Сәби шақтың даму ерекшелігі



1. Сәби шақтың даму ерекшелігі
2. Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы
3.Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық
кезеңдегі дамудың маңызы
Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын - болсақ баланың даму кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру жөнінде, жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие ортасы ескеру көрсетілді.
Я.А.Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін ұсынды. Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда «Ана мектебі». 6-12 жастағылар үшін «Ана тілі» мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі; гимназия; 18-24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте акаде¬мия болу керек деді.
Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа дейінгі, екінші кезең -2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15 жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі осу дәуірлері. Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жасөспірімнің төртінші дәуірінде адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара қабілеттерін ескеруді орыс педагогтары мен психологтары К.Д.Ушинский, Н.П.Пирогов, Н.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, В.И.Водовозов, И.Н.Ульянов, Л.С.Макаренко, П.Л.Блонский, В.А.Сухомлинский талап етті.
Соңғы кезге дейін Кеңестік дәуір педагогтары мен физиологтары балалардың даму кезеңдерін төрт кезеңге бөліп келді:
Бірінші кезең - Мектепке дейінгі кезең (сәбилік - 1 жасқа, бөбектік - 1-3 жас, мектепке дейінгілер - 3-7 жас арасындағылар)
Екінші кезең - Төменгі мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар)
Үшінші кезең - Жасөспірімдер (11-16 жас)
Төртінші кезең - Жас өрендер (аға мектеп жасындағылар 16-18 жастағылар)

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Сәби шақтың даму ерекшелігі
2. Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы
3.Перинаталдық онтогенез туралы ғылым. Перинаталдық
кезеңдегі дамудың маңызы

1. Сәби шақтың даму ерекшелігі
Баланың жас ерекшеліктері туралы айтатын - болсақ баланың даму
кезеңдерін ең алғаш рет бөліп берген Аристотель болатын. Ол жеті жасқа
дейін, жетіден 14 жасқа дейін, 14-тен 21-жасқа дейін кезеңдерге бөлді. Жеті
жасқа дейін бала үйде тәрбие алады. Мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастыру
жөнінде, жас ерекшеліктеріне сай тамақтандыру, дене қозғалысының
қажеттілігі, денені шынықтыру, баланың тәрбие ортасы ескеру көрсетілді.
Я.А.Коменский адамның өсіп-жетілуіндегі жас ерекшеліктерін негізге ала
отырып, бір-бірімен байланысты құрылған оқудың төрт сатылы кезеңін ұсынды.
Туғаннан 6 жасқа дейінгі балалар үшін әр қауымда Ана мектебі. 6-12
жастағылар үшін Ана тілі мектебі, 12-18 жастағылар үшін латын мектебі;
гимназия; 18-24 жастағы жастар үшін әрбір мемлекетте академия болу керек
деді.
Баланың өсу кезеңдері және әр кезеңдегі тәрбие ерекшеліктерін Жан Жак
Руссо төрт кезеңге бөлді: бірінші кезең - баланың туған күнінен 2-жасқа
дейінгі, екінші кезең -2-ден 12 жасқа дейінгі, үшінші кезең - 12-ден 15
жасқа дейінгі, төртінші кезең - 15 жастан ер жетуіне дейінгі осу дәуірлері.
Жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің салаларын ұсынды. Екі жасқа
дейінгілерге негізінен дене тәрбиесі, денесінің өсуіне мүмкіндік беруді
талап етті. 2-12 жаста баланың сезім мүшелерін жетілдіру, 12-15 жаста ақыл-
ой мен еңбек тәрбиесі негізгі болады. Жасөспірімнің төртінші дәуірінде
адамгершілік тәрбиесі басталатынын айтты.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде балалардың жас ерекшелігін және дара
қабілеттерін ескеруді орыс педагогтары мен психологтары К.Д.Ушинский,
Н.П.Пирогов, Н.Ф.Бунаков, В.П.Вахтеров, В.И.Водовозов, И.Н.Ульянов,
Л.С.Макаренко, П.Л.Блонский, В.А.Сухомлинский талап етті.
Соңғы кезге дейін Кеңестік дәуір педагогтары мен физиологтары
балалардың даму кезеңдерін төрт кезеңге бөліп келді:
Бірінші кезең - Мектепке дейінгі кезең (сәбилік - 1 жасқа, бөбектік -
1-3 жас, мектепке дейінгілер - 3-7 жас арасындағылар)
Екінші кезең - Төменгі мектеп жасындағылар (7-10 жастағылар)
Үшінші кезең - Жасөспірімдер (11-16 жас)
Төртінші кезең - Жас өрендер (аға мектеп жасындағылар 16-18
жастағылар)
К.Д.Ушинский - егер педагогика адамды барлық жағынан
тәрбиелегісі келсе, онда ол оны барлық жағынан білуге де тиіс деп атап
көрсеткен болатын. Балалардың жас ерекшеліктерін анықтау және олардың өсу
кезеңдерін белгілеу үшін анатомиялық көрсеткіштері ескеріледі. Сонымен
бірге, физиологиялық процестердің жүру ерекшеліктері: бойының өсуі,
психикалық-эмоциялық еркін дамуы, рухани-адамгершілік жағынан жетілу
деңгейі, іс-әрекет практикалық сапаларының қалыптасуы, бәрі есепке алынады.
Балалардың дамуының ішкі заңдары, белгілі жүйесі, ерекше құбылыстары бар.
Дегенмен, акселерацияның балалар дамуында ролі ерекше, ол өсуді тездетеді,
тістері ерте шығады, кеуде кеңейіңкірейді, өкпенің тыныс алуының мүмкіндігі
артады. Акселерация педагогиканың, физиологияның, гигиенаның алдына
күрделі мәселелерді қойды. Қазіргі кезде балалар өсуінің кезеңдеріне үлкен
өзгерістер әкелді, яғни дене жағынан өсуді тездетті, дене, эмоциялық-
психикалық және ақыл-ой жүгі ауырлады, оған төзу қабілеті артты, әлеуметтік
қатынастардың көпжақтылықтарын қабылдауға рухани дайындықты қажет етті.
Бала өзінің қалыптасуында екі кезеңнен: ана құрсағындағы тоғыз айлық
даму барысында биологиялық кезеңінен, 17-18 жыл шамасы аралығында
әлеуметтік тәрбиенің әр түрлі формаларынан, яғни, әлеуметтік даму кезеңінен
өтеді.
Әлеуметтік даму сатысы кезеңдерінің төмендегідей құрылымдары
қалыптасты:
Туғаннан 1 жасқа дейін - сәбилік кезең. Мағжан Жұмабаев: Жана туған
бала бір кесек ет қана деуге болады. Оның жан тұрмысы әлі білінбейді.
Сондықтан ата-ана жас баланы тәрбие қылғанда күшінің көбін баланың
тәрбиесіне жұмсауға міндетті. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене
- жанның қабы. Қап берік болса, ішіндегі зат та берік болмақ. Дене - жанның
құралы. Құрал мықты болса, иесі де мықты, - деп жазды. Баланың анадан
туғандағы халі осындай екенін сипаттап отыр. Одан әрі даму үшін баланың
денсаулығын да, жан саулығын да тәрбиелеу процесі басталады.
1-3 жасқа дейін - бөбектік кезең. Бала әлеуметтік тәжірибені жинақтап,
дене қызметі, психикалық сапалары мен процестері қалыптаса бастайды.
• 3-6 жасқа дейін ерте балалық шақ басталады.
Бұл үш кезеңді мектепке дейінгі кезең деп атайды. Біздің балаларымыз -
ұрпақтарымыз, мемлекетіміздің болашағы. Олар қай жағынан болса да жоғары
сапада дамыған, дені сау, еңбек сүйгіш, қоғамдық өмірге белсене
араласатындай болуы тиіс. Міне, осы мақсатта тәрбиені сәбилік шақтан
жүзегсе асыру кезектегі міндеттердің бірі. Жас ұрпақтың дене құрылысы
мықты, рухани даму қабілеті күшті, жан-жақты дамыған болуға тиіс. Рухани
даму қоғамдық дамудың құрамдас бөлігі.
Бала дүниеге келген алғашқы күннен қоршаған табиғи және әлеуметтік
ортаның, басқаша айтқанда, сыртқы дүниенің әсеріне түседі. Баланың
дүниетанымдық көзқарастары мен адамгершілік қасиеттері: ақыл-ойы, сана
сезімі, көңіл күйі, талаптары мен мүдделері, әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлері қалыптаса бастайды. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мектепке дейінгі
ұйым қызметкерлерінің тәрбиенің міндетін барынша дұрыс түсіне білуі
маңызды.
Бала организмінің қалыптасуы мен аса шапшаң даму кезеңі - сәбилік шақ.
Дамудың бұл кезеңінде баланың бойы шапшаң өседі, салмағы да тез қосылады,
тұтас организмнің бүкіл қызметінің дамуы барынша артады.
Сәбилік кезеңдегі бала дамуында бұдан басқа да ерекшеліктер көп: бала
аса сезімтал және тез ренжігіш, сондықтан жас сәби организмін дер кезінде
шынықтырып, дене түзілісі сымбаты да сәнді болуын ерте қамтамасыз етy
көзделеді. Бұл - ең алдыңғы кезектегі міндеттердің бірі.
Организмнің қалыптағыдай дұрыс дамуы мен мықты денсаулығы үшін
қажетті жағдайлар: тамақ, ұйқы, сергіту кезеңдерін дер кезінде, дұрыс
ұйымдастыру, сондай-ақ таза aуa, су, күн сәулесін орынды пайдалану.
Көрсетілген жағдайлар жас нәрестенің нәзік организміне тиімді әсер ету үшін
әлі де жеткіліксіз. Бұл баланың бүкіл өмірін дұрыс ұйымдастырып, тәлім-
тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізгенде ғана нәтиже береді. Алғашқы екі жыл
дамудың аса тез, қарқынды кезеңі. Бұдан былайғы кезеңдердің бірде-біреуінде
бала алғашқы екі жылдағыдай аса көп өзгеріске ұшырамайды. Мектепке дейінгі
ғылыми әдебиеттерде бала өмірінің дамуындағы сәбилік кезең деп аталатын
алғашқы екі жылын арнайы қарастырады. Жеке бастың қалыптасуында осы шақтың
ерекше мәні бар. Жеке бастың дамуы дегеніміз - адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық және дене т.б. тәрбиелердің тұтастығы. Сәбилік шақты зерттеген
ғалымдарымыздың бірі - П.М.Аксаринаның Сәбилік шақтағы балалар тәрбиесі,
- деп аталатын еңбегінде баланы туған күнннен бастап тәрбиелеудің аса
қажеттігі ғылыми негізделген. Сондай-ақ дене құрылысының даму ерекшеліктері
де беріледі. Баланың бүкіл организмі өсіп нығаяды, жүйке жүйесі анағұрлым
төзімдірек келеді. Сонымен сәбилік шақтағы баланың даму ерекшеліктері
мыналар: а) ересек адамдардың көмегінсіз әр түрлі қимыл-әрекеттерді
орындауға бағытталуы, дербестіктің ең қарапайым түрлерінің жетілуі; ә)
көрнекі ойдың дамуы. Баланың айналасындағылар жайлы өз ойын, пікірлерін
білдірудің аса қарапайым түрі.
Сәбилік шақтан бастап, бала әрекеті қай жағынан болса да, күрделене
түседі. Күнделікті өмірден көргендерін, білгендерін, іс-әрекеттерін,
қимылдарын ойын үстінде бейнелеудің негізі осы сәбилік шақтан басталады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасында ойын түрлерінің
күрделене түсетіндігі айтылған. 2,5 жасқа қарай мазмұнды ойынға ерекше мән
беріледі. Осылайша бала дүниеге келген алғашқы күннен бастап, дамудың үлкен
жолынан өтеді. Егер туғаннан бастап бала дене құрылысын, кимылын, мәдени-
гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, дамыту бағытында жұмыстар жүйелі,
реттілікпен жүргізілетін болса, мынадай қорытынды шығады: уақытылы
жүргізілген тәрбие тәсілдерінің дұрыстығынан баланың дамуы кешеуілдемейді.
Дене тәрбиесі дұрыс жүргізілген жағдайда, алғашқы нәтижелер білінеді.
Қазіргі кезде біздің елімізде мектепке дейінгі тәрбиенің, соның ішінде дене
тәрбиесінің барынша дамуына қажетті жағдайлардың бәрі де жасалуда. Дене
түзілісі мықты, көңіл күйі көтеріңкі, ширақ бала ауруға төзімді болады да,
жұқпалы ауруларға аз шалдығады. Атақты физиологтардың еңбектерінде
(И.М.Сеченов, В.М.Бехтерев, И.П.Павлов) даму тұқым қуалаушылық жолмен емес,
организмнің қоршап тұрған ортамен өзара әрекетінің нәтижесінде болатындығы
көрсетілген. Бұл еңбектер тұқым қуалаушылықты мүлдем жоққа шығармай,
белгілі бір жағдайға байланысты тұқым қуалay жолымен болатын касиеттерді
өзгерту мүмкін екенін анықтады. Сонымен қатар организмнің қалыпты дамуы
үшін тәрбиенің жетекші ролі көрсетіледі. Белгілі бір анализатордың жұмысын
шапшаңдату жаттығуға байланысты. Мысалы, мезгілінен 6 апта бұрын туған
нәрестеде туған соң 5 аптадан кейін шартты түрде есту рефлексін
қалыптастыруға болатын көрінеді. Табиғи пісіп жетілу процесі де сыртқы
ортаның әсер етуіне байланысты, сондай-ақ ми сыңарлары қабығының қызметі
тұқым қуалау жолымен емес, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштердің әсерімен өмір
процесінде дамиды. Ол туралы сәбилік кезең педагогикасының негізін қалаушы
проф. Н.М. Щелованов: Егер сыртқы әсер болмаса немесе жеткіліксіз болса,
онда ми қабыгының жаса-луы дұрыс болмайды немесе кешеуілдейді, - деген.
Бұл өзара әсер ету Н.М.Щелованов, И.И.Красногорский, Н.И.Касаткин,
Н.М.Аксаринаның анықтауынша, баланың алғашқы күнінен басталады. Олай болса,
тәрбие процесі де (дене тәрбиесі т.б.) нәресте дүниеге келген алғашқы
күннен басталады. Бала туғаннан бір жасқа дейін дұрыс тамақ, күтім, тәрбие
болған жағдайда өте тез өседі. Жылдың алғашқы жартысында ай сайын 600-700
грамм салмақ қосса, екінші жартысында 400-300 грамм қосады. Бойы ай сайын 2-
3 см өседі. Орта есеппен 1 жастағы баланың салмағы 10-10.5 кг, бойы 74-75
см болады. 7-8 айда баланың сүт тісі шыға бастайды, ал бір жасқа келгенде 8
тісі болады. 7 апталығында миы екі есе өсіп, орталық жүйке жүйесінің
жұмысқа қабілеттілігі артады, баланың ұйықтамай көңілденіп, сергек жүру
мезгілі көбейеді. Әуелі 20-30 минут болса, 1 жасқа келгенде 3.5 сағатқа
дейін созылады Бір жасқа дейінгі баланы тәрбиелеудегі негізгі міндет -
денсаулығын сақтау және нығайту, баланың денесінің, психикасының дамуына
қажетті жағдай жасау, жалпы қимылын, өзіне жақын адамдармен қарым-
қатынасын қалыптастыру. Бала көру, ұстау арқылы қабылдауын дамытады.
Ойыншықты ұстау, кеудесіне апару, көру, бір қолынан екінші қолына ауыстыру
арқылы сол заттың қасиетімен танысады. Баланың түсіп кеткен ойыншыққа
талпынуы, жылжуға дайындығы басталады. 5 айлығында бала екі алақанына
сүйеніп, ұзақ уақыт етпетінен жата алады. 6 айлығында бала көбіне,
етпетінен жатып аударылып, аяғымен жылжиды. Бұл әрекеттердің бәрі де
баланың бұлшық еттерінің, аяқ-қолының, қарын еттерінің, кеуде сүйегінің
дамуына әсер етіп, еңбектеуіне қажетті алғышарттар дайындайды.
Ойыншықтармен ойнату арқылы баланың іс-әрекеті ұйымдастырылады. Ойыншықты
ұстайды, көреді, айналасындағы заттарға тоқталады. 6-7 айда еңбектеп, көп
кешікпей отырады. 9 айда жар жағалап, жайлап жүреді. 9-10 айдан 1 жасқа
дейінгі кезеңде тәрбиенің бір негізгі міндеті - баланың қимылын дамыту.
Балалардың ойыншықтармен ұзақ ойнау әрекетін ұйымдастырудың ерекше орны
бар. Мысалы, қорапты ашып, жабу, ойыншықтарды тізілтіп, қаз-қатар қою,
шарды қорапқа салу т.б. 11-12 айда бала еркін жүруге үйренеді. Бұл кезеңде
тыныштық, тамақ, ұйқы, сергектік, дене жаттығуларының, әр балаға көңіл
бөлудің мәні зор.
Екіншіден, ұйқысын дұрыс ұйымдастыру керек. Таза ауада 5-6 сағат ұйықтау
қамтамасыз етіледі, оның ішінде бірден тез ұйықтауға үйретудің маңызы зор.
Кішкентайлар мен әлсіздер, ерте тұрғандар алдымен жатқызылады. Бұл
әрекеттердің бәрі тыныш, асықпай, баппен істеледі.
Үшіншіден, тұрғызу мен тамақтандыру. Дұрыс күн тәртібімен ұйықтаған
бала жыламай, жайбарақат тұрады. Тамақты қолдан бөтелкемен, қасықпен
ішкізуде баланың өзі ұстауын, өзі алуын үйрету керек. Ойынмен шұғылдану
баланың жан-жақты дамуына әсер етеді. Ойын жерде, столда, манежде өткізілуі
мүмкін. 2,5-12 айлық балалардың көру, есту мүшелерін барынша дамыта отырып,
ойыншықтарды көрсету, атын айту, қол қимылын, еңбектенуге қажетті
қимылдарын дамытудың маңызы зор. Сәбилердін екінші тобы (1 жастан 2 жасқа
дейін). Арнаулы ғылыми еңбектерде бұл топта тәрбиеленушілер екі кезеңге
бөлінеді: 1 жастан 1.5-1.6 айға дейін, 1 жас 5-6 айдан 2-ге дейін.
Мұның әрқайсысында да баланың дер кезінде тамақтануы, ұйқы және басқа
қызметтердің дұрыс ауысып отыруы оның денсаулығы мен дене құрылысы жағынан
дамуына, көңіл күйі мен мінез-құлқына үлкен әсер етеді, яғни күн тәртібінің
тәрбиелік үлкен мәні бар. Балалар белгілі бір тәртіпке үйренеді. Белгілі
бір уақытта тыныш ұйықтайды, сондай-ақ тамаққа да тәбеті белгілі бір
уақытта шабатын болады. Екі жасқа қараған баланың жүйке жүйесінің қызу
дамуына байланысты сергіту кезеңі ұзарып, күндіз аз ұйықтайды. 1 жастан 1,6
айға дейінгі бала күндіз екі мезгіл ұйықтайды (2,5-1.5 сағат) да, үздіксіз
3,5-4 сағат сергиді. Ал 1 жас 6 айдан кейін күндіз бір-ақ мезгіл (3,5-4
сағат) ұйықтайды, 4,5-5 сағаттан соң сергиді. Бұл топтағы балалардың күн
тәртібіндегі өзгеріс сол -екі күн тәртібі жасалады. Әр баланың күн тәртібін
белгілеу үшін оның жас ерекшелігі ғана емес, сонымен бірге жалпы дамуы мен
денсаулығы еске алынады. Нәзік, денсаулығы нашар, жүйке жүйесінің жұмысы
тұрақсыз балаларға ерекше назар аударып, бірінші топта ұстай тұруға болады.
Осы кемшіліктері әбден жойылған соң барып, тәрбиеші немесе күтуші дәрігерге
айтып, содан кейін ғана күн тәртібі ауыстырылады. Бұл - күн тәртібіне
байланысты сәттер. Екі жасқа қараған баланы сергіту едәуір ұлғаяды. 1 жас 2-
3 айдағы бала үздіксіз 3-4 сағат, ал 1 жас 6 айдағы бала 4-5 сағат үздіксіз
серги алады, сондықтан баланың қызмет әрекетін түрлендіріп, анағұрлым
мазмұнды өткізуге болады. Бұл жаста бала, аяғымен жүріп, көбірек қозғалуға
тырысады. Ол үшін жағдай жасалып, бөлме ішінен арнаулы орын бөлінеді,
түрлі ойыншықтар беріледі, ойынның түрлері көбейеді. Қимылдық ойындарға,
дене жаттығуларына, организмді шынықтыруға көп көңіл бөлінеді. Балалардың
организмін шынықтыруда киімнің маңызы зор.
Киім ыңғайлы, жеңіл және баланың денесіне қонымды, баланың
қозғалысына, дем алуына кесел келтірмейтіндей болуы керек. Тәрбие
жұмысын жоспарлау белгілі бір мақсатқа бағытталады. Балалардың жас
ерекшелігі, дене құрылымының дамуы мен жүйкелік-психикалық қызметі еске
алына отырып, денсаулығын сақтау, денені шынықтыру, негізгі қозғалыс
қимылдарын дамыту (жүру, өрмелеу, жүгіру, кол қимылдары), баланың қуанышты
көңіл күйін тудыратын жағдай жасау, қарапайым дағдыларды қалыптастыру, үй
бұйымдарын, ойыншықтарды ұстауға үйрету, сондай-ақ тілін дамыту, сөйлеуге
үйрету, көру, есту, түйсіну арқылы қабылдауын жетілдіру, заттар мен
құбылыстар туралы түсініктерін, басқа балалармен қарым-қатынасын дамыту,
қарапайым ойлау процестерін, эстетикалық тұрғыда алғашқы көркемдік
ұғымдарын қалыптастыру, зейінін тәрбиелеу міндеттері қойылады.
Сонымен қатар: 1) балаларды күту және олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, күн
тәртібін сақтау; 2) шынықтыру; 3) мәдени-гигиеналық дағдысын тәрбиелеу және
оны үнемі жетілдіріп отыру сияқты нақты міндеттер іске асырылады.
2. Сәби шақтағы дене жаттығуларының маңызы
Баланың алғашқы екі жылы барлық ағзалар мен жүйелердің қарқынды
дамуымен сипатталады. Бала белгілі бір туа бітетін биологиялық
қасиеттермен, оның ішінде негізгі жүйке процестерінің типологиялық
ерекшеліктерімен де (күш, ұстамдылық және ширақтық) туады. Бірақ бұл
ерекшеліктер бұдан кейінгі дене және психикалық дамудың негізі ғана болып
табылады, ал өмірдің алғашқы айларынан бастап баланы қоршаған орта мен
тәрбие анықтағыш фактор болып саналады. Сондықтан баланың сергек, жағымды
эмоциялық қалыпта, дене және психикалық дамуының толыққанды болуын
қамтамасыз ететіндей жағдай жасаудың және тәрбие ұйымдастырудың маңызы өте
зор.
Морфологиялық құрылымының және ми қабыршағының функционалдық дамуының
аяқталмауы - баланың алғашқы жылдардағы өміріндегі орталық жүйке жүйесінің
ерекшелігі болып табылады. Ол бұдан кейінгі жылдарда сыртқы және ішкі
қоздырғыштардың әсерімен жүзеге асады. Туа біткен шартсыз рефлекстер
(қорғаныстық, сақтанғыштық, тағамдық, бағдарлық) негізінде жоғары жүйке
кызметі дамиды. Бала өмірінің алғашқы апталарынан бастап-ақ көру және есту
қоздырғышына, сондай-ақ, (Н.И.Касаткиннің зерттеулері көрсеткендей) алуан
түрлі сыртқы қоздырғыштарға шартты рефлекстер пайда болуы мүмкін. Жас
артқан сайын шартты рефлекстердің пайда болуы шапшаңдай түседі. Егер сырткы
қоздырғыштардың бірін белгілі бірізділікпен ұзақ қолданса, онда
реакцияларға жауаптың біртұтас жүйесі - динамикалық стереотип құрылады.
Дұрыс тәрбиелеген жағдайда балада көптеген әр түрлі стереотиптерді
қалыптастыруға болады, ол сыртқы жағдайлардан әсер алуды айтарлықтай
жеңілдетеді, жүйке клеткаларының жұмыс қабілетін арттырады. Мысалы, бүкіл
күн тәртібіне, уақытылы ұйықтатуға, ұйқыдан соң ертеңгі гимнастиканы
міндетті түрде орындауға, содан соң жуынуға, стереотип жасауға болады.
Дегенмен, балаларда айнала қоршаған дүниеден саналы түрде әсер алу
қабілетін дамыта отырып, баланың жасының, жағдайлардың өзгеруіне байланысты
кейбір стереотиптерді (әдеттерді) өзгерту мақсатында баланың жүйке жүйесін
жаттықтыруды сақтықпен жүргізу керек. Мәселен, екі жасқа аяқ басқан бала
қозғалысының даму ерекшеліктерін ескере отырып, балалар кәдімгі жүрісті
игергеннен кейін дене шынықтыру сабақтарына күрделендірілген жүрісті
(жолмен, тақтайдың үстімен жүру) ендіру керек. Бала жаңа қозғалысқа қызыға,
оны орындауға ұмтыла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың сәбилік шақтағы ерекшеліктері
Баланың жеке басын қалыптастырудың бастапқы кезеңі
Сәбилік шақтың ерекшеліктері мен оның маңызы
Балалық шақ кезеңдері және түрлі жастағы балалар топтарының даму ерекшеліктері
Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы психологиялық кезеңдері
Ерте балалық шақтың жалпы сипаттамасы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Ерте сәбилік балалық шақ
СӘБИ НӘРЕСТЕ КЕЗІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Балалардың денсаулығын дамытуға және дұрыс дамуына күн режимінің маңызы
Пәндер