Қоршаған ортаға антропогенді әрекет


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қоршаған ортаға антропогенді әрекет нәтижесінде шартты түрде дамитын салдарынан қоздырғыштарының және оларды тасымалдаушылардың қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер
  2. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қоршаған ортаға антропогенді әрекет нәтижесінде шартты түрде дамитын салдарынан қоздырғыштарының және оларды тасымалдаушылардың қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер

Адамзат қоғамының пайда болуының алғашқы кезеңінде адамдар табиғаттың дайын өнімдерін пайдаланып, аңшылықпен айналысты. Адамдар табиғатқа тәуелді болды, бұл тәуелділікті жоғары деңгейде сезінді. Адамдарды табиғат биледі.

Қазіргі таңда экологиялық дағдарыс басталды. Бұл дағдарыс адамдардың қатысуымен туындады. Әрине мұндай жағдай бір жылда, болмаса он жылда пайда болған жоқ. Адамдар әрқашанда қоршаған ортаға өздерінің әсерін тигізетін. Бірақ, қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары өте шиеленісіп барады. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны жоғарлауда. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.

Міне, сондықтан да табиғат қорларына ұтымды пайдалану, бұзылған табиғи ортаны қалпына келтіріп отыру, ауаға, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы және абройлы міндеті болып саналады.

Ғылыми-техникалық дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен ара қатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді.

Қазіргі таңда ғылыми-техникалық жетістіктер қоршаған ортаны сақтауға, оның бүлінбеуін, ластанбауын қамтамасыз етуге толық мүмкіншілік береді.

Үнемі табиғаттың жағдайын нашарлатып, байлықтарын шашып-төгіп пайдалануға болмайды. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор. Биосфераның тепе-теңдігін бұзған әрбір антропогенді құбылыс, басқа келеңсіз құбылыстардың пайда боуына мүмкіндік туғызады. Қоршаған ортаның ластану мөлшері биосфераның төзімділік шегінен асып кетіп отыр. Сондықтан, табиғат өз заңдарына бағынбаған адамзатты өз қыспағына алуда.

Қазіргі таңда адамдардың организміне келешекте кері әсерін тигізетін негізгі мәселелердің бірі атмосфера ауасында жоғары концентрациялы улы қоспалардың түзілуі (СМОГ, қышқылдық жауындар) және жылулану эффектісі мен озон қабатының бұзылуы.

СМОГ - үлкен өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда ауаның жоғары деңгейде ластануы.

СМОГ - тың екі түрін ажыратады:

1. Атмосферада өнеркәсіптердің газдық қалдықтары мен түтінінен тұратын қою тұманның түзілуі.

2. Фотохимиялық СМОГ . Өнеркәсіптердің газдық қалдықтары күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен фотохимиялық реакцияларға түсіп, тұмансыз газ қоспаларының өнеркәсіп орталықтары бар қалаларда тұтылып тұруы. Фотохимиялық СМОГ өте улы болып келеді. Оның құрамында ПАН (пероксиацилнитрат), Н2О2 альдегидтер және басқа химиялық элементтер 25-40% құрайды да, О3 60-75% құрайды. Фотохимиялық СМОГ ең алғаш рет Лос-Анджелесте 1940 жылы байқалған, қазіргі таңда өнеркәсіпті қалаларда әлсін-әлсін байқалып тұрады.

Қышқылдық жауындар 100 жылдан астам бұрын белгілі болған. «Қышқылдық жауын» деген сөзді ең алғаш рет 1872 жылы британ оқымыстысы Роберт Ангус Смидт қолданған. Қышқылдық жауындар атмосферадағы күкірт (Н2SО4) пен азоттың (НNО3) химиялық және физикалық өзгерістерінен туындайды. Яғни атмосферадағы бұл заттардың өзгерісі, химиялық реакциялары күкірт қышқылы мен азот қышқылын береді. Бу күйіндегі бұл заттар бұлттарға сіңеді, ауа құрамында болады. Содан кейін жауынмен немесе құрғақ түрінде жерге түседі. Жалпы қышқылдық жауындар табиғатта жанартаулардың атылуына байланысты өздігінен түзіле алады. Жер атмосферасына әр жыл сайын күкірттің қосындылары 92-112 млн. тн, азот қосындылары 51- 61 млн. тонна түседі. Күкірт қосындыларының 59-69 %, азот қосындыларының 37% антропогенді факторлардың нәтижесі болып табылады. Қышқылдық жауындар биосфераға тікелей немесе жанама әсер етеді. Тікелей қышқылдық жауындардың әсерінен өсімдіктер мен ағаштар құрайды. Эпицентрден 100 км радиустағы аймақтардың топырағы ластанады. Қышқылдық заттар әсіресе, тыныс алу жолдарына өте зиян келтіреді. Егер атмосфераның тыныс алу аймағында SО2 концентрация деңгейі 1мг/м куб. жететін болса, тыныс алу жүйесінің аурулары күрт жоғарылап, тыныс алу жүйесі ауратын егде тартқан адамдардың арасында өлім көбейеді. Жанама әсері - топырақ пен судың РН көрсеткішінің өзгерісі. Қышқылдық элементтер су мен топыраққа түсіп, олардың РН көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі. Ал бұл аллюминий және марганец, кадмий, мыс сияқты ауыр металлдардың ерігіштігін жоғарылатады. Олар өсімдік және жануарлар организмінде жинақталып, тамақ арқылы адам организміне түсіп көптеген аурулар тудырады. Тұщы сулардың қышқылдығы артқан жағдайларда ең бірінші РН өзгерісіне сезімтал тірі организмдер өле бастайды. Олар РН 6, 5 болған кезде өле бастаса, РН 4, 5 тең болған кезде кейбір насекомдар мен өсімдіктер ғана тірі қалады.

Қышқыл жаңбырлардың зардабын тартқан кейбір мемлекеттер бұл мәселенің шешуін іздестіріп, белгілі бір шаралар қолдануда. Мәселен, қышқыл жаңбырлардың зардабын катты тартқан Швеция көміp мен мұнай жағуды шектеді. Бұл елде құрамында күкіpті жоқ жанармайлар ғана пайдаланылады. Кенді балқытқанда және отынның қазба түрлерін жандырғанда бөлінетін зиянды заттар түгелдей дерлік сүзіледі. Швеция үкіметі күкіpт шығарындыларын шектеу туралы келісімге қол қойды. Сонысымен басқа елдерге үлгі-өнеге керсетті.

Жылулық эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы космос пен жер арасындағы сәулелі жылу алмасуына әсерін тигізеді. Жылу алмасуының нәтижесінде биосфераның температурасы белгілі бір деңгейде болады. Орташа шамамен +15 0 С. Биосфераның температуралық жағдайын ұстап тұруда күн радиациясының маңызы өте зор. Биосфераның температура деңгейі 99, 8% күн радиациясына, 0, 18% табиғи көздер жылуына, 0, 02% антропогендік көздер жылуына тәуелді. Жердің жылулық тепе-теңдігінің бұзылуы ақырғы он жылдықта антропогендік факторлардың әсері нәтижесінде туындап отыр. Көптеген газдар күн радиациясын кедергісіз өткізеді. Бірақ көмір қышқыл газы, метан, озон, су буы атмосфераның төменгі қабатында жинақталып, 0, 38 . . . 0, 77 мкм болатын күн сәулелерін жерге қарай кедергісіз өткізіп, ал жерден шағылысып космосқа шығатын 0, 77-340 мкм ұзындықтағы инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Соған байланысты бұл газдардың концентрациясы және қоспалары атмосферада жоғары болған сайын жерден космосқа соншалықты аз жылу бөлінеді. Сәйкесінше ол жылу мөлшері биосферада қалып климаттың жылулануына әкеледі. Бұл үрдісте негізгі рольді СО2 атқарады. Яғни биосфера газдарының «жылулық эффектілігін» туындатуына қатысуының пайыздық көрсеткіші мынадай: СО2-50%, СН4-20%, фреон -15%, N2О-10%, О-5%. Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының пайыздық көрсеткіші 1900 жылы- 0, 029%, 1990 жылы- 0, 036%, 2000 жылы- 0, 038% болса 2030 жылы- 0, 045-0, 06%, 2050 жылы - 0, 07-0, 075% болады деп болжануда. Егер бұл болжам дұрыс болса Қазақстан мен Орта Азия елдерінде қаңтар айының орташа температурасы 6-15 о С- қа жоғарылап, қыста түсетін қар мен жауын 20-30 пайызға кемиді. Біздің онсыз да қуаң климатымыз күрт өзгеріп, ауа райы тіпті қолайсыз болуы мүмкін.

2005 жылға дейін жер шарының орташа температурасы 1, 5-4, 5 көтерілуі мүмкін. Мұндай температураның көтерілуі поляр мұздықтарының біртіндеп еруіне әкеледі. Ал бұл дүниежүзілік мұхит деңгейінің 0, 5-1, 5 метрге көтерілуіне себепкер болады. 2100 жылы 5 млн км 2 құрғақ аймақтар судың астында қалады деп болжам айтылуда. Бұл барлық құрлықтың 3%, құнарлы жердің - 30 % құрайды. 1982-1988 жылдар аралығында жер серігі арқылы жүргізілген зерттеулер дүниежүзілік мұхиттың әр жыл сайын 0, 1 о С жылынатынын анықтаған.

Озон қабатының бұзылуы . Атмосфераның техногенді ластануы озон қабатына да кері әсерін тигізеді. Озон қабатының бұзылуы жерге 0, 29 мкм болатын және одан төменгі қысқа толқынды ультракүлгін сәулелердің түсуіне әкеп соғады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелер биосфераға өте қауіпті: өсімдіктер өледі (ең бірінші дәнді дақылдылар), онкологиялық және көз ауруларының деңгейі жоғарылайды. Озон қабатын бұзатын негізгі заттарға хлор мен азот қосындылары жатады. Хлордың бір молекуласы 10 5 озон молекуласын, ал азот оксидінің 1 молекуласы озонның 10 молекуласын бұзады. Бұл заттардың қосындыларының атмосфераға түсетін негізгі көздері: ұшақтар (әскери ұшақтар) . Олардың шығару газдарының 0, 1% азот оксидтері (NO, NO2) құрайды; ракеталар; жанартаулық газдар; фреон қолданатын өнеркәсіптер; атом жарылыстары. Бір «Шаттл» ракетасының космосқа ұшырылуы озоның 0, 3 % (1т озон) бұзылуымен ұштасады. Бұл жағдайда түзілетін озон қабатындағы тесік ұзақ мерзім бітпейді. 1973 жылы озон қабатының техноген факторларының әсерінен 1% бұзылса, 2050 жылы озон қабатының 10% бұзылады деген болжам айтылуда.

Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық

механизмдері

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бiртұтас экологиялық заңнама механизмiмен алмастыруға мүмкiшiлiк те болмады. Өйткенi жерiмiздiң, қоршаған ортаның табиғи жағдайы бiрқалыпты деп саналып, тек оны алдағы уақытта қорғауға алу принциптерi жүйеленген болатын.

Бүгiнгi күнi жасыратыны жоқ жер, су, ауаның ластануы қалыпты деңгейден 2-3 есе, кейбiр жерлерде 10-15 есе асып кеткенiн, жерiмiздiң 44 пайызы аридтi (шөл), 23 пайызы субаридтi (шөлейт) екенiн, елiмiздiң егiстiк жерiнiң 20-30%-ы табиғи жолмен пайдалану шеңберiнен шыққанын, 63 млн гектар тозып кеткен жайылымдық жер тiркелгенiн, республика жерiнде 20 млрд тонна өндiрiс қалдығы бар екендiгi, оның iшiнде 237 млн тонна радиоактивтiк қалдықтардың ашық аспан астында үйiлiп жатқандығы мен ормандардың тiлсiз жау өрт құшағына оранған оқиғалары жиiлеп кеткендiгiн анықтап алған кезде сөзсiз Экология кодексiн қабылдау қажеттiгi туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлар туралы түсінік
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Қоршаған ортаны қорғаудан экологиялық механизмдер
Табиғи ортаның антропогенді ластануының биоиндикациялау бағдарламаларымен жумыс жасау
Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу
Тіршілік ортасы және экологиялық факторлар жайында
Қоршаған ортаның негігі конвенциясы және хаттамалары
БИОТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНТРОПОГЕНДІК ФАКТОРЛАР
Экологиялық факторлардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлеріне байланысты баға беру
Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz