Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Дене тәрбиесі әдістемесінің пайда болуы мен қалыптасуы

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

а) Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны;

ә) Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы;

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің қайнар көздерін, тарихи даму кезеңдерін сараласақ, олардың мынадай жағдайларға байланысты пайда болатынын анықтауға болады: дене дайындығы жетілген, денсаулығы мықты адамдардың қажеттілігінен туындаған қоғамдық өмірдің іс- тәжірибесі деп.

Дене тәрбиесінің пайда болуы мен дамуы қоғамдық құбылыс ретінде халықтың сана сезімі арқылы дамыды. Негізінде дене тәрбиесі ертедегі адам қоғамындағы пайда болған ең алғашқы тәрбие негіздерінің біріне жатады. Талай мыңдаған жылдар бойы адам аңдармен «жарысып» келеді. Ол өзінің икемділігінен, ептілігін, күштілігін, төзімділігін, жақсы дене қуатының дайындығы арқылы ғана жеңе алар еді. Алайда, бұның бәрі дене жаттығуларына әкелер әсері аз болғандықтан, дене қимылы жаттығуларын әрі қарай жетілдіру керек болды. Адам өзіне керек жаттығуларды күнделікті үйрену үшін қайталай берді.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны

Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен - ақыл- ой адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге, қөзғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын ( дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгілік гимнастика, қимыл қозғалыстық ойындар т. б. ), сондай -ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Сонымен бірге, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен дамып келеді. Ол ғылыми - зерттеулерді пайдаланады, озат практика жетістіктерін таратады, өткеннің алдыңғы қатарлы жетістіктерін таратады, өткеннің алдыңғы қатарлы тәжірибесін және қазіргі дүние жүзілік ғылымдағы игіліктің бәрін қолдап отырады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады, сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай- ақ практикаға жол ашуға, адамның күш -қуатын кемелдендіруге қандай құралдар және әдістер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі кіші мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі мәселелерін терең оқып білуге көмектесетін негізгі мәселелерді ашып көрсетеді. Елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Ата Заңынан өрбиді, онда адамның жан -жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жек адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Дене тәрбиесінің мақсаты- өмірге, еңбекке, Отан қорғауға даярлау, дені сау, моралі таза, шығармашылық еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл мақсат адамдардың дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болды. Осы мақсат біздің еліміздің әрбір адамының және қоғамның мүддесін білдіреді. Бұл денені жетілдіру, дене мүшсінің кемістігі жоқ барлық қажеттілікті бойына жинақтаған тұлға туралы адамдардың ғасырлар бойы арманын бейнелейді. Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес:

  1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан -жақты дамыту, ағзаны шынықтыру, адамдардың ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
  2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т. б. ) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
  3. Тәрбиелеу міндеттері: ақыл- ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек, т. б. тәрбиелерге ықпал ету сияқты міндеттерді шешу қарастырылады.

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы

Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің пайда болуы мен даму кезеңдері төмендегі жайлардан туындаған:

  1. Қоғамдық өмір практикасы. Қоғамымыздың жақсы дене дайындығы бар адамдарға мұқтаждығы, дене тәрбиесінің заңдылықтарын тануға деген ұмтылысты туғызады және соның негізінде адам денесін жетілдіруді басқару жүйесін құруды қажет етті.
  2. Дене тәрбиесінің практикасы. Тек қана практика жағдайында барлық теориялық қағидалардың өміршеңділігі тексеріледі. Осындай жағдайларда ғана дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі жаңа қағидаларды жасау қажеттілігі тың идеялар туындауы мүмкін.
  3. Әр түрлі кезеңдерде және әр түрлі елдерде философтардың, педагогтардың, дәрігерлердің жан - жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу жолдары және мазмұны жөніндегі айтқан прогрестік идеялары.
  4. Өзінің дамуының жоғары деңгейінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің жетекші қайнар көзі еліміздің Конституциясы болып табылады.
  5. Ел үкіметінің дене шынықтырудың жағдайы және жетілдіру жолдары туралы қаулылары.
  6. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі саласындағы ізденістер нәтижесі.

Тарихи өзінің даму жолында дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі бірнеше кезеңдерден өтті.

Бірінші кезең - қозғалыс дағдыларының организімге әсері жөнінде эмпиризмдік ( сезім қабылдауларын, тәжірбиені дүние танудың бірден - бір бұлағы деп тауып, теориялық қорытындыларды бағаламайтын, сол себепті құбылыстардың өзара байланысын және даму заңдарын аша алмайтын ( философиялық ілім) білім кезеңі. Адам баласы оны күнделікті қозғалыс қимылында алады. Эмпирпизмдік білімнің жинақталуы адамды « жаттығудың тиімділігін» түсінуге және тәжірибені өзгелерге беру әдістерін танып білуге әкеледі. Бұның өзі дене жаттығуларының пайда болуының алғышарттары болды, ал одан кейін дене тәрбиесінің де пайда болуына әкелді.

Екінші кезең- дене тәрбиесінің ең алғаш әдістерінің жасалу кезеңі. Ол ежелгі және орта ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттердің кезеңін қамтиды. Бұл әдістер тәжірибе жолымен жасалады. Педгогтар, философтар және дәрігерлер адам организмі қызметінің заңдылықтарын әлі біле қойған жоқ, дене жаттығуларының әсер ету механизмін түсіндіре алмады, сол себепті ден шынықтыру жаттығуларымен айналысу тиімділігін тек «сыртқы» өзгерістер ( адам шыдамды, күшті, өзіне керекті дағдыларды игерді) бойынша ғана анықтады. Дене тәрбиесі әдістерінің ең белгілісі- Ертедегі Грекияда жасалынып пайдаланған әдіс. Ол әдіс бірыңғай жүйеге белгілі іс- қимылдарды сонымен қатар үйрету әдістерін, адам бойындағы қасиеттерді арттыру жолдарын біріктіреді. Орта ғасырлар кезеңдерінде әдістер саны үнімі артып отырды және гимнастикадан, жүзуден, ойындардан, садақ атудан, семсерлесуден, атпен жүруден алғашқы көмекші құралдар пайда бола бастады.

Үшінші кезең - дене тәрбиесі туралы теориялық білімнің тасқынды түрде жиналуы. Қайта өреу кезеңінен ХІХ ғасырдың аяғына дейінгі аралықты қамтиды. Адам туралы, оны тәрбиелеу және үйрету, оны емдеу туралы ғылымның дамуы философтарды, педагогтарды, дәрігерлерді дене тәрбиесі проблемаларына назар аударуға тартты. Дене тәрбиесінің атқаратын қызметі жөнінде педагогикалық, философиялық, дәрігерлік ой- пікірлер жинақтала бастады. Әрине, ой- пікірлер бұл кезде әлі жүйелі түрде жинақталмағандығын байқауға болады, себебі олар жекелеген ғылымдардың ( педагогиканың, философияның, медицинаның) өз ішінде ғана туындаған. Жоғарыдағы аталған ғылымдардың өкілдері көптеген «өзіндік» мәселелерді адам өмірінде дене тәрбиесінің атқаратын қызметін есептемей шешу мүмкін еместігін түсінді. Қайта өрлеу дәуірінің өзінде -ақ педагог - гуманистер және социалист - утопистер дене тәрбиесіне тұтастай тәрбиенің міндетті бөлігі деп қараған. И. Г. Песталоцци ( 1746 - 1827) балалардың қозғалыс мүмкіншілігін дамытуға арнап, « Буын гимнастикасы» теориясын құрып дене жаттығуларының, жалпы педагогикалық талаптарына сай құрыла бастағанын атап көрсетеді. Х\/ІІІ ғасырда анатомдар дене шынықтыру жаттығуларының биомеханикалық саласында ізденістер жасаған, ал ХІХ ғасырда дене тәрбиесі туралы жұмыстар көріне бастады. Қоғам өміріндегі дене тәрбиесінің атқаратын қызметіне байланысты обьективтік баға беру үшін К. Маркс пен Ф. Энгельстің еңбектері маңызды орын алады. Бірінші рет, олар, ғылыми түрде тәрбиенің тарихи және таптық сипатын дәлелдеді. Тәрбиенің мазмұнын ашып берумен қатар, дене тәрбиесінің орнын анықтады, адамды жан-жақты тәрбиелеу қағидаларын жүзеге асыру жолдары көрсетілді. Сөйтіп, бұл кезеңде дене тәрбиесі теориясының негізі қаланды. ХІХ ғасырдың басынан бастап дене тәрбиесінің теориясы ғылыми білімнің жеке саласы есебінде қалыптаса бастады.

Төртінші кезең- біздің елімізде жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістерінің құрылу кезеңі.

Бұл кезең ХІХ ғасырдың аяғы мен Қазан революциясына дейінгі аралықты қамтиды және дене тәрбиесінің проблемалары жөнінде арнаулы ізденістердің тасқынды дамуымен сипатталынады. Осы уақытта, қоғамдық өмірдің көптеген салаларына дене тәрбиесі әсерінің ықпалы тигендігін аңғаруға болады. Дене тәрбиесі саласындағы ғалымдар арасында ең жарқын өкілдерінің бірі П. Ф. Лесгафт ( 1837- 1909) болды. Оның тарихтан, анатомиядан, биологиядан, педагогикадан, антропологиядан, дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінен еңбектерінің көпшілігі прогрестік бағытта болды, сондықтан жеке ғылыми және оқу пәні есебінде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесінің негізіне енді.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорттың қазіргі кездегі өзекті мәселелері
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Гигиеналық дене шынықтыру
Дене тәрбиесінен дәрістер жинағы
Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz