БанкЦентрКредит


КІРІСПЕ
І «БанкЦентрКредит» пайда болу тарихы
ІІ. Банктің басқару структурасы және негізгі қызмет көрсету бағыттары.
2. 1. Банктің басқару структурасы
2. 2. Депозиттік операциялары
2. 3. Аудару операциялары
2. 4. Несиелік бөлім және шағын және орта бизнесті несиелеу.
Депозиттік операциялар.
Қазақстан Республикасының “ҚР банктер және банктік қызметтер туралы” заңында депозит анықтамасы келесідей берілген.
Депозит дегеніміз - бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға - банкке (соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға) қайтарылуы тиіс немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит - салымшының, банкке алдын ала келісілген сый ақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан кіріс әкелетін ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет; депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциядардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді балып келеді:
1) халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2) олардың банктік жүйеге деген сенімділігі;
Ашық нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін тек инвестициялардың жоғарғы үлесі жеткіліксіз. Сонымен қатар, ЖҰӨ - дегі жинақтардың үлесі де жоғары болуы және ол көрсеткіш ЖҰӨ -ге қатысты инвестицияның жиынтық үлесінен артық болуы жөн. Яғни инвестициялар ішкі қаражаттар есебінен қаржылындырылуы тиіс.
Сонымен, қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр. Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолы - бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау. Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда.
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т. б. мақсаттарға. Әдетте ол халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т. б. ) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік салымдардың басқа бір түрі - мерзімді депозиттік сертификат болып табылады. Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге қаражаттарды енгізгендігін куаландыратын ақшалай құжат, оларды компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілірге 100 мың доллардан кем өмес сомада беріліді. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға өтуі мүмкін - берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады. Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға болады, ал мерзімі - 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:
- ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі болмайды:
- салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады:
- шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінің жинақ кітапшасы депозитормен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық қозғалысы көрініс табады.
Жеке тұлғалармен ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:
- мерзімді жинақтаушы салым:
- қосымша толықтырылатын салым:
- ағымдағы жинақтаушы салым.
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа жинақтаушы салмдарымен салыстырғанда жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдын ала келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және тағы басқа) .
Ағымдағы сақтандыру салымы - негізінен жалақыны аудару үшін пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және аударылуы еркін жүзеге асады.
АҚ «БанкЦентрКредит» депозиттері бос ақша қаражаттарды өте тиімді, жеңіл, табысты орналастыруға арналған. Үлкен пайыздық ставка және тиімді пайызды аудару қызықты шарттар депозиттерді қаржылық құралға айналдырады. Депозиттердің түрлері заңды тұлғадан зейнеткерге дейін табысты салымдарды қарастырған. «БанкЦентрКредит» банкі 2000 жылдан бастап салымдарды сақтандыру қорының мүшесіне кіре отырып, салымдардың сақтығына еш күмәнсіз кепіл береді. Депозиттердің келесі түрлері бар:
ДЕНЕЖНЫЙ ДОЖДЬ
Ең төменгі алғашқы жарна: 50 USD, 50 EUR, 5 000 KZT
- Қосымша жарна енгізуіне
- Ай сайын аударылған пайызды алуына
- Клиенттің талабына қарай пайызды жоғалтпай волютаны ауыстыруна мүмкіндіктері бар
Пайыздық ставка, егер ай сайын төленетін болған жағдайда (жылдық пайыз) :
Капиталға айналдыру салымшылар үшін өте тиімді. Себебі пайызды капиталға айналдырған кезде, келесі айдың пайыздық есебі бастапқы сомадан үлкен сомаға жүре бастайды. Бұл, пайызды ай сайын алмай отыратын тұлғаларға тиімді болып келеді.
Үлкен мерзімге капиталға айналдыру салымдардың проценттік ставкасы келесідей:
( орташа
жылдық
есеп )
ЗОЛОТЫЕ ТРАДИЦИИ
Ең төменгі алғашқы жарна: 50 USD, 50 EUR, 5 000 KZT
- Қосымша жарна енгізуіне
- Ай сайын аударылған пайызды алуына
- Арнай жасы үлкен кісілерге арналған және ең
үлкен пайыздық ставка берілген, мерзімінен
бұрын келісімді бұзу қарастырылған
- Клиенттің талабына қарай пайызды жоғалтпай волютаны ауыстыруна мүмкіндіктері бар
Салымның ең төменгі мерзімі 1 айдан 4 жылға дейін. Пайыздық ставка (жылдық пайыз) :
ВЕСЕЛЫЕ КАНИКУЛЫ
Жедел, ауыспалы пайыздық ставкасымен арнайы ата- аналарға,
ата- апаларға, мектеп оқушыларына арналған салым түрі
Ең төменгі алғашқы жарна: 50 USD, 50 EUR, 5 000 KZT
- Қосымша жарна енгізуіне
- Ай сайын аударылған пайызды алуына
- Әр мектеп демалысына қарсы, салымшылар арасында жүлделі ұтысты ойындар, басты жүлде компьютер ойналмақ
Салым мерзімі 1 жылдан кем емес. Пайыздық ставка (жылдық пайыз) :
- Бос ақша қаражаттарын аз мерзімге салып, үлкен пайыздық ставканы алуға арналған.
- Пайыз салым мерзіміне жеткен кезде төленеді.
- Егер мерзімінен бұрын келісім шартты бұзса, пайыз мерзіміне жетпеген пайыздық ставка арқылы жүргізіледі (егер салым мерзімі 7 күнге жеткен болса)
ЭКСПРЕСС-ВКЛАД Бұл 31 күнге дейін жедел салым
Сақтандырылған салым
Ең төменгі алғашқы жарна: 5000 USD, 740 000 KZT
Пайыздық ставка:
Сақтандырылмаған салым:
Ең төменгі алғашқы жарна : 50 000 USD, 7 400 000 KZT
Пайыздық ставка:
Тталап ету салымы бойынша операциялар есебі
Жеке тұлғалардың салымдары мен депозттерінің есебі банктің балансыңда колдалынып жүрген шот жоспары бойынша пассивті:
2211 «Клиентгердің талап ету депозитгері» шотында жүргізіледі.
Халық Банкінде қаржылар келесі салымдарға тартылады:
- талап ету салымы
- мерзімді салымдар (белгілі мерзімге қабылданған) :
Клиенттерге депозит немесе салымдар бойынша шот ашу
кезінде клиент (жеке тұлга) бастапқы кіріс ордерін толтырады немесе келісім шарт құрады. Егер салым операциялары ЭЕМ-да безеңдірілсе, онда дербес шот ашылмайды. Ал, егер салым операциялары қолдан безендірілсе, онда дербес шот ашылып, альфавиттік карточка құрылады.
Алғашкы немесе қосымша салымдарды қабылдау кезінде, кіріс ордері бойынша келесі өткізбе құрылады:
Дт-1001
Кт-2211
Шығын-7339
7339 «Баска да кұндылықтар мен құжаттар».
Алғашқы жарна кезінде, яғни салымға шот ашу кезінде клиентке салым кітапшасы беріледі.
Есеп бойнша өтелген салым кітапшасы шығын бойынша 7339 баланстан тыс шотта бейнеленеді. Қосымша жарна түскен кезде:
Дт-1001
Кт-2211
Шығыс ордері бойынша салымшылардың шотынан нақты ақша мен сомма берілген кезде:
Дт-2211
Кт-1001
Нақты акшасыз тәртіпте салым шотына сомма қосылған кезде:
Дт-1351, 1051
Кт-2211
Жыл соңыңда немесе талап ету салымы бойынша шотты жабу кезінде банк салымы қалдығына сый-ақы соммасын аударады:
Дт-5211
Кт-2211
5211 -Талап ету салымы бойынша сый- ақылық шығындар».
Егер аманат соммасы сот органдарымен тәркіленген болса, онда соттың белгілеуі бойынша салым соммасы республика бюджетіне аударылады:
Дт-2211
Кт-1051, 1351
Мерзімді салым бойынша операциялар есебі
Мерзімді салым және депозиттер сомасы банк балансында келесі пассивті шоттарда есептелінеді:
2215 - «Клиеттердің қыска мерзімді депозттері».
2217 - «Клиеттердің орта мерзімді депозттері».
2219 - «Клиеттердің узақ мерзімді депозттері».
2221 - «Клиенттің арнайы депозттері».
2223 - «Депозит-клиент кепілі».
Осы шотардың кредиті бойынша салымдарға түскен соммалар, сонымен қатар қосылған сый-ақы соммалары көрсетіледі.
Мерзімді салымға нақты ақша қабылдаған кезде:
Дт-1001
Кт-2215, 2217, 2219.
Талап ету салымынан мерзімді салымға аудару дебиторлар және кредиторлар шоты арқылы жүргізіледі, талап ету салымы жабылған кезде:
Дт-2211
Кт-2850
Мерзімді салымына аударған кезде 2850-ші жабылады және мерзімді салым шоттарына аударылады:
Дт-2850
Кт-2215, 2217, 2219, 2221, 2223
Мерзімді салым шотына қосымша жарна қабылдаған кезде:
Дт-1001
Кт-2215, 2217, 2219, 2221, 2223
Мерзімді салымдар немесе депозиттер шоттарының жабылуы немесе келісім шарттың аяқтауы бойынша сый-ақы соммасын аудару кезінде:
Дт - 5215 «Клиеттердің қысқа мерзімді депозттері бойынша сый-ақы (қызығушылық) төлеумен байланысты шығындар»;
5217 - «Клиенттердің орта мерзімді депозттері бойынша сый ақы (қызығушылық) төлеумен байланысты шығындар»;
5219 - «Клиеттердің ұзақ мерзімді депозттері бойынша сый-ақы (қызығушылық) төлеумен байланысты шығындар».
Кт-2215, 2217, 2219, 2221, 2223
Салым операциялары бойынша аналитикалық есеп арнайы карточкада орналастырылған құжатардың түпнұсқасы бойынша жүргізіледі.
Аудару операциялары.
АҚ «БанкЦентрКредит»- дің жетілген филиалдарының көмегімен сіз Қазақстанда орналасқан филиалдар арасында шот ашпай-ақ немесе алушының шоты болса, соның шотына ақша аударуыңызға және дәл солай қабылдауыңызға болады. Аударымдардың келесі түрлері бар:
- «Каспийский экспресс»
- «Транзитный экспресс»
- «Классический».
Бұл аударымдардың жеңілдіктері: тез арада бір сағат ішінде аударым жүргізіп, аз мөлшерде аударым үшін комисиондық төлем төлейсіз. Егер шот ашпай аударым жүргізсеңіз, аударылатын сомманың 1% (ең минималды мөлшері 250 теңгеден кем болмауы керек ) . Егер жіберушінің немесе алушының шоты бар болса, онда 0, 5% комисиондық төлем төлейсіз. Ал басқа банктерге ақша аудару үшін 1, 5% аударым үшін комисиондық төлем төлейсіз.
Аударым жүргізу үшін келесі құжаттар керек:
- Аударым жүргізу үшін өтінішті толтыру,
- Жеке куәлігін,
- Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы куәлік (РНН) тек ҚР резиденттеріне,
- Аударым сомасын өткізу.
Аударымды қабылдау үшін:
- Аударым қабылдау үшін өтінішті толтыру,
- Жеке куәлігін,
- Тіркелген нөмерді ұсыну,
- Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы куәлік (РНН) тек ҚР резиденттеріне,
- Аударым сомасын алу.
Ең жеңіл және әлемнің әр жеріне 15-20 минут ішінде аударым жүргізу. Western Union жүйесі әлемнің 185 мемлекеттерінде жүргізіледі және 140 000 қызмет көрсету бөлімдері бар, сонымен қатар СНГ мен Балтий қалаларында 3000-нан астам қызмет көрсету бөлімдері дар. Бұл өте тиімді, жеңіл, аз шығынды, қауіпсіз және жылдам аударым жүйесі. Ақшаны еңгізгеннен кейін бірнеше минутта төлем әлемнің кез-келген жеріне түсе алады, барлық аударымдар АҚШ доллармен жүргізіледі. Төлем жүргізу үшін шот ашудың қажеті жоқ, тек келесі құжаттарды өткізу керек:
- Аударым жүргізу үшін өтінішті толтыру,
- Жеке куәлігін,
- Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы куәлік (РНН) тек ҚР резиденттеріне,
- Аударымды қабылдаушының аты жөнін,
- Аударым сомасын өткізу.
Аударымды қабылдау үшін:
- Аударым қабылдау үшін өтінішті толтыру,
- Жеке куәлігін,
- Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы куәлік (РНН) тек ҚР резиденттеріне,
- Жіберушінің аты жөнін, қай елден қанша соманы аударғандығын және он саннан тұратын тіркеу нөмерін,
- Аударым сомасын алу.
Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысуын ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Берілген қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әртүрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, корреспонденттік және т. б.
Бұндай шоттар жеке және занды түлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжатында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының бойынша жазба түріндегі аударымдары.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аақталуына көмектеседі.
"Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделініп отыруы керек.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық органдарды несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктердегі шоттарда ұстайды. Банкі арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттарды экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық органдардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдардың төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады. Қажет жағдайда шаруашылық орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.
Қатысушыларға байланысты есеп айырысу операциялары екі топқа бөлінеді: клиенттік есеп айырысу операциялары және банкаралық есеп айырысу операциялары. Есеп айырысудың формалары мен ерекшеліктері негізінде банктердің келесі есеп айырысуларын айтуға болады: аударымдық, инкассалық, аккредитивтік және клирингтік.
Есеп айырысу кезінде келесі төлем құралдары қолданылады: төлем тапсырмалары, чектер, вексельдер, аккредитивтер, пластикалық карточкалар, жирочектер.
Қолма-қолсыз жолмен есеп айырысу жүйесінің ұйымдастыруы біртұтас негізгі қағидалар және келесідей операциялар арқылы жасалған қаражаттарды бір шоттан екінші шотқа дебеттік аударымдар (чектер) ; бір шоттан екінші шотқа кредиттік аударымдар (жироесеп айырысу) . Чектер (көбінесе) бір реттік мәмілелерде қолданылады, жироесеп айырысу тұрақты және мерзім сайын қайталанып тұратын мәмілелерді қолданады.
Клиент ағымды шот ашу үшін келесі құжаттарды өткізуі керек:
Өтініш;
Қол мен мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат (құжат №202) ;
Салық мекемесінен берілген клиенттің салық есебіне тіркелгендігі туралы анықтама;
Бекітілген формада еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімімен берілген шаруашылық субъектінің зейнетақы қорына жарна төлейтіндігін көрсететін құжат;
Бекітілген формада өкілетті мекемемен берілген клиенттің мемлекеттік тіркеуден өткендігін дәлелдейтін құжат көшірмесі;
Қазақстан Республикасы заңы бойынша белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының көшірмесі;
Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттіктер үшін:
Қол және мөр басылымының үлгісін көрсететін құжат;
Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігімен бекітілген, оның аккридитивасын көрсететін құжаттың көшірмесі.
Қолма-қолсыз ақшалай есеп айырысулар жүйесінің негізі болып, кәсіпорынның банктік шоттары, сонымен қатар ақшалай есеп айырысулар құжаттары болып табылады. Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асыру процесінде оларды ұйымдастыру принциптерінің мәні зор.
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»
Кт 1051
Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік шоты»
Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»
Кт 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер»
Несиелік бөлім.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz