Жиынтық құрылымын және динамиканы сипаттайтын қатыстық шама

1. Жиынтық құрылымын сипаттайтын қатыстық шама
2. Динамиканы сипаттайтын қатыстық шама
Статистикалық зерттеулерге алынған жиынтықтардың құрылымын анықтау және жиынтықты құрайтын біртектес жиынтықтардың бастапқы жиынтық ішіндегі үлесін, көлемін анықтау статистикада, оның ішінде құқықтық статистикада жиі қолданылады. Себебі, статистикалық бақылауға құбылыс әртүрлі сандық және сапалық белгілеріне қарай ерекшеліктерібар вариациялық белгілерімен бірге тіркеуге алынатындықтан, жиналған мәліметтерді кейінгі өңдеу, топтастыру кезеңінде ол бақылау кезінд қамтылған белгілер бойынша топтастыру жүргізіледі. Жиынтық құрамын топтастырудан алынған абсолют тік шамалардың негізгі жиынтық ішінде алатын үлесін немесе құбылыс ішінде жайылғандық дәрежесін анықтау маңызды, әрі жиі қолданылатын жұмыстың бірі болып табылады.
Қылмыстылықтың құрылымы тіркеуге алынған жалпы қылмыстылықтың ішндегі біртектес, яғни, бір топқа жататын қылмыстардың немесе әртүрлі топқа жататын қылмыс жасаған адамдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қылмыстық іс жүргізу заңдарының ережелеріне сәйкес жүргізген қызметінің түрлеріне қарай топтастырудан шыққан жекелеген топтардың арақатынасын ашып береді. Дәлірек айтқанда қылмыстылықтың құрылымынан мынандай топтарды шығаруға және олардың бастапқы жиынтықтан үлес салмағын анықтауға болады:
1) Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінің тараулары мен оның баптары бойынша белгілі болған қылмыстар; 2) қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты бойынша санаттарының (маңызы ауыр емес, орташа ауыр, ауыр, аса ауыр) көлемі; 3) кінә нысандары бойынша (қасақаналықта және абайсыздықта жасалған қылмыстар); 4) криминологиялық немесе әлеуметтік белгілері бойынша анықталған қылмыстар (ұйымдасқан қылмыстылық, рецедивтік, кәсіптік, зорлық-зомбылықпен ұштасқан қылмыстылық, әйелдер, кәмелетке толмағандар қылмыстылығы); 5) Қазақстан Республикасының әкімшілік аймақтары бойынша тіркелген қылмыстар; 6) Ашылған немесе ашылмаған қылмыстар; 7) Жаза тағайындалған немесе жаза тағайындалмаған қылмыстар. Бұл келтіріліп отырғандар, әдетте жиі анықталып жататын топтарды білдіреді және осы топтардың үлес салмағын анықтау жиі қолданылады. Қылмыстылықты және қылмыскерлерді, сонымен бірге тағайындалған мемелкеттік шараларды қылмыстық-құқық, қылмыстық іс жүргізу заңдарының ережелері, және криминологиялық, әлеуметтік демографиялық тұрғылардан топтастырылуын ескере отырып, ол белгілердің кез келгенінің жиынтығының бастапқы жиынтықтағы үлес салмағын анықтауға болады.
Сонымен, жиынтықтың құрылымын сипаттайтын қатыстық шама статистикалық жиынтық құрамын ашу үшін қолданылады және жиынтықтың құрамдас бөліктерінің үлес салмағын анық ашып көрсетеді. Бұл қатыстық шамада екі абсолют тік шама белгілі болуы керек. Біріншісі, бастапқы жиынтықты білдіретін абсолют тік шама (мысалы, жыл ішінде барлық тіркелген қылмыстардың саны), екіншісі, бастапқы жиынтыққа жататын, бірақ нақты бір ерекше белгісі бойынша топтастыру нәтижесінде шыққан абсолют тік шама (мысалы, меншікке қарсы қылмыстар). Бастапқы жиынтық бүтін және салыстыру базасы ретінде алынып, оның көлемі 100-ге, яғни толық көлемге теңестіріледі. Салыстыруға жататын шамала ретінде жиынтықтың құрамдас бөліктерінің саны алынады. Бұл сан ешқашанда бастапқы жиынтықтың санынан аса алмайды. Өйткені, ол бүтіннің бір бөлігі ғана табылуы керек. Бастапқы жиынтықтан оның құрамдас бөліктерінің үлесін анықтау пайыз (%) түрінде жүргізіледі. Жиынтықтың құрамын сипаттағанда бастапқы жиынтықтың жекелеген топтарының үлес салмақтарын анықтайтын көрсеткіштерді қосқанда 100 болып шығуы керек. Ал, бастапқы жиынтықтан оның бөлігінің үлес салмағын есептеп шығару үшін, пайыздауды білу керек, ол үшін жиынтықтың бөлігін білдіретін шаманы бастапқы жиынтыққа бөліп, одан шыққан санды 100-ге көбейту керек.

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жиынтық құрылымын және динамиканы сипаттайтын қатыстық шама

(1 сағат)
Жоспар:

1. Жиынтық құрылымын сипаттайтын қатыстық шама
2. Динамиканы сипаттайтын қатыстық шама
Лекцияның мәтіні:

Жиынтық құрылымын сипаттайтын қатыстықты қылмыстылықтың құрамын ашу үшін ғана емес, азаматтық-құқықтық қатынастардың да құрамын ашу үшін қолдануға болады. Азаматтық тәртіпте сот қарауында өткізілген еңбек, отбасы-неке, тұрғын үй т.б. қатынастардың негізгі жиынтық ішіндегі үлесін оңай ажыратуға болады және оған қатысушы тараптар түрлерінің, шығарылған сот шешімдерінің түрін топтастыра отырып, одан шыққан абсолют тік шамалардың негізгі жиынтықтағы үлесін ажырату жоғарыда келтірілген тәртіпте анықталады. Өкінішке орай, құқықтық статистикалық мәліметтерді дайындауда азаматтық-құқықытық статистикалық бақылау обьектілері туралы мәліметтер жиі кездеспейді.
Зерттеуге алынған құбылыстың жекелеген топтарын білдіретін шамалардың үлес салмағын анықтау - статистикалық талдау жұмыстарын іске асырудың бастапқы амалдарының бірі болып табылады.
Бұл бөлімде қатыстық шаманың түсінігі мен маңызы, оны есептеп шығаруға тәсілі қарастырылады.

Динамиканы сипаттайтын қатыстық, зерттеуге алынған құбылыстың уақыттарға қарай сандық жағынан өзгеруін білдіреді. Мұндай қатыстық шамада, біріншіден жиынтық әртүрлі уақыттағы жағдайды сипаттайтын біртектес немесе бір құбылыстың абсолют тік шамаларын білдіруі керек, екнішіден, құбылыстың уақытқа қарай өзгеруін, даму қарқынын анықтауға қолданылатын тәсіл белгілі болуы керек.
Статистикалық зерттеуге алынатын кез келген құбылыстың бұрынғы уақыттармен салыстьырғандағы өзгерісін анықтауға болады, тек ол құбылысты сипаттайтын бірнеше абсолют тік шамала белгілі болуы керек.
Динамикалық қатыстықты есептеп шығару үшін құбылыстың соңғы уақыттағы санын ол құбылыстың өткен уақыттағы санына бөлу керек және мұнгдай кезде өткен уақыттағы құбылыстың санымен салыстырылып, ол абсолют тік шама толық көлемге немесе мағынаы 100-ге теңестіріледі. Соған сәйкес динамиканы сипаттайтын шамала пайыз түрінде бейнеленеді. Егер кейінгі уақыттың саны өткен уақыттыкінен көп болса, онда пайыз түріндегі көрсеткіш 100-ден астам санмен шығады. Ал, керісінше болса, онда 100-ге жетпейтін санмен анықталып, мағынасы салыстыру базасынан аз екендігін білдіреді.
Құбылыстың уақытына қарай өзгеру деңгейін әртүрлі уақыт интервалдары бойынша, яғни жылдар, тоқсандар, аймар, тіпті күндер бойынша да анықтауға болады. Статистикада құбылыстың динамикасын анықтау үшін әдетте жылдық көрсеткіштер қолданылады. Интервалдың түрін анықтау, ол құбылысты зертеудің мақсатына және жылдық көрсеткіштердің көлеміне байланысты. Егер 20,30 жыл аралығындағы көрсеткіштер түгел белгілі болса және осы аралықтағы уақыттардың ішінде құбылыс деңгейінің өзгеруін анықтау керек болса, онда ол жылдар аралығы көрсеткіштерін 5 жылдық көрсеткіштер бойынша алған тиімді.
Егер де құбылысты сипаттайтын үш немесе одан да көп абсолют тік шамала болса, онда динамикалық қатыстықты екі әдіспен есептеуге, анықтауға болады.
Егер де құбылысты сипаттайтын кейінгі уақыттардың сандық көрсеткіштері үнемі бір салыстыру базасымен салыстырыла отырып есептелсе, онда мұндай салыстыру базасы тұрақты (немесе жылжымайтын) салыстыру базасы деп аталынады. Мысалы, 1990 жылғы қылмыстардың санымен (тұрақты база) кейнігі жылдардың қылмыстылығын салыстыру. Мұндай динамиканы анықтау тәсілі зерттеуге алынған құбылысты үнемі бақылау қажет болғанда және салыстыру базасы ретінде алынған сандық көрсеткіш белгілі бір мағынаны білдіргенде қолданылады.
Динамиканы сипаттайтын қатыстық шама кейнігі жылдардың сандық мәліметтерін салыстыру базасы ретінде алынған сандық мәлімет бөлу арқылы есептеледі.
Қылмыстылықты сипаттайтын абсолют тік шамалардың қатыстық шамала түріндегі көрсеткіштері (мысалы, коэффициент,п пайыз, есе) салыстыруға, қолдануға өте тиімді. Кейде қылмыстылық деңгейінің динамикасын халық санымен, әртүрлі әкімшілі-территориялық бөліктермен, облыстармен, үлкенді кішілі елдермен салыстыруға қажеттілік туындайды. Халқының саны бір елдерде миллиондап, ал келесі бір елдерде жүз мыңдап есептелетін елдердің қылмыстылығын бір-бірімен абсолют тік көрсеткіш ретінде салыстыру шындыққа келмейтін жағдайды, мәліметті білдіреді. Ал ондай халқының санының айырмашылығы елеулі елдердің қылмыстылығын салыстыру үшін, базаны анықтап, қылмыстарды 100%-ға шаға отырып есептесек, онда мәлімет шындыққа жақын келіп, қылмыстылықтың өсу немесе кему қарқыны жақын келіп, қылмыстылықтың өсу немесе кему қарқыны дұрыс анықталады және халық санының айырмашылығы жойыла анықталады.

Тақырып ХVІІІ.
Жоспардың орындалуын, салыстыруды және координацияны сипаттайтын қатыстық шамалар

(1 сағат)
Жоспар:

1. Жоспардың орындалуын сипаттайтын қатыстық шама
2. Салыстыру сипаттайтын қатыстық шама
3. Координацияны сипаттайтын қатыстық шама

Лекцияның мәтіні:

Кез келген шаруашылық саласында, оның ішінде құқықтық реттелуге жататын қоғамдық қатынастардың көлемі немесе құқық қорғау органдарының қызметінің алдағы мақсатьы, жұмыс көлемі белгілі болғанда, оларды іске асыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық статистика негіздері
Динамикалық қатарлар
Динамикалық қатарлардың ұғымы және түрлері
Орта шамалар және оларды құқықтық статистикада қолдану
Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтастыру туралы
Статистикалық жиынтық белгісі мөлшерінің əр түрлілігін сипаттау. варияциялық қатар
«Модель типтері мен олардың түпнұсқасымен ұқсастық түрлері»
Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Сөйлеу тілдің жүйелі кемістігі бар мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын түзету жұмысы
Пәндер