Қазақстан Республикасындағы саяси процестер және ұлттық-демографиялық процестер


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.
  2. Ұлттық-демографилық процестер.
  3. Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы. Мәдени процестер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қазақстан Республикасындағы саяси процестер.

Қазіргі кезде демократияның басқа елдерге кең тарауы - тарихи шындық. Ондай мәселе біздің еліміздің алдында да тұр.

Біреулер Батыстың үлгісіне жүгінеді, екіншілері Шығыс үлгісін алға тартады.

Батыс деген не? Біреулер үшін ол жамандықтың, бәленің басы. Ол адамды жекелендіреді, дараландырады, адамшылықтан аздырады, бұзады дейді. Басқалар үшін ол өркениетті өмір сүрудің көзі. Адамдарға еркіндік пен бостаңдық әкеледі, өділдікті, де-мократияны орнатады, материалдық және рухани байлыққа қол жеткізеді. Соларға карап өз еліңнің экономикалық, мәдени, ғылы-ми деңгейіңді салыстырып, байқауға болады, тіпті өзіміздің күнделікті оміріміздің кедейлігін, күйкілігімізді, бейшаралығы-мызды айнада көргендей боламыз дейді. Әрине, Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Әсіресе, жеке адамның еркіндігі мен бостандығын жоғары қою, оны мемлекеттің езгісінен босату, олармен сауда-саттықты өрістету, тәжірибесін саралап, жақсы жағын қабылдау, мәдениетін баға-лау жөн және т. б. Десе де Қазақстанның түп тамыры Шығыс-пен байланысты. Оған дәлел - діні, мәдениеті, бүрынғы жа-зуы. Мәдениет бізге ең алдымен сол жақтан келді. Шығыс мәдениетіне қазақтардағыдай қауымдастық, үжымдастық, туы-стық жакын. Азия елдерінде саяси бейімделудің тиімді мысалы ретінде Жапонияны алуға болады. Олар басқа елдердің ең жақ-сы жақтарын кабылдай отырып, өзіндік ерекшеліктерін, төлту-малығын жоғалтпайды. Үлттың бар күшін Батыстың ең жаңа технологияларын меңгеруге жүмсап, жүмылдырып, әлемдегі ең озық, дамыған елдердің біріне айналды.

Егер республикамыз еркениетті елдердің даму жолын, тәжірибесін терең саралап, орынды пайдалана білсе, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, реформаны жылдам жүргізуге болар еді. Тарих көрсетіп отырғандай, Батыс елдері реформаны жасағанда халықпен кеңесе отыра істейді. Оны сан түрлі жүзеге асыруға болады. Мысалы, жергілікті жерде болса жиын-дар, жиналыстар, билік органдарын бақылайтын комис-сиялар және т. т. Ал бізде шешімдер көп жағдайда біржақты жоғарыдан төмен түсірілу, әміршілдікке ұрыну, олар жабық жағдайда кабылдануы басым сияқты. Жалпы, билік басында-ғылардың қызметі халық бақылауынан тыс қалып бара жатқан-дай. Онсыз демократияны орнату қиын.

Біздің халықтың санасына авторитарлық тәртіп сіңіп кал-ған. Сондықтан халықтың саяси мәдениетін көтеру басты мақ-саттардың бірі болуға тиіс. Олар өз қүқықтарын, бостандықта-рын қорғай білулері керек. Бүл жолда алдымен Конституцияда керсетілген қағидалар: құқықтық мемлекеттің принциптері, оның демократиялық негіздері, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық екендігі, оның құқықтары мен бостандықта-рының мүлтіксіз сақталуы, биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігіне шын мәнінде (сөз жүзінде емес) тармақталуы және т. б. ережелердің қалтқысыз орындалғандары шарт.

Ұлттық-демографилық процестер.

1991 жылдан кейін Қазақстанда тұрғындардың саны күрт төмендей бастады. Бұл жағдай эмиграциялық қарқынның жоғары болуымен байланысты болды. Мысалы, 1992 жылы Қазақстандықтардың саны -16 млн. 985 мың адам болса, 1993 жылы - 16 млн. 942 мың, ал 1995 жылы - 16 млн. 590 мың адам болды. 1999 жылғы халық санағы Қазақстан тұрғындарының саны азайып, 15 млн. -ға жетер-жетпес адам қалғанын көрсетті. 1995 жылдың тек 9 айдың ішінде республикадан басқа жаққа 198, 6 мың адам көшіп кетті. Табиғи өсім азайып, тұрғындардың арасында өлім өсіп кетті. Дегенмен де, 1991-1997 жылдар аралығында Қазақстанға шетелден 164 мыңдай адам көшіп келді.

Белгілі дәрежеде республиканың ұлттық құрамы өзгеріп, кейбір облыстар негізінен қазақтар тұратын өлкеге айналды. Мысалы, Қызылорда облысында қазақтар - 93%-ы, Атырауда - 88%-ы, Маңғыстауда - 74%-ы, Ақтөбеде - 69%-ы, Оңтүстік Қазақстанда және Батыс Қазақстанда - 66%-ы қазақтар болды.

Осы жылдары ауыл тұрғындарының қалаға кету үрдісі (урбанизация) күшейді. 1995 жылдары халықтың 56%-ы қалаларда тұрды, ал қазіргі кезде бұл үрдіс бұрынығыдан да өсуде. Тұтастай алғанда, қоғамда болып жатқан өзгерістер (процестер) өтпелі кезеңге тән процестер деп қарауға болад.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы. Мәдени процестер

Мәдени процестер. 1991 жылдан кейін оқу жүйесі белгілі мөлшерде дағдарысқа ұшырады. 1993 жылдың басында (1 қаңтар) Қазақстанда 154 мыңдық орны бар 303 бала бақшасы жабылды, орта мектептер саны азайды. Екінші жағынан мемлекеттік емес мекемелерінің, мектептер және жоғары оқу орындарының пайда болу процесі басталды.

1989 жылғы Тіл туралы Заңның және Конституция негізінде ұлттық білімнің жандануына мүмкіндік туды.

Елісміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40 ұлттық мәдени орталықтар мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы жұмыстар атқаруда.

1997 жылы Қазақстанда 53 мемлекеттік, 40-тан астам коммерциялық жоғары оқу орындары болған болса, 2000 жылдың басында 51 мемлекеттік, 100-ден астам коммерциялық жоғары оқу орындар болды.

Қазақстанның барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде оқу бөлімдері ашылды. Соңғы жылдары 300-ден астам жалпы орта білім беретін қазақ мектептері ашылып, олардың саны- 3, 3 мыңға жетті. Республикада 17 ұлт тілінде жүздеген мектеп бар. 12 тілде газеттер мен журналдар шығып тұрады, 11 және 6 тілде хабар жүргізетін теле-радио қызмет етеді.

1999 жылғы 11 маусымда - Қазақстан Республикасының "Білім туралы” Заңы жарияланды. 2006 жылдың басында республика бойынша 252. 800 ұстаз еңбек етуде.

Қазақстан тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру жүйесінің халаралық байланысы кеңейді. Білімді мамандарды көбейту мақсатында жастарды шетелдердің беделді оқу орындарына жіберу өзекті сипат ала бастады. 1993 жылғы 5 қарашада Президенттің "Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді.

Қазақстан халықтарының мәдениетін бүкіл әлемге таныту мақсатында ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының мерекелері аталып өтуде.

1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.

1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.

Республиканың барлық облыстарына 24 ғылыми экспедициялар аттандырылып, 74 ауданды аралады. Тараз қаласына таяу жерде архитектуралық ғимарат-Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Мантуя (Италия) қаласында "Алтын адам Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың ұлы қоныс аударуына дейін” атты көрме өткізілді.

1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. Осыған орай атқарылған жұмыстар: 6 томдық "Қазақстан ұлттық энциклопедиясының” І-ші томы, М. Шоқай шығармаларының екі томдығы шықты. Қытай мұрағаттары негізінде Қазақ тарихына арналған 5 кітап жарық көрді. "Алпамыс батыр” жарынаң 100 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті.

М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19. 144 адам толықтай ақталды.

2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.

2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.

Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.

1999 жылы Н. Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.

Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Қазақстандағы қазіргі миграциялық үрдістер
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Миграциялық процестердің Қазақстан Республикасының демографиялық эволюциялық дамуға әсері
Қазіргі көші - қон процестерінің мәселелері
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) жоспары. Жаңа дәуірдегі ұлттық мемлекет пен ұлттық идея эволюциясы
Көші - қонның шарықтау шегі
Қазақстан Республикасындағы қоғам дамуының мәселелері мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz