақтау мерзімі
шығарылған күннен бастап 3 жылды құрайды. Дайындалған ерітіндінің сақтау
мерзімі 3 күннен артық болмауы керек. Деохлор таблеткалары ерітіндісі бөлме
ішіндегі заттардың үстін, санитарлық техникалық құралдарды, киімдерді,
ыдыстарды, ойыншықтарды, науқас күтіміне арналған заттарды дезинфекциялауға
арналған.
Зарарсыздандырушы заттардың жарамдылығын бақылау түрлері
1. Визуальды (көзбен) бақылау – дезинфекциялық станция қызметкері
(лаборант, дәрігер) жүргізеді.
2. Бактериологиялық бақылау – дезинфекциялық станция лаборанты жүргізеді
(құрал-саймандардан 1% мөлшерде жағынды алынады).
3. Химиялық бақылау – құрғақ зат және дезинфекциялық ерітінді сынамалары
алынып, дезинфекциялық лабораторияға жіберіледі.
Зарарсыздандыру шараларын өткізуге арналған заттар және ол заттарға
қойылатын талаптар:
Дезинфекциялық шараларды жүргізу үшін белгіленген рұқсат етілген заттар
(эмаль ыдыстар, пластмасса контейнерлері, стерилизаторлар) қолданылады.
1. ыдыстардың қақпағы болу керек;
2. ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дезинфекциялық ерітінді
концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы уақыты жазылады) .
3. қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т.б) қосымша
инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай зарарсыздандырылады
Зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану ережелері:
1. адамға зиянды болмау керек;
2. арзан болуы керек;
3. өткір иісті болмау керек;
4. жуу қасиеттері болу керек;
5. бұйымдардың бетін бүлдірмеу керек;
6. биологиялық заттардың қоспаларында белсенділігі жойылмауы керек;
7. аз уақытта микробтарды тез жою керек.
Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің
қорғану ережелері
1. Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс жасағанда медициналық
қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеуі қажет.
2. Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабықтарына тигенде
оларды ағынды судың астында жуу қажет;
3. Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің атауы, оның
концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп, белгіленуі керек.
4. Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары жетпейтін арнайы
бөлінген ғимараттарда (санитарлық бөлме) сақтау қажет.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды зарарасыздандыру тәсілдері:
Зарарсыздандырудың химиялық тәсілі 2 нұсқада берілген:
1) қанмен, науқастың кілегей қабаты мен және биологиялық сұйықтықтармен
қатынаспаған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
2) туберкулез инфекциясымен қатынасқан бұйымдарды зарарсыздандыру үшін;
Зарарсыздандыруды алжапқыш және биялай киіп жүргізу тиіс.
Зарарсыздандырудан соң бұйымдарды толығымен батыру әдісімен ағынды суда
зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі толық кеткенше жуу керек.
Зарарсыздандыру ерітіндісі тек бір рет қана қолданылуы тиіс.
Көп рет қолданылатын кұрал-жабдықтарды зарарсыздандыру тәртібі:
• зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 1 ыдыс
• зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдыс
• пинцет
• құрал-жабдықтар
Іс-әрекеттер:
1. зарарсыздандыру ерітіндісі бар №1 ыдыста құрал-жабдықтарды бірнеше рет
жуу керек, мақсаты қанның және дәрінің калдықтарынан тазалау.
2. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар № 2 ыдысқа 60 минутқа
жібітіп қоямыз.
3. құрал-жабдықтарды зарарсыздандыру ерітіндісінің иісі кеткенше ағынды
суда жуу керек, сонан соң көп рет қолданылатын құрал-жабдықтарды
залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізуге жібереміз.
Қолдарға қан тигенде жүргізілетін өңдеу.
Оларды 2 минут ішінде антисептикалық ерітінділер мен мол дымқылданған
тампонмен өңдеу керек.
А) 0,1 % дезоксон ерітіндісі
Б) 70 °С спиртке және 5 минуттан кейін ағынды сумен шаю.
Медициналық қалдық кластары. Медициналық қалдықтарды класына
байланысты жинау, зиянсыздандыру және сақтау ережелері
Медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға
және көмуге қойылатын санитарлық – эпидемиологиялық талаптар санитарлық –
эпидемиологиялық нормалары мен ережесі ҚР № 533 23. 07. 2010 бұйрығымен
бекітілген
Медициналық қалдықтарды жинауға зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға
және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар ережесі мен
нормалары
1. Жалпы ережелер
▪ медициналық қалдықтарды жинауға, зарарсыздандыруға, сақтауға,
тасымалдауға және көмуге қойылатын сан-эпид талаптар, сан-эпид
ережелер мен нормаларды меншік түріне қарамастан жеке және заңды
тұлғалардың орындауы міндетті.
▪ медициналық қалдықтарды көмуәрі қарай қолдануға жатпайтын, қоршаған
ортаға зиянды заттардың түсуін болдырмау мақсатында жіберілген және
оларды қайтып қолдану мүмкіндігін болдырмайтын, зарарсыздандырылған
медициналық қалдықтарды оқшаулау, зиянсыздандыру.
▪ медициналық қалдықтар - медициналық көмек көрсету және медициналық
қол әрекетін жүргізу үрдісі барысында түзілетін қалдықтар.
▪ медициналық қалдықтарды зарарсыздандыру-механикалық, физикалық,
химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы медициналық қалдықтардың
қауіпті қасиеттерін азайту немесе жою.
▪ медициналық қалдықтарды сақтау-тасымалдау және жою мақсатында алып
кеткенге дейін арналған жабдықталған үй-жайларда, контейнерлерде
медициналық қалдықтарды ұстамау.
▪ нысананың жауапты адамдары осы санитарлық ережедегі үлгі бойынша
журналда медициналық қалдықтардың санын және сапасын күнделікті есепке
алуды жүргізеді.
▪ медициналық қалдықтарды көлік құралдарына тиген сәттен бастап
белгіленген жерде оларды қабылдағанға дейін тасымалдауды жүзеге
асыратын адам олармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтауға
тиіс.
▪ медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша 5 класына
бөлінеді.
Емдеу сауықтыру ұйымында қамтамасыз етіледі:
1. Қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру.
2. ЕСҰ аймағында (А класы) және арнайы ажыратылған бөлмелерде (Б, В, Г, Д
класы) медициналық қалдықтарды контейнерлерде уақытша сақтау.
3. Қалдықтарды жоюға тасымалдау.
Қалдықтар су өткізбейтін қағаз қаптарда, пакеттерде, металл немесе
пластмасса контейнерлерде жиналады. Әрбір контейлердің класына қарай өз
түстері бар:
А класы – ақ, Б класы-сары, В класы- қызыл, Г класы-қара, Д класы –
радиоактивті қауіптілік белгісімен маркерленеді.
Контейнерлер 23 бөлігіне дейін толтырылады және жұмыс орнында 1
тәуліктен артық сақталмайды. Контейнерлерді тасымалдау үшін арнайы арба
қолданылады.
Тиым салынады: арбаларды басқа мақсатта қолдануға, жинау,
зарарсыздандыру, сақтау, тасымалдау кезінде әртүрлі кластағы қалдықтарды
араластыруға, контейнерлерді – электрқыздырғыш аспаптарға жақын қоюға;
қалдықтарды қолғапсыз жайғастыруға.
Б, В клас қылдықтарын уақытша сақтау бөлмелерінде контейнерлерді жуу,
зарарсыздандыру және таза ыдыстарды сақтау бөлмелері болу керек.
А класының қалдықтары – қауіпсіз - әкімшілік-шаруашылық бөлмелерде,
бөлімше палаталарында (инфекция, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы
бөлімшелерден басқа) тамақтану, блоктары, буфет, ұйым аймағында (инфекциясы
жоқ қағаз, құрылыстық қоқыс т.б.) пайда болады.
Б класының қалдықтары - қауіпті (қатерлі) - операциялық, реанимациялық
және басқа манипуляциялық диагностикалық бөлімшелерде, егу, таңу
бөлмелерінде, жұқпалы, тері-венерологиялық бөлімшелерде, клинико-
диагностикалық лабораторияларда, 3-4-ші патогенділік тобындағы
микроорганизмдермен жұмыс істейтін лабораторияларда, санитарлы бөлме,
әжетханаларда болады.
В класының қалдықтары - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz